40 2014

Page 1

№40 (200) = 7 қараша = Жұма = 2014 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай үлкен шаралар өтеді

Мәңгілік Ел идеясы Ұлы Даладан басталады

Келесі бесжылдықта біздің еліміз инновациялық дамуға ден қоятын болады

ҚР Мəдениет жəне спорт министрi А. Мұхамедиұлының, ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевтың, ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Н.Əбiқаевтың назарына!

ЖАЛАЌОРЛАР ЖАУАПЌА ТАРТЫЛСЫН! «Сот кабинеті» қызметі жанданып келеді 9 айда ОҚО-да 4874 азамат сот жүйесіндегі электронды қызметке жүгінген

БАТЫЛ РЕДАКТОР БАЛАЖАН

«Оңтүстікке» қайта оралды

2-ÁÅÒÒÅ

Еңбегін ел білетін ардагер ұстаз 8-ÁÅÒÒÅ

2-3 желтоқсан күндері Астанада тұңғыш Еуразиялық құрылыс саласы конгресі өтеді


ЕЛ ТЫНЫСЫ

¦ÄIËÅÒ

Встреча акима г. Алматы со студентами университета «Туран»

Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде «Ұлттық сот жүйесі қоғамдағы тұрақтылықтың, құқық үстемдігінің, қоғам мен мемлекет мүдделерін мүлтіксіз сақтаудың, қазақстандықтардың құқығы мен бостандықтарын қорғаудың сенімді кепіліне айналуға тиіс. Қазақстан судьялары қауымдастығының халыққа қызмет етуінің зор маңызы осыған саяды» деген болатын. Өз кезегінде бұл Фемида қызметкерлерінің адам құқықтарымен бостандықтарын барынша қорғаудағы жұмыстарына əдеттегіден де көп екпін беруіне ықпал етіп, оларды ерекше қанаттандырды. Соның нəтижелі көрсеткіші Нұрсерік Кəрімұлы Шəріпов төрағалық ететін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында көрініс табуда.

31 октября 2014 года состоялась «встреча без галстуков» акима города Алматы со студентами университета «Туран». Обсуждались финансовая, культурная, образовательная и туристическая сферы деятельности южной столицы. По словам Ахметжана Смагуловича, за последние 5 лет Алматы вырос в два раза. Также увеличилась численность населения. Сегодня она составляет более 1,7 миллиона человек. Это говорит о том, что наш город растет и развивается, и ему необходимо пространство. К мегаполису присоединяются различные населенные пункты со своими проблемами, которые необходимо решать. Чтобы их решить, нужно задействовать финансовые возможности и все административные рычаги. Как сообщает аким города, на сегодняшний день ведется борьба с коррупцией. Земля, которая предназначалась для крестьянского хозяйства, подчас отдавалась под бизнес, благодаря чему коррумпированные чиновники области делали на этом деньги. Происходило строительство зданий без учета коммуникаций и без разрешения управления градостроительства города Алматы. Сейчас прокуратура ведет расследование. По словам Ахметжана Смагуловича, 6 лет назад был построен Алатауский район, на что было потрачено более 70 млрд. тенге. На эти средства возведены школы, больницы, поликлиники, детские сады и спортивные комплексы. Ведутся работы по облагораживанию всего города. Аким подчеркнул, что сейчас реализуются проекты создания благоприятных условий для развития и поддержки молодежи. На сегодняшний день актуальны вопросы трудоустройства, решение жилищных проблем, активное участие молодежи в деятельности государства. «В Алматы осуществляется ряд программ по поддержке молодых специалистов,» - отметил Ахметжан Есимов. Сейчас брошены все силы на применение антикризисных мер, развитие и улучшение благосостояния страны и ее населения. Аким подчеркнул, что Алматы является финансовоэкономическим центром страны. 20% ВВП выпадает на долю мегаполиса в поступлениях в государственный бюджет Казахстана. 30% бюджета страны формируется из доходов южной столицы. «Мы всячески поддерживаем развитие малого и среднего бизнеса. Наибольший процент поступлений денежных средств в городской бюджет дает МСБ. Благодаря этому город занимает достойное место в экономике государства». Стоит отметить, что ежегодно выделяется немалые средства на развитие малого и среднего бизнеса. Ахметжан Есимов отметил, что Алматы является крупным культурным и образовательным центром Казахстана. Здесь расположено более 300 объектов культуры, 45 высших учебных заведений, многочисленные средние специальные учреждения. Также в Алматы был построен крупный концертный зал, который вмещает 1500 человек. «Каждый третий студент страны обучается в Алматы. По окончании университета 70% молодых специалистов остаются здесь», сообщил А.С. Есимов. Градоначальник отметил, что государство делает акцент на улучшении экологической ситуации и использовании «невредных» видов транспорта. Более 150 троллейбусов, 600 газовых автобусов, более 15 трамваев уже приобретены и успешно используются, что минимизирует выбросы загрязняющих веществ в атмосферу. Завершается строительство дополнительных двух станций метро. Их запуск планируется к началу лета 2015 года. В завершении конференции Ахметжан Есимов ответил на многочисленные вопросы студентов. Ирина КРИШТОП

арандатуына, алдап-арбауына оңай түсіп, содан түрмеге тоғытылып жататыны да бар. Ал онымен күресудің бірден бір əдісі олардың уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру. Ал əлгіндей спорт алаңшаларын көптеп салу олардың тура жолдан таймай, санасы сергек, түсінік пайымы терең жас буын болып қалыптасуына жол ашады. Осыны терең түсінген Нұрсерік Кəрімұлы өз ұжымын бұдан басқа да тəрбиелік мəні бар жұмыстарға тартып отырады. Төрағаның тікелей бастамасымен ОҚО Сайрам ауданындағы №4 балалар үйінің тəрбиеленушілеріне облыс судьялары айына бір рет аталған балалар үйіне барып материалдық көмек көрсетуді дəстүрге айналдырды. Өз кезегінде бұл ондағы қамкөңіл өрендердің көңілін көтеріп, баянды болашаққа деген үмітін маздатады. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген. Мұндай ізгіліктің ертеңгі күні міндетті түрде

Өмірде мəңгі ескірмес Бағасы құнды асыл сөз. жандардың игілігі үшін «Сот кабинеті» ақпараттық сервисының тəжірибеге енгізілгені белгілі. Сот өндірісін жеңілдетуге, сондай-ақ, сот жүйесінің жеделдігін, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Сот кабинеті» қызметін жетілдіру бойынша да облыста түрлі дөңгелек үстелдер мен басқосулар ұйымдастырылды. Бұл

Н. Шəріпов

9 айда ОҚО-да 4874 азамат сот жүйесіндегі электронды қызметке жүгінген

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

қайырымды қайтарымы болары хақ. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н. Шəріповтың ұйытқы болуымен облыстағы судьялардың қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда атқарып жатқан осы жəне басқа да жұмыстары жуырда Оңтүстік Қазақстан облысы судьяларының 9 айда атқарған жұмыстарын қорытындылау мақсатында өткізілген кеңейтілген жиналыста сөз етілді. Оған облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары, судьялары, кеңсе басшысы, аудандық соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілері қатысты. Басқосуды облыстық соттың төрағасы Н.Шəріпов ашты. Ол ағымдағы жылдың 9 айында облыс соттарында сот төрелігін уақтылы жəне сапалы жүзеге асыру бағытында атқарылған нақты жұмыстарға тоқталып, азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік істер бойынша қысқаша статистикалық мəліметтерді тілге тиек етті. - Биылғы жылдың тоғыз айында сот өндірісіне түскен істер мен талап арыздар өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға артып, олардың саны 57161-ге жеткен. Аяқталған істердің саны 47113-ке жетіп, 35 мыңнан астам сот шешімдері шығарылды. Соңғы жылдары мүмкіндігінше істердің сырттай қаралуын азайтуға баса назар аударылып, ол өз нəтижесін бере бастады. Мысалы, биыл азаматтық істердің 4,7%-ы, яғни жоғарыда айтылған 35 мыңнан астам азаматтық істердің 1640-ы ғана сырттай тəртіппен қаралған. Былтыр мұндай тəртіппен қаралған істердің саны жалпы істердің 10,5%-ын құраған болатын,-деді. Заман талаптарына сай жұмыс істеу жалпыға ортақ іс. Халық жəне қарапайым

жайында Н. Шəріпов: - Жаңа технологиялардың мүмкіндігін пайдалану сот жүйесінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі. Осы мақсатта тəжірибеге енгізілген «Сот кабинетінің» арқасында электронды талап арыз қабылдау деңгейі арта түсті. Мəселен, 2013 жылдың 9 айында электронды нұсқада қабылданған арыздар саны небəрі 60 болса, биыл 4874 азамат электронды қызметке жүгініп, талап арыздар түсіріп, хаттамалармен танысып, сот актілерін беру жөнінде өтініштер берген. Бұндай жоғары көрсеткішке жаппай насихат жүргізу арқылы əрі тиянақты түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде қол жеткіздік. Осылай деген ол бүгінде облыс соттарында мемлекеттік тілде қаралған істердің жалпы көрсеткіші 72 пайыздан асқанын, ал, ішкі құжат айналымы түгелдей қазақ тілінде жүргізілетінін мəлімдеді. Осыдан кейін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жұмысы туралы алқа төрағасы З. Пірнияз 2014 жылдың тоғыз айында сот өндірісіне 4848 іс түсіп, бұл былтырғы 9 айдағы 3700 қылмыстық іске қарағанда, 1148 іске артық, яғни 26%-ға өскенін, соның 1700-ге жуық іс үкіммен аяқталса, өзге істер бойынша тиісті қаулылар шығарылғанын, оның ішінде бітімгершілік тəртібімен қаралып, аяқталған істер саны 1100-ге жеткенін атап өтті. Ал облыстық соттың азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы М. Балкен алқаның осы аралықтағы жұмысы жөнінде жанжақты ақпарат беріп, ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында «Сот медиациясы» пилоттық жобасы аясында Шымкент қаласында орналасқан соттар мен облыстық соттың азаматтық жəне əкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы судьяларының қатысуымен 280 азаматтық іс қаралғанын мəлімдеді. – Осы жылды жақсы жетістіктермен аяқтау – негізгі міндеттердің бірі. Жиында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Кəрімұлы облыстық соттың қызметкерлеріне, аудандық соттардың төрағалары мен кеңсе меңгерушілеріне осыны баса айтты. Сонымен қатар оларға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бақыт МЫРЗА.

2

Ұлы адамдамдардың айтқандарынан Елімізге белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Ата салтым - асыл мұрам, ардағым» атты этнографиялық кітап жинағынан үзінділер беруді жалғастырамыз. Ұлттық салт-дəстүрлерімізді берік сақтап, аялайық ағайын! Адамдағы ынсап əділет, мейірім – үшеуін қосып айтқанда ұждан деген ұғым шығады. Шəкəрім.

«СОТ КАБИНЕТІ» ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген. Ел басына күн туған зұлмат соғыс жылдарында етікпенен су кешкен ерлердің қатарында – Нығмет Төлендиевтің де болғаны белгілі. Нығмет Төлендиев 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, 1945 жылы елге оралған. 1962-1985 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін абыройлы атқарған асқаралы азаматқа құрмет көрсетуді азаматтық міндет деп білген облыстық сот ұжымы осы жылы Жеңіс күні қарсаңында Нығмет Төлендиевтің Шымкентте бұрынғы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатты. Бұдан бөлек Шымкент қалалық мəслихат депутаттарына шаһардағы жаңа көшелердің біріне облыстағы сот жүйесін дамытуда сүбелі үлес қосқан Нығмет ағаның ардақты есімін беру туралы ұсыныс жолдайды. Көп ұзамай халық қалаулылары олардың бұл ұсыныстарына қолдау білдіреді. Өткенге салауат айтып, сөйтіп келер күннен береке тілейтін Нұрсерік Кəрімұлының өскелең ұрпақтың, əсіресе, ауылдағы жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін спортпен шұғылдануына баса назар аударып, сол мақсатта Қазығұрт ауданынан «Əділет» спорттық алаңын ашуға ұйытқы болғаны өз алдына бір төбе əңгіме. Иə бүгінде жасөспірімдер қылмысы қоғамды қатты алаңдатып отыр. Жасөспірімдер өтпелі жас кезеңінде басы қылмысқа шатылып, жаза басып жатады. «Жазым аяқ астында». Олардың дені білместіктен қадамдарын қия басса, енді бірі абайсызда от басады. Бала көңіл бойынан кете қоймаған олардың өзгенің

№40 (200) 07.11.2014 жыл

Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең əуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тəртіп керек. Мұхтар Əуезов. Ер қимылдап іс істейді, Еш жұмысқа ерінбей. Қолы күшті білек – батыр, Жұмыр мойын темірдей. Сəкен Сейфуллин. Кісіні көрсең есікке, жүгіре шық, кешікпе. қарсы алмасаң мейманды кесір болар несіпке. Үмбетей жырау. Біреуге адам ор қазса, Өзі түсер өреге. Қабан жырау.

Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды. Қазақ мақалы. Балаларға өнер-білім берілсін, Сұлу мінез əр өнермен өрілсін. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды. Жүсіп Баласағұн. Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы. Бұқар жырау. Шəйі, сиса, асыл қылыш – ердің көркі, Ер жігіт жауға аттанған – елдің көркі. Шал ақын. Замана қалай болса – бөрік солай. Ақмолла. Жастық дəурен жазға ұқсас, Кəрілік дəурен қысқа ұқсас. Кердері Əбубəкір. Ұйықтап өтсең өміріңде, Ұйқың ешбір қанбаса, Тірлігің не, өлгенің не, Ешбір ізің қалмаса?! Қасым Аманжолов.

Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, күнəліні кешіре біл... өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле...

Адам баласы – нəпсінің құлы, маңдайына тас тимей тоқталмас. Əлихан Бөкейханов.

Бүгін барың ертең жоқ қой жалғанда, Игілігің əлдекімге қалғанда. Ахмед Йүгінеки.

Арға тартпай – арман тұл, намыс қумай – мақсат тұл. Əбіш Кекілбаев.

Бірлесе, ынтымақтаса, бірбіріміздің қате-кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен шешуге тиістіміз. Мəлік Ғабдуллин. Нəрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде болар. Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста. Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. Ыбырай Алтынсарин. Үш-ақ нəрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл... Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Əкесінің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың. Абай Құнанбаев. Есті кісі ерегіспейді Көпшіл адам бөлек ішпейді. Кенен Əзірбаев. Ел қалар, əдет қалмас. М.Қашқари. Əкім өзгерсе де, əдет өзгермейді. М. Қашқари. Азамат атану – мақтан. Тек соны кірлеуден сақтан. Қазақ дəстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды. Ғабиден Мұстафин. Елінде жақсы жігіттің Алыста даңқы зор болар. Шал ақын. Жесірдің қамын ойласаң, Жетімнің көңілі жұбанар. Базар жырау. Сананы салт туғызады. Халел Досмұхамедов. Жастық – алтын, Құрып қал салтын, Салты оның – үйрену. Елдің елдігін сақтайтын əдебиеті, тарихы, жол-жорасы. Мағжан Жұмабаев. Халықтың игі дəстүрі – біздің ең асыл мұрамыз. Бауыржан Момышұлы. Жақсы тəртіп əдетке айналса – ырыс, жаман тəртіп əдетке айналса – қырысық. Ғабиден Мұстафин. Гүлденіп тарих, көркейіп өмір, дəурен жаңғырған заманда сан алуан салт та жаңғырады. Өнер-білім тауып өскен елдің салтына да өнер-білім үлгісі, өрнегі кіреді. Мұхтар Əуезов.

Тексізден тезек артық, Арсыздан айуан артық. Бауыржан Момышұлы. Жалғанда, ойлап тұрсаң, бірлік керек, Бірлікті ойлаған соң, тірлік керек. Ағайынға алакөз бола қалсаң, Аузыңнан несібеңді біреу жемек. Төле би. Ағайынның аразы Елдің сəнін кетірер. Бұқар жырау. Өмірде мəңгі ескірмес Бағасы құнды асыл сөз. Сүйінбай Аронұлы. Өмірінде ұстазын ізетпен сыйлай отырып, өнерде озып кету – талант тарландарының ежелгі тамаша салты. Мұзафар Əлімбаев. Халқын сүйген салтын да сүйеді. Қазақ мақалы. Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды. Қазақ мақалы. Өнер-білім тауып өскен елдің салтына да өнер-білім үлгісі, өрнегі кіреді. Заман толқыны тарих теңізінің жағалауында көркем өнердің баға жетпес меруертмаржандарын қалдырады. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нəрсе – білім. Мұхтар Əуезов. Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс. Əлішер Науаи. Инабатты болса - əйел көрікті, Ақ сақал жарасса – шал көрікті. Сүйікті болса – ағайын көрікті, Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті. Жібек шатырдың жібі көрікті, Өнегелі болса – бала көрікті. Қорқыт. Ұлы адамдар есігі – бақыт көзі. Қожа Ахмет Иасауи. Бақыт дегеніміз – игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені жəне ең үлкені жəне ең жетілгені. Əл-Фараби. Бақытты өмір кезінде Бар əлемде теңі жоқ Бақытты бала туады. Жамбыл. Өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атады. Расул Ғамзатов. Жігітке мықты дəулет амандығы, Қанағат барға етпесе надандығы. Нұржан Наушабайұлы. Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе – бой жеткені болар. Сырым Датұлы.


Жемқорлықтан біздің көп генералдарымыз №40 (200) түрмеге кетіп жатыр 07.11.2014 жыл

ҚОҒАМ Н. Жоламанов

Шынында, генералдарға не болған? Осы сұрақ ойқастап, талай оқырманның ойларын он саққа жүгіртетіні шындық. Əйтеуір, ақпарат айдынында «Пəлен деген генерал парамен ұсталып, уақытша абақтыға тоғытылды» деген жаман хабар дүр етіп шыға келіп, елдің құлағын елең еткізіп жатады. Шеттерінен парақор, жемқор болып шығады. Көңілде тағы бір сұрақ кідірістейді: «Апырмай, генералдарды сол лауазымға тағайындарда, олардың өмір жолына неге шырақ ұстап үңілмеген? Қылмыстың алдын алуға болмас па екен?»

Б. Майкеев

¦ÄIËÅÒ

ГЕНЕРАЛДАРҒА НЕ БОЛҒАН?

Қалай десек те, Отанымызды қорғайды, ел қауіпсіздігі жолында жан беріп, жан алысып жүргендердің парамен қолға түсіп, пұшайман болғандарын құптай қоймайтынымыз жəне анық. Кейбір мəліметтерге сүйенсек, соңғы үш-төрт жылдың ішінде еліміздің 7 шақты генералы істі болып, «жемқор» атағын иеленіп, елді дүрліктірген екен. Бұл нені көрсетеді? Біріншіден, жемқорлықты интернет тілімен айтқанда бұғаттаймыз, «банға» жібереміз, немесе жемқорлықпен аяусыз күресеміз дегенімізбен, атам заманнан ілесіп, жағаласып келе жатқан сыбайлас жемқорлық шекарамызды да шиырлап кеткені айдан анық. Қайбір жылы Қорғаныс министріміз «ұшақтарды сатып жіберді» деген айыппен қызметінен қуылғанда жағамызды ұстаған едік. Əрине, «мұндай жағдай шетелдерде жиі болатын қалыпты жағдай» деп өзімізді «мүсіркейтіндерге» мүлде қосылмаймын. Сирияның генералдары Отанын сатып, Түркияға қашып жатты. Миллиондаған долларды қалтасына басып, параның үстінде отырып алған шетел генералдарының тізімін алуға да болады. Сыбайлас жемқорлық əдетте лауазым таңдамайды. Бірақ, аудан əкімінің жер сатып, сыбайлас жемқорлықтың бел ортасында жүргенінен, шекара қызметіндегі генералдардың парамен тұтқындалып жатқаны еліміз үшін аса қауіпті жағдай екені қарапайым адамның өзіне түсінікті жағдай. Бұл – егеменді елімізге төнген қауіп-қатер. Параға қол созған генерал айтқан жерден аулақ, ел басына күн туа қалса, Отанын сатып, шетелге қашып кетуден де айылын жимайды. Екіншіден, біздің қазақта «қөре алмастықтың кодексі» жұмыс істейтінін несіне жасырамыз? Бұған Павлодар облысының бұрынғы əкімі Ерлан Арынның қамаққа алынып, кейіннен қаржы полициясы айыптаған он шақты айыптаулардың алынып тасталуы, төтесінен айтсақ, жала жабылғаны дəлел. Кім білген, генералдардың да азуы қарамағындағы шенділерге «алты қарыстай батып кеткен» болар? Сосын олар да «қарап» қалмаған шығар? Əлде саяси ойынның бір түрі ме екен? Шынында, «біздің генералдарға не болған?» деп қайран қаласың. Тəуелсіздігімізге жиырма жылдан асып бара жатқанда, қауіпсіздігіміздің генераторы болады деген генералдарымыздың былыққа белшелерінен батып жатуы – кешірілмес күнə. Кеше ғана шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов «қызмет бабын асыра пайдаланды, ірі көлемде пара алды» деген айыптармен тұтқындалғаны белгілі. «Менің күйеуімді қамауға алынбас бұрын əлдекімдер өлтірмек болды, – деп генералдың жұбайы Гүлнар Жоламанова КТК арнасына сұхбат беріп жатты, – күйеуімнің лаңкестермен бір изоляторға тоғытылуы да осының айғағы. Батыс жақта іс сапармен жүргенде де əлдебіреулер аңдып жүріп, өлтірмек болды. Кейін Нұрланның өзі анықтады. Күйеуімнің үстінен бұрын қарамағында істеген үш офицер арыз жазған.

Əскерилерді лауазымдарынан төмендетіп, кейін жұмыстан шығарған екен. Сондықтан, олар «кек» қайтару үшін əлдекімдердің «тапсырысын» орындаған көрінеді...» Əрине, Жоламанованың ішкі күйзелісін түсінуге болады. Алайда, соңғы нүктені сот қояды. Істің ақ-қарасын сот шешеді. «Екі мың доллар пара алды» деп ұсталған бұрынғы Қорғаныс вице-министрі Бағдат Майкеевтің де үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Ол «Ақша алмақ түгілі оның түрін де көрген жоқпын! Бұл – провакация. Ақша салынған сөмкені машинама əдейі тастап кеткен!» – деп КТК арнасына эксклюзивті сұхбат берді. Генералдан күдіктіге айналып шыға келген Б.Майкеевке əлдебір кəсіпкерге мемлекеттік тендерді ұтып беру үшін 252 миллион теңге мен 147 мың доллар пара алды деген айып тағылып отыр. Өкініштісі сол, одан бірнеше ай бұрын екінші дəрежелі мемлекеттік «Даңқ» орденімен марапатталған генерал бүгінде изоляторда отыр... «Айта берсек, ауыздан ұятты» демекші, жыл басында бірнеше генералдар істі болып, ұзақ жылға сотталды. Шекара қызметінің «Батыс» өңірлік басқармасының бастығы, генерал-майор А.Ілиясов, шекаралық бақылау бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан А.Ғабдуллин, «Тажен авто» шекаралық бақылау бөлімінің бақылаушысы, аға сержант А.Есімов, 2029 əскери бөлімі командирінің орынбасары, подполковник Д.Елемесовтерге ауыр жəне аса ауыр қылмыстарды жасады деген айып тағылды. Республикалық «Айқын» газеті былай деп жазды:– «2012 жылдың басында Ілиясов мемлекеттік шекарадан өтетін адамдардан ақша алатын қылмыстық жүйені ұйымдастырған. Яғни өңірлік басқармаға қарайтын шекара бөлігінен кедергісіз өткізгені үшін алынатын параны өзінің бақылауына алған, – дейді Бас əскери прокуратура басқармасының əскери аға прокуроры, əділет майоры Кемел Шаяхмет. – Мұндай заңсыз қалтаны қалыңдату əдісін тек ұйымдасқан топ құру арқылы жасау мүмкін екендігін түсінген Ілиясов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына қажетті мөлшерде əскери қызметкерлерді, сондай-ақ азаматтық тұлғаларды тартқан. Олардың қылмыстық əрекеттерін былайша ұйымдастырады – мемлекеттік шекарадан кедергісіз өткізгені үшін алынатын параның негізгі бөлігі ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы жəне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепіл ретінде Ілиясовқа табысталады, ал қалған ақша табыстан түскен «үлес» ретінде топтың мүшелері өзара бөліске салған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне бөлініп жүктелген қызметі мен атқаратын рөлдері иерархиялық құрылыммен жасалған – пирамида тəрізді, ақша жинау жəне оны бөлісу ұйымдасқан қылмыстық топтың төменгі буынынан жоғарыда тұрғандарға қарай кетеді. Топтың басында ұйымдасқан қылмыстық топтың жалпы жұмысын басқаратын генерал Ілиясов

отырған: жиналатын параның сомасын бақылайды, ұйымдасқан топ мүшелерінің жұмысын жоспарлап, үйлестіреді, оларды қылмыстық қудалау болған жағдайда қорғауды қамтамасыз етеді, өзінің əкімшілік ресурстарын ұйымдасқан топ құрамының тұрақтылығын сақтау үшін пайдаланады. Төмендегі топ мүшелері, соның ішінде Ғабдуллин, Елемесов, Есімовтер генералдарының заңсыз нұсқауларын бұлжытпай орындаған. Шекара пункттерінде қанауды ұйымдастырған, Ілиясовқа беретін параны өз деңгейлерінде тазартып отырған. Ұйымдасқан топ «Бейнеу железнодорожное», «Тажен авто» жəне «Сырым авто» шекаралық бақылау бөлімдері арқылы өтетін шетелдік азаматтардың көліктерін тексерусіз өткізгені үшін əртүрлі сомада пара алып отырған» . Естеріңізде болар, бір жыл бұрын ҰҚК ұшағы Шымкент төңірегінде апатқа ұшыраған еді. Құзырлы орындар ұшақ апатын да сыбайлас жемқорлықтан көреді. Соның нəтижесінде қару-жарақты сатып алу мен жаңарту жұмыстарына жауапты генерал Алмаз Əсенов пен Украинаның екі азаматы «Укрспецэкспорт» компаниясының қызметкерлері Александр Школяренко жəне Александр Хрулев тұтқындалды. Қылмыстық іс материалдарына сəйкес, украиналық əріптестерінен басқа келісім-шарттар бойынша да пара алған генерал Əсенов 200 мың доллармен ұсталды. Бұл мақаланы жазудағы мақсат – жазылып кеткен жайларды қайта «жаңғырту» емес, ендігі жерде генералдарымыздың сыбайлас жемқорлықтың «вирустарын» жұқтырып алмауы үшін не істеліну керек? Ішкі-сыртқы тəртіпті нығайтудың жолдарын жетілдірудің қандай жобалары бар? Бұл түйіткілді мəселе халық қалаулыларын да бей-жай қалдырмады. Өз кезегінде олар «балықтың бастан шірімеуін» болдырмау үшін, кейбір заң талаптары мен ережелерді қатайту керектігін қадап айтуда.

P.S. Айтпақшы, Мəжіліс депутаты Бақытжан Ертаев: "Жемқорлықтан біздің көп генералдарымыз түрмеге кетіп жатыр. Тендерді яғни, мемлекеттік сатып алу байқауын алу керек. Ол жемқорлықты жояды. Əскери адам, Бас штабтың бастықтары осы мəселені алға тарту керек. Министр бар, қарау керек, Үкімет талқылау керек", – деді. Мəжілісмендердің пікірінше, ҰҚК, кеден, қорғаныс пен ішкі істер министрліктерінен мемлекеттік сатып алуларды мүлде аластатып, орнына күш құрылымдарына ортақ жүйе құруды ұсынды. Расында қорғаныс саласында, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жүргендер тендер жайын емес, тек «Отанды оттан қорғау» ісімен айналысқаны абзал ғой. Сондықтан да Халық Қаһарманының айтқаны құлаққа кіретін сияқты... Бейсен ҚОЖАМЖАРҰЛЫ.

3

ВТОБУСТАР... Шынында, ХХІ ғасыр ажал трассалары мен көшелерін біздің тағдырымызға жазып қойған секілді. Таңертең көзіңді ашып, жарық күнді тағы да көретініңді көңіліңмен түйсініп, «Аллаға мың шүкір» айтып шықсаң да, алдыңда қандай қайғылы оқиғаның күтіп тұрғанын болжай алмайсың. Күліпойнап жүріп, о дүниеге кетіп қалғандар туралы естігенде, ет жүрегің езіліп-ақ кетеді. Біреудің гүлі – қызы, енді біреудің аяулы анасы, асқар тауы – əкесі кездейсоқ жол апаттарынан бақилық болып жатады. Əсіресе, қала ішіндегі жолаушылар таситын бағыттағы автобустар бүгінде ажал қуған

автобустарға айналғаны шындық. Автобусқа қарай жүгіріп, «апырмай, қалып кетпесем екен, жұмыстан кешігіп қалмасам екен...» деп мінген адамның өмірі көзді ашып-жұмғанша қиылып кетіп жатады. Мұндайда не дей қоясың. Алғаш естігенде: «ия, обал болған екен» – деп аяушылық танытқанымен, келер күні естен де шығып кетеді. Тап бір күндегі болып жатқан «қарапайым» оқиғалардың бірі сияқты болып қалады. Ал, ажал қуған автобустардың жүргізушілерін тəртіпке шақыруға бола ма? Мұндай қайғылы оқиғалардың келешекте де орын алмауы үшін не істеуіміз керек? Бұл жағы ұмыт қалады. Бір жағы нарық дейміз бе, əлде ақшақұмарлық деп қоямыз ба, аялдамалардағы жолаушыларға асыққан автобустар бірімен бірі жарысып бара жатады... Озып бара жатқан автобус жүргіншілерді таптап кете жаздап барып, əрең тоқтайды. Тіпті кейбір автобустың жүргізушілері тəжірибесі жоқ жастар болғандықтан, тап бір сахара шөлінде жүргендей жарысады. Осындай жауапсыз жарыстардың соңы қайғылы оқиғалармен өріліп жатады. Күні кеше ғана Шымкенттің «Жоғарғы Отырар» аялдамасында қайғылы оқиға орын алды. БАҚ біткен жарыса жазып жатыр. Жан түршігерлік оқиғаны көрген куəгерлер жағаларын ұстауда. Əуелі айтарымыз, нөмірі 84-автобус аялдамада тұрған көрінеді. Дəл осы сəтте оған нөмірі 19-бағыттағы автобус келіп соғылады. Оның артынан 93бағыттағы автобус соққы берген. Көрген куəгерлердің айтуынша, соңғы екі автобус бір–бірімен жарысып келе жатыпты. Ал, жарысқанның соңы не болды дейсіздер ме, алғашқы автобус 15 метр ұшып кетіп, ағашқа соғылды да, 19-бағыттағы автобус аялдамадағы адамдарды басып қалды. Бір жас қыз доңғалақтың астында мыжылып, сол мезетте жан тапсырды. Міне, «чемпиондар» жарысы осылай аяқталады. Бірақ одан қорытынды шығып жатса қанекей? Бір кісіні өлтіріп алып, келесі күні екінші бір адамды ажал құштырады. Автобустардың артында кім тұр? Өздеріңіз білесіздер, бүгінде көп автобустар жалға беріледі. Ал, оның қожайындары əжептеуір лауазым иелері – шенеуніктер. Олар тіпті жекеменшік автобустарын туыстарының, жекжаттарының аттарына рəсімдеп қойып, «жасырын» жүреді. Мынадай қайғылы оқиғалар болып жатса, «сүттен таза, судан ақ» болып шыққанға жақсы. Бар пəле жалдаушыға жабыла салады немесе қапшықтағы ақшасын шығарып, жүргізушіні құтқарып қалады.

93-бағыттағы автобустың жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіпті. Жұрттың айтуы мынаған саяды: «Бұл бағыттағы автобустар Пəленшеев деген бастықтың автобустары ғой. Полиция жүргізушіге түк те істей алмайды. Көресің, құтылып кетеді!» Кім не демейді? Əркім əрқилы қиялдайды. Қалай десек те, өмірге құштар жас қыз ерте үзілді... Енді оның қайтып келмесі анық. Алайда, қылмыскер жүргізушілер жазаланып, автобустарға бақылаудың күшейтілмейтіні көңілді күпті етіп тұр. Бақылау демекші, Шымкентте күн сайын жолға шығатын 1200

автобусқа бақылау жүйелері ертерек орнатылса дұрыс болар еді. Навигациялық құрылғы арқылы маман бөлмесінен шықпай-ақ, компьютерден бағыттағы автобустардың жұмысын қадағалауға мүмкіндік алады. Қазір 1250 данасын сатып алу үшін қазынадан 70 млн. теңге қарастырылуда екен. Жобаның жүзеге асуы тақсыр уақыттың еншісінде. Ажал қуған автобустар жарысы Таразда да жиі кездеседі. Мұндағы жүргізушілер де бір–бірінен оза жарысып, аялдамаға таласады. Жолаушыларды бірінші болып, көбірек отырғызуға асығады. Биыл қаңтар айында «Самал» шағын ауданында Б.Момышұлы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында №55 автобус №12 автобусқа соғылды. Оқиға салдарынан 12-автобустың төрт жолаушысы зардап шекті. Елена Толстихина есімді жолаушының беті бірнеше жерден тілініп, басына ауыр соққыдан зақым келді. Автобустар арасындағы «авторалли» Алматы қаласында да «салт-дəстүрге» айналған. Қаланың көшелерінде құйындай ұшып келе жатқан автобустарды көргенде, үрейің ұшады. Өткен айдың басында автобустардың жарысы кісі өлімімен аяқталды. Сүйінбай даңғылының бойында жарысқа түскен автобус жүргізушілері не ойлады екен? Олар жол ережелеріне де пысқырмайды.Тіпті, нөмірі екінші автобус екпіндетіп келіп, жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан адамды қағып өте шықты. Жүргінші бірнеше метрге дейін ұшып түсіп, тіл тартпай кетті. Міне, біздің жеткен жеріміз осы. Айта берсек, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Өзіңіз ойлаңыз, жүргінші жолағы арқылы өтудің өзі қауіпті. Ережені есіне алмайтын жүргізушілер «зебраны» көрмейді емес, көреді, бірақ сол баяғы жол жарыстың қызуымен өздерін де, абажадай автобусты да тоқтата алмайды. Демек, сіз, құрметті оқырман, жүргінші жолағы – өмірімнің қауіпсіздігі деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Жүргінші жолағынан өтерде оңға, сосын солға қарап алыңыз. Еркінбек БАЙБАТЫРОВ. зейнеткер.

ҚР Мəдениет жəне спорт министрi А. Мұхамедиұлының, ҚР Бас прокуроры А. Дауылбаевтың, ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Н.Əбiқаевтың назарына!

ЖАЛАҚОРЛАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛСЫН! (Соңы. Басы 1-бетте). 2. Соңғы 4-5 жыл көлемінде «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайы басшылығының, атап айтқанда директор М.Садықбековтың үстінен тоқтаусыз «домалақ» арыздар жазылуда. Арыздар ұжым атынан, жекелеген ұжым мүшелерінің атынан, тіпті қала тұрғындарының атынан жазылып жатқанымен, алайда арыз жазып отырған адамдардың кімдер екендігі əлі анықталған жоқ. Сол «домалақ» арыздар бойынша қаншама тексерулер жүргенімен əлі күнге дейін арызда көрсетілген бірде-бір факт дəлелденген емес. Бəрі «Жаптым жала, жақтым күйе», «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген «ұстанымдағы», тасада тұрып тас ататын арсыз арызқой, жансыз жалақорлардың əрекеті болып шықты. Мына арыз да солардың ісі. Арызқойлар қорық-мұражайдың жұмысына көп залалын тигізуде. Одан бөлек олардың «домалақ» арыздарын құқық қорғау органдары, қаржы бақылау мамандары, министрлік өкілдері қаншама рет тексерді. Ал, мұның бəрі мемлекет үшін қып-қызыл шығын емес пе? Мемлекетке шығын келтіру де, Қазақстан Республикасының азаматына нақақ жала жабу да қылмыс болып табылады. Міне, арызқойлар тобы саналы түрде осындай қылмыстық əрекеттерге баруда. Олар М.Садықбековке жала жабу үшін қандай əрекетке болсын баруға дайын екендіктерін көрсетіп отыр. Өздері Əзірет Сұлтан кесенесін дəретханаға теңеп, қорлап, айуандықтың

айуандығын жасап отырып жəне соған М.Садықбековты кінəлауы біздің сөзімізге нақты дəлел бола алады деп ойлаймыз. Жалақор-арызқойлардың 4-5 жылдан бергі жасап келе жатқан заңсыз əрекеттері оларды ұйымдасқан қылмыстық топ деп есептеуге жеткілікті негіз болады деп есептейміз. «Көп жүрген жылан аяғын көрсетеді» дейді дана халқымыз. «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайының басшылығына қарсы ұйымдасқан қылмыстық топтың да аяғы көріне бастады. Енді оларды нақты анықтап, ауыздықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарының араласуы қажет. Олай етпеген жағдайда қылмыстық топ бұдан да сорақы, зұлым əрекеттерге баруы мүмкін. Кесенеге дəрет сындыру айуандық əрекеті де қылмыстық топтың тапсырысы болуы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Себебі, «Күзет» қызметкерлерінің айтуынша олар Кесене ішінде айуандық жасаған əйелді бұрыннан таниды жəне оның ақыл-есі бүтін емес деп біледі. Ол əйел өте жиі келіп, Кесене алдындағы орындықта отыратын болған. Кесененің ішіне кірмейтін дейді. Ал əлгі əйел 20 қазан күні таңертең Кесене ашыла салысымен ішке кіріп, кірген бойда дəретке отырған. Артынша қылмыстық топ «Əзірет Сұлтан кесенесі дəретханаға айналды» деп, сүйінші сұрағандай болып жаһанға жар салды. Бірі əрекет үшін М.Садықбековты айыптап, оған шара көруді министрден, т.б. сұрады. Қылмыстық топ М.Садықбековты айыптау үшін Кесене алдына келіп отыратын психикалық

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

ауытқушылығы бар əйелді пайдалануы əбден мүмкін... 3. Бұл топ М.Садықбековке не үшін өшігіп отыр? Мұның басты себебі: бұрын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келген зияратшылардан түсетін садақа қаржы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететін. Сөйтіп қалған болмашы қаржы ғана (5-6 млн теңге көлемінде) «Əзірет Сұлтан» қорықмұражайының арнайы есеп шотына түсетін. М.Садықбеков мұражай басшылығына келгелі бері қатаң тəртіп, мықты бақылау орнатты. Соның нəтижесінде бір жылдың ішінде зияратшылардан түсетін қаржы көлемі 7-8 есе көбейіп, 40 млн теңгеден асып жығылды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 52 980 864 (елу екі миллион, тоғыз жүз сексен мың, сегіз жүз алпыс төрт) теңгені құраса, биылғы жылдың 9 айында 43 925 951 (қырық үш миллион, тоғыз жүз жиырма бес мың, тоғыз жүз елу бір) теңге болып отыр (жинақталған қаржы қорық-мұражайдың қажетіне жаратылып, қыруар жұмыстар, игі істер атқарылуда. Алайда ол өз алдына бөлек əңгіме). Осынша қаржының 70-80 пайызын түрлі қулық-сұмдық, айлашарғы арқылы қалталарына басып келген нағыз арамза жемқорлардың жалпы қанша қаржыны қымқырғандарын Бір Құдай біледі. Алайда олардың ұзақ жылдардан бері алаяқтық əрекеттер жасап келген ұйымдасқан қылмыстық топ екендігін осы қаржылық көрсеткіштердің өзі-ақ көрсетіп тұрған жоқ па? «Жайынның құйрығын жеген тыныш жатпайды» дегендей, осынша қаржыны жеп келген

алаяқ жемқорлардың да тыныш жатпасы белгілі. «Домалақ» арызды домалатып, шу шығара берсек М.Садықбековты қызметінен алып тастайды, сосын біріміз басшы, қалғанымыз қосшы болып, бұрынғыдай садақаға қол салып, қол салғанда да мол салып, қаржыға қарық болып, шалқып өмір сүреміз деген оймен жалалы арыздарын қарша боратуда. Тіпті өткен жылы М.Садықбековтың үстінен Қаржы полициясына бір күнде төрт арыз түскен болатын. Астанадағылар мұны төтенше жағдай деп тауып, шұғыл тексеруді Түркістан қалалық бөліміне тапсырған. Сол арыздар бойынша қалалық қаржы полициясының лейтенанты Б.Қалмұратов 2013 жылдың 10 желтоқсаны күні ұжыммен арнайы кездесіп, арыздардың мазмұнымен таныстырды. Ол «арыз жазған А.Жүнісов, А.Жүсіпов, Е. Жаппасов деген адамдарды танитындарыңыз немесе осындай атпен арыз жазған азаматтар сіздердің араларыңызда бар ма?» деп сұрады. Сондай-ақ ол «ҚР заң талаптары бойынша авторы белгісіз арыздар иесі бүркемеленген арыз болып табылады да қараусыз қалдырылады. Егер арыздарыңыз заң талаптарына сəйкес қаралып, белгілі бір шара көрілсін десеңіздер, онда арыздың астына аты-жөндеріңізді, мекен-жайларыңызды толық көрсетулеріңіз керек. Ал олай етуге батылдықтарыңыз жетпейтін болса, онда бізге келіңіздер, заң талаптарына сай біз сіздердің қауіпсіздіктеріңізге кепілдік береміз» деп, Қаржы

полициясының мекен-жайын, өзінің ұялы телефонын айтты. Сонымен қатар, прокурордың рұқсатымен «Қазақтелеком» мекемесімен бірлесе отырып осы арыз иелерін анықтау бағытында да жұмыс істеп жатқандығынан ұжымды хабардар етті. Сол кезде де біз тасада тұрып алып, арыз жазып, ұжымның атын былғап жүрген алаяқтарды анықтап, шара көруді қаржы полициясынан өтініп, ұжым атынан арнайы қаулы қабылдаған болатынбыз. Одан бөлек жазылып жатқан арыздардың нақақ жала екендігін айтып, қорық-мұражайда атқарылып жатқан ауқымды істерді атап көрсетіп, ұжымның əр мүшесі жеке-жеке қол қоя отырып, сол кездегі министр М. Құл-Мұхамметтің атына екі рет хат жолдадық. «Айтпаса сөздің атасы өледі». Бүгін де қылмыстық топтың жариялы түрде жазған жалалы арызына байланысты үнсіз қалуды жөн көрмей, біз де өз сөзімізді жариялы түрде айтуды азаматтық міндет санадық. Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы! Сізден шындыққа мүлде сай келмейтін, негізсіз арыздар жазып, сіздерді де, біздерді де, құқық қорғау органдарын да əбігерге салып келе жатқан, сол əрекеттері арқылы мемлекетімізге қаржылай шығын келтіріп отырған жəне ұлттық мақтанышымызға айналған қасиетті Кесенені дəретханаға теңеп, қорлап, айуандықтың айуандығын жасап отырған қылмыстық топты құқық қорғау органдары арқылы анықтап, қылмыстық жауапкершілікке

тартқызуға ықпал етуіңізді сұраймыз. Бұдан былай арыздың артында нақты адам тұрмаса, «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорықмұражайы РММ-не қатысты жазылған «домалақ» арыздарды Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай қараусыз қалдыруыңызды өтінеміз. Құрметті Асхат Қайзоллаұлы! Құрметті Нұртай Əбіқайұлы! Сіздерден жоғарыда айтылған мəнжайлардың негізінде Əзірет Сұлтан кесенесін дəретханаға теңеп, сол хайуандық əрекеттері арқылы қасиетті Кесенені, əулие-би, хан-сұлтан, баһадүр-батыр бабаларымыздың əруағын қорлап, халқымыздың арожданын аяққа таптап отырған қылмыстық топты анықтап, қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз. Егер құзырлы органдар шындап кіріссе электронды мекенжайлары, т.б. дерек көздері арқылы қылмыстық топты анықтауға болады деп сенеміз жəне алаяқ азғындар жазаларын алады деп үміттенеміз. Егер олар тағы да құзырлы органдардың құрығынан құтылып кететін болса, онда олар халықтың қарғысына, əулиелердің, əруақтардың наласына, Құдайдың қаһарына ұшырайды деп ойлаймыз. Біздің айтарымыз осы! Хат «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорықмұражайы РММ ұжымының жалпы жиналысында қабылданып, хаттама түзілді. Қ. АРЫСТАНБЕКОВ, Д. АРЫНОВА.


Қазақ елін мəңгілік ету идеясы əр жастың №40 (200) жан дүниесінің жалауы болып желбіреді 07.11.2014 жыл

САЯСАТ

¦ÄIËÅÒ (Соңы. Басы 1-бетте). Мемлекеттерді мəңгі, халықтарды ұлы ететін де немесе құрдымға жіберетін де мемлекеттік билікті жүргізген басшыларға тікелей байланысты. XVIII ғасырда Ресей Еуропадағы ең мешел, арта қалған экономикасы бар, қоғамдық құрылыстың анайы түрі – жартылай құлдық-шаруа басыбайлығы сақталған феодалдық қоғамды І Петр патша алға сүйреді. Петроград қаласын салып «Еуропаға терезе ашты». Реформа жүргізді. Сауатсыз боярлар мен дворяндардың үйленуіне тыйым, сақалды боярларға мемлекет пайдасы үшін салық салды. Тұрмыстық мəдениетті көтеріп, боярларға кофе ішуді үйретті, басына парик кигізді. Шамасы орыстың «аюға оқу үйреткен таяқ» деген мақалы осы кезде шықса керек. Бүгінгі орыстар Петр патшаға сол үшін де мəңгілік ескерткіш қойды. Петроградтағы айбынды да қаһарлы «Мыс салт атты» Ресейдің мəңгілік ел болуына жол ашты. Қазақ халқының қоғамдық ой тарихында Мəңгілік Ел идеясы сақ, ғұн, түркі дəуірлерінен бастау алады. Бізге жеткен тарихи мəліметтерде, аңыз əңгімелерде, Биггурин мен Радлов жəне Əлкей Марғұлан еңбектерінде ғұндардың күшті əрі құдіретті мемлекет құрғаны айтылады. Қытай жағы ғұндарды өздерінен кем санап, Модэ қағаннан салық сұрайды, қымбат дүние, алтын, күміс алмақшы болады. Бірінші кезекте күніне мың шақырым шабатын тұлпарын сұрайды. Екінші кезекте сұлу тоқалын сұрайды. Оны да береді. Үшінші жолы екі мемлекет аралығындағы бос жатқан мың шақырымдық жерді сұрайды. Ғұн бектері бос жатқан жерді берейік дейді. Модэ қаған қатты ашуланады. «Оны қалай бересің? Жер халықтың қазынасы, оның күн көрісі» – деп, «жерді берейік» деген бектердің басын кестіреді. Қытайға жойқын шабуыл жасады, соғыс ашты. Жер – мемлекеттің түп қазығы. Жерді қорғау арқылы ғұндардың ерлік дастандары жазылды. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа мирас болды. Бүгінгі Алтайдан Атырауға дейінгі жер – ата-бабамыздың ұрпаққа мəңгілікке қалдырған қазынасы. Мəңгілік Ел – бабалардан қалған арманның жалғасы. Модэ қаған Алтай мен Каспий арасында орналасқан алып мемлекет құрды, еліне күшті тəртіп орнатты. Қасында кемеңгер ойшылдар, дарынды қолбасылар аз болған жоқ. Модэ қаған дəуірі ата тарихымыздағы ерлік пен елдікті дəлелдеген, бірігу мен берік елдің тарихы болды. Терезесі Батыс пен Шығыспен тең болды. Мəңгілік Ел идесы ғұн-түркі дəуірлерінің ерлік, елдік сүйгіштік дəстүрлерін ту еткен заманнан бастау алып, бүгінгі ұрпақпен жалғасуда. Қытай мемлекетіне алып қорған тұрғызған дəуірлеп тұрған ғұндар мемлекетінің екпіні. Қытай ауыз əдебиеті нұсқаларында «іргесін жерге көмбеген, ғұндар пəле болды ғой» – деген жолдар бекер айтылмаған. Ұлы Дала перзенттері ежелгі қытайлықтармен ұзақ ғасырлар бойы соғысып келген. Он мың шақырымдық алып қорған да Қытайды далалықтардың шабуылынан қорғай алмаған. Ғұн, үйсін, қаңлылардың бірігіп кетуі – Даланың мəңгілік елдігіне алып келетіні даусыз еді. Оның үстіне ғұндарды ашық соғыста жеңбесін білген Қытайдың үрейі көбейіп, жымысқы жоспарларды іске асырды. Дала билеушілеріне ұзатылған қытай ханшайымдары тыңшылық жасады, үйсін бектерін бір-біріне қарсы қойды, осылай Ұлы Даланың іргесін шайқалтты. Туыстар мен қандастар арасына алауыздық түсті. Əрине, жауынгер ғұндарды жеңу қытайлықтарға қиын. Себебі ғұнның атты əскері теңдесі жоқ күшке ие еді. Түгелге дерлік атқа қонғанда қара құрым қолы болды. Ғұн-түркілер темір балқытып, қару-жарақ асынды. Қуатты əскер құрды. Бірақ, конфуциандық қытай ұстаздың: «жұмсақ қаттыны теседі, əлсіз күштіні жеңеді» деген принципті қолдана отырып, желкілдетіп ту көтерген, темір қару асынған Ұлы Даланың көкбөрілері атанған ғұн-түркілерді іштей ірітті, бірлігін жойды, ұрпақтарын майдалады. Іргесі берік, еңсесі биік Мəңгілік Ел болу үшін сергек сана, сақ түйсік, мұздай жүрек керек екенін ер түркінің ұрпақтары ескермеді. Бұл тарихи ақиқатты ұмытуға болмайды, себебі, ол ел тарихының таңсəрісінде болған тарихи оқиға еді. Бүгінгі күннің құбылмалы саясатында, күштілердің күш көрсетуі мен əлімжеттілігі ақиқатқа айналғанда Қағанның білгірлігі мен алып ерлерінің бірлігі күн тəртібінде тұр. Барлық уақыттарда саны аз халықтар алмағайып заманда өмір сүрген. Сондықтан да Мəңгілік Елге айналу идеядан нақтылыққа көшкені дұрыс. Ғұн атанған түркі тілдес бабалар тарих сахнасынан өткеннен соң, Ұлы Дала төрінде түркілер алып мемлекет құрды. Шығыс өзіндік ерекшілігі бар субъстанция болса, батыста оған қарама-қарсы құндылықтарды қалыптастырған орта еді. Осылай Шығыс пен Батыс арасын жалғаған түркілердің аралық мəдениеті мен мемлекеті құрылды. Бұл қоғамдық құрылым ғылыми айналымға бірнеше ғасырлардан соң «далалық өркениет» деген ұғымды түсірді.

4

Замандастары Майқы биді талмай сайрайтын қарқуар құсқа теңеп, «қарқуардай Майқы» депті. Сол құс түннің бір уағына дейін сайрап, екі бие сауымдай ғана уақыт демалып, таң құлан иектене қайта сайрайды екен. Бірде Майқы би тақта отырып ұйықтап кетіпті. Уəзірлері жөткірініп оятып жібереді. Ұйқыдан оянған би: «Қап, бекер оятып жібердіңдер ғой. Сəл шыдағандарыңда ұрпағымның болашағын болжап айтар едім. Дегенмен шығыстағы көзі қысық, тісі қисық, тісін жасырып тілін көрсеткен, беті күліп іші ұлып жатқандардан жəне батыстағы көзі шегір, өзі жебірлерден қағажу көреді екен. Ұрпағымның көші түбі түзеліп кетеді екен» деген көріпкелдік болжам айтыпты. Тарихқа көз жіберсек Майқы би болжамы дұрыс. ХІХ ғ. Ресей патшалығы мен Қытай мемлекеті байырғы қазақ жерлерін пышақ үстінен бөліп алды. Бүгінгі күннің өзінде де империялық өктемдіктің табы білінетін сияқты. Қазақтың көш керуені түзу жолда, Қазақстан Мəңгі Ел жолында жаңарған жаңа Ел құрудамыз. Қазаққа керегі салқын сана мен ыстық ұлтжанды жүрек. Майқы баба тағзымы осыған үйретеді. Ұлы Дала əрқашан ойлы, кемел де кемеңгер тұлғаларға кенде болмаған, себебі, даланың тау мен тасы, салқын сулы өзен-көлдері, кең жазира-

аңсаған ойдың сарыны, қолдан шығып кеткен мемлекетшілдік рухты аңсаған ойдың жемісі еді. Ұлттық мемлекет идеясы санадан біржола шыға қоймады. Отаршыл билікке қарсы Кенесары хан он жыл күрес жүргізді. Бодандық дəуірде үш жүздей үлкенді-кішілі көтерілістер болыпты. Кеңестік тарих жазғандай олар шаруалар көтерілісі емес, отарлауға қарсы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Кеңестік идеологияның қысымымен жазылған тарихи зерттеулер тарихи шындықты бере алмады. Кейбір ұлт-азаттық көтерілістер туралы айтуға тыйым салынды. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс нəтижеге қол жеткізбегенімен, басты мақсаты теңдік, еркіндік, бостандық екенін жариялады. Махамбеттің: «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» дегенінде азаттық ойдың арманы жатыр. Кеңес өкіметінің 1917 жылғы 15 қарашадағы «Ресей халықтары құқығының декларациясы» мемлекеттің ұлт саясатының негізгі принциптерін жариялады. Ол бойынша халықтардың өзін-өзі билеуі, дербес мемлекеттілік құру еріктілігі, ортақ мемлекеттіктен шығу құқықтары жазылды. Бірақ шын мəнінде Кеңес үкіметі құрамынан шығуға, өз мемлекеттігін құруға, өзін-өзі билеуіне тұтас

сы, салқын самалы ұлтжандылықты қалыптастыратын құндылықтар болды. Ұлт даналығының бір шоқтығы – Асан қайғы қазақ даласының қалыптастырған біртуар перзенті еді. Ел аузында Асан қайғы елдің ертеңін, еркіндігі мен бақытын армандап, қазақ жерінің түпкір-түпкірін желмаямен аралап, Ұлы Байтаққа қоныс іздеп, ел қондырудың жолын қарастырған данышпан. Асан қайғы арманы – Ұлы Дала мемлекеттігін қайта жаңғырту, елдің туын тігетін Ордаға жайлы қоныс табу. Бұл – Мəңгілік Ел идеясын жаңғырту. Данагөй қария қазақ жерінің барлық аймағын аралап, жер атауларына сай бағасын беріп, соңында Жиделібайсынға тоқталады. Асан қайғының назарынан бүгінгі қазақ жерінің бағаланбаған атауы қалмайды. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» жер іздеу арқылы Мəңгілік Ел идеясын молшылықпен байланыстырады. Асан ата қияли немесе утопиялық қоғамды армандаушы ғана емес, ол бақытты қоғам құру үшін нақты іс-əрекет етуші, мемлекетшіл тұлға. Абстрактілі ойдың емес, нақты іс-əрекеттің адамы. Былайша айтсақ практик, əрекет етуші тұлға. Кемеңгер тұлғаның көрегендігі, болжағыштығы Ел келешегіне арналады. «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген жұмбақ ойлы пікірі болашақтағы қазақ тағдырының болжамы. Асан қайғы XIҮ ғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың 60-шы жылдары өмір сүрсе, жұмбақ ойлы болжамында қазақ халқының орыс патшалығының, кейінгі кеңестік қызыл империяның қысымын көретін тағдырын болжаған сияқты. Данышпан қария қисын арқылы бодандық ноқта киген тарихымызды ертерек білген. Сондай-ақ, Асан қайғы жер атауларына берген анықтамасын тізбектесек, бүгінгі Қазақстан жерлерінің бəрі түгел аталған жəне барлық жер атауларын дөп басқан. Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдаудағы Мəңгілік Ел идеясы – ата-бабалар құрған Ұлы Дала мемлекеттерінің жалғасы. Шыңғысханнан тараған қазақ хандары халық пен мемлекетке адал қызмет етті. Керей мен Жəнібек хандар, Қасымхан, Ақназар хан, Тəуекел хан, Есім хан, Жəңгір хан, Тəуке хан, Абылай хандар мемлекетіміздің еңсесін көтеруге аянбай еңбек етті. Мемлекеттілік біршама нығайды, халықтың мемлекетшілдік рухы асқақтады. Көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орныға бастады. Бірақ алып территорияны толық қамтитындай байланыс орнату, шек араны бекемдеу мəселелері шешімін таппады. Экономикалық мешеулік мемлекеттің дамуына тұсау болды. Əбілқайыр хан бастаған билер мен сұлтандар орыс патшалығына бодан болуды дұрыс шешім деп тапты. Орыс патшалығына бодан болған жылдарымызда қазақ хандығы жойылды. Бүкіл қазақ жері қазына меншігіне өтті. Елде патшалық əкімшілік құрылымы қалыптасып, бүкіл ел территориясы генерал-губернаторлықтарға қарады. Хандық құрылым жойылған соң, қазақтар мемлекеттік деңгейде ойлаудан қалды. Қазақ үшін ең жоғары мемлкеттік қызмет ауылнай, старшын жəне болыстық болды. Данышпан Абай ХІХ ғ. қазақ қоғамының саяси-əлеуметтік жағдайы туралы «бас-басына би болған өңкей қиқым» – деп азалы күңіренетін кезеңі осы бодандық тұсында ұсақталған ұрпаққа айтқан наласы. Бұл – кешегі өткен бабалардың ірілігін, ілгерілігін, елшілдігін

халықтарға жол берілмеді. Сол жылдары Алаш азаматтары ұлттық мемлекет идеясы үшін күресті. Большевиктер басқарған Кеңес үкіметі оған жол бермеді. Сондай қиын жəне алмағайып заманда, Алаш ардагерлері Қазақ жерінің шекарасын анықтауда үлкен белсенділік көрсетті. Қазақ жері Кеңес үкіметі құрамында айқындалды. Көрінгеннің көзін қызықтыратын ұлан-ғайыр жерге иелік ету құқығын халқымыз кеңестік билікпен тайталаса жүріп иеленді. Жерге иелік – елге иелік ету. Жерсіз Ел құрылмайтыны анық. Демек, жерге иелік ету – мəңгілік мемлекет кепілі. Кеңес үкіметі – халықтардың мемлекеттік құрылымының құқығын шектеген құқық субъектісі еді. Ұлттық мемлекет құру – халықтардың жəне азат ойлы азаматтарының арманы болды. Оңтүстік Қазақстанның мақталы аудандарын Өзбекстанға қосу, республиканың облыстарын өлкелерге кіріктіру КСРО-ны Н.С.Хрущев басқарған кезде іске асты. Қазақстанды өлкелерге бөлу арқылы елді бөлшектеу жоспары Мəскеуде жасалды. Қазақстанды бөлшектеуден аман алып қалған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңес Президиумның төрағасы Жұмабек Тəшенов болды. Ол Н.С.Хрущевтің айтқанына көнбей, жерді басқа мемлекеттердің құрамына беруге болмайтынын, жер халықтың меншігі екендігін айтып өз дегенінде тұрады. Мұндай көзсіз ерлік ол заманда мүмкін емес еді. Бірақ Ж.Тəшеновтей Алаш азаматы ондай ерлікке барды. Жұмабек Тəшеновтің ерлігінде Мəңгілік Қазақ Елі идеясы жатыр емес пе?! Елдік идея, елжандылық қазақты ешқашан тастаған емес. Тың жəне тыңайған жерлерді игеру деген мақсатта Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан келімсектер көшірілді. Қазақ азшылыққа айналып, келімсектер көпшілікке айналды. Əскери ведомстваға қарайтын полигондар, əскери қалалар, сынақ алаңдары, ғарыш айлағы салынды. Қазақ өз елінде өгей баланың күнін кешті. Осы кезде ұлттық рухты көтеретін дүние керек болды. Бүгінгі Қазақстан Республикасының əнұраны болған Шəмші Қалдаяковтың «Менің Қазақстаным» əні миллиондардың жүрегіндегі Мəңгілік Қазақ Елі арманымен жалғасты. Елдің рухы көтерілді, арманы асқақтады. Мəңгілік Қазақ Елі болу идеясы ешқашан сөнген емес. 1986 жылғы желтоқсан ызғарында оңы мен солын тани қоймаған жастардың жүректерінде де Қазақстаным Мəңгілік Елге айналса деген үкілі үміті лаулады. «Əр ұлтқа өз лидері» – деген ұран көтеру арқылы, Ұлы Даланың мəңгілік арманы болған – қазақ елін мəңгілік ету идеясы əр жастың жан дүниесінің жалауы болып желбіреді. Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мəңгі Ел» ұғымын «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алған. Олай болса бабалардың арманы болған Мəңгілік Қазақ Елі идеясын жаңа қырынан, жаңа форматта нақты іске асыру бүгінгі қазақтың барлығының мақсаты мен мүддесіне айналады деген сөз. «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мəңгілік Тəуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек» – дейді Н.Назарбаев. Бұл сөз бар халықтың ойындағы сөзі болғай. Жұмаділ ƏБУОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғамтанушы.

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАСТАЛАДЫ Түркілердің алып мемлекеттігі – Мəңгілік Елдікті мұрат тұтты. Сол үшін де бұрынғы көршілермен жан алып, жан берісті. Түркі қағанаты 603 жылға дейін бірлігін сақтады. Сонау Енисай аңғарларынан Дунайға дейінгі аралықта байтағын орнықтырып, байрағын көтерді. Мықты орталықтандырылған мемлекет құрылмағандықтан, ішкі қырқыс тұтанып елдің қитықтатуына алып келді. Нəтижесінде, Шығыс түркі жəне Батыс түркі мемлекеті пайда болды. Бірліктің болмауы алып мемлекетті екіге бөліп тынды. Соңынан түркілер майдаланып аймақтар мен тайпалық мемлекеттікке дейін төмендеді. Керісінше, осы айқастан Қытай нығайып, Мəңгілік Елге айналып кете барды. Ата тарихымызда алауыздық, бірліктің жоғалуы, ішкі қырқысулар мен тайпалар соғысы мемлекетке төнген қауіп екені талай дəлелденген. Тарихтан сабақ алған түркі бабалар ұрпағына өсиет етк ен сөздерін қалдырған. ОрхонЕнисайдағы мəңгі тас жазуларда ел іші бірлігінің жоғалуы, қырқысу қауіп екені тасқа қашап жазылып қалдырылған. ....Тəтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып, Түркі халқы қырылдың. Түркі халқы жойылдың – дейді Орхон ескерткішінде. Бұл өлең жолдары өз заманында түркілердің белден шалдырған қайғылы тағдырынан хабар береді. Тіпті түркі бектері жағынан қытайға сіңісіп, жұтылудың аз-ақ алдында қалды. Көктүркілер тарихы – күрес тарихы. Мəңгілік Ел болуға ұмтылған ата-баба тарихы. Сондықтан ежелгі түркілер мен ғұндар бүгінгі қазақ тарихының таңсəрісі, ежелгі ғұн мен түркілер – протоқазақтар. Ғұн мен түркі тарихы Мəңгілік Ел болуға ұмтылған халықтың тарихы. Н.Назарбаев: «Қазақтың бар тарихы – бірігу тарихы» дейді. Түркі бабаларымыз өз заманында ерлік эпосын тасқа бəдіздеп қалдырды. Тұлпар баптап, жылқы өсіріп, ұзын найза қолға алып, шөл дала құла дүзді кезіп, асқаралы таудан, көкорай шалғын белдерден асып, Ұлы Даланы иемденген. Ерлік жолында құлдырау мен өркендеуді де бастан кешкен. Мəңгілік Ел болуды арман тұтып, ұрпақтан ұрпаққа өсиет қалдырған. ... Өтүкен қойнауында отырсаң, Мəңгі елдігіңді сақтайсың сен, Онда түркі халқы тоқ... Əрине, түркі тарихы туралы қытай, парсы жəне батыс қаламгерлері жазып қалдырған мəліметтер бар. Бірақ түркі тарихының бірден-бір ақиқат қайнары Орхон-Енисай тастағы жазулары. Басқа дерек көздерге қарағанда мəңгілік жазулар нақтылық кепілі. «Мың өліп, мың тірілген» бүгінгі қазақ тарихының бастауы заманында мың өліп м ы ң т і р і л ге н т ү р к і т а р и х ы н а н т а р а й д ы . Көктүркілердің тарихы да тақтайдай түзу болмаған. Ата-бабалар тарихы күреспен өткен. Ғұн, түркілерден кешегі қыпшақ тарихына дейін сабақтастығы үзілмеген. Елдік сана, мемлекетшілдік идея, бостандық пен еркіндік, теңдік пен азаттық басты құндылықтар ретінде ұрпақтан ұрпаққа мирас етілді. Азат Ел, Мəңгілік Ел ұран болды. Батыс кешегіге дейін Ұлы Дала халықтарын өркениеттің арамтамақтары деген пиғылдан арыла алмай келді. «Еуроцентристік» көзқарас түркілердің əлемдік мəдениет пен өркениетке қосқан үлесін түсінгісі келмеді. Тек Л.Н.Гумилевтің «Ұлы Дала» трилогиясы жарық көргеннен соң, қоғамдық ойдағы ескі стреотип өзгеріп, «дала өркениеті» туралы сөз қозғала бастады. ОрхонЕнисайдағы мəңгі тас жазулар көктүркілердің құрған мемлекеттері жасампаздық ақыл ойдың жемісі екендігі дəлелдеген соң, далалық халықтардың мəдениеті мен өркениеті жайлы, оны қалыптастырған халықтар жайлы сөз бола

бастады. Түркілердің ерлік дəстүрі, мемлекет құруы мен билік сатысы, заң шығарушылық жəне салық жүйелері, жылқы түлігін өсіріп баптауы, жылдам қозғалатын атты əскері бəрі-бəрі Еуропа үшін үлгі еді. Түркілердің жетістіктері кеш те болса мойындалды. Еуразия – алып құрлық. Онда талай табиғи бөгеттерден тұратын географиялық орта бар. Уссуриден Дунайға дейінгі əйдік даланы ғұндардан кейін түркілер мекендесе, орманды алқапты славяндар мекен етті. Кезінде Л.Н.Гумилев «Ұлы Дала» деп атаған ұлы қоныста ғұндар мен түркілердің, моңғолдар мен қыпшақтардың мемлекеттігі құрылды. Елдік жəне мемлекетшілдік идея ешқашан Ұлы Даланы бей-жай қалдырған емес, мəңгілік тіршілік ету санасы түркілермен өмір сүрді. Л.Н.Гумилев айтқандай отырықшыларға қарағанда көшпелі халықтар өмірге құштар, жасампаздыққа жақын, пассионарлар болды. Табиғаттың қатал да, суық мінезі түркілерді шыдамды да, мықты етіп тəрбиеледі. Түркі əлемі тумысынан Мəңгілік Ел орнатуға құштар еді. Өзін Аспанасты елі деп атайтын Қытай, жауынгер ғұн мен түркілерден қорғану мақсатында, сулы əрі нулы аймақты қуаң, əрі салқын Даладан ұлы қорған арқылы бөліп тастады. Ұлы қорған Қытай елінің мəңгілік Елге айналуына мүмкіндік жасады. Біріншіден, қорған қабырға а р қ ы л ы Қ ы та й ш а бу ы л д а н а м а н қ а л д ы . Екіншіден, соғыс саябырсыған соң халық саны өсім бере бастады. Қытай қорған немесе қытай қабырға екі супер этносты – түркілер мен қытайларды, екі ұлы мемлекетті немесе екі мəдениетті бір-бірінен бөліп тұрды. Дегенмен, үш мың жылдық мəдениеті бар қытай түрлі айла тəсілдерді қолдана отырып, түркі халықтарының тарыдай шашылуына, майдалануына себепші болды. Бір кездегі айбынды түркілер майда аймақтарға, тайпаларға бөлініп қалды. Солардың бірі – қазақ атанған түркі ұрпағы. Ауызша тарих айту дəстүрін қалыстастырған халықпыз. Ел ішінде шежірешілер, əңгімешілер, жыршылар, жыраулар мен ақындар қалыптастырған құндылықтар көп. Солардың бірі – ауызша тарих айту дəстүрі. Бүгінде осы бір рухани əлеміміздің бекзат түрі ұмыт бола бастады. Дегенмен, бұл жазба тарихтың дамуына жол салған бірден-бір шығармашылық дəстүр болған. Біз бүгін халықтікі деп жүрген дүниелердің барлығының кезінде авторы болғаны белгілі. Сондай тұлғаның бірі – Майқы би. Бұл кісіні қазақ: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп атап кеткен. Демек, Майқыға дейін де, кейін де Майқы би сияқты сөзшең болмаған дегенді білдіреді. Екінші Майқы би – Шыңғысханды ақ киізге көтеріп хан сайлағанда қатысқан. Бұл екі Майқы екі кісі. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» атанған Майқы шамамен Иса пайғамбар дүниеге келмес бұрын туылып, сол кісімен тұтас өмір сүрген. Майқы би қазақ қоғамдық ой тарихында алғашқылардың бірі болып есімі аталатын дуалы ауыз иесі. Оның халықтікі болып кеткен философиялық, əдеби, шешендік, нақыл сөздері де кездеседі. Бізге ауызша тарих айту арқылы жеткен, хатқа түскен дүниелері бір төбе. Соның ішінде данышпан бабының көрегендігі, болжампаздығы мен қисынды ойларында таңқалдыратын дүниелер де бар. Қай заманда болмасын əр халықтың данагөй абыздары болған. Майқы би де сондай абыз адам.

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – БҰЛ БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ Егемен еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мəдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тəлім-тəрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласының сапасын жетілдіріп, қазіргі заманның ұрпағын тəрбиелеу, жастардың бойында арнайы адамгершілік жəне мəдениеттіліктерін қалыптастыру – қазіргі күн тəртібіндегі басты мəселе. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған өзекті мəселелердің бірі – салауатты өмір сүру жəне оны насихаттау. «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі», - деп атап көрсеткен Президентіміздің Жолдауында белгіленген ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – азаматтардың денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты. Сол себепті денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажет. Бүгінгі таңда еліміздің барлық

оқу орындарында жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіп қойылған. Барлық азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған Елбасының жолдауын егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Сондықтан білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны аялауға жəне жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуіне ықпал ету. Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тəрбиелеу мəселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, біз – педагогтар, еліміздің болашағы болып табылатын қазіргі жастарымызға, алдымызға келген əрбір білім алушыларға денінің сау болуы үшін осы бағытта біліммен қатар сапалы тəрбие де бере білуге тиіспіз. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы «Тəні саудың – жаны сау» екенін айта

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

отырып: «Ең əуелі бəрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тəн саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта», – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тəн мен ардың тазылығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды. Сондай-ақ, М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты оқулығында: «Сау жан сау денеде ғана болады», - дей отырып, баланың денсаулығы мəселесін осы еңбегінің «Дене тəрбиесі» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады. Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды əдеттерге үйір болуы) – қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы. Алға қойылған осынау үлкен міндеттің бірі – университетіміздің жастарына білім берумен бірге тəрбие беру. Сапалы білім берумен қатар тəрбие беру мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Филология факультетіне қарасты «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының ұжымы

жыл сайын студенттер үйінде əр түрлі тақырыпта іс-шаралар, тəрбие сағаттары мен сабақтарын өткізіп тұрады. Кафедрамыздың доценттері, филология ғылымдарының кандидаттары Шолпан Исақұл ова, Ақмарал Нұрмағанбетова, аға оқытушылар Қарлығаш Ахметова, Лəззат Байболат, Шынар Салықжа-

нованың ұйымдастыруымен жақында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің №5 студенттер үйінде «Салауатты өмір салты» атты тəрбие сабағы өткізілді. Аталған тəрбие сабағына «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуандық

Құлманов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын Сəруар Қамаева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнұр Найманбайлар қатысты. Бұл іс-шарада салауатты өмір салтының қазіргі кезде жастар арасындағы келеңсіз əрекеттер: темекінің, спирттік ішімдіктердің, қорқордың, т.б. зиянды салдары мен

жағымсыз жақтары айтылып, пікір алмасу арқылы талқыланды. Сабаққа қатысушы студенттер де өзіндік пікірлерін білдіріп отырды. Сонымен бірге кафедра меңгерушісі Қуандық Сəндібекұлы Құлманов білім алушыларға ой қозғау салып, нақты мысалдар арқылы өзінің пікірлерін ортаға салды. Ақын Сəруар Қамаева жастарға ішімдіктің зиянды жақтарын айта келіп, оған əуес болмауға шақырды. Сабақты университеттің «Журналистика» мамандығы «ЖР-12» жəне «ЖР-14» топтарының студенттері Меруерт Шарипова, Қанжар Əзімбек жүргізіп отырды. Əнші-студент Күмісжан Байғожина «Туған жер» əнін орындап, ісшараның əсерлі өтуіне атсалысты. Пікір алмасу сабағының соңында оған белсене қатысқан студенттерге ынталандыру ретінде сыйлықтар берілді. Лəззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі, Астана қаласы.


Мемлекет жоспарлаған табысты бір жарым есеге артығымен өндірген

НАУҚАН

¦ÄIËÅÒ

№40 (200) 07.11.2014 жыл

5

ДЕНСАУЛЫҚ

БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Елбасымыз Н. Ə. Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Білім ордалары мен емдеу мекемелерін еліміздің нақ осындай нысандарға мұқтаж болып отырған өңірлеріне салу қажеттігін атап өткен. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан облыстардың бірі болғандықтан, бұл өңірде аталмыш нысандардың жетіспеушілігі айқын байқалатын. Бүгінгі таңда облыстағы көптеген елдімекендерде бұл мəселе өз шешімін тапқан. Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллионға жуық халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Қарқынды көркейіп келе жатқан Шымкент шаһарында осы бағдарлама аясында біраз шаруа атқарылған болатын. Солардың бірі – «Отырар», «Нұрсəт», «Айқап», «Түркістан», «Тараз», мөлтек аудандарының халқына қолжетімді жəне сапалы көмек көрсету мақсатында салынған бір ауысымда 500 адам қабылдауға арналған №3 қалалық емхана. Аталмыш емхана Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі №245 «ОҚО денсаулық сақтау басқармасының «№3 Шымкент қалалық емханасы» МКҚК құру туралы» қаулысына сəйкес құрылған. Ана мен бала денсаулығына жəне еліміздегі салауатты өмір салтына жете мəн беріп отырған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы

Назарбаев өткен жылы аталған емханада болып, емдеу саласының жай-күйімен танысып: – Облыста денсаулық сақтау саласына қатысты менің бағдарламаларым тиянақты орындалып жатқанына көзім жетті, – деген Елбасы облыс əкімі Асқар Мырзахметовке, облыстық денсаулық сақтау саласының басшысы Ж.Исмаиловке, сондай-ақ емхананың бас дəрігері Эльмира Есенбаеваға алғыс сезімін білдірген еді. Сəулеті асқан емханада сапалы қызмет көрсету – ең басты міндет болып саналады. Бүгінгі таңда емхана 290 медицина қызметкерлерін, оның ішінде 63 жоғарғы санатты дəрігерлерді, 159 орта буынды қызметкерлерді, 28 кіші медициналық қызметкерлері жəне 40 əкімшілік-шаруашылық бөлімінің қызметкерлерін жаңа жұмыс орнымен қамтып отыр. Емхана тұрғындар арасында аурудың алдын алуға, қолжетімді, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл

емхананың бас дəрігері Эльмира Есенбаева Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін тəмамдаған. Эльмира Советқызы бірнеше сатылардан өткен. Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында, Астана қаласында, Көкшетау, Шымкент қалаларында дəрігерлік қызметтердің əр саласында жұмыс атқарған. – Емхананың құрылысын «Берен» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылы қолға алған. Оған республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінген. Нысанның сметалық құны – 1371,9 млн. теңге, бұның ішінде 381,5 млн. теңге медициналық құрал жабдықтарға арналған. Бұл №3 қалалық емхананың жоғарыда аталған мөлтекаудандардың 36 951

ЖАРИЯ ЕТУ жылжымайтын мүліктерін де заңдастыру жүріп жатыр. Азаматтар бұл туралы өтініштерін жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға өткізуде. Мүлікті заңдастыру туралы өтініштердің саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы тізімнің алдыңғы қатарында тұр. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы»

Мүлікті заңдастыру – мемлекет берген мол мүмкіндік Ұлттық банктің көрсеткен деректері бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қаржыны заңдастыру негізінде екінші деңгейдегі банктерге 1 миллиард 714 миллион теңге заңдастырылған қаражат түскен. Өз кезегінде жария ету заңына сəйкес банкте ашылған шоттарына түскен қаржы бес жылдан соң заңды деп есептеледі. Аталған уақыт аралығында қаржы институттары оны қалауынша мақсатты түрде пайдаланып, 5 жылдай кейін оны иесіне сыйақысымен қайтарып береді. Мемлекет осы күнге дейін ақшаларын көлеңкелі экономика айналымында пайдаланып жүргендерді осылайша «жазаға тартпақ». Есесіне «бұл қаржыны қайдан алдың?» жəне «қалай таптың?» деп сұрақтың астына алмайды. Бірақ та, «бес жыл уақыт тым көп» деп, оған мойынсұнғысы келмейтіндер үшін де мемлекет тағы бір мүмкіндікті қарастырып отыр. Яғни, өз қаржысын банк немесе ұлттық поштада ашылған жинақ шоттарында сары майдай сақтағысы келмегендер құйған қаржысының 10 пайыздық алымын бюджетке төлесе, қалғанын банк шотынан қайта алып, басқа мақсаттарға пайдаланып, иелік ете алады. Өз қаржысын заңдастырған азаматтардың бірқатары осы əдісті, яғни мемлекетке ақшасының 10 пайыздық алымын төлеп, тез арада заңдастыруды жөн көрген. Жария ету науқаны аясында азаматтардың тек капиталын ғана емес

Қ/с

2014 жылғы 30 маусымындағы Заңына сəйкес жергілікті атқарушы органдарына жылжымайтын мүлік бойынша рақымшылық жасауға 2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап бүгінге дейін 165 өтініш қабылданған. Олардың 142-сі тұрғын үй бойынша, 20-сы коммерциялық нысандар, ал 3-уі көлік жайлар болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы Салық департаментінің өндірістік емес төлемдерді əкімшіліктендіру жəне уəкілетті органдармен жұмыс бөлімінің берген мəліметіне сəйкес келіп түскен өтініштер бойынша 165 мүліктің жалпы құны 950502,3 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде кері қайтарылған өтініштер саны 22-ге жеткен. Бүгінге дейін жалпы бағасы 106350,0 мың теңгені құрайтын 25 жылжымайтын мүлік жария етілді (толығырақ кестеде).

Жария етілетін мүліктің саны

Бағалау құны мың теңге

Жария етілген мүлік саны

бағалау құны мың теңге

Кері қайтарылған өтініштер саны

бағалау құны мың теңге

20

74050,0

17

98751,0

3

17257,0

1

Тұрғын үй

142

714455,0

2

Көлік жай

3

2716,0

3

Коммерциялық объектілер

20

233 331,3

5

32300,0

2

8439,0

165

950502,3

25

106350,0

22

124447 ,0

Барлығы:

ауруларды анықтау жəне емдеу, жүктілік пен босануға психопрофилактикалық жұмыстарын жүргізеді. Жүктілік пен босану көрсеткіштерін анықтайды жəне жүктілік көрсеткіші бойынша тоқтатуға кеңес береді. Босанудан кейінгі жəне жүктілікті тоқтатудан соң əйелдерді оңалтады. Науқастардың еңбекке жарамсыздығын анықтайды, экспертизаға жібереді. Тіркелген халықтың денсаулығы үшін сараптамаларды анықтап, медициналық құжаттардың есебін жүргізеді. Айта кетсек, тіркеу орны емхананың 1-ші қабатында орналасқан. Тіркеу орнының жұмысы «келушіге жақын» принцип бойынша жұмыс жасайды, тіркеу орнында терезе жоқ. 4 компьютермен жабдықталған, «Тіркелген халық регистрі», «Амбулаториялық-емханалық көмек», «Емдеу бюросы» порталдарымен жұмыс атқарады. Қоңырауы үзілмейтін 3 сымтетік емхананың жұмыс уақытында жедел-жəрдем көрсету стансасын шақырған шақыруларды тіркеу үшін, аймақтардағы шақыруларды тіркеу мақсатында орнатылған. Сонымен қатар, тіркеу орны аймақтық дəрігердің аты-жөні, бөлме нөмірі, қабылдау уақыты, тіркеу орны сымтетіктері мен қабылдауға жазылу сымтетігінің нөмірі жазылған ақпаратты табломен жабдықталған. (Жалғасы 6-бетте).

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Елімізде 1 қыркүйектен басталған «Мүлікті жария ету» науқаны аясында капиталға да рақымшылық жасалғаны белгілі. Соның негізінде көлеңкелі экономикада жүрген миллиондаған қаржылар елге оралып жатыр. Бүгінге дейін бірқатар қалталылар көлеңкелі экономикада жүрген қаржысын заңдастырып, банк шоттарына мыс-мыс ақшаларын аударған. Мамандар мүлікті жария етудің бұл түрі ойдағыдай өтсе, 12 миллиард доллар көлеміндегі қаржы заңды айналымға түсетінін айтуда.

Жария етілетін мүліктің түрі

тұрғындарына, оның ішінде 13 281 балаға мамандандырылған, жоғары білікті медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын алуды қамтамасыз етіп отырғанын айта кеткен жөн. Емхана А, Б, В блоктарынан құралған жəне бөлек орналасқан рентген бөлімі бар. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған бөлімдерден, əйелдер кеңесінен, зертханадан жəне диагностикалық бөлімдерден тұрады. Емхананың сыртқы есіктері науқастардың кедергісіз кіріпшығуына мүмкіндік жасап жəне мүгедектерді тасымалдауға арналған пандуспен қамтамасыз етілген, – дейді емхананың бас дəрігері Эльмира Советқызы. Емхана ашылғаннан бері тіркелген халық саны 36 591-ден 45 155-ке дейін өскен, яғни халық санының артқанына байланысты аймақтар 20-дан 24-ке дейін

көбейді. Аймақтық дəрігерлер аурудың алдын алумен қатар, дұрыс диагноз қою арқылы емдейді. Соңғы 9 ай қорытындысы бойынша 3156 науқас диспансерлік есепте тұрады. Олар қажетті ем қабылдайды, сондай-ақ тегін дəрідəрмекпен қамтамасыз етілген. Дəрігерлер емдеу тəсілдерін, емдеуде қолданылатын дəрідəрмектерді таңдау мүмкіндігімен таныстырады. Денсаулық орталықтарымен қосылып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Мəселен, дəрігерлер баланы тамақтандыру, шынықтыру, баланы балабақшаға жəне мектепке дайындау, отбасын жоспарлау, контрацепция, иммунопрофилактика мəселелері бойынша кеңестер береді. Қатер тобы мен аурулардың жасырын формаларын анықтау бойынша жұмыс жасайды. 2011 жылғы 16 наурыздағы №145 «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 бұйрығына өзгерістер енгізуіне сəйкес нысаналы топтарды зерттеу нəтижесінде 93,4 пайызға жуығы қаралып, оның 169-нан ауру анықталып есепке алынған. Жүктілікті анықтау, жүктілік барысын қадағалау, жүктілік кезінде экстрагенитальды

Жекешелендіру – жүйелі орындалуда Елімізде мемлекет иелегіндегі 900-ге жуық ұйым 2014-2016 жылдар аралығын қамтитын жекешелендірудің екінші толқыны аясында сатылымға ұсынылып отыр. Олардың 34-і республикалық, 657-сі коммуналдық меншік пен əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациялары болып табылады. Сонымен қатар, холдингтер мен ұлттық компания құрамына кіретін активтер, атап айтсақ, «СамұрықҚазына» қоры бойынша -106 актив, «Бəйтерек» холдингі бойынша – 15, ҚазАгро – 32, Парасат – 8, Зерде – 2, əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациялары бойынша -174 бас-аяғы 337 автив жекенің қолына өтпек. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтеповтың берген мəліметі бойынша бүгінге дейін елімізде жекешелендіруге 295 нысан ұсынылған. Сонымен қатар əкімдіктер мен əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациялар мен холдингтер 16 нысанды саудаға қойған. Сөйтіп сауда-саттыққа қойылған нысандардың саны 311-ді құраған. Оның 20-сы республикалық меншікте, 132-сі коммуналдық меншікте, 80-і əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы меншігінде, 79-ы түрлі холдингтердің иелігінде болған. Қазіргі таңда бəсекелестік ортаға ұсынылған бұл нысандардың 82-сі сатылып, жекешеленген. Өз сөзінде Э.Өтепов сатылу нəтижесінде жалпы 4 млрд 600 млн. теңге табыс түскенін айтты. Мемлекет меншігінен жекенің қолына өткен бұл нысандарды сату кезінде əу баста белгіленген баға 3 млрд. теңге болып жоспарланған. Алайда сатылу кезінде сату бағасы 4,6 млрд. теңгені құрап, бастапқы бағадан 1,5 есеге артқан. Осылайша мемлекет жоспарлаған табысты бір жарым есеге артығымен өндірген. Осы деректерді алға тартқан аталған комитет өкілдері ағымдағы жылдың қараша айында 43 нысанның кешенді жоспар негізінде сатылатынын жоспарлап отырғандарын мəлімдеді. Оның ішіндегі 4 нысан республикалық меншіктегі болса, 28 нысан коммуналдық меншіктегі, 7 холдингтердің меншігіндегі, 4 əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациялардың меншігіндегі нысандар болып табылады. Сатылымға түсетін коммуналдық меншіктегі нысандардың ішінде 6 бұқаралық ақпарат құралдары, 6 тілдерді оқыту орталығы, 5 спорт клубы мен жергілікті аймақтарды абаттандыру жұмысымен айналысатын 5 нысан бар. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында еліміз бойынша жекешелендірудің

кешенді жоспарына сəйкес 2014-2016 жылдары коммуналдық меншіктегі 28 ұйым мен «Шымкент» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрамындағы 5 ұйым бəсекелестік ортаға ұсынылған болатын. Сатылуға ұсынылғандардың тізімінде «Жəрдем Шаруа», «Алатау» шаңғы базасы», «Оңтүстік көлік»», «Шаян қазмет», «Шардара балық питомнигі», «Сəулет жəне қала құрылысы», «Муниципалдық базар», «Түркістан қонақ үйі», «Қызмет-Сервис-Арыс», «Техникалық инспекция», «ЛТД Тұрмыс», «Шымкент қаласының «Спорт сарайы», «Шымкент жасыл қала», «Тұран құрылыс», «Құрылыс сапа», «Шымкент қалалық коммуналдық базарлары», «Автострой – Шымкент», «Иран БақОңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен ОҚО Білім басқармасының «Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы», ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «Қыран» футбол клубы, Бəйдібек аудандық білім бөлімінің «Болашақ», Сайрам ауданы əкімдігінің «Болашақ» Сайрам балаларды сауықтыру лагері, «Қараспан лагері», «Темірлан», «Өркен», «Төлеби көп салалы коммуналдық шаруашылық кəсіпорны», «Отырар-Көгалдандыру», «Жасыл Кентау» мен «Түркістан көгалдандыру абаттандыру» сынды мемлекеттік қазыналық коммуналдық кəсіпорындар мен мемлекеттік коммуналдық кəсіпорындар бар. Соған сəйкес сатылуға қойылған коммуналдық меншіктегі 28 ұйымның 6ын осы жылдың аяғына дейін сату көзделгені белгілі. Бүгінге дейін белгіленген меже 50 пайызға орындалып отыр. Дəлірек айтсақ, саудаға ұсынылған 6 ұйымның 3-і сатылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы басқармасының берген мəліметіне сəйкес сатылымға қойылған ұйымдар құны 63109,7 мың

теңге болған. Сауда саттықта жекенің қолына өткен мекемелердің қатарында Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі «Техникалық инспекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Аталған серіктестіктің 51 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі ағымдағы жылы ағылшын əдісімен 1063,8 мың теңгеге өткізілген. Одан соң Кентау қаласының коммуналдық меншігіндегі «Сəулет жəне қала құрылысы» ЖШС-нің 50 пайызы осы жылдың 30 қыркүйегінде 95,9 мың теңгеге электронды сауда-саттықпен сатылған. Сонымен қатар, облыстық коммуналдық меншігіндегі «Алатау»шаңғы базасы» ЖШС-нің 100 пайыз мемлекеттік қатысу үлесі коммерциялық тендер əдісімен электронды сауда саттыққа қойылып, үстіміздегі жылдың 29 қазанында 61950,0 мың теңгеге сатылды. Соңғы нысанды сату кезінде сатып алушы «Алатау» шаңғы базасының» жұмысын ары қарай ілгерілету бағытында жекешелендіруден кейінгі екі жыл ішінде аталған нысанға 150,0 млн.теңге қаржы көлемінде инвестиция салуға, серіктестіктің кредиторлық берешегін өтеуге, оның негізгі қызмет бағытын сақтауға, қосымша жұмыс орындарын ашуға жəне тағы басқа да талаптар қойылды. Осы деректерді алға тартқан ОҚО Қаржы басқармасы жыл аяғына дейін жоспарлы кестеге сəйкес тағы 3 нысанды сауда-саттықа шығарып, оларды сату көзделіп отырғанын, соның аясында жұмыс жасалып жатқанын мəлімдеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен кешенді жоспарына сəйкес 20142016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қатысу үлесі бар 28 заңды тұлғалар мен кəсіпорындарды бекітілген кестеге сəйкес, 2014 жылы 6 ұйымды, 2015 жылы – 8 ұйымды, 2016 жылы – 14 ұйымды сауда-саттыққа шығару жоспарланған. Ал, «Шымкент» əлеуметтік кəсіпкерлік корпорациясының құрамындағы 5 ұйымды бəсекелестік ортаға беру келер жылдан бастап бастау алады деп белгіленген. Сөз соңында еліміз бойынша 1 қыркүйектен басталған «Мүлікті жария ету» науқаны барысында өз қаржысын заңдастырғандар, жария етілген қапиталына жекешелендіруге ұсынылған нысандарды сатып алу мүмкіндігіне ие екенін де баса айтқымыз келеді. С. ИБРАГИМОВА


Қазір білімдінің заманы. Ақыл мен ғылымның заманы

АЙМАҚ

¦ÄIËÅÒ

№40 (200) 07.11.2014 жыл

6

БІЛІМ «Адамды адаммен теңестіретін білім» деген қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Əуезов. Иə, білім қаншалықты терең берілсе, оның жемісі де соншалықты ұзаққа баратыны белгілі. Еліміздің бұл бағыттағы батыл қимылы мен белсенді əрекеті ертеңгі жас ұрпақтың кемелді келешегі жолында жасалып жатқан игі шаралар екенін айтуымыз қажет. Білім саласындағы ең маңызды мəселелердің бірі – мектеп, балабақшалар санын көбейту екені даусыз. Білім ордаларының жетіспеушілігі соңғы жылдары халықтың əлеуметтік ахуалын қиындатып, баланың толыққанды білім алуына кері əсер етіп келді. Тіпті, үш ауысымда білім беретін жəне апатты жағдайда тұрған мектептердің саны көп болатын. Осы кемшіліктердің орнын толтыруға Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан» секілді əлеуметтік бағдарламаларының үлкен көмегі тиді. Ал оның жемісін көрген халықтың айтар алғысы шексіз. Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауларында ең негізгі фактор ретінде адам өміріне, оның денсаулығына, білім алуына, əлеуметтік қолдауға ие болуына баса назар аударып келеді. Осы орайда 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасында білім саласы жүйесін жаңғырту жан-жақты қарастырылған. Осыған орай «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «Ақжайық» мөлтекауданында 1200 оқушыға арнап салынған №88 жалпы орта мектеп ғимараты 2010 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Қай жағынан алсаңыз да заман талабына сай салынған екі қабатты жаңа білім ордасы төрт құбыласы түгел мектептер қатарында. Мектепте жас ұрпақтың сапалы білім алуына қажетті жағдай жасалған. Еңселі білім ұясының барлық сыныптары қажетті құралдармен жабдықталып, қай жағынан алсаң да көз тартар көркі көңілді көтеріп, мерейіңді тасытады. Соңғы заманауи технологиямен жабдықталған ғимараттың сметалық құны 1509,538 млн. теңгені құраған. Құрылысты орындаған мердігер компания «СМУ Шымкентгазмонтаж» АҚ тапсырысты дер кезінде орындап тапсырған болатын. – Егеменді еліміздің болашағы білімді жастарда екендігі бəрімізге аян. Осы орайда, мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Атап айтар болсақ, 48 оқу сыныбының төртеуі компьютерлік дəріске арналған. Жоғарғы жылдамдықты интернетке, интерактивті тақта қашықтан оқыту жүйесіне қосылған. Біреуі мультимедиа сыныбы. 8 лингафон кабинеті тағы бар. Балалардың саулығын қадағалап, үнемі назарда алып отыратын медициналық кабинетке де бір бөлме бөлінген. Еңбек сабағында шəкірттерді жұмысқа баулу дəрісін өткізу үшін бір сыныптағы парталарға тігін машиналары қойылған. Мұнда оқушы қыздар тігіп-пішу істерімен айналысып, қолөнерге бейімділік таныта алады. Тағы бір сынып ер балалар

таныстырып. Сонымен бірге 396 орындық асхана аз қамтылған отбасылардың балалары мен көп балалылар қатарындағы оқушыларды жəне жартылай жетім балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Мұндағы ұстаздар, оқушылар, қонақтар үшін дайындалған ас мəзірі өте жоғары деңгейде болғандықтан көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында негізге алынып салынған спорт залында теннис үстелі, волейбол жəне

мектепте Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Саламатты Қазақстан – 2030» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі спорт үйірмелері үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Қаладағы спорт мектептері мен тығыз байланыс орнатылған. Нəтижесінде таэквондо, футбол, айкидо секілді спорт түріне қызығушы балалар саны күн санап өсіп келеді. Халықаралық, республикалық деңгейде биіктен көрініп жүрген шəкірттердің арасында спорт шеберлігіне

медвежонок», «Ақбота», «Жарқын болашақ» интеллектуалдық байқаулардың жеңімпазы болған оқушылар да баршылық. «Қазақстан» телеарнасының «Балапан» бағдарламасы ұйымдастырған Халықаралық деңгейдегі «Алтын құлын» жас жыршылар байқауына қатысып, ІІІ дəрежелі дипломға ие болған 4 «Б» сынып оқушысы Досан Қаныбек мектеп мерейін асқақтатып, өнерлі, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың нəтижесін байқатты. – Өзіміз оқытып, тəрбие беріп жатқан

гимнастикалық алаңшалар орнатылып, дене тəрбиесіне қажетті барлық құралсаймандармен қамтылған. Спорт алаңының құрамына жүгіру жолы, футбол, баскетбол, волейбол, гимнастикалық, əскери дайындық алаңдары енеді. Бұдан бөлек, оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты демалу алаңшалары, суармалы бау-бақша аймағы да бар. 700 орынға арналған акт залын да айта кету керек. Мектеп ішінде оқушылар ұстаздарының қолдауымен барлық мерекелерді жоғарғы деңгейде өткізуге атсалысады. Жақында жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Алтын күз» атты байқаудың ұйымдастырылуына көпшілік жақсы баға берген болатын. 2010-2011 оқу жылында 854 оқушы білім алуды бастаса, қазіргі таңда 1964 оқушы білім алуда. «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, оны жүзеге асыру мақсатында мектепалды даярлық тобында 120 бала, мектеп жанынан ашылған «Айгөлек» шағын орталығында 67 бала тəрбиеленуде. Ал, мектепте ұстаздар қауымының басым көпшілігін қазіргі заман талабына сай біліммен қаруланған жігерлі жастар құрайды. Аталған білім ордасында қазіргі таңда 152 мұғалім еңбек етсе, олардың 24-і – жоғары санатты, 35-і – І санатты, 35 оқытушы – ІІ санаттылар қатарында. «Жаңаша пайымдау, жаңаша ойлау үрдістері арқылы оқушылардың интеллектуалдық білімін арттыру» тақырыбын ұстанған мектеп ұжымы үнемі ізденіс үстінде деп айтуға болады. Пəндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген

кандидат, осы мектептің 7 «А» сынып оқушысы Мұстафа Құрасованы ерекше атап өтпеске болмас. Балалар мен жасөспірімдер орталығымен тығыз байланыс жүргізіп, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте бірнеше аула клубтары ашылған. Осы мөлтек ауданда тұратын, басқа мектептерде оқитын оқушылар да осы аула клубтарына қатысуға мүмкіндігі бар. Сол сияқты, мектеп оқушыларының жан-жақты ізденіп, бəсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін түрлі қалалық, облыстық пəндік олимпиадаларында «Кенгуру», «Русский

оқушыларымызды болашақта елдің тұтқасы болатындай биіктен көргіміз келетіні рас, сондықтан өз-өзімізге сын көзбен қарай отырып, салауатты да сауатты ұрпақ тəрбиелеу үшін ұжым болып бар күш-жігерімізді аямай еңбек етеміз, – деді мектеп директоры Əлима Маликова. Иə, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады», – деп Абай атамыз айтқандай, қазір білімдінің заманы. Ақыл мен ғылымның заманы. Ендеше терең білім алып мектептен түлеп ұшқан жастардың болашағы жарқын, жүрер жолы даңғыл боларына сеніміміз мол. Ақжібек МҰСТАФИНА.

ЕГЕМЕНДІ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ЖАСТАРДА

үшін жабдықталған. Онда еңбек сабағы барысында ұлдар токарлық, слесарлық, ағаш ұсталығына қажетті құралсаймандарды меңгеріп, өз беттерімен еркін жұмыс жасай алуына бейімделеді. Бір бөлмеге 22238 кітап қоры бар кітапхана жайғасқан, оның ішінде 19797 оқулық оқушылардың пайдалануына берілген, қалғандары көркем əдебиет кітаптары, сонымен қатар, оқытушылар мен оқушылар үшін «оқырман залы» заманауи талапқа сай жабдықталған. Бір сөзбен айтқанда, білім алушылардың жан-жақты сабаққа ізденіспен дайындалуына жағдай жасалған. Химия, биология, физика кабинеттері мен қосымша зертханалар да қарастырылған, – дейді аталған білім ұясының басшысы Əлима Маликова мектептің материалдық базасымен

ДЕНСАУЛЫҚ

БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

(Соңы. Басы 5-бетте). Тіркеу орнында емхана дəрігерлерін үйге шақыру көрсеткіштері, «Тіркелген халық регистрі» тіркелу ережесі, тіркеу орнының алгоритмімен жабдықталған. Егде жастағы адамдарды, мүгедектерді кезексіз қабылдау жолға қойылған. Дəрігерге алдын ала жазылу, үйге шақыру мақсатында жеке бөлме белгіленген, бөлме жеке сымтетік пен компьютермен жабдықталған. Науқастың дене қызуының көтерілуіне, артериалды қысымның артуына немесе басқа да шұғыл жағдайлар кезінде медициналық регистратор науқасты фильтрге апарады, науқастың медициналық картасын алдырады. Фильтрде (ең алғаш көмек көрсететін кабинет) дəрігер науқасты қарап, көрсеткішіне қарай күндізгі стационарға немесе ауруханаға жатқызады. Бүгінгі күнге дейін емханаға тіркелген əйелдер саны – 11 547 болып отыр. Оның ішінде туу жасындағы əйелдер 8 390, оларды 3 акушер-гинеколог дəрігері қадағалап отырады. Дəрігерлер гинекологиялық ауруларды анықтайды, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді, отбасын жоспарлауда кеңес береді. Емхана барлық жаңа диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Атап айтқанда, сəулелік (маммографияны қосқанда), функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық диагностикамен қамтылған. Бұл өз кезегінде сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Жоғарғы технологиялық сапалы көмек көрсету мақсатында рентген бөлімінде маммодиагност

маммографиялық жүйесі іске қосылған, ол сүт безінің ақауларын дұрыс анықтайды. Тағы да рентген бөлімі аз дозалы сканерлі ПроСкан құралымен, телемедикс-Р-Амико рентген кешенімен жабдықталған. 4 дана Соно Акс ультрадыбыстық құралдар арқасында барлық ағзаларға, балаларға, жүкті əйелдерге (3Д жəне 4Д датчиктерімен қоса жабдықталған) көрсеткішіне қарай зерттеу жасалынады. Тіс дəрігері бөлмесіне Chiradent-praktik тіс қондырғысы орнатылған, қондырғы тіс емдеуде қолданылатын 5 құралмен жабдықталған, креслоның 5 жағдайға келуі ем қабылдаушыға қосымша жағдай жасайды. Көз дəрігері бөлмесі «Периком» периграфымен, офталмоскоппен, Сивцев

таблицасымен, көз қысымын өлшейтін құралмен қамтамасыз етілген. Осы аталған құралжабдықтар ересектер мен балалар арасында емхана жағдайында көз ауруын дер кезінде анықтауға жəне емдеуге мүмкіндік береді. Құлақ-мұрын дəрігерінің бөлмесінде отоскоп, аудиометрмен, видеоотоскоп бар. Келген сырқатты қарау барысында анықталған ақаулар қағаз немесе электронды жүйе арқылы науқастың қолына беріледі. Балалар жəне ересектер кардиологы бөлмесі 12 каналды жəне көп каналды ЭКГ аппаратымен жабдықталған, дəрігерге кеңес алуға келген науқастарды көрсеткіші болған жағдайда дер кезінде түсіреді, қорытындысы тез алынып, тез арада диагноз қоюға мүмкіндік бар.

Зертхана емхананың астыңғы қабатында орналасқан. Ол клиникалық-диагностикалық жəне микробиологиялық зертханадан тұрады. Зертханаға қажетті техникалық жəне медициналық құрал-жабдықтар орнатылған, оның ішінде биохимиялық жəне иммуноферментті автоматты анализаторлар, фотометр, коагулометр, аквадистиллятор, термостат, қантты гемоглобин анықтайтын автоматты анализаторлар бар. Бұлардың барлығы науқастарға тура диагноз қоюға көп ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, емханада 20 төсек орындық күндізгі стационар ашылған. Бұл науқастардың кепілдік берілген медициналық тегін көмек алуына мүмкіндік болмақ. Астыңғы қабатта жеке жəне жалпы емдік шынықтыру

залы, массаж бөлмесі, ота жасалғаннан кейін кейбір ауруларды оңалту шараларымен айналысуға жағдай жасалынған. Емхана дəлізінде ақпаратты стенд ілулі тұр. Онда тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін дəрі-дəрмектердің тізімі, тегін медициналық көмек шеңберінде алынатын көмек тізімі, сондай-ақ кабинеттердің орналасуы, дəрігерлердің аты-жөні жəне стационарға жатқызу ережесіне дейін жазулы тұр. – Алдын ала тексеруден өтуге кейбір тұрғындар айтарлықтай назар аудармайды, біздің көңілімізден шықпайтыны да осы. Мұндай қадамды өз денсаулығы үшін жасап отырғанын түсіне бермейтіндер аз емес. Ауырып ем іздегенше, оның алдын алған жақсы емес пе?! Тексеру арнайы тізім бойынша жасалады. Қызметкерлер алдын ала тұрғындардың үйлеріне телефон шалып, келетін уақытын айтады. Міне, медицина жағынан осындай қадам жасалып тұрғанда, неге оны пайдаланбасқа?! Денсаулық – басты байлық. Сондықтан да əрбір адам жылына бір рет толық медициналық тексеруден өтуге міндетті дейді, – бас дəрігердің орынбасары Фарида Мергенбайқызы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, дəл қазір емхана өзіне қарасты тұрғындарға, тұмауға қарсы екпені салып жатыр. Тұмау – адамнан адамға тез жұғатын жедел вирустық инфекция. Одан сақтану – уақтылы екпе жасату болып саналады. Екпе алғандардың бұл ауруға қарсы тұрар иммунитетінің жоғары болатын белгілі. Сондықтан оларға сырқат жолай бермейді. Ауырған күнде де ауру жеңіл түрде өтеді. Екпе жасатудағы басты

мақсат – аурудың ауыр салдарын болдырмау. Емхананың астыңғы қабатында арыз-шағымдар үшін қорапша ілулі тұр. Сол қорапшаның ішінен бір-екі хат алып оқығанды жөн көріп, емхана басшысына өтініш білдірдік. Қорапшада бірнеше хат бар екен. Олардың барлығы емхана қызметкерлеріне жазылған алғыстар екен. «Еңбегіне қарай – құрмет», дегендей ем алушылардың барлығы көрсетілген қызметтеріне тек алғыстарын білдірген. Хаттардың бірінде былай делінген: «Мен І-ші топтағы мүгедек Айбол Керімкулов, емхана қызметкері Рахат Утемисоваға өз алғысымды білдіргім келеді. Өз қызметін адал атқаратын ол мені астыңғы қабаттан күтіп алып, қоларбаға отырғызып, кезексіз дəрігерлердің қабылдауын ұйымдастырып, маған жылы шырай танытты. Оған айтарым тек алғыс» деп ризашылығын білдірген. Осы Рахат Утемисованың атына жазылған тағы бір хатта: «Мен Алиасқар Беркімбеков əкем Əділхан Беркімбековты І-ші топтағы мүгедектігіне байланысты бізге осы емхананың əлеуметтік қызметкері Рахат Утемисованың құжаттарды дайындап көмектесуіне байланысты Шымкент қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінен қоларба алдық. Сол себепті ол қызметкерге алғысымыз шексіз» деп жақсы тілектерін жазып қалдырған екен. Яғни, бұл тілектер халық денсаулығы үшін медицина қызметкерлерінің тынбай еңбек етіп келе жатқанының айғағы деп айтуға болады. Ақжібек ƏЛАЙДАРҚЫЗЫ.


Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауындағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мектептер мен балабақшалар көптеп бой көтеруде. Сол себепті де облыс тұрғындары үшін басқа мерекелермен салыстырғанда 1 қыркүйекті қарсы алу əдеттегіден өзгеше өтетін болды. Дəлірек айтсақ, оңтүстікқазақстандықтар білім күні мерекесіне орай су жаңа мектептің тұсауын қиып жүргені белгілі. Сонымен қатар, жаңа оқу жылы ұстаздар қауымына жаңа мақсат, жаңа міндет жүктейтіні айқын. Кейінгі жылдары мемлекеттік қамқорлықтың арқасында білім саласына бөлінген қаржы еселеп өсіп келеді. Алайда, білім саласының проблемасы осымен толық шешілді деуге болмайды. Өйткені, білім, тəрбие барлық уақытта оң өзгерісті, тың ізденісті қажет етеді. Елбасының тапсырмасында атап көрсетілгендей, алдағы маңызды міндеттердің бірі - бəсекеге қабілетті, білімді меңгерген, ойөрісі дамыған, жоғарғы азаматтық жəне адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру, ұстаздар қауымына жүктелген зор жауапкершілік болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу елді мекенінде 1200 орындық мектептің құрылысын 2008 жылдың тамыз айында мердігер «Южная строительная компания» ЖШС бастаған болатын. Ал 2010 жылдың 1 қыркүйегінде «Шұбарсу» жалпы орта мектебі пайдалануға берілді. Үш қабатты мектептің қабырғалары пеноблоктан, төбесі түнекімен жабылып, жалпы ауданы: 4,65 га, пайдаланатын ауданы – 11650 м2 аймақты алып жатқан ғимараттың айналасы темір қоршаумен қоршалған. Мектеп заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Куəлігі 5251958-03-мм, 21.09.2010 жылы берілген. Бүгінгі таңда аталған мектепте 2632 оқушы екі ауысымда білім алуда. Білім ордасына филология ғылымдарының кандидаты Бахтыгүл Тастанбекова басшылық жасап келеді. – Мектеп мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы базистік оқу жоспарының Е, В, И, К қосымшалары бойынша жұмыс жасап келеді. Қазақ тілінде дəріс жүргізілетін білім ұясында, 65 оқу кабинеті, оның ішінде 5 компьютер сыныбында 96 компьютер интернетке қосылған, 8 лингафон кабинеті 12 орындықтан, алғашқы əскери дайындық кабинеті, химия, биология, физика кабинеттері мен арнайы тəжірибелік, зертханалық бөлмелері де қарастырылған. Мұнда оқушылардың ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндігі бар. Салауатты өмір салтын ұстануға спорт залы мен спорт алаңдары, мəжіліс залы, ұлдарға арналған 2 шеберхана, қыздарға – 1 тігін кабинеті, 1 кулинария бөлмесі, кітапхана, медицина бөлмесі жұмыс істейді. 280 орындық асхана тізім бойынша, əлеуметтік жағдайы көрсетілген оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде, – деді Бахтыгүл Əшімқызы. Сонымен қатар, мектеп орталық қазандықпен жылытылады. Бір қыста 450 тонна көмір жұмсалады екен. Қосалқы шаруашылық ретінде 0,03 га жерде жылыжай орналасқан. Онда қияр, қызанақ көшеттері отырғызылып, бағбандық жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, білім ошағында 221 қызметкер жұмыс істеуде. Мектеп кадрларының біліктілік санатына тоқталсақ, жоғарғы санатты ұстаздар – 13, І санатты – 78, ІІ санаттылары – 93, қатардағы – 37 қызметкер. Оның ішінде мектептің əкімшілік құрамында: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 4, бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары – 1, тəрбие ісі жөніндегі орынбасары – 2, педагог-психолог – 2, əлеуметтік-педагог – 1 болса, медицина қызметкерлері – екеу. Жоспары – айқын, міндеті – зор мекеменің жұмысы да жанданбақ. Мектепішкілік жоспарының оқу жылында атқарылатын міндеттері жөнінде директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрғали Есжанов: – Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру жəне мектепте оқу мен тəрбие сапасын жақсарту мақсатында ұжым мүшелері төмендегі міндеттерге ерекше көңіл бөліп, жүзеге асыруға міндетті: 1. Мектепте оқытудың жаңа формаларын, əдіс-тəсілдерін оқып үйрену, жаңа технологияларды күнделікті сабаққа енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын тереңдету. 2. Оқушылардың мектепке толық келуін қамтамасыз етіп, білім алудағы құштарлығын арттыру. 3. Білім алушылардың қабілетін саралай отырып, қабілетті, алғыр, дарынды оқушыларға мүмкіндік жасап, оларды ғылымға баулу. 4. Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтейтін ұлттық, адамгершілік, рухани жəне мəдени қасиеттерді жоғары дəріптейтін, адам құқығын қорғауға атсалысатын оқушыларды тəрбиелеу. Отбасы нашар, тұрмысы төмен, жетім, жартылай жетім оқушыларды ерекше қамқорлыққа алу. 5. Мектептің материалдық базасын нығайтуға, оқушылардың мектепке оқу

М. Накипов

¦ÄIËÅÒ

Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім №40 (200) алуына барлық мүмкіндіктер жасалуда 07.11.2014 жыл

БІЛІМ

7

қатар жүретін мына өмірде жанары жəудіреген жетім де, мұқтаждық мысын басқан əлсіз де кездеседі. Аллаға шүкір, арамызда жетімін жебейтін, əлсізін демейтін қалталы да қамқор азаматтар баршылық. Əлеуметтік педагог болып жұмыс жасап жүрген екі жыл ішінде бірнеше қамқорлық, қайырымдылық ісшаралардың куəсі болдым деп айта аламын. Жаңа оқу жылының өзінде-ақ, «Шұбарсу» жалпы орта мектебінде өткен қайырымдылық істерге тоқтала кетсем, барша мұсылмандарға құт əкелетін «Құрбан айт» мерекесінде мектебіміздің директоры Б.Тастанбекова 1 қойды құрбандыққа шалып, қазақ тілі мұғалімі Мақсат Қалмаматов пен кəсіпкер Зəуре Жаримбетовалар еттен демеушілік жасап мұқтаж отбасы балаларына құдайы таратты. Шұбарсу ауылының «АР-Рахман» мешітінің имамы – наиб имамның ұйымдастыруымен ауыл азаматтары бірлесіп, 200 кг ет пен екі қазан палау басып, ауыл тұрғындарына құдайы тамақ таратылып, спорттық ойын түрлерінен ұйымдастырылған жарыстардың

БІЛІМДІ ЖАСТАР – БАЄА ЖЕТПЕС БАЙЛЫЌ

формасымен келуіне ықпал ету болып табылады, – деді. Оқу ісінің орынбасары Пірманов Дінмұхаммед те 2014-2015 оқу жылында ұстаздардың алдарына қойған мақсаттарының бірнешеуін алға тартты. Ең бастысы – еліміздің ертеңі болар білімді азаматтарды тəрбиелеу мақсатында дарынды, зерек балалармен жұмысты жүйелі əрі сапалы түрде жүргізіп, шығармашылыққа бейімдеп жəне пəн олимпиадалары мен ғылыми жобалар жарыстарында айтарлықтай нəтижеге қол жеткізу. Оқушылардың білім сапасын көтеріп, пəндерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында озат технологияларын енгізу үшін мұғалімдерді арнайы оқуларға жіберу жоспарланған. Балалар – болашағымыз. Білімді жастар – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да, балаларды білім нəрімен сусындатып, биік армандарға жетелейтін ұстаздардың қоғамдағы орны да ерекше. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім» деп халқымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев айтқандай, мұғалімдік қай кезде де мəртебелі мамандық болып келген. Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, білім өркениеттің басты көрсеткішіне айналған заманда мұғалім мəртебесі одан əрі арта түсуі тиіс. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп білімнің ерекше маңызын айқын көрсетіп берді. Демек, ұстаз саяси сауатты, ақпараттық технологияны меңгерген, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімін оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай əдістемелік жағынан шебер, білімді де білікті, ұйымдастырушы болуы керек. Білім ғимаратының ашылғанына аз ғана уақыт болса да, мектеп бірталай жетістіктерге қол жеткізген. Жаңашыл əдістəсілдерді сабақта пайдаланатын ұстаздар қатары көбеюде. Мəселен, жаңа форматтағы үш айлық деңгейлік курстарды 23 мұғалім оқып келген. Оның 7-сі бірінші деңгей, 5-і екінші деңгей, 11-і үшінші деңгей бойынша дəріс алған. Олар оқып-тоқығандарын өзге де мұғалімдерге үйретіп, коучинг-сессиялар, семинарлар өткізуде. Жаңа əдіс-тəсілдер арқылы дарынды жəне үлгермейтін оқушылармен жұмыс жасап, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда. Нəтижесінде бастауыш сыныптар бойынша, қазақ тілі мен

əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, тарих, география, химия, дене шынықтыру пəндерінен жəне «Мектептегі оқушылардың денсаулығын нығайту мен өз ағзасын сүюге үйретудегі мектеп мейірбикелерінің рөлі» тақырыбында аудандық семинарлар өткізген. Кəсіби шеберліктерін шыңдап, шығармашылықпен айналысып жүрген 10 мұғалім облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан. Сонымен қатар, ұстаздар аудандық «Өнерлі ұстаз», «Үздік педагог», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік психолог», «Жыл сынып жетекшісі» сияқты байқауларда бақтарын сынап жүлделі орындарды иеленді. Ал оқушылардың жетістігін айтар болсақ, аймақтық, аудандық олимпиадаларда, байқаулар мен жарыстарда, облыстық ғылыми жоба байқауларында жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтсақ, 10-сынып оқушылары Гүлнұр Жанатбекқызы, Камила Өрісбаева облыстық ғылыми жоба байқауларының жеңімпаздары болса, 9сынып оқушысы Хиас Данагүл «Ақ көгершін» Халықаралық өнер фестивалінің мəнерлеп оқу бойынша І-дəрежелі лауреаты атанды. 11-сынып оқушысы Салима Сайымқұлова аудандық «Махамбет оқулары» байқауынан І орынды, «Мағжан оқулары» байқауынан бас жүлдеге лайықты деп танылса,11сынып оқушысы Дильфуза Сапарова осы байқауда зерттеу жұмыстары бойынша ІІІ орынды олжалады. Аудандық «Абай оқулары» байқауынан 10-сынып оқушысы Əбдірахман Ерсұлтан І орынды, 11-сынып оқушысы Динара Тұрдыбаева ІІІ орынды қанжығасына байлаған. 10-сынып оқушысы Гүлнұр Жанатбекқызы «І.Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінде ІІІ орыннан көрінді. 9сынып оқушысы Сəуле Жұмабаева «Жарқын болашақ» VІ республикалық қазақ тілі аудандық олимпиадасының «Жас ғалымдар» байқауынан І-орынды, Раушан Сағындық, Жанар Қонарбаева, Дильфуза Сапаровалар М.Əуезов атындағы ОҚМУ ұйымдастырған студенттер мен оқушылар арасында орыс тілі пəнінен өткен олимпиадада І, ІІ, ІІІ орындарды иеленді. 9-сынып оқушысы Махира Закирова «ЭКСПО – 2017» көрмесі бағдарламасы аясында Сайрам ауданындағы Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжінде өткен «Инновациялық идеялар мен жобалар» байқауында болып, «Алғыс

хатпен» марапатталды. Беларусь Республикасының ұйымдастыруымен өткен «Халықаралық қашықтық» байқауынан биология, география, математика пəндері бойынша екі оқушы І дəрежелі дипломмен, үш оқушы ІІ дəрежелі дипломымен жəне үш оқушы ІІІ дəрежелі дипломмен марапатталған. Сол сияқты, мектептің «Іңкəр» би тобы облыстық «Болашақ жұлдыздар» фестивальіне қатысып, жүлдемен оралды. Спорттық сайыстардан облыстық, республикалық жарыстарға атсалысып, жоғарғы орындардан көрініп жүрген, мектептің мақтанышына айналған оқушылар да жоқ емес. Мысалы, 4-сынып оқушысы Зейнеп Сұлтанбек шахматтан əлемдік жарыстарға қатысып топ жарып жүрген ол, Үндістан, Шри.Ланка, Греция, Түркия, Африка сынды шетелдерге барып, бақ сынап жүр. Көптеген оқушылар жеңіл атлетикадан, бокстан, күрестен, футболдан облыстық жарыстарда жеңіске жетті. «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымының мүшелері «Ұланымыз ұлы елдің» облыстық жас өспірімдер арасындағы сайыстарда болып, облыстық білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның алғыс хатымен марапатталды. Оқушылардың 70 пайызы көрші елдерден келгендіктен, ҰБТ көрсеткішін көтеруге бағытталған жоспарлар түзілген. Жоспар бойынша ұстаздар жұмыс жасап, нəтижесін көрсетіп келеді. Бұған дəлел, өткен оқу жылында ҰБТ-ке 85 оқушы қатысып, орташа көрсеткіш – 77,7 болған. Төрт оқушы «Үздік аттестатқа», екі оқушы «Алтын белгіні» ақтап, 26 оқушы грант иегері атанып, атааналары мен ұстаздарын қуанышқа бөледі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, біліктілігі мен білімін жетілдіру – ұстаздардың əрі міндеті, əрі білім беру жүйесіндегі даму құралы екені анық. Қазіргі жаңа өрлеу кезеңінде мектеп қабырғасындағы оқушыларға заман талабына сай жаңаша көзқарас қалыптастырып, білім жетістіктерін сабақтастыра отырып ХХІ ғасырдың шəкіртін тəрбиелеу əрбір ұстаздың міндеті деп білейік. Одан бөлек, мектепте қайрымдылық істердің қаншалықты жүргізілетіндігін аталмыш мектептің əлеуметтік педагогы Айтқұлова Сандуғаштан сұраған едік. – «Жетімін жебеген, əлсізін демеген – қазағым» демекші, шырайы мен сұрқайы

жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен құнды кітаптардан тарту жасалды. Мектебіміздің оқушылары көп, соның ішінде əлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар да жетерлік. «Қатар еліндегі Қазақстан» қоғамдық қорының президенті Құрманалі Мұхаммед Аминнің жəне Шымкент қаласындағы «Ықылас» қариялар дайындау орталығы басшысының орынбасары Сапарбай Жаппарұлы Бурхановтың демеушілігімен 2014 жылдың қазанның 10-ы күні «мектеп сөмкесі» акциясы өтті. Онда жетім жəне жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларына, көп балалы отбасынан шыққан, жалпы саны 50 балаға, оқуға керекті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сатып əперілді. Мектеп директорының орынбасарлары Нұржігіт Бекболатовпен Нұрғали Есжановтардың ұйымдастыруымен əлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 40 оқушының жанұясына жəне ауыл тұрғындарының 17 мұқтаж отбасына 57 тонна көмір таратылды. Мектеппен ауыл тұрғындарына демеуші болып, əрбір үйді аралап ет таратып, көмір түсіріп, көмек қолын созған ер азаматтар барда қазақ елінің жетімі жыламас, əлсізі құламас деп сенеміз. Жаңа білім ошағы жергілікті тұрғындардың қаншалықты көңілінен шығатынын ата-аналар комитетінің төрайымы Басымбекова Бибіайым: – Бұл елді мекенде көбісі атамекенге оралған қазақтар мен бірнеше ұлт өкілдері тұрады. "Бірлік бар жерде – тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерде қашанда нəтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ауылымызда жаңа мектеп салынғанына өте қуаныштымыз. Көркі көз тартар ғимаратта барлық жағдай жасалған. Енді оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік мол. Осындай игі істердің атқарылуына мұрындық болған басшыларға алғысым мол, – деді. Иə, 2009 жылдан бері талай нысанның тұсауын кесуге ықпал еткен бағдарлама негізінде, аудан көлемінде көптеген жақсы жаңалықтар жүзеге асып тиісті мекемелер бой көтерді. Осы жарқын істердің төңірегінде аудандық білім бөлімінің басшысы Майхан Накипов та жүрді. – Ел игілігі үшін жасалып жатқан істердің барлығы ел экономикасының өсіп– өркендегенінің айғағы. Осы шаруалардың басында тұрған Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында болып жатқан жағдай. Мемлекет елімізде білім беру жүйесін жетілдіруге, материалдықтехникалық базасы жағынан нығаюына толық қолдау көрсетіп отыр. Ауданымызда оқушыларға орын жетіспеушілігі, үш ауысымда оқу сияқты проблемалар жойылды, – деді Майхан Ыдырысұлы.

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында «Əлемдік қаржы дағдарысында кездескен қиындықтарға қарамастан құрылысы басталған мектептер мен ауруханаларды салып бітіреміз» деген болатын. Демек, сапалы білім мен тəрбие беру Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыты болып есептеледі. Яғни, білімді жастар – баға жетпес байлығымыз. Сол себепті де кейінгі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуына барлық мүмкіндіктер жасалуда. Ақжібек МҰСТАФИНА


Отанды қорғау - Қазақстанның əр азаматының міндеті

ТҰЛҒА ЕЛ ҚОРҒАНЫ

№40 (200) 07.11.2014 жыл

8

ЕҢБЕГІН ЕЛ БІЛЕТІН АРДАГЕР ҰСТАЗ

Милиция генерал-майоры, ҚР ІІМ-не еңбегі сіңген қызметкері, заң ғылымдарының докторы, «Халық академиясының академигі», ОҚО «Құрметті азаматы» Жеңісбай Əбдікерімұлы Сұлтанов Түлкібас ауданы, Шақпақ ата ауылында 1945 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген. Жеңісбай деген аты да аңсап күткен Ұлы жеңіс шаттығының белгісі. 1963 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының механика факультетіне оқуға түскен жас маман, 1968 жылы Атырау қаласындағы химия зауытына жолдамамен жіберілді. Сөйтіп, алғашқы еңбек жолы басталды. 1971 жылдың тамызында туған ауданына оралып, Түлкібастағы гидромелиоторлар əзірлейтін техникум директорының оқуөндірістік шеберханалары жөніндегі орынбасары қызметіне кіріскен кезде де оның бойындағы іскерлік қасиет шыңдала түседі. Азаматқа халқы үшін еңбек етуден ардақты, одан абыройлы іс болмайды. Жеңісбай Əбдікерімұлы Түлкібас аудандық партия комитетінің нұсқаушысы болып жүрген кезінде Шымкент облыстық партия комитеті бюро мəжілісінің жолдамасымен 1973 жылдың маусым айында Түлкібас аудандық ішкі істер басқармасының саяси - тəрбие істері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалады. 1980 жылдың тамыз айында ОҚО ІІБ кадр бөлімінің бастығы, 1984 жылдың қазан айынан облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Ол кісі ұстаз деген

атаққа ие. Егер қызмет бабында біраз табыстарға қол жеткізілсе, оның ішінде Жеңісбай ағамыздың еңбегі бары сөзсіз. Жеңісбай Əбдікерімұлы 1988 жылы ҚР ІІМ-нің жолдамасымен Мəскеудегі Одақтық ІІМ Академиясының бірінші факультетіне тыңдаушы болып қабылданады. Академияда оқып жүргенде Мəскеу қалалық ішкі істер Басқармасы бастығының бұйрығымен оған «милиция үздігі» төсбелгісі беріліп Академияның естелік медалі табыс етілді. 1990 жылы КСРО ІІМ-нің Академиясының бітірген соң шілде айында Ақтөбе облыстық ІІБ бастығының орынбасары, сол жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында ашылған ішкі істер басқармасының бастығы қызметіне тағайындалады. Жеңісбай Əбдікерімұлының ішкі істер органдарына сіңірген еңбегі, ішкі істер саласының жұмысын ұйымдастырудағы орасан зор еңбегі, мүлтіксіз қызметі еленіп, 1995 жылдың сəуір айында Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «генерал-майор» жоғары шені беріледі. Бұл-ақылдың қайратпен қатар тұрып, жүрекпен ұштасқан қызмет жолының жарқын белгісі. Мемлекеттік тергеу комитеті құрылған жылдары облыстық ішкі істер басқармасы ғимаратсыз қалған-ды. Өзінің абыройын, бар күш жігерін жұмсап, қазіргі ОҚО ІІД отырған сол кездегі Жобалау институтының ғимаратын алып бергенде осы генерал ағамыз болатын. Бұл Жеңісбай Əбдікерімұлының ұзақ жылдар бойы енбегінің, абыройының, ІІО-на деген адалдығының арқасы болса керек.

1997 жылдың маусымы мен 2002 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжінің бастығы қызметін атқарды. Ж.Ə.Сұлтановтың тікелей қатысуымен жəне белсенділігінің арқасында колледжге Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының есімі беріліп, ғимаратының алдына батыр бабамыздың ескірткіші орнатылды. 2002 жылы Ж.Сұлтанов ұзақ жылғы қажырлы еңбегімен құрметті демалысқа

шықты. Ж.Сұлтанов ҚР Президентінің Алғыс Хатымен, он төсбелгілік медальмен, жеке қарумен, Қазақстан Республикасы ІІМ грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Бүгінгі күні ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында милиция генерал-майоры Жеңісбай Сұлтановтың кабинеті ашылған. Қазіргі уақытта тəжірибесі мол ұстаз ардагеріміз ретінде жас мамандарға тəрбиелік, отансүйгіштік жəне таңдаған

мамандықтарын сүю сезімдерін қалыптастыруға ықпалын тигізуде. ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында бүгінгі күні тыңдаушы топтармен ардагер ұстаз, милиция генерал-майоры Жеңісбай Əбдікерімұлымен кездесулер ұйымдастырылады. Кездесу барысында тыңдаушылар болашақ мамандығы жайында көптеген пайдалы ақпараттар ала алады. Бұл өз кезегінде 40-жылдық тарихы бар Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының жас мамандарға тəрбие-

лік, отансүйгіштік жəне таңдаған мамандықтарын құрметтеуге ықпалын тигізеді. Осындай ардагер генералдарымыз қызмет атқарған оқу орталығы елімізге кəсіби мамандар дайындауда үлкен септігін тигізіп келеді десек те болады. Бүкіл Қазақстаннан келген тыңдаушыларды патриоттық рухта тəрбиелеу мақсатында оларды демалыс күндері қаламыздағы, облысымыздағы тарихи орындарға, мұражайларға саяхат жасап, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуы жолға қойылған. Тарихтың тереңдігінсіз бүгіннің кеңдігі, болашақтың жарқын болмайтыны барша саналы азаматқа белгілі. Білім ордасының тарихына үңіліп, бүгінгі əулетіне қарай отырып Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының болашағы баянды деп айта аламын. Ең бастысы тыңдаушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Өз кезегінде біз Алматы, Қарағандыдан кейінгі үшінші қала болып саналатын шырайлы Шымкентте Б.Момышұлы есімі берілген болашақ полиция қызметкерлерін даярлайтын жоғары оқу орны бой көтеретініне үмітпен қараймыз. Мемлекетіміздің жағдайы жақсарып, экономикасы өрлеп келеді. Отанды қорғау - Қазақстанның əр азаматының міндеті. Ал сақшылар - біздің егеменді еліміздің сенімді қорғаны. Ж. КАЮПОВ, ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының Криминалистика жəне арнайы техника циклының бастығы

ЕСКЕ АЛУ Ой заман-ай, дархан да, дарынды, əрдайым ізгілік пен ізеттіліктің, адамгершілік пен жақсылықтың, мейірімділіктің тізгінін тең ұстап, айналасына жайма-шуақ нұр шашып жүретін, бірімізге жар, енді бірімізге əке, бірқатарымызға аға мен іні, дос – жолдас болған, өмірге ғашық Тұрғанбек Дəуленбаевтың бұл пəниден озғанына да бір жылдың жүзі жақындап қалыпты.

Тұрғанбектің əкесі Дəуленбай Самсыұлы 1944 жылы дүниеден озып, бүкіл бір жанұяның бар ауыртпалығы Тұрғанбектің туған ағасы – Тұрғанбайға түсті. Ол Ленгер қаласындағы ФЗО мектебін бітіріп, сол кездегі атағы дүркіреп тұрған Ащысай полиметалл комбинатына жұмысшы болып орналасқан соң, туған анасы – Айманды, қарындасы Райхан мен бауыры Тұрғанбекті Ащысайға көшіріп алып кетті. Иə, 1950 жылдардың басында Ащысай полиметалл комбинатының атағы бір Қазақстанға ғана емес, бүкіл Кеңестер

Шалғайдағы малшы балаларының білім алуына жағдай жасап, интернат ашты. Жасөспірім Тұрғанбек Максим Горький атындағы орта мектепте оқып, жастайынан білімге ерекше зейін қойды. Иə, осы бір ырысты мекен ол үшін ерекше ыстық əрі қымбат. Өйткені, Тұрғанбек осында орта мектепті бітіріп, қияға қанат қақты. Осында соғыс жылдарынан кейінгі қызығы мен қиындығы қатар болған балдəурен балалық шағы өтті. Құдай қосқан жан жары Рахиманы ағасының қара шаңырағына келін етіп түсірді. Талай-талай жастарға білім, тəрбие беріп,

жаны жақын болатын. Рахима жеңгеміз екеуінің ауызбірлігі, татулығы, отбасылық жарастығы бізге үлгі-өнеге еді, – дейді əріптес інісі Тұрғанбек ағасын сағынышпен еске алып. Иə, облысқа белгілі озат шаруашылықта Тұрғанбек Дəуленовтің үлкен ұйымдастырушылық қабілеті мен азаматтық тұлғасы қалыптасты. Зайыбы Рахима екеуі ұлқыздарына лайықты тəлім-тəрбие беріп, адал өсірді. Перзенттері Тұрекеңді əрқашанда үлгіөнеге тұтып, өмірден өздерінің лайықты орындарын тапты. Ұлдары – Асқар, Мұхтар, Төлеген, қыздары – Малика, Аружан жоғары

биікке ұшырған қасиетті білім шаңырағына ат басын бұрғанымда қатты толқыдым. Сонау алыстап кеткен 1958 жылы Тұрғанбек екеуміз орта мектепті бірге бітіріп, арман қуып, Алматыға бірге аттанып едік. Тұрғанбек Алматы халық шаруашылығы институтын ойдағыдай бітіріп, экономист мамандығы бойынша жоғары білім алды. Созақ ауданындағы жаңадан ұйымдасып жатқан «Жартытөбе» шаруашылығында бас экономист болып еңбек жолын бастады. Жігерлі жас совхоздың комсомол комитетіне жетекшілік етті. Республикаға белгілі, ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы, совхоз директоры Спақұл Малдыбеков ағамызбен бірге шаруашылықты төрт аяғынан тік тұрғызуға өзінің үлкен үлесін қоса білді. Жастық жалынымен жалындаған Тұрғанбек Дəуленбаев Қазақстан комсомолының ХІ съезіне делегат болып, есімі ел аузында жүрді. Сол Құрылтайда Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің мүшесі болып сайланды. Тұрғанбек туралы деректі фильм түсірген сапарымызда Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылындағы белгілі азамат, сыныптас жолдасым Ақшал Оспанбековтың шаңырағында Тұрғанбекпен бірге оқыған бір топ сыныптас достар бас қостық. Ащысайдың қазақ орта мектебін осыдан елу жылдан астам бұрын бітірген біздің қуанышымызда шек жоқ еді. Жүрген жеріне жылылықтың шуағын шашып жүретін Тұрғанбек досымызды еске түсірдік. Бірге оқыған Бибісара Есбаева, Ақшал Оспанбеков жəне басқа да сыныптас жолдастарымыз Тұрғанбектей асыл азаматтың ізеттілігі мен адамгершілігін айтып, жарқын бейнесін сағынышпен еске алдық. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарының басында дəм-тұз бұйырып, Тұрекең киелі Мырзашөлге қоныс аударды. Сол кездегі Жетісай ауданы, Ленин атындағы кеңшардың экономикасын өркендетуге 20 жылдан астам атсалысты. Осы сапарымызда Тұрекеңмен бірге қызмет атқарған Базарбай Момбеков бауырымызды кездестіріп, əңгімеге тарттық. – Тұрекең шаруашылықта көп жылдар бойы бас экономист болып еңбек етті. Ол өз ісінің нағыз майталманы, білгірі еді. Біз ағамыздың қара қылды қақ жаратын əділдігіне əрқашан тəнті болушы едік. Қолынан үнемі газетжурнал түспейтін. Əдебиетке, өнерге, тарихқа

білім алып, өз істерінің білікті мамандарына айналды. Жанна мен Əлия Дəуленбаевтардың əулетіне келін болып түсіп, ырыс пен береке əкелді. Алматыға қайтар жолда қасиетті Түркістан қаласына соғып, бүкіл түркі дүниесінің ұлы ғұламасы Ахмет Яссауиидің кесенесіне барып, тағзым еттік. Осы қалада тұратын Тұрғанбектің туған ағасы Тұрғанбай ақсақалдың қарашаңырағына соғып, отағасына сəлем бердік. Жарасымды əңгіме өрбіп қоя берді. Əттең, арамызда сөзге шешен, көңілі зерек, жандүниесі аңқылдаған Тұрғанбек досым болмады. Туа біткен тұңғышы болғандықтан болар, Тұрекең үлкен ұлы Асқарды ерекше жақсы көрді, оған үлкен үміт артты. Əке үмітін Асқар да ақтай білді. Бір кездегі Тұрғанбек пен Асқар еккен шыршалар өсіп-өніп, аспанға қол созып тұр. Көшеттей отырғызылған алма бақтары да өз жемісін бере бастапты. – Қазақта: «Əкең өлсе де, əкеңнің көзін көрген өлмесін» деген қанатты сөз бар. Мен əкеммен қызметтес, сыйлас, дəмдес болған ақ ниетті жандармен жиі ұшырасамын. «Əкең Тұрғанбек асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы еді, азаматтың бір асылы болатын», – деп олар жылы сөздер айтып жатады. Əкем марқұм көпшіл жан еді, үйімізден ешқашан да қонақ үзілмейтін. Ол бізді бала кезімізден үлкенді сыйлауға, ізетті болуға, қазақтың тілі мен салт-дəстүрін қастерлеуге үйретті. Бүгінде біз əкеміздің өнегелі өмірін жалғастырып келеміз. Əкем мен анамның онға жуық немересі бар, бəрі де жасыл құрақтай жайқалып өсіп келеді. Əкем туған інім Мұхтардың үшінші ұлы Қасымханды ерекше жақсы көріп, бауырына тартып, жанынан бір елі тастамайтын. Қасымхан атасына тартып, батыр, өжет, əділ, сөзге шешен болып өсіп келеді, – дейді Асқар өз əңгімесінде. Иə, көкірегі сыңғырлаған сыр сандық, əрқашанда жақсылық пен ізгілікке жаны жақын, кең пейілді Тұрекеңнің жолдасжоралары, достары көп болды. Ол өз қуанышынан гөрі, дос-жарандарының қуанышына бірінші болып қуанатын жомарт жан болатын. Құдай қосқан құдажекжаттарымен өмір бойы сыйласып, бір-бірін хан көтеріп, құрметтеп өтті. Татулығы мен ынтымақтары жарасқан жақын жандардың əрбір кездесуі үлкен той, қуаныш еді. Тұрекең

АЗАМАТТЫҢ АСЫЛЫ ЕДІ Алланың əміріне бас имейтін пенде жоқ. Кім келіп, бұл жалғаннан кім өтпеген! Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Тұрғанбек 1942 жылы қарт Қаратаудың баурайындағы Созақ ауданы, Октябрь колхозында дүниеге келді. Бұл өңір кең байтақ Қазақстанның қасиетті жерлерінің бірінен саналады. Айтулы атамекенде Ахмет Яссауиидің түп атасы болып келетін Ысқақ Бабаның кесенесі бар. Ол талай-талай ғасырдың сырын ішіне бүгіп, тарих болып күмбірлейді. Созақ – заманымыздың заңғар жазушылары Тəкен Əлімқұлов, Асқар Сүлейменов, қазақ күйінің теңдесі жоқ шебері Сүгір, Төлеген Момбеков бастаған небір дүлдүл ақын мен жазушылардың, күйшілердің, басқа да өнер қайраткерлерінің кіндік қаны тамған жері. Тұрекең алыстағы Алматыдан туған жерін сағынып келгенде, бүкіл Түркі дүниесі əулие санайтын Қара Бураның кесенесіне ат басын бұрып, тізе бүгіп, құран бағыштар еді. Ұлы бабаларына əрқашанда тағзым еткен, көкірегі шежіреге толы Тұрғанбек санғасырлық тарихы бар көне кесенені қалпына келтіруге, оның айналасын абаттандырып, көріктендіруге, гүлдендіруге Созақтың саналы азаматының бірі ретінде үлкен үлес қоса білді. Санғасырдың куəсі болған қарт Қаратаудың етегіне орналасқан Тұрғанбектің туған жері – бұрынғы «Октябрь» колхозы, қазіргі Жыныс ауылына талай рет бірге бардық. Əр келген сапарында жаны абзал досым қатты толқушы еді, тебіренуші еді. Өйткені, осында атабабаларының ескі қабірі жатыр. Тарихқа үңілсек, 1930 жылдары Кеңестік саясатты бұрмалап, ел пікірімен санаспастан зорлап қоныстандыру мен жаппай тəркілеуге қарсы атышулы Созақ көтерілісін бастаушылардың ішінде Тұрғанбектің аталары мен ағалары да көш басында жүрді. – Біздің ата-бабаларымыз қолдарына айыр мен орақ ұстап, Кеңес өкіметінің зорлықшыларына қарсы шыққан хас батырлар болған, кіммен сөйлесіп отырғандарыңды байқағандарың жөн, – дейтін Тұрғанбек əзілшынын араластырып. Оның бойында батырға тəн қасиеттер мол болатын. Өзінің көзқарасы мен пікірлерін қандай ортада болмасын қаймықпай, қасқая қарап айтып салушы еді.

«Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ

Тұрғанбек Дəуленбаев Созақ ауданындағы Қарабура кесенесінің басында. 2008 жыл. Одағына кеңінен белгілі еді. Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс фашистеріне атылған əрбір он оқтың тоғызы Қаратау қойнауынан өндірілген қорғасыннан жасалғанын тарихтан жақсы білеміз. Сол кезеңнен бастап, Кеңес дəуірі құлағанша экономикасы, əлеуметтік жағдайы, мəдениеті өркендеген 20 мыңға жуық халық тұратын ірі елді мекен болатын. Жұмысшылар поселкасында орта білім беретін қазақ жəне орыс мектептері болды.

Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Редакцияның жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА Тілшілер Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Ақжібек МҰСТАФИНА

Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Алқа кеңесі төрағасының орынбасары Мұхтар ШЕРІМ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)

Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ

Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52

əрқашанда маңдайы жарқырап, солардың ортасында жүретін. Ол той-думанның нағыз гүлі болатын. Асыл жанды досымыз шырқаған, құлақтан кіріп, бойды алар əсем əндері жүрегімізде мəңгілік қалып қойыпты. Тұрекең өмірінің соңғы оншақты жылдан астам мезгілін жанұясымен əсем Алматыда өткізді. Елінің елеулісіне, халқының қалаулысына айналған жақсы адамды соңғы сапарына осы қаладан шығарып салдық. Досымның бейіті де Кеңсайдың бір биігінде жатыр. Бейіт басындағы үлкен ақ тасты көргеніңде жан-дүниең төңкеріліп кеткендей болды. Бұл тасты Тұрекең туған жері Созақтан жиырма жыл бұрын əкеліп, ұрпағына: «Мен дүниеден озғанда, бейітімнің басына ескерткіш етіп қойыңдар» – деп өсиет қалдырғанын бəріміз де жақсы білеміз. Əке өсиеті, аманаты орындалды. Арамыздан кетсе де, көңілден, жүректен кетпейтін асыл жанды адамдар болады. Ізгі жүректі досымның бəріміз үшін орны ерекше болатын. Тұрғанбектің жарқын бейнесі жадымызда мəңгі сақталып қалады. Топырағы торқа, иманы жанында болсын дейміз. Төлеген ЖҰМАБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қаласы

— ЖАЛЮЗИ — — ДЕНЬ-НОЧЬ — — ГОРИЗОНТАЛКА —

Тел.: 8 (7252) 97-56-32 Сот.: 8 771 322 11 32 8 702 570 00 60 tradetex@mail.ru

УТЕРЯ Утерянные документы на имя Ботабекова Таспулата договора купли-продажи земельного участка №26859 от 08.11.2012г., постановление Акимата №81 от 31.01.2014г. и акт на право частной собственности на земельный участок (кадастровый номер: 19-309-200-2072) в связи с утерей считать недействительным.

Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 2977.

Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.