38 2015

Page 1

Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ

¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады

web: www.adiletgazeti.kz

№38 (241) = 2 қазан = Жұма = 2015 жыл

ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru

НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / ‫اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ‬

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 50-орыннан 42-орынға шықты

Қасиетті ана тілі ҚАЗАҚТЫҢ Бүкіл ғалам құлақ салып бір үнге, Тоқтай қалды бөгде дыбыс, діріл де. Назарбаев БҰҰ-да сөйлеп тұр, Өз ұлтының таза ана тілінде.

АЗИЯМЕН САНАСАТЫН КҮН ТУДЫ

Елбасының салмақты, салиқалы ой-толғаулары аспандаған Америкаға қазір Азияның сонау төменде емес, биікте, дəл қасында өзімен иық теңестіріп тұрғанын анық жеткізді

«Елу жылда ел жаңа». Бұл шартты түрде айтылған сөз болса керек. Əйтеуір қазір солай түсінеміз. Себебі бүгінгі өмір күнде өзгеріп, жаңарып жатады. Сондай қайнаған тіршіліктің ортасында жүргендіктен шығар, кейкейде ерекше оқиғаларды байқай бермейміз, байқасақ та таңдана қоймаймыз. Көп нəрсеге етіміз үйренді. Кешегі арман – тəуелсіздік бүгін солай болуға тиіс табиғи құбылыс ретінде қабылданады. Əлемге таңдай қақтырған Астана да бізге атам заманнан бар көне қала сияқты көрінеді. ҚР Президенті Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойына аттанғанда да, Нью-Йорктегі ұйымның биік те мəртебелі мінберіне шыққанда да жайбарақат отырғанбыз. Содан Нұрсұлтан Əбішұлы БҰҰның ресми тілдерінің бірінде, яғни қалыптасқан үрдіспен орысша емес, ауылдастарымен кездесіп тұрғандай, қазақша сөйлей бастағанда тосылып, таңданып қалдық. Бір-екі ауыз сөзден кейін ұйымның ресми тіліне көшетін шығар дегенбіз. Жоқ. Елбасы көсіліп, түйдек-түйдек ой-толғамдарын айтып тұр. Əлемнің жетекші тілдері қазақшаның жетегіне еріп, Н.Назарбаевтың айтқандарын бір-бірімен жарыса аударып, тыңдармандарына жеткізіпақ жатыр. Бұндай сыннан Нұрсұлтан Əбішұлы талай-талай желе-жортып өткен ғой. Əлемдік деңгейдегі саммиттің биік мінберіне тұңғыш рет көтерілген қазақ тілі де тосылар емес. Қандай күрделі, салмақты ойларды да қиналмай жеткізе алатынын көрсетіп бағуда. «Біздер «жасыл» экономикаға көшудің ұлттық тұжырымдамасын бекіт-

тік, – деді Елбасы. – Жойылып бара жатқан Арал теңізінің мəселесі біздің өңірге ғана емес, бүкіл əлемге қатер төндіреді. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көшіріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Арктикадан табылып отыр. Дүниежүзілік банктің қолдауымен біз Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтірдік. Біз БҰҰ-мен жəне халықаралық қауымдастықпен бұрынғы Семей ядролық полигоны аймағын сауықтыру жөнінде белсенді түрде ынтымақтастық орнатып отырмыз. Орталық Азия елдері бұл экологиялық проблемалармен күресу үшін көмек күтеді». «Қалауын тапса қар жанады» де-

Тағдырдың сан сынағынан СҮРІНБЕЙ ӨТТІК Жылдар жылжыған сайын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің де қатары сиреп барады. Арамызда жүргендерінің алды жүзден асса, арты тоқсанға шықты бүгінде. Сұрапыл күндерді бастан кешкен ұрпақтың айтары қай кезде де таусылмайды ғой. Таяуда Шымкентте тұратын санаулы ардагерлердің бірі де бірегейі, талай жыл сот саласының білікті қызметкері болған, жасы 90нан асса да қайраты кемімей, көзінен от көрінетін ағамыз Айтжан Бекназаровтың үйіне барып, аз-кем əңгімелесіп қайтқан едік. Қойған сауалдарымызға тұшымды жауап алдық. (Жалғасы 2-бетте).

ген осы да. Дүниежүзінің ығайлары мен сығайлары жиналған мынадай теңдессіз жиында əлемнің ең күрделі мəселелерін Назарбаев қазақша жеткізіп тұр. Біздің есімізге анау-мынау шенеуніктердің бес-он адамның алдына шыққанда «мен жұрттың бəрі түсінетін тілде сөйлеймін» деп, қазақшаны тұқыртып қоятыны түсті. Елбасы Америка Құрама Штаттарына сапарының қорытындысы бйынша БАҚ өкілдерімен кездесуінде БҰҰ Бас ассамблеясының мінберінен еліміздің мемлекеттік тілінде алғаш рет сөйлегені туралы да айтып өтті. «Менің мемлекеттік тілдегі сөзім, оның Ұйымдағы барлық ресми алты тілге ілеспе аударылуы да жақсы нышан болды»,– деді Елбасы. Иə, жақсы

нышан ғана емес, керемет үлгі-өнеге десе де жарасады. Əсіресе өз үйінде, өз ауылында, өз қаласында бүгежектеп қазақша сөйлей алмай жүргендерге бұл нағыз сабақ емес пе. ҚР Президенті көптен бері көп мəселені ел-жұртының алдында да, əлем халықтары алдында да ашық айтып жүр. Себебі сол – Қазақстанның ешкімнен жасыратын ештеңесі жоқ, ол ашық, зайырлы, демократия жолындағы ел. Сондықтан əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жөніндегі мақсатын да жасырмай, жария етіп отыр. Жаңа Астана əлемдік озық ой-пікірлердің тоғысатын, талқыланатын қаласына айналды. Бір-бірімен қырғиқабақ түрлі діндердің өкілдері де Астанада бас

Жақында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ-ның сессиясында ҚР Президенті Н. Назарбаев қазақ тілінде баяндама жасап, өзінің ұсыныстарын айтқан болатын. ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Мемлекет басшысының əлем елдерінің алдында ана тілінда баяндама жасауы бəрімізді қуантты дейді.

Қуаныш СҰЛТАНОВ:

«Елбасының БҰҰ-ның сессиясында қазақша баяндама жасауы бəрімізді қуантты» – Жақында БҰҰ өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Əлемнің 193 елі мүше қоғамдастық сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та сөз алып, өзінің ұсыныстарын айтты. Бізді бір қуантқаны, БҰҰ бас ассамблеясында тұңғыш рет мемлекет басшысының қазақ тілінде баяндама жасауы. Өздеріңіз білесіздер, БҰҰ-ның ресми 6 тілі бар. Ал қазақ тілі оған кірмейді. Бірақ соған қарамастан БҰҰ-ның ережесінде ол тіл ресми 6 тілдің біріне аударылатын болса, онда кез келген мемлекет басшысы өз тілінде сөйлеуіне болады. Осыны Нұрсұлтан Əбішұлы жүзе асырды. Сол арқылы біздің халқымыздың үні əлемге естілді, – дейді Қуаныш Сұлтанов. Мəжіліс депутатының айтуынша, Елбасы өзінің баяндамасында бес мəселені көтерген. Соның ішінде халықарылық құқықтық мəселеге айрықша тоқталып өткен. – БҰҰ осыдан 70 жыл бұрын Біріккен ұлттар лигасы болып құрылды. Сол кездегі мақсаты соғысты болдырмау, əлемдегі бейбітшілікті сақтау еді. Сондай-ақ екінші бір мемлекеттің басқа елге басқыншылық жасауына жол бермеу болатын. БҰҰ-ның өзінің мақсаты, алдына қойған міндеті, оның жарғысына сəйкес шаралары бар. Елбасы осы тұрғыдан сараптама жасады. Əлемде белең алып бара жатқан терроризм, лаңкестік туралы мəселені көтерді. Өздеріңіз білетіндей, Сирия, Ливиядағы жағдайды айта келе, өзінің ұсыныстарын жасады, – дейді Мəжіліс депутаты. Baq.kz

қосып, түйінді мəселелерді талқылауды үрдіске айналдырды. Қазақстан көшбасшысы өз сөзінде қазақ елінің əлемдік экономиканың, əлемдік қарым-қатынас, сауда-саттықтың уақыт талабына сай дамуына сүбелі үлес қосуға бел буғанын да жеткізді: «Еуропа елдері үшін Ұлы Жібек жолы экономикасын қазіргі заман деңгейінде қайта жаңғырту маңызды болып табылады. Ол Азия-Тынық мұхиты өңірінен Еуропаға шығатын транзит мерзімін қысқарта отырып, көптеген елдерге игілік əкеледі. Біз Тынық мұхитын Еуропамен жəне Таяу Шығыспен байланыстыратын теміржол жəне автомобиль жолдарын салу арқылы оның инфрақұрылымының негізін қалап жатырмыз». Одан əрі мемлекет басшысы үлкен Еуразия идеясы төңірегінде жұмыла жұмыс істеудің маңыздылығына да тоқталды. Сондай-ақ қарулануға жұмсалатын қыруар қаржының бір бөлігін соғыс мақсатына емес, бейбіт мақсатқа жұмсау туралы да ұсыныс айтты. Бір сөзбен айтқанда, Елбасының уақыттан оза айтқан ойларын əлемнің жетекші тұлғалары түсіністікпен қабылдады. 27-қыркүйекте БҰҰ сессиясына қатысып, 28-қыркүйекте БҰҰ Бас хатшысымен кездескен Н.Назарбаев, келесі күні БҰҰ Бас ассамблеясының жалпы дебатына қатысты. АҚШ президенті Барак Обамамен ой бөлісті. Бұл арада да бірқатар маңызды мəселелерді қозғаған Елбасы БҰҰ штабпəтерін Азияға көшіру мəселесін де көтерді. Бұдан кейінгі күні де бірқатар маңызды кездесулер өткізген Президент бір сапарының өзінде жылдарға азық болатын мəселелердің шешіміне негіз қалады десе де болады. Ең бастысы ол қай жиында да, қай кездесуде де ел-жұртының мүддесін бəрінен жоғары қоя білді. Тіпті Азияны да биікке көтеріп, əлем назарын осы болашағы зор құрлыққа аударды. З.ҚЫСТАУБАЕВ.

Сөйлеп тұр ол Америка төрінен, Тыңдағанның сай-сүйегі еріген. Күллі Адамзат құлақ салды Қазаққа, Шала-шарпы, қоспа тілден жеріген. Тізгін берсең жиһад құмар, қан құмар, Бұдан əрі қара жерді тар қылар. Есіңді жи, ақылға кел Адамдар, Мына жалған бəріңнен де артылар. Ақылға кел ел басқарған көсемдер, Бұра тартпа, əділ сөйле шешендер. Зорлығыңды, қорлығыңды тыймасаң, Түпке жетер аузы түкті есерлер. Миллиондап ағылуда босқындар, Нан-суыңды қайсың, қашан тостыңдар? Үйсіз-күйсіз, барар жері белгісіз, Ал өздерің тоқсыңдар. Бірлік деген бүгінгінің талабы, Нұрсұлтанның ұсынысы бағалы. Қасіреттен арылмаған қан жұтып, Жер-Ананың жасаурайды жанары. Президенті тегеурінді, табанды, Мəңгілік ел өзгертеді заманды. Қасиетті ана тілі қазақтың, Құтқаруға қамданғандай ғаламды.

Əселхан ҚАЛЫБЕКОВА, Қазақстанның халық ақыны.

Оралмандарды ынталандыратын заң жобасы

Қыркүйектің 30-ы күні Мəжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны жəне жұмыспен қамтылуы мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Аталған заң жобасы елдің ішкі дамуының жаңа кезеңіне жəне əлеуметтік-еңбек қатынастарын жаңғыртуды көздейді. «Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында заң жобасымен олардың қоныстану өңіріне қарамастан оралман мəртебесін алу, шетелдік азаматтарға қарағанда төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі. Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда оралмандарға жағдайлар жасалады. Мəселен, жұмыспен қамту бойынша шаралар шеңберіндегі этникалық қазақтар үшін көлік шығындарын өтейтін, қызметтік баспана немесе жатақханадан бөлме беруді құрайтын əлеуметтік пакеттер қарастырылады», - деді Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, еліміздің бір өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңіріне қоныстанған оралмандар үшін де дəл жоғарыда айтылғанындай əлеуметтік топтамалар берілмек. Ал алғашқы қоныстанған, яғни Үкімет айқындаған өңірінен бес жыл мерзімінен бұрын өз бетінше көшіп-қонып, қоныс аударып кеткендер, Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқандар өздері алған мемлекеттік қолдауларды қайтаратын болады. «Оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін тұрақты тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жыл ішінде шешу көзделеді», - деді министр.

9 қазанда Тараз қаласында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.