Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№39 (242) = 9 қазан = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Тараз төрінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ елі тарихы» көрмесі ашылды
даму мен өсіп-өркендеудің мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін ұлтүстілік əлемдік валюта əзірлеу бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше елдердің күш-жігерін біріктіру қажет». Қазір елімізде, əсіресе Ресейде бірқатар басылым беттерінде рубльді ұлтаралық валютаға айналдыру туралы əңгіме үдеп тұр. Бұл да уақытша шара болады екен-ау. Елбасының мына жаңа ұсынысынан біз осыны аңғардық. Бүгін теңге, ертең рубль деп жүргенше бұл мəселені ұзақ мерзімге толық шешкен дұрыс емес пе. Онсыз да əлсіреп тұрған рубль бұндай үлкен міндеттің үдесінен шыға ала ма? Шыға қоймас, көп дегенде тек доллар, еуро жəне тағы бір валюталар арасындағы текетіресті күшейте түсер. Бізге одан не пайда? Елбасы тағы да алысты дəл болжап отыр. Осы тарихи саммитте азуын айға білеген империя басшыларының өзі бір елдің мүддесі тұрғысынан сөз сөйлеп, сөз таластырғанына да куəміз. Ал Қазақстан басшысы тағы да биік мінберден əлем жұртшылығының игілігін көздейтін биік ұсыныстарымен жиналғандарды риза етті. Ешқашан ешкімнің аузына түспеген батыл ой айтты: «Əлемді дамыту орталығы Кəрі құрлықтан Жаңа құрлыққа, Еуропадан жаһандық өрлеудің
Журналистиканы ғылым деп емес, өнер жəне өмірлік мамандық емес, жай ғана күнкөріс көзі, мал табу жолы деп түсінетіндер көбейіп кетті. Біраз жыл əр түрлі басылымда жұмыс істеп, 2010-шы жылдың мамыр айында «Əділет» деген атпен газет шығарып, біраз қиындықты бастан өткерген соң мен осыны анық түсіндім. Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мұратмақсатқа жетемін, қолға алған істен оңды нəтиже шығарамын деп талпынған адамға тəжірибеге қоса тұғырлы білім де керек екен. Осыған анық көз жеткізген соң, яғни 2013 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің магистратурасына оқуға түстім. Екі жылда Шымкент пен Астана арасында талай рет ұшақпен ұшуға тура келді. Бұрын Шымқала жаныма соншалықты жақын болса, кейінгі кездері Ақорда да ұзақтау көрмесем сағынатын қалама айналды. Əр жолы оған асыға жетемін. Ұшақ жылдамдығын баяулатып, төмендей бастағанда иллюминатордан көз салып, көрікті жерлерді іздеймін. Əсіресе Астана орманы маған ерекше əсер етеді. Қазақта «Артыңда мал қалмасын, тал қалсын» деп жатады. Ал шымкенттіктер «Артыңда мал да қалсын, тал да қалсын» дейді. Дұрыс қой. Бірақ «Артыңда орман қалсын» деген тілекті ешкім айта қоймайды. Себебі бау өсірген, шағын тоғай өсірген бағбандар болған, тұтас
АДАМЗАТ ИГІЛІГІН ОЙЛАҒАН ЕЛБАСЫ
орман өсірген жан бұрын-соңды тумапты. Назарбаевқа дейін. Нұрсұлтан Əбішұлы ғана осындай ауқымды істі қолға алып, армандай идеяны жүзеге асырды. Жел жүйткіген, боран ұйтқыған бұта-дарақсыз ен далада орман алқабы пайда болды. Ендігі жерде бұл қолдан өсірілген орман сонау Көкшетаудың табиғи орман-тоғайына барып қосылмақшы. Астана орманын төбеден, алыстан ғана емес, жақын барып, аралап та көрдім. Ол адам ой-қиялы мен күш-қуатының дұрыс бағыттай білгенде өте құдіреттілігін көрсетеді. Бұл орман Астананың ауа райы мен экологиясына, жанжануарлар əлеміне де игі əсер ете бастады. Иə, адам ой-пікірінің, білім-білігінің дұрыс бағытталуы, халық игілігіне арналуы өте маңызды нəрсе. Бұны біздің Елбасымыз сөздерімен де, мақала-сұхбаттарымен де, кітаптарымен де, ісəрекеттерімен де көрсетіп келеді емес пе. Бұны қазір біздерге – қазақстандықтарға қоса, біздерден де асырып, ТМД елдерінің көшбасшылары, тіпті алыс шетелдердің əлемге танымал тұлғалары айтып та, жазып та, мақалалар, фильмдер, кітаптар шығарып та жүр. Мұстафа Шоқай туралы магистрлік жұмысты жазу барысында ол жүріп өткен жолдармен Түркияда, Францияда, Италияда жəне басқа елдерде болдым. Сонда шетелдіктердің Нұрсұлтан Назарбаевты іскер басшы, сарабдал саясатшы ретінде жоғары бағалайтынын білдім. Біздің Президентіміз өзінің ормандай қалың ойларымен төрткүл дүние жұртшылығын аузына қаратып отыр. Күні кеше ғана өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-сессиясында сөйлеген сөзі нағыз тарихи оқиға ретінде таңбаланып қалды деп ойлаймын. Қағазға, тасқа түскені өз алдына, меніңше, Нұрағаның сөздері миллиондардың жүректеріне өшпестей болып жазылғаны да талассыз. Елбасы əлемнің түйінді мəселелерін тілге тиек етті. Əлемдік қауымдастықтағы 193 елмемлекеттің мүддесі тұрғысынан сөйледі. Туған
халқының мүддесін де естен шығарған жоқ. БҰҰның 70 жылдық тарихында тұңғыш рет оның мəртебелі биік мінберінен қазақ сөзі əлемнің жүздеген халықтарының санасына, жүрегіне жол тартты. Үлкен, салмақты ой-пікірлер айту арқылы Елбасы Қазақстанның да, қазақ тілінің де беделін жоғары көтерді. «Хиросима мен Нагасакиді атом қаруымен бомбалаудан соң 70 жыл өткенде ядролық қарусыз əлем қалыптастыру ісін адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Біріккен Ұлттар Ұйымының ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынамын. Қазақстан – ядролық полигонды жапқан жəне ауқымы жағынан төртінші ядролық қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан, сондай-ақ Орталық Азияда ядросыз аймақ құрған тарихтағы тұңғыш ел. Ядролық қарусыз аймақты əлемнің өзге өңірлерінде, соның ішінде Таяу Шығыста құрған жөн. Ядролық державалар ядролық қаруға иелік етуден бас тартқан барлық елдерге күш қолданбауға кепілдік беруге тиіс». Бұндай сөздің, ұсыныстың ядролық қарудан зардап шеккен, зардап шегуі мүмкін халықтарға қалай əсер ететінін көз алдымызға елестетіп көрейікші. Кешегі Семей полигоны аймағы қандай еді? Ұзақ жылдарға созылған жер үсті, жер асты ядролық жарылыстарынан Қазақстанның шеккен зардабын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сол ажал апанын жапқан адамның, яғни Назарбаевтың көрегендігін, елжандылығын, батырлығын қалай бағалауға болады? Басқасын айтпағанның өзінде, полигонды жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуының өзі ғана бейбітшілік күрескерлеріне де берілетін Нобель сыйлығына сұранып тұрған жоқ па?! Ұшы-қиырсыз кең əлемге сыймай, алакөзденіп отырған он-сан діндердің жетекшілерін Астанаға жинап,
Б. Абдукаримов, У. Мельдеханов, А. Исабаев
түйінді мəселелерді бірге талқылауды дəстүрге айналдырғаны, талайларды сабасына түсіргені ше? Қазақстанда проблема жоқ емес, көп. Ұлтаралық мəселелер де бар. Соның шешімі қалай табылып отыр? Бүгінде бізде құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыс тəжірибесіне, үлгісіне көптеген елдер қызығып, үйренуге құлық танытуда. Бұл істің басында кім тұр? Кімнің идеясы? Иə, жалпы идея тақыр жерден туа салмайды. Ол – ормандай қалың, таудай биік ойлардың нəтижесі. Н.Назарбаевта ой да, идея да көп. Бұл жақсы. Ал Нұрекеңнің сол идеяларды сөз жүзінде қалдырмай, іске асыра білуі одан да жақсы. Басқасы басқа, алып одақ тарап, күйреп, тəуелсіздік алған бірқатар мемлекеттер көп ұзамай қақтығыс пен соғысқа килігіп, экономикалық жағынан тұралап қалғанда, Евразиялық одақ идеясын алға шығарған, соны күні бүгінге дейін жүйелі жүзеге асыруда белсенділік, білгірлік, біліктілік, парасаттылық, көрегендік танытқан да біздің Президентіміз болатын. Қазір алғашқыда үш елдің: Қазақстан, Ресей, Беларустың ғана басын қосқан одақтың іргесі жыл санап кеңейіп барады. Əлемдік деңгейде ойлап, əлемдік масштабта іс-əрекет ететін Назарбаев бұнымен шектеліп қалған жоқ. Ол осыдан көп жыл бұрын əлемде жүз пайыз тəуелсіз ел-мемлекет болмайтынын, күшті елдер де, жаңа дамып келе жатқан елдер де бір-біріне белгілі бір деңгейде тəуелді екенін айтқан болатын. Бірбіріне санкция салып, бір-бірінің дамуына кедергі жасап жатқан мемлекеттер мысалы бұны анық көрсетуде. Санкциялар бір-екі елге емес, барлық халықтарға салқынын тигізе бастады. Жаһандық дағдарыс жақындап келеді. Бұны да Н.Назарбаев алдымен көріп, оған қарсы біріккен іс-қимыл керектігін жоғарыда тілге тиек етілген сессияда ортаға салды. «ХХІ ғасырда əлемге сапалық тұрғыдан жаңа қаржы құралдары керек, – деген ұсыныс білдірді Нұрсұлтан Назарбаев. – Жаһандық орнықты
диционный вопрос: У кого есть вопросы содокладчику? Ответ был: Нет! А через некоторое время депутат К. М. Сапарбаев сам взял слово и выступил репликой с обвинениями в мой адрес, то есть в адрес комиссии. Хочу прежде всего отметить, что я на сессии областного маслихата выступал от имени постоянной комиссии по обеспечению прав граждан и местному самоуправлению ЮКО маслихата, выражал мнения не личного характера, а всех членов комиссии. Согласно повестки дня, доклад комиссии был заблаговременно подготовлен для выступления. Тема парка Кен баба в нем не была озвучена. Однако вопрос все же был поднят. Так как частники, чьи торговые точки расположены в парке обращаются за помощью к К.
жаңа орны - АҚШ-қа, Нью-Йоркке ауысты. Содан бері көп нəрсе өзгерді, əлем өзгеше қалыптасты. ХХІ ғасырда даму орталығы əлемнің ең үлкен континенті - ғаламшар тұрғындарының үштен екісі мекендейтін, ірі ресурстар шоғырланған Азияға қарай ойысады. Азияның дамып келе жатқан экономикаларының қуатты серпіні жаһандық үдерістердің жаңа сипатын танытып отыр. Осы үдерісті ескере отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасына жаңа серпін беру үшін бұл тарихи мүмкіндікті пайдаланудың маңызы зор. Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пəтерін Азияға көшіру мəселесін ойластыруды ұсынамын». Нұрағамыз осылай өзінің пендешіліктен жоғары тұрғанын тағы да көрсетті. Үйренетін-ақ өнеге. Тəмсіл. Біз кейде сəл бір тірлігіміз қожырай бастаса, еңбегіміз сəл бір еленбей қалса, əлдекімге өкпелеп шыға келеміз. Ананың да, мынаның да табысын көре алмаймыз. Тіпті бір арызқой менің Астана мен Шымкент арасында сабылып жүріп оқығанымнан қылмыстың нышанын көріп, прокуратураға арыз жолдапты. «Бір сағат білім алу дегеннің бір ай ораза тұтқанға пара-пар сауабы боларын» білмейтін парықсызға не айтарсыз? Оған бір нəрсені дəлелдегенше, түсіндіргенше Елбасының сөзін тыңдаған немесе оқыған пайдалы. Меніңше, ең бастысы біріміз қиырға, екіншіміз шиырға тартпай, көшбасшымызды қолдағанымыз тиімді. Ұлт жоспарын орындау ісіне жұмылғанымыз жөн. Бүкіл əлем құлақ қойған əңгімені естімеу, ести тұра одан үлгі-өнеге алмау бізді мақсат-мұратқа жеткізе қоймас. Ұсақ əңгімелерді былай жиыстырып қойып, төрткүл дүние жұртшылығын риза еткен кесек ойлардан нəр алмаймыз ба? Ең дұрысы осы ғой. Қуанышбек БОТАБЕК, журналистика жəне саясаттану магистрі
Қазақ елін жер шары нақ таныды
Менен кейінгі басшылар да солай қазақша сөйлейді деп сенемін! Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ Сен қазақша сөйледің, ер Нұрекем, Тəуекелге байлап бір белді бекем. Қазақ бірге шалқиды сен шалқысаң, Қазақ бірге жүдейді сен жүдесең! Сен қазақша сөйледің, алтын Ағам, Ақ маңдайың күн сынды жарқыраған. Бересіңді əлемнен алам дедің, Бермесіңді ақылмен тартып алам. Сен қазақша сөйледің шын көсіліп, Сайрап кетті өзіңмен бірге осы жұрт. Ана тілдің жетпесек қадіріне, Қазақ болып қайтеміз күн көшіріп! Тайпалдың-ау топ жарып, Тарланбозым, Жалпағынан басып бір жалғанды өзің! Аршып бердің əлемнің алдында сен, Ана тілдің құм басып қалған көзін! Домбыраңның құлағын еппен бұрап, Сыңғырындай сөйледің сексен бұлақ. Бір елеңдеп шынымен қалды-ау талай, Өзге тілге үйреніп кеткен құлақ! Жан Нұрекем, жүрегі от, көзі нұрлы, Дүниеге естірттің өз үніңді. Қазақ Елін Жер шары нақ таныды, Қазақ Елін бес құрлық тез ұғынды. Бірде сараң уақыт, бірде шүлен, Адастырды бабамның жүлгесінен. Қазақ тілі алды орнын сен арқылы, Дүниенің ең биік мінбесінен! Алсын халық бұл күнді жылда есіне, Тіксін тұлпар бəйгенің жүлдесіне! Қазақ тілін шегелеп кеттің мəңгі, Дүниенің ең үстем мінбесіне! Өсектердің өшті үні жел құсаған, Дендеп келген айықтық шер-құсадан! Бір кінəсі осы еді артып жүрген, Өкпесі жоқ қазақтың енді саған! Ауыт МҰҚИБЕК 01.10.2015 Астана
ТІЛЕУ-ЖОЛДЫАЯҚ ЕРЛІГІН, ӨНЕГЕ ЕТТІ ЕЛ БҮГІН! 2-3-беттерде
ПАРК «КЕН БАБА»: территория заблуждений и общепита
Семь лет спустя в Шымкенте вновь стоит вопрос о передаче парковых земель в собственность государства. В частности речь идет о парке Кен баба. На брифинг по поводу этого парка журналистов собрал председатель городского филиала партии «Нур Отан» У. Мельдеханов. Он предоставил копии документов: решения судов разных инстанций, по которым часть из капитально построенных объектов в парке школьников предполагалось снести. А началось все на 42-ой сессии областного маслихата, где был озвучен отчет «О состоянии обеспечения безопасности дорожного движения в области», подготовленный специально созданной временной депутатской комиссией, в
которую вошли члены постоянных комиссий. О произошедшем рассказывает У.Мельдеханов: Мне было поручено проинформировать депутатов, всех приглашенных на сессию, о результатах работы, проведенной временной депутатской комиссией. При изучении вопроса комиссия исходила из того, что существующие проблемы с высокими показателями травматизма и гибели людей в результате дорожнотранспортных происшествий являются общими. Мы считаем, что мнение депутатов позволит правильно оценить эффективность проводимой работы и принять необходимые меры по ее улучшению. После завершения отчета прозвучал тра-
Сапарбаеву и просят его оградить их от многочисленных проверок, которые организуются по нашим запросам. Все факты, отраженные в докладе, имеют подтверждение: есть заявления от жителей города, материалы по их рассмотрению на комиссии. Кроме того еще семь лет назад глава государства Н. А. Назарбаев дал поручение о возврате парков, скверов государству, об этом все СМИ сообщали на весь Казахстан. А так как это указание Президента страны, то оно подлежит исполнению всеми государственными органами. Я с трибуны сессии маслихата области от имени комиссии напомнил об этом поручении главы государства. (Прод. на 8-стр.)
9-11 қазанда Астанада IІI Халықаралық автокөлік көрмесі өтеді