Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№40 (243) = 16 қазан = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Самарада Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтті
ЕЛБАСЫ Н.НАЗАРБАЕВ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ В.ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Президенті кездесу барысында В.Путиннің елімізге сапарына деген ілтипатын білдірді. – Сіздің Қазақстанға соңғы мемлекеттік сапарыңыз төрт жыл бұрын болды. Осы уақыт аралығында ортақ мəселелерге көзқарасымызды үнемі өзара үйлестіріп, екіжақты қарымқатынастың өзекті мəселелерін түрлі алаңдарда шешіп отырдық. Сіздің бұл жолғы сапарыңыз да осынау күрделі кезеңдегі ынтымақтастығымызды нығайтуға жəне кеңейте түсуге септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы 16 қазанда өтетін ТМДға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мəселелерін де қозғады. – Бүгінде ЕАЭО халықаралық аренада құрмет пен беделге ие бола отырып, өз аясын кеңейтіп келеді. Біз дұрыс жолда келеміз деп есептеймін, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің екіжақты қарым-қатынасын дамыту келешегі туралы да айтты. – Біз Сочиде өзара қарым-қатынастарымызға қатысты негізгі мəселелерді талқылауға мүмкіндік алдық, енді бүгін соларға қатысты тиісті құжаттар дайындалып отыр. Біздің қарымқатынастарымыз «ХХІ ғасырдағы тату көршілік жəне одақтастық туралы» іргелі келісім негізінде дамып жатқанын да айтқым келеді. Одақтастық Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартпен, ал экономикалық тұрғыдан ЕАЭО-ның жарғылық құжаттарымен бекітілген. Қазақстан əрдайым Ресей Федерациясының жақын əрі сенімді көршісі болған, алдағы уақытта да солай болып қала береді. Бұл Қазақстан халқының түпкі мүдделерімен үндесіп жатыр, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. В.Путин өз кезегінде жоғары деңгейдегі кездесулер мен келіссөздер жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. – Маған Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына сипаттама берудің керегі жоқ. Бұл – жай өзара сенімді серіктестік қана емес, барлық мағынасында одақтастық қарым-қатынас. Қазақстан
– біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміздің бірі. Бүгінде 6 мыңға жуық Ресей компаниялары Қазақстанда жұмыс істеп жатыр, долларлық эквивалентпен есептегенде мол көлемдегі
инвестиция жинақталды. Сіздің төл бастамаңыз – Еуразиялық экономикалық одақ қарышты дамып, экономикаларымыздың тиімді дамуына жағдай жасауда. Біз көптеген серіктестеріміздің
Головкин Қарқаралыда туристік кешен салуды бастады Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туристік кешен салуды бастады. Бұл туралы Қарқаралы ауданы əкімдігінің өкілдері мəлім етті. Туристік кешен салынатын 400 мың шаршы метр орынды боксшы 2014 жылы 2 млн. теңгеге сатып алған. Жер телімі «Үлкенкөлге» жақын маңдағы ұлттық парктің жанында орналасқан. «Қарқаралының шығысында
«Үлкенкөл» бар. Бұл көлдің жағалауын қазір туризмді дамыту үшін жеке кəсіпкерлерге сатып жатырмыз. Мысалы, əлемге əйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен жылы көл жағалауынан 400 мың шаршы метр жерді туристік кешен салуға сатып алған болатын. Қазір ол құрылыс жұмыстарын бастап жіберді», - дейді əкімдік өкілдері. Сонымен қатар, əкімдіктегілердің айтуынша, жердің ақшасы аудандық бюджетке түседі. Туристік
кешен құрылысының жобасын Геннадий Головкиннің өзі сызған. Жер телімі де соның атына рəсімделген. Жоба Қарқаралы ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр. «Үлкенкөл» – өңірдегі ұлттық табиғи парктің əйгілі су қоймаларының бірі. Бұл жер туристер мен жергілікті тұрғындар үшін балық аулауға жəне шомылуға таптырмас орын. Көл туристік базадан 1,5 шақырым қашықтықта орналас-
АКАДЕМИК СЕЙІТ ҚАСҚАБАСОВ
қан. Оның ауданы 2,5 мың шаршы шақырымды алып жатыр, ал тереңдігі 4,6 метрге дейін жетеді. Айта кетейік, WBA (Super), IBO жəне WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы əлем чемпионы Геннадий Головкин қазанның 18-і күні канадалық Давид Лемьеге қарсы жекпе-жекке шығады. Кездесу Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді. «Қазақстан» телеарнасы аталмыш бəсекеден тікелей көрсетілім ұйымдастырғалы отыр.
Қазақ əдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, фольклортанудың феномені, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Қасқабасовтың есімі еліміз бен ТМД ғана емес, күллі əлемге кеңінен танымал. Атақты ғалым бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарының көш басында келе жатқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Сейіт Асқарұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Мемлекетаралық "Звезды Содружества" сыйлығының жəне басқа белгілі сыйлықтардың лауреаты. Жақында Еуразия ұлттық университеті мен Түркі Академиясының бірлесе ұйымдастыруымен заңғар ғалым Сейіт Қасқабасовтың 75 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп, фольклортанушылардың халықаралық конгресі əйгілі ғалымдардың басын қосты.Оған Қазақстандағы ең белгілі ғалымдар мен академиктерден бөлек, алыс жəне жақын шет елдерден аузымен құс тістеген ірі деңгейдегі саңлақ ғалымдар жиналып, мерейтой иесіне жүрекжарды лебіздерін аңқылдай ақтарды. (Жалғасы 4-бетте).
ЕАЭО-мен түрлі форматта ынтымақтасу ниетінде екенін көріп отырмыз, – деді Ресей Президенті. Akorda.kz
Владимир Путиннің мемлекеттік сапары аясында келіссөздер өтті Қазақстан Президенті Ресей біздің еліміздің стратегиялық серіктесі əрі одақтасы екенін атап өтті. – Біз Еуразиялық экономикалық одақта өзара ықпалдасып отырмыз. Елдеріміз екіжақты байланыстар аясында экономика, ғылым жəне гуманитарлық салалардағы жобаларды табысты жүзеге асыруда. Соған орай біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына қосымша серпін беретін осы жолғы кездесуге айрықша мəн береміз, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өзара тауар айналымы көлемінің қазіргі құлдырауы əлемдік экономика дамуының циклымен жəне негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуімен байланысты уақытша құбылыс екеніне назар аударды. – Біз ұлттық деңгейде де, ЕАЭО аясында да үйлестірілген жедел шаралар қабылдау қажеттігін түсінеміз. Экономикалық мəселелердің салдарын жеңілдету үшін резервтерді пайдаланған жөн. Еуразиялық экономикалық одақ Ұйымның барлық мүшесінің тең құқылығы жағдайында қызмет ете алады, елдеріміздің өкілдері барлық елдердің мүддесіне орай жəне ортақ экономикалық ұстанымдарға сəйкес жұмыс істеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. В.Путин екіжақты қарым-қатынастардың барлық, соның ішінде саясат, экономика жəне қауіпсіздік бағыттарында тиімді дамып жатқанын айтты. – Біз аздаған статистикалық құлдырауды байқап отырмыз, бірақ нақты көлем тұрғысынан іс жүзінде өзгеріс жоқ. Біз 2013 жылы қабылданған, 2015 жылы əрекет ету мерзімі аяқталатын екіжақты жоспар негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздің əріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын əзірлеуде. Оны жыл аяғына дейін бекітеміз деп үміттенемін, – деді Ресей Президенті. В.Путин Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициялары 9 миллиард доллардан асқанын да атап өтті. Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа арналған негізгі көлемі Ресей аумағы арқылы өтеді. Сонымен қатар, Ресей Президенті жоғары технологиялар, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне энергетика салаларында бірлескен ірі жобалар бар екеніне назар аударды.
ШЕТЕЛДІКТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮРДІСІ Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың салиқалы саясатының мақсаты – Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу. Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына былтырғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі мақсаты көлік, энергетика, индустриалды жəне əлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ шағын жəне орта бизнесті дамыту екені баршаға аян.
Осының негізінде мемлекеттік басқару жүйесін реформалау қажеттілігі туындады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға жəне жаңғыртуға, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру жəне Қазақстан Республикасының Үкіметін тиімді қалыптастыруға бағытталған шара. Атқарушы билік пен үкіметтік құрылымдардың бірқатары ықшамдалып, жаңаша қызмет атқаруда. Қаржы министрлігінің жүйесінде де салық, кеден коми-
теттері біріктіріліп, оған экономикалық қылмыспен күресу міндеті қоса жүктелді. Сөйтіп, Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Бүгінде бұл бағытта бірқатар қайта ұйымдастыру жұмыстары қолға алынды. Мұндай шара мемлекет бюджетін толықтыруға бағытталған. Аталмыш орган құрылғанынан бері Халықаралық деңгейде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Біздің облысымыз да бұл бағытта елеулі істер атқаруда. (Жалғасы 2-бетте).
2018 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жəрдемақы өседі