37 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№37 (240) = 25 қыркүйек = Жұма = 2015 жыл

Қазан айында Миланда салтанатты түрде ЭКСПО туы Астанаға тапсырылады

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

ЕЛБАСЫ РУАНДА ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

көп нəрсе жасап жатырсыз, – деді Қазақстан Президенті. Руанда Президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

* * * 26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады. Елбасы Бас ассамблеяның Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жəне Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft жəне басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен күн тəртібіндегі мейлінше өзекті халықаралық мəселелер талқыланды.

Қазақстан Президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты. – Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарымқатынас орнатып жатқан жас ел болып

саналамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы П.Кагаменің өз елінде бейбітшілік орнату үшін елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды. – Руанда халқы сұмдық геноцидті бастан өткерді, Сіз оған тоқтау сала алдыңыз жəне бүгінде республиканы дамыту үшін

* * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Румыния арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Akorda.kz

Рақымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор

ЕКІ АЛЫП (Академик Сейіт Қасқабасовтың Абай мен Жамбыл жөніндегі зерттеулері туралы) 1 .«Абай тағылымы мен дәстүрін қалай дамытамыз?» Ұлт руханиятының қазыналы биігіне көтерілген, көркемдік көкжиегіндегі жарық жұлдыздарымыз һəм мерейлі мақтаныштарымыз – Абай мен Жамбылдың есімі мен еңбегін еске алған тұста: ақыл-парасаттан тұратын даралығы мен даналығы, өмір мен өнердегі ұстанымы, сыншылдығы мен сыршылдығы, ұлт пен ұрпаққа қатысты ойшылдығы мен өршілдігі, қысқасы ақындық һəм жыраулықжыршылық өнерлерімен С. Қасқабасов тамырлы тарихымызға еркін енген, таным арналарының даңқты тұғырына көтерілген, жасампаздық қырлары мен шығармашылық мұрасы да алыс-жақынға самаладай сəулесі мен мейірім шуағын молынан түсірген бірегей болмысты, біртуар құбылысты, өзгеше жаратылыс иесін, телегей теңіздей талант табиғаты мен тағылымын айқын аңғарар едік. (Жалғасы 6-бетте).

АЌТАЛМАЄАН ЖЕЛТОЌСАНШЫЛАР ƏЛІ БАР Биыл желтоқсан оқиғасына 29 жыл толғалы отыр. 29 жыл дегеніңіз бір ұрпақ алмасатын уақыт. Ал енді осы уақыт аралығында ел тарихындағы ең бір маңызды əрі ұлтжандылыққа толы толқудың мəн-маңызын ашып, қатысқан кісілердің бəрін анықтап, ақтап ала алдық па? Иə, талай мақалалар, кітаптар жазылды. Фильмдер де түсіріліп жатыр. Əйткенмен біз білмеген деректер мен аты аталмаған қатысушылардың қарасы əлі де көп сияқты. Желтоқсан оқиғасының алдыңғы шебінде тұрған Батырхан Тұрарұлы Сағынтаев (суретте) сондай аты аталмаған көтеріліс қатысушыларының, əлі күнге ақталмаған қазақ азаматтарының бірі. Таяуда осы кісімен жолығып, тілдесудің сəті түсті. Сол бір қаралы күні есінде қалған сəттерімен бөлісіп еді. Əңгімені əріден бастасақ, желтоқсан толқулары КОКП ОК-нің бас хатшысы С. Горбачевтың ұлт басшысы – Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын Қазақстанда жұмыс істемеген, Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Колбинді қою туралы шешімінен кейін басталған. Жергілікті халықтың наразылығын тудырған да осы, яғни Қазақстанға басшылық етіп елге белгісіз тұлғаны тағайындауы еді. Мұны олардың алаңға шыққандағы «Өзін-өзі басқаруды талап етеміз!», «Əр халыққа – өз көшбасшысы!», «37-сі болмайды!», «Ұлыдержавалық алаңғасарлыққа тоқтау салу!» деген жазуы бар плакаттарынан байқауға болады. (Жалғасы 2-бетте).

Суретте: Қала əкімінің ақсақалдармен кездесу сəті

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛУДА Биыл қазақ хандығының 550 жылдығы еліміздің түкпіртүкпірінде тойлануда. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың басшылығымен Астанадағы Тəуелсіздік сарайында жоғары деңгейде атап өту басталып та кетті. Мерейтой аясында көптеген игілікті істер атқарылуда. Солардың бірі Ақтөбе өңірінен шыққан əкелі-балалы қос батырға Шымкент қаласынан еңселі ескерткіш орнату болатын.

Осы мəселеге орай, өткен аптада қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымов Төлеби ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Құдайберген Оңғаров жəне басқа да ел ағалары мен ақсақалдарды қабылдады. Əйгілі ханымыз əз-Тəукенің тұсында Жетісуды жаулап, Оңтүстік өлкесіне жəне Сайрамға Жоңғар шапқан болатын. Сол тұста əз-Тəуке батыстағы ағайындарға кісі шаптырып, көмек сұраған. Ағайынының ауыр халін естіген атақты батыр Тілеу Айтұлы мен оның ұлы Жолдыаяқ Тілеуұлы соңы-

нан 17 000 сарбазын ертіп, атқа қонады. Қазақ халқының басынан өткен тар жол, тайғақ кешу, алапат шайқастар көп болған. Ер етігімен су кешіп, ат ауыздығымен су ішкен. Қиын кезеңде қазақ даласындағы əйгілі қалалардың бірі - Сайрамға Жоңғар шапқыншылығы (1681-1684 ж.) кезінде ел есеңгіреп тұрған сəттерде қауіпті жеңу үшін сонау 2000 шақырым жердегі Ақтөбеден келіп, Тілеу батыр өз ұлы Жолдыаяқпен Сайрам шайқасына қатысады. Төрт жылға созылған соғыста Тілеу батырдың он бір мың сарбазы шейіт болады. Шешуші шайқаста Тілеу батыр да, ұлы Жолдыаяқ та опат болады. Сол шайқастың нəтижесінде Сайрам шапқыншылардан босатылып, азат етіледі. Қазақ жерінің тұтастығын, ұлтының бірлігін, ынтымағын сақтауда шапқыншы жаумен жан аямай күрескен Тілеу батыр мен ұлы Жолдыаяқтың ерлігін ескеріп, əз-Тəуке хан олардың сүйегін Қожа Ахмет Яссауидың жанына жерлеуге пəрмен берген екен. Бүгінде Яссауи кесенесінен мəңгілік орын тепкен батырлардың сүйегі №52, 53 нөмірлермен белгіленген. Бұл мəліметтер Қазақ Совет энциклопедиясы мен Қазақ Ұлттық энциклопедиясынан да орын алған. Бұ-

лар жайлы көптеген тарихи еңбектерде айтылып, ұлттың рухын көтеретін шежіре болып жазылып келе жатыр. Биылғы ұлы мерекенің қарсаңында қазақ халқының даңқты аталы-балалы қос батыры Тілеу мен Жолдыаяққа Шымкент қаласында ескерткіш орнатып, олардың есімін, еткен ерліктерін халық жадында мəңгі сақтау үшін ұсыныс жасаған абыз ақсақалдардың тілегін қабыл алған қала əкімі қаланың көрікті жеріне қос батырдың ескерткішін қоюға шешім шығарды. Ақсақалдар қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымовтың республикамыздың үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласына басшы болып келгенін шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына тек жеміс пен жеңіс тілеп, өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Қазақ батырларына арналған ескерткіш қаладағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының арасындағы аллеяда орнатылатын болды. Айта кетейік, ескерткіштің ашылу салтанаты 2015 жылдың 7 қазанында, сағат 11.00-де өтеді деп белгіленіп отыр. Ақыл БЕК

МҰХИТТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫН МОЙЫНДАТТЫ Жуырда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында «New York Realism» fine art» атты бейнелеу өнері шеберлерінің халықаралық байқауы өтті. Оған Қазақстан атынан қатысқан елордалық суретші Ренат Елубаев еліміздің атын асқақтатты. Жерлесіміз төрткүл əлемнен жиналған екі мың суретшінің арасында дара шығып, алтын медальді жеңіп алды. Байқау бейнелеу өнерінің түрлі жанрын қамтыды. Шетелдік сарапшылар Ренат салған жұмыстардың бояуының қанықтығына назар аударып, «Импрессионизм» бағытында еңбегін атап өтті. Суретші бұл байқауға «Көш» деп аталатын суреттер циклі мен туған жері – Торғай даласының көріністерін жіберген болатын. Ұлттық сипаттағы бұл туындылар сарапшыларды тəнті етті. Жалпы, биылғы Қой жылы суретші үшін жемісті болып тұр. Көктемде елордада өткен Ұлы Жеңістің 70

жылдығына арналған байқауда үшінші орынды иеленді. Артынша Беларусь Республикасындағы «Куршинале – 2015» халықаралық өнер олимпиадасында топ жарды. Енді, міне мұхиттың арғы жағын да мойындатып отыр. «Менен бұрын аталған медальді атақты суретшіміз Қанапия Телжановтың шəкірті Талғат Тілеужан жеңіп алған болатын. Ол кісі жеңісімді естіп, мені арнайы құттықтады. «Сенің үлкен жетістігін жүрегіме жылы тиді. Қазақстан сурет өнерін осылайша биікте ұстап жүр» деген хатты кеше жазып жіберді. Осындай ағаларымның жолын берсін деп талпынып жүрмін» дейді Ренат Елубаевтың өзі. Оқырманға оны қысқаша таныстыра кетсек, Ренат Елубаев қазірде «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының қызметкері. Былтыр ҚР Тұңғыш Президенті музейінде жеке көрмесі де өткен. Оның жұмыстарымен сол музейге барып, танысуға болады. Аманғали ҚАЛЖАНОВ. Астана қаласы.

Футзалдан Қазақстан құрамасы тұңғыш рет 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.