№36 (196) = 10 қазан = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
ЖАРЫҚ КӨРГЕНІНЕ 72 ЖЫЛ ТОЛҒАН «АБАЙ ЖОЛЫ» ЭПОПЕЯСЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ 116 ТІЛІНЕ АУДАРЫЛҒАН
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ
ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ ЖОЗЕ МАНУЭЛ БАРРОЗУМЕН КЕЗДЕСТІ Кеше Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесті. Кездесуде алда қол қойылатын Қазақстан мен Еуропалық одақтың арасындағы кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім аясындағы өзара ісқимылдың кең ауқымды мəселелері талқыланды. Тараптар сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерге қатысты да сөз қозғады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев пен Ж.М.Баррозу бірлесе жұмыс жүргізген жылдары ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті. Қазақстан Президенті Еуропалық Ко-
миссия басшысына біздің еліміз бен Еуропалық одақ арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтып, оған табыс тіледі. Қазанның 8-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігінің астанасы, сондай-ақ, Еуропалық одақ мемлекеттерінің бейресми астанасы Брюссель қаласына ұшып барған болатын. Елбасы бұл жолғы сапарын Бельгия Королі Филиппен кездесуден бастады. Əңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың саяси жəне мəдени-гуманитарлық саладағы негізгі аспектілері сөз болды. Тараптар сондай-ақ елдеріміздің арасында түрлі саладағы өзара іс-қимыл деңгейі өсіп келе жатқанына тоқтала отырып, ынтымақтастықты бұдан əрі дамыту үшін бірқатар перспективалы бағыттардың бар екенін атап өтті. Akorda.kz
«Жан деген ұғымның өзі тазалық қой» 2-ÁÅÒÒÅ
Мақсат - жергілікті тауар өндірушілерді қолдау 3-ÁÅÒÒÅ
ЎЛЫТАУ – ЎЛТ ЎЯСЫ Ұлытау жұрты ерекше қуанышқа кенеліп, бір серпіліп қалды. Елбасының Ұлытау төріндегі келелі мəселелерді қозғаған сұхбатынан кейін бір айдан соң мұнда, Ұлытау жерінде мəдениет жəне ғылым салаларындағы зиялы қауым өкілдері қатысқан «Ұлытау – ұлы мекенім» форумы аясында халықаралық ғылымипрактикалық конференция мен «Ұлы дала сазы» дəстүрлі өнер орындаушыларының халықаралық фестивалі өтті.
Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген, аты аңызға айналған осы қасиетті топырақта Жошыхан, Алаша хан, Домбауыл, Едіге би, Тоқтамыс хан тағы басқалардың өшпес ізі қалған. Сонау Керей ханнан бастап, Кенесары ханға дейінгі қазақтың жиырмадан астам ұлт тұлғаларын ақ киізге көтеріп, хан сайлап, таққа қондырған киелі жер. Тіпті, желмаяға мініп, жерұйық іздеген Асанқайғының Ұлытаудың ұшар басынан мəңгілік тыныс алуы – ұлтымыздың ұлылығының ұясы да осы мекен екендігін дəлелдеп тұрғандай. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ел болашағының іргетасын қалайтын басты құндылықтардың бірі деп айқындап көрсеткен
«Тарих, мəдениет пен тілдің ортақтығы» идеясы негізінде өткен осы жиынға қатысып, болашаққа бет алған үлкен жаңғырудың, жаңарудың куəсі болып қайтқан едік...
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КІНДІК ОРТАСЫНА БАРАР ЖОЛДА Осы мəдени шеруге, яғни мəдени форум мен фестивальге қатысу үшін облыстық мəдениет басқармасы бес адамды іссапарға арнайы көлікпен аттандырды. Қызылорда арқылы Бетбақтың даласымен біз жүрер жол ұзақ əрі ойлықырлы екенін жолаушылап жүргендер
білері хақ. Тақтайдай тегіс «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолымен еш кедіргісіз жайлы жүріп, түс ауа Қызылорда қаласының шығыс жағын айнала кең байтақ, шек сіз көрінер Бетбақ даласына иек арттық. Жол жайсыздау болса да, көңілкүй көтеріңкі. Өзара əдемі əңгіме өріліп, аракідік əзіл-қалжыңның да тиегі ағытылып келеді. – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы 1993 жылы Ордабасына келген кездегі ел қамын ойлап айтқан сөздерін кешегі Ұлытауда жалғастырды. Мұнда ол кісі əу бастағы мəселелердің шешімін қорыта айтты. Айтқанда да өте қарапайым, əрбір қазаққа жеткізе айтты, – деп топ жетекшісі, «Руха-
ният Əбу Нəсір əл-Фараби» мұражайының директоры, ҚР мəдениет қайраткері Абдулла Жұмашов əңгіме ауанын өзгерте сөз бастады. – Сондықтан, айналайын Бекарыс, өзің ел жақтаған дүлдүл ақынсың, Елбасы көтерген мəселелерді, Ұлытауға қатысты тарихты айтыстың негізгі арқауы етерсің. Айтыс қазақтың делебесін қоздырып, ой-өрісін шыңдап, алға итермелейді, сөз, тіл өнерін өсіреді емес пе? Ал, əн елдің рухын көтереді, күй көңіл-күйдің музыкамен өрілген көрінісі. Бұл үшеуінсіз қазақ қазақ емес. Қане, ең жасымыз əнші екен, бір əу десе, қайтеді. Дайындық бола берсін, – деді Əбекең ойын бір түйіп. Созақ аудандық «Мыңжылқы» мəдениет үйінде қызмет атқаратын, бірнеше байқаулардың жүлдегері, дəстүрлі əнші Рүстем Ерназаров жымиып қойды да, домбырасын қолға алып, құлақ күйін келтіре бастады. Сөйтті де: – Жол қысқарсын, əн тарихын да айта отырайын. Жетісу жерінде Қапез Байғабыл деген əнші өткен екен. Өзі əн де шығарған. Өкінішке орай, бізге оның 4-ақ əні жеткен екен. Өзі Стамбұлда білім алып, қазақ баласының сауатын ашуға үлкен үлес қосқан ұстаз болыпты. Бұл жайында ел ішінде айтылып жүрген «Үш Меркі» əнінде өзі де айтады. Алаш арыстары секілді ол да 1938 жылы жазықсыздан жазықсыз «халық жауы» болып ұсталып, өлім жазасына кесілген. Сол зұлмат заманда өзінің де аман қалмайтынын сезіп, «Қапездің қоштасу əнін» шығарған екен. Яғни, бала-шағасымен, туған-туысымен, ел-жұртымен алдын-ала əнмен қоштасқан ғой. Соны тыңдаңыздар, – деп əнді əуелете жөнелді. Рүстемнің зор екпінді қоңыр дауысы шағын көлік ішіне сыймай, Бетбақтың боз даласын кезіп кете барды... Əн аяқталды. Осы сəт əлгінде зор əннің əуенінен жұтылып қалған мотор үні қайта естілді. – Тамаша!.. – Мұңды əн екен. – Қайтсін, өзінің елмен қайта қауышпасын іші сезген соң... – дедік, бəріміз көңіл-күйімізді сыртқа шығара. Көлік ішін бір сəт үнсіздік жайлады. Машина тізгінін ұстаушы Ермек пен Мұрад та бастарын шайқап қойды. – Ал, қызым, сен дəстүрлі күйші екенсің. Жұмыс қай мекемеде, біле отырайық, – деді тағы да Əбекең үнсіздікті бұза. – Мен Шəмші Қалдаяқов атындағы филармонияда күйшімін, аты-жөнім Салтанат Жаңабаева, – деді арамыздағы жалғыз қыз баласы. (Жалғасы 5-бетте).
ХАЛЫЌ АЌЫНЫНА ЌЎРМЕТ Биыл қазақтың халық ақыны, атақты айтыскер, Жамбылдың сүйікті шəкірті Үмбетəлі Кəрібаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Осыған орай Қазақстан Жазушылар Одағының Əдебиетшілер үйінде ақын шығармашылығына арналған ғылымипрактикалық конференция мен əн-жыр кеші болып өтті. Бұл əдеби-мəдени шараны кіріспе сөзбен жазушы, академик, профессор Нағашыбек Қапалбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, бүгінгі əдебиетіміздің абыз ақсақалы Серік Қирабаев Үмбетəлі Кəрібаевтың шығармашылығы жөнінде мазмұн-
ды баяндама жасады. Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Ғалым Жайлыбай, ақын Мыңбай Рəш, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Тебегенов, «Қазақ энциклопедиясының» Бас директоры, ақын Б.Жақып – Үмбетəлі ақынның айтыскерлігі, жыршылығы, халық поэзиясындағы алатын орны жайлы баяндамаларын жиналған жұртшылық ықыласпен тыңдады. Алматы облысы Жамбыл ауданы əкімінің орынбасары Қайрат Баймолдаев Ү. Кəрібаевтың мерейтойына əзірлік жəне оны өткізу жөніндегі шаралар туралы жан-жақты айтып берді. Кезінде талантты ақын Қанипа Бұғыбаева ақын ауылына көшіп келіп, көптеген өлең-жырларын арнапты. Қанипаның ұлы Талап Қарашев бүгіндері бір жотада мəңгілікке жатқан Үмбетəлі атасы мен анасы
жайлы сиясы кеппеген «Көршілер» атты өлеңін оқып берді. Мерейтойға байланысты жанжақтан құттықтау жеделхаттар келді. Атап айтсақ «Нұр Отан» ХДП хатшысы Қайрат Сатыбалдыдан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Лəззат Тұрлашев пен Жабал Ерғалиевтан, «Түркісой» Бас хатшысы Д.Қасейіновтен құттықтаулар келді. Кештің екінші бөлімінде «Отырар сазы», Алматы облыстық филармониясының «Құлансаз» ансамблі, Жамбыл атындағы «Сүйінбай сазы» ансамблінің өнерпаздары үлкен концерттік бағдарлама ұсынды. Мерейтой қарсаңында композитор Жолдасхан Құрамысовтың «Үмбетəлі» деген əні жəне сөзін Нүсіпбай Əбдірахым жазған, əнін Талғат Сембаев жазған «Жырдың қара жорғасы» атты əндері тұңғыш рет орындалып, тұсауы кесілді. С. ƏШІМОВА
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА 84 МЕДАЛЬДЫ ҚАНЖЫҒАҒА БАЙЛАДЫ
¦ÄIËÅÒ - Роза апай, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Осы жасыңызда өз оқырмандарын қалыптастырған белгілі қаламгерсіз. Десек те, əдебиет ауылына алғаш қадам бастаған шағыңызды есіңізге түсірсеңіз. Мектеп оқушысы кезіңізде «Қазақстан пионері» секілді балалар басылымдарына жазылып тұрған шығарсыз? - Рахмет! Қолыма қалам алып, əуестене бастағаным жетінші сыныптағы кезім. «Қазақстан пионері» , «Балдырған» журналының белсенді авторы болғаным рас. Республикалық газет-журналдарға шығу дегеніңіз ол кезде мектеп оқушысына үлкен бедел болатын. Сол кезде-ақ «жазушы» деп айдар таққан сыныптастарыма өзімді өзгелерден ерекше санайтынмын. Əрине, баспасөзге шығуыма əкемнің ықпалы, жол көрсетуі болды. Кейде жазғаным жарыққа шықпай, оның орнына бас редактордың хаты келеді. Сол хаттың өзі маған дем беретін, үміттендірген хатқа мақтанып жүретінмін. - Қазірде Қазақ ұлттық өнер университеті шаңырағында шəкірт тəрбиелеп отырсыз. Өзіңіздің əдебиеттегі
Бүгiнгi күнi теңге құнсызданады деген сыбыстарды растауға негіз жоқ
ЕЛ ТЫНЫСЫ
- Қызық сұрақ екен. Өз деңгейімде, өз көзқарасымда, өз бағамдауымда ғана өмір сүремін. Қазақ қызы –киелі құс сияқты. Ар тазалығы мен жан тазалығының символы болуы керек. - Əкім ағамызбен алғаш жолыққанда құлпырып тұрған бойжеткен едіңіз, ал ол кісі елу жасты орталап қалған азамат еді. Жұбайыңыз сізді несімен баурап алды? - Жапонияда 50-ге толған ер адамды жастықтың ақыл тоқтатқан кезі дейді екен. Əкім Тарази ағаң қоғамдық пікір, мəртебелі қызмет, мемлекеттік атақ дегеннің бəрінен бас тартып, өзіне басыбайлы жар таңдады. Сол таңдауы маған түсті. Оңай болған жоқ, күмəнмен, сынмен, өсекпен, қауіп-қатермен бетпе-бет келдім. Сол қиындықтың бəрін Таразидың кісілігі, азаматтығы, батырлығы, адалдығы мені аман алып шықты. Қазір ойлаймын, қандай əдемі келіскен жас еді, сол кез. Ағаң 54 –те, мен 23-темін. - Əкім ағамыз Тарази есімін алған 1964 жылдың 14 қазаны күні сіз дүниеге енді келіп жатыр екенсіз. Мұны кездейсоқтық əлде тағдыр деп қабылдайсыз ба? Жалпы, отбасылық қандай мерекелеріңіз
көрсетеді. Жалпы əдебиет бүгінгі күннің өлшемімен шектелмейді. Оның зерттеушісі де оқырманы да болашақтың еншісінде. Барлық ұлы жазушыларды есіңе алып, сараптап көрші. Бəрі өз заманында бағасын алды деп айтпаймын. Қуғын-сүргінге ұшырады, эммиграцияда болды, ашжалаңаш қалды. Өзін-өзі атты, асылды, түрмеге түсті, айдалды. Заманы да, замандасы да бағалап үлгерген жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің көзқарасымен əдебиетке əділ баға бере алмайсың. Əрине əдеби ортада жүргеннің бəрі дарын деп айта алмайсың. Талант – қарапайым, талантсыз – тəкаппар. Осындай қарама-қайшылықтан тұрады. Сондықтан талантты адамның жол тауып оңай танылуы қиын. - «Менің Таразиім» атты мақалаңызда: «Тарази – өзгеден тағдыры да, болмысы
Роза МҰҚАНОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Ф.Кафка сыйлығының иегері, жазушы-драматург:
«ЖАН ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ӨЗІ ТАЗАЛЫҚ ҚОЙ» ұстаздарыңыз кімдер еді? Қай жазушылардың шығармаларын басыңызға жастанып оқыдыңыз? Өз шығармашылығыңыздың дамуына қай жазушы, қай шығарманың əсері болды? - Əдебиеттің классиктерінің барлығы ұстаз. М. Əуезовтың оқырманы болдым бала кезімнен. Есейе келе Тəкен Əлімқұловтың тілінің құнарлылығына, сөз əуеніне еліттім. Осылай тізбектеліп кете береді. Əдебиеттің үлкен тұлғалары бар – барлығына бас иемін. Студент кезімде С.Цвейгтің новеллаларын қызыға оқыдым. Жалпы психологиялық терең шығармаларды жаным сүйеді. Ал жастанып дегенге келсек, жұмыс столымда Абай, Мағжан,Мұқағали, А.Ахматова, М.Цветаева тұрады. Оқудан жалыққан емеспін. - Шығармаларыңызды мақтаған немесе сынағандар болды ма? Бар болса, олар не деді? - Шығармаларыма риза болғандар болды. Ал газет бетінде үнемі мақталумен келемін деп айта алмаймын. Негізінен «Мəңгілік бала бейнені» жұрт жақсы қабылдап, сол арқылы танылдым деп ойлаймын. М.Əуезов театрында 18 жыл аншлагпен жүрген спектакль «Мəңгілік бала бейне» болды. - Ал сынға келсек, сын аузы құрып мақтаған да емес, даттаған да емес. 2011 жылы Чехияда Франц Кафка атындағы əдебиетке берілетін сыйлықты алдым. Бір қызығы осы сыйлық Əкім Таразиға да маған да берілді. Əдетте, бізде қалыптасқан бір отбасына екі сыйлық берілмеуі керек деп қарайтын ұғым оларда жоқ. Кəсіби маман деп мойындалған ерлі-зайыптыға Нобель сыйлығы да беріле береді. Ерлі-зайыпты болу біздегідей күншілдік тудырмайды. Осы сыйлық тағайындалғанда бір жігіттің «шабына шоқ түскендей » болғаны есімде... - Қазір əдеби сын жоқ деген пікірді жиі естіп жатамыз. Осыған келісесіз бе? - Біз жоқ дегенді сəнге айналдырып алғанбыз. Сын жоқ, драматургия жоқ , əдебиет жоқ дегенді жиі айтамыз. Барды да көріп, бағалай білу керек сияқты. Мысалы, бізде жақсы əдебиет зерттеушілері бар. Солардың ішінде жас ғалымдардың зерттеу мақалалары маған ұнайды. Жазылуы да, зерделенуі де тың, өткір. Терең ізденістерді аңғартады. - Сіздің қаламыңыздан туған «Мысықтар патшалығы» пьесасы театр сахнасына қойылмай кетті. Оның себебі неде деп ойлайсыз? Шынайы өмірді суреттейтін осы шығармаңыз қойылады деген үмітіңіз бар ма? - Шетелдік инвесторлар тəуелсіз драматургияға конкурс жариялады. Сол конкурста бірінші орынды «Мысықтар патшалығы» иеленген. Сондықтан бұл шығарма ортаңқол дүние емес еді. - Бүгінгі қазақ прозасы мен драматургиясының дамуына көңіліңіз тола ма? Əдебиеттің бұл жанрларының жетіспей тұрған тұстары бар ма? - Бұл екі жанр да əдебиеттің деңгейін
да бөлек, қазақылықтан гөрі жаңашылдығы басым, өре мен талғам əуелден сергек, тағдыры дара суреткер. Шығармаларындағы ерекшелік – өз тағдыры сияқты ешкімге ұқсамайды, ешкімді қайталамайды» - деген екенсіз. Жазушы ағамыздың болмысындағы жəне шығармашылығындағы ерекшеліктерге толығырақ тоқталсаңыз. Өзіңіз шығарма жазу процесінде ол кісіден ақыл-кеңес алып тұрасыз ба? - Сіз айтқан мақалада Ə. Таразидың табиғатын, жазушылық ерекшелігін айтқанмын. «Менің Таразиым» дегенде бұ жұрт күйеуін айтып отыр деп ұқты. Маған шалғайдан тіл шалып, «неге сенікі ғана, Тарази қазақтікі» деп дау айтқандары бар. Таразидың қазақтікі екеніне дау жоқ. Тарази шығармаларын қалай түсінемін, қандай дəрежеде бағалаймын, əдебиеттегі орны, тұлғалық табиғаты дегенге кəсіби жазушы ретінде тоқталғым келген. Мен өз тарапымнан, өз танымымды жаздым. М.Цветаеваның «Мой Пушкин» деген əдеби еңбегінде Пушкин шығармашылығы мен тағдырының жұмбағына үңіледі. Сол жұмбақты шешеді. З. Қабдоловтың «Менің Əуезовым» деген романын алыңыз. Бұл бұрыннан келе жатқан үрдіс. Одан шошынып, бəле іздеп, саясат жасаудың қажеті жоқ еді. Жазушы біреудің ақыл-кеңесімен шығарма жазбайды. Өзінде барды ғана жазады. - Студент күнімде əкем театр сахнасынан қасіретке толы «Мəңгілік бала бейне» қойылымын көріп, өте қатты тебірендім. Шығарманың басты кейіпкерінің «Жарық ай, ғашықпын!» - деп шыққан зарлы дауысы əлі де құлағымда тұр. Бұл шығармаңыз ұлтымыздың біртуар перзенті Жəнібек Кəрменовке керемет əсер етіпті. Бұл кісі шығарма прототипімен таныс екенін сізге айтқан да екен. Лəйлəнің кейінгі тағдырынан хабарыңыз бар ма? - Иə, солай... Сол кезде бұл шығарма өз бағасын алып үлгерді. Қолдаушылар көрермендер еді. Лəйлə -Еңлік қыз ғой. Оны өмірде көрген емеспін, сөйлесекен де емеспін, тағдырынан да хабарым жоқ. - Сізбен бірге əдебиетке бір мезгілде келген Ғалым Жайлыбай мен Гүлнəр Салықбай биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отыр. Олардың қайсысы осы сыйлыққа лайық деп ойлайсыз? Жалпы, поэзияны оқисыз ба? Кімдерді? Ақын Дəуітəлі Стамбековпен жақсы қарымқатынаста болдыңыз. Естуімізше, бұл кісінің «Жұмағым мен тамұғым» кітабының шығуына қол ұшын тигіздіңіз. Ақын сізге өлең арнап, сонда ақылын да айтып кеткен екен. Сол ақылына қаншалықты берік болып жүрсіз? - Əдебиетке келген белгілі толқын бар. Олардың əрқайсысына тоқталуға болады. Ал Ғалым мен Гүлнар екеуі де ойлы ақын. Екеуі бір-біріне ұқсамайды. Дəуітəлі Стамбеков əкемді қатты
Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтаймын! Құрметті кəсіподақ ардагерлері, кəсіподақ мүшелері мен қызметкерлері! Сіздерді 10 қазан – Кəсіподақтар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасы кəсіподақтар Федерациясының шешімімен 10 қазан – Кəсіподақтар күні болып белгіленді. Соңғы жылдары елімізде кəсіподақ қозғалысы жанданып, кəсіподақтарды ұйымдық жағынан нығайтудағы жұмыстардың пəрменділігі арта түсті. Республика Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Кəсіптік одақтар туралы» заң үстіміздегі жылдың 1 шілдесінде жарыққа шықты. Бұл Заң кəсіподақтардың қоғамдағы орнын нығайтып қана қоймай, олардың ескі заңда көрініс таппаған ұжымдық шарт түзу мен əлеуметтік əріптестіктегі міндеттері мен функцияларын нақты белгілеп берді. Кəсіподақтар туралы жаңа заң жұмыскерлердің еңсесін көтеріп, олардың бойында өздерінің мүдделерін қорғайтын кəсіподақ ұйымдарына деген сенімін нығайта түсті. Қазіргі таңда облыстың кəсіподақ ұйымдары Заңның тұжырымдарын халыққа түсіндіру жұмыстарымен қызу
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
айналысуда. Заң талаптарына сай, кəсіподақ ұйымдарының алдында жұмыскерлердің əлеуметтік-экономикалық жəне құқықтық мүдделерін қорғауда, оларды өнімді еңбекке жұмылдыруда келелі міндеттер тұр. Құрметті кəсіподақ ардагерлері! Сіздер барлық күш-жігерлеріңізді, білімдеріңіз бен ұйымдастырушылық қабілеттеріңізді облыс еңбеккерлерінің мүдделерін қорғауға жұмсадыңыздар. Сіздердің жүріп өткен жолдарыңыз қазіргі кəсіподақ қызметкерлері мен белсенділері үшін үлгіөнеге болып табылады. Құрметті əріптестер, кəсіподақ ардагерлері! Алдағы уақытта да кəсіподақ қозғалысын жандандыра түсуге үлес қоса отырып, еліміздің əлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына жетуі жолында аянбай еңбек ете беріңіздер деген ізгі ниетімді жолдаймын. Баршаңызды Кəсіподақтар күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ізгі ниетпен Д. А. ШЕРІМҚҰЛОВ, ОҚО кəсіподақтар Кеңесінің төрағасы.
құрметтейтін. Табиғатында таза ақын еді ғой. Жаны таза, əдебиетке адал еді. Ол кісінің қамқорлығын көрген ақын-жазушылар көп, мен де солардың бірімін. Əкім ағаңа тұрмысқа шыққалы жүргенімде Дəуітəлі Стамбеков мені жұмысқа іздеп келді. Сəл қызулау екен, есікті сілкіп, ашып қалды. Шошып кеттім, ағатайымның ашуы да қатты болатын, тобықты ғой. –Құлыным-ау, -дейді. Сен неге менен қашып жүрсің? -Көзіме жас толып кетті, жанымда қыз-жігіттер отырған. Олар түк түсінбей абдырап қалды. -Рас па?-дейді. Тұрмысқа шыққалы жатыр екенсің ғой , байлам жасап қойыпсың, -дейді. -Иə, деймін. (ағатайымнан қорқып 2-3 жылдай араласпай кеткенмін) -Əкім Таразиге дейді ғой. Рас па, осы сөз? -Иə! –деймін. -Мұндай іс сенің ғана қолыңнан келеді. Сен ғана осылай жасай аласың,-деп бас салып құшақтады да көріскендей ұзақ жылады. –Мен саған ақыл айта алмаймын, сенің өзіңде менен артық ақыл бар, - деп қояды. Мен де жыладым. «Жазушы» баспасында едім, жұрт үдірейісіп қалды. Асыл ағаларым-ай... - Бір сұхбатыңызда саяси тақырыптар қызықтыратынын айтыпсыз. Қазір не жазып жүрсіз? Оқырмандарыңызды жаңа кітаппен қашан қуантасыз? - Тарихи, саяси тақырыптарға жазылған шығармалар ұнайды, қызығамын. Біздің Елбасы жайлы жазылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Махмұт Қасымбековтың публицистикалық мақалаларын жоғары бағалаймын. Алла ғұмыр берсе жазылып қалар. - Əкім Тарази ағамыздың өмірлік жары болу қаншалықты ауыр, қаншалықты жеңіл? - Əкім ағаңның табиғаты сəл басқашалау. Көңілі қалған адамды жанына жолатпайды, сондай тазалығы бар. Ол кісінің қалыптасқан пікірін өзгерту қиын. Біздің мінезімізде ұқсастық та бар. Мен ол кісінің ығына көп жығыламын. Тіпті балалардың көңілінен гөрі ағаңа көбірек қарайлаймын. - Жас ұрпақ тəрбиесінде қандай мəселелері Сізді алаңдатады? - Қазақылықтан ажырап, дəстүрден алыстап бара жатқанымыз.Қазақтың жанындай кемел, жомарт жан жоқ. - Балаларыңыздың қандай мамандық иесі болғанын қалар едіңіз? - Екеуі де нақты маман иесі болғанды қалайды. Жазушылықты, жалпы өнер атаулыны мамандық деп қарамайды. Өнерді ұлттың ғана мəдениеті емес, адамзатқа ортақ құндылық деп таниды. Қазақтың халық əндерін, күйлерін, батыстың джаз, классикалық музыкасын тыңдап отырып, есептерін шығара береді. Үлкені –техникалық физиканы таңдады. Кішісі де физика мен математикаға құштар. - Адал жар, жақсы ана міндетін қандай деңгейде орындап жүрсіз? Жалпы сіздің ұғымыңыздағы Қазақ қызы қандай болу керек?
бар? - Əкім ағаң: «1964 жылы 14 қазан күні біреу маған келіп: -Əй, Əкім! Саған əйел болатын қыз бүгін дүниеге келді десе, жағын қаусатып жіберер едім»-дейді. Мен де бұлаңдап жүрген біреудің əлпештеген қызы едім, біреу келіп: -Əй, Роза! Сен өзіңнен 31 жас үлкен адамға тұрмысқа шығасың, -десе бұл жасқа жетпей, бала кезімде-ақ қайғыдан өліп қалар ма едім, кім біледі. Бұл тағдыр. Тағдырды беретін, Алла! Сондықтан тағдырға ешкімнің есебі, өкпесі мен өштігі, назы жүрмейді. Мойындайсың ба, жоқ па өз еркің. Тағдырды сұлу ететін де, қасірет ететін де өз парасатың. - Тағдырға сенеді екенсіз, одан не күтесіз? - Тағдырға сенбеймін, Аллаға сенемін. Тағдырды Алла береді, адам тағдырын жасай алмайды. Күнəсі болса –тағдыр азабын тартады. Күнəсіз болса тағдырының бақытын көреді. Мен өзіме мұсылманға тəн бақытты тілеймін. - «Ауыратын бауыр да, жүректе емес, Ауыратын қызыл ала қан тепкен жаным екен» деп Мұқағали жырлағандай, Сіздің жаныңыз ауыратын кездер көп болады екен, неге? - Жан... Жан бөлек қой. Адамға мынау суретке ен! –деп бұйрық берілгенде Жан көпке дейін көнбей, адам бейнесіне кіргісі келмей жылапты, -дейді рəуаяттарда. Жылап, қиналып кірген екен, Жан шығарда біз де қиналып, жылап барып шығарады екенбіз. Жан деген ұғымның өзі ТАЗАЛЫҚ қой. Көп жағдайда сол тазалыққа кір түсіріп жарақаттап жатамыз. Қаталмыз, қайырымсызбыз, өтірік айтамыз, жағымпазбыз, зорлықшылмыз. Осының бəріне Жанды ортақтастырамыз, аямаймыз. Осыны айтқан болармын. - Балалық шағыңыздан ерекше есте қалған оқиғаны немесе оқиғалар тізбегін айтып берсеңіз. - Ата-анам студент болды.Алматыда тұрды. Мен атам мен əжемнің бауырында өстім. Ата-анамды қатты сағынып, өксік аралас көзіме жас келетін. Олар жас, өзімен-өзі, қалада. Сондағы сағыныш азайған жоқ. Олар бүгінде өмірден озған. Оларды дəл бала кезімдегідей сағынамын. - Бір сұхбатыңызда өзімді өзім 99 пайыз жаксы көрмеймін депсіз. Неліктен өзіңізге 1 пайыз ғана көңіліңіз толады? - Иə, меніңше адам өз кемшілігін өзі жақсы біледі. Сондықтан болар, өзіме көңілім тола бермейді. - Артта қалған өміріңізге ризасыз ба? Егер мүмкіндік болса, нені өзгертер едіңіз? - Ризамын. Тағдырға ревизия жүрмейді. Тағдырымның сюжеті өзіме ұнайды. Əдемі сюжет. - Əңгімеңізге рахмет! Əңгімелескен Гүлмира МАНШАРИПОВА, Астана қаласы.
Қылмыс туралы арыздарды қабылдау жаңа үлгімен жүргізілуде Баршамызға аян, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларда көрсетілген мəліметтердің толық əрі жеткілікті болуы қылмыстық іс қозғау туралы заңды шешім қабылдау үшін маңызды болып табылады. Алайда, бірыңғай үлгі болмауы себепті қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар əр түрлі сипатта толтырылып, арызданушы тұлғаларға ҚР ҚК-нің 351 бабына сай көрінеу жалған сөз жеткізгендері үшін қылмыстық жауаптылық көзделгені ескертілмейді. Мұндай жағдай, қылмыстық қудалау органымен процессуалдық шешім қабылдауын созбалаңдыққа салуға əкеп соғады əрі қылмыстық процеске қатысушы тұлғалардың құқық қорғау органдарына деген теріс көзқарасын туғызады. Сонымен бірге, қылмыстық қудалау органдары лауазымды тұлғаларына қылмыс туралы
қандай-да бір мəлімет, ақпарат мəлім болған кезде баянат рəсімдеу тəртібі дұрыс жолға қойылмаған. Ал, 01.01.2015 жылдан бастап аталған мəселенің маңызы арта түспек, себебі жаңа Қылмыстықпроцессуалдық Кодекс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз бен хабарламаның сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелуі – сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің басы болып табылады. Осыған орай, ҚР Бас Прокурорының 22.08.2014 жылғы №9/15 санды Нұсқаулығымен жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау үлгісі мен тіркеу тəртібі бекітілді. Яғни, азаматтың қылмыс жасаған кінəсін мойындап келуі, мемлекеттік органдар, өзге ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары қолданыстағы
заңнаманың талаптарына сай көрінеу жалған сөз жеткізгендері үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескерте отырып қабылданады, қылмыстық жауапкершілік көзделмеген жазбаша түсініктемелер алуға жол берілмейді. Арыздарды толтырудың жаңа үлгісі барлық қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарына ілініп, қызметкерлер таныстырылған. Жоғарыда қабылданған ҚР Бас Прокурорының Нұсқауы қылмыстық қудалау органдарымен орындалуы міндетті болып табылады, осыған орай 01.09.2014 жылдан бастап қылмыстық қудалау органдарымен қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау жаңа үлгімен жүргізілуде. Бақыт СЕЙФОЛЛА, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары, кіші əділет кеңесшісі
№36 (196) 10.10.2014 жыл
2
Ел жаңалықтары Назарбаев университеті алғаш рет Бакуде өтетін көрмеге қатысады Қазақстандық жоғарғы білімнің көшбасшысы «Назарбаев университеті» Бакуде өтетін халықаралық көрмеге қатысады. Көрмеде «Назарбаев университеті» Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің арнайы стендтері назарға ұсынылады, деп жазылған хабарламада. Көрмеге келушілер осы заманғы университет, оған оқуға түсу шарттары мен білім алу жəне қазақстандық жоғарғы білім саласындағы соңғы жаңашылдықтар туралы біле алады. Iteca Caspian жəне Caspian Event Organisers (CEO) компаниялары ұйымдастыратын «Мансап» көрмесі Бакуде 10-12 қазан аралығында өтеді.
Қазақстан электронды үкіметті дамытқаны үшін БҰҰ марапатын алды Қазақстан «Теңізге шыға алмайтын елдер» номинациясында 2014 жылдың жеңімпазы атанды. Бұл туралы бүгін Global e-Government Forum 2014 форумы аясында электронды үкіметті дамытуға едəуір үлес қосқан елдерге БҰҰ марапатын тапсыру салтанаты барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы Экономикалық жəне əлеуметтік мəселелер департаментінің директоры Наций Винченсо Акваро хабарлады. «Теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобында Қазақстан жеңімпаз атанды», - деп мəлімдеді БҰҰ өкілі. Тұтастай алғанда, БҰҰ марапаттары төмендегі үлгіде үлестірілді: «Электронды үкімет бойынша жоғары рейтингі» номинациясында бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленді, екінші орын Австралияға, үшінші орын Сингапурға бұйырды. «Электронды үкіметті дамытудағы үздік прогресс» номинациясында Бахрейн жеңімпаз атанса, екінші орынды Жапония, үшінші орынды Испания жеңіп алды. «Өңірлік электронды үкіметтің жоғары көрсеткіші» номинациясында Африкада – Тунис, Америкада –АҚШ, Азияда – Оңтүстік Корея, Еуропада – Франция, Мұхитта – Австралия жеңімпаз атанды. «Электронды қатысудың жаһандық көрсеткіші» номинациясында Нидерланды жəне Оңтүстік Корея марапатталды. «Ерекше елдер тобында электронды үкіметтің жоғары көрсеткіші» номинациясында теңізге шыға алмайтын елдер бойынша Қазақстан, шағын аралдардағы дамушы елдер бойынша Сингапур, онша дамымаған елдер бойынша Руанда жеңімпаз атанды.
Т. Ермегияев «Астана ЭКСПО2017» жұмысының аралық қорытындысын шығарды 2017 жылға дейін ЭКСПО қалашығының құрылыс жұмыстары кестеден кешіктірілмейді. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҚК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мəлімдеді. «Ең қиыны құрылысты бастау екен, жеңді түріп тастап, жылдам жұмысқа кірісіп кету, қысқа мерзімде осыншама шаруаны атқару оңайға соқпады. Айтарлықтай жетістікке жеттік деген ойдамын. Еліміздің Президентіне ұсынылған жұмыс кестесі толығымен сақталып отыр. Жоба ауқымды, бір учаскеде 1,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, коммерциялық аймақтар мен халықаралық павильондар салынып жатыр. Ірі жетістіктеріміздің бірі ретінде 100 млрд теңгенің инвестициясын тартуға келісім жасап қойғанымызды атап өтуге болады. Қазірдің өзінде көрме алаңына түгел дерлік инвестиция тартып үлгердік», -деп хабарлады Талғат Ермегияев.
Қайта девальвация болмайды Қазақстанда қайта девальвация болмайды. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Ұлттық экономика министрi Ерболат Досаев мəлiмдедi. «Бүгiнгi күнi Үкiмет ресей рублiнiң нығаятынын немесе əлсiрейтiнiн анықтау мақсатында жедел шараларды қолға алып жатыр. Бүгiнгi күнi теңге құнсызданады деген сыбыстарды растауға негіз жоқ. Қайта девальвация болмайды», дедi Е.Досаев.
2020 жылға дейiн елімізде 20 жаңа су қоймасы салынады Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттiк бағдарламада 2020 жылға дейін 20-ға жуық жаңа су қойма салу қарастырылған. Бұл туралы бүгiн журналистерге берген сұхбатында АШМ Су ресурстары комитетi төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мəлiмдедi. «Қазақстанның су ресурстарына əсер ететін бiрнеше фактор бар. Бiрiншiден, климаттың өзгеруi, екiншiден, қолданыстағы трансшекаралық су ресурстары. Су ресурстарының жартысына жуығы сырттан келедi, қалғаны ел аумағында қалыптастады. Су ресурстарының 50%-ы басқа мемлекеттерден келедi», - дейдi Б.Бекнияз. Оның айтуынша, үшiншi мəселе – су ресурстарының ластануында. Ал, төртiншi фактор су ресурстарының жетiспеушiлiгiне келiп тiреледi. «Қазақстанда көктемгі суды ұстап қалатын су қоймалары салынбаса, тiршiлiк көзiнiң ресурстары азая берер едi. Су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттiк бағдарламада 20-ға жуық жаңа су қойма салу қарастырылған. Олар тасқын суларын жинап, бiздi төтенше жағдайлардан қорғайды. Олар 2020 жылға дейiн салынады», - деп толықтырды ол өз сөзін.
Елімізге 70 мың тоннаға жуық бензин әкелінеді Қазан айында елімізге Ресейден 69,9 мың тонна ақшыл түсті мұнай өнімдері жеткізіледі. Бұл туралы Парламент Мəжілісінде ҚР энергетика министрі Владимир Школьник мəлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, мұнай өңдеу зауытындағы апат жойылғанға дейін Ресей Федерациясының өзі жанар-жағармай тапшылығын көрген. «Қыркүйек айында Ресейден əр түрлі жолдармен 35 мың тонна бензин əкелінді. Қазанда бұл көрсеткіш 69,9 мың тоннаға жетіп, нарықтағы тапшылық жойылады», - деп сендірді Школьник. BNews.kz
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
Ажарлана түскен шырайлы Шымкент баршамыздың ортақ үйіміз
Мақсат – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау Қазанның 8-і күні Шымкент қаласындағы «Нұрсат» мөлтек ауданында орналасқан «Көрме орталығында» жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында форум өтті. Аталған форум Оңтүстік өлкесінің тауарларын өндірушілер мен сатып алушыларға ұсынумен қатар, олардың арасындағы байланысты нығайту арқылы жергілікті тауар өндірушілердің тауарларын, ішкі нарыққа жəне мемлекеттік сатып алулар жүйесіне көтеруді мақсат еткен. Шағын жəне орта бизнес өкілдерінің өнеркəсіптік өндірістегі бəсекелестікті жоғарылату тақырыбындағы мəжілісте Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев: «Бұл шараның негізгі мақсаттарының бірі – билік басшылары мен кəсіпкерлік қоғамдастығы арасында шағын жəне орта бизнес өкілдерінің бəсекелестікті жоғарылатуы бойынша дұрыс шешімдер жасау. Жоспарға сай жыл сайын 50 жаңа кəсіпкерлер қосылып отыр. Сол ашылған кəсіпорындарды елге таныстырып, ары қарай қолдау керек. Негізгі мəселенің бірі осы жергілікті өнімдерді тұтынуды өз өңірімізден бастау болса керек. Сүт өнімдері мен текстиль өнімдерін де өз жерімізде тұтыну қажет. Айталық, бала-бақшалармен мектептерге флягпен əкелінетін сүттерден бала өміріне қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Ал, сүт өнімдерін өндіруші фирмалардан алатын болсақ, ол біріншіден, тексеруден өтіп пастерленген, екіншіден, адам өміріне қауіпі жоқ болмақ. Сондай-ақ, текстиль жағын алатын болсақ, біздің тігін фабрикаларымен медицина саласы бірлесіп жұмыс істесе, жергілікті ауруханалардағы жатын төсектермен медицина қызметкерлерінің киімдерін жергілікті тігін фабрикаларына тапсырыс берсе абзал емес пе? Сондай-ақ бүгінгі форумымызға мектеп директорларын да шақыртып
отырмыз. Мектеп формасын өз ауданыңыздағы тігін фабрикаларына тапсырыс берулеріңізді сұранамыз. Біздің жергілікті өнімдер сапасы жағынан ешқандай шетелдік тауарлардан кем түспейді. Айталық, көршілес Қытайда біздің тауарлардан да сапасы нашар өнімдер шығарылуда. Солардың сапасыз киімдеріне біздің халық неге алдану керек?!. Егер өз өнімдерімізді тұтынатын болсақ, ол, əрине, жұмыс орны бай да бақуатты кəсіпорын, яғни, өркендеген өндіріс оның елімізге пайдасы тиетін салық төлемі болуы тиіс. Сол себепті біз бірлесіп осы мəселе аясында жұмыс жасағанымыз абзал» деді. Форум аясында өткен əңгіме барысында кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттің қолдауы жəне қолданыстағы, сондай-ақ жаңадан енгізіліп жатқан түрлі іс-шаралар бойынша толыққанды ақпарат берілді. ОҚО кəсіпкерлер палатасының директоры Ж.Дулатов кəсіпкерлер палатасынан арнайы топ құрылып, қала мен аудандардағы кəсіпкерлерді қолдау мақсатында қандайда бір жəрдем керектігін барып анықтап, мемлекеттік бағдарламалар аясында көмек көрсетіліп жатқандығын атап өтті. Көрмеге қатысушы кəсіпкерлердің де бүгінгі жайы мен ұсыныстары тыңдалды. Жеке кəсіпкер «Гаухар ТФ» ЖШС директоры Анипа Қалбаеваның ұсыныстары тыңдалды. Ол аталған
фабриканың бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келе жатқандығы, өз өнімдерін сапалы шығарумен қатар, жергілікті тұрғындарымызға өткізе алмауы жайында сөз қозғады. Фабрикаға басқа облыстардан тапсырыс алса, есесіне біздің тұрғындар қырғыз елі мен өзбек елдерінің арзан əрі сапасыз өнімдерін алуда деп қынжылды. Сондай-ақ «Kagazshagary SEZ» ЖШС директорының орынбасары Андрей Соловьев кəсіпорынның 2013 жылы ашылып, 75 жұмыс орнымен қамтуда дей келе, қазіргі қағазбен жұмыс жасайтын уақытта бұл кəсіпорынның өнімдерінің сатылымы өте баяу екенін жасырмады. Елімізде «Бəйтерек» жəне «Ақбарыс» өнімдері брендпен шығарылуда. Олар өнімдерін өз өңірлеріне өткізуде, ал біз тауарларымызды жергілікті мекемелерге сата алмай отырмыз. Сапа жағынан да біз шығарып жатқан қағаздар Ресей Федерациясының өнімдерінен еш кем түспейді. Олай болса неге өзіміздің жергілікті өнімдерімізді қолдамаймыз?» деп, ол жоғарғы басшылыққа өңір өнімдерін қолдау мақсатында заң аясында көмек көрсетулерін сұрады. Форум аяғында жиналған қауым 100-ден астам жергілікті тауар өндірушілердің көрмесімен танысып шықты. Көрмеге тауар өндірушілер белсенді қатысып, өз өнімдерін барынша көрсетуге атсалысты. Көрмеге қатысушылардың
бірі, шұбат өндіретін «Гульмайра» шаруа қожалығы басшысының орынбасары Гүльшат Мустафинаға шаруа қожалығының ашылу жағы мен қазіргі жетістіктері жайында айтып беруін сұрадық. – Əрине, еңбексіз ешнəрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Жаңадан ашылған кəсіпорындарға қолдау керек. Біз де өз жұмысымызды «Максимум» Аймақтық инвестиция орталығынан аз пайызбен қаржы алып бастағанбыз. Аймақтық инвестиция орталығы орта жəне кіші бизнес саласындағы жобаларды несиелеу арқылы кəсіпкерлерге қолдау көрсетуде – деді. Сондай-ақ ол шаруа қожалығының 2003 жылдан өз жұмысын бастағанын, бүгінгі таңда 16 жұмыс орны қамтылғанын тілге тиек етті. Шұбат – түйеден өндірілген сүтті ашыту арқылы дайындалатын сусын. Қазақ атамыз, «Асы саудың-дені сау» деп бекер айтпаған. Əрі сусын, əрі қорек, шипа болып табылатын шұбатты кеңінен пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, 1 литр шұбат адам ағзасына пайдалы дəрумендер мен микроэлементтерге деген тəуліктік қажеттілігін толықтай қамтамасыз ете алады. Құрамында А, В, Д, Е, С дəрумендері бар сусын ұзақ уақыт емделуді талап ететін түрлі ауруларға ем екенін айта кетті. – Дəл қазір шұбатқа сұраныс жақсы түсуде, сондайақ кез– келген қаладағы сатылу орындарынан ыңғайлы ыдыстағы шұбатты сатып алуларыңызға болады деді– Гулшат Басариқызы сөз соңында. Осы сусынға шетелдік тауар өндірушілері қазірден бастап қызығушылық танытып жатқаны бəрімізге аян. Егер өзіміздің кəсіпорындар шындап айналысса,Қазақстанның емдік қасиеті мол сусыны мемлекеттік брендіге айналатын өнім болатыны да ғажап емес. Мəселен, барлық өңіріміздегі өндірілетін өнімдерді қолдап, тұтынуды өзімізден бастасақ кəсіпкерлерді қолдау аясындағы игі істердің бірі болар еді.
Шымкент өндірісі дамыған өлке 2003 жылы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауы бойынша 2003-2015 жылдары ҚРның индустриалды-иновациялық стратегиясы бекітілген. Оның жүзеге асуы 3 кезеңде өтеді (2003-2005ж, 2006-2010ж, 2011-2015ж.). Стратегияның мақсаты – шикізат бағыттылығының өсуіне көмектесіп, ұзақ мерзімді жоспардан сервистітехникалық экономикаға көшу кезінде жасалатын жағдайлар, экономика саласын диверсификациялау жолы арқылы елдің тұрақты дамуына жетуі болмақ. Шымкент қаласының шығыс жағында орналасқан «Оңтүстік» индустриалды аймағы» 2010 жылдан бастап бұрынғы Фосфор зауыты аумағында 337,0 га аумақта қызмет атқаруда. Сондай-ақ, бірнеше кəсіпкерлер осы аймақта жоспарланған өнімдерін өндіруде. Солардың бірі шөлмек қақпағын өндіретін зауыт қазір толық өндірістік қуатымен жұмыс істеуде. Бұл кəсіпорын былтыр күзде ашылған болатын. Бұл цехта миллиондаған шөлмек қақпақтары шығарылуда. Сонымен қатар, осы аймақта су жəне газ құбырлары жасалып шығарылуда. Индустриаландыру картасы аясында индустриялық аймақта «Компания ЮГ Пласт» ЖШС іске қосылып, қазіргі таңда серіктестіктің өнімдері үлкен сұранысқа ие. Аталған компанияда екі техналогиялық желіде түрлі диаметрлік пластмассалық құбырлар дайындалады. Өндірістің қуаты жылына 6 мың тонна өнім шығаруға бағытталған. Бұрын мұндай құбырлар бізге Алматы, Ақтөбе, Орал қалаларынан жеткізілсе, енді қажетті өнім Шымкенттің өзінде жасалынып жатыр. Шымкентте орналасқан осы индустриалды аймақта кəсіпкерлікті дамытуға
Қазақстанда Экспорттаушыларды барлық жағдай жасалынған. Инфрақұрықолдаудың жəне дамытудың кешенді лым жергілікті бюджет есебінен тартылған. жүйесі жолға қойылды. Бұл бағытта Ең бастысы, индустриалды картаға енген шикізаттық емес сектордың 1500-ге кəсіпорындар үшін жер телімі тегін берілужуық кəсіпорыны осы бағыттағы де. мемлекетік қолдаумен қамтылған. Қазіргі таңда инвестиция көлемі 46,8 2011-2013 жылдары жалпы млрд.теңгені құрайтын, 6 407 жұмыс инвестициялық құны 13,9 млрд.теңгені орнымен 65 жоба іске асырылуда. Оның құрайтын 31 жоба іске қосылып, 2312 ішінде 29,2 млрд.теңгелік 21 жоба өңірлік жұмыс орны ашылған, оның ішінде индустриаландыру картасына енген. «ҮИИД» бағдарламасы аясында – 3,4 Қазақстандық кəсіпкерлерді вальютамлрд. теңгені құрайтын 8 жоба, 646 лық қауіп– қатерлерден қорғау мақсатында адамды жұмыс орнымен қамтамасыз оларға Үдемелі индустриялдықетілуде. иновациялық даму бағдарламасы аясында 2014 жылғы жоспар бойынша 15 несиелендірудің басты құралы ретінде ұзақ жобаны іске асыру, инвестиция көлемі мерзімді теңгелік несиелеу туралы шешім – 6 638 млн.теңге, жұмыс орны – 866 қабылданды. Кəсіпкерлерге Қазақстанның адам, оның ішінде «ҮИИД» даму банкінен 7 жылдан 10 жылға дейінгі бағдарламасы аясында – 5 жоба іске мерзімге несиелер беріледі. Ел игілігіне асырылу жоспарланған. бөлінген қаржыны кəсіпкерлер оңтайлы Өңдірілген өнім көлеміне келетін пайдаланып еліміздің дамуына өз үлесболсақ: 2011 жылы – 7,5 млрд. теңгені терін қосса, нұр үстіне нұр болады, əрине. құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш – 10,2 ҮИИД бағдарламасының басты мақсатмлрд.теңге болды, ал 2013 жылы – 12,1 тарының бірі – отандық компаниялардың млрд. теңгеге жеткен. сыртқы нарықтарға шығуын ынталандыру Ал салық төлемдері 2012 жылы – 629 болып табылады. Осы мақсатта арнайы, млн теңге болса, 2013 жылы – 713 млн. Экспорт-2020 бағдарламасы қабылданған теңгені көрсетеді (кестеде). болатын. ҮИИД-ы іске асыру жолдарында . Көрсеткіш 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл Бар2014 2015 Барлығы жоспар жоспар лығы Жобаның 8 10 13 31 15 19 65 саны, бірлік Инвестиция 6 869 2 789 4 222 13 880 6 639 26 270 46 789 көлемі Жұмыс 811 505 996 2 312 866 3 229 6 407 орны Өнеркəсіп 7 470 (5,7% 10 200 12 100 29 770 көлемі қаланың (6,8% (7% қаланың өңдеуші қаланың өңдеуші өнеркəсібінд өңдеуші өнеркəсібінде егі үлесі, об- өнеркəсібінде гі үлесі, облыс лыс бойынгі үлесі, облыс бойынша ша үлесі – бойынша үлесі – 3,4%) 2,9%) үлесі - 3,3%)
№36 (196) 10.10.2014 жыл
3
СЕНБІЛІККЕ КЕЛІЅІЗДЕР! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 2014 жылғы 11 қазан күні жалпықалалық сенбілік өтеді. Күн өткен сайын көркейіп, ажарлана түскен шырайлы Шымкент баршамыздың ортақ үйіміз. Ендеше қаламыздың
тазалығына бірге атсалысайық! Тұрғылықты жеріміздің таза болуына үлесімізді қосып, өз аулаларымыз бен көшелерімізді тазалауда белсенділік танытып, қала күні мерекесін лайықты қарсы алайық! Шымкент қаласының əкімдігі.
«ҚАЛА КҮНІ» МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА ӨТЕТІН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ
БАҒДАРЛАМАСЫ
сағат 09:00
11 қазан «Жаңару мен тазалық» күні Жалпықалалық сенбілік
«Тұлпар» көл аумағы сағат 09:00
Зиялы қауым өкілдерінің, ардагерлер мен жастардың қатысуымен көшет отырғызу рəсімі
Т.Рысқұлов көшесі – Ордабасы алаңы сағат 09:00 Облыстық ардагерлер үйі сағат 10:00 Аулалардағы спорт алаңшалары сағат 12:00 «Айжарық» бильярд клубы сағат 12:00
12 қазан «Саламатты өмір салты күні» Қала тұрғындарының қатысуымен жүгіруден марафон, эстафета Ардагерлер арасында шахматтан турнир
Мини -футбол, волейбол спорт ойын түрлерінен жарыстар
Мемлекеттік қызметкерлер арасында бильярдтан турнир
13 қазан Қалдаяқов көшесі №1 спорт мектебі сағат 10:00 Қала əкімдігінің залы сағат 11:00
Күрделі жөндеу жұмысынан соң қайта пайдалануға берілетін №1 спорт мектебінің ашылуы «Үздік көше», «Үздік аула» номинацияларының қорытындысы бойынша марапаттау 14 қазан «Шымкент – достық мекені»
«Тəуелсіздік» саябағы сағат 11:00 – 14:00
Қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының мерекелік бағдарламасы
Опера жəне балет театры сағат 18:00
Қалалық «Ай керім» сұлулық байқауы
«Қайнар» қонақ үйі Конференц-зал сағат 11:00 Облыстық опера жəне балет театры сағат
15 қазан «Ғасырлар тоғысындағы қала» «2200 жылдық - Шымкент» тақырыбында ТМД елдері ғалымдарының қатысуымен конференция Қала күні мерекесі аясында «Романсиада» байқауының салтанатты ашылу рəсімі 16 қазан «Шуағын шашқан Шымқала» шаттық күні
«Құрсай» шағынауданы сағат 10:00 «Нұрсəт» мөлтекауданы сағат 15:00 С.Сейфуллин атындағы Халықтар Достығы үйі сағат 18:00 Облыстық əзіл-сықақ жəне сатира театры сағат 18:30
Шымкент қаласы сағат 09:00 «Алтын орда» бизнес орталығы сағат 11:00 Облыстық орталық мешіт сағат 13:00 «Құрметті азаматтар» аллеясы сағат 16:00
Орталық ипподром сағат 10:00 Əл-Фараби алаңы Сағат 16:00
Жаңадан берілетін мектептің салтанатты ашылуы Жаңадан берілетін тұрғын үйдің кілттерін салтанатты тапсыру
Қала əкімінің кубогіне «Көңілді тапқырлар командаларының» арасындағы сайыс «Ғашықтар хикаясы»
17 қазан «Рухани келісім» күні Қала əкімінің Шымкент қаласының ең қарт тұрғынын жəне осы күні дүниеге келген ең жас азаматын құттықтауы Түрлі конфессия мен қоғамдық институт жетекшілерінің қатысуымен «Бірлік – басты байлығымыз» тақырыбында «дөңгелек үстел» Облыстық орталық мешітте жəне 3 аудан əкімдерінің аудан аумақтарындағы мешіттерде жұма намазына қатысып, жамағатты Қала күні мерекесімен құттықтауы Қайта құру жұмысынан кейінгі «Құрметті азаматтар» аллеясының ашылуы 18 қазан – сенбі «Шымкент – сүйікті қалам» мереке күні Ұлттық ат спорты ойын түрлерінен жарыс
Гүлдер композициясы Фотокөрме
Белгіленген маршрут-Əл- Қала тұрғындарының қатысуымен «Алтын күз» карнавалдық Фараби алаңы шеруі Жастардың қатысуымен флэш-моб Жергілікті жəне Қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік гала-концерті
Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын қайта құруға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында 4,9 млрд.теңге бөлінді. Ол бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторындағы отандық кəсіпкерлерді қолдау жəне дамыту болып табылады. Сондай-ақ, бұрынғы жұмыс орындарын сақтау жəне жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу. Яғни кəсіпкерлердің жұмыстарын жандандырмақ. Қазіргі таңда 39 инвестициялық жобаны инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ (ПСД) əзірлену үстінде. Жалпы құны 919 млн теңге құрайтын жаңа қосалқы станция құрылысына 2014 жылы «Бизнес жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 397,8 млн теңге бөлінді. Индустриалық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту жəне оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустриалды дамыту мəселелерін кешенді түрде шешу бағдарын құрастыратын, алдымыздағы 2015 жылға
дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриалық-инновациялық саясатты ұстанып жүзеге асыру қажет. Өйткені мұндай əрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың əл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2013-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы тəуелсіз еліміздің кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Осындай мақсатта кемел келешек үшін жұмыс жасап жүрген аймақтың бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағы. Бетті əзірлеген А. ƏЛАЙДАРҚЫЗЫ.
Бұл бюджеттің бұрынғы шығынын табысқа айналдыруға мүмкіндік береді
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ Шымкент қаласында «Шымкент құс» ЖШС құс саңғырығын кəдеге жаратып жəне органикалық тыңайтқышқа айналдырып, қайта өңдеп шығаратын зауыт ашылды. Зауыттың ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, облыстық, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшылары, мəслихат депутаттары мен жеке кəсіпкерлер қатысты.
Кəсіпорынның жұмысымен таныспас бұрын Сапарбек Құрманбекұлы «Шымкент құс» ЖШС тарапынан атқарылып келе жатқан игі істерінің ұйытқысы өздеріңізсіздер деп ұжымның жұмысына сəттілік, отбасыларына амандық тіледі. Құс шаруашылығы ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өңделуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Дегенмен құс фабрикаларында құс саңғырығының қайта өңделмей жинақталып жатуы да адам денсаулығына жəне қоршаған ортаға кері əсерін тигізуде. Мысалы, 40 мың жұмыртқа немесе 10 млн. етті шөже шығаратын орташа құс фабрикасында жылына орта есеппен тиісінше 35-85 мың тонна құс саңғырығы жəне концентрациясы жоғарғы органикалық қоспалары бар су жинақталады. Қазіргі таңда «Шымкент құс» ЖШС-де құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш шығарылып жатыр. Осы құс саңғырығын қайта өңдеу технологиясы құс фабрикаларында аталған проблемалық мəселелерді оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. – Аталған жобаның мақсаты – құс саңғырығын қайта өңдеу кешенін, қоршаған ортаны ластау көзі болып табылатын фабрика алаңдарында жинақталған саңғырықтардың зиянды əсерін болдырмау. Құс саңғырығын қайта өңдеу бойынша жұмсалған шығын көлемі өңделген өнімді сату есебінен жабылатын болады, – дейді «Шымкент құс» ЖШС-нің басшысы Айдар Досболов. Жобаға салынған қаржы сомасын қайтару мерзімі тыңайтқышты өндіру, сату көлеміне жəне жұмсалған қаржы сомасына байланысты болмақ. Құс саңғырығынан экологиялық таза, тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыш алынады. Органикалық тыңайтқыш топырақтың құнарлығын арттырады. Əсер ету күші ұзақ болуынан оны топыраққа 2-3 жылда бір рет қана енгізеді жəне пайдалану мерзімі шектелмейтінін білгеніміз абзал. Елімізде құс фабрикалары өнеркəсібінің дамуы экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келеді. Құс саңғырығы патогенді микрофлораның дамытуының ошағы болып табылатындықтан, оның адамдар мен қоршаған ортаға қауіп төндіретіндігі баршаға мəлім. Сондай-ақ саңғырық қоршаған ортаның (топырақ, жер асты сулары, флора жəне фауна) ластаушы көзі болғандықтан, халықтың денсаулығы мен оның генофондына теріс ықпалын тигізуде. Сондықтан құс саңғырығын өңдеусіз, əдеттегідей көміп тастап жүргені белгілі. Осыған дейін барлық құс фабрикаларында құс саңғырығы саңғырық жинайтын қоймаларға жиналып, кəдеге жаратылмай, жылдар бойы жататынын білеміз. Мал шаруашылығы өндірісі мен құс фабрикалары ет, сүт жəне жұмыртқадан өзге көң, саңғырық жəне малдарды ұстаумен жəне союмен байланысты төмендегідей түрлі қалдықтарды
шығарады:
Көң/саңғырық шығару Атауы Сиыр Шошқа Құс
тəулігіне, кг 55 12 0,6
жылына, тонна 20,1 4,38 0,219
Биоэнергетикалық қондырғы «Шымкент құс» ЖШС-де сынақтан өткізілді. Қалдықтар алдымен 500 градуста қайнатылады. Технологиялық үдеріске түскен құс саңғырығынан биологиялық тыңайтқыш алынады. Өңделген саңғырықтар кептіріліп ауыл шаруашылығында əжетке жарайтын болады. Осылайша, кəдімгі құс қиынан күніне 70 тонна экологиялық таза тыңайтқыш шығаруға болады. Қуаты орташа бір ғана құс фабрикасынан (40 мың мекиен тауығы немесе 10 млн. бройлер балапаны бар) жыл сайын тиісінше 35-тен 83 мың тоннаға дейін жоғары концентрациялы органикалық компоненттері бар саңғырық массасы жəне 400 мың м3 ағын су шығарылады. Төсенішсіз көң саңғырықты кəдеге жарату алаңдары барынша экологиялық салмақты бастан кешіп отыр. «Шымкент құс» ЖШС-де əзірленген саңғырықты органикалық тыңайтқышқа қайта өңдеудің технологиясы құс фабрикасында пайда болатын бүкіл саңғырықты қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанның ішкі нарығында жекелеген эксперименталды қондырғыларды қоспағанда, көрсетілген мақсаттағы экологиялық жабдықтар шығарылмайтындықтан жəне сатылмайтындықтан бұл жобаның мақсаты - құс саңғырығын қайта өңдеу бойынша кешенді құру болып табылады. Бұл өз кезегінде фабриканың полигонында қоршаған ортаны ластаушы ошақтың жиналуын болдырмауға, қайта өңдеу арқылы құс саңғырығын бюджеттің шығынды бабынан табысты бабына айналдыруға мүмкіндік береді. Қазақстан халықаралық экологиялық нарыққа жоғары сапалы органикалық тыңайтқышты беруші басты өнім берушілердің бірі болуы мүмкін. Елімізде 60-тан астам ірі құс фабрикалары жұмыс істеуде. Бұл өнеркəсіптік негізде органикалық тыңайтқышты өндіруге арналған шикізат – құс саңғырығының қорын жинақтауға мүмкіндік алмақ. 400 мың мекиен тауығы бар құс фабрикасы тəулігіне 80 тоннаға дейін саңғырық шығарады. Тың технологияда өңделген қалдықтар əмбебап тыңайтқыш ретінде ұсынылып отыр. Мамандар қоректік заттарға бай бұл органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштардан артық болмаса, кем түспейтінін айтуда. Қаржылай жұмсалымның өтелімділік мерзімі құрғақ тыңайтқышты өндіру, өткізу көлемі мен жұмсалынған қаржылардың мөлшеріне қарай бір айдан алты айға дейінгі (тыңайтқышты шығарғаннан бастап) мерзімді құрайды. Құс саңғырығынан алынған тыңайтқыш
№36 (196) 10.10.2014 жыл
4
ТЫҢАЙТҚЫШТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ:
Көрсеткіштің атауы
Сипаттамасы немесе мелшері
1 1. Сыртқы түрі, түсі, иісі 2. Судың массалық үлесі, %, артық емес 3. Органикалық заттың көміртекке шаққандағы массалық үлесі, %, кем емес 4. Күлдің массалық үлесі, %, артық емес 5. Өсімдіктерді қоректендіруші макро жəне микроэлементтердің массалық үлесі (концентрациясы): азоттың, %, кем емес фосфордың, %, кем емес калийдің, %, кем емес кальцийдің, %, кем емес магнийдің, %, кем емес темірдің, %, кем емес мырыштың, мг/ кг, артық емес мыстың, мг/ кг, артық емес марганецтің, мг/ кг, артық емес күкірттің, мг/кг артық емес бордың, мг/ кг, артық емес кобальттің, мг/ кг, артық емес молибденнің, мг/ кг, артық емес
2 Үгілгіш масса, түсі қошқыл сұр 25 20 70
3,5-4,0 4, 2,5-6,0 2,1 0,2 0,1 20-23 10 300-350 42 4,5 3,0-3,5 0,05-0,07
6. Қышқылдығы, рН 7. Санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері:1 7.1. Тіршілікке икемді жұмыртқалардың жəне гельминт құрттарының, патогенді бактериялардың, сонымен қатар сальмонелланың бар болуы 7.2. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер индексі (ІТТБ жэне энтерококктар), кл./г 7.3. Уытты элементтер коспасының массалық концентрациясы, мг/кг артық емес, оның ішінде: қорғасынның күшəннің кадмийдің сынаптың 1
5,5-8,5 ТУ 2.1.7.730-99 Жол берілмейді
хром (көшпелі формалары) никель (көшпелі формалары)
6,0 2.0
7.4. Бенз(а)пиреннің массалық концентрациясы, мг/кг, кем 7.5. Табиғи радиоактивті заттардың тиімді үлестік белсенділігі (Аэф.), Бк/кг
Анықталмаған
7.5.1. Техногенді радионуклидтердің үлестік белсенділігі, Бк/кг (л), оның ішінде: - Цезий 137 Стронций - 90
Жоқ
1-9
Топырақ үшін МШК төмен (БҰМ) 6.0 1 0.5 1 2
(СП2.6. 1.798-99)
7.6. Пестицид қалдыктарының массалық концентрациясы, мг/кг, кем2 Фосфорорганикалық пестицидтер, сонымен қатар: Актеллик Анықтау шегінен төмен Базудин Анықтау шегінен төмен Карбофос Анықтау шегінен төмен Фосфамид Анықтау шегінен төмен Хлорорганикалық пестицидтер, сонымен қатар: Гептахлор Анықтау шегінен төмен ГХГЦ (изомерлер жиынтығы) Анықтау шегінен төмен ДДТ жэне оның метаболиттері (жиынтықты Анықтау шегінен төмен мөлшері) Кельтан Анықтау шегінен төмен экологиялық таза, тиімділігі жоғары органикалық тыңайтқыш болып табылады. Тыңайтқыш əмбебап: ол кез-келген дақыл үшін жəне кез-келген топырақта қолданылуы мүмкін. Оның құндылығы мен ерекшеліктері оны өндіру тəсілімен байланысты болмақ. Тыңайтқыштағы фосфор негізінен фосфатиттер жəне нуклеопротеидтер түрінде, калий еритін тұздар түрінде кездеседі, бұл олардың өсімдіктермен жақсы сіңірілуін қамтамасыз етеді. Қол жетімді азоттың мөлшері 100%, фосфор 70%, калий - 90%. Тыңайтқыш микроэлементтердің толық жиынтығына ие, оның құрамында гумин жəне фолий қышқылдары жəне олардың тұздары жеткілікті мөлшерде. Тыңайтқышта кальций бар, ол топырақтың қышқылсыздануына септігін тигізеді. Тыңайтқыш өсімдіктердің негізгі процесі - фотосинтездің белсенділігін тікелей күшейтеді екен. Тыңайтқыштың ерекшеліктері: Тыңайтқыш бірқатар позициялар бойынша барлық танымал органикалық жəне минералды тыңайтқыштардан асып түседі: • Экологиялық таза; • Құрамында барлық қажетті қоректік заттар кешені бар; • Топырақтың құрылымын жақсартады жəне оның шұрайлылығын ұзақ уақытқа жоғарылатады; • Патогенді флоралары жəне өнгіш тұқымдары жоқ; • Уытты емес, жарылыс қауіпті емес, нығыздалмайды; • Жарамдылық мерзімі шектеусіз. Тыңайтқыштың оң əсерлері:
1. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарына теңдестірілген қоректі қамтамасыз етеді жəне экологиялық таза өнімдер алу үшін жағдай туғызады. 2. Өнімнің пісу мерзімін қысқартады. 3. Тыңайтқышты қолдану барысында топырақтың құрамы мен қасиеті жақсарады: • гумустық қабат қалпына келеді • топырақтың тиімді қышқылдылығы қалпына келеді • пайдалы микрофлора қалпына келеді жəне зиянды микрофлораның өсуі төмендейді 4. Ауылшаруашылық дақылдардың қолайсыз факторларына жəне ауруларға төзімділігі артпақ. Бүгінгі күнде тыңайтқыш зауыты 28 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт басшылығы өндіріс қуатын арттырған соң жеке шаруашылықтармен келісім-шарт аясында жұмыс істеуді бастамақ. - Алдағы уақытта қайта өңделген саңғырықтан брикет даярлап полбрикеттерді жағып газ алып, газдан электр қуат алу жоспарланып жатыр - деді аталған серіктестіктің өндіріс жөніндегі директорының орынбасары Асылбек Досболов. Бұл сөзге біздің де қосып-аларымыз жоқ. Жарамсыз, зиянды саналып келген саңғырықтың пайдасын ғылыми тұрғыдан зерттеп, анықтап шығып, егін шаруашылығын дамыту жолында кəдеге жаратып жатса, жəне ол адамдарға, қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық тұрғыдан таза болса, тек қуанамыз. Мұндай жаңашыл бастамалар көбейіп, ел игілігіне арнала берсе, нұр үстіне нұр. Жібек МҰСТАФИНА.
ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ ДЕП СЕНЕМІЗ Қаншама қажетті шаруаларды абыроймен атқарып, ауқымды мəслелерді қолға алып отырған Шымкент қаласының кəсіпкерлік бөлімімен жобалардың іске асырылуы жөнінде талдау жəне мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде. Осыған орай жылдың басынан кəсіпорындардың жəне мемлекеттік органдардың қатысуымен көптеген жиналыстар өткізілді. Мониторинг барысында 24 жобаның ішінде 16 жоба іске асырылады, 6 жоба 2015, ал 2 жоба 2016 жылдың еншісіне тиесілі, енді солар жайлы толығырақ тоқталып өтсек. 2014 жылы құны 22646,5 млн. теңге, 1512 жұмыс орнымен жобалар іске асырылады деп күтілуде. Егер ойдағы істер жүзеге асса, Шымкент қаласында тоқыма фабрикасы кеңейіп, тігін фабрикасы өмірге келеді. Жылылықты өткізбейтін базельт талшықтары əжетімізге жарап, бұрама дискі қақпа өндірісі өрлеп, автокөліктерге арналған тежегіш колодкалар шығарылады. Шыны əйнек пен полипропиленнен жасалған қапшықтар, травертиннен жасалған жəне пенополистирол плиталары, цементті қаптайтын қағаз қаптар, сондай-ақ алюминий, мыстан жасалған өнімдер өндірісі жолға қойылады. Оған қосымша 186 орындық қонақүй, кірпіш зауыты соғылып, 3 гектар жерге жылыжай салынып, қуаттылығы 1 МВт құрайтын күн сəулесі электростанциясы мен логистикалық орталықтың құрылысы аяқталып, балық өнімін дамыту бойынша да ауқымды істер атқарылады. Сөйтіп қаланың өндірістік орны көбейіп, қаншама жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ 2105 жылға жалпы құны 4 060 миллион теңгеге инвестиция тартылып, 250ден астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жобаларға мына нысандар кіреді: - South Textiline ЖШС - түрлі-түсті махер сүлгілер өндіретін фабрика (750 млн. 49 жұмыс орны). Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталмаған, қаржы көздері қарастырылуда; - «Стекло Мир» ЖШС - шиша өнімін қайта өңдеу (2000 млн. теңге, 49 жұмыс орны). Жер учаскесінің құжаттамалары дайындалу үстінде. Құрылыс жұмыстарын 2014 жылдың II жартыжылдығында бастау көзделіп отыр, Германиядан əкілінетін құрал-жабдықтар 6 ай қаралады; - «NB Partners» ЖШС - травертин плита өндірісі (450 млн. теңге 60 жұмыс орны). Зауыт құрылысын жүргізуге жер учаскесі қарастырылуда; - «Компания Р.Э.Т.» ЖШС - керамикалық кірпіш зауыты (547 млн. теңге 50 жұмыс орны) Автоматтық өндіріс толық жабдықталмаған, құрал-жабдықтардың бір бөлігі Қытайдан əкелінді, екінші бөлігі Түркиядан əкелінеді деп күтілуде. Жобаны қаржыландыру мəселесі қаралуда; - «АВС» ЖШС - кірпіш зауытының құрылысы (313 млн теңге 40 жұмыс орны) Зауыттың құрылысын жүргізуге жер бөлу мəселесін қарастыру қажет. Қысқасы соңғы екі жыл ішінде Шымкент қаласының экономикасы дамуына, тұрғындардың əл-ауқатының жақсаруына септігін тигізіп, көптеген адамдар жұмыспен қамтылатын жобалардың жүзеге асып, белгіленген жоспарлар нақтылы уақытында орындалуын зор үміт артамыз. Өйткені мұндай ойға алған мақсаттарды қағаз бетінен іс жүзіне асыруға мүмкіндігіміз жетеді деп сенеміз. Сарғалдақ СЕРІ.
Аймақ
Мүлікті жария етуді өткізуде Қазақстан біраз тəжірибе жинақтады
¦ÄIËÅÒ ұлттық апталығының қосымшасы
1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ОРАЛМАНДАРҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРУҒА ЫҚТИЯРХАТЫ БАР АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ
Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары назарына!!! «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес, 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық
капиталына қатысу үлесі (бұдан əрі – қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мəмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға рəсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен жəне магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне
меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сəйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады. Аталған Заңның талаптарына сəйкес, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі мүлкiн жария ету үшін төмендегідей құжаттардың өткізілуі қажет: 1) Мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiш, екі данадан (бұдан əрi – өтiнiш); 2) Жеке басты куəландыратын құжаттың көшiрмесі (түпнұсқасы көрсету қажет); 3) ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізетін аттестатталған сарапшының қорытындысы; 4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты; Тұрғындар бұл құжаттарды аудандық əкімдік жанынан құрылған комиссияларға өткізеді.
Сіздер мүлікті жария етуге құжаттарыңызды тұрғылықты жерлеріңіз бойынша келесі мекен-жайларға барып өткізуіңізге болады, сонымен қатар өздеріңіздің сауалдарыңызға осы мекен жай бойынша немесе көрсетілген сымтетіктер арқылы жауап алуға болады №
Атауы
Өтінімдерді қабылдау пункттерінің орналасқан мекен-жайы
Комиссия төрағасы (төрайымы)
Комиссия мүшелері (саны)
Байланыс телефоны
1
Бəйдібек
Шаян ауылы, Қарашаұлы көшесі №69 үй, ішкі саясат бөлімінде
Əбілдабек Ж. аудан əкімнің орынбасары
10
8-72548-2-25-21
2
Қазығұрт
Ə.Тоғаев №2 Экономика жəне қаржы бөлімі мəжіліс залында
Төлепов Ғалымжан Əнуарұлы аудан əкімінің орынбасары
13
8-72539-2-27-84
3
Мақтаарал
Жетісай қаласы, М.Əуезов көшесі №20 үй, аудан əкім аппараты
Əбжанов Ə. аудан əкімінің орынбасары
12
8-72534-6-18-52
4
Ордабасы
Темірлан е/м, Қазыбек би көшесі №1 үй, Қажымұқан ауыл округі əкім аппараты
Үсенбаев Ғ. аудан əкімінің орынбасары
11
8-777-602-09-00
5
Отырар
Жібек жолы көш.№25 үй, əкім аппараты
Əліш Рыскелді Салхутдинұлы аудан əкімінің орынбасары
13
8-72544-2-19-69
6
Сайрам
Қыстаубаев көш н/з ( бұрынғы ХҚКО)
Аязов Г.У. аудан əкімінің орынбасары
10
8-72531-2-01-08
7
Сарыағаш
Майлы қожа көшесі н/з үй, қала əкімдігі ғимараты
Есбаев Ақментай Үсенұлы аудан əкімінің орынбасары
15
8-72537-2-15-56
8
Созақ
Шолаққорған ауылы, Жібек жолы н/з Созақ ауданы əкімі аппараты 102 бөлме.
Еденбаева Сəуле Дөненбекқызы аудан əкімінің орынбасары
18
8-72546-4-14-72
9
Төлеби
Əйтеке би көш.№28 үй, əкім аппараты
Бейсебаева Р. аудан əкімінің орынбасары
10
8-72547-6-13-37
10 Түлкібас
Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 201 ғимарат, аудандық əкімшілік кіші залында
Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы аудан əкімінің орынбасары
10
8-72538-5-17-61
11 Шардара
Аширов көш№6 уй, экономика жəне қаржы бөлімінде
Муталиев Б. аудан əкімінің орынбасары
11
8-72535-2-27-43
12 Арыс қаласы
Əбдіразақов көшесі №46/18 үй, тұрғын-үй инспекциясы ғимаратында
Ақтаев Е. қала əкімінің орынбасары
18
8-72540-5-91-61
13 Кентау қаласы
Кентау қаласы, А.Яссауи даңғылы №87 қала əкімдігі аппаратының ғимараты
Бектаев Ерғали Исрайлұлы қала əкімінің орынбасары
14
8-72536-3-3384, 3-93-00
О.Мұсабеков көшесі н/з, ХҚКО ғимаратының 2 қабаты
Тəңірбергенов Дəурен Рахымұлы қала əкімінің орынбасары
11
8-771-594-78-07
Шымкент қаласы, Төле би №21, "Зерде" бизнес орталағы 2 қабат 12 кабинет
Рысқұлбеков Болат Əсембекұлы аудан əкімінің орынбасары
12
8-7252-53-01-31
16 Еңбекші
Шымкент қаласы, Сайрам көшесі №190, Еңбекші аудандық əкім аппараты
Амангелдиев Досалы Жайлауұлы аудан əкімінің орынбасары
18
8-7252-57-50-55
17 Абай
Шымкент қаласы, Республика даңғылы №6 а, Абай аудандық əкім аппараты
Ташимова Гүлсара Сəрсенбайқызы аудан əкімінің орынбасары
17
8-7252-21-16-30
14 Түркістан қаласы
15 Əл-Фараби
ЖАРИЯ ЕТУ – ЖАЛПЫЄА ОРТАЌ Ағымдағы жылдың 1-қыркүйегінен бастап елімізде мүлікті заңдастыру шарасы басталғаны белгілі. Мүлікті жария ету елімізде бұған дейін екі рет болып өткен. Яғни, мүлікті жария етуді өткізуде Қазақстан біраз тəжірибе жинақтады. Мəселен, ең алғаш 2001 жылдың шілде-тамыз айларында мемлекетімізде ақшаны жария ету жүргізілген болатын. Бір жолғы акция түрінде болған бұл жария ету кезеңі Қазақстан Республикасының азаматтарының екінші деңгейдегі банктердегі арнайы шоттарға ақша салуы жолымен жүргізілді. Осы шара аясында шамаман 3 мыңға жуық азамат 480,0 миллионнан астам АҚШ долларын жария еткен болатын. Одан кейін болған 20062007 жылдардағы жария ету кезеңінде тек ақша ғана емес, жылжымалы жəне жылжымайтын мүлік түрлері де жария етілді. Екінші мүлікті жария ету кезеңі анағұрлым созылмалы сипатта болды. 2006 жылдың 3 шілдесінен басталып, 2007 жылдың 1 тамызына дейін өткізілген бұл акцияда жария етілген мүліктің құнынан 10 пайыз мөлшерінде алым алынды. Соның нəтижесінде жалпы сомасы жобамен 7 млрд АҚШ долларына мүлік жария етілді. Оның ішінде ақша – 538 млрд. теңгені құрады. Бұл жалпы акция аясында жарияланған мүліктің 63,7 пайызын құраған еді. Ал қалған 236 млрд. теңге жылжымайтын мүлікке тиесілі болған. Ал осы жылы басталған мүлікті жария ету кезеңі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілетін болады. Бүгінде мүлікті жария ету еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіліп келеді. Мəселен, Астанада мүлікті жария ету бойынша тиісті органға 3201 азамат өтініш білдірген. Келіп түскен өтініштердің 1153-і – Алмалы, 443-і – Есіл, 1605-і – Сарыарқа аудандарынан болған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңына сəйкес тиісті мекемелерге 51 өтініш келіп түскен. Келіп түскен өтініштердің 42-сі тұрғын үйді, 7-і коммерциялық нысанды, 2-і көлік жайды (гараж) заңдастыру бойынша болған.
Мүлікті жария ету бойынша қабылданған 51 өтініштің 19-ы Шымкент қаласы тұрғындарынан, 20-ы – Сарыағаш, 6-ы – Бəйдібек, 2-і – Сайрам, 1-і – Отырар аудандары, 3-і – Түркістан қаласы тұрғындарынан келіп түскен. Жария етуге ұсынылған мүліктердің құны 278,3 млн. теңгеге бағаланған. Қосымша мəлімет: – «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы аясында ақшаны жария еткен кезде жария етуге өтініш білдірген ақша банкте немесе «Қазпоштада» ашылған арнайы жинақтау шотына салған сəттен бастап заңды болып табылады. Бұл туралы аталған мекемелер тиісті құжаттар береді. – Аталған Заң негізінде кез келген ғимараттар жария етілуі тиіс. Ол үшін ғимараттар құрылыс талаптарына жəне ғимарат орналақан аймақ жер телімінің мақсатына сəйкес келуі керек. Яғни, саяжайлар, ғимараттар, коммерциялық нысандар тек өздерінің мақсатына қарай заңдастырылады. Оның жер учаскесі жеке меншікте болуы қажет. – Мүлікті жария ету кезеңінде барлық əкімдіктер жанынан құрылған комиссияға мүлікті жария етуге өтініш, жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқасын да көрсету қажет), ғимараттар мен құрылыстарға техникалық тексеру жүргізген аттестатталған сарапшының қорытындысы, жылжымайтын мүлік нысанының техникалық паспортын тапсыру қажет. – Аталған заңның талаптарына сəйкес Қазақстан Республикасының азаматтары ел аумағынан тыс жерлердегі мүлкін жария етуге тиіс. Азаматтар ел шегінен тыс жерлердегі мүлкі пен бағалы қағаздарын жария ету үшін облыстың барлық аудан қалаларындағы салық басқармаларында өтініштерді қабылдау үшін арнайы мамандар бекітіліп, комиссиялар құрылған. Дайындаған: Б. МЫРЗА.
Аймақ
¦ÄIËÅÒ ұлттық апталығының қосымшасы
Оңтүстік Қазақстан облысында тəуелсіздігімізбен түйдей құрдас білім ордасы бар. Ол Сарыағаш ауданындағы Келес өңіріне орналасқан №74 Ж.Баласағұн атындағы мектеп. Еліміз егемендігін алып, алыс-жақын мемлекеттер тəуелсіздігімізді мойындаған 1991 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда бұл білім ордасында нендей жаңалықтар болып жатыр? Жеткіншектердің болашағы жарқын болу жолында қандай ұлағатты ұстаздар тер төгіп жүр? Іргетасы құйылып, қабырғасы қаланғанына 23 күздің жүзі болған жалпы орта мектептің тыныс-тіршілігі қандай? Осы сұрақтарды аталмыш ұжымға тəжірибелігімен сыйлы, білімділігімен абыройлы, І-ші санаттағы мұғалима, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мектептегі бастауыш ұйымының төрайымы, Оңтүстік Қазақстан облысы «Білім беру ісінің үздігі» Бибіайым Қойлыбаеваға қойдық. – Мектептің тұңғыш директоры кім болды, қанша жыл басшылық жасады жəне осынау білім ордасына оның қандай еңбегі сіңді? – Ең алғашқы мектеп басшысы Сусар Құлбаев болды. 2000 жылға дейін жұмыс атқарды. Оның отбасы мұғалімдер жанұясы дерлік. Тоғыз жыл ерінбей еселі еңбек еткен Сусар ағаның өмірлік жары Айсұлу Анарбаева да осы мектепте математика пəнінен дəріс берді. Жастарды тəрбиелеу саласында аянбай тер төккен еңбегі үшін Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған Сусар ағаның ұлы Бауыржан да аталмыш білім ордасынан сусындап, Түркияға оқуға барып, Стамбулда жоғары білім алып оралған. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы М.Əуезов атындағы ОҚМУ-де экономика факультетінде студенттерге дəріс беріп жүр. Нені болса да алғашқы болып бастау қиын ғой. Бірақ директор Құлбаев қиындыққа қайыспай, ауырлыққа берілмей, төзімділік танытып, сол күш-жігері арқасында өзгелерге де рухани күш беріп, жаңа мектепті жаңа табыстарға бастады. Ол кісінің еңбегі ұмытылмасы анық. Одан басқа да ардагер ұстаздарымыз аз болған жоқ. Əрқайсының өзіндің орны бар. – Олар кімдер? Қандай жарқын іздер қалдырды жұрт ұмытпайтындай? – «Шəкіртсіз ұстаз – тұл» дейді. Негізі ұстазсыз шəкірт те болмайды ғой. Біздің мектепте талай жасқа тəлім-тəрбие берген ардагер ұстаздар көп болған. Мұғалімдер солардан үйреніп, тəжірибе жинақтап, соларға қарап өсті кезінде. Əлі де білгендерін соңғы толқынға айтып жүрген аға буындар аз емес. Солардың бірі – Тұрсынбай Қазбекұлы. 2000 жылы мектеп директоры болып тағайындалған. Ол мектепті басқарған сегіз жыл аралығында оқушылар білімге деген ынтажігерінің күштілігін танытып, ұлттық бірыңғай тестілеуден тамаша көрсеткіштермен өтіп жүрді. Соның жарқын бір айғағындай 10 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Соңында ұмытылмас із қалдырды деп осыны айтса болады! Сол кездері директордың оқу-тəрбие жөніндегі орынбасары болған Райхан Ергешова апайымыздың да мектепке сіңірген үлесі сүбелі. Ұлағатты ұстаз Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ құрсағы құтты ол апамыздың кеудесінде «Алтын алқа» медалі тағы бар. Қазіргі таңда осы ардагер ұстаз да зейнеткерлікке шыққан. Бірақ мектептегі өткізілетін сан түрлі ісшаралардың əрдайымғы құрметті қонағы ол. – Жоғарыда аталған бағдарламаға сəйкес мектептерді
Б. Қойлыбаева
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты халқына Жолдауында «100 мектеп, 100 аурухана» салу жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Нəти-жесінде елімізде қаншама мектептер мен ауруханалар жаңадан салынды, апатты мектептерді жаңарту есебінен де талай білім ордалары өмірге жаңарып келіп жатыр. Сондай-ақ күрделі жөндеулерден өткізіліп, ұстаздар мен шəкірттердің игілігіне жаңа кейіпте тарту етілгендері қаншама. Осының бəрі болашақ ұрпағымыздың сапалы білім, саналы тəрбие алуы жолында жасалынып жатқан жарқын істер екені анық.
Сапалы білім мен танымды тəрбиені ұстаздар береді
күрделі жөндеуден өткізу барысы сіздерде қалай жолға қойылды? – Сəуле Апсихова апайымыз директор болып тұрғанда, яғни 2012 жылы мектебіміз күрделі жөндеуден өтті. «Зеңгі ата» мердігерлік компаниясы тендерді ұтып алып, жалпы құны 47 миллион теңгені игеріп, жөндеу жұмыста-
осынау жылылықтың бастауы, көзі десек жарасады. Асханамызда жетім балаларға тегін тамақ беріледі. Бұл да сауап істің бір мысалы, қазақи жомарттықтың жан жадыратар жарқын дəлелі. Оқушылардың сабақтан тыс немесе бос уақытында білімін ұлғайту мақсаты болса, кітапхана меңгерушісі Ұлжан Ибраева шəкірттерге қандай кітап оқу керектігі жөнінде кеңес беруге əзір. Электрондық жүйеде оқу барысында Бақыт Қалмырзаев жетекшілік етіп, осынау жаңа жүйенің қыр-сырымен таныстырудан шаршаған емес. Ал енді жаңашыл мұғалімдерді атап өтсек, биология дəрісінен сабақ өтетін Жанар Ибраимова, қазақ тілі пəнінің маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы «Білім беру ісінің үздігі» Нұргүл Сүлейменова, физикаинформатикадан дəріс өткізетін
«ə» сыныбының үміті Баян Қойлыбаевалар өздеріне артылған сенімді ақтап 1-орынды жеңіп алды. Ал газет шығарудан 7 «ə» сыныбы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ «Ертегілер елінде» деп аталатын сахналық көріністе ерекше көзге түскен 4-сынып оқушылары Анварбек Диас жəне Ережеп Диана жүлделі орындарға қол жеткізді. – Сөз соңында жастарға айтар тілегіңіз! – Жөндеуден өтіп, жаңа сипатқа ие болған осынау білім ордасының бүгінгі таңдағы тыныстіршілігі осындай. Алға қойған мақсаттар да ұлан-асыр екені даусыз. Сол мақсатты орындау жолында мектеп ұжымы бірлесе отырып бар мүмкіндіктерін, білімдерін жұмсап, ал оларға арамызда жүрген тəжірибелі ардагер ұстаздар ақыл-кеңесін айтып, рухани жігерлендіріп отырса, біз алатын асу, шығатын биік аз болмайтынына аса сенімдіміз. Ал оқушыларға «білімсіз күн нұрлы болмайды, сондықтан жалықпай оқып, ерінбей ізденіп, еліміздің ертеңін гүлдендіруге сүбелі үлестеріңді қосып, отанымыздың нағыз патриоты болып жетіліңдер» деймін.
Бақыт Күшібарұлы сынды ұстаздар ұлағаттық танытуда. Бақыт аға Кеңес Үкіметі кезінде Келес аудандық партия комитетінде қызмет атқарған. Ол ұстаздықпен қатар көркем шығармашылықпен де айналысады. Кітаптары жарық көрген. Директордың оқу тəрбие жөніндегі орынбасары, қазақ тілі пəнінің маманы Күнсұлу Əбілмəжинова мен математика пəнінің мұғалимасы Ғалия Айтілеуованың да сіңірген еңбегі мақтауға лайықты. – Жуырда ғана жүзеге асқан тіл мерекесіне орай барлық мектептерде дəстүрлі апталықтар өтті. Сіздер сол ісшараға қандай дайындық жасадыңыздар? – Бұл мəселеде біз де көштен қалған жоқпыз. Шынымен-ақ əр жылы өткізілетін тіл мерекесі дəстүрге айналып барады. Мектебімізде бұл апталық үш тілде іске асты. Əсіресе қазақ тіліне байланысты болған іс-шара есте қаларлықтай дəрежеде өтті. Нұргүл Сүлейменова мен жоғары санатты ұстаз Алмагүл Сатимировалардың ұйымдастыру қабілеттері, еңбекшілдігі ерекше. Тіл мерекесіне орай «Тіл – ақылдың көрінісі, бірліктің кілті» атты апталықты өткізу барысында да олар талапшылдығымен танылып, жауапкершілік жүгін сезінуде жаңылмай, жаңашылдығымен оқушылардың жан сарайын аша түсті. Қызығушылығы мен ынтажігерлері оянған шəкірттер «Тілге құрмет – елге құрмет» атты ісшараға белсене қатысты. Оның талаптарына орай мəнерлеп оқу, шығарма жазу, газет шығару сияқты қызықты тапсырмалар қойылған. Оған қатысқандар өз сыныптарының намысын қорғау үшін барын салып, бағын сынап, алған білімдерінің дəрежесін көрсете алды. Нəтижесінде мектебіміздің 7 «ə» сынып оқушысы Пернетай Арай мəнерлеп оқудан 1ші орынды қанжығалады. Ал, шығарма жазудан 5 «а» сыныптан Ұлжалғас Серікбаева, 6 «ə» сыныбының шəкірті Сəлім Азамат, 7 «а» сыныбы сайысқа үкілеп шығарған Тасболат Назерке жəне 4
Бибіайым Қойлыбаеваға сұхбат үшін рахмет айтып, мектеп пен мұғалімдер туралы пікірін білейік деп осы ауылдың екі тұрғынын сөзге тарттық.
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗБЕН ТҮЙДЕС ҚҰРДАС МЕКТЕП рын өз мезгілінде аяқтап үлгерді. Сол кездері аудан əкімінің орынбасары, қазіргі таңда аудан басшысы болған Бұхарбай Парманов мектептердің күрделі жөндеуден сапалы өтуін қадағалау барысында аз еңбек сіңірген жоқ. Жұмыс процесін тексеріп, оны қабылдау кезінде кем-кетігі болмауын бақылауға алған. Бүгінгі уақытта зейнеткерлікке шыққан С.Апсихова мектебіміздің ыстығына күйіп, суығына тоңған ардагер ұстаздарымыздың бірі. Басшылық жұмысын жүйелі жүргізді. Соның арқасында шығар сол жылдары тарих пəнінің мұғалимасы Анар Шымырбаева, физика пəнінің маманы Мəдина Үсіпбекова, орыс тілінің оқытушысы Гүлнəр Қайназаровалар даярлаған оқушылар ҰБТ сынағында жоғары баллдарды иемденіп, мектеп абыройын биіктерден көрсете алды. Осы ардагер апайларымыздың көп жылғы еңбегі жоғары бағаланып, А.Шымырбаева
«Сарыағаш ауданының ұлағатты ұстазы» атанса, ал М.Үсіпбекова Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» белгісін омырауына таққан. Көрдіңіз бе, шəкірттерттердің білім деңгейінің жоғарылауы арқасында ұстаздардың да мерейі үстем болды. – Осы 23 жыл аралығында директорлар көп ауысты ма? Мектепке тікелей басшылық жасағандардан басқа адамдардың да еңбегі сіңген шығар? – 2012 жылы тарих пəнінің маманы Бейбіткүл Селтанова мектепке директор болып тағайындалды. Əлі күнге дейін басшымыз сол. Қазірше басқа ауыс-түйіс орын алған жоқ. Оның іскерлігінің, ізденімпаздығы мен талапшылдығының арқасында еңбек тəртібі жақсы жолға қойылған. Оқушылардың білім дейгейі де жақсы. Мəселен, 2013-2014 оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбеген шəкірттеріміз біздің білім ордамызды аудандағы 100ден аса мектептер арасында 18орынға көтеріп тастады. Ендігі мақсат күшті ондықтан орын алу. Біздің оқу ғимаратымыз бойына орналасқан көшенің есімі берілген Бейсенəлі Қырғызəлиев ағамыздың да мектепке тигізген көмегі орасан. Ол Сарыағаш ауданы Келес аймағы бойынша мектептердің кəсіподақ комитетінің төрағасы ретінде мұғалімдерді Қазақстанның түрлі демалыс орындарына 60
2
пайыздық жолдамамен жіберіп отырды. Ал біздің мектепке құны 250 мың теңгеден асатын музыкалық аппаратура əперді. Кəсіподақ мүшелеріне əлеуметтік көмек те көрсетіп, Наурыз мейрамы, мектептегі мерекелер, тағы басқа да ісшараларға қаржылай жəрдемдескенін айта кету керек. Сарыағаш аудандық мəслихатының бірнеше дүркін депутаты əлі де халық қалаулылары сапында келеді. Осы ұстаздар қамқоршысы əлі күнге дейін барлық мектеппен тығыз байланыста болып, олардың тыныс-тіршілігімен танысып, қажет кезінде лайықты көмек қолын созудан тартынбаған жан. Міне, біздің мақтан тұтатын, үлгі алатын ардагер аталарымыз бен апаларымыздың қысқаша өмір тарихы мен еңбек жолдары осындай. – Негізі мектеп пен жергілікті билік тығыз қарым-қатынаста болады. Өйткені мектеп – ауылдың көркі, білімнің кепілі,
іс-шаралардың ұйытқысы ғой... – Не сұрамақшы болғаныңызды түсіндім. Жөндеу жұмыстарынан соң жаңа кейіпке енген мектеп жанынан жүріп-тұруға ыңғайлы жол салынып, асфальт төселінді. Осыған байланысты Абай ауылының əкімі Алмас Сексенбаевтың азаматтығына алғыс айтқымыз келеді. Оның мектепке деген ықыласы ыстық-ақ. Жаңа жол соның арқасында дүниеге келіп, алысты жақын, ауырды жеңіл еткені рас. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауылдық өңірлерді дамыту жөніндегі» тапсырмасына сəйкес Үкімет тарапынан «Тіректі елдімекендер» бағдарламасы қабылданғаны баршамызға белгілі. Сол бағдарлама аясында жылдың бастапқы айларында Абай тіректі елді мекенін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспары жасалып, тиісті салалар бойынша аудандық бөлімдермен жəне облыстық басқармалармен келісу жұмыстары жүргізілген. Осыған байланысты жергілікті əкім Алмас Икрамұлы елді мекенді көркейтіп, абаттандыруға сүбелі үлесін қосты. Нəтижеде 18 көше асфальттанып, 5 көше жарықтандырылды. Төрт бейнекамералар орнатылды. Мектеп оқушыларының жолда кетіп бара жатқанда қайғылы оқиғаға ұшырамауының алдын алып, қауіпсіздік шараларын жасатты. Яғни, жол жиегіне, əсіресе мектеп
пен балабақшаға баратын жаяу жүргіншілер мен даңғыл жол аралығына шарбақтар орнатылып, темір қоршаулар жасалынды. Енді шəкірттер алаңсыз жүре беретіндей жақсы жағдай жүзеге асты. Жалпы ұзындығы бір шақырымды қамтитын аяқжол салынды. Басқа да тілге тиек етерлік, мақтауға лайықты, айтуға тұрарлық жұмыстар жүйелі түрде орындалуда. Абай ауылдық округінің гүлденуіне ықпал еткен жергілікті əкім осы лауазымынан бұрын Сарыағаш аудандық əкімшілігінде көптеген қызметтер атқарып, тəжірибе жинақтаған еді. Сондықтан да оған Келес өңіріндегі үлкен елді мекеннің билігі сеніп тапсырылды. Енді жас та болса бас болып, талай ауқымды істерді атқарып, игілікті жұмыстарды жолға қойып отыр. – Енді мектеп туралы қысқаша мəлімет бере кетсеңіз. – Іші-сырты мұнтаздай таза мектепте 26 кешенді сынып бар. Жалпы саны 68 ұстаз жас ұрпаққа тəлім-тəрбие береді. 600-ден астам оқушы білім нəрін сіңіріп жүр. Іште спорт залы, кітапхана, оқушылардың денсаулығын қадағалап, бақылайтын мейірбике кабинеті, буфет жəне асхана, ал сыртта стадион, іс-шаралар өткізетін алаң бар. Сонымен қатар ғимарат шетіне қазандық орналасқан. Себебі қысты күні қырауда мекеме көгілдір отын арқылы жылытылады. Қазандық
Тұрсынбай ЖОЛДАСОВ, атааналар комитетінің мүшесі: – Білім – теңіз, мектеп – кеме» десек, мұғалімдер сол кемені жүргізушілер, ал оқушылар уақыт желімен алға жылжыған кеменің желкендері іспетті деп ойлаймыз. Бəрінің ортақ міндеті – білімді жетілдіру. Ауылымыздағы білім ордасының ұстаздары атааналармен тығыз қарымқатынаста болып, оқу мен тəрбие саласында бізбенен ой бөлісіп, ақыл-кеңесімізге құлақ асады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген, ал бала тəрбиесі өте маңызды мəселе. Біз ұстаздарға солардың тағдырын сеніп тапсырып отырмыз жəне олар үмітімізді ақтайтынына сенеміз. Гүлнəр ТУЛЕНОВА, көп балалы ана: – Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында ауылдық жерлердің тұрмыс-тіршілігі түзеліп келеді. Білім ордалары мен мəдениет ошақтары салынуда. Абай ауылында да күрделі жөндеуден өткен мектеп елді мекеніміздің көркіне айналған. Онда перзенттеріміз оқып, білім алады. Солардың болашаққа деген іргетасын осы бастан қалап жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп Елбасымыз тегін айтпаған. Демек, мемлекетіміздің өзге елдермен иық тіресе алатындай дəрежеге жетіп, бар саладан бəсекеге қабілетті болып, экономикамыз өркендеп, халықтың жағдайының жақсаруы жолында білімді жастар көп мақсаттарды іске асыра алады. Ал оларға сондай сапалы білім мен танымды тəрбиені беретін ұстаздар қауымы екені айдай ақиқат. Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ.
Аймақ
Жаңадан салынған кез-келген ғимарат көңілге шаттық нұрын сеуіп тұрады
¦ÄIËÅÒ ұлттық апталығының қосымшасы
қарым қатынаста екенін айта кеткен жөн. Солармен бірге апатты мектептерді жаңарту есебінен салынған осы білім ордасына деген көзқарасын білдірген жандардың да ой-пікірін оқырманға жеткізуді жөн санадық. – Мен көптеген басшылық қызметтерде істедім. Сондықтан ұжым ынтымағын жақсы білемін. Осы мектеп ашылғанша ескі ғимаратта бұлар қатты қиналды. Жағдайлары болмады. Ондай жерде оқуға деген ынта да көтеріле алмайды. Енді міне, апатты мектепті жаңарту есебінен Шеңгелдінің ортасына салынған мектепте құлаштарын кеңге жайып, білім нəрімен сусындай алады. Ол үшін барлық мүмкіндік бар. Тек оқу керек, алға қарай ұмтылулары қажет. Мек-
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық əкімдігінің территориясына орналасқан Шеңгелді елді мекенінде биылғы жаңа оқу жылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауындағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сəйкес, апатты мектептерді жаңарту аясында салынған осы білім ордасы шəкірттерді шаттандырып тастады. Ашылу рəсіміне Оңтүстік Қазақстан облысы білім департаментінің жəне аудандық əкімшілік пен аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері қатысқан болатын. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері де мектеп ұжымының қуанышына ортақтасып, өздерінің тəтті тілектері мен жылы лебіздерін білдірген еді.
ШЕҢГЕЛДІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ШАТТАНЫП ЖҮР
Шеңгелді – еліміздің оңтүстігінен солтүстүгіне домбыраның қос шегіндей созылып жатқан шойын жолдың бойына орналасқан елді мекен. Кезінде Өзбекстанның соңғы бекеті осы стансадан түйінделетін. Егемендікке қол жеткізген соң оны өз еншімізге алдық. Жергілікті тұрғындардың көбісі теміржолдан нəпақасын тауып жүреді. Өз алдына бір қауым ел болғанымен Жылға ауылдық əкімшілігіне қарайды. 350-ден астам отбасы өмір сүретін ауылда жұрт назарын өзіне тартқан бір жаңалық қолға алынған еді. Ақыры ол іс жүзінде өз нəтижесін берді. Сөйтіп мұғалімдердің, оқушылардың, сондай-ақ ата-аналардың да қуанышына айналған №57 Сəбит Мұқанов атындағы мектептің құрылысын шымкенттік «БалтаСапар» мердігерлік компаниясы алғашқы қоңырау күніне бітіріп үлгерді. Оған республикалық бюджеттен 679 миллион 885 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Сол қаржы түгелдей игеріліп, іші-сырты мұнтаздай дерлік бір нысана бой көтеріп, ауыл көркін аша түсті. Жаңадан салынған кез-келген ғимарат, əсіресе ол сəулетті əрі сапалы болса, алыстан менмұндалап, көңілге шаттық нұрын сеуіп тұрады. Сонымен қатар, адам бойына ерекше бір шабыт беріп, өзгеше күйге бөлейді. «Алғашқы қоңырау» мен ашылу рəсіміне арналған салтанатты жиын еліміздің əнұранынан бастау алды. Жүздері шаттыққа толы шəкірттер қолдарын жүректеріне қойып мемлекетіміздің бас əнін орындаған үлкен-кішілерге қосылып, патриоттық сезімге бөленді. Иə, олар қатты толқу үстінде еді. Неше жылдан бері ескі ғимаратта оқып келді. Енді заманауи типте салынған үш қабатты, жаңа мектеп ішіне ертерек кіруге асығып, ішкі толқуларын баса алмай тұрды. Кезекпен сөз сөйлегендер мұғалімдер мен олардың тəрбиеленушілерін жаңа білім ордасының салтанатты ашылуымен жəне «Алғашқы» қоңырау» мерекесімен құттықтады. Ақ самайлы əжелер құтты болсын айтысып, қазақтың ғұрпына тəн шашу шашты. Құрылысты жүргізген «Балта-Сапар» мердігерлік компаниясының басшысы Əбдірахым Сапарбаев бұрыннан қалыптасып келе жатқан дəстүр бойынша осы білім ордасының директорына мектептің символикалық кілтін салтанатты түрде табыс етіп, ұстаздар мен шəкірттерге жаңа оқу жылына сəттілік пен табыс тіледі. Облыстан, ауданнан келген өкілдер белгілі бағдарламаның аясында дүниеге келген мектептің барлық қабаттарына көтеріліп, сыныптарды түгелге жуық аралап шықты. Сыныптар тегіс қажеттіліктермен жабдықталған. Көрнекі құралдар да алыстан көз тартады. Бəрі де жаңа, бəрі де сапалы. Бірақ, аз ғана уақыт ішінде барлық нəрсені көзден өткеруге мүмкіндік жоқ, əрине. Сондықтан мектептің тыныс-тіршілігі туралы мəлімет білу үшін Жетпісбай Ермекбаевты сөзге тарттық. – Қазіргі таңда шаңырағы жаңарған, керегесі кеңейген №57 Сəбит Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде 52 мұғалім ұстаздық етеді. Олардың 4-і жоғары, 12сі бірінші санатты. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей олар өз пəндерін жақсы меңгеріп, 459 оқушыны біліммен сусындатып келеді. Мейлі ол үлкен мектеп болсын немесе шағындау мектеп болсын, бірақ оқу бағдарламасы барлық жерде бірдей.
Шəкірттердің аз-көптігіне қарамай тиісті дəрістерді өту парыз. Бізде жалпы саны 22 сынып болса, оның 9-ы – бастауыш. Соңғысының екеуі даярлық тобы. Сыныптардың бəрі де əлгі құрылыс компаниясы əперген қажеттіліктермен жабдықталған. Бүгінгі таңда өмірді оргтехника құралдарынсыз көз алдыңызға елестете алмайтыныңыз анық. Осыған орай арнайы жабдықталған 3 компьютер бөлмесі бар. Заманымыздың жетістігі осы компьютерді меңгеруді шəкірттер жастайынан үйренеді. Сондай-ақ балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике кабинеті, көркем əдебиет пен мектеп оқулықтары, сабақтан тыс оқып үйренуге арналған көмекші оқулықтар мен көрнекі құралдарға толы кітапхана, əр алуан мерекелер мен даталы күндерге бағышталған сан түрлі іс-шаралар мен салтанатты жиындарды өткізетін 180 орындық думан залы жəне көлемі 30х18 шаршы метрді
қамтитын спорт залы, сондай-ақ 180 орындық асхана бар. Мұнда тұрмысы нашар отбасылардың перзенттері тегін тамақтанады, – деп мектеп директоры жуырда ғана «Тіл мерекесіне» орай жүзеге асқан апталықтың іс-шаралары туралы, оқушылардың жалпы жетістіктері жайлы əңгіме өрбітті. Оның айтуынша, 10-сынып оқушысы Əйгерім Қоршаубай М.Мақатаев оқулары бойынша алдымен облыста бірінші орынды қанжығалап, сосын республикада жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, мектеп абыройын аспандатып оралыпты. Пушкин жəне Махамбет оқулары бойынша да биылғы жылы 3-4 оқушы аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, өздеріне жүктелген сенімді ақтапты. Ал жоғары сыныптың оқушылары ауданда өткен «Жайдарман» жарысында үшінші орынды иеленіпті. Орталықтан тым шалғайдағы мектеп үшін бұл үлкен жетістік саналатыны рас. Биыл 42 шəкірт мектеп бітірсе, келесі жылы 32 оқушы түлек болады екен. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтары оншалықты болмағанын жасырмаған басшы ескі мектептің төбесінен су өтіп, ұстаздар да, оқушылар да қатты қиналғанын тілге тиек етті. Өйткені ол мектептің қабырғасы сонау 1935 жылы қаланған екен. Ол бастапқыда əскери бөлім болған, кейіннен мектепке айналдырылған. Енді жаңа типтегі білім ордасына қоныс аударған соң оқушылардың білімге деген ынтасы ілгерілеп, жақсы оқып, сынақтардан да сүрінбей өтетініне сенімді. Шынында да жаңа мектепте жаңа көңіл-күймен оқуға кірісетіндей жағдайлар жасалынған. Мəселен, жоғарыда ескерте кеткен сыныптарды қоспағанда биология, химия, физика пəндеріне арналған лабораториялық кабинеттер мен
ағылшын тілінен аударма жасайтын 3 лингофондық сыныптар бар, ұлдар үшін ағаш жəне темір ұсталығына баулитын екі сынып, ал қыздар үшін тігін шеберханасы іспетті тігін машинкаларымен толықтай жабдықталған бір сыныпта еңбек сабақтары өткізіледі. «Қимыл бұл – күш» деп классик жазушы Лев Толстой жазғанындай адамға күш-қуат беріп, тұла бойын əрлендіріп, тұлға сұлулығын сақтайтын əрі шынықтыратын іс-қимыл – спорт қой. Соның ішінде дене тəрбиесіне көп мəн беріледі. Заманымыздың заңғар жазушыларының бірі – Сəбит Мұқановтың есімі берілген бұл мектептегі стадион оқушылардың осынау салаға деген қызығушылы-
ғын арттырып, спорттың түрлерімен айналысуына зор мүмкіндік береді. Алғашқы əскери дайындық пəні де сонда өтеді. Болашақ жауынгерлер Отанымызды қорғау үшін осы бастан əскери қатаң тəртіпке дағдыланып, саптанып, қатар түзеп, қару-жарақты меңгеруді үйреніп, сан түрлі жаттығулар жасайды. Мектеп маңайында қысты күні сыныптарды толық жылытуға мүмкіндік беретін 2 қазандық тұр. Оған көмір жағады, əйтсе де, ол істен шығып қалған жағдайда қапы қалмайық деген сақтықпен оның қасына екіншісін де даярлап қойыпты. Электр жүйесіне қатысты
да қос трансформатор қойылған. Біреуі 400 ваттық күші бар, ал екіншісі жарық сөніп қалатын болса соляркамен жұмыс істей береді. Бұдан басқа сыйымдылығы 300 куб келетін су қоймасы бар. Бұл келешекте мектеп айналасын көгалдандыру үшін пайдаланылады. Өйткені елді мекеннің қақ ортасына орналасқан мектеп 3,6 гектар жерді алып жатыр. Оның айналасына гүл егіп, ағаш көшеттерін отырғызу алдыңғы жылдардың үлесіне тиетін шаруалар. Сондай кезде су өте қажет-ақ. Осы бастан болашақтың қамын жасап, алдын ала қамданып жүрген басшының мақтан тұтатын мұғалімдері аз емес көрінеді. Солардың арасында математика пəнінің маманы, «Сарыағаш ауданының ұлағатты ұстазы» Қуандық Ермеков, қазақ тілі мұғалимасы Уазира Тілеубердиева, бастауыштың ұстазы Сақыпжамал Мұсағалиевалардың есімдерін ерекше атайды. Мектеп директорына жан-жақты көмек көрсететін екі оқу ісі (бастауыш жəне жоғары сыныптар бойынша), бір тəрбие жөніндегі жəне бастауыш сыныптар бойынша бір орынбасары бар. Сонымен қатар, мектептегі ата-ана комитетінің төрағасы Əбдісамат Назарбаев пен ауыл биі Қожабай Бекмұратовтар да осынау білім ордасымен тығыз
теп ұжымын, ата-аналарды, шəкірттерді жаңа білім ордасына қоныс тебуімен шын жүректен құттықтап, оларға табыс тілеймін. Сəттілік қашанда жар болып жүрсін, бізден де ел басқаратын абыройлы азаматтар шықсын! – деді кезінде үлкен лауазымда көптеген қызметтерді атқарған, қазіргі күнде ауылдың абыройлы ақсақалы Балтақара Оразов. – Ұстаздық жолындағы жүктелген жауапкершілік өте ауыр. Өйткені олар жас ұрпақтың болашағына негіз қалайды. Жасында қандай тəрбие алса, жастар өскенде де сол тəрбиенің жетегінде жүреді. Сондықтан білім мен қатар тəрбие мəселесін алдыңғы қатарға қойған əріптестерімді мына жаңа мектептің ашылуымен құттықтай отырып, өздеріңе сеніп тапсырылған аманатқа адал болыңдар, балаға үйретуден жалықпаңдар, ұстаз деген қасиетті ұғымды қастерлей біліңдер деймін. Кешегі көрген қиындықтарың артта қалды. Енді тек жастарға жарқын болашаққа баратын бағытты дұрыс сілтеп, оларды ізгілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа үндеп, сапалы білім, саналы тəрбие беруге бар күш-жігерлеріңді жұмсаңдар дегім келеді, – деп бітірді өз сөзін осы
3 мектепке талай жылдық тері сіңген ардагер ұстаз Зият Ахметов. Зейнеткерлік демалысына шыққанша жастарды оқытқан тағы бір ардагер ұстаз Төлеген Кентаев аға да жүрекжарды сөздерін ағылтты: – Бүгін қуаныштары қойнына симай тұрған осы ұжымда мен де көп жылдар ұстаздық етіп, білмегенімді үлкендерден үйреніп, білгендерімді кейінгілерге үйреттім. Сөйтіп жүріп тəжірибе жинадым. Білімге талпынған оқушыларға дəріс өту ғанибет. Иə, көпшілік дұрыс айтады. Бұл мектеп салынғанға дейін мұғалімдер де, оқушылар да біраз қиналғаны рас. Тіпті ҰБТ сынақтарына лайықты дайындалатындай да мүмкіндіктері болмағанын білемін. Ал енді жағдай өзгерді, көш түзелді, жақсы мүмкіндіктер туды. Демек, алдымыздағы оқу жылдарында шəкірттерден жоғары нəтиже күтуге хақылымыз. Заманауи типтегі осындай мектепте оқып жүрген бүгінгі жастар шынында да бақытты ғой. Мемлекет тарапынан жасалынып жатқан игі шаралар солардың еншісінде. Енді ерінбей оқыңдар, білім шыңына шығыңдар, ұстаздарыңның үмітін ақтап, мектептің абыройын биікке көтеріп, біздер мақтан тұтып жүретін азамат болып жетіліңдер. Мен соған тілектеспін, бүгінгі қуаныштарыңа ортақпын! «Қырықтың бірі – Қыдыр» деген. Осындай абзал жандардың тəтті тілектері мен ниеттері періштенің құлағына шалынып, күні ертең бұл мектептен де «Алтын белгі» иегерлері мен оқу үздіктері шығып жатса ешкім таңданбаса керек. Себебі, оқушылардың білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалынған. Оның үстіне 24 жылдық еңбек өтілі бар Жетпісбай Арапбайұлы тəжірибелі ұстаз. Оның көп жылдық еңбегі бағаланып, үш жыл алдын директорлық лауазымы сеніп тапсырылған. Жаңа оқу жылының беташар күні ауданымызда ашылған алты білім ордасының бірі – №57 Сəбит Мұқанов атындағы жалпы орта мектеп болатын. Сол күні орталықтан жырақта жатқан Шеңгелді елді мекеніндегі шəкіттердің шаттығында шек болмады. Ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған ісшараның соңында олар өздері дайындап келген шағын концерттік бағдарламаларын көпшілікке тарту етіп, ұстаздары мен ата-аналарын өнерлерімен тəнті етті. Осынау жиыннан есте ұзақ сақталатындай əсер алған көпшілік тарай бастағанда жаңа оқу жылының басталғанын білдірген күміс қоңырау шалынып, оқушылар өз сыныптарына асығып бара жатты. Олардың жүзінде шаттық нұры бар еді. Болашағымыздың негізін қалайтын, ертеңгі күніміздің үміті болып жанатын жастарымыздың бойына күш қондырып, көңілдеріне қуаныш сезімін ұялатқан осындай жағымды жаңалықтар ел ішінде жиі жүзеге аса берсе екен деп тілейміз. А. БАЙЖАУҚАР.
Ақбұлақ ауылында – жаңа білім ордасы! Оңтүстік Қазақстан өңірінде тағы да бір заманауи жаңа мектеп ашылды. Бұл жағымды жаңалық Ордабасы ауданына қарасты Ақбұлақ ауылында жүзеге асты. Əрине, тұрғындар жəне аталмыш мектепте еңбек ететін мұғалімдер мен оқушылардың сол күнгі қуанышында
шек болған жоқ. Жаңа білім ұяcының толық жабдықталған тиісті сыныптары мен бөлмекабинеттерінен бөлек асханасы, спорт залы, тіпті шеберханасы бар. Ішіне кірсеңіз, еңсеңіз көтеріліп, жаныңыз жадырап, көңіліңіз көтеріліп қалатын осынау білім ордасын
«Завод Модуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі соғып, жергілікті елдің игілігіне жаратуға табыс етті. Ал қаржы республикалық бюджеттен бөлінген. Аталмыш білім ордасында облысымызда ашылған жиырма бір мектептің бірі ретінде салтанатты жиын өткен болатын. Оған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Əсия Темірбаева, аудан əкімі Самат Сапарбаевтар қатысып, жаңа білім ордасының ашылуымен мектеп ұжымын құттықтаса, ауыл тұрғындары да сөзге шығып, Елбасы мен аудан, облыс басшыларына алғыстарын жаудырған-
ды. Ал «Завод Модуль» ЖШС директоры Орынбек Мықтыбаев символикалық кілтті мектептің директоры Табылды Бекмағанбетке тапсырған. Мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар да қуаныштарын жасыра алмай тұрды. Алғашқы қоңырау жəне жаңа
мектептің ашылу рəсіміне бағышталған салтанатты жиын соңы шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Ал содан соң Бадам-Шымкент күре жолының бойына соғылған зəулім мектеп, биылғы оқу жылын бастап та жіберген болатын.
Аймақ
¦ÄIËÅÒ ұлттық апталығының қосымшасы
Президентіміз Н.Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында білім мен медицина саласына тікелей қатысты көрсетілген «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында көптеген ауқымды істер жүзеге асты. Осы бағдарлама негізінде, сондай-ақ Түркістан қаласының денсаулық сақтау саласының 20112014 жылдарға бекітілген стратегиялық жоспарына орай, қазіргі заман талабына сай, санитарлық нормаларға сəйкес келетін, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа емхана ғимаратының құрылысы 2012 жылы басталып, 2013 жылдың 13 желтоқсанында пайдалануға берілді. Құрылыс мердігері «Ақ жол» ЖШС, ал құрылысқа республикалық бюджеттен – 946 546 мың 430 теңге қаржы бөлінген.
Сондай білгір мамандар тарапынан қолдау мен көмек күшін сезіну, олардан керекті ақыл-кеңес алу – басшыға қосымша күш құяды. Ақ желеңді абзал жандардың халыққа медициналық көмек көрсетіп, өз міндетін атқаратын орны туралы, ондағы жүзеге асып жатқан жұмыстар жайлы білгіміз келіп, жергілікті тұрғындардың пікіріне де құлақ қойдық. С. АРЫСБАЕВ, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы»: – Түркістан – рухани қала. Қалаға еліміздің басқа өңірлерінен,
Ұлт денсаулығы жарқын болашағымыздың негізі
4
Біраз қиындықтардан құтылып, ауырымыз жеңіл тартып, алысымыз жақындады. Мен өзім жаңа медицина аппараттарымен осы жерде тексеріліп, күндізгі стационар бөлімінде ем алып жатырмын. Мұндағы медициналық қызмет көрсетіп жүрген ақ желеңді абзал жандарға көңілім толды. Еңбектері бағалана берсін дей отырып, емхана дəрігерлеріне аналық алғысымды айтамын. Осы емхананың ашылуына мұрындық болғандарға да мың рахмет! Тұрғындар айтқандай бұл емхана кəдеге жарап, жұрттың
КИЕЛІ ЌАЛАДАЄЫ ЖЇЙЕЛІ ЕМХАНА шетелден зиярат етуге ағылып келіп жатқан туристер жылдан жылға көбеюде. Олар, əрине, киелі кентімізге қызығушылықпен қарайды. Мұндағы архитектуралық нақыштары шығыстың үздік оюларымен нақышталған көркем ғимараттарымызға енді тағы бір нысан қосылды. Бізге емхананың сыртқы келбеті емес, ішкі мазмұны, сондағы істеріне сөздері сай болуға тиісті дəрігерлердің сапалы қызметі қажет-тұғын. Сол арманымыз жүзеге аса Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне шаһарлардың бірі. Ол облыс орталығы Шымкенттен 170 шақырым қашықтықта орын тепкен. Шығысы Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы жəне Созақ ауданымен, ал батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектесіп жатыр. Осы «Кіші Меккеде» 46 ұлттың өкілі бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай ынтымақпен өмір сүреді. Киелі Түркістанда халық саны 248 мыңнан асады. Бұл аз емес, əрине. Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі екені рас. Ұлт адамдардан құралады, адамдар дегеніміз – халық, ал халықтың денсаулығы ең жарқын байлығымыз, қастерлейтін ұғымымыз. Осынау кент экологиялық қатерлі аймақта орналасқандықтан, тұрғындар арасында алғашқы аурушаңдық негізінен – қан жəне қан түзгіш органдар, қан айналымы жүйесі, тыныс органдары, ас қорыту органдары, ісік аурулары, зəр шығару органдары, құрт аурулары, жарақаттар жəне уланулар бойынша көптеп кездеседі. Сондықтан қалаға тағы да қосымша медициналық қызмет көрсететін орын өте керектігі заман талабы еді. Енді ондай емхана бар. Ол былтыр пайдалануға берілді. Онда ересектер мен балалар бөлімшесі жұмыс істейді. Əйелдерге кеңес беру жəне бейімді мамандандырылған көмек, сондай-ақ лабораториялықдиагностика бөлімшелері бар. Ересектерге арналған 15 төсек орын болса, балаларға да сонша төсек орын дайындалған. Күндізгі стационар бөлімшесі қала мен ауыл тұрғындарына барынша сапалы медициналық қызмет түрлерін көрсетеді. Емге дауа, дертке шипа іздеп келген науқастардың ауруларын сапалы анықтап, дұрыс диагноз қойып, уақтылы сауықтыру үшін аталмыш емхана қазіргі заман талабына сай жаңа медициналық құрал-жабдықтармен: ультрадыбысты зерттеу, рентгендиагностика, флюорограф, маммограф, иммундық-ферменттік анализатор, лабораториялық аппараттары, фиброгастроскоп, фибродуоденоскоп, фиброколоноскоп, стоматологиялық қондырғы, электрофорез жүйесі, электроэнецефалограф, лор қондырғысымен жүйелі түрде жабдықталған. Жаңа емхана іске қосылғалы білікті мамандардың скринигтік тексерулерді сапалы өткізу, алғашқы медициналық көмекті өз
деңгейінде жүргізу нəтижесінде алғашқы аурушаңдық, қан жəне қан айналымы жүйесі мен жүрек аурулары, ана өлімі төмендеп, өмірге перзент əкелу көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда едəуір артқан. Бұндай жағымды жаңалық кімді болсын қуантатыны ақиқат. Түркістан қалалық емхананың бас дəрігері Гауһар Құрманбекованың айтуынша, екі ауысыммен жұмыс істейтін емханада бүгінгі таңда 109 дəрігер көпшілікке медициналық көмек көрсетіп келеді. Олардың 11-і жоғары санатты, 42-сі бірінші санатты, ал 10-ы екінші санатты. Орта буын медицина қызметкерлер саны – 198, оның 62-сі жоғары, 20сы бірінші, 12-сі екінші санатты дəрежеге ие екен. Дəрігерлер санаттылығы – 65 пайыз, ал орта буын медицина қызметкерлер санаттылығы – 74 пайызды құрайтын көрінеді. Бұл дəрігерлердің білімділігі мен біліктілігінің дəлелі. Демек адамдарға көрсетілетін медициналық қызмет те сапалы болады деген сөз. Ылайым солай болғай, əрине. Гауһар Əлшеріқызының өзі ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған, жоғары санатты дəрігер. Мамандығы акушергинеколог, өз саласын жете меңгерген, өте талапшыл басшы. Сондықтан да емханада үнемі тəртіп пен тазалық қатар үндесіп жатады. Оның үстіне өмірден көргені мол, көп тəжірибеге ие, жоғары санатты дəрігер кардиолог – Айша Мырзахметова, жоғары санатты терапевт – Гулжахан Аширова, жоғары санатты педиатр – Жеңіскүл Раева, балалар кардиологы – Зубайда Маткасымова онымен иық тіресе бірге жұмыс атқарып келеді.
көңілінен шығып жүр. Енді толық тексеруден өту үшін алысқа ат шаптырудың қажеті жоқ. Берген анттарына берік, өз қызметіне адал мамандар қолда барды ұқсатып, денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілік жүгін жете сезініп, халықтың денсаулығын нығайтуға дұрыс көңіл бөледі деген сенімдеміз. Қаланың мақтанышына айналған осынау медициналық орынның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының
басшысы Жұмағали Исмаилов келіп, тұрғындарды жаңа нысанның өмір есігін ашуымен құттықтаған болатын. Сондай-ақ тұсаукесер рəсіміне облыс жəне қала əкімшілігінің қызметкерлері де қатысқан. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» демекші, адамдардың саулығын жақсартуға негіз қалап, ауру-сырқатты болдырмауға тырысып, керекті кеңестер беріп, алдын ала профилактикалық жұмыстармен де айналысатын емхана өз міндетін дұрыс атқарып келеді. Енді «біткен іске сыншы көп» деген сөзді төңіректесек, Түркістан өлкесінде табиғи газ жоқ. Жақын болашақта бұл мəселе де өз шешімін табуға тиіс. Себебі, қала тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылуда. Ал қазірше аталмыш үш қабатты ғимарат солярканың күшімен жылытылмақ. Жылуды бір қалыпты сақтап тұру үшін мұнда арнайы қазандық орнатылған. Жылыту маусымы басталған соң ол да іске қосылады. Бір айта кететін жəйт, емхана қаланың шетінде орналасқан. Ол жаққа бағыттағы көліктер жиі қатынайды, əрине. Əйтсе де тұрғындар үшін бəрібір алыстық етіп жатқан жайы бар. Əйтеуір облыс орталығына барыпқайтқаннан жақын ғой. Жұрт сонысына шүкіршілік етеді. Тағы бір мəселе, емхана маңайында дүкен немесе асхана, шайхана
сынды қоғамдық тамақтану орындары жоқтың қасы. Қызметкерлер түстік уақытында сəл қиналып қалатын көрінеді. Қазір ғимараттың бой көтергеніне көп уақыт бола қоймағандықтан ғана солай болып тұрған сыңайлы. «Көш жүре түзеледі» демекші, бұның бəрі уақыт өте келе өздігінен шешіледі деген сенім бар. Ал қалғанының бəрі жақсы. Мекеме маңына көздің жауын алатын, хош иісі мұрын жаратын əсем гүлдер отырғызылған. Келешекте айналасы бау-бақшаға айналуы да мүмкін. Бұл алғы күндердің үлесіндегі жүйелі жұмыстар десек те, сол жоспарлардың іргетасы осы күннен бастап қаланып, негізі қазіргі таңнан бастап соғыла бергені əрине, құптарлық іс.
Елбасымыздың тікелей жүктеуімен қолға алынған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде киелі Түркістан қаласында өмірге келген емхананың жай-жапсары осындай! Ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында салынғанына бір жыл толатын осынау емханада аз уақыт ішінде көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Заманауи құрал-жабдықтармен қаруланған емхана қызметкерлері тарапынан аурудың алдын алу үшін жасалынатын профилактика, дұрыс емдом қолдану, диагнозды өз уақытында жəне тура анықтау, тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу сияқты игілікті істер дұрыс жолға қойылған екен. Осыған байланысты қауіпті сырқаттар саны төмендеп, ана өлімі кеміп, керісінше өмірге перзент əкелу көрсеткіші арта түскен. Рахым ҚАРЖАУБАЙ.
бастады. Болашақта туризм орталығына айналып, мемлекет қазынасын байытуға мүмкіндігі мол біздің қаламызға қазіргі заман талабына сай жаңа емхана қажет еді, міне, тілегіміз орындалып, жаңа ғимарат халқымыздың игілігіне берілді. Емхана мамандары халқымыздың денсаулығын нығайтуда ат салысады деп сенемін. Н. МАКАШЕВА, Түркістан қаласының тұрғыны, зейнеткер: – Ет пен сүйектен жаратылған пенде болған соң бас ауырып, балтыры сыздамайтыны жоқ. Мұндайда адам жанының арашасы саналатын ақ желеңділерді жағалайтынымыз тағы рас. Құдайға шүкір, жаңа емхана салынып, ел игілігіне табыс етілді. Енді бұрынғыдай облыс орталығына қарай сабылып бармайтын болдық.
¦ÄIËÅÒ
РУХАНИЯТ
Қонақтан мал сұрамай, əн сұраған, Қазақтың пейілінен айналасың.
№36 (196) 10.10.2014 жыл
5
ЎЛЫТАУ – ЎЛТ ЎЯСЫ (Соңы. Басы 1-бетте). – Е, жөн-жөн. Шəмші Қалдаяқовта де... Сол Шəмші 60 жылдығы қарсаңында жазушы досы Оразбек Бодықовпен Шəуілдірге келді. Онда да досы қоярда қоймай, «елің ғой» деп алып келген екен. Мұражайға келді. Əңгіме арасында қалтасынан мүштегін алып, қол орамалымен ұзақ сүртті. Темекі тартты. Жəдігерлерге көзі түскесін бе, қайдам, əкесі туралы ұзақ əңгіме айтты. Сосын «Сарысу мен Отырар арасында ол кісінің жасаған заттары шашылып жатыр. Сен, Абдулла, мамансың ғой, соны жинасаң», деп мұңая тұрып аманаттады. Келісім берген мен ол кісіге «жəдігер ретінде мүштегіңізді қалдырып кетіңіз», дедім. Шəкең қолынан бір сəт тастамайтын мүштегін біраз қимай, түрлі сылтаулар айтты. Не керек, араға досы түсіп, əйтеуір мүштегін алып қалдым. Бірақ, аманатын кештеу орындап, «Қалдаяқ ұста – Шəмшінің əкесі» атты кітап жаздым. Оны Шəкең көре алмады... Ұлытауға қандай күй алып бара жатырсың? – Əбекең сөзін үзіп, Салтанатқа қарады. Ол: – Өзіміздің Қаратау өңірінде қалыптасқан күйшілік өнердің аса дарынды өкілі, қазақтың дəулескер күйші-композиторы Төлеген Момбековтың «Салтанат» күйін таңдадым. Шертпе күйді өте ұнатам, – деді. – Е-е, сол Төлеген соғыстан жаралы оралып, ауыр жұмысқа жарамай, автоклуб меңгерушісі болды. Ел ішін тынбай аралап, Тəңір дарытқан бұла өнермен жұртшылықты армансыз сусындатты. Шынайы асыл өнерді ел бағалайды ғой. Оның күйшілік өнері республика жұртшылығының рухани игілігіне айналды. Төлеген шын мəнінде біртуар дарынды. Шəуілдірге бір келгенде мен оның 22 күйін жазып алған едім... əлдекімдер мұражайдан ұрлап кетті. Кейін Төкең 27 затын қолхатпен өзі берді. Оның ішінде əйгілі күйші Сүгірдің домбырасы да бар. Бірде сөз орайында «Анасынан үш жасында айырылған Салтанат қызым шешесін іздеп жиі-жиі жылайтын. Көзім ілініп кеткен сəтте, қойнымда жатқан ол далаға шығып кетіпті. Мен де қатты қайғырып жүргем. Қолыма домбырамды алып «Салтанат» күйін шығардым. Оны естіген қызым содан бастап жылағанын қойды» деп еді Төкең жарықтық, – деп Абдулла аға Момбековты мұңая да қимай еске алды. – Мен Салтанат апаймен бір құдалықта таныстым. Құдағилардың арасында əдеміше келген, үнемі күлімсіреп жүрген бір келіншек, ə дегеннен тонның ішкі бауындай, бəрімізбен ашық-жарқын араласып жүрді. Ойладым, «тəрбиелі, елге жұғымды, дəу де болса, мəдениет саласынан-ау» деп. Білесіздер, мұндай кішігірім той-жиынның өзінде жұртты керемет дəстүрлі əнмен де еліте алмайсың. Даурығып отырады. Əуелеген əнге тоқтамаған қазақтарды «Салтанат» күйімен тоқтаттым. Бəрі ұйып тыңдады. Сəл тыныштықты пайдаланып, əлгі келіншек естелік айтты. Сөйтсем, ол Төлеген атаның қызы Салтанат екен. Мен ол апайды бұрын танымайтын едім. Бүгінде етене араласып тұрамыз, – деп Рүстем бір бүйірден сөзге араласты. Домбыра шанағынан сырлы да мұңды күй төгілді. Жүректен шыққан күй толқыны өзіне баурап, сезімдерді селк еткізді. Бəріміз ой құшағына ендік. Содан болса керек, қозы көш жер ешкім үн қатпады. Ой тұманын тағы да ортамыздағы ағамыз сейілтті: – Енді айтыстарда ешкімге дес бермей, үнемі қанжығасын үлкен олжалармен майлап жүретін арамыздағы ақтаңгер ақынымыз Бекарыс Шойбеков не дер екен? Оймен алысып келе жатқан секілді, іштей дайындық жасап. Бəке, маңызды іс-шараға жол тарттық, бірауыз əу десең қалай болар екен?! Бекарыс та көпті күтірмей, қолына домбырасын алып, шерте бастады. Сосын майда қоңыр даусымен термелете жөнелді: Тіліме сөз оралды ойлағасын, Түртпектеп əзіл айтып, ойнағасын. Айтайын бір-екі ауыз өлеңімді, Қолқалап жолдастарым қоймағасын. Қонақтан мал сұрамай, əн сұраған, Қазақтың пейілінен айналасың. Сөйлейін өзімізге шақтап қана, Кішкентай дауысымды баптап қана. Жеті адам келе жатырмыз Шымкенттен, Біріміз-бірімізді мақтап қана. Ерекең Жезқазғанға жеткізер-ау, Қарамай топыраққа, батпаққа да. Келе жатыр Оңтүстік өнерпаздары, Ассалаумағалейкүм, Бетбақ дала. Жасымнан өскен жан ем өлең қажап, Көпшілік сөз күтеді менен ғажап. Ылайым жақсылықта жолығайық, «Шаршасаң тойға шарша» деген қазақ. Арнайық жырымызды, əнімізді, Аямай жақсылықтан жанымызды. Сəскеде Оңтүстіктен жолға шықтық, Ауылға бұлғап біраз қолымызды. Бет алып Ұлытауға келе жатырмыз, Түгелдеп оңымыз бен солымызды. Қазағым «жол мұраты жету» деген, Құдай өзі оңғарсын жолымызды. – Бекарыс осылай қысқа қайырды. – Əп, бəрекелді! – Міне, нағыз суырып салма ақын. – Оңтүстіктің бағына біткен Бекарыс қой бұл, – деп бəріміз тағы да даурыға жөнелдік... ... Түн жарымнан аса бізді Жезқазған жерінде бір топ жігіт күтіп алды.
ТАРИХ ТҰНҒАН ҚАСИЕТТІ ЖЕР Ұлытау – Еуразия құрлығындағы өркениет тарихында ерекше орын алатын аймақ.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ұлытау – ұлы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды еске салатын қасиетті мекен. Ол өзінің айрықша археологиялық ескерткіштерімен де ерекшеленеді: Теректі Əулие тастағы таңбалары, қола дəуірінің металлургиялық орталықтары, түркілік тас мүсіндер, сақ қорғандары мен оғыз-қыпшақ қалалары. Осындай көптеген тарихи ескерткіштерді қорғап сақтау, табиғи ландшафты қорғау мақсатында, 1990 жылы 29 қарашада Қазақ СРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық-мұражайы құрылған. Ұлытау ауданында мемлекеттік тіркеуде 358 тарихи, археологиялық жəне архитектуралық ескерткіштер орын алады. Олардың ішінде 11 ескерткіш республикалық маңызға ие. Атап айтсақ: Айранбай мазары, Мақат сағанасы, Жошы хан мазары, Алаша хан мазары, Болған ана, Домбауыл мазары, Кетебай мазары, Лабақ мазары, Басқамыр қалашығы, Аяққамыр, Дүзен. – ҚР Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты негізінде республикалық «Ұлытау – ұлы мекенім» атты халықаралық мəдени форумы аясында
«Ұлытау – ұлт ұясы» атты көрме ұйымдастырдық. Көрмеде «Ұлытау» қорықмұражайының соңғы бес жылда атқарылған істерін фотосуреттер арқылы көрсетуге тырыстық. Осы аралықта Айбас дарасы, Талдысай, Келінтам, Болған ана металлургиялық кен орны тұрағы, Ұлытау қола дəуірі тұрағы, түркі дəуірі қорымы жəне тағы басқа археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, Алаша хан, Жошы хан, Болған ана, Аяққамыр, Келінтам, Талмас ата, Сауқым мазарлары, Басқамыр, Шотқара, Хан аралы қалашықтары, Жəкуда Ишан, Дулығалы, Қонысбай мешітмедресе тарихи орындарының қайта қалпына келтіру жəне абаттандыру жұмыстарын атқардық. Бұл оңай шаруа болмады. Көне тарихқа көп үңіліп, ұзақ зерттеу нəтижесінде ісіміз оңды болды. «Əулиетау» тарихи орнын насихаттау, жобалар ұсыну жұмыстарымен қоса, туризмді дамыту мақсатында тарихи орындарға баратын сілтеме бағыттар жобасын жасадық, – дейді мұражай директоры Бақтияр Қожахметов əңгіме арасында. Мұндағы бізді елең еткізгені, көне замандардан жеткен жоралғы ғұрып еді. Бүгінде ол – «Терісаққан көктемі» этнофестивалі деп аталады екен. Жыл сайын Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Терісаққан ауылында мамыражай мамыр түсе үлкен мереке тойланады. Осы көне ғұрыптық той тойлаудың түп-тамыры тым тереңде, бастауын өткен мыңжылдықтардан алса керек. «Бие байлау» немесе «айғыр қосу» деп аталатын бұл көктемгі жоралғы Еуразия аймағында тек Терісаққанда ғана сақталғанға ұқсайды. Ауыл шағын ғана, баржоғы 56 түтіннен құралса да, жыл сайын 1 мамыр күні 23-24 үйір жылқыдан бір күнде, бір кісідей бие байланып, айғыр қосылады. Сонымен қатар, бұл дəстүр ауданның солтүстік суық аймағында орналасып, қатал қысты басынан өткерген Терісаққан ауылы үшін, көптен күткен көктемнің алғашқы дəстүрлі мерекесіне айналған. Бұл мерекені көктем таяғанда ауылдың ата-əжелері, балалары мен келіндері арқан есіп, қысқы соғымның шұрайлы қазы-қарта, жал-жаясын, қарынға салынған сары майын, құрт-ірімшігін сақтап, үлкен дайындықпен асыға күтеді. Мерекеге қалың жұртшылық бала-шағасымен, еңкейген кəріден еңбектеген балаға дейін түгел жиналады. Жасыл алаңқайға жиналғандарға, ақсақалдар бата береді. Құлындарды ноқталау рəсімі басталып, олар жерге темір қазықтармен бекітілген желіге байланады. Көпшілік дəмнен ауыз тимес бұрын бірін-біріне «Байлар көп болсын, ақ мол болсын!» деп, əйел қауымы құлынның құйрығы мен желінін майлайды. Бұл көнеден келе жатқан жоралғы малсақ көшпелі қазақтың бар ырыс-байлығы – малының төлдеуі мен көбейіп өсуін, молшылық пен тоқшылықты тілеуінен қалған нанымсенімінің көрінісі. Құлынның құйрығының түбін қасып тұруды да ұмытпайды. Бие сауу басталады. Осылайша жаңа туған көктемнің алғашқы қымызы ашытылады. Сол жерге кереге тұтылып немесе көк майса шөпке дастархан жайылып, ет, қуырдақ, бауырсақ, май, балқаймақ, құрт, ірімшік жəне басқа да ұлттық тағамдар қойылып, келген қонақтарға ұсынылады. Терісаққан ауылының осы қасиетін ерекше бағалап, үш жылдан бері Ұлытау ауданы əкімдігі, «Ұлы тағзым» қоғамдық бірлестігі жəне «Ұлытау» ұлттық тарихимəдени жəне табиғи қорық-мұражайы бірлесіп,
тұрақты түрде мамыр айының 1 күні «Терісаққан көктемі» этнофестивалін өткізіп келеді екен. Бірте-бірте мерекенің шырқау шыңы – айғырды үйірге қосуға да кезек келеді. Мереке үстінде көптеген жоралғылар жасалынады. Соның бірі – күбі ыстау.Шеберлік сыныптары, ұлттық ойындар – найза лақтыру, садақ ату, асық ату, лекеш, атжарыс, сондай-ақ жылқы жығу, асау үйрету өнерлерімен жалғасып, қазақтың ұлттық: киіз басу, ши тоқу, бау тоқу, арқан есу өнерлері ауыл шеберлерінің қолымен жасалып көрсетіледі. Мұндай мерекені тамашалаған əрбір адамның жүрегінде өзінің ұлтына деген патриоттық сезімі ұялайтыны сөзсіз.
ЖАҢҒЫРУ МЕН ЖАҢАРУ МЕКЕНІ Əулиетаудың етегіндегі Əулиебұлақ басындағы сұхбатында Елбасы «Ұлытауымыз бен Ордабасымыз досымызға да, дұшпанымызға да ұялмай көрсетер айбарымыз, ардағымыз, асылымыз болуға тиіс» деп қадап айтты. Тарих тереңіне үңілсек, бұл екі киелі мекен де қазақ халқының басынан өткен қилы замандарында бірлікке, ынтымақтыққа арқау болғанын, ұлтты ұйытуға себепкер болғанын көреміз. Сондықтан да Елбасы Ордабасы мен Ұлытауда келелі, ұлт мүдесін көксеген əңгімелер өрбітті. «Ұлытау – ұлы мекенім» атты мəдени форумның да негізгі мақсаты осыған үн қату, бүгінгі тарих тасасында қалып келе жатқан Ұлытаудың ұлылығын паш ету, кейінгі ұрпаққа таныту еді. Қазақстаның төрт бағытынан: шығысы – Берелден, батысы – Сарайшықтан, оңтүстігі – Түркістаннан, солтүстігі – Астанадан жəне алыс-жақын жеті шет мемлекеттен келгендер қарт Ұлытаудың баурайына жиналды. Аудандық мəдениет үйінде ашылған Ғылымипрактикалық конференцияда сөз алған Ұлытау ауданының əкімі Хамит Нұрланұлы Омаров: «Ауданымыздың 75 жылдық торқалы тойы қарсаңында Мемлекет басшысының Ұлытауға келіп, оның төрінде сұхбат беруі еліміз үшін, біздің ауданымыз үшін маңызды оқиға. Араға ай салып, қазақ елінің игі жақсыларының киелі топырақта бас қосуы үлкен жақсылықтың нышаны деп білемін. Тарихы терең өңіріміз «Жошының ұлысы болды» деген деректерге сүйенсек, Ұлытау 800 жылдан бері хандардың ордасы болып келеді», – десе, академик Ғарифолла Есім Ұлытаудың тарихына ерекше тоқталды: «Мұндай өлке дүние жүзінде жоқ. Ұлытау өңірін аралаған адам Хан Ордасына соқпай өтпейді. Бұл жерде қазіргі тілмен айтқанда қазақ хандарының барлығының дерлік инаугурациясы өткен. Тарихта аты белгілі хандарды ақ киізге көтеріп, хан сайлап, олар халқына адал қызмет етуге ант беріскен. Шетел термині инаугурацияны қазақ «ұлықтау» деп атаған. Хан Ордасының басты мағынасы хандарды ұлықтау болған. Бұл дəстүр, сірə, Жошы ханнан басталса керек. Ұлықтау өңірі – Ұлытау бар заманда билік ордасы болып, қазақ елінің нағыз патриоттарын тəрбиелеп өсіретін киелі кіндік мекені болып қала бермек. Елбасымыз Ұлытауға сара жол салып кетті. Енді əлемнің түпкір-түкпірінен Ұлытауды көруге туристер ағылады. Бүгінгі форумға қатысушылар солардың алғашқылары деуге де болады.
Ұлытау үшін жаңа тарих, жаңа дəуір басталады», – деген академиктің сөзі жиналған көпшіліктің көңілін толқытып өтті. Ал, қазақ тілінің нағыз жанашыры, «Мемлекттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, түлкібастық жерлесіміз Асылы Осман апамыздың жүрекжарды мəнерлі де мəнді, тұнық та, тасқынды шебер сөздері осындай киелі мекенде отырған қауымды дүр сілкіндіріп жіберді. Ол кісі ағынан жарыла: «Сүйем жері – сүйкімді, қадам жері – қасиетті, сонау Алтайдан Атырауға дейінгі тұлпар шапса – тұяғы тозатын, сұнқар ұшса – қанаты талатын байтақ жерге қазақтың ие болуы – оның пейіліне қарай біткен байлығы. Жердің географиялық кіндігі, еліміздің жүрегі, ұлтымыздың ұясы, тарихи астанамыз қасиетті, қастерлі Ұлытаудың топырағына алғаш рет табаным тиіп тұр. Мынадай жаймашуақ күнде Ұлытаудың таза ауасын жұтып, толассыз ағып жатқан тасбұлағының суын ішіп, жаны жаз, көңілі таза ауыл халқымен жүздесу, сұхбаттасу мен үшін бақыт. Осыдан тура бір ай бұрын Елбасымыздың Ұлытау төріне келіп, толғана сұхбат беруін жүрегі «қазақ» деп соғатын əр азаматтың көңілін шымырлатқаны рас. Əсіресе, тіл мəселесіне ерекше тоқталып, тіл жөнінде қадау-қадау ойлар айтты. Адамгершілігі асқақ, арамдықтан ада, тумысынан таза, қиянаттан шет, өзі дара, жүрегі бала халық – қазақ халқы. Даласындай дархандығымен, пейілінің кеңдігімен өзге ұлт өкілдерін жатсынбай, жатырқамай құшақ жайып қарсы алған, басымыздан сипап, бауырына басқан қазақ халқына мəңгілік қарыздармын. Қазақтың өзге ұлт өкілдеріне жасаған, жасап жатқан жақсылығын еш ұмытуға болмайды. Олардың тарихын, тілін ұмытпауға жағдай жасап, театр ашып, ассамблеясын қаржыландырып отырған əлемде бір ғана халық бар. Ол – қазақ халқы. Рухы мықты елдің болашағы зор. Рух бойға тіл арқылы дариды. Əрбір ұлттың құндылығы мен ерекшелігі – тілінде. Қазақтың тілі ең құнды, құнарлы, бай тіл, таза тіл, ғажап тіл. Тіл ғылым, мəдениет, əдебиетті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін құдірет. Ұлтқа қызмет істеудің бүгінгі үлгісі – қазақтың тіліне қызмет жасау болып табылады. Мен үшін бұл дүниедегі ең зор майдан қазақ тілі үшін күрес! Бұдан тіріде тайынбақ емеспін!» – деді. Асылы апамыздың екпінді де ұранды сөзі залда отырған кімді де болса, елітіп тастағаны сондай, үздіксіз ұзақ соғылған шапалақ үні зал ішінде бір уақ жаңғырып тұрды. Қазақ тарихындағы қалтарыс, қатпарлар туралы тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев, Мəскеуден келген атақты тарихшы Ермұқан Бекмахановтың қызы, тарих ғылымдарының докторы Нəйла Бекмаханова, Моңғолиядан келген моңғол тілінде 20 кітап жазып, Абайды сол тілге аударған журналист, ақын-аудармашы Моңғол Ку Бектей, Ислам дінінің бүгінгі жай-күйі жайындағы философия ғылымдарының докторы Бақытжан Сатершинов, Амангелді Қашқынбаевтар өз пікірлерін Елбасы сөзімен сабақтастыра білдірсе, ақын, Ұлытау ауданының құрметті азаматы Жүрсін Ерман туған жері туралы толғанды. Қазақстанның халық ақыны, қазақтың саңлақ ақыны Үмбетəлінің мұрасын жинап келе жатқан, айтыс өнерін қайта жаңғыртушылардың бірі Надежда Лушникова өз сөзінде: «74-ке келгенше аялап келе жатқан халқыма рахмет. Маңдайыма тек шалдармен айтысу бұйырған екен. Шалдар деген – кен. Шалдар деген – сөз зергерлері. Алғашқы айтыстардың бірінде Манап (Көкенов) екеумізді ең соңына қойыпты. Ол маған: «Надежда, неге бізді соңына қойған?» деді. Мен: «Манап аға-ау, екі орыстан не шығар дейсің, сондықтан соңында болсын деген шығар» дедім. «Ə-ə...» деп таңданған Манап ағам менің қалжыңымды ұқпады ма, əйтеуір үнсіз қалды. Бүгінде қайта жанданып отырған айтыс өзге елдің бірде-бірінде жоқ өнер. Сондықтан, айтыскерлерді де құрметтеп, Жазушылар одағына қабылдау керек» деген ұсыныс тілек білдірді. Алқалы басқосуда көптеген мəселелер көтерілді, оларды жүзеге асыру жолдары айтылды. Сонымен қатар, Өскеменнен келген Берел қазбалары жөніндегі маман археолог Галина Александровна тарих тереңіндегі кейбір ғажайыптарды, «патшалар өңірі» деп аталған аймақтан табылып отырған жəдігерлерді, олардың ішінде 16 атымен бірге жерленген ханзада туралы керемет деректерді
слаидтармен қызықты етіп əңгімеледі. Ал, «Руханият Əбу Нəсір əл-Фараби» мұражайының директоры Абдулла Жұмашов, Елбасының бірнеше тілді меңгеру жөніндегі əңгімесін қолдай отырып, əл-Фараби трактаттарының араб тіліндегі нұсқаларын Ұлытау ауданының əкіміне табыс етті. «Өлкеден ұлы данышпан ғалымның еңбектерін тікелей араб тілінен аударатын мамандар шыға берсін» деген тілегін де жеткізді. Көпшілік қауымның көңілінен шыққан жəне бір мəдени іс-шара – «Ұлытауды ұлықтау» тақырыбындағы айтыс болды. Жүрсін Ерман басшылық жасаған қазыларсыз, шектеу, сынап-мінеу айтылмаған бұл додада «Айтыс өнерінің арыстаны» (Ж.Ерман) түркістандық Бекарыс Шойбеков пен қарағандылық Мақсат Ақанов бірінші жұпта, қызылордалық Иранғайып Күзембаев пен шығыстық ару Əсем Жұмағазина екінші жұпта сөз сайысына түсті. Олар Ұлытауды ұлықтауда көне тарих толқынындағы деректерді де, бүгінгі ерен табыстар мен болашақта атқарылар үлкен жаңартуларды да тілге тиек етіп, еркін көсілді. Бекарыстың «Ұлытау болашақта облыс орталығы болсын» деген тілегін ел-жұрт қызу қолдап, ризашылығын ұзақ қол соғу арқылы жеткізді. Дəстүр бойынша аудан жұртшылығы атынан əкім Хамит Омаров ақындарға сыйсияпат жасады.
ҰЛЫ ДАЛАНЫ КЕЗГЕН САЗ ҮНІ Ықылым замандардан бері ұлы далада оны мекендеуші көшпенділермен бірге əн мен күй толассыз кезіп жүрген. Бұл далаға жолы түсіп келген саяхатшы-кезбелер қазақтардың тумысынан əнші екенін, оның сөз өнерінің бір тармағы – айтысын тыңдап, ерекше таңдана, қазақ тілінің терең байлығына тамсана жазғандарын тəуелсіздікке қол жеткізгелі тарих тұңғиығынан маржандай жинап, біліп келеміз. Сондай асыл қазынамыздың біріне Ұлытау өңірінде туған Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйі жатады. «Атадан балаға жалғасып жеткен ауыз əңгімеде де, жазба деректе де Кетбұға (ХІІ-ХІІІғ.ғ.) Шыңғыс ханның замандасы ретінде мəлім. Кетбұға ұлы жыршы, дəулескер күйші, көріпкел бақсы, тіптен Шыңғыс ханның хат таныған шежірешісі ретінде баяндалады», – деп жазған екен белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек. Сол Кетбұғаның есімі əйгілі «Ақсақ құлан», «Нарату» күйлерімен байланыстырылды. Шығыс Түркістаннан бастап Еділге дейін бүгінге күнде де айтылатын шежіре сөз бойынша, бүкіл Дешті Қыпшақты билеп тұрған Жошы хан аң аулап жүріп мерт болғанда, оның өлімі туралы қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармайды. Сонда Найманнан шыққан ұлы күйші Кетбұға қаралы хабарды күймен естірткен еді, дейді «Ақсақ құлан» күйінің аңызында. Міне, бүгінде екі жылда бір рет ұйымдастырылатын « Ұлы дала сазы» фестивалінде сол сайын дала төсінде Башқұртстан, Хакасия, Саха Республикасы, Қырғызстан, Алтай Республикасы, Түркия, Қазақстан секілді жеті мемлекеттің дəстүрлі өнер орындаушыларының басы қосылды. Ұлытау орталығындағы ашық алаңға жаңа салынған сахнада өнерпаздар түркі халықтарының көне аспаптарымен халық əуендерін орындаумен ерекшеленеді. Əсіресе, жұртшылық Саха мен Алтайдан келген қыздарға тəнті болды. Дəстүрлі ұлттық мəнерді ұстанатын Юлиана Кривошапкина Якутия эстрадасының жарық жұлдызы екен. Ол Хомус аспабында (қазақтың шаңқобызы іспетті) шебер ойнап қана қоймай, асау аттың дүбірлі шабысын, түрлі орман құстарының дауыстарын келтіріп, көк бөрідей ұлып, керемет орындаушылық өнерін көрсетті. Ал, Чейнеш Байтушкина Алтай өңіріндегі кай стилінде көмеймен əн салатын орындаушы екен. Каркыра, сығыт, сыбысқы, коомей мəнерінде жəне комус-варган, шоор-флейта аспаптарында ол орындаған «Аргымак ат» əуені Ұлытау көгінде біразға дейін қалықтап тұрғандай болды. Бір қызығы түркі халықтарының тотеміне айналған көк бөрі мен арғымақ ат екі бойжеткеннің де репертуарынан орын алған. Юлиана да, Чейнеш те əлемнің көптеген елінде өнер көрсетіп, дүниежүзілік бірнеше музыка фестивалдерінде лауреат атанған екен. Сондай-ақ, Хакасиялық «Сарнай» халық ансамблінің жетекшісі Николай Эривановтың, Башқұрттың халық əртісі, көмеймен ерекше орындау дарын иесі Ишморат Ильбаковтың, түркиялықтар Серкан Кивиз бен Озан Олгуннің өнерлері де ұлытаулықтардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Ал, көршілес қырғыз елінен келген өнерпаздар өзінің мықты дауысымен халық əндерін ерекше орындау қасиетіне ие, комуз бен темир-ооз-комузда шебер ойнайтын қырғыздың халық əртісі Нуржамал Табалдиева мен бірнеше фестивальдердің жүлдегері Алтынбек Каленов əн шырқағанда дүйім қазақ қосыла кешті керемет думанға айналдырып жіберді. Бірде қырғыз, бірде қазақ əндері түнгі Ұлытауды оятып оның ұшар басына дейін жетіп, өңірді түгел баурап алғандай əсер етті. Сырын ішіне бүгіп, мүлгіп жатқан Ұлы даланы осылай көк түріктің ұрпақтары дəстүрлі əн мен күйдің сазына бөлеп, жаңғыртып жатты. Рухты əн мен күй əуендері Ұлы дала төсін кезіп кете барды... Қайырғали МЕДЕТ, журналист, жазушы
Азия ойындарынан ОҚО спортшылары барлығы 32 медальге қол жеткізді.
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
«Зияткер ұрпақ» жобасы аясында Айдос Сарым кездесу өткізді «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы аясында белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Леңгір қаласындағы ауыл мектептерінің оқушыларымен кездесті. Қоғам қайраткері балаларға мемлекет жəне мемлекетшілдік тақырыбында дəріс өткізіп, отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерін баулудың маңызын түсіндірді. Жобаның мақсаты – оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тəжірибесімен бөлісуге шақыру. Бұл үшін біз «халық мұғалімдерінен» құралған еріктілер қозғалысы құрылып, оны одан əрі дамыту көзделеді. Жоба аясында ел арасына танымал азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді курс сабақтарын өткізеді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе аптаға, əйтпесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ол мектеп пəндері (математика, шет тілі, т.б.) шеңберінде, сондай-ақ көшбасшылық
қабілет, кəсіби бағдар, IT технологиялар жəне тағы басқалары айрықша сипаттағы мəселелерге байланысты еркін тақырыпта өтеді. Қазірде қазақстандық танымал саясаткерлер, блогерлер, бизнесмендер, əртістер мен басқа да тұлғалар «Зияткер ұрпақ» жобасына қатысып жатыр. Алғашқылардың бірі болып белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Ерлан Қарин, Мұрат Əбенов, актер, шоумен Əнуар Нұрпейісов Қарағанды облысының, Жалпыұлттық қозғалыстың Кеңес төрағасы Данат Жұмин Қостанай облысының, продюсер, əнші Айгүл Иманбаева, журналист, тележүргізуші Қанат Əуесбай, актер, шоумен Азамат Сатыбалды, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Жамбыл облысының, Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен Батыс Қазақстан облысының, Атланта олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко Ақмола облысының оқушыларымен кездесті. Жоба 2014 жылғы 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады. Осы аралықта барлығы 300 танымал адамды жобаға қатыстыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде жоба аясында 50 адам аймақтарға жіберілді.
«Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің облыстық көрмесі туралы Көрмені өткізудегі басты мақсат қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы заманауи киім кию үлгісін жаңғырту. Заманауи талапқа сай ұлттық киім үлгілерінің дүниеге келуіне жəне ұлттық киім дизайнерлері туындыларын халық арасында насихаттау. Көрме облыстық мəслихат жəне облыс əкімдігінің бастамалары бойынша ұйымдастырылмақ. «Жібек жолы айшықтары» ұлттық киім дизайнерлерінің облыстық көрмесі 2014 жылдың 10 қазан күні сағат 11.00-де облыстық Көрме орталығында өтеді. Көрмеде «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім
үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі», «Ең үздік жас жұбайларға арналған киім үлгісі» номинациялары бойынша өткізіледі. Көрмеге қойылған киімдерді бағалау барысында киім үлгілері көрменің шартына сай болуы, ұлттық нақыштағы үлгі мен заманауи үлгінін ортақ болуы ескеріледі. Көрмеге қатысушылар «Ең үздік балалар мен жасөспірімдердің киім үлгісі», «Ең үздік күнделікті киім үлгісі», «Ең үздік жұмыс киім үлгісі», «Ең үздік жас жұбайларға арналған киім үлгісі» сияқты номинациялар бойынша марапатталады.
Көрмені ұйымдастырушылар Оңтүстік Қазақстан облыстық мəдениет басқармасы жəне облыстық көрме орталығы. Көрмеге облысымыздағы көпшілік орындардың, аталған саланың мамандары, қонақ үйлердің басшылары, кəсіпкерлер қатысатын болғандықтан ұсынылған киім үлгілерін сатуға жəне келісім шартқа отыруға, жарнамалауға мүмкіндіктер болады. Қосымша ақпараттарды Шымкент қаласы, Нұрсəт м/а, Астана даңғылы, №12 үй, телефондары: 8/7252/ 27-0456 облыстық көрме орталығынан алуға болады. Ұйымдастыру алқасы
№36 (196) 10.10.2014 жыл
6
2014 жылы 19 қыркүйек 4 қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII жазғы
Азия ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан спортшылардың көрсеткіші
спортшысы бағын сынады. Аталған спорттық іс-шараға Қазақстан Республикасы ұлттық құрама сапында облысымыздан спорттың 16 түрі бойынша 62 спортшы қатысты. XVII жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша командалық Жазғы Азия ойындарында бірінші орынды Қытай Халық Қазақстан ұлттық құрама командасы Республикасы (148-106-81 барлығы 39 спорт түрінен барлығы 420 335 медаль), екінші орынды Оңтүстік Корея Республикасы (76Бағдарламасы Алған орны Жаттықтырушы 71-79 барлығы 226 медаль), үшінші орынды Трап -қыздар 1- орын Почивалова Л.В. Жапония елі (46-72-76 1-орын барлығы 194 медаль) 1-орын жеңіп алды. /К- 2/ 500 м 1-орын Жарменов Д.К. Ал, Қазақстан 1-орын Республикасының ұлттық /С-2/ 1000 м 1-орын Строков С.Т. құрамасы жарыс 1-орын қорытындысы бойынша /К-4/ 1000 м 1-орын Строков С.Т. 28-алтын, 23-күміс, 33/К-2/ 1000 м 1-орын Жарменов Д.К. қола, барлығы 82 медальға қол жеткізіп, командалық төртінші /51 кг./ 2-орын Ничай В. орынға ие болды. /49 кг./ 2-орын Айтжанов М.Қ. XVII жазғы Азия /58 кг./ 2-орын Аманкулов Б. ойындарының /К-2/ 200 м 2-орын Жарменов Д. қорытындысы бойынша /С-1/ 1000 м 2-орын Строков С. облыс спортшылары 9 − /К-1/ 500 м 2-орын Жарменов Д. алтын, 6 − күміс жəне 17 − қола, барлығы 32 /56 кг./ 3-орын Айтжанов М. медальге қол жеткізді. Команд . 3-орын Хасанов Р. Ал, бұдан төрт жыл /75 кг./ 3-орын Биев Е. бұрын 2010 жылы Команд. 3-орын Юсупова А. Қытайдың Гуанжоу Шпага 3-орын Сайханова К. қаласында өткен XVI Қылыш 3-орын Сайханова К. жазғы Азия 3-орын ойындарында Қазақстан 10 м 3-орын Юнусметов С. Республикасы ұлттық 10 м команд. 3-орын Юнусметов С. құрама сапында 3-орын облысымыздан 43 3-орын спортшы қатысып, 6 50 м 3-орын Юнусметов С. алтын, 10 - күміс жəне 50 м 3-орын Юнусметов С. 13 - қола медалге қол Трап 3-орын Почивалова Л. жеткізген болатын. ОҚО дене /К-1/ 1000 м 3-орын Жарменов Д. шынықтыру жəне спорт /К -4/ 500 м 3-орын Жарменов Д. басқармасы Женщины 3-орын Акименко Т. 2014 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында Оңтүстік Корея елінің Инчхон қаласында құрлықтың 45 елінен 13000 спортшы мен жаттықтырушы қатысқан XVII жазғы Азия ойындары өтті.
№
Спортшының аты-жөні
1
4 5
Дмитриенко Мария Давыдова Анастасия Середа Оксана Сергеева Наталья Подойникова Ирина Емельянов Михайл Емельянов Тимофей Емельянов Александр Алексеев Евгений
1 2 3 4 5 6
Шекербекова Жайна Жақыпов Біржан Мамаев Нұрсұлтан Алексеев Евгений Емельянов Сергей Сергеева Наталья
1 2 3 4 5 6
Ералиев Қайрат Керимбаева Камила Тұрсынқұлов Нұрсұлтан Аширбаева Сабина Алимжанов Эльмир Паманша Диана Приходько Татьяна Ибраев Бахтияр Ибраев Бахтияр Мологлы Расим Гуров Андрей Юрков Юрий Лунина Елизавета Могилевский Андрей Березинцев Юрий Подойникова Ирина Пикалова Мария
2 3
7 8
9 10 11 12 13 14
Спорт түрі Алтын Қабырғаға оқ ату
Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Күміс Бокс Бокс Таеквондо Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Қола Бокс Теннис Ушу-саньда Көркем гимнастика Семсерлесу Семсерлесу Оқ ату Оқ ату
Оқ ату Оқ ату Қабырғаға оқ ату Байдарка жəне каноэ есу Байдарка жəне каноэ есу Гандбол
САРЫАҒАШТАҒЫ ДАРЫН ДАУЫ немесе ұжымын жирендірген Джеренова қайдан пайда болды? 2000 жыл, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі небір қиын замандар артта қалып, жағдайымыз едəуір түзеле бастаған жыл болатын. Президентіміздің «ендігі міндеттердің негізгі өзегі – ол ең əуелі ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстайтын білімді ұрпақ тəрбиелеу» деген дарынды балаларды қолдау мақсатындағы жарлығы да сол жылдары шыққан. Президентіміздің сол керемет жарлығы бойынша барлық облыстарда мамандандырылған дарын мектепинтернаттары ашыла бастады. Ол мектептерге тəртіп бойынша тек дарынды оқушылар қабылданып, ал мұғалімдерінің білімі мен біліктілігі дарындыларға дəріс бере алатындай деңгейде болулары шарт еді. Сол себепті дарын мектебінде сабақ берсем деген ұстаздар да, оқысам деген балалар да арнайы тест тапсыруға міндетті болған. Содан бергі өткен 10 жылдан аса уақыт аралығында дарын мектептерінен шыққан алғашқы түлектер жоғарғы оқу орындарын тəмамдап, еліміздің игілігіне қызметтерін атқаруды бастап та жіберген. Ал енді, құрметті оқырман, Елбасымыздың егеменді еліміздің ертеңін ойлап шығарған сол жарлығы біздің Сарыағашта қалай орындалып жатыр екен, соған келейік. 2006 жылы біздің Сарыағашта да мамандандырылған №4 дарын мектебі ашылды. Дарын мектебі ауданымыздағы 140тан аса мектептердей білім бөліміне емес, тікелей облыстық білім басқармасына бағынатын болды. Мектептің директорлығына, орыс тілі пəнінің мұғалімі Гүлзинат Мырзалықызы Юсупова есімді апайымыз тағайындалды. Гүлзинат апай өзі өте қарапайым, ұлағатты ұстаз деген атқа лайық мұғалім, талантты ұйымдастырушы, білікті басшы болып шықты. Мектебінің ұстаздық ұжымына біліктіліктері мен білімдері бір-бірінен асып түсетін, мамандықтарына жан-тəнімен берілген, сайдың тасындай мұғалімдерді іріктеп алып, ал оқушыларды тек арнайы емтихан тапсыру арқылы қабылдап отырды. Оқушылардың саны көп сыныпта білім сапасының міндетті түрде ақсайтынына байланысты, əр сыныптағы оқушылардың 33 баладан аспауын қатаң қадағалады. Өзі директормын деп шалқаймай, негізгі пəнін қоластындағы басқа мұғалімдермен бірдей өткізіп, оқушыларды ҰБТ-ға солармен қатар дайындап отырды. Директор Гүлзинат Юсупова апайдың ерен еңбегі көп ұзамай-ақ өз нəтижесін берді. Біздің Сарыағаштағы №4 мамандандырылған дарын мектебі Гүлзинат апай басқарған 7 жылдың өзінде-ақ ауданымыздың, керек десе облысымыздың мақтанышына айналып, республикалық үздік 40 мектептің қатарына ілігіп, абыройы асқақтап шыға келді. Сөйтіп Президентіміздің жарлығы Гүлзинат Юсупова апайдың арқасында біздің Сарыағашта бұлжымай орындалған еді. Былтыр 2013 жылдың тамыз айында Гүлзинат апайымыз құрметті зейнеткерлікке
шығып, оның орнына Шымқаладан келген Раушан Джеренова директор болып тағайындалды. Алғашқыда оның педагогика ғылымдарының кандидаты екенін, жоғарғы оқу орнында да дəріс бергендігін естіп, «е, тəжірибелі маман тағайындалған екен, Құдай қаласа дарынымыздың бұған дейінгі жетістіктері еселене түсетін болды» дегенбіз. Сөйтсек, шынтуайтына келгенде Джереновамыз əлгі ойымызға 100 пайыз қарама-қайшы басшы болып шықты. Директор болып тағайындала сала заңсыз əрекетке көшіп, дарын мектебінде «айттым бітті, кестім үзілді» деген диктаторлық жүйе орната бастады. Өзі директор болса да міндетті түрде аптасына 9 сағат өткізу керек сабақтарын басқа мұғалімге жүктеп қойып, бірақ ақшасын өзі кертіп жеп отырды. Президенттің жарлығына керағар, дарын мектебіне лайықсыз балаларды қорықпастан қабылдай бастайды. Сарыағаштағы дарын мектебі ашылғалы былтыр бірінші рет сыныптағы оқушылар саны 40-қа бір-ақ жетті. Раушан Джеренова құр əшейін даңғаза атағы болмаса, білімі мен біліктілік деңгейі өзінен бұрынғы Гүлзинат апаймен тіпті салыстыруға да келмейтінін іштей жақсы сезініп, онымен сырттай өштесіп алады. Гүлзинат Мырзалықызы Юсупованы еске салатын қабырғада ілініп тұрған мектеп тарихын алдыртып тастайды. Орынбасарларын шақырып алып, кімде-кім Гүлзинат Юсуповамен сөйлессе, ешнəрсеге қарамастан жұмыстан шығарылатынын ескертіп, онымен сөйлесуге, араласуға қатаң тыйым салады. Мұғалімдердің əр тоқсан сайын өткізетін жиналысын «педкеңес», «педсовет» дейміз ғой! Педагогикалық кеңестерде Джеренова күн тəртібін міндетті түрде мектеп ұжымының өзіне дейін жүйесіз жұмыс атқарғанымен бастайды, сосын күн тəртібі жайында қалып, жиналыс біткенше қызыл дипломды қалай алғанын, ғылым кандидаттығына қалай ие болғанын, жоғарғы оқу орнында қалай сабақ бергенін тамсана, жыр етіп айтады. Өзінің кереметтігіне өзі таң қалып, келесі педкеңестерді тек өзін мақтаумен өткізуді үрдіске айналдырады. Мектептің кəсіподақ комитетінің төрағасы Сұлтан Сүлейменов жаңа директор Джеренованың авторитарлық режиміне ұжымның наразы екенін білдіруге тырысады. Джеренова көп ойланып жатпай дереу кəсіподақ ұйымының жиналысын ешқандай құқы болмағанына қарамай өзі шақырып, 15 минуттың ішінде бүкіл ұжым болып сайлаған төраға Сұлтан Сүлейменовті алып тастап, оның орнына өзіне жағып үлгерген Гүлнəр Шораеваны қояды. Дарын мектебіндегі мұғалімдерді «кəсіподақ ұйымының не екенін білмейтін біреулер шығар» деп ойласа керек. Бірақ Гүлзинат апай кезінде бұл мектепке қандай мұғалімдерді шоғырландырғанын айтып өттім ғой, сол жиналыста қазақ тілі пəнінің мұғалімі Əбдіманап ағай «Сонда бұл қалай, кəсіподақ ұйымының сайламалы төрағасын сіз қалай тағайындайсыз?» – деген сұрақ қояды.
Қаны басына тепкен Джеренова бірінші сұп-сұр түске енеді, сосын өзінің заңсыз əрекетін ұжымның біліп отырғанын ұғынып түсі қызылкүреңдене бастап, өзін осындай халге түсірген Əбдіманап ағайдан қалай кек алатынын көз алдына елестетіп, содан лəззат алғандай болып, түсі қайтадан бозара қалады. Тез арада мектептің кəсіподақ ұйымының төрағасын тағайындайды да, мұғалімдерді тарқатып, кабинетіне кіре сала Əбдіманап Тасболат ағайды шақыртып, «Сіз неге ұжымның алдында маған ондай сұрақ қоясыз, менің саясатыма қарсысыз ба?» – деп дүрсе қоя береді. Əбдіманап ағайдың өзінің заң шегінен аспағанын айтқан уəждеріне директор Джеренова құлақ та аспайды. Сол күннен бастап Əбдіманап ағай директордың қырына ілігеді. Джеренованың кəсіподақ комитетінің басшылығына өзінің адамын қоюдағы ең басты себебі, қоластындағы мұғалімдердің барлығын бір шыбықпен айдап, айтқанымен жүргізіп, айдауына көндіру еді. Кəсіподақты тікелей өзіне бағынышты еткеннен кейін Шымкенттен көшіп келген Сарыағаштағы үйіне күрделі жөндеу жүргізу, тазалату, перде тіккізу, таракандарды улау сияқты толып жатқан жұмыстарға ұялмастан мектептің кіші техникалық қызметкерлерін пайдалана бастайды. Педкеңестерде де өзгеше үрдіс пайда болады, директор Джеренова өзінің айта-айта əбден жауыр болған баяғы жетістіктері туралы кезекті мақтанышынан кейін, енді мұғалімдерді кемсітіп келекелеу сияқты интеллигентті адамға жат қылық ойлап шығарады. Ешкімнің бетіне келе алмайтынына масайраған директор Джеренова орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің «алтын балық» ертегісіндегі кемпірге ұқсап, күн өткен сайын қанағатты жоғалта бастайды. Ал дарын мектебіндегілер «Құдай салды, біз көндік» деп қарапайым ғана инабатты, мейірімді Гүлзинат апайдың кезіндегі өмірлерін сағынышпен еске алып, күндерін өткізе береді. Сөйтіп жүргенде жаңа 2014 жыл да келеді. Мейрамды бірге қарсы аламыз деген өзінің ұжымынының отырысына директор Джеренова кешігіп келіп, шеке басы тырысып біраз отырып, кенеттен шығып кетеді де 3 орынбасарын кабинетіне шақыртады. Не болғанын түсінбей қалған 3 орынбасары аяқтарының ұшынан басып, директордың кабинетіне кіргендері солақ еді «Мен отырысқа келгенде неге орындарыңнан тұрып, шапалақ ұрып қарсы алмайсыңдар, этикадан жұрдай өңшең ауылбайски мамбеттер», – деп Джеренова аузына келген небір сөздерді лек-легімен ақтарып, кабинетін басына көтереді. Орынбасарлары үндемей құтылады. Бірақ Джеренованың жыны бір жыл бойы басылмайды. Жаңа жыл мейрамдары біраз саябырсыған соң, қаңтардың 8-і күніне Джеренова пед.кеңес тағайындайды. Пед.кеңестің күн тəртібін ескі жылы есесін дұрыстап ұрыса алмай жіберіп алған орынбасарларын қайтадан ұрысудан бастайды.
Бір сағаттан аса «Жұмыс істемейсіңдер, сендер істемеген соң мына отырғандардың да ешқайсысы жұмыс істемейді», – деп, айызы қанғанша жерден алып, жерге салады. Мынадай сорақылыққа шыдай алмаған математика пəнінің мұғалімі Холмахмад Сайтақов ағай директор Джереноваға артық кетпеуін, яғни Сарыағаштағы дарын мектебінің бүгінгі таңдағы беделі осы 3 орынбасар мен мұғалімдер ұжымының арқасында екенін есіне салып, оларды негізсіз қаралауын доғаруды талап етеді. Джеренованың тасып тұрған жыны бірден Холмахмад Сайтақов ағайға қарай бағытталып, тіпті одан əрі асып, сол бағытта өзімен-өзі отырған Əбілахат Хамидов ағайға да түйдектүйдегімен ағыла жөнеледі. Мұндай қорлауға төзе алмай Əбілахат Хамидов орнынан тұрады да мектептен шығып кетеді, қайтып оралмайды. Холмахмад Сайтақов пен Əбілахат Хамидов – екеуі де жоғары санаттағы математика пəнінің мұғалімдері. Холмахмад ағайдың оқушылары республикалық жəне облыстық олимпиадалық жүлделерінің иесі, ал өзі бірқатар ғылыми жобалардың жетекшісі болса, Əбілахат ағай Ы.Алтынсарин атындағы медаль иеленген республикаға танымал ұстаз. Кезінде Гүлзинат апай Əбілахат ағайды дарын мектебіне сұранып шақырып əкелген болатын. Мына сұмдықтан кейін мұғалімдердің сабырлары əбден сарқылып бітеді. Қанша дегенімен интеллигентті жандар емес пе, ертесіне барлығы бір кісідей жұмылып, «əлі де болса түсінер» деген үмітпен директор Раушан Джеренованың үстінен емес өзіне арыз жазып барып, кабинетінде алдында тұрып оқып береді. Ондағылары мүмкін Джеренова өзінің кінəсін түсінетін шығар деген үміттері болар бəлкім, не деген ақ жүректі аңғал жандар еді?! «Менің жоғары жақта связдарым мықты, қолдарыңнан ештеңе келмейді, идите, выидите вон, делайте что хотите!» – деп ежірейген Джеренованың түрін көргенде, оның қағаз жүзінде болмаса білімге, біліктілікке, интеллигенттік пен инабаттылыққа жат адам екеніне көздері анық жетеді де, күдерлерін үзеді. Сонымен «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегендей Сарыағаштағы дарын мектебінің директоры Джеренова мен мұғалімдердің арасындағы əйгілі «дарын дауы» басталады да кетеді. Мұғалімдер директор Раушан Джеренованың заңбұзушылықтары туралы сол кездегі ҚР Білім жəне ғылым министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына, ҚР Экономикалық жəне сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттікке, олардың облыстық деңгейдегі басқармаларына түгелдей жазып шықты. Алайда Джеренова мақтанса мақтанғанындай бар екен, оның «жоғарыдағы связдары» шынымен де мықты болып шықты. Ешқандай нəтиже жоқ! Өзіне қарсы арыз жазған, яғни өзі айтпақшы, саясатына қарсы келген мұғалімдердің жоғары санаттарына, біліктіліктеріне, кəсіптеріне жан-тəнімен берлігендіктеріне қарамастан бірде-бірін
қалдырмады. Мысалы республикалық, облыстық олимпиадаларда қаншама оқушылары жүлделі орындарға ие болған, жоғары санатты қазақ тілі пəнінің мұғалімі Əбдіманап Тасболат, математика пəнінің жоғары санатты мұғалімдері Холмахмад Сайтақов пен Əбілахат Хамидов, география пəнінің жоғары санатты мұғалімі Тəңірберген Есенов пен директордың оқу ісі бойынша орынбасары əрі қазақ тілінің жоғары санатты мұғалімі Əсел Араповалар осы Джереновадан көрген теперіштің салдарынан Сарыағаштағы дарын мектебінен біржолата кетіп тынды. Есесіне жазда ғана кітапханашы болып қабылданған Гүлзира Бексеитова табан астынан атақты дарын мектебінің қазақ тілі пəнінен сабақ беретін мұғалімі болып, ал лаборантзертханашы Айдынай Егембердиева биология пəнінің мұғалімі болып қабылданды. Бұл дарындағы сапалы білім беру жағы. Ал енді сапалы білім алу жағына келсек, кейбір сыныптағы оқушылар саны 45 баладан асып, бір партада 3-4 оқушыдан отырып оқитын жағдайға жетті. Мінеки директор Раушан Джеренованың дарын мектебіндегі саясатының сиқы. Біле білген адамға бұл саясат, мемлекетіміз бен Президентіміздің саясатына барып тұрған қарсы саясат! Тағы бір айтпасқа болмай тұрған жəйт, директор Раушан Джеренова өзінің еңбекке жарамсыздығына байланысты атақты дарын мектебіндегі өзінің міндетін атқаруды, сенімхатпен Төлепбай Құлтаев деген жасы алпыстан асып, пайғамбар жасына жақындаған шағында мемлекетіміздің мүлкін үлкен мөлшерде ысырап еткені үшін сотталған қылмыскерге сеніп тапсырған ғой! Төлепбай Құлтаев қолтығына қара пəпкісін қыстырып Құдайдың құтты күні дарын мектебінде «Сағат алтыдан кейін үйлеріңе кетіңдер!» – деп мұғалімдерді мектептен қуғандай болып шығарып, дарбазасын тарс құлыптайды. Егер естімесе Раушан Джереноваға осы мақала бойынша сенімді өкілінің кім екенін ескерте кетейін, Төлепбай Құлтаев былтыр жазда «Сарыағаш-Əділет» қоғамдық бірлестігінің алқа мүшелігінен бір ауыздан қуылған, ал биыл көктемнің басында оның іс-əрекетіне алаяқтық фактісі бойынша прокуратурамен қылмыстық іс қозғалған жан. Мінеки құрметті оқырман, Сарыағаштағы №4 мамандандырылған дарын мектебіндегі ахуал осы. Мынадай дарын мектебімен Елбасымыздың жарлығы не болды, егемен еліміздің болашағы не болды?! Джеренованың өзі айтпақшы, жоғарыдағы дөкей көкелерінің егер Президентіміз бен мемлекетіміздің саясатына қарсы пиғылдары болмаса, мына «Сарыағаштағы дарын дауы» Президентіміздің құлағына шалынбай тұрғанда өздері желепжебеп отырған директор Джереноваға байланысты дұрыс шешім қабылдаулары тиіс сияқты. Амангелді БАТЫРБЕКОВ, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
ЖАРИЯ ЕТУ
¦ÄIËÅÒ
Сот тəртiбiмен оған құқықтар дауланып №36 (196) жатқан мүлік жариялауға жатпайды 10.10.2014 жыл
7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ОРАЛМАНДАРҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРУҒА ЫҚТИЯРХАТЫ БАР АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ
Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 1-БАП. ОСЫ ЗАҢДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мүлікті жария еткені үшін алым – осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем; 2) мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рəсімі; 3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан əрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын жəне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уəкілетті комиссия; 4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан əрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тəртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар; 5) тиісті емес тұлға (бұдан əрі – басқа тұлға) – алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде əрекет еткен тұлға.
2-БАП. ОСЫ ЗАҢНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ 1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған жəне өздері алған мүлiктi жария ететiн жəне жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты: 1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінəлі деп таныған соттың үкімі; 2) Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 1553, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін əкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды. 3-БАП. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан əрі – қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мəмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен жəне магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сəйкес келетін,
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген: 1) жеке адамға, отбасына жəне кəмелетке толмағандарға, адамның жəне азаматтың конституциялық жəне өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке жəне адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық жəне өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тəртiпке, халықтың денсаулығына жəне имандылыққа, басқару тəртібіне, сот төрелігіне жəне жазаларды орындау тəртібіне қарсы қылмыстарды жасау; 2) экологиялық, көліктік, əскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондайақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау жəне өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу; 4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану жəне бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нəтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды. 3. Сонымен қатар: 1) сот тəртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік; 3) кредиттер ретiнде алынған ақша; 4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік; 5) «Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасының əлеуметтікэкономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын жəне тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды. 4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.
4-БАП. МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ МЕРЗIМI Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады жəне 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады жəне 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады. 5-БАП. ЖАРИЯ ЕТУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ЖƏНЕ ЖАРИЯ ЕТIЛГЕН МҮЛIК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 1. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар жəне олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті. 2. Осы Заңның 2-бабының 2тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етілген мүлiк бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сəйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік əрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе əкiмшiлiк жəне тəртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік əрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.
6-БАП. МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТКЕНI ҮШIН АЛЫМ 1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан əрi – алым): 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан əрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады. 2. Алым: 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді. Осы тармақшада көрсетілген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді. 3. Осы Заңның 7-бабының 5 жəне 9тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді. Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тəртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. 7-БАП. МҮЛIКТI (АҚШАДАН БАСҚА) ЖАРИЯ ЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ӨТКIЗУ ТƏРТIБI ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, салық органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан əрi – өтiнiш); 2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн; 3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы өткiзіледi. 2. Жария ету субъектілері осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына; 2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады. 3. Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куəландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс. 4. Жария ету субъектілері, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес. 5. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетіле отырып, мынадай: 1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған; 2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған; 3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сəйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады. Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы. 6. Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. 7. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тəртібі мен нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 8. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, салық
органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде: 1) мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiм шығарады; 2) жария ету субъектісіне мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiмдi бередi; 3) жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне мəлiметтердi енгiзедi. 9. Комиссия, салық органы мүлiктi жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады. 10. Мүлiк (ақшадан басқа) комиссияның, салық органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілдi деп есептеледі. 11. Мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiк жария етiлген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтiнiші негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi. 12. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мəлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді.
8-БАП. АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ӨТКIЗУ ТƏРТIБI ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке жинақ шотын (бұдан əрі – жинақ шоты) ашады. 2. Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған: 1) ұлттық жəне (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс; 2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жария етілетін ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жинақ шотында жатуға тиіс болатын кезде жария етуге жатады. Бұл ретте шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 3. Жария ету субъектісі осы баптың 2тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғанға дейін: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес жəне тəуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберіндегі, сондай-ақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын; Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын; қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған; 2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы алымды акцептісіз алып қойған күннен бастап оны келесі операциялық күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті. 4. Жинақ шотына салынған (аударылған), жария етілген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының
депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасымен реттеледі. 5. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің, Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу жəне жүргізу ерекшеліктерін, жинақ шотына ақшаның салынғанын (аударылғанын) растайтын құжатты жария ету субъектілеріне беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаның есепке алынуын жүргізу тəртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 6. Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. Жинақ шотына жария етілетін ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді. 7. Осы Заңға сəйкес жария етілген ақша сомасы жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.
9-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНЫҢ ШЕГIНЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ ТҰРҒАН МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Заңның 7-бабының 1тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жəне шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куəландырған көшiрмесiн; 2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі; 4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. 10-БАП. БАСҚА ТҰЛҒАҒА РЕСIМДЕЛГЕН МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ 1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды: 1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куəландырған көшірмесін; 2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куəландырған көшірмесін; 3) бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 4) қатысу үлесі бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін не шешімінен үзінді көшірмені ұсынады. 2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Заңның 7-бабының 1тармағында жəне осы баптың 1тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты; 2) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. (Жалғасы 8-бетте).
Үш жыл ішінде ОҚО-да 28 коммуналдық меншіктегі ұйымдар жекешелендіруге жатады
ЖАРШЫ
Оңтайландыру оралымды істің кепілі Облыс əкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен мəжілісте облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева облыстағы коммуналдық шаруашылық кəсіпорындардың қаржышаруашылық қызметі жөнінде есеп берді. Басқарма басшысы Роза Əбдірқызының мəлімдеуінше, бүгінгі таңда өңірімізде мемлекеттік мекеме, мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кəсіпорын, мемлекеттік коммуналдық кəсіпорын, мемлекеттік үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестік жəне акционерлік қоғам санатындағы 2431 кəсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде ветеринария саласы бойынша – 15, көгалдандыру, санитарлық тазалық, əрлендіру, жылумен қамту бағытында жұмыс жүргізетін – 31, тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасына қатысушы – 8, бұқаралық ақпарат кұралдары санатындағы – 16, ауыз су жəне ағын сумен қамтушы – 23, кəсіпкерлікті қолдау бағытындағы – 12, санаторийлер мен сауықтыру орындары – 6 жəне түрлі өзге де салаларға жататын – 19 кəсіпорын бар. Басқарма басшысы осы кəсіпорындардың қаржышаруашылық қызметін сарапқа сала отырып, 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін 74 мемлекеттік заңды тұлға 752,3 млн. теңге көлемінде табыс түсіргенін мəлімдеді. Басқарма басшысы баяндап өткен деректерге сəйкес, ҚР Үкіметімен бекітілген жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 3 жыл ішінде облысымызда 28 коммуналдық меншіктегі ұйымдар жекешелендіруге жатады. Оның ішінде биыл 6 акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік сатылымға шығарылып отыр. Ал 2009-2014 жылдар аралығында өңірімізде 240 мемлекеттік заңды тұлға таратылған немесе оңтайландырылған. Оңтайландыру оралымды істің кепілі. Осы орайда өңіріміздегі барлық коммуналдық меншіктегі ұйымдардың қызметіне терең талдау жасалып, қызметі қайталанатын, бүгінгі заман талабына сай келмейтін, мемлекеттік тиімділігі төмен ұйымдарды оңтайландыру бойынша нақтылы ұсыныстар əзірлеуді тапсырған облыс əкімі мемлекеттік басқару неғұрлым ықшамдалған болса, соғұрлым тиімді болып, жедел іс-қимыл жасауға бейім болатынын жеткізді. ОҚО қаржы басқармасының баспасөз қызметі.
8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ОРАЛМАНДАРҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРУҒА ЫҚТИЯРХАТЫ БАР АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ (Соңы. Басы 7-бетте). 11-БАП. ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СƏЙКЕС РƏСIМДЕЛМЕГЕН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТҰРҒАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТI ЖАРИЯ ЕТУ 1. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды: 1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сəйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады. 2. Комиссия жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектісі туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға береді. 12-БАП. ОСЫ ЗАҢҒА СƏЙКЕС ЖАРИЯ ЕТIЛГЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIК ОБЪЕКТIЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI Осы Заңға сəйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 13-БАП. МҮЛКІН ЖАРИЯ ЕТКЕН ЖАРИЯ ЕТУ СУБЪЕКТІЛЕРІН ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 1. Қылмыстық жəне əкімшілік жауаптылықтан босату бөлігінде рақымшылық жасаудың күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған мынадай: 1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды, не ұйымдасқан топ жəне (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 жəне 222-баптарында көзделген қылмыстардың; 2) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 155-3,
РОЛЛ ШТОРЫ — ЖАЛЮЗИ — — ДЕНЬ-НОЧЬ — — ГОРИЗОНТАЛКА — Тел.: 8 (7252) 97-56-32 Сот.: 8 771 322 11 32 8 702 570 00 60 tradetex@mail.ru Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
№36 (196) 10.10.2014 жыл
Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА
155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері бойынша іс-əрекеттерді жасау нəтижесінде алынған мүлікті жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Рақымшылық жасаудың күші мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен жария ету субъектілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мəлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшін тəртiптiк жауаптылықтан босату бөлігінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңдерге қолданылады. 3. Осы баптың қылмыстық, əкімшілік жəне тəртіптік жауаптылықтан босату бөлігіндегі ережелері жария етілген мүліктің шегінде жасалған ісəрекеттерге қолданылады. 14-БАП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУДАН БАС ТАРТУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ЖƏНЕ ƏКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ТОҚТАТУ 1. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасында көзделген тəртіппен тоқтатылуға жатады. 2. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалмайды. Осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша соттар не уəкілетті орган қарамаған əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тəртіппен тоқтатылуға жатады. 15-БАП. ОСЫ ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа əкеп соғады. 16-БАП. КОМИССИЯ ҚАБЫЛДАҒАН ШЕШІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ МИРАСҚОРЛЫҒЫ ЖƏНЕ ӨКІЛДІК Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады. 17-БАП. ШАҒЫМ ЖАСАУ ТƏРТІБІ Комиссияның, салық органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де əрекеттерге (əрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін. 18-БАП. ОСЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗУ ТƏРТIБI Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi. Н. НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына 1-қосымша __________________________ (Өтініш берілетін орган) __________________________ Мүлікті жария етуді өткізуге арналған ӨТІНІШ (екі данада толтырылады) Т.А.Ə._________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ЖСН____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Тұрғылықты жері________________________________________________ _____________________________________________________________________ Жеке басын куəландыратын құжат: түрі _____________________, сериясы ___________________________ № _________ берілген күні _____________________________________ _____________________________берген. Жария етілетін мүліктің тізбесі
Мүліктің құны (мың теңге)
Орналасқан мекен-жайы
Мүліктің жиынтық құны Өтінішке мынадай құжаттарды (атауы, сериясы, нөмірі, қашан жəне кім берді) қоса беремін:____________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ____________________ (күні, айы, жылы) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің Т.А.Ə.)_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________ (Өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ə. жəне қолы)______________________________________________________________________________ ____________________________________________________________ (орган басшысының Т.А.Ə. жəне қолы) М.О. Өтініш қабылдаған күн: 20 ___ жылғы «____» _________
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына 2-қосымша Ақшаны жария ету үшін жинақ шотына ақшаның салынғанын/аударылғанын растау туралы анықтама Анықтама берілген күн 20___ жылғы «___»_________ Банк/Ұлттық пошта операторы__________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ _________________ (банктің/Ұлттық пошта операторының толық атауы) Жария ету субъектісі___________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Т.А.Ə., жеке басын куəландыратын құжат (№, кім жəне қашан берген), тұрғылықты жері, ЖСН) 20____ жылғы «___»_____________ жинақ шотына____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (цифрлармен жəне жазумен, валютаның түрі) сомасында ақша салғанын/аударғанын куəландырады. Қолы___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Банктің/Ұлттық пошта операторының уəкілетті адамы) Мөрі___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Банк/Ұлттық пошта операторы)
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2696.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады