Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
№38 (198) = 24 қазан = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
«Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандық құрған кезден басталады»
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСУ БАРЫСЫНДАҒЫ МӘЛІМДЕМЕСІ – Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы бүгінде азаматтарымызды тамсандыратын жəне дүние жүзінен келетін қонақтарды таңдандыратын үлкен жетістіктерге жетті. Қазақстанды барлық өзге мемлекеттер құрметтейтін болды, бұл əсіресе менің Брюссель мен Миланға сапарларымда айрықша сезілді. Біздің ЕО-мен Кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясында ЕО-мен екіжақты келіссөздерді аяқтау туралы құжатқа қол қою дерегі бүкіл Еуропалық одақ тарапынан біздің елімізге деген зор сенімді білдіреді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Миланда өткен «Азия-Еуропа» Форумының салиқалы саммитіне шақырылған Орталық Азия елдерінің ішіндегі жалғыз мемлекет болғанын да атап өтті. – Мен көптеген елдердің көшбасшыларымен кездестім. Олар Қазақстанды экономиканы дамытуымен, əлеуметтік жағдайдың орнықтылығымен, халықтың көңіл-күйімен, тыныштық жəне тұрақтылығымен үлгі көрсететін мемлекет ретінде қабылдайды, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы бүгінде көптеген елдер əлемдік экономикадағы қиындықтарға байланысты үлкен сын-қатерлерге кезігіп отырғанына тоқталды. – Тұрақсыздықтың ушығуына Украинадағы ахуал мен Ресей жəне Еуропа елдері арасындағы өзара санкциялар да ықпал етуде. Ресей – біздің стратегиялық серіктесіміз, тығыз байланыс орнатқан жақын көршіміз. Егер Ресей экономикасындағы ахуал нашарлайтын болса, ол жанама түрде бізге де əсер етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті аталған үрдістердің алдын алу үшін қажетті мүмкіндік-
тің бəрі бар екенін жəне Үкімет тиісті жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. – Үкімет биылғы жылдың бюджетін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізді, өйткені мұнай мен металдың, сондай-ақ Қазақстан экспортының өзге де өнімдеріне бағаның төмендеуі түсімдердің азаюына əкеледі. Бұл ретте барлық еңбекақылар, əлеуметтік төлемдер қазіргі деңгейінде қамтамасыз етілуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ауқымды инфрақұрылымдық даму бағдарламасы жарияланатынын мəлімдеді. – Бізге елордасынан елдің барлық өңіріне қарай сапалы автомобиль жолдарын көптеп салу қажет. Құрылыс жұмыс орындары мен кəсіпорындар тапсырысын қамтамасыз етеді, ел экономикасының көлемін кемітпеуге мүмкіндік береді. Үкімет осы мəселемен айналысып жатыр, оны жүзеге асыруға Астана да атсалысуы тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы əлеуметтік тұрақтылық пен барлық азаматтардың теңдігі
еліміздің мызғымас ұстанымдары болып қала беретініне тоқталып өтті. – Кейбір қайраткерлер бəрінің атын ауыстыруға, көшелер мен мекемелердің атауын бір тілде жазуға бейім. Мұны тоқтатқан жөн. Тағы да қайталағым келеді: патриоттығыңды оның қажет емес кездерінде көрсетуге ұмтылудың керегі жоқ. Конституцияда тілдер мен этностарға қатысты барлық нормалар нақты көрсетілген. Бұл – біздің артықшылығымыз, біздің көпұлтты тұрақты мемлекет ретіндегі брендіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ешкім ешқандай жағдайда кемсітушілік сезінбеуі тиіс екендігін айтты. – Егер бір адам жəбір көрсе, онда бүкіл Қазақстан жапа шегеді. Бір философтан «бақытты адам кім?» деп сұрағанда, ол: «Бақытты адамдардың арасында өмір сүретін адам бақытты» деп жауап беріпті. Егер айналамыздағылардың бəрі бақытты болса, біз де бақытты боламыз. Егер бір немесе бір топ адамдар бақытсыз болса, онда осы бақытсыздық басқаларға да тарайды. Баршаның есін-
де болуын қалаймын: тұрақтылығымыз бен бір-бірімізге деген құрметті сақтау – біздің дамуымыздың негізгі қағидаты, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тəуелсіздігі тұрақты ұғым болып саналатынына, ал оны сақтау əрбір азаматтың қасиетті борышы екендігіне назар аударды. – Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде жəне өзгелерде бар бүкіл байлықты мен халқымның бір күндік тəуелсіздігіне берер едім» деп жауап қатыпты. Сондықтан біздің баршамызға тəуелсіздігімізді бағалаған жөн, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелейтінін айтты. – Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау
алады. Бəлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл əлемге осынша танымал əрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық жəне тату көршілестік дəстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты əрдайым сақтағанымыз жөн, – деді Қазақстан Президенті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елордалық билік иелері алдында тұрған басымдығы бар міндеттерді белгілеп берді. – Астананы əсем, жайлы жəне қолайлы ете түсу үшін жұмысты жалғастыру керек. Қазіргі басты міндет – «ЭКСПО2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру, оны өткізу елорданы өзгертеді. Мүлде жаңа мəдениет жəне ғылым орталығы пайда болады. Халықтың демалысына, сауда-саттыққа, ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған жаңа алаңдар бой көтереді. Ауқымды құрылыс 2016 жылы аяқталуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Астанада өзге де маңызды нысандар құрылысы жүріп жатқанына, олардың қатарында «АбуДаби Плаза» көпфункционалдық кешені, бірқатар жаңа мейманханалар, спорт кешендері, денсаулық сақтау мекемелері, ботаника бағы, жаңа теміржол вокзалы, автобус көлігінің жедел жүйесі бар екеніне назар аудартты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Астана елдің өзге қалалары үшін үлгі болып саналатындықтан оған айрықша жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Akorda.kz
Екі елдің егіз ақыны Жамбыл мен Тоқтағұл жайлы үлкен игі шара өтті
2-ÁÅÒÒÅ
«Созақ - тарихы мен байлығы тереңде жатқан аудан» ОҚО, Созақ ауданының əкімі Аманғали Аймұрзаевпен болған сұхбатты газетіміздің келесі санынан оқисыздар.
ЌЫМЫЗ – ЌАЗАЌТЫЅ ЎЛТТЫЌ СУСЫНЫ Газетіміздің №35 (195) санында жарияланған «Қазақтың қасиетті қымызы мен шұбаты» атты мақалада біз сенатор Қуаныш Айтахановтың ұлттық сусынымызды заңдастыру қажеттігі туралы бастамасын көтеріп, оны орынды əрі дер кезінде қолға алынған жұмыс деп баға берген едік. «Əділет» ұлттық апталығы қазақтың ұлттық сусыны жайлы материалдарды жариялауды алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Расымен де ішсең сусын əрі мың бір дауа болар қасиетке ие қымызды заңдастыру мəселесі тек парламенттің төрінде отырған қалаулылардың ғана емес, жалпы жұрттың арманы екені ақиқат. Өз кезегінде Қуаныш Айтаханов бастаған, өзге де депутаттар қолдаған бұл мəселе ендігі жерде аяқсыз қалмауы керек. Ұлттық сусынымызды заңдастыру тек белгілі бір топтың ғана мүддесі емес, ол барлық қазақстандықтардың игі мақсаты. Төменде түрлі сала мамандарының осы жайында айтқан пікірлері сол сөзіміздің жарқын дəлелі. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған қазақ елінің бейбіт тіршілігін жылқы, қазы-қарта, қымызсыз көзге елестету мүмкін емес. Қазақ классиктерінің шығармаларын оқысақ, «Бие байлап, қымыз ішіп» деген сөз тіркестері жиі кездеседі. Қымыз тек сусын емес, ағзаға өте пайдалы. Оның пайдасын ғалымдарымыз əлдеқашан дəлелдеп берген жəне оны көпшілігіміз білеміз. Алайда, дүкен сөрелерінде арақ-шарап, сырамен қатар алкогольсіз сусын ретінде газдалған, денсаулыққа зиянды сулар толып тұр. Енді қымыз өндіру ісін жолға қойып, осы өнімді тарату мəселесін қолға алатын кез келген сияқты. Құрамы айранға ұқсас «Таң», «Тандем» сияқты сусындардың орнына дүкен сөрелеріне қымыз қойылса, лезде-ақ алушысын табатыны сөзсіз. Өйткені, қымызды аңсамайтын, қымыз ішпейтін қазақ жоқ. Төрегелді ШАРМАНҰЛЫ, Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі:
«ҚЫМЫЗ – НАҒЫЗ ӘМБЕБАП СУСЫН» – Кең-байтақ жерде, осындай ұланғайыр елдімекенде тіршілік етіп жатқан қазақтың дамуына, ұрпаққа берілетін генетикалық нəтижелеріне қарасақ, оның бірден-бір тірегі, көшпелі халықтың негізгі қорегі – қымыз. Қымыздың пайдасы мен ерекшілігі жайында мен өте көп айтып та, жазып та жүрмін. Қымыз қазақты қауіпті аурулардан сақтап қалуда. Жан-жақты өсіпөнуге, денсаулықты жақсартуда, адамның табиғи
Еліміздің жолдары қанды қырғын соғыстан да қауіпті болғаны ма?
қасиетін сақтап қалуда қымыздың рөлі ерекше. Жылқының өзі «мінсең көлік, ішсең тамақ». Жауға шапсаң қанатың. Қуғын сүргінде аман алып шығатын сенімді серігің. Жалпы алғанда қазақ үшін жылқының орны бөлек. Оның көркем мінезі, тұяғының дүбірі, сұлулығы, жүрісі, шабысы, дене тұрқы, қазы-қартасы, жалжаясы, бəрі де қазақ өмірінде ерекше орын алады. Қымызды қайнатпай сауып алған қалпында ішу керек. Егер оны қайнатса құрылымы бұзылады. Жылқының сүтін басқа жануарлардың сүтімен, мысалы сиырдың, қойдың ешкінің сүтімен салыстыруға болмайды. Олардың сүті кішкене ауырлау болады. Қорытылуы өте қиын. Жылқының сүті өте нəзік, құрамындағы май қышқылының өзі бөлек. Жылдар, ғасырлар өткен сайын қымыздың қадір-қасиеті артып келеді. Ерте замандарда көшпелі халық үшін қымыз таптырмас қорек көзі болды. Қыста аяздан қорғаса, жазда аптап ыстықтан сақтады. Ал қазіргі таңда қымыз тек сусын емес, дəрілік зат болып табылады. Бүгінде қызметтің көбі қимылды қажет етпегендіктен ас қорытуда көптеген мəселелер туындап жатыр. Қан қысымының көтерілуі, холестерин, басқа да вирустық жəне инфекциялық аурулар бар. Осының бəрінің алдын алу үшін қымызды пайдалану қажет. Тіпті жаңа туған нəрестеге де ана сүтін бие сүтімен алмастыруға болады. Ол сəбиге əрі тамақ, əрі иммунитетін көтеретін дəрумен болады. Жас сəбиге бие сүтін сауа салып еш өзгеріске түсірмей берген лəзім. Қымыздың ең ғажап көрінісі – оны ешқандай техникалық өзгеріске түсірмей пайдалануында. Сүттің басқа
түрлері қайнатпаса бұзылып кетеді. Алайда, қайнату кезінде зиянды бактерияларды жоюмен бірге пайдасы да жойылады, құрамында өзгерістер пайда болады. Оны біз сүтті пайдалану барысында білмей де қаламыз. Қайнату кезінде сүттен қышқыл бөлінеді, ал ол кəдімгі у. Ал бие сүтінде ондай қауіп жоқ. Өйткені зиянды бактерияларды бие сүті өз күшімен жойып отырады. Бие сүтін қайнатпай-ақ айлар бойы сақтауға болады. Мысалы, мен өзім бие сүтін үнемі пайдаланамын. Ол үнемі үйде тұрады. Бір ай тұрса да, екі ай тұрса да құрамы өзгермейді. Кез-келген уақытта іше беремін. Ең бастысы қымызға тиіспеу керек, яғни оны қайнатпау керек. Қайнатса бие сүті іріп кетеді. Ол өзі сондай «бұзық» сусын. Бұзық дейтінім, тиіссең болды бұзылады. Дəмі де бүлінеді, құрамы да өзгереді, емдік қасиетін де жояды. Əмбебеп зат жоқ дейді ғой. Ал мен қаншама жылдардан бері қымызды зерттеп келе жатқандықтан айтар едім, қымыз – нағыз əмбебап сусын. Осы бие сүтімен өткен ғасырларда ең қауіпті, жазылмайтын ауру саналған - туберкулезді де емдеген, оның асқынған түрін тежеуге болады. Медицина дамымаған, дəрі-дəрмек аз кезде қазақ халқы осы қымыздың көмегімен өкпе ауруын емдеген. Барлық дерлік дəрідəрмектер біраз уақыттан соң əсер етпей қалады, яғни күшін жояды. Ал егер емделу кезінде қымызды пайдаланса, дəрінің дұрыс əсер ету мүмкіндігі арта түсіп, адамның ағзасы да ауруға төтеп береді. Міне, қымыздың кереметі. (Жалғасы 3-бетте).
Қай ғасырдың, қай заманның болмасын өзіне тəн толғақты мəселесі болмай қоймайды. Арғы жағын айтпағанда жиырмасыншы ғасыр адамзат үшін халықаралық соғыстар ғасыры болды. Ол ғасырда күллі адамзат баласы осы алапаттың кесірінен қынадай қырылды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, оның орны біртіндеп толып келе жатқанда, жарты əлемді қанға бөктірген екінші соғыс басталып кетті. Ол бір ай немесе бір жыл емес, алты жылға созылды. Сол күндей күркіреп өткен соғыс қаншама миллиондаған отбасын қасіретке қамап кеткенін көзіқарақты оқырман білуге тиіс. Оның зардабы да кейін аз болған жоқ. Соғыстан жараланып, мүгедек болып келгенімен қоймай, адамдар қанқұйлы соғыстың улы қаруларының кесірінен бала сүйе алмай, кейінгі өмірін бұрынғыдай жайбарақат жалғастырып кете алмай пұшайман күй кешті. Біздің айтайын деп отырғанымыз мүлде бұл тақырып емес, сол атың өшікір соғыстай болмаса да, бүгінгі күннің елімізге алаңдаушылық əкеліп отырған тағы бір өзекті мəселесі - елімізде күн құрғатпай орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары. Статистикалық деректерге қарағанда, жер бетіндегі ең көп тараған індеттен өлген адамдардан гөрі жол апаттарынан қаза болған немесе зардап шеккендердің саны жылдан жылға көбейіп келеді екен. Өткен күн өтті. Кеткен уақытты кері қайтарып əкеле алмаспыз. Оның бəрі өткен күннің еншісінде. Біздің ендігі қолымыздан келетіні бүгінгі күннің күрделі һəм күйіп тұрған мəселесімен күресе білу жəне одан нəтиже шыға-
ру. Ол - жол-көлік оқиғаларының жиілеуінен зор көлемде адам шығынының орын алуының азаймай тұрғаны. Өткен жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қабылдауларының бірінде Жол полициясы жұрттың төбесіне жай түсіргендей статистиканы жария еткен. Қазақстан жолдарында 2002-2012 жылдар аралығында жол көлік апатынан 32 мың адам көз жұмған. Енді қараңыз, тоғыз жыл бойы Ауғанстандағы оқ бораған соғыста КСРО-ның 40шы армиясынан 15 051 сарбаз қаза тапқан екен. Сонда еліміздің жолдары сол қанды қырғын соғыстан да қауіпті болғаны ма? Бұл - қазіргі уақытта соғыс жүріп жатқан елдердің адам шығынынан да артып түсті деп дабыл қағуда осы саланы назарда ұстаған мамандар. Жол сақшыларының пайымдауына сүйенсек, жол апаттарының санын күрт көбейтіп отырған ең үлкен үш себепті атауға болады. Сараптама қорытындысы бойынша еліміздегі көлік санының күрт артуы - жол апаттарының көбеюінің бірінші себебі деген қорытындыға келіпті. Ал, көлік апаттарының артуына екінші себеп - сапасы сын көтермейтін, ойлы-қырлы жолдар екен. Жол сапасы бойынша əлемде 117-орында тұрсақ, олай болмағанда қалай болады!? ЖКО-ның жиілеуіне жоғарыдағы аталған екі себептен басқа, жол полицейлері көлік апаттарының жиілеуіне соқтыратын үшінші бір үлкен мəселе - адам факторы. Ереже бұзатын жүргізушілер, мас күйінде көлік айдап, жылдамдықты шамадан тыс арттыратын, жолдағы жаяу жүргінші бала ма, қарт па, оған қарамайтын «мəдениеті төмен, білімі аз» жүргізушілер жол апаттарына себепшілердің бірі болып қалып отыр. (Жалғасы 4-бетте).
Астана ғаламшардағы «ТОП-21» ақылды қалалар тізіміне кірді
ЭКСПО-2017 көрмесі жаңартылмалы энергия көздерін дамытуға серпін береді
ЕЛ ТЫНЫСЫ
¦ÄIËÅÒ Түркі халықтарының рухани жанашыры, мəдениеті мен өнерін насихаттауға ерекше еңбек сіңіріп жүрген «Түркісой» ұйымы биылғы жылды Тоқтағұл Сатылғанов жылы деп жариялаған еді. Тоқтағұл – қырғыздың атақты ақыны, көптеген əн-күйлері бар композитор. Туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Жыр алыбы Жамбыл мен Тоқтағұл өзара дос болып, бірін-бірі қатты қадірлеген. «Тұлпарды тұлпар таниды, сұңқарды сұңқар таниды» демекші, екі ұлы ақын Алатаудың күнгей теріскейінде талай бірге болып, елжұртын өлең-жырға, əн-күйге бөлеп, өнерлерімен даңқтары шыққан. Міне, жақында Жамбыл ауылында «Екі елдің егіз ақыны» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда Жамбыл мен Тоқтағұл шығармаларының сан қырлы биіктігі жайлы, бүгінгі ұрпақтардың аталарының мұраларын халыққа қалай жеткізіп жатқаны кеңінен сөз болды. Ғылыми-практикалық конференцияны белгілі жазушы, жамбылтанушы Нағашыбек Қапалбекұлы кіріспе сөзбен ашып, жанжақты талдап түсіндіріп, жүргізіп отырды. Конференцияда «Түркісой» ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Жамбыл ауданының əкімі Жандарбек Далабаев, Қырғызстан Жазушылар Одағының төрағасы, кезінде Қазақстанның Қырғызстандағы тұңғыш елшісі болған, көрнекті ақын Ақбар Рысқұлов, М.Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Нұрдəулет Ақыш, Қырғызстанның композиторы, «Түркісой»
ЕКІ ЕЛДІЅ ЕГІЗ АЌЫНЫ Жамбыл мен Тоқтағұл жайлы үлкен игі шара өтті
сыйлығының лауреаты Түгелбай Қазақов, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, көрнекті ақын Ұлықбек Есдəулетов жəне басқалар мазмұнды сөз сөйледі. Ақындарын əспеттеп, қадірлеген елміз. Өрісте – малымыз, төсекте – басымыз қосылған, Алатаудың күнгей-теріскейін жайлаған екі егіз ел мəңгі бауырласпыз,
Қалыптасқан әдеби ортаны бір арнаға ұйыстыру маңызды міндет
Б. Алдияр
Бақытжан басшы болды
Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің бұйрығымен ақын Бақытжан Алдияр аталған одақтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды.
Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, киелі Қазығұрт ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетінің филология мамандығын тəмəмдаған. Бірнеше халықаралық, республикалық мүшəйралардың жүлдегері. М.Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері шығармашылық жолын айтыскер ақын ретінде бастаған. Кейіннен поэзияға ауысқан. Оның қаламынан туған көптеген өгемөрісті өлеңдер оқырманның жүрегіне жол тауып, қошеметке бөленген. Өз кезегінде қаламы қарымды, талантты, сыршыл ақынды біз жаңа əрі жауапты қызметімен құттықтай отырып, еңбегіне жеңіс пен жеміс тілейміз. «Əділет» ұлттық апталығының ұжымы.
туыспыз. Əніміз де, жырымыз да ортақ. Міне, Жамбыл мен Тоқтағұлдың өзара достығы, бір бірінің өнерін қатты қадірлегені – осыны анық танытады. Түркі əлемі – түбіміз бір, тегіміз бір. Өнер мен мəдениетіміз, əдебиетіміз арқылы бір бірімізді кеңінен танып білеміз Арнайы осы шараға 9 мемлекеттен келген түркі тілдес бауырластар өз сөзде-
рінде осы туралы айтып, ұлттық аспаптарымен ғажап сазды өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ қонақтар Жамбыл музейін аралап, Жамбыл ата мен атақты композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиев кесенелеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. «Түркісойдың» бас хатшысы осы ұйым жұмысын жандандыруда ерекше еңбегі үшін Əлімқұл Жамбылов, Ақбар Рысқұлов, Нағашыбек Қапалбекұлы, Темірхан Тебегенов, Нұрдəулет Ақыш, Тəйіп Бейсембековтерді Тоқтағұл Сатылғановтың арнайы медалымен марапаттады. Шара соңында өнер көрсеткен «Сүйінбай сазы» ансамблінің өнеріне қонақтар шынайы риза болып, келер жылы Түркияға шақырды. 2015 жылы – атақты Сүйінбай ақынның туғанына 200 жыл толады. Осыған орай Д.Қасейінов мырза келер жылды «Түркісой» ұйымы Сүйінбай жылы деп жариялап, Сүйінбай Аронұлы жайлы Түркия, Əзірбайжан тағы басқа түркі əлемінде мерейтойға байланысты игі шаралар өткізетінін хабарлады. Бұл мəдени игі шараға қатысушылар сондай-ақ ЮНЕСКО-ға кірген, «Таңбалы тас» қорығына арнайы барып аралап, танысып, зор əсер алып қайтты. С.ƏШІМОВА.
Қазанның 22-сі күні Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбаймен кездесті. Кездесу барысында Ғ.Жайлыбай оңтүстік өңірі талай қарымды қаламгерлердің қарашаңырағы екенін айтып, өзіндік дəстүрі қалыптасқан оңтүстікқазақстандық əдеби ортаны бір арнаға ұйыстырып, жас таланттарды елге танытудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, республикалық Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалинның бұйрығымен одақтың Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры
болып, ақын Бақытжан Алдиярдың тағайындалғанын жеткізді. Облыс басшысы Жазушылар Одағының ұсынысына қолдау білдіріп, ұлтымыздың ұйытқысы саналатын өңірдегі ақын-жазушылармен ел бірлігін, ынтыма-
ғын, рухани байлығын арттыру жəне мемлекеттік мүддеге қызмет ету бағытында жергілікті атқарушы органдармен етене жұмыс жасауға назар аударды. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. «Ақ жол» жəне Алаш ардақтылары» атты ғылыми-теориялық конференция газеттiң мерейтойымен қатар ұлт қайраткерлерi Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығына да арналды. Қос тарихи датаны жиынға есiмдерi елге танымал тарихшылар, ғалымдар, қоғам жəне мемлекет қайраткерлерi, ақын-жазушылар, iргелi басылым редакторлары қатысты.
күресi жөнiнде байыпты пiкiрлер мен құнды деректер айтты. Мұнан кейiн тарих ғылымдарының докторы, профессор, облыстық тарихшылар мен саясаттанушылар қоғамының төрағасы Əнуар Исмайылов «Т.Рысқұлов түркi əлемiнiң көрнектi мемлекет қайраткерi» тақырыбында баяндама жасады. Ал филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Түркi академиясының ғалым-хатшысы Амантай Шəрiп Сұлтанбек Қожановтың Алаш ардақтыларымен, атап айтқанда Ахмет Байтұрсынұлымен, Мiржақып Дулатовпен, Əлихан Бөкейхановпен қарымқатынасы жəне идеялық бiрлiгi жөнiнде жан-жақты əңгiмеледi. Келесi сөз филология ғылымдарының кандидаты, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетi журналистика жəне саясаттану факультетiнiң деканы Қайрат Саққа берiлдi. Қайрат Өмiрбайұлы өзiнiң «Алаш көсемсөзiнiң тарихи маңызы мен өмiршеңдiк мəнi» атты
Журналистер пікір алмасты қызы жергілікті əріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, тележурналистиканың қоғамда алатын орны, телеарнадағы сұхбат жанры, тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік əдіс-тəсілдері туралы дəріс оқыды. Семинар өзара пікір алмасу, сұхбат ұйымдастырудың тиімді тəсілдерін талқылау, тəжірибемен бөлісу пішінінде өтті. Басқарма тарапынан мұндай семинарлар бұдан бұрын да өтіп, «Бұқаралық ақпарат құралдарының сапасын арттыру», «Журналистік этика», «Бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік зерттеу жəне сұхбат алу» тақырыптары қамтылғанын айтып өткен жөн. Алдағы уақытта да журналистерге арналған мұндай семинар-тренингтер жүйелі түрде өткізілетін болады. Ж. МҰСТАФИНА
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ел жаңалықтары Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрі болып тағайындалды Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамына жаңа министр И.Тасмағамбетовті таныстырды. Иманғали Тасмағамбетов 1993 жылдан ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1995 жылдан – ҚР Премьерминистрінің орынбасары. 1997 жылдан ҚР Премьерминистрінің орынбасары – ҚР Білім жəне мəдениет министрі. 1997 жылдан ҚР Президенті Əкімшілігінің басшысы – ҚР Президенті Əкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан – ҚР Президентінің бірінші көмекшісі. 1999 жылдан — Атырау облысының əкімі. 2000 жылдың желтоқсанынан — ҚР Премьер-министрінің орынбасары. 2002 жылдан — ҚР Премьер-министрі. 2003 жылдан ҚР Мемлекеттік хатшысы. 2004 жылы ҚР Президент əкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сəуіріне дейін — Алматы қаласының əкімі. 2008 жылдан - Астана қаласының əкімі.
Ә.Жақсыбеков Астана қаласының әкімі болды Мемлекет басшысы Астана қаласы əкімдігінің активіне жаңа əкім Ə.Жақсыбековті таныстырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің ресми twitter-аккаунты хабар таратты. Ол Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кəсіпорындарға басшылық еткен. 1988-95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы. 1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады. 1996 ж. Ақмола облысы əкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады. 1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының əкімі. 2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия жəне сауда министрі. 2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің басшысы. 2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне Өкілетті Елшісі. 2009 ж. маусым айынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. 2014 ж. қазан айында Астана қаласының əкімі болып тағайындалды.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін ірі халықаралық ісшараларды өткізе алатынын дəлелдеді. Астанада өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушылардың жиналысында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес осындай пікір білдірді. «ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызын халықаралық көрмелер бюросы да атап өтеді. Оның аясында бұл өңірге əлемнің сарапшылары жиналады. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін ірі халықаралық іс-шараларды өткізе алатынын дəлелдеп, өзін өңірдегі жетекші мемлекет ретінде танытты», - деді Лоссерталес. Висенте Лоссерталес атап өткендей, ЭКСПО-2017 көрмесі жаңартылмалы энергия көздерін дамытуға серпін береді. «2017 жылы Астана халықаралық ынтымақтастықтың бірегей түріне айналады. Көрмеге қатысушылар «Болашақ энергиясы» тақырыбында пікір алмасып, осы саладағы жаңашылдықтармен бөліседі», - деп қосты Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы.
Қытайлық журналист Қазақстан туралы фильм түсірді баяндамасында ХХ ғасырдың басында ұлттық мүдде үшiн болған күресте көсемсөздiң айрықша маңызға ие болғанына тоқталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры, ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы "Ақжол" газеті – "Оңтүстік Қазақстанның" бастауы" тақырыбында баяндама жасады. Конференцияда ақын Мұхтар Шаханов сөз сөйлеп, өзiнiң «Оңтүстiкте» қызмет атқарған жалынды жылдары туралы əдемi естелiктер айтты. «Оңтүстiк Қазақстанның» 90 жылдық торқалы тойына жоғарыда аты аталған қонақтардан бөлек, сатирик, жазушы Көпен Əмiрбек, Мархабат Байғұт, Əкiм Ысқақ жəне Еркiн Рақышев сынды республикаға танымал көптеген азаматтар қатысты. А. ƏЛАЙДАРҚЫЗЫ.
Жеңімпаздар анықталды!
Қазанның 21-і күні «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кіші мəжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен телеарнадағы сұхбат жанры мен тікелей эфирде сұхбат жүргізудің өзіндік əдіс-тəсілдері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Тележурналистика» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты – тележурналистика мамандарының риторикалық тəжірибесімен танысу, теледидарға сұхбат беру, оның техникалық ерекшеліктері туралы жан-жақты пікір алмасу болып табылады. Семинар тренингте «Хабар» агенттігінің продюсері Арман Сқабылұлы мен «Астана» телеарнасының аналитик редакторы Жайна Сламбек-
2
Қазақстан ірі халықаралық іс-шараларды өткізе алатынын дәлелдеді
Алаш қайраткерлерiнің көздегені – ұлттық мүдде
Жиынды облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы Берiк Құрманғали жүргiзді. Конференцияның ашылу салтанатында сөз алған облыс əкiмiнiң орынбасары Ербол Садыр басылымның 90 жылдық мерейтойымен облыс əкiмi атынан құттықтады. «Газет ұжымына мерейлi мерекелерiңiз толымды тiрлiктерге ұласып, шығармашылықтың шыңынан көрiнiп, оқырмандарын қуантатын хабарларыңыз көбейе беруiне тiлектестiгiмдi бiлдiремiн», - делінген өңiр басшысының құттықтауында. Ербол Əбiлхайырұлы редакция ұжымына шығармашылық табыстар тiлей отырып, облыс əкiмiнiң атынан жаңа автокөлiктiң кiлтiн газеттiң бас редакторы Б.Тайжановқа табыс еттi. Ғылыми-теориялық конференцияда «Ұлт қайраткерлерi жəне Алаш мұраты (Т.Рысқұлов пен С.Қожановтың мұрасы негiзiнде)» тақырыбында бас баяндаманы филология ғылымдарының докторы, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетiнiң проректоры, профессор, белгiлi алаштанушы Дихан Қамзабекұлы жасады. Ол Т.Рысқұлов пен С.Қожановтың төл тарихымыздағы орны жəне ұлт қайраткерлерiнiң Алаш мұратын жүзеге асыру жолындағы
№38 (198) 24.10.2014 жыл
Шымкент қаласындағы «Жастар орталығы» МКК-да жергілікті тұрғындардың туған қалаға деген сүйіспеншілігін, оның сəулеті мен салтанатына, өмір сапасына мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында «Шымкент жаңа дəуірдің мегаполисі» атты байқау өткізілді. Шымкент қаласы əкімдігі, Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жарқын болашақ 2050» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен маусым айынан бастау алған «Шымкент - жаңа дəуірдің мегаполисі» атты жобасының аясында, қала тұрғындарының арасында жас ұрпақты экологиялық білімге, тазалыққа, оның ішінде өз ауласына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. ІІ кезеңнен тұратын ісшараға 20-ға жуық қала тұрғынынан қатысуға өтініш келіп түскен болатын. Оның ішінде əр түрлі номинациялар бойынша қатысушылар шартқа сай іріктеліп алынды.
МCCTV6 қытайлық телеарнасының журналисі Нино Ванг деректі фильм түсіру үшін екі апта бойы Қазақстанды аралаған. Фильм 5 сериядан тұрады. Əр серияның ұзақтығы 20 минутты құрайды. Сериялар белгілі бір тақырыпқа арналған. Олар ЭКСПО-2017, ұлттық тағамдар, отандық фильмдер, Жібек жолы қалалары мен Қазақстан халқы тақырыптарын қамтыған. Фильмнің түсірілім жұмыстары ұлттық тағамдар, киім-кешек пен ойындардан басталды. Нино Ванг «Жаужүрек» ұлттық тағамын əзірлеп, «Қыз қуу» ойынына қатысты. Сондай-ақ, журналист алғаш рет қымыз бен шұбаттың дəмін татып көрді. Қытайлық азаматша Қазақстанның бірқатар қаласын да аралап үлгерді.
2015 жылы 80-нен астам мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ниет білдіруі мүмкін 2015 жылы Қазақстан шақыру жолдаған 80-нен астам мемлекет ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға ынта танытады деп күтіліп отыр. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиыны аясында өткен баспасөз мəслихатында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаев мəлім етті. «Біз Мемлекет басшысының атынан 142 елден астам мемлекетке ЭСКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақыру жолдадық. Қазір осы елдердің көрмеге қатысуы бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Мен көрменің комиссары ретінде елдерді көрмеге шақырып, оған қатысуға келісімдер жасау үшін іс-сапарларымды бастадым. 10 ел ұсынысымызды қабылдады. Келесі жылы көптеген елдер көрмеге қатысуға ниет танытады деп жоспарланып отыр", - дейді Р.Жошыбаев. Оның айтуынша, 2015 жылы 80-нен астам мемлекет еліміздің шақыруына жауап беруі тиіс. «2016 жылы 30-35 мемлекетке барып, көрмеге қатысуға шақырамыз», - деп қосты Р.Жошыбаев.
Түркістанды түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде қалыптастыру мәселелері талқыланбақ Соңғы финалдық кезеңге өткен үміткерлер алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал, «Үздік көше төрағасы» - номинациясын Шымкент қаласы, «Пахтакор» ТА-ның тұрғыны Гульнара Ташболатова, «Үздік үй төрағасы» - номинациясын Шымкент қаласы, «Қазығұрт»
мөлтекауданының тұрғыны Бахыт Асилов, «Үздік аула сыпырушы» - номинациясын Шымкент қаласы, «Нұрсат» мөлтекауданының тұрғыны Қ.Изтилеуова, «Аула жанашыры» - номинациясын Шымкент қаласы, «Солтүстік» мөлтеауданының тұрғыны А.Жақсынбетова иеленді.
Ертең Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында Қазақстан Ғалымдар Одағының бастамасымен қала əкімшілігі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық ҚазақТүрік университетінің ұйымдастыруымен өтетін халықаралық конференцияда Түркістанды түркі дүниесінің рухани орталығы ретінде қалыптастыру мəселелері талқыланбақ. ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Ғалымдар Одағының президенті Оразалы Сəбден «Түркістан өңірі» рухани – жаңа технологиялық кластерін құру туралы» баяндамасымен конференция жұмысын бастайды деп күтіліп отыр. BNews.kz.
¦ÄIËÅÒ
ӨЗГЕ ПІКІР
Қымыздай пайдалы сусын жоқ. Ол керемет сусын жəне бəріне ем.
ЌЫМЫЗ – ЌАЗАЌТЫЅ ЎЛТТЫЌ СУСЫНЫ
№38 (198) 24.10.2014 жыл
3
Биыл 20 қазанда «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына 25 жыл толды. Бірақ, бұл жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, көрсетілген теле-радио хабарларды немесе жарияланған мақалаларды көзім шалған жоқ. Сонымен қатар, биыл еліміздегі тұңғыш Қазақ КСР-індегі «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына да ширек ғасыр болды. Бұл екі айтулы оқиға да бір-бірімен тығыз байланысты жəне еліміз бен халқымызға қатысты маңызды мəселе.
«Ќазаќ тілі» қоғамы ұлттың тілі мен салт-дəстүрін сақтап қалды
(Соңы. Басы 1-бетте). Төрегелді ШАРМАНҰЛЫ, Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі:
«ҚЫМЫЗ – НАҒЫЗ ӘМБЕБАП СУСЫН» – Осы бие сүтінен ісік (рак) ауруларына қарсы қосымша тамақ жасауды қолға алып жатырмыз. Қымыз қан тамырлары ауруларына, ұйқысыздыққа қарсы бірден-бір ем. Мені де ұйқысыздық мазалайды. Алайда мен ұйқыға жатар алдында бір кесе қымыз ішіп аламын. Ұйқым қанып, таңертең сергек оянамын. Жанымда қымыз тұрса менің ұйқым тыныш. Жоғарыда айтып кеттім ғой, қымыз кез келген ауруға ем. Дəрігерге көмек. Ал үзбей пайдаланған адам барлық аурудың алдын-ала алады. Өйткені қымыздың құрамында аскорбин қышқылы бар. С дəрумені табиғатта көптеп кездеседі. Мысалы, итмұрында, лимон қышқылында бар. Алайда тек қымыздың құрамында бұл дəрумен өте көп мөлшерде. 100 мл-де 20 мг, 1 литрінде 200 мг аскорбин қышқылы бар. Бұл күнделікті пайдалануға тиіс мөлшерден 2-3 есе көп. Дегенмен, С дəруменін қанша пайдалансаң да еш зияны жоқ. Сонымен қатар, қымыздың құрамында табиғи антибиотик левоцин бар жəне 3 пайыз табиғи спирт (алкоголь) бар. Қымыз құрамындағы табиғи спирт қан тамырлары ауруларына қарсы бірден бір ем. Ең жоғарғы сұрыпты қызыл шараптың бір бокалын кешкісін ішсеңіз пайдасы өте зор дейді. Мен айтар едім, қымыздай пайдалы сусын жоқ. Ол керемет сусын жəне бəріне ем. Мен бүгінде осы ұлттық сусынымыз – қымызды дүние жүзіне танымал ету үшін, оның ерекше қасиеттерін əлем халқына дəлелдеу үшін еңбектеніп жатырмын. Бұл бастамамды Президентіміз қолдады, ауылшаруашылығы министріне арнайы тапсырма берді. Енді министрлікпен бірігіп осы іске бел шеше кірістік. Астананың түбінен бір жақсы кəсіпкер ініміз жылқы зауытын салдырып жатыр. Құдай бұйырса министрліктің көмегімен, сол інімізбен бірге қымыздан ғарышкерлерге тағам дайындамақ ойымыз бар. Уəдем – уəде, «Expo2017»-ге осы жобамды іске асырамын. Жамал НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, 91 жастағы зейнеткер əже:
«БЕРМЕСТІҢ ҮЙІНДЕ БЕСТІ ҚЫМЫЗ ТҰРАДЫ» – Қымыз туралы бір адамдай-ақ білемін деп айта аламын. Олай дейтінім, 28 жасымнан желіге бие байлап, қымыз ашытқан адаммын. Ең əуелі қымыз ашыту үшін былтырғы қымыздан қор алып қалу керек, яғни 1 литрдей қымыз алып қаласың. Ол салқын жерде тұрады, іриді, ашиды. Көктемде желіге бие байланған кезде бір күнгі сауылған сүтке былтырдан қалған қор құйылып пісіледі. Кейде ол дұрыс ашымай қалады. Ондайда оны төгіп тастап жаңа сауылған сүттен қайта ашытасың. Жалпы биенің сауымы 1 сағатта келеді. Биенің алдында жоңышқасы мен жемі жеткілікті мөлшерде тұрса, сағат сайын сауғанда сүтті биелер 2 литрге дейін сүт береді. Биенің сауыны өтіп кетсе сүті ашып, ағып кетеді. Сондықтан бие сауымына салғырт қарамаған жөн. Биені сауудың да өзіндік шеберлігі бар. Тез арада екі қолмен сауу керек, өйтпеген күнде бие исініп кетеді. Қазіргілер биені сиыр құсатып сауады. Ол дұрыс емес. Мен биені желіге таңғы сағат 8-де байлап тоғызда сауатын едім. Осылайша əр сағат сайын сауып отырамын. Түнгі сағат 1-де ағытамын. Кей биелер бір сауғанда жарты кесе
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
ғана сүт береді, кей биелер 2 литр сүт береді. Жалпы сүтті биелер өте сирек кездеседі. Жас күнімде колхоздың да биелерін сауып көрдім. Бірнеше бие сауғанда сүтті салқындатып барып құймасаң, қорды ашытып жібереді. Желіге бір байлағанда, 20 биеге дейін байланады. Кейбірі құлынын салмасаң иімейді. Күнделікті ашыған қымызды ауруханаларға əкетіп жататын. Жаңа айттым ғой, 28 жасымнан бие саудым деп, содан 70-ке келгенше қымыз ашыттым. Міне, 20 жылдан асты жас келгендіктен əрі Алматыға, қалаға көшіп келгендіктен қымыздан қол үзіп қалдым. Ауылдың таза қымызына не жетсін. Қымыз ішіп, ет жеп ауылда жүргенде дəрігердің бетін көрген адам емеспін. Міне, соңғы екі жылда біресе қан қысымым көтеріледі, біресе өт жолдарым толады. Əйтеуір тоқсанға келгенше ішпеген дəрілерді енді ішіп жатырмын. Ал енді осындай ширақтығым мен денсаулығымның сыры - дене еңбегі, таза қымыз бен қазықартаның арқасы шығар. Қымыздың жайына келсек, сауып алған сүтті сүзіп қордың үстіне құйып, əр құйған сайын жарты сағаттан бір сағатқа дейін пісіп отыру керек. Егер сүтті құя сала піспесе іріп кетеді. Бір күн бойы пісілген қымызды ертесіне таңертең қотарып алып басқа ыдысқа құяды. Ал қымыз пісетін ыдыста ең кемі 2 литрдей қор қалуы керек. Осылайша күндегісін күнде ашыта бересің. Міне, осы басқа ыдысқа құйылған қымыз ашуына қарай «саумал», «құлын қымыз», «дөнен қымыз», «бесті қымыз» деп бөлінеді. Саумал – жаңа сауылған бие сүті. Оны балашағаға, жасы үлкен қарияларға беруге əбден болады. Ол өте дəмді əрі жеңіл. Құлын қымыз – үш күн тұрған қымыз. Білген адамға нағыз қымыздың төресі осы. Дөнен қымыз – төрт күн тұрған қымыз. Мұндай қымызды ащы, қышқылды жақсы көретіндер ішеді. Бесті қымыз – аты айтып тұрғандай бес күндік қымыз. Бұл енді өте ащы болады. Негізі қымызды 5 күннен артық сақтауға болмайды. Қымызды сол 3-4 күннің ішінде ішсең өте пайдалы. Жазда шөлің қанады, қыста тоңбайсың. Қазір ішкен тамағың қазір қорытылып əлекедей жаланып тұрасың. Ауылды жерде желіге бие байлаған үйдің қонағы көп болады. Қымыз ішуге əркім-ақ келеді. Сондықтан үйде қымыз ұзақ тұрмай күндегісі күнде ішіліп кетеді. Ал енді сараңдау үйдің қымызы көп тұрып қалады. Сондықтан да «Берместің үйінде бесті қымыз тұрады» деседі жұрт. Қазір қонаққа бара қалсаң қымыз деп, шұбат деп пластмасса құтыға құйылған бірдеңелерді алып келеді. Дəмі түсініксіз. Су татиды. Ол құтыда қанша уақыт тұрғаны да белгісіз. Мен өткенде бір ай шамасында Семей облысындағы Үржар ауданына қарасты Науалы ауылына бардым. Бір жамағайынның үйінде қонақта отыр едім, сол үйдің келіні бір құтымен қымыз əкеліп «апа, ішіңіз» деп қиылып қоймады. «Балам, қан қысымым жоғары, ішпеймін» деп едім, «дəмін көріңіз» деп қоймады. Ақырын бір ұрттап едім, о тоба, баяғыда өзім ашытатын қымыз тəрізді тіл үйіреді екен. Сол үйде бірнеше күн қонақ болып қымыз іштім. Сол ауылда атын ұмытпасам, Əнуар Əбденұлы деген азамат бие байлап қымыз ашытады екен. Соның құтыға құйылған қымызын Алматыда ішіп көрдім. Ауылдағыдай емес, мүлде басқа. Ал енді базарда құйылмалы қымыз сатылады. Бетінде бармақтай сары май қалқып жүреді. Ал таза қымыздың майы қап-қара сіркедей ғана майда болып бетіне шығады. Қымыздың қалай ашитынын көрмеген қала халқына майы қалқыса болды, алып іше береді. Базардағы қымыз сатушылар қымызға ашыған сиыр сүтінің сарысуын қосады. Сонда жаңағы сары май бөлінеді. Ірі қараның сүтін араластырған соң қымызда не сəн, не дəм қалады?!
Гүлзия ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА, емдеу ісі дəрігері:
«ҚЫМЫЗ ӨТЕ ПАЙДАЛЫ СУСЫН» – Қымыз денсаулыққа өте пайдалы сусын. Мысалы, дəрі жоқ кезде ата-бабаларымыз өкпе, асқазан, қан тамырлары ауруларын қымызбен емдеген. Қазір де қымыз емдік шаралардың бірден-бір түрі болып табылады. Əсіресе бронхит, пневмония, туберкулез ауруларын емдеуде көп көмегі бар. Əрі иммунитетті көтереді. Біз енді қымызды дəрі ретінде ұсына алмаймыз, алайда емдік шараларды алып болған соң, таза ауада демалып қымыз ішіңіз деп емделушілерге кеңес береміз. Жылқының еті де жеңіл əрі сіңімді, сүті де пайдалы. Бұрындары қазақ ауылдарында барлығында дерлік желіде бие байланып тұратын. Ал бүгінде тек жазда демалыс уақытында ауылға барғанда ғана қымыз ішеміз. Қымызды мүмкіндік болса кез-келген маусымда күнделікті ішіп тұрған пайдалы. Алайда күнделікті қымыз ішуге жағдай да келе бермейді, қымыз да табыла бермейді. Жылына бір рет 10-15 күн қымыз ішіп таза ауада тыныстап қайтсақ, соның өзі бізге бір жылға жетерлік күш береді. Жұлдыз ЕСТАЕВА, «Саржайлау Корпорациясы» ЖШС-нің жауапты қызметкері:
«БІЗДІҢ ӨНІМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ» Бүгінгі таңда Алматы қаласында халықаралық стандарттарға сай сүт өнімдерін өндіріп жатқан бірден бір кəсіпорын ол «Саржайлау Корпорациясы» ЖШС. Нұрсила Ахметбек Көшетайұлының басшылығымен іске асырылып отырған бұл игі іс 2009 жылы қолға алынған. Өкінішке орай Ахметбек Көшетайұлы шаруашылық басында жүргендіктен өзімен тілдесудің сəті түспеді. Дегенмен кəсіпорынның өнімдері жайлы, жұмыс барысы жайлы мəліметтерді кеңседегі жауапты қызметкер Жұлдыз Естаевадан алдық. – «Алтай», «Қазығұрт» қымызын, «Бозінген» шұбатын, «Баян Өлгей» құртын, «Тарбағатай» ірімшігін өндіреді. Аты айтып тұрғандай, барлығы да сүт өнімдері. Ал сүт өнімдерінің сақтау мерзімі өте қысқа болғандықтан, бұл істің үлкен жауапкершілікті қажет ететіндігін түсініп отырған боларсыздар. «МЕТРО Кэш энд Керри» халықаралық сауда компаниясы жəне «Рамстор» мəдени-сауда орталығы сияқты ірі сатып алушылармен жұмыс істейміз. «Саржайлау Корпорациясының» өнімін тек Алматы қаласында ғана емес, жоғарыда аталған сауда орталықтарының Қазақстандағы басқа да қалаларындағы бөлімшелері алып тұрады. Орта есеппен күніне 300-500 литр қымыз сатылады, – дейді Ж. Естаева. «Саржайлау Корпорациясы» ЖШС-нің өндіріс орны Алматы облысының Ұзынағаш ауылында орналасқан. Қымызды жаңа технология бойынша өндіреді. Өнімнің сақтау мерзімі 3 ай. Осы қымызды өндірмес бұрын Корпорация президенті Нұрсила Ахметбек Көшетайұлы бүкіл қазақ даласын аралап, қымыз ашыту технологиясымен əбден танысқан екен. Сонымен қатар қымызды пайдаланатын көршілес Қырғыз, Моңғолия жəне Қытайдағы қазақтардың қымыз ашыту ісін жете зерттеген. Ал бүгінде көпшіліктің көңілінен шығатын сүт өнімдерін өндіріп отыр. Дайындаған Бақтыгүл КƏДІРҒАЛИҚЫЗЫ, Алматы қаласы.
Қазақ елінің тарихын қазақ тілінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені, біздің ана тіліміз қаншама ғасырлардан бері қазақ ұлтымен бірге жасап келеді жəне жасай бермек! Жалпы алғанда, ұлт тарихы, тіл тағдыры – күрделі құбылыс. Əр ұлттың өзіне тəн қайталанбас тарихы болады, оған ұлттың тіліне қатысты тарихы да кіреді. Тіл ұлтпен бірге жасайды, өркендейді дегенімізбен, адамзат тарихында бұдан алшақ кететін тұстары да аз емес. Мысалы, қазақ тілінің мүшкіл жағдайы туралы қазақ батыры Бауыржан Момышұлы 1944 жылы Қазақстан Компартиясының хатшысы М.Əбдіхалықовқа хат жазған. Ал, 50-70 жылдары қазақ тілін қадір тұтқандар көп қорлық көрген. Менің айтпағым, елімізде ұлт тілі төңірегінде орын алған осындай ахуал «Қазақ тілі» қоғамын құруға алып келді. Осы орайда, өзім Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орталық кеңес мүшесі жəне сонау 1990 жылдан бері осы қоғамның Шымкент қалалық, Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалдарының басқарма мүшесі болғандықтан, сол заманда ұлт тілін қорғау жəне қолдау мақсатында бүкіл халық қолдаған іргелі қоғам құрып, оның ыстығына күйіп, суығына тоңған, сөйтіп, туған тілімізді жойылып кетуден сақтап қалған асыл азаматтар, Қазақ тілінің қайраткерлері туралы айту мақсатында қолыма қалам алып отырмын. Осыдан 25 жыл бұрын, 1989 жылы «Қазақ тілі» қоғамын құруды қолға алып, ұлттық тіліміз бен салт-дəстүрімізді сақтап қалуға белсене кіріскен сол заманның батырлары, яғни, осы игі іске жетекшілік еткен үлкен ағалардың жасы 70-тен асып, 80-ге келгендері жəне 90-ға толғаны да бар. Мысалы, ана тілі үшін басын бəйгеге тіккен ірі түрколог ғалым Əбдуəли Туғанбайұлы Қайдаров қараша айында 90 жасқа толады. Алайда, кейінгі өсіп келе жатқан жастарымыз «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы жөнінде жəне оны құрып қана қоймай, туған тілімізді жойылып кетуден қорғап қалу жолында қыруар істер атқарған асыл азаматтар туралы білмейді. Сондықтан да, бұдан 25 жыл бұрынғы тарихымызды ұмытпау үшін жəне кешегі «Қазақ тілі» қоғамының нағыз қайраткерлерін жұртшылықтың есіне түсіріп отыруымыз қажет. Ендеше, ширек ғасырға артқа шегініс жасайық. Қылышынан қаны тамған кеңестік дəуірде бірінші болып «Ана тілі» қоғамын құру жөнінде бастама көтеріп, жұртшылыққа қозғау салған академик Əбдуəли Қайдаров пен Өмірзақ Айтбайұлы бастаған ынталы топ болатын. 1989 жылғы 19-20 қазанда Алматы қаласында «Ана тілі» қоғамының I Құрылтайы өтіп, оған облыстарда қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне шын ынтаықыласымен жанашырлық танытып жүрген азаматтар мен шет елдердегі қазақтар қатысқан еді. Егер шындығына келсек, 1989 жылға дейін елімізде қазақ тілінің мəселесі тек жақсы жақтарынан ғана айтылып, оның аса ауыр халі айтылмай келді. Кеңестік дəуірде Қазақстанда қазақ тілі мен ұлттық салтдəстүрлерге тиісті көңіл бөлінбеді. Тіл жөнінде 1986 жылы Алматыда алаңға шыққан, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қазақ жастары да айтқаны белгілі. Содан бастау алған тіл мəселесін 1987-89 жылдары ұлттық тіл мен ұлттық мəдениетті, салт-дəстүрімізді ғалымдарымыз бен ақынжазушыларымыз, журналистеріміз бен əртістеріміз қолдап, мыңдаған мақалалар жазып, теле-радиолардан сөз сөйлеп, халықтың сана-сезімін оята бастады. Оның соңы 1989 жылы тілдік, елдік мəселелерді ту еткен «Қазақ тілі» қоғамының құрылуына алып келді. Биыл соған 25 жыл толып отыр. Бұл жазуға тұрарлық айтулы дата деп білемін. Себебі, 90-шы жылдарға дейін қазақ тілінің мүшкіл жағдайы мен өткір қырлары жұрт назарынан бүркемелініп келгені шындық. Əлбетте, біздің ұлтжанды аталарымыз кеңестік заманда да ана тілі – халықтың баяғысы мен бүгінгісін, болашағын танытатын мəңгілік мəселе екенін жақсы білген. Оны Ахмет, Міржақып, Сəкен, Жүсіпбек, Телжан, Елдес, Қошке, Халел, Жаһанша, Құдайберген, Мұхтар, Бауыржан, Ғабит, Шона, Əбдуəли, Өмірзақ, Балғабек тағы басқалар айтқан. Ал академик Əбдуəли Туғанбайұлы мен Өмірзақ Айтбайұлы мұны айтып қана қоймай, 1989 жылы «Ана тілі» қоғамын құрды. Сол тұстағы Ə.Қайдаров пен Ө.Айтбайұлы құрған қоғамның басты мақсаты – елдің санасын ояту болатын. Өйткені, кез-келген амал, іс-əрекет санадан бастау алады. Адамдар санасында орныққан ұстанымдар мен құндылықтарға қарап бағдар алып, таңдау жасайды. Біздің күнделікті өміріміздегі толып жатқан əрекеттердің барлығы да сананың жемісі. Демек, сана адам қызметінің мəні мен маңызын, сипаты мен бағытын анықтайды. Адамның санасы қандай болса, оның əрекеті де сондай болады. Ал сананы кім қалыптастырады? Сананы мемлекеттік
жүйе, қоғамдық қарым-қатынастар, бұқаралық ақпарат құралдары мен кино жəне театр т.с.с. қалыптастырады. Санада орныққан құндылықтар мен ұстанымдар адамның таңдауын жəне іс-əрекетін белгілейді. Ал, сананы өзгерту қиынның қиыны. Ол бір аптада немесе бір айда өзгере салмайды. Оны күшпен не ақшамен тез арада өзгерту мүмкін емес. Алғашында адамдар мəжбүрліктен амалсыз келіскен сыңай білдіргенімен, іс жүзінде өз көзқарасында қала береді. Халық санасын түбегейлі жаңа жағдай ғана өзгертуге қабілетті. Ал мұндай жаңа ауанды жұртшылықтың жан-жүрегіне терең əсер етер, ақыл-есін баурап алар тың идеялар ғана қалыптастыра алады. Қазақ тілі үшін басын бəйгеге тіккен түркі əлеміне танымал ғалым, Ұлы Отан соғысына да бастан-аяқ қатысып ерлік көрсеткен Əбдуəли Туғанбайұлы қараша айында 90 жасқа толады. Академик Ə.Қайдаров 80жылдардың соңында Қазақстанды Г.Колбин басқарып, «қостілділік» мəселесін көтергенде, мұндай саясаттың теріс екенін тайсалмай айтып, елімізде тек бір ғана тілдің - қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуы керектігін қорғап шыққан болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда Тіл комитетін құру жөнінде Елбасымызға мəселе көтерген де Əбекең еді. Енді бүгін тарихымызға көз жүгіртсек, осы міндеттерді елімізде жəне облыстарда 1989-90 жылдары жаңадан құрылған «Қазақ тілі» қоғамдары қолға алды. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы Керімбек Сыздықов (марқұм), оның орынбасары Ханбибі Есенқараева (биылы 65-ке келді) болды. Шымкент қалалық «Қазақ тілі» қоғамының алғашқы төрағасы болып Нəбира Жүзбаева, одан кейін Жолдасбек Күздеубаев, Ғани Итемгенов (марқұм), Əділхан Сұлтанбеков сайланды. 1990 жылы облыстың көптеген қалалары мен аудандарында «Қазақ тілі» қоғамдары құрылып жұмыс істей бастады. Олардың алғашқы төрағалары: Кентау қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Мерген Құрышбаев (марқұм), Шымкент қаласының Абай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Нұрлан Əуесбаев, Дзержинский аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Өсербай Сүйіндіков (марқұм), Еңбекші аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қалмахан Ілясов, Леңгер аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Əсет Кембаев, Түркістан қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Елтай Бимағанбетов жəне Созақ аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қазыбек Мыңжанов болды. Бұдан өзге сол кезде кəсіпорын, мекеме, ұйымдарда қызмет істеп жүрген қаншама асыл азаматтар сол зауыт, фабрикалар мен оқу орындарында «Қазақ тілі» қоғамын құрып, адамның жаны сүйсінетін талай істерді атқарған еді. Одан өзге де қаншама ұлтжанды азаматтар, «Қазақ тілі» қоғамының белсенді мүшесі болып, ана тілінің қолданылу аясын кеңейту жолында аянбай еңбек етті. Олардың қатарында жаны жайсаң, жүрегі қазақ деп соққан небір нарқасқа азаматтар болды. Əрине, кейбір қайраткерлеріміз бұл пəниден бақилыққа аттанды. Күні бүгінге дейін ана тіліне адал болып, ұлтқа қызмет етіп жүргендері де жеткілікті. Өмір талабына байланысты басқа салаларға ауысып кеткендері де көп. Енді бүгін, олардың барлығының аты-жөнін айтып шығу мүмкін болмаса да, есімде қалған кейбіреулерін айтып өтейін. Олар: Қуаныш Төлеметов (марқұм), Нəмет Сүлейменов (марқұм), С.Бекбосынов (марқұм), Райымбек Əбсейітов (марқұм), Икрам Жолаев (марқұм), Үсен Қарасаев (марқұм), дəрігер Əбсалан Шадиев (марқұм), Төлеу Қуанышева (марқұм), Ұлдар Өтегенова (марқұм), ақын Аманүл Исақұлова, Даниярхан Ілясов, Шаруа Пірмат, Қалиолла Маджанов, Лесбек Байжанов, Байдулла Қонысбек, Болат Тілеубердиев, Қабылбек Төретай, Хиуаз Əлішева, Қабылбай Бердияров, Мамырбек Құдияр, Мұхамеджан Рүстемов жəне мектеп директорлары Зəуре Садықбекова, Қатира Қадырбаева, Үрипа Анартаева, Рахима Мəмбеталиева, Тұрсын Дүйсенбиева, Рысбала Жұманбаева мен Шакен Орынбеков, Көшкін Елікбаев, Əбдіғапар Мырзалиев, Кəдірбек Баударбеков, Қалмахан Омар, Құлмағамбет Махан, Қозыбағар Түзелов, Роза Жұмагелдиева, Сажат Оспанов, Еділбай, Сырым, Серіпхан Сапарханов, Қатира Құрманбекова, Қалдыбек Тұрбайтегі, Садридин Қуат, Жеңіс Досжан, Əлия Сүлейменова, Сайрамнан Нышанəлі жəне кентаулық Қасымбек Дəрібаев, Төрехан Жөреханов, Құлтай Əміреев, Нұрмахан Жақаев, Ермахан Өмірзақов, Асан Байсымақ, Махамбет Нұрлыбаев, Ысқақ Жұмашев, Жəнəлі Дəрібаев, Құттыгүл Айтжанова, Бауыржан Ақылбеков, Əбу Қырқымбаев, Бекжігіт Сердəлі, Базарбай Оспанов, Жұпар Бекшораева, Құрбанкүл Қойшыбаева тағы басқалар. Қабыл ДҮЙСЕНБИ, «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері
Еліміздің жолдары қанды қырғын соғыстан да қауіпті болғаны ма? (Соңы. Басы 1-бетте).
Мысал үшін төмендегі Статистикалық агенттік таратқан мəлімет бойынша жасалған кестеге назар аударалық. Жол апатынан қаза тапқандар мен жараланғандардың саны жағаны ұстатады. Қазақстан Республикасы 2003-10 жылдар аралығындағы ЖКО салдарынан жараланғандармен қаза болғандар.
Жылдар ЖКО саны Қаза тапқандар Жараланғандар
2003 14013 2754 16951
2004 15302 3136 18794
2005 14517 3374 17442
Бұл көрсеткіштен жол-көлік оқиғаларын бүгінгі таңдағы мылтықсыз, атаусыз соғыс деуге болады. Бұл ащы болса да ақиқат. Ендеше осы «соғыстың» алдын алуға күш салмауға бола ма? Əрине əркім өз басынан бастап күресуге міндетті. Автокөліктің адамзат игілігіне жарай бастауы қоғамның алға ілгерілеу жылдамдығын өте жоғары деңгейге көтергені белгілі. Бүгінгі күнде адамдар өмірін көліксіз елестету мүлде мүмкін емес. Еліміздің экономикасының күн санап өсуіне автокөліктің тигізіп отырған əсерін бөле қарауға болмайды. Бұрынғы айшылық алыс жолдарды бүгінде осы көліктердің көмегімен ары кетсе екі, əйтпесе бір күнде жүріп өтуге болады. Ерте замандарда керуеншілердің 10 түйеге артқан жүгін бір КамАЗ-бен əкете беруге болады. Қысқасы, автокөліктердің қолданысқа енуі адамзат қоғамына ерекше серпін, оң бұрылыс əкелді. Одан көріп отырған пайдамыз шаш-етектен. Қаланың, иə даланың болсын тіршілігін
ешкім көліксіз елестете алмайды. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны сияқты бұл «арғымақтардың» адамдарға пайдасы қалай тисе, зияны да сондай тиіп жатқандығын төмендегі мəліметтер арқылы көз жеткізуге болады. ЖКО-ның шығыны жағынан 45 миллион көлігі бар Германияда, 45 миллион халқы бар Польша мен Украинада, тіпті бейресми есеп
2006 16038 4271 19389
2007 15942 4365 18951
2008 13739 3351 16400
2009 12534 2898 14788
2010 12008 2797 13878
бойынша 145 миллион халқы бар Ресейде 4 миллион автокөлігі бар біздің шаңымызды қауып қалған. Өкінішке қарай біздің жылдық көрсеткішіміз орта есеппен 3,5 мың адам. Соңғы жарты жылда 1,2 мың адам. Бұл нені білдіреді. Тек өткен 2013 жылы 3 мыңнан астам Қазақстан азаматы жолкөлік оқиғасы салдарынан мерт болған. Бұл дегенің бүгінгі бір аудан орталығының халқы. Ең өкініштісі, бұндай төтенше жағдайлар жыл өткен сайын жақсармақ түгілі керісінше өршіп, жағдай нашарлап барады. Көшелердегі қаптаған камералар, өсіп жатқан айыппұлдар, жол ережелерінің қатаңдауы сияқтылардың барлығы жол апатынан болатын адам шығынының санын азайтуға əкелген жоқ. Статистикалық агенттіктіктің мезгіл сайынғы мəлімдеп келе жатқан көрсеткіштері ойдан шығарылған сан емес, цифрға қарап жансыз сөйлейді. Ол өмірдің шындығы. Бұл есептің санын кемітудің жолы қандай?. Осындай адамды қорқыныш пен үрейге қамайтын
сұмдық көрсеткішті аталған агенттіктің жеке өз жұмысы ретінде қарап, сондай сандарға құлағымыз үйренгені соншалық, тіпті, уақыт өткен сайын «үйреншікті жағдай ғой» деп құлаққа ілмейтін болып барамыз. Көлік болған соң жол болды, көлік пен жол болған соң оқиғаның болуы да заңды емес пе деп қарайтындаймыз. Соңғы уақытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің алдындағы өзекті мəселенің бірі болып отыр. Сарапшылардың қорытындысы бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы да осы саладағы жағдайды үлкен дағдарыспен сипаттаған. Мəселен, жыл сайын əлемде 1 млн.-нан астам адам жол-көлік оқиғасынан қаза болса, жарақат алып, соның салдарынан мүгедек болатындар саны 50 млн.ның үстінде екен. Елімізге оралар болсақ, жол-көлік оқиғасының ел экономикасына тигізген шығынының өзі жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызын құрайды екен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған сұмдық көрсеткіштерді тізбелеп көрсетіп, статистикалық агенттік біреуден сүйінші сұрап сыйлық алайын демейді. Демек «неге бұлай болады?» деп ойлануымыз бек лəзім. Біз енді сонымен күресудің жолын табуға күш салуымыз керек. Оған кінəлі атқарушы билік немесе мініп жүрген астымыздағы темір тұлпар емес. Кез келген ЖКО-ның орын алуына тікелей қатысушы адамдардың өздері, яғни жүргізуші кінəлі. Көлік басқаруда ережелерге атүсті қарау, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, мас күйінде көлік тізгіндеу сияқты сан түрлі себептердің соңы қайғылы
жағдайға əкеп соғуда. Еліміздегі ЖКО-да бірінші орында тұратыны - өткелдерде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі, көлік құралдарының өзара соқтығысуы екінші орында, көліктердің аударылуы мен жануарларды басып кету 3-4 орындарға жайғасқан. Осының ішінде еліміздегі жол апатына себептің ең көп тіркелетінің бірі - жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтамау: оның ішінде жылдамдықты арттыру. Міне осының бəрі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын дұрыс ұйымдастыру мəселесін алға қояды. Ал жол қозғалысын ұйымдастыру көпжақты əрі күрделі. Бұл түйткілді мəселені шешуде ғылым мен техниканың жетістіктерін толық пайдалану, заңдылық жəне ережелерді сақтаудың, үгітнасихат жұмыстарын жүргізудің маңызы орасан зор. Қорыта келгенде жол апатының алдын алуға тек жүргізушілер ғана емес, қоғамның кез келген мүшесі атсалысуы тиіс. Оны өмірдің өзі көрсетіп отыр. Алайда ЖКО-ның болу болмауына көлік тізгіндеген адамның тікелей қатысы бар. Сондықтан оларға артылар жауапкершілік те орасан. Сондықтан, темір тұлпар тізгініне отырған əр жүргізуші жолға шыққанда «жол қателікті кешірмейді», «қауіпсіздік бірінші» деген екі сөзді əрдайым назарда ұстауы тиіс. Ең басты қағида сауатты жүргізуші, саналы жүргіншілер болғанда ғана қазақтың саны өседі. Жол апаты халқымыздың қас жауы болып отыр. Бейсен СҰЛТАНҰЛЫ, ҚазАқпарат
4
ЖҮРЕ БЕРСЕҢ, КӨРЕ БЕРЕСІҢ ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР... Кешегі аптада редакциямызға Шардара ауданынан Асылбек Есенбаев есімді оқырман телефон соғып, бізге былай деді: «Жас Алаш» газетінде Ғалымжан Елшібайдың «Ұлт мұратын ұлықтаған басылым» атты мақаласы шығыпты. Ол «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдық мерейтойы туралы екен. Осы мақаласында көп жайларды айта келіп, Ғалымжан Елшібай былай депті: «Бас басылымға көптеген абзал азаматтар басшылық жасады. Олардың ішінде Əсет Тілеукеевті, 22 жыл редактор болған «əулиедей Əбекең» атанып кеткен Əмірсейіт Əлиевті, белгілі жазушы Нұрғали Оразды, Оразхан Жарқынбекті, Анар Аспанды, жас та болса газетке зор серпін берген Бейсенбай Тəжібаевты ерекше атап өтуге болады». Иə, мақала авторы осылайша біраз адамдарды бөле-жарып, ерекше атап өтіпті. Осыған байланысты менде мынадай сұрақ туындады: «Оңтүстік Қазақстан» газетін басқарған басқа да азаматтар, атап айтқанда, Кəрім Үкібай, Иса Омар, Абай Балажан мырзалар бұл ерекше тізімде неге жоқ? Олар автор айтқандай абзал азаматтар қатарына кірмей ме, əлде кезінде газетті дұрыс басқара алмады ма? Оларды мақала авторы «абайсызда» ұмытып кетті ме, əлде олардың аты-жөнін əдейі сызып тастады ма? Бұл кісілердің атын Ғалымжан Елшібай сызып тастағанмен, тарих сызып тастай қояр ма екен? Тағы бір сұрақ. Осы Ғ.Елшібайға «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторлары болған азаматтардың қайсысы абзал, қайсысы абзал емес екенін жеке басының қалауы бойынша кесіп-пішіп айтатындай өкілдікті кім берген? Кесіп-
Ғ. Елшібай
¦ÄIËÅÒ
Облыстық білім басқармасы жауап хаттарында №38 (198) неге 4 ай бойы жауап бермеген... 24.10.2014 жыл
Сурет интернеттен алынды
АЙТПАЙЫН ДЕСЕҢ...
пішіп баға беретіндей ол өзі 90 жылдық тарихы бар «қарашаңырақта» қатардағы жай қызметкер болып бір күн жұмыс істеген бе екен? Ал енді осындай көпе-көрінеу алалауға орай əлгі аттары сызылып тасталған азаматтардың өздері не айтар екен? Газеттеріңізде сол адамдардың да осыған байланысты ой-пікірлерін берсеңіздер дұрыс болар еді». ...Міне, бізге алыстан телефон шалған оқырманымыз осылай дейді. Оның бұл сұрақтарынан кейін біз де кəдімгідей ойланып қалдық. Сіз ше? Сіз ойландыңыз ба, құрметті оқырман? С. БАСТАУ. «Замана» газеті.
САРЫАЄАШТАЄЫ ДАРЫН ДАУЫ немесе ўжымын жирендірген Джеренова ќылмыскер ме? Газетіміздің 10 қазандағы №36 санында "Сарыағаштағы дарын дауы немесе ұжымын жирендірген Джеренова қайдан пайда болды?" деген мақала жарық көрген болатын. Мақалада, Қазақстандағы ең үздік 40 мектептің қатарында тұрған Сарыағаштағы №4 мамандандырылған дарын мектебінің Раушан Джеренова директор болып тағайындалғалы жағдайының күрт төмендей бастағаны туралы жазылған еді. Раушан Джеренова бар-жоғы бір жылдың ішінде өзінен бұрынғы директор Гүлзинат Юсупованың Сарыағаштағы дарын мектебінің абыройының асқақтауы үшін 7 жыл бойы төккен тері мен еткен ерен еңбегін еш қылды. Гүлзинат Юсупованың тұсында жиналған талантты, мықты мұғалімдер Раушан Джеренованың теперішіне шыдас бере алмай, дарынды тастап кетуге мəжбүр болды. Одан кім ұтты, кім ұтылды? Əрине, сол дарында білім алып жатқан балаларымыз бен еңбектері бағаланбаған сондай ұстаздарымыздың қадіріне жетпей оларға араша түсе алмаған біз, сарыағаштықтар ұтылдық. Мысалы, дарын мектебі ашылғалы дəріс беріп, қанша оқушыны жүлдегер етіп шығарған қазақ тілі пəнінің жоғары санатты мұғалімі Əбдіманап Тасболат пен география пəнінің жоғары санатты мұғалімі Тəңірберген Есенов біздің дарыннан кеткендерінен ешқандай ұтылған жоқ. Шымкент қаласындағы жаңадан ашылған Н.Назарбаев атындағы мектебінің директоры, кім болса да көреген азамат екен, ол екеуін сөзге келместен мұғалім етіп қабылдап алды. Егер мықты мұғалімдер болмаса Назарбаев мектебі оларды не қылсын? Əбдіманап пен Тəңірберген екеуі де ұстаздыққа жан-тəнімен берілген мұғалімдер, олардың əлі талай оқушыны жүлдегер ететіні сөзсіз. Алайда ол жүлдегерлер біздің сарыағаштықтар болмай шығатыны жанға батады! Сонда біздің ұтылғанымыз емей немене? Жеті жылдық еңбегі еш болған қайран Гүлзинат апай-ай! Егер өзі болғанда тіріде айырылар ма еді сондай ұстаздардан!? Ал Джеренова болса ойланған да жоқ! Осы Раушан Джеренова Сарыағашқа не мақсатпен келді екен?! Келгелі бергі іс-əрекетін таразыға салып қарайтын болсақ, ол дарын мектебін көтеру үшін келмеген сияқты?! Мысалы директор болып тағайындалып келе сала мектепте авторитарлық жүйе орнату үшін, сайлану керек кəсіподақ комитетінің төрағасын алады да өзі тағайындай салады. Басшы бұндай əрекетке бару үшін не заңды қақпайтын, не заңды белден басатын біреу болу керек. Ал енді өзінің жеке үйін жинатып, сырлатып, жөндетіп, тарақандарын улату үшін ұялмастан мектеп қызметкерлерін пайдаланғаны, директор Раушан Джеренованың мəдени деңгейін көрсетіп тұрған жоқ па? Диктаторлық саясатына қарсы келіп, өз пікірлерін білдіргендеріне бола жоғары санатты мұғалімдерінен ойланбастан айрыла салған директорды білікті, білімді басшы деп кім айта алады? Ол мұғалімдерді бұрынғы директор Гүлзинат Юсупова дарын мектебіне қалай тартты десеңізші? Раушан Джеренова келгелі дарын мектебіне лайықты емес оқушылардың қабылданып, кейбір сыныптағы оқушылар саны 50-ге бір-ақ шыққанын, өзіне қосымша сабақ алып, бірақ сабақ өтпей ақшасын өзі жеп кеткенін өткенде жаздық. Бірақ, ол мақалада Раушан Джеренованың сыбайластық, құқықбұзушылық жəне қылмыстық əрекеттен де кенде емес екенін жазбаған едік. Қанша дегенімен ғылым кандидаты деген аты бар, жоғары
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
оқу орындарында дəріс берген деп естігенбіз, өзі директор болғаннан бергі жағдайды түсініп, өз еркімен Сарыағашымызды өзінен құтқаратын шығар деген үміт бар еді. Сөйтсек қателесіппіз! Джереновамыз мақала шығысымен дарын мектебінде жиналыс шақырып, өзі туралы жазылған мақаланы талқыға салып, жиналыс соңында хаттама түзіп, құқық қорғау органдарына жүгінетінін ұжым алдында жария етіпті. Мейлі, ол өзінің құқы. Құқы деймін-ау, егер ұмытпасам ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 3-бабына сай Р. Джеренова мемлекеттік қызметшіге теңестірілген тұлға болғандықтан, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы» жарлықтың 18-тармағына сай, егер БАҚ-ғы өзі туралы сын негізсіз болса, міндетті түрде заң органдары арқылы ақталуы тиіс сияқты. Оны енді уақыт көрсете жатар. Ал ендеше өзі ғылым кандидаты, жоғары оқу орындарында дəріс те берген, қазіргі таңда Сарыағаштағы мамандандырылған №4 дарын мектебінің директоры Раушан Омарханқызы Джеренованың керек десе сыбайластық, құқық бұзу жəне қылмыстық əрекеттерден де қайтпайтыны туралы бірер сөз. Джеренова Раушан былтыр келісімен, "қаймаққа-жаймақ" демекші, директорлық айлығынан бөлек қосымша қаржы түсіп тұруы үшін 9 сағат жүктемемен сабақ беретін болады. Мейлі ғой, қанша қосымша ақша алса да адал еңбегімен заң аясында алса алсын, бірақ Джереновамызда ақшасын алғанымен сабақ бергісі келмейтіні бар да. Арада екі-үш ай өтіп бүкіл ұжымы өзіне қарсы шығып, іс насырға шаба бастасымен Джеренова қосымша алып отырған қаражатын заңдастыру мақсатында, дереу жалған құжат рəсімдеуге кіріседі. Өзі мөрі мен қолын қойып тұрып шығарған 2 пункттен тұратын бұйрығына, жарты жыл өткен соң "задним числом" 3-ші пунктті қосып, датасын сол күйі қалдырып өзгеріс енгізеді. Бұл пысықтыққа жата ма, заңбұзушылыққа ма, əлде қылмысқа ма? Ауданымыздың қаржы полициясын басқа келсе басқара алмайтындай Сарыағашқа екінші рет басшы болып тағайындалған Тəжіхан Жақсыбаевтың тергеушісі Мұхит Алдабековтің шығарған қаулысына сенсек, Джеренованың ісəрекетінде қылмыс құрамы анықталмапты. "Көрмес түйені де көрмес" деген. Қазір менің қолымда, Джеренованың алдыңғы шығарған бұйрығы жəне датасын сол күйінде қалдырып мазмұнына өзгерту енгізіп қойған екінші бұйрығы, екеуі де тұр. Тексеру барысында сол өзгерту енгізіп қойған екінші бұйрығының негізінде Джеренованың заңсыз айлық алғаны анықталып, бюджетке кері қайтарылса да оның əрекетінде қылмыс құрамы анықталмай қойыпты! Біздің Сарыағашта осы! Ауданымыздың қаржы полициясын Тəжіхан Жақсыбаев басқарғалы ондай қаулының оп-оңай қабылдана салатыны, жалғыз бұл емес екеніне мен өз басым 100% кепілдік бере аламын. "Үмітсіз шайтан" деген, ендігі үмітімізді ауданымызға жаңадан тағайындалып келген жаңа прокурорымызға артып көрейік, əйтпесе осы "дарын дауы" алдыңғы кеткен прокурордың тұсында көтерілген еді. Ол прокурорымыз кетерінде "қылмыс құрамы анықталмады" деген қаулыға келісімін беріп кеткенге ұқсайды ғой, шамамда?! Мен прокурор болсам, Джеренованың "связдары" қанша мықты болса да қылмыстың құрамы анық көрініп тұрған кезде, ондай қаулыға ешқашан келісімімді
бермес едім. Біріншіден, заңдылық емес заңбұзушылық салтанат құруынан, екіншіден, директорларының əрекетіне заңды баға беріледі деген бүтін ұжымның сенімдеріне селкем түсіруден, үшіншіден, өзімінің прокурор деген атымнан ұялар едім. Оны енді прокурор болған кезімде істей жатармын, ал қазір тілші ретінде шынайы шындықты жаза берейін. Директор Джеренова жалған құжат рəсімдеген қылмыстық əрекеті əшкерелене бастаған мамыр айының соңында, "больничный" дейміз ғой, еңбекке жарамсыздық парағын аштырып, зып береді. Сол зып етіп кетіп бара жатқанының өзінде заңға қайшы бұйрық шығарып кетіпті. Бұндайда "ауру қалса да əдет қалмайды" дейді. Джереновамыз дарынды балаларға арналған дарын мектебінің директорының уақытша міндетін атқаруды, білімге ешқандай қатысы жоқ, бірінші қол қою құқығы берілмеген, өзі 3 ай сынақ мерзіміне қабылданған шаруашылық жөніндегі орынбасары Құлжанов Жарылқап ағамызға №160 бұйрығымен жүктеп кетеді. Қап, Жарылқап ағам Жəнібек деген тергеуші досымның əкесі еді, досым өкпелер ме екен? Егер өкпелесе амал қанша, Сарыағашымыздағы жалғыз дарын мектебінің тағдыры мен үшін достық сезімнен жоғары тұр. Сондықтан бауырым "Джони" түсінушілікпен қарайды деген үміттемін. Директор Джеренова сол кеткеннен мол кетеді. Қайда кеткенін ешкім білмейді. "Ойпырмай аты жаман ауру емес пе екен?" дегендер де болған көрінеді. "Иең қайда ақбозат?" деп Қызжібек айтпақшы, Джеренованың қызметтік көлігін айдайтын шопырынан сұрап білейін десе, ол да жоқ! Бастығының ауырғаны жанына қатты батып, төсек тартып жатып қалған ба, əйтеуір мектепте не өзі, не көлігі көрінбей қалды. Бір таңданарлығы, шопыр баланың мектепте не өзі, не көлігі көрінбей қалса да, айлығы айма-ай уақытылы жүріп жатыпты. Тілім жазықты ғой, директор Раушан Джеренованың кеселінің симптомдары орекеңдердің айта беретін "восполение хитрости" деген ауруына дөп келіп тұр. Қалай заңсыз іс-əрекетіне шара көрілу керек болады, Джеренова "больничный" аштырып алады да, зып береді! Қаңтар айында, директор Джеренова өзінің қырына іліккен қазақ тілі пəнінің жоғары санатты мұғалімі Əбдіманап ағайдан кек алу үшін, ол ағайдың сол дарында оқитын қызы Арайлым Икрамованың сыныбына барып, "неге əкеңе ұқсап тесіліп қарап отырсың, оңбаған, əкеңді скоро соттатам" деп, бүкіл оқушылардың алдында аузына келген балағат сөздерін лек-легімен ақтарып, Арайлымның арнамысына тиіп, жылатып кетеді. Мына қорлыққа шыдамаған Əбдіманап ағай полиция шақыртады. Полиция қызметкерлері келіп тексеру жүргізіп, Джеренованың құқық бұзған əрекетін анықтап хаттама толтырады да əкімшілік құқықбұзушылық сотына жолдайды. Джеренова да дереу "больничный" аштырып, зып ете қалады. Бірақ "больничныйда" жүріп тура еңбекке жарамды адамдай құжаттарға қол қойып, адамдарды жұмысқа қабылдап жүргеніне қарағанда оның ауруының симптомдары сол "восполение хитростиге" келіп тұр ғой. Ал Сарыағаш əкімшілік құқықбұзушылық соты Джеренованы əрі шақырып, бері шақырып сотқа келтіре алмай қояды. Бір күні полиция қызметкерлеріне Джеренованың мектептегі кабинетінде отырғаны туралы хабар жетеді, сөйтеді де полиция жедел тобы мектепке жетіп келеді. Джеренова кабинетінің есігін ішінен тез құлыптап алады да,
əкімшілік сотының жұмыс уақыты біткенше сол кабинетінен шықпай отырып алады. Сөйтіп қашып-пысып жүріп 2 ай уақытын өткізеді ғой. Полиция қызметкерлерінің Джеренованың үстінен толтырып сотқа жолдаған хаттаманың мерзімі де шығады, Джеренова да директорлық қызметіне қайта оралады. Бірақ, əкімшілік құқықбұзушылық соты Джеренованы сотты құрметтемегені үшін кінəлі деп танып, айыппұл төлету арқылы бəрібір жауапкершілікке тартады. Ғылым кандидаты, жоғары оқу орындарында дəріс берген педагогымыздың сиқын қараңыздар! Мінеки Джеренованың больничныйға кетем десе əрқашан дайын тұратын "восполение хитрости" деген диагнозы. Өзіміздің Сарыағаштағы қаржы полициясының қаулысымен Джеренованың əрекетінде қылмыс құрамы жоқ болып шықаннын айттық. Бірақ шағымданушы бір адам емес, бүтін ұжым болғандықтан қаржы полициямыз бəрі тап-таза дегенге ұялса керек, "Раушан Джеренова директор ретінде сыбайластық сипаттағы заңбұзушылыққа барды" деп, оған шара көрілу үшін облыстық білім департаментінің басшысы Альбина Елшиеваға 6 мамыр күні ұйғарым жолдайды. Содан бір ай өтеді, екі ай өтеді, үш ай өтеді, 4 ай өтеді, Сарыағаш аудандық қаржы полициясынан тырс еткен дыбыс шықпайды! Сөйтсек, қаржы полициясы бақандай 4 ай бойы, Джереноваға шара көру керек облыстық білім департаментінің жауабын күтіп жата беріпті. Ой сабаздар ой, себеп табудан шебер ғой, шіркіндерің! Облыстық білім департаментінің басшысы Альбина Елшиева мен Сарыағаш қаржы полициясының басшысы Тəжіхан Жақсыбаевтың өздерінің мына іс-əрекеттерінде сыбайластық сипат ұрып тұрған сияқты. Өйткені облыстық білім департаменті мен Сарыағаш аудандық қаржы полициясы ешкімнің əкесінің қалдырып кеткен меншігі емес, ол екеуі де ҚР заңдарын мүлтіксіз орындау керек мемлекеттік органдар! Ал заңда мемлекеттік орган басшыларының жауап беру мерзімі нақты көрсетіліп тұр, бірақ не Альбина жауап берейін демейді, не Тəжіхан "ұйғарымым қайда?" деп сұрамайды. Өздері заңды бұзып отырып, Джереноваға бұл екеуі қалай шара көрмекші? Заңнан да кішкене хабарым бар екенін осы жерде көрсете кетуіме тура келіп тұрғанын қарашы, өзінен өзі сұранып тұр! Сарыағаш аудандық қаржы полициясының бастығы Тəжіхан Жақсыбаев пен облыстық білім департаментінің басшысы Альбина Елшиева екеуі де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы кодексінің 6-бабының талаптарын бұзып отыр. Ол баптың талабын жалпақ тілде түсіндіре кетуге рұқсат етіңіздер. Тəжіхан Жақсыбаев қаржы полиция бастығы ретінде, ал Альбина Елшиева тікелей басшысы ретінде директор Джеренованың сыбайластық əрекеті анықталғаннан кейін оны жылы жауып қоя салмай, жауапқа тартуды жүзеге асыру керек. Сосын нəтижесi туралы бір айдан асырмай, Джеренованың тікелей басшысы Альбина Елшиева қаржы полиция бастығы Тəжіхан Жақсыбаевқа, ал Тəжіхан Жақсыбаев болса арыз иелеріне мiндеттi түрде жазбаша хабарлау керек. Ал бұл екеуі не істеп отыр?! Елшиева Альбина бақандай 4 ай жауап бермегені үшін, мемлекеттік органның басшысы ретінде ҚР əкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі, "мемлекеттік органның басшылары қоластындағы сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар жасаған кiнəлi адамға
қатысты өз құзырында шара қолданбаса кем дегенде 92 600 теңге айыппұл төлеу керек" деген 537 бабына сай міндетті түрде жауапқа тартылу керек. Елшиева Альбина мен Тəжіхан Жақсыбаевтың осы іс-əрекеттері бойынша да жаңа прокурорымыздың құлағына алтын сырға! Оқырман қауым менің тек тілші емес, сонымен қатар "Сарыағаш-Əділет" қоғамдық бірлестік төрағасы екенімнен хабардар шығар деген ойдамын. Ауданымызға жаңа прокурор тағайындалып келуіне байланысты дарындағы мүшелерімнің шағымдарын тіркей отырып, "дарын дауы" туралы "Сарыағаш-Əділет" қоғамдық бірлестігі атынан қыркүйектің 29-ы күні прокурорымызға ресми хатпен шыққанмын. Жаңа прокурор сазайын берді ме қайдам, 4 ай бойы үн-түнсіз бұғып жатқан қаржы полициясының басшысы Тəжіхан Жақсыбаев, тура бір ұйқысынан шошып оянғандай, облыстық білім департаментінің басшысы Альбина Елшиеваға "неге ұзақ уақыт жауап бермей отырсыңдар, өздерің жауапқа тартыласыңдар" деген мазмұнда 1 қазан күні ресми хат жолдайды. Альбина Елшиева да тықырдың таянғанын сезді ме қайдам, өзінің емес орынбасары Серік Əуесхановтың қолымен, 13 қазан күні ақтала жауап хат қайтарыпты. Хаттары да жауаптары да заңмен көзделген уақытта беріліп жатқанына қалай таңданбайсың?! Облыстық білім басқармасы жауап хаттарында неге 4 ай бойы жауап бермегендерін жазбағанымен, директор Джеренова туралы қатырып тұрып жазып беріпті! Директор Джеренова, тура бір ұстайын десең уысыңнан жылп етіп шығып кете беретін "свежий" балық сияқты, облыстық білім департаментіндегілерге еш ұстатпай қойыпты! "Енді шара көрейін деп жатсақ "больничный" аштырып кетіп қалады, сөйтіп заң бойынша шара көрілу керек 3 ай уақытты өткізіп алдық, соның "больничныйларының" заңды берілгенін анықтап беріңізші" деп, мəселені қайта Тəжіханның өзінің мойнына іліп жібере салыпты. Кімге күлкі, кімге түрпі!? Сайлау науқанында бір кемпір үміткерлердің біреуінің "мен халқыма сенемін" деген ұранын оқып тұрып, "сорың құрғыр-ай біз бұған сеніп жүрсек, бұл əлі бізге сеніп жүр екен ғой!" деген екен түңіліп. Ал директор Раушан Джеренова болса өзіне шара көрілу керек 3 ай уақытты аман-есен өткізіп, 15 қазан күні таптай болып директорлық жұмысына шыға келді. Джеренованың неге 1 айдан кейін емес, неге 5 айдан кейін емес, неге 3 айдан кейін жұмысқа шыға қалғаны енді түсінікті болды ғой деп ойлаймын. Неге 3 ай бойы ізімқайым жоғалып кеткенін сұрағандарға "денсаулығым сəл сыр беріп қалған еді, ем-дом алып жақсы болып қалдым" дейтін көрінеді, беті бүлк етпестен. Жазасыздық міндетті түрде заңбұзушылықтың қайталануына əкеліп соғатыны бар емес пе? Күні кеше Раушан Джеренова жұмысқа шығысымен бас есепші Абай Əбеевті кабинетінің есігін мөрлеп тастап кіргізбей, бұйрығымен таныстырмастан жұмыстан босатып жіберді. Абай Əбеевті жұмыстан босатуға не себеп болғаны əзірше белгісіз, менің күдігім бойынша Абайдың "Сарыағаш-Əділет" қоғамдық бірлестікке мүше болуынан-ау! Амангелді БАТЫРБЕКОВ, "Сарыағаш-ƏДІЛЕТ" қоғамдық бірлестік төрағасы, ҚР Журналистер одағының мүшесі.
¦ÄIËÅÒ
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың “Жаңа əлемдегі – жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекеніне қарасты Атамекен ауылында 2010 жылы жаңа білім ордасы салынып, пайдалануға берілген еді. Бүгінгі таңда ғасырдың талабына жауап беретін «Атамекен» жалпы орта мектебі білімді ұрпақ тəрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.
Оңтүстікқазақстандықтар 50 млн. теңгеге мүліктерін заңдастырған ОҚО-ның 11 тұрғыны 50 млн. теңгеге мүлікті заңдастырған. Облыстық əкімдіктен хабарлағандай, осы күні 133 өтініш түскен. «Мүлікті заңдастыру мемлекетке де, азаматтарға да тиімді, - дейді ОҚО облыстық əкімдігінің баспасөз қызметінен. - Себебі бұл алда тұрған жалпыға ортақ кірістер мен мүлікті мағлұмдаудағы өзіндік дайындық болып табылады. Қазіргі уақытта 11 адам өз мүліктерін 50 млн. теңгеге заңдастырды». Баспасөз қызметінің мəліметтері бойынша, ведомство жетекшісі Ысмайылбек Шалабаев қаржыны басқару жұмыстары жайлы айта отырып, облыстық бюджетке аударылған салықтық төлемнің көбеюімен мақтана алатынын атап өтті. «Биылғы жылы бюджетке 57,9 млрд. теңге түсті. Бұл - жоспардың 104,2 пайызы. Бір сөзбен айтқанда, салықтық түсімдер биылғы жылы 4,4 млрд. теңгеге өскен», - деді баспасөз қызметінен. Биылғы жылы бюджетке 75 млрд. теңге аудару жоспарланып отыр. Бюджетті шығындау бойынша да көрсеткіштер жақсарған. 355,6 млрд. теңге игерілді. Бұл жоспардың шамамен 97,3 пайызы.
Жекешелендіру барысын бақылайтын комиссия құрылады Жекешелендіру барысын мониторингілеуге негізделген комиссия құрылатын болады. Бұл туралы бүгін ҰКП жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа жəне көлеңкелі экономикаға қарсы ісқимылдар кеңесінің отырысында осы кеңестің төрағасы Азат Перушев мəлім етті. «Жекешелендіру тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мəнге де ие. Сондықтан бұл үрдісті барынша ашық түрде өткізу керек. Өкінішке қарай, кейбір жекешелендірілген мекемелер көпшілікке жарияланбай сатылған. Осы орайда жіберген депутаттық сауалға байланысты Үкімет тарапы Парламенттік бақылау комиссиясын құруға келісімін беріп отыр. Алайда, коммерциялық құпиялыққа сүйеніп, «нысандарды кім қандай бағамен жəне қандай шартпен сатып алды?» деген сауалға нақты жауап бермей жатыр», - деп тоқталды А.Перуашев. Оның пайымынша, бұл құпиялыққа сүйену дұрыс емес. Себебі, бұл меншік жеке компаниялар арасындағы қарымқатынас емес, ол халықтың меншігі мен жеке бизнес арасындағы мəселе. Бұл тұрғыдағы ақпарат барынша ашық болуы тиіс. «Осы орайда комиссия құрылуы керек. Ұлттық кəсіпкерлер палатасының президиум мүшелері барлық фракцияларда бар. Бұл тұрғыда бұл адамдарды комиссия құрамына енгізу қажет», - деп атап өтті ол. А. Перуашевтың сөзіне қарағанда, комиссияның құрылуына байланысты мəселе бір айдың ішінде шешілуі мүмкін.
Үкімет тарапы парламенттік бақылау комиссиясын құруға келісімін беріп отыр
НАУҚАН
жеңіл киімдермен еркін жүреді. 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша мектеп жанынан шағын орталық ашылған. Шағын орталықта 25 қызметкер жұмыс атқарып, 125 бүлдіршін тəрбиеленуде. 5 топтық балаларға арналған жатын бөлмелері, тамақтанатын орындары мен ойын
№38 (198) 24.10.2014 жыл
байқауында облыстық тарих пəні бойынша 2-ші орын тарих пəнінің мұғалімі Сандуғаш Бегимиоваға бұйырған болатын. Өзге де марапаттарды айтар болсақ, 2011-2012 оқу жылында мектеп директоры Д. Тынысбаева «Білім жəне Ғылым қызметкерлерінің төсбелгісімен»
5
марапатталған. Сондай-ақ мектеп басшылығы ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында тоқсан сайын мұғалімдерді Шымкент қаласына оқуға жіберіп тұратыны жолға қойылған. Ал енді оқушылар арасында 2011-2012 оқу жылдарындағы
ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРДАСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ «Мектеп - кеме, білім - теңіз» демекші, білімді ұрпақ ел тірегі, ал осы орайда оны білім нəрімен сусындататын ұстаздарға жүктелетін міндеттің салмағы тіптен ауыр. Мектеп – шəкіртті тарыдай болып кірген кезінен, таудай болып шыққанша ғана білім беріп, тəрбиелемейді, оның өмірлік ұстанымын, адамдық болмысын қалыптастырады. Бой көтеріп, жұмыс істей бастағанына көп бола қоймаған мектепте «балаға білгенін үйретуден жалықпайтын» ұлағатты ұстаздардың топтасқаны көрініп-ақ тұр. Бұл орайда, мектеп директоры Ділдагүл Тинисбаева: - Менің пікірімше, мұғалім əрдайым өткізетін сабағына үлкен дайындықпен келуі керек. Сонда сабақ өз дəрежесінде өтеді жəне шəкірттің білімге қызығушылығын оятады. Ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жан-тəнімен түйсініп, соның жолында маңдай терін аямайтын, шəкірт жүрегіне сəуле құя алар, білімді, білікті, өнегелі, мəдениетті мұғалімді қолымнан келгенше қолдаймын, көмегімді аямаймын. Ондай ұстаз қай мектептің болмасын, соғып тұрған жүрегі. Сондықтан ондай жанға құрметім, туған анама деген құрметіммен пара-пар, - деді. Ал мектепке келетін болсақ, «Атамекен » жалпы орта мектебі «Южный стройтельный» мердігер компаниясы тарапынан тұрғызылған болатын. Мектеп ғимараты 600 оқушыға арналған. 2011-2012 оқу жылында «Атамекен» негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта рəсімделді. Бүгінгі таңда мектепте 19 сыныпкомплексінде 372 оқушы білім алып, 3 мектеп алды даярлық топтарында - 54 , 5 топтық шағын орталықта 125 бүлдіршін тəрбиеленуде. Сондай-ақ бұл білім ошағы қазіргі заманғы жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталып, оқушылардың заман талабына сəйкес білім алуына барлық жағдай жасалынғаны айдан анық көрініп тұр. Атап айтқанда, кітап қоры жеткілікті кітапхана,
асхана, акт залы, медициналық пункт, үлкен спорт залы, мектеп алаңында спорттық жаттығуларға арналған құралдардың барлығы талапқа сай орналасқан. Пəндер бойынша кабинеттерді атап айтар болсақ, орыс жəне ағылшын тілдері кабинеттері лингафондық электрондық құрылғылармен жабдықталған. Сондай-ақ кабинеттер дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Интернет желісіне қосылған компьютерлік 2 сыныпта 24 оқушы бірден айналыса алады. Сонымен қатар, компьютерлік сыныптың біреуінде интерактивті тақта да орналасқан. Физика, биология, химия кабинеттерінің жанынан шағын лабораториялық кабинеттері беріліп, онда түрлі пəндік зертханалық жұмыстарға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Мектептің жылу жүйесіне Германияның «Buderus» маркалы қазандығы қойылған. Жылу жүйесі сұйық отынмен жылытылады (дизельмен). Қақаған қыстың өзінде оқушылар сыныптарда
бөлмелері де қарастырылған. Мектеп ұстаздарының жас ұрпақты тəрбиелеумен қатар, оларға сапалы білім беру жолында еңбек етіп жүрумен бірге, өздерін жан-жақты көрсетуге тырысуда. Аудан көлемінде 2011-2012 оқу жылдарында мұғалімдердің пəндік олимпиадаларында жеткен жетістіктерін атап айтар болсақ, Н.Садирова - бастауыш сыныптары арасында бас жүлдені иеленсе, тарих пəні бойынша С. Бегимова 1-орынға ие болды. Ал география пəнінен 2-орын Б. Мұратоваға тиесілі болса, Р.Балғабаева 3-орынды иемденген. Сонымен қатар, «Жаңашыл ұстаз» байқауында Ə. Қамбарова өзін жан-жақты көрсетіп, 3-орын алған болатын. Шынында мұндағы ұстаздар аз ғана уақыт ішінде біраз белестерді бағындырып үлгеріпті. Мəселен, облыс көлемінде де, мектеп ұстаздары алдынғы қатарлардан көрініп жүр. Облыстық спорттық спартакиадада «Тоғызқұмалақ» ойынынан 1-орынды иеленсе, «Білімді де білікті ұстаз»
марапатталса, пəн мұғалімдері Г.Жолдасова, А. Усипбаева, Қ.Сайтмұратова, Д.Қарынтаева аудандық кəсіподақ ұйымының мақтау қағаздарымен марапатталған болатын. «Тəулсіздігіміздің 20 жылдығына» «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен бірнеше ұстаздар марапатталған-ды, олар: Н.Садирова, А.Асқар. А.Чинибекова, А. Орынбасарова. А.Зияханова, Д.Жаздықбаев, А.Бектемировалар болса, Нұрлан Бейсенбаев Құрмет грамотасымен марапатталған. Аудандық білім бөлімінің алғыс хаттарымен «Əлемді əлдилеген - ана» тақырыбындағы аудандық кəсіподақ семинарында Г.Мамедова марапатталса, ауыл əкімшілігінен білім мен тəрбие беруде өнегелі қызметі үшін Шұбарсу əкімінің құрмет грамотасымен, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н. Садирова, мектеп медбикесі К.Зияханова, тарих пəнінің мұғалімі С.Бегимова, информатика пəнінің мұғалімі Г. Жолдасова, математика пəнінің мұғалімі Б. Мұратовалар
пəндік олимпиадада шəкірттердің жеткен жетістіктері де аз емес. 9сыныптар арасында орыс тілі пəнінен Е. Батенов ІІ орын, Т. Алмаханов 11-сыныптар арасында география пəнінен ІІ орын, 11сыныптар арасында қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен Ф. Налибекова ІІІ орын, Ғ.Жамалбек 9-сыныптар арасында ІІІ орынға ие болды. Ғылыми жоба бойынша 10-сынып оқушысы Ғ. Байтұрсынов химия пəнінен, аудандық ғылыми жоба жарысында І орында иеленіп облыстық жарысқа жолдама алып, жақсы көрсеткіші үшін облыстық білім басқармасының мақтау қағазымен марапатталған болатын. Сол сияқты, «Ақ бота» интелектуалды марафонға да мектептен 22 оқушы барып, «British Bullog» халықаралық интелектуалдық байқауына 12 оқушы қатысып қайтты. Оқушылар алдағы уақытта да үлкен додаларда бақтарын сынамақ. Соңғы уақыттағы көрсеткіштің нəтижесінде Ордабасы аудандық рейтингі жағынан білім сапасы бойынша мектеп 9-орында. Олай дейтініміз 4-сыныптар арасында МАБ көрсеткіші бойынша - 19,1 балл, ал 9-сыныптарда – 76,8 балл. ҰБТ көрсеткіші 11-сыныптар бойынша 93,5 баллды көрсеткен болатын. Бітіруші түлектердің 5-уі грант иегерлері атанды. Грант иегерінің біреуі Ғалия Қалдархан оқып жүрген ҚМТУ-нен мектеп ұстаздарының атына алғыс хат жариялаған болатын. Яғни, оқушылардың бұл жетістігі ұстаздардың жемісі. Саналы ұрпақ тəрбиелеуде сапалы білім беретін жан-жақты білімді, білгір ұстазбен қатар, бүгінгі күннің сұранысына сай келетін, заманауи жабдықпен толыққанды жабдықталған білім ордалары көбейе берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ендеше, материалдық-техникалық базасы толығымен қамтылған «Атамекен» де көшбасшы мектептердің қатарынан көрінуі тиіс. Ақжібек ƏЛІПБЕК.
ДЕНСАУЛЫҚ тілектерін айтып, ғимараттың ашылу салтанатына орай тартылған лента қию рəсімін жүзеге асырып, емхананың ішін аралып көрді, – деді əңгіме барысында жуырда ғана тұсауы кесілген емхананың аға дəрігері Бахтыгүл Алибоева. Жалпы Көктерек елді мекенінде пайдалануға берілген аталмыш емханаға қарасты бес мың адам болса, соның ішінде ересектер саны – 3120, жасөспірімдер – 210, бір жасқа дейінгі балалар – 115, бес жасқа дейінгілері – 594, 14 жасқа дейінгілер – 1668 болса, туу жасындағы əйелдер – 1122 екен. Бұдан басқа Ұлы Отан соғысының екі майдангері, Ауған
Б. Алибоева
Оңтүстік өңіріне қарасты саялы өлкеге орналасқан Көктерек елді мекені аудандағы көрікті жерлердің бірі. Оның маңайында Кеңес Одағынан бері аты Қазақстанға танымал Сарыағаш шипажайын қоспағанда, қазіргі таңда жекеменшікке тиесілі демалыс орындары көбейіп, жаңбырдан соңғы қозықұйрықтардай қаптап өсіп келеді. Заман талабына лайықты соғылған сол орындардың ішкісыртқы мазмұндары бір-біріне сай келіп, адамдарға көрсететін профилактикалық ем-домдары да сапалы. Сол көрікті шипажайларға жұрттың қысы-жазы көптеп келушілігі осы ауылдың ішкі экономикасын көтеріп, тұрғындардың да талап-тілегі арта түскен. Соның нəтижесі болар, аталмыш поселкелік округке үстіміздегі жылы дəрігерлік емхана салынды.
КӨКТЕРЕКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢИ ТҮСТІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың əр жылғы халыққа арнайтын дəстүрлі Жолдаулары негізінде көптеген шаруалар іске асып, адамдардың тұрмыс-тіршілігі жақсарып келеді. Əсіресе, «Салауатты Қазақстан» жəне «100 мектеп, 100 аурухана» атты барламалары барысында медициналық мекемелердің құрылысы көптеп қолға алынды. Соның бір жарқын айғағындай Көктерек елді мекеніндегі медициналық ғимарат көпшіліктің көңілінен шығып, адамдардың саулығын түзетуге септігін тигізуде. Осынау ғимаратты салу үшін 2013 жылы арнайы жер телімі бөлінген. Ал құрылыс жұмысын 2014 жылы сəуір айында «Ернұр Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған еді.
Республикалық бюджеттен 95 миллион ақша аударылып, сол қаржы түгелдей игерілді. Содан дəрігерлік емхана құрылысы аяқталып, бүгінгі күнде жергілікті тұрғындардың денсаулығын күзетуге алған. – Ғимарат құрылысын «Ернұр Оңтүстік» ЖШС жүргізді. Ғимарат құрылысына қажетті жалпы қаржы 95 миллион теңге болса, республикалық бюджеттен жартысы бөлінген, ал жартысы облыстық құрылыс басқармасынан қарастырылған. Дəрігерлік емхананың ашылу рəсіміне аудан əкімінің орынбасары Ə.Турдалин, аудандық емхананың бас дəрігері М.Сатбаева жəне құрылыс жұмысын жүргізіп, Көктерек ауылының көркін ашып, көкжиегін кеңейткен ғимаратты соғып берген мердігерлік компанияның басшысы Е.Амировтар
қатысты. Алғашқысы аудан əкімшілігі атынан құттықтаса, əріптесіміз сəттіліктер мен табыс тіледі. Ал «Ернұр Оңтүстік» ЖШС-нің бастығы емхананың символикалык кілтін табыс етті. Қуанышымызды бөлісу үшін біздің поселкалық округтің төңірегіне орналасқан Сарыағаш емдеуоңалту кешенінің директоры Б.Батыршаев, «Асем-Ай» зауытының директоры С.Құдайбергенов, жəне басқа да көршілес жатқан мекеме басшылары мен қызмкеткерлері де келді. Бəрі де жылы лебіздерін, тəтті
соғысының төрт ардагері, Семей полигонына қатысқан 3 адам да емхана тізімінде тұрады. Сол күнгі ашылу рəсіміне қатысқандар шын қуанып жүрді. Халық денсаулығына өте қажетті орын өз уақытында салынып, жұртшылықтың қажетін өтеуі, кеуделерге шаттық ұялатуы табиғи заңдылық, əрине. Бəрі де шын жүректен шыққан ыстық ықыластарын білдіріп жатты. Ауыл ақсақалы Қ. СҰРАПОВ: – Көпшіліктің сұранысына ие болған мұндай емханаға зəру едік. Енді міне, оған
да қол жетті. Бұрындары көшіп-қонып жүрген амбулаторияға ғимарат салу үшін арнайы жер бөлген жергілікті əкімшілікке, медициналық орынның өмірге келуіне ықпал жасаған аудан əкімшілігіне, осы құрылыстың басы-қасында болып, игілікті іске ортақ үлесін қосқан мердігерлік компанияның жігіттеріне айтарымыз алғыс, ризашылығымыз шексіз. Ауылдың жаскəрісі демей түгел қуаныштарын жасыра алмай жүр. Қартаң адамдарға да жақсы болды, əрі жақын, əрі сапалы ем жəне мұнда адамдарға медициналық көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтардың барлығы да бар екен. Енді өз қарамағындағы жұртшылықтың саулығын қадағалап, бақылауға алу, тиісті емдерін жасау дəрігерлеріміздің міндеті. Олар өз істеріне жауапкершілікпен қарай біледі деп сенеміз. Өйткені, адамзат денсаулығы біздің асыл қазынамыз, ұлтымыздың рухани байлығы ғой, оған баса назар аударған жөн. Қазірдің өзінде жергілікті тұрғындар дəрігерлер көмегіне риза қалыпта жүр. Ақ желеңді абзал жандардың өз борыштарына адал болуы бұдан кейін де осылай жалғасын таба береді деген үміттеміз, – деп ақ батасын берді. Тағы бір ауыл ақсақалы Т.Қалиқұлов: – Мен де замандасымның сөзіне қосыламын. Адамдарды емдеу үшін бар жағдай жасалынып, қажетті құралжабдықтар əкелінген екен. Енді дəрігерлеріміз адам жанының арашасы болып, аурулардың сырқаттан айығып кетуіне дəнекерлік жасауына əбден болатынына сенімдімін, – деді. (Жалғасы 7-бетте).
¦ÄIËÅÒ
БІЛІМ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең шалғай, əрі жер көлемі барлық аудандардан үлкен Созақ өңірінің Жыныс ата елді мекеніне орналасқан «Сүгір Əліұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2001 оқу жылының 1 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 16 тамыздағы №143 қаулысымен жеті жылдық «Жыныс» негізгі мектебі болып ашылды. Алғашқы кезде 102 оқушы білім алып, 35 мұғалім жұмыс жасады. 2002 жылы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №663 қаулысымен Созақ ауданы, Таукент округіндегі Жыныс негізгі мектебі тоғыз жылдық орталау мектепке ауыстырылып, дарынды домбырашы, əйгілі күйші композитор Сүгір Əліұлы есімі берілді. 20082009 оқу жылының екінші жартысынан бастап негізгі орта мектеп болып өзгертілді. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сəйкес апатты мектептерді жаңарту негізінде 2009 жылдың 1 қыркүйегінде ол 300 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектеп құрылысын салушы мердігер «ЮГ Строй Сервис-Н» ЖШСнің басшысы Созақ ауданының тумасы Бекенов Данабек. Республикалық бюджеттен 345, 282 000 теңге қаржы қаралып, ІІ қабатты типтік құрылыс нысаны толық 2009 жылы пайдалануға берілді.
Қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тəрбиелеу ең маңызды мəселе қатысып, төртеуі екінші, біреуі үшінші жүлделі орындарды қанжығалап, ал бесеуі Алғыс хаттармен марапатталған. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мектепте арнаулы топтар құрылған. Олар: оқушылардың кіші ғылыми қоғамы, 6 əдістемелік пəн бірлестігі жəне 1 шығармашылық топ жоспарлы жұмыс жүргізуде. Пəн апталықтарын, онкүндіктер, дебат, пікірсайыстар, оқырмандар конференциясын өткізу арқылы оқушылардың заман талабына сай дамуына жағдай жасалған. Сонымен бірге оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында тарихтан «Атамұра», ал қазақ əдебиетінен «Жас тілші» үйірме жұмыстары жолға қойылыпты. Сонымен қатар, Республикалық «Ақбота» марафонына 10 оқушы, «Самұрық» математикалық зияткерлік сайысына 16 оқушы қатысып, 2 оқушы бас жүлде, 6 оқушы ІІ орынды иеленген. «Русский медвежонок-2013» байқауына 20 оқушы, «Золотое руно» байқауына 15 оқушы қатысты. Əйгілі күйшінің есімімен аталатын осынау білім ордасында 52 ұстаз жас ұрпақтың оқуы жəне тəрбиесімен салиқалы түрде айналысуда. Олардың 48
мақсатында білім жетілдіру курстарына жіберу, аудандық, облыстық семинарларға қатыстыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Соңғы екі жылда 11 мұғалім оқытудағы Кембридж тəсілінің теориялық негіздерін игеріп келіпті. Жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, бұл мектеп жуырда ғана 11 жылдық білім ордасына айналған. Сондықтан 2013-2014 оқу жылында алғаш рет 11 сыныпты 18 оқушы аяқтап, ҰБТ-ке 11 оқушы қатысып, орта балы 51,7 құрады. Аталмыш сынаққа бірінші жылы ғана қатысып отырғандықтан əлгі баллды жоғары немесе төмен деп айту қиын, əрине. Ал келешекте тестілеу жүйесінен тиісті нəтиже жинап, мектеп абыройын аспандататын шəкірттер шығуы əбден мүмкін. Өйткені жаңа ғимаратта ізденіп, оқу үшін бар мүмкіндіктер мен жағдайлар тегіс жасалынған. - Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жанжақты қалыптасқан жеке тұлға тəрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу бүгінгі күннің ең басты
№38 (198) 24.10.2014 жыл
6
бастауыш сатыдан басталады. Бастауыш сынып мұғалімі жоғары білімді жəне жоғары санатты Абиш Ақеркенің облыстық білім басқармасының 2013 жылғы арнайы дипломы, облыстық білім беру жүйесінің 2011 жылғы грамотасы жəне 2010 жылғы «Жаңашыл ұстаз» байқауының жеңімпазы деген мадақтамалары бар. Əрбір баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын шебер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалуда. Мектептегі əдістемелік жұмысты осылайша ұйымдастыру арқылы əрбір мұғалімнің кəсіптік қажеттілігін, талап-тілегін ескеріп, оны қанағаттандыру жолдары іздестірілгені қуантады. Мұғалімдердің кəсіптік шеберлігін арттыруда əдістемелік жұмыстың ұжымдық белсенді түрлерін кеңінен қолданылуда екен. Осы жұмыстардың жүйелі жүргізілуі мен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылдың 22 сəуірінде «Мұғалімнің жеке тұлғасы жəне оның кəсіптік мəдениеті» тақырыбында облыстық семинар өткізілген. Өмір талабына сай кешенді оқу құралдарымен жабдықталған,
БАЯНДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖЕМІСІ Жаңа мектеп ғимаратында 22 оқу кабинеті, акт, спорт залдары мен асхана, кітапхана, медициналық кабинет жəне 4 шеберхана, арнайы жабдықталған биология, химия жəне мультимедиа, 2 компьютер кабинеттері бар. Жан-жақты жабдықталған кітапхана жұмыс істейді. Ондадағы кітап қоры қазір 14 331 бірлікті құрайды. Оның 9529 оқулықтар болса, 4209 көркем əдебиет ал 573 əдістемелік кітаптар. Негізі мектеп кітапханасы оқушыға əдебиет таңдауға, оқырманның қызығушылығын кеңейтуге көмектеседі. Ол дүниені тануға қозғау салушы, адамгершілік қарым қатынасты, жақсылық пен жамандықты, шындық пен əділдік жөнінде түсініктерін қалыптастыратын жан-жақты тəрбиенің қайнар көзі, сапалы білімнің сенімді кепілі. Кітап біздің рухани құндылығымыз, теңдесі жоқ байлығымыз. Кітапқа деген сүйіспеншілік одан алған білімін өмірде қолдана білу балаға өзіненөзі келе қоймайды. Кітапханада кітап көрмесін жасау, əңгімелесу, дауыстап оқулар, тағы басқа түрлі іс-шаралар өткізудің оқырман қызығушылығын оятуға себеп болары анық. Əсіресе пəн мұғалімдерінің оқушылардың кітапханаға келуіне ықпал етулерінің орны ерекше. Олар қандай бір шара өткізсе де оқушыларды өздіктерінен ізденуге тапсырма береді. Оқушылар Қазақстанның тарихы жайлы, аудан мен облыс тарихы туралы, аудандағы еңбек жəне соғыс ардагерлері жайлы, ауданнан шыққан белгілі өнер жəне қоғам қайраткерлері жөнінде мəліметтер жинап, əрдайым ізденісте жүреді. Сондай-ақ, 2 медициналық, 1 егу кабинеті қызмет атқарады. Олар алғашқы көмек көрсету құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Жылына бір рет оқущыларды медициналық бақылаудан өткізеді. Оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасау жəне қолөнер бұйымдарын жасап кеңінен насихаттау мақсатында мектепте ұлдар үшін ағаш, темір шеберханалары жəне қыз балалар үшін қызмет көрсету жəне қолөнер шеберханалары жұмыс жасайды. Шеберхана меңгерушілері жоспарға сай оқушылармен жүйелі жұмыс атқарады. Мектепте 2 жылу қазандығы жұмыс атқарады, ол көмірмен жылытылады. 2014-2015 оқу жылының қысқы маусымына қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілген. 2013 жылдың қаңтар айында мектеп директоры болып Гүлжан Момбекова тағайындалған. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс əкімінің Алғыс хатымен, облыстық білім басқармасының грамотасымен, «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатымен, сондай-ақ Созақ аудандық əкімшілігі мен білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған Гүлжан Төлегенқызын сөзге тарттық: - Оқу кабинеттері мұғалімдердің көмегімен көрнекі құралдармен толықтырылды. Бірақ 2002-2010 жылдар аралығында 9 сыныпты бітірген оқушылар 11 жылдық білім алулары үшін Кеңесбаев жалпы орта мектебіне Жыныс ауылынан қатынап оқыды. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында ең басты мəселе мектепті жалпы орта мектепке ауыстыру жөнінде болды. Оқушылардың Таукент кентіне қатынап оқуларына жоғарыда аталған ауарайының қолайсыз күндері мен арнайы тасымалдайтын көліктің болмау
немесе шалғай аудандағы бір мектептің тынысы
себептері көп кедергі жасады. Осылайша ауыл қариялары мен ата-аналардың аудан əкімдігіне жазған хаттарына байланысты 2012 жылдың 31 шілдесінде ОҚО Əділет департаменті, Əділет басқармасының №171-1958-13 ММ тіркеу куəлігіне байланысты Сүгір Əліұлы атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ауыстырылып, 11 жылдық мектепке айналды - деді ол. Қысы қатал, табиғаты құбылмалы Созақ өңірінің шалғайына орналасқан осы мектептің оқушылары талай қиындық көріп жүріп, ақыры ата-аналар мен олардың балаларының қуанышына орай жағымды жаңалық жүзеге асыпты. Қазіргі таңда С.Əліұлы атындағы жалпы орта мектебінде 2014-2015 оқу жылының басында оқушы саны 529 жетіп, МАД сыныптарында 100 бала тəрбиеленуде. Мектеп оқушылары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сəйкес барлық пəндер бойынша оқу бағдарламаларын игеруде. 2013-2014 оқу жылдары арасында тарих, информатика, математика, география, химия, биология, қазақ жəне ағылшын тілінен ауданда өткен пəндік олимпиадаға мектептің 11 оқушысы
жоғары білімді, төртеуі арнаулы орта білімді. Солардың ішінде педагогикалық еңбек өтілі жиырма жылдан жоғары он үш мұғалім бар. Жоғары санаттысы - 8, І санаттысы - 13, ІІ санаттысы 15 екен. 2013-2014 оқу жылдарында аудандық тамыз педагогикалық оқулары мен олимпиадаларға жеті мұғалім қатысып, тарих пəнінің оқытушысы Ханымай Шаңғараева І-ші орынды жеңіп алса, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалимасы Ақмарал Ауелханова, информатика пəнінің маманы Ербаян Сайдалиев, математикадан дəріс беретін ұстаз Гүлзат Еспаева жүлделі үшінші орындарды иеленген. Бастауышты алға бастап жүрген Келхан Мұратбекова, қазақ тілі мен əдебиетінің маманы Мереке Аққұлиева, тарих жəне география пəндерінің мұғалимасы Гүлзат Дүйсеновалар Алғыс хаттармен марапатталыпты. Мұғалімнің жұмыс істеуіне, шығармашылығына, демалуына жағдай жасау, үздік мұғалімдердің тəжірибелерін жинақтап, тарату, оларға қолдау көрсету мектептің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай мұғалімдердің сапалық құрамын арттыру мақсатында санаттарын көтеру, кəсіби деңгейлерін көтеру жəне шыңдау
талабы - дейді мектеп директоры Гүлжан Момбекова (суретте). - Осы мақсатқа жету жолында мектебімізде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Ұстаздарымыз оқушылардың бейімділіктерін анықтап, жетістіктерге жету үшін көптеген жұмыстар, атқаруда. Соның арқасында берекелі ұжым қалыптасып ұлағатты ұстаздар жоспарлы жұмыстар жүргізіп келеді. Білім берудің жаңаша сипат алуы ең алдымен бастауыш сатыдан басталады. Себебі, бастауыш сынып-бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тəрбиелеу, дамыту жəне өзін-өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сол себептен қоғамда, білім беру саласындағы өзгерістер де алдымен
жүйеге түсірілген оқу кабинеті мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жүргізуіне жəне оқушыларға жоғары деңгейде оқыту мен тəрбиелеу үрдісін ұйымдастыру үшін қызмет атқарады. Мұғалімдер тарапынан кабинетті жүйеге түсіру үшін стендтерді қазіргі заман талабына сай эстетикалық жағынан безендіріліп, көрнекілік кешені жинақталған. Бүгінгі таңда мектептерде білім мазмұның оның құрылымдық жүйесін жаңарту, өзгерістер еңгізу - білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Мектептің оқу жоспары мемлекеттік стандартқа сəйкес жасалған ҚР БҒ министрінің 2013 жылғы 8 қарашадағы №500, 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен өзгертуіне сəйкес 1-4 сыныптар 1-қосымшасымен, 59 сыныптар 4-қосымшасымен, 10 «Ə» сыныбы 7-қосымшасымен, 10 «А», 11 сыныптары 8-қосымшасымен оқытылады. Оқу жоспарында оқу вариативті компоненті жəне оқушы компоненті толық берілген. Бұл компоненттерде бейіналды жəне бейінді оқыту курстары қамтылған.
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі білімді де білікті, іскер де белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тəрбиелеу ең маңызды мəселе екені даусыз. Бұл мəселе мектепте ең маңызды мəселе болып табылады екен. ”Дарындылық тұжырымдамалары” атты құжатта “Дарынды бала дегеніміз айырықша жетістіктермен ерекшеленетін жəне іс-əрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз” делінген. Жыл бойына осындай оқушылармен жұмыс жоспарланып, тұрақты түрде бақылауда болып, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс-əрекет жасалынады. Ең алдымен дарындылықты анықтау диагностикасы жүргізіледі, əрине. Осындай жанға жайлы жаңалығымен, жас ұрпақты білімге жетелеу сияқты талпынысымен ерекшеленген ұстаздар қауымының іс-əрекетіне жергілікті тұрғындар дəн риза. “Халыққа наннан кейін ең қажетті - мектеп” - деп Ж.Дантон жай айтпаған шығар. Мектепке оң көзбен қараған мемлекеттің болашағы өте зор. “Балам дейтін жұрты болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады” дейді ел даналығы. Балаға, мектепке, ұстазға деген жақсылық ол мəңгілік сөнбейтін, өлмейтін жақсылық. Олай болса ұстаз алдында үлкен жауапкершілік тұр. Сол міндеттерді абыроймен орындау жолында бұл мектеп ұжымы да өз жұмысын жетілдіріп, оқушылардың білім сапасын көтеру үшін мүмкін жағдайдың бəрін пайдаланып жұмыс жасайды деп сенеміз. Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ.
Бəрі де адам үшін, бəрі де адам игілігі үшін
АЙМАҚ
¦ÄIËÅÒ
№38 (198) 24.10.2014 жыл
7
БІЛІМ Елбасымыздың жасаған Жолдаулары халық ішінде қолдау тауып отыр. Оған себеп сол құжаттардағы көтерілген мəселелердің маңыздылығы, көпшіліктің көңілін дөп басқан ұсыныстар мен алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға əбден болатындығы. Ондағы қозғалған жəйттер зейінді түрде зерттеліп, саналы түрде сарапталған жəне заманауи қажеттіліктерден туындаған. Барлық сала тегіс қамтылған, соларды атқару барысына бағыт сілтенген жолдаулардағы сантүрлі бағдарлама аясында Оңтүстік өңірінде де талай істер атқарылып жатыр. Мəселен, «100 мектеп, 100 аурухана» негізінде осы екі салада да қаншама ғимараттар бой көтерді. Соның бірі Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауылындағы «Қарағұр» жалпы орта мектебі. Коммуналдық мемлекеттік мекеме статусына кіретін бұл білім ордасы 2009 жылы тапсырылған болатын.
қоры бар. Мектептегі дəрістер таза қазақ тілінде өтеді, шəкірттер екі ауысыммен оқиды. Есепсіз дүние болмас деген, жыл сайын сан алуан қажеттіліктерге арнайы қаржы қарастырылады. Биылға, бізге бюджеттен жалпы 119046000 теңге бөлінген. Оның 500 000 теңгесі ағымдағы жөндеуге, 342 6000 теңге міндетті оқу қорына бөлінген. Бір оқушыға кететін шығын 205 606 теңге болса, ал бір мұғалімге кететін шығын 1946809 теңгені құрайды. Мектеп асханасында 153 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оған 3 978 000 теңге қаралған.
бағаланып, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Басқа ұстаздар да құралақан емес екен. Атап айтсақ, Г.Есенқұлова – бастауыш сынып мұғалімі, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», Д.Нұржанова – тарих пəнінің мұғалімі, «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау институтының ІІІ дəрежелі дипломымен, Г.Абдрахманова – химия пəнінің мұғалімі, «Оңтүстік Қазақстан облысы үздік мұғалімі» белгісімен, С.Тəшенов – АƏД пəнінің жетекшісі, ҚР Қорғаныс Министрлігінің «С.Нұрмағанбетовтің
қағазымен», Т.Исабекова – бастауыш сынып мұғалімі, ОҚО білім басқармасының мадақтамасысымен, Т.Рахманбердиева – физика пəнінің мұғалімі, ОҚО білім басқармасының «Ең үздік физик-2014» номинациясымен марапатталған. Ұстаздардың орташа сағат жүктемесі 18,4. Тереңдетіліп оқытылатын пəндер жоқ болғанымен бейінді оқуды ұйымдастыру жұмыс істейді. Əрі мұнда 3 ақылы үйірме бар. Онда 45 бала бар. Ал ақысыз 25 үйірмедегі балалар саны – 375. Биыл жазда мектеп бітіруші 32 оқушының 18-і ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына
Т. Малбағаров
ҚАРАҒҰРДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ӨЗ ЖЫЛЫЖАЙЫ БАР
600 орындық мектептің құрылысын Рашид Тұяқов басшылығындағы «Шымкентқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қолға алды. Өздеріне артылған сенімді ойдағыдай ақтаған мердігерлік компания жас ұрпаққа білім беретін алтын ұяны өз уақтысында салып бітірді. Республикалық бюджеттен бөлінген 608 миллион теңге қаржы толық игерілді. Жергілікті тұрғындардың шаттығын шарықтатқан мектепте қазіргі таңда 550 шəкірт оқып жүр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы ақынның сөзін өмірлік қағида етіп алған 65 мұғалім екі ауысыммен оқитын балаларға дəріс береді. Олардың 62-сі жоғары білімді, соның ішінде 8-і – жоғары санатты, 29-ы – І санатты, 11-і – ІІ санатты. Осы ретте біз сол ұстаздардың жетекшісі, мектеп директоры Талғат Малбағаровты сөзге тарттық. – Елбасының тікелей нұсқауымен өмір есігін ашқан білім ордаларының бірі сіздердің «Қарағұр» атты мектептеріңіз туралы мəлімет бере кетсеңіз. – «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, салынғанына біраз жылдың жүзі болса да бастапқы келбеті мен көркін сақтап тұрған мектебіміздің материалдық-техникалық базасы жаман емес. Оған көп көңіл аударамыз. Бізде 29 кешенді сынып бар. Соның 28-і дəрісхана. Қашықтықтан оқыту қондырғысы қойылған. Мультимедиалық бір кабинет, ғаламтор жүйесіне қосылған 69 компьютер орнатылған екі кабинет, интерактивті
қатысып, орташа есеппен 65 балл жинапты. Пəндік олимпиада жарыстарына қатысқан бір оқушы облыстан жүлдегер болып оралса, төрт оқушы облыстық ғылыми жобалар байқауынан жүлделі болып қайтыпты. Мектептің жалпы көрсеткіші осындай. Ал шаруашалық жағына келсек, 2013 жылы мектеп өз күшімен жылыжай салыпты. Оның көлемі 2 соттық. Ағымдағы жылдың сəуір айынан бастап пайдалануға беріліп, көкөніс егіліп, жинап алынды. Қысқа дайындық жұмыстары да тындырымды жүргізілген. Мектепті жылытатын екі қазандық жұмыс істейтін көрінеді. Олар қатал қысқа сақадай сай тұр екен. Ал, қысқы отынның 50 пайызы дайындалып қойылыпты.
тақта, спорт жəне акт залдары оқушылардың игілігіне ұсынылған. Кабинеттердің барлығы да керекжарақтармен толық жабдықталған. Технология пəні бойынша 4 оқу шеберханасы бар. Ол жерде ағаш, темір өңдеу, аспаздық өнер мен тігін тігуді үйретеді. Алғашқы екеуі ұл балалар үшін, соңғылары қыз балалары үшін жабдықталған осынау шеберханаларда еңбек сабағынан дəріс өткізіледі. Сырттағы спорт алаңы шыныққысы келгендердің, осы саланың əр түрімен айналысатындардың тұрақты мекені, сүйікті орны. «Бірінші байлық – денсаулық» қой, əрине. Соған орай балалардың денсаулығына жауапты медициналық кабинет бар. Ол кабинет те барлық құрал-жабдықтармен, дəрідəрмекпен қамтамасыз етілген. Шəкірттердің ақыл-ойын дамытып, сана-сезімдерін өсіруге көмектесетін жəне сабақтан тыс қосымша білім алуға негіз қалайтын кітапханада 20798 кітап
Сондай-ақ білім ордасын жылыту жүйесі автономдық қазандық арқылы болғандықтан оған 85000 литр сұйық отын қажет. Сол сұйық отынға деп 9 690 000 теңге қаралған. «Бəрі де адам үшін, бəрі де адам игілігі үшін» деген ұранды талай жыл айтып келеміз. Мектепке байланысты айтсақ, жоғарыдағы тілге тиек етілгеннің барлығы да енді бала үшін, əрине, – деді ол. Талғат Раматұлы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданындағы Қарағұр елді мекенінің төл тумасы. Шымкенттегі педагогика институтының жалпы техникалық пəндер, физика жəне еңбек мамандығы факультетін тəмамдаған. Ұстаздық еңбек жолын өзі түлеп ұшқан ұясы «Қарағұр» (бұрынғы Ф.Энгельс) мектебінде бастаған. Осы ауылдағы əкім аппаратында іс басқарушы болып та қызмет атқарған. Дегенмен, білім саласына қайта оралып, 2005 жылы аталмыш мектептің директоры болып тағайындалған. Көп жылғы сіңірген еңбегі
туғанына 90 жыл» төсбелгісімен, Е.Дүйсен – музыка пəнінің мұғалімі, ОҚО білім басқармасының «Лауреаттық дипломы», ОҚО білім басқармасының «Алғыс хатымен», ОҚМПИ-ның «Алғыс хаты», А.Қожабеков – информатика пəнінің мұғалімі, «Ең үздік пəн кабинеті» байқауында «Өрлеу» педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының І дəрежелі дипломымен марапатталды. Г.Жаймбаева – қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі, оқушылардың кіші ғылыми академиясының ғылыми жобалар байқауында оқушысы І орын алғаны үшін ОҚО білім басқармасының дипломымен, Н.Төлтаев – география пəнінің мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының ІІ дəрежелі дипломымен, А.Есжанова – орыс тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының ІІ дəрежелі дипломымен, М.Əділбекова – тарих пəнінің мұғалімі, Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Мақтау
Қаратау сілемдерінің солтүстігін қымтап жатқан Созақ елінің табиғаты тамаша болғанымен, қыс айлары қаталдау, құбылмалы келеді. Қардың қалыңдығынан кейде орталықпен жалғастыратын жол бекітіліп, екі арадағы қарым-қатынас та, байланыс та үзіліп қалады. Жергілікті тұрғындар тығырықтан шығып кету үшін əуел бастан дайындалады. «Қыстың қамын жаз ойла» деп дана қазақ тегін айтпаған. Аталмыш мектеп ұжымы тек күні ертең қылышын сүйретіп кіріп келетін қаһарлы қысқа ғана емес, басқа да мəселелер бойынша дайындық жұмыстарын жақсы жолға қойыпты. Көп нəрсенің алдын ала білуі арқасында білім ордасы ағымдағы жөндеуден ойдағыдай өткен. Жоғарыда ескерткеніміздей, көкөніс өнімдерін өздерінен өндіру үшін жылыжай да салынып, оның жемісін де көріп отыр екен. Бұл да алдын ала ертеңгі күннің қамын ойлаудан туындаған іс-əрекет. Қол қусырып текке қарап отырған дұрыс емес. Сондай-ақ келесі жылдың түлектері ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтіп, мектеп абыройын асқақтатады деген сенімді серік еткен ұстаздар, жеңіске жетелейтін сол жолдың бағытын бүгіннен бастап түзеп, шəкірттерге білім жағынан жөн сілтеп отырғаны анық.
ДЕНСАУЛЫҚ
КӨКТЕРЕКТІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢИ ТҮСТІ
(Соңы. Басы 5-бетте). Əйелдер кеңесінің төрайымы И.Байдыбекова: – Иə, дəрігерлік емхана қай елді мекенге болса да өте қажетақ. Құдайға шүкір, бүгінгі таңда əйгілі бағдарлама аясында мұндай орындар аз салынып жатқан жоқ. Бəрі де халық игілігі үшін істеліп жатыр. Осындай игі шаралардың жүзеге асуына негіз қалаған
Елбасымыздың көрегенділік саясаты деп білеміз. Дертіне дауа, еміне шипа іздеген жерлестеріміздің барлығы да «Бəрекелді!» десуде. Аталмыш емдеу орнында жасалған жақсы жағдайлар мен ондағы дəрігерлердің сапалы қызметі, аялы алақандары мен жылы сөздерімен де қоса емдеп, сырқат жанның жағдайын жақсартып, ауруын жазуы тұрғындардың көңілінен шығып жүрген соң
қуанбаған да ше, қалпақтарын аспанға атып шаттанбаған ше?! – деп, жұрт көкейінде жүрген сөзді жеткізуге асықты. Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Г.Тұрлыбекова: – Ауылымыздың мақтанышына айналған медициналық мекеме жергілікті тұрғындардың қиыншылығына шек қойған сияқты. Ешкім ауырамын демейді, əйтсе де адам
болған соң сырқаттанасың, дəрігердің көмегіне сүйенесің. Олар тек емдеп қана қоймайды, аурудың алдын-алудың да жолдарын көздейді. Саулығыңды тексеріп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық іс-шаралармен де айналысады. Олар өз тізімінде тұрған жандардың бəрі үшін де жауапты екенін терең сезінеді. Сондықтан да ауыл адамдары жақсылық жаршысы болып дүниеге келген жаңа емхананың жағымды жаңалығына шаттанып, ондағы емдомның жұғымдылығын жұртқа жариялап жүр. Біз де қуанып отырмыз. Сол ұжымға сəттілік тілейміз! – деген лебізбен сөзін аяқтады. Көпшілік айтса айтқандай екен, жаңа емханадағы бөлмелер тегіс заманауи аппаратуралармен жабдықталған. Мұндағы жалпы бөлмелер саны – 35. Оның ішінде педиатр, терапевт, дені сау бала бөлмесі, дəрігерге дейінгі бөлме, лаборатория, гинекология, фильтр кабинеті, күндізгі стационар бөлмелері бар. Бөлмелер заман талабына сай жаңа жиһаздармен жəне медициналық кұралжабдықтармен жиһазданған. Терапевт – дəрігер бөлмесінде ЭКГ
электрокардиограмма құрылғысы, 2 кадрлы негатоскоппен, Бифазды дефибриллятормен жəне компрессорлы небулайзермен жабдықталған. Гинекология бөлмесіне гинекологиялық КГ-08 үстелі қойылған. Лаборатория бөлмесінде қанның лейкоцитарлы формула есептегіші СЛФ-ЭЦ-01-09, центрифуга КМП, қандағы қант құрамын анықтайтын құрылғы, бинокулярлы микроскоп МС-20, жартылай автоматты биохимиялық анализатормен жабдықталған. Жаңа 4 дана компьютерлер барлық жабдықтарымен бірге бөлінген. «Көктерек» дəрігерлік емханасының жоғары санатты жалпы тəжірибелі аға дəрігері Бахтыгүл Вахобқызының айтуынша аталмыш мекемеде 15 медициналық қызметкер адам жанының арашашысы болып қызмет ететін көрінеді. Жоғары санатты тəжірибелі дəрігер Құлынқара Мамековтан бастап, аға мейірбике Гүлзат Асанова, мейірбикелер Салиха Абилова, Захро Байзахова, Карима Мусиралиева, Айжан Қойсойманова, акушер Жанар Кулибаева, зертханашы Зəуреш Құрбанбаева, медициналық статист Қалдыгүл Жұмабекова, сондай-ақ кіші
мейірбике Айзада Мұсаева, тағы басқалар халық денсаулығын сақтау саласында тер төгіп жүргендер. Емхана басшысы мен дəрігер Құлынқара Əбжанұлын қоспағанда 9 жалпы тəжірибелі, жоғары санатты мейірбикелер қызмет атқаратын бұл орынға емделуге келгендерге берілетін жеңілдіктер де жоқ емес. Мəселен, 1 жасқа дейінгі, 5-жасқа дейінгі, 14-жасқа дейінгі жəне «Д» есепте тұратын балаларға тегін дəрі-дəрмектер беріледі. Ересектер арасында жүрек-қан тамыр аурулары, асқазан-ішек жара аурулары 12бармақты ішек ауруларына тегін дəрілер беріледі. Жүкті əйелдер арасында темір жетіспеушілік қан аздығының алдын алуына байланысты тегін дəрі-дəрмектер беріледі. Қазірше тек күндіз ғана жатып емделетін стационар міндетін атқарып жүрген емханаға 2015 жылы 5 төсек орын беріледі. Қаржы жағы қарастырылған, тапсырыс беру ғана қалыпты. Демек, келешекте мұнда жатып ем қабылдап, сырқаттарын түзетуге болатын жағдай жасалынады. Осылайша Елбасымыздың белгілі Жолдаулары негізінде дүниеге келген ғимараттардың бірі – «Көктерек» дəрігерлік емханасы өз жемісін бере бастады. Бетті дайындаған А. БАЙЖАУҚАР. Суретті түсірген Кендебай МҰРТАЗАЕВ.
Түсімдерінің өсу қарқыны 121,8%-ды құрап, №38 (198) 3 073,0 млн. теңге артығымен түскен 24.10.2014 жыл
ЖАРШЫ
522,0 млн. теңге, орындалуы 100% немесе 5,7 млн. теңге артығымен қамтамасыз етілді. Түсімдердің өсу қарқыны 114%-ды құрап, 2013 жылдың 9 айындағы түсімдермен салыстырғанда бюджетке 1 264,9 млн. теңге артығымен түскен. - Салық органдары құзыретіне кіретін кірістері бойынша атқарылған істердің нəтижесі қандай? - Мемлекеттік бюджет жоспары 15 288,9 млн. теңге болса, нақты түсім 15 469,7 млн. теңге, орындалуы 101,2%, 180,8 млн. теңгеге артығымен қамтамасыз етілді. 2013 жылдың 9 айымен салыстырғанда түсімдерінің өсу қарқыны 125,3%-ды құрап, бюджетке 3 124,2 млн. теңге артығымен түскен. Республикалық бюджет бойынша жоспар 6 267,3 млн. теңге болса, нақты
Жақында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, ƏлФараби ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы Нұржан Нəлібаев 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша болжамдық жоспардың орындалуы жөнінде мəлімдеме жасаған болатын. Біз Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне енгізілген соңғы өзгерістер мен Мемлекеттік бюджет бойынша бекітілген жоспардың орындалуы жəне түсімдердің өсу қарқынын білу мақсатында Нұржан Абдуллаұлын əңгімеге тартқан болатынбыз. - Өзіңіз басшылық ететін ауданның салық басқармасы тарапынан 2014 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша болжамдық жоспардың орындалуы қалай? Мемлекет қазынасына құйылатын түсімдер бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсу байқала ма? - Мемлекеттік бюджет бойынша межеленген жоспар 16 931,2 млн. теңге болса, нақты түсім 17 155,0 млн. теңге, орындалуы 101,3% немесе 223,8 млн. теңге артығымен қамтамасыз етілді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2013 жылдың 9 айында бюджетке 14 082,0 млн. теңге түскен болса, түсімдерінің өсу қарқыны 121,8%-ды құрап, 3 073,0 млн. теңге артығымен түскен. Оның ішінде: Республикалық бюджет бойынша межеленген жоспар 6 414,9 млн. теңге болса, нақты түсім 6 633,1 млн. теңге, орындалуы 103% немесе 218,2 млн. теңге артығымен қамтамасыз етілді. Түсімдерінің өсу қарқыны 138% құрап, бюджетке 1808,2 млн. теңге артық түскен. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 10 516,3 млн. теңге болса, нақты түсім 10
түсім 6 447,5 млн. теңге, орындалуы 103%, 180,2 млн. теңге артығымен қамтамасыз етілді. 2013 жылдың 9 айымен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 139% құрап, 1 799,5 млн. теңгеге артық түскен. Жергілікті бюджет бойынша жоспар 9 021,5 млн. теңге болса, нақты түсім 9 022,2 млн. теңге, орындалуы 100%, 0,7 млн. теңге артығымен қамтамасыз етілді. 2013 жылдың 9 айында 7 697,5 млн. теңге түскен болса, ағымдағы жылдың түсімдерінің өсу қарқыны 117%-ды құрап, 1 324,7 млн. теңге артық түскен. - Салықты əкімшіліктендіру бойынша қосымша резервтер туралы айтып берсеңіз. - Əл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы барлық бекітілген салық түрлері бойынша талдау жүргізе отырып, тиісті бюджеттік сыныптама коды (БСК)
8
бойынша бекітілген бөлім басшыларының ұсыныстарын сараптай келе, əкімшілендіру жұмыстарын барынша тиімді жүргізу қолға алынды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы жəне уəкілетті органдармен бірлесе отырып, ісжоспар түзіліп, салық салу мақсатында тіркелмеген объектілерге түгендеу жұмыстары жүргізілді (Бұл жерде заңды тұлғаларға, дара кəсіпкелерге жəне жеке тұлғаларға). Осы атқарылған жұмыстар барысында мемлекетке қосымша 1 944,2 млн. теңге өндірілді. Оның ішінде: · Бақылау-экономикалық жұмысының нəтижесінде, салықтық тексеруден – 0,28 млн. теңге; · Салық есептіліктерін, декларацияларды камералдық бақылау, оның ішінде жалған кəсіпорындардың контрагенттерін өңдеу жұмыстары нəтижесінде «нақты қаражат есебінен» - 400,2 млн. теңге; · Кеден одағы шеңберіндегі жанама
«Мемлекеттік бюджет бойынша жоспар артыєымен орындалды» МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ БОЙЫНША 2014 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНА БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖƏНЕ ТҮСІМДЕРДІҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (млн. теңге) 2014 ж. 9 ай жоспары
2014 ж. 9 ай нақты түсім
Ауытқу
Орынд. %
2013 ж 9 ай нақты түсім
Ауытқу
Түсімдердің өсу қарқыны %
Мемлекеттік бюджет
16931
17155
224
101
14082
3073
122
оның ішінде Республикалық бюджет
6415
6633
218
103
Жергілікті бюджет
10516
10522
6
100
4825 9257
1808 1265
138 114
Бюджет
ҚР ҚМ СК-НІҢ ҚҰЗЫРЫНА ҚІРЕТІН ҚІРІС ҚӨЗДЕРІ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ БОЙЫНША 2014 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНА БЕКІТІЛГЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖƏНЕ ТҮСІМДЕРДІҢ ӨСУ ҚАРҚЫНЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (млн. теңге) 2014 ж. 9 ай жоспары
2014 ж. 9 ай нақты түсім
Ауытқу
Орынд. %
2013 ж 9 ай нақты түсім
Ауытқу
Түсімдердің өсу қарқыны %
Мемлекеттік бюджет
15289
15470
181
101
12345
3124
125
оның ішінде Республикалық бюджет
6267
6447
180
103
Жергілікті бюджет
9021
9022
1
100
4648 7697
1799 1325
139 117
Бюджет
Курорт “САРЫАГАШ” санаторий “АЛТЫНАЙ” и “АЛТЫНАЙ ЛЮКС” Виды предоставляемых услуг в санаторном комплексе «АЛТЫНАЙ» ТОО «Отын» санаторный комплекс «Алтынай» предоставляет на основании Государственной лицензии Серии ЛП № 00052DX следующие услуги: Бесплатные услуги, входящие в стоимость путевки: 1. Орошение кишечника минеральной водой; 2. Гинекологическое орошение минеральной водой; 3. Промывание желудка минеральной водой; 4. Дуоденальное зондирование (желчь) минеральной водой; 5. Минеральная ванна, душ минеральной водой; 6. Лечебные бассейны с гидромассажем; 7. Парафино-озокеритолечение; 8. Очистительные клизмы минеральной водой; 9. Слепое зондирование (дюбаж) минеральной водой; 10. Физиолечение (УВЧ, ингаляция травами и маслами, электрофорез, дарценвал, УФО). 11. Фито чай, и т.д. Рекомендуем пройти полное лечение за 7 дней, так как Лечебный центр работает без выходных.
Платные медицинские услуги: бассейн, душ шарко, циркулярный душ, грязолечение, СПА, жакузи, автоматическое массажное кресло. Диагностика: Инструментальные методы обследования – УЗИ внутренних органов, электрокардиограмма. Консультации врачей: невропатолог, уролог, гинеколог, терапевт, мануальный терапевт Иглорефлексотерапия, Медикаментозное лечение неврологических, кардиологических, урологических. Дополнительные платные процедуры: пантовые ванны, селеновые ванны, скипидарные ванны, пихтовые ванны, аппаратное кишечное орошение (гидроколонотерапия), иглотерапия, массаж (общий и точечный).
салықтарды əкімшілендіру нəтижесінде бюджетке – 25,7 млн. теңге; · Уəкілетті органдармен бірігіп, салық салынатын базаны түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында бейөндірістік төлемдер бойынша – 443,4 млн. теңге; · Қолданыстағы салық заңдылығы талаптарын бұзған салық төлеушілерден айыппұл мен өсімпұл сомасы – 16,5 млн. теңге; · Жүргізілген мəжбүрлеп өндіру шаралар нəтижесінде – 1 058,1 млн. теңге. - «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталсаңыз. - 2014 жылғы 17 сəуірдегі № 195-V Қазақстан Республикасы Заңымен мемлекеттік баждың көтеріңкі сұраныс ставкаларын бекіту бойынша Салық кодексінің 540-бабы 9-тармақшасына келесідей толықтырулар енгізілді. Автомобильге цифрлық белгіленуі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергені үшін – 13700 пайыз (1 АЕК = 1852*137=253 724 тг.). Автомобильге цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (мемлекеттік баж мөлшері 280 пайызды құрайтын, мемлекеттік органдардың қарамағындағы көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін қоспағанда) бергені үшін – 22800 пайыз (1 АЕК = 1852*228=422 256 тг.) Аталған заң алғашқы ресми жарияланған күннен алты айдан кейін қолданысқа енгізіледі. Яғни жарияланған күні (Егемен Қазақстан 2014 жылға 19 сəуір №76 (28300)) болуына байланысты 2014 жылдың 20 қазанынан бастап қолданысқа енді. Сұхбаттасқан Мирас ƏСЕМ.
ПРИМЕЧАНИЕ: В стоимость путевки входит 4-х разовое питание, медицинское обслуживание. В номерах имеется холодильник, кондиционер, плазменный телевизор, душевая с водонагревателем и горячая вода.
— ЖАЛЮЗИ — — ДЕНЬ-НОЧЬ — — ГОРИЗОНТАЛКА —
Адрес: ЮКО, Сарыагашский р-н, п. Коктерек. Тел/факс: 8 (7252) 57-14-31. Сот.: 8 701 738 37 69, 8 701 736 73 15. E-mail: otin_kz@mail.ru Web-сайт: www.altinai.com
Тел.: 8 (7252) 97-56-32 Сот.: 8 771 322 11 32 8 702 570 00 60 tradetex@mail.ru
Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ «Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
Жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА
Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)
Тілші Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2841.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады