41 2014

Page 1

№41-42 (201) = 14 қараша = Жұма = 2014 жыл

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

Отырыста Қазақстандағы санитариялықэпидемиологиялық жағдай қаралды. Бұл тақырыптың өзектілігін бірқатар фактор, соның ішінде əлемдегі Эбола вирусының таралуына байланысты оқиғалар көрсетіп отыр.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі:

Отырысты ашқан Қазақстан Президенті халық денсаулығын қорғауды тиімді қамтамасыз ету мемлекеттің басымдығы бар міндеттерінің бірі саналатынына тоқталды. – Елімізде жұқпалы, соның ішінде əлеуметтік аурулардың, сондай-ақ сібір жарасы мен бруцеллезді қоса алғанда, жануарлардың қауіпті ауруларының ошақтары бар. Сонымен бірге, Эбола вирусының таралуы секілді

«НҰРЛЫЖОЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ БОЛАДЫ»

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

сыртқы қатерлер де ұлғаюда. Тұрғындарды түрлі жұқпалардан қорғау мəселесіне жіті назар аударып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігін нақты айқындап, олардың іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз еткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте Мемлекет басшысы қазіргі қалыптасқан жақсы ахуал арқаны кеңге салуға себеп болмауы тиістігін, өйткені əлемге есігі ашық Қазақстанның кең ауқымды сауда-экономикалық байланыстары, азаматтардың барыскелістері елімізге қатерлі жұқпалардың келу қаупін жоққа шығармайтынын атап өтті. Туберкулезбен сырқаттану деңгейін

Сауалнамаға қатысушылардың 98%-ы «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының уақтылы әрі өзекті екендігін айтқан

төмендету жөнінде қабылдаған шараларға қарамастан, бұл ауру бұрынғысынша мемлекеттік деңгейде көңіл бөлуді қажет етеді. Осыған орай, туберкулезбен ауырудың барлық оқиғаларын толық анықтауды қамтамасыз ету жəне жасырып қалу фактілеріне байланысты қатаң жазалаудың маңыздылығы айтылды. Қазақстан Президенті көршілес елдермен жəне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара іс-қимылды жəне трансшекаралық қауіптер мен биологиялық қатерлер туралы ақпарат алмасуды жандандыру жөнінде міндет қойды. Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму, ауыл

шаруашылығы, білім жəне ғылым, ұлттық экономика министрліктеріне қарасты мекемелердегі жұқпалы ауруларға қарсы тұру тақырыбы бойынша жүргізілетін ғылыми зерттеулерді үйлестіруді жұмыстың маңызды бағыты ретінде атады. Болашақта қазақстандық ғалымдардың əзірленімдері негізінде өзіміздің диагностикалық құралдар мен дəрілік препараттардың өндірісін жолға қою қажет. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қауіпті аурулар тұрғысынан қолайсыз елдерге іскерлік жəне жеке мəселелермен шығатын Қазақстан азаматтарын сақтану шаралары туралы ақпараттандыруды тапсырды. Отырыс барысында баяндама жа-

саған Ұлттық экономика министрі Е.Досаев пен Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков елдегі эпидемиялық жəне эпизоотиялық ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін айтты. 20022014 жылдары тіркелген оба, тырысқақ, сібір жарасы, конго-қырым безгегі секілді аса қауіпті жұқпалар іс жүзінде бірен-саран сипатта болды. Соңында Мемлекет басшысы аталған мəселелер бойынша барлық бағдарламалық құжаттар қабылданғанын, сондықтан оларды уақытылы жəне сапалы жүзеге асыру Үкімет пен атқарушы биліктің жергілікті органдарының маңызды міндеті болып саналатынын айтты. Akorda.kz

ЕУРАЗИЯЛЫЌ КЕЅІСТІКТІЅ ЕРЕН ЌАДАМДАРЫ

– Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бұл Жолдауы елімізді сыртқы факторлардың қауіп-қатерінен сақтауға көп көмегін тигізеді. Мемлекет басшысы келешектегі үш жылда жүзеге асырылуы тиіс «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынды. Əңгіме ел экономикасын барлық сала бойынша, атап айтқанда, ауқымды инфрақұрылымдық жобалар көліктік-логистикалық инфрақұрылым, жол, мемлекеттік жалға берілетін пəтерлер, энергетикалық қуатты арттыру нысандарын салу, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жайлы болып отыр. Қаржы Ұлттық қордан жəне халықаралық институттардан бөлінетін болады. Аталған шаралар ел экономикасы мен əлеуметтік саланың қарқынды дамуына ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар бұл маңызды құжатта бірлік пен қауіпсіздік мəселелері, əлеуметтің əлеуетін арттыру, репродуктивтік денсаулықтың нығаюы, білім беру, жұмыспен қамту, мəдениет, қоршаған орта, гендерлік теңдік бағытындағы жұмыстарға маңыз берілетіні баса айтылды.

Азат ПЕРУАШЕВ, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының ҚР Парламентіндегі фракциясының жетекшісі:

«ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШУДЕ» – Елбасының ұсынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бүгiнгi таңда ел алдында туындаған қауiпқатерлердi жаңа мүмкiндiктерге айналдыруға жəне ұлттық экономиканың түр-тұлғасын жаңа форматқа көшiруге бағытталған. Əдеттегiдей күтпеген тұста Елбасы ұлттық мəселелерге дөп тиетiн жауаптар мен ұсыныстарды ортаға салды. Мен бұл стильдi «Назарбаевтың өткiр жүздi қылышы» деп атар едiм. Елбасымыз 2008 жылдары əлемдiк дағдарыстың басталған тұсында индустрияландыру бағдарламасын қолға алды. Қазiр оның жемiсiн көрудеміз. Енді өндiрiстер ашылып, Қазақстанда бұрын-соңды болмаған тауарлар шығуда. Тұралап қалған ескi өндiрiстердің түтіні түзу шығып, заманауи технологияға ие бəсекеге қабiлеттi iрi өнеркəсiпке айналды. Бір кездері Президенттiң идеясымен құрылған Ұлттық қор бүгінде өз шапағатын беріп жатыр. Ұлттық қор құрылған кезде елде қаншама қарсы пікірлер бой көтерді. Елдің ен байлығынан түскен қаржыны қорға тықпаламай, мұнайдан түскен сол ақшаны елге үлестірейік. Бір адамға шаққанда жылына 17 мың теңге болады екен деп жатты. Ал енді қараңыз сол 17 мың теңгені бəріне таратып, ішіп-жегенде ұтарымыз не еді? Тіпті ұмытып та кететін едік.

Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ, Астана қаласының әкімі:

МИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҮШ ЕЛ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУЫНДА АТАП КӨРСЕТІЛДІ

«БҰЛ ЖОЛДАУ – ЭКОНОМИКА ӨСУІНІҢ ҚОЗҒАУШЫСЫ» – Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастайтын жол» атты Жолдауы – бұл экономика өсуінің қозғаушысы. Біздің күшіміз бірлікте, бір-бірімізге толерантты болуымыз керек, ұлтаралық жəне конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау керек дегенді Елбасымыз қадап айтты. Кезкелген мемлекетте экономика өркендемесе əлеуметтік прогрестің болуы мүмкін емес. Біздің алдымызда жаңа экономикалық принциптерге көшу мақсаты тұр. Бірінші кезекте 2015 жылға арналған бюджеттің параметрлерін қайта қарау керек, соған сəйкес өзгертулер енгізу қажет. Сонымен қатар, біз барлық əлеуметтік шарттар мен міндеттемелерді қамтамасыз етуіміз керек.

Минск қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысушылар ЕЕК министрі Н.Алдабергеновпен Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында «Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі монополияға қарсы реттеу» тақырыбында конференция форматында алқалы жиын өтті. Шараға «Беларуская думка» журналының бас редакторы Вадим Гигин, «Success K» медиа-агенттігінің бас директоры Лəззат Көккөзова, «Экономика» газетінің бас редакторы Леонид Фридкин, «Российские вести» апталығының бас редакторы Дмитрий Ермолаев, «Конкуренция и право» журналының бас редакторы Виктория Цыганкова секілді Қазақстан, Беларусь пен Ресейдің бірқатар БАҚ өкілдерінің басшылары жəне Қазақстанның Бас редакторлар клубының вице-президенті ретінде осы жолдардың авторы да қатысты. Үш бірдей елдің айтулы БАҚ өкілдерінің осынау маңызды басқосуында Еуразиялық экономикалық комиссияның Бəсекелестік жəне монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов ЕЭО елдерінде темір жол жəне əуе қатынастарының, сонымен қатар, роуминг, қосалқы импортқа өту мəселесін көтерді. Соның ішінде алқа мүшесі Беларусь, Қазақстан жəне Ресей елдерінің танымал БАҚ өкілдеріне монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, тауарлар нарығында тең бəсекелестікті қамтамасыз ету жайлы жіктеп айтып берді.

Кездесу барысында қосалқы импорттағы тауар бағасының төмендеуі байқалғаны айтылды. Мəселен, автобөлшектер 60-тан 80 пайызға дейін төмендеген. Сондай-ақ, иіссулар 20-дан 60 пайызға, автоорындық 50, спорттық тауарлар 30-дан 45 пайызға, шайтанарбалар 40 пайызға, фотоаппараттар 20 пайызға арзандаған. Бүгінгі таңда үш елдің тауар өндірушілерінің алдында маңызды міндет тұр. Атап айтсақ, əлемдік сауда нарығында интеграциялық одақтың ықпалын кеңейту мақсатында елдердің бір-бірімен арақатынасының ұлттық экономикалық бəсекелестігін арттыру алға қойылып отыр. Осы жұмысты орындауда ең алдымен, одаққа қатысушы елдердің бəсекелестік туралы Үлгілік заңды қабылдау, монополияға қарсы реттеу нормаларын біріздендіру жайын көтеруін айтып өткен жөн. Жыл соңына дейін ұлттық заңнамаға Үлгілік заңның ережесін енгізіп, екінші кезеңін үйлестіру керек. Бұл стратегиялық тапсырманы орындау – одақ алдында тұрған айырықша міндет. Жалпы ЕЭО аясындағы Үлгілік заңды қабылдаудағы басты мақсат – Бірыңғай экономикалық кеңістік аумағындағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жақындастыру. Заңда бизнесті қолдау, оған түсетін əкімшілік жүктемені азайту, бəсекелестікке қарсы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы заңнаманы бұзатындарға қатысты монополияға қарсы реттеу ұйымдары сақтандыру, ескерту, сондай-ақ, лауазымды тұлғаларды жұмыс-

тан шеттету жөнінде шешім қабылдай алатындығы турасында нормалар бар. Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелері алдағы екі ай ішінде тар шеңберде мамандандырылған сауалдардың соңғы нүктесін қоюды мақсат етіп отыр. Оның ішінде қосалқы импортқа өту мəселесі күн тəртібінде қаралмақ. Қазіргі кезде Еуразиялық одақ аймағында өндірілмейтін тауарларды арнайы дистрибьюторлардан ғана сатып ала алады. Бұл сауалдың жауабы ретінде келер жылы ЕЭК аумағындағы қосалқы импортқа кіріспе жасалады. «Соңына дейін біз осы мəселе бойынша нақты шешімдер қабылдауды жоспарлап отырмыз, бұл шешім нəтижесінде шетелдік тауар өндірушілердің немесе тіркелген танымал маркалардың болмаса, олардың дистрибьюторлық жүйе өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік туады», – дейді Нұрлан Алдабергенов. ЕЭК министрінің пайымынша, халықаралық танымал тауарлардың құны 20-80% дейін төмендейтіндіктен мұның үлкен тиімділігін ЕЭО мүшелерінің халқы көрмек. Алдыңғы кезекте оған автобөлшектер, спорттық тауарлар, иіссулар мен фотоқұралдар кіреді. «Біз 2020 жылға дейін ЕЭК аумағындағы тауар өндірушілерге арналған аумақтық тауысу қағидасын ұсынамыз. Ал біздің тұтынушылардың есебінен үшінші елдің бизнесін қолдап қуаттауды доғарған дұрыс», – деді Нұрлан Алдабергенов журналистерге берген жауабында. (Жалғасы 9-бетте).

ЖАҚСЫНЫҢ ӨЗІ ДЕ АЛТЫН, СӨЗІ ДЕ АЛТЫН Қарасай мен Ағынтай батырларға Ерейментауда үлкен кесене тұрғызылып, пойызбен кетіп бара жатқанымызда мен отырған купеге ұзын бойлы, сыпайы кісі келіп: – Нəке, сізбен танысайын деп келдім. Менің атыжөнім Жолмұхан Түрікпенұлы болады, – деп қолымды алды. Екеуміз Алматыдан Көкшетауға жеткенше əңгіме-дүкен құрдық. Не деген шалқар білім, сұңғыла тереңдік. Қай сала, қай сұрақ берсең де көсіліп, шешіліп нақты деректерді келтіріп, айызыңды қандыра əңгімелеп береді. Міне, содан бері Жолмұхан ағамен жиі-жиі сырласып, кеңесіп, сұхбаттасып, ағалы-інілі болып сыйласып келеміз. «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» демекші əңгімелессең жаның жадырайды, көңілің көтеріле-

ді, қалам алып үстелге отырып жаңа дүние жазғың келіп кетеді. Ерекше құлшыныс береді. Ол менің əр жазғансызғанымның бірін қалдырмай оқиды. Оқып қана қоймай-ақ, тілеуін жауды-

рып, керемет талдайды. Мені ғана емес күнделікті баспасөзде шығып жатқан сан түрлі əдеби шығармалар, пікірталастар туралы өз ой пікірін айтады, тұжырым жасайды. (Жалғасы 11-бетте).

Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,3 млн. адамнан асады


Жолдау жүктеген міндеттердің негізінде алдағы уақытта №41-42 (201) өңірімізде талай тың бастамалар қолға алынатын болады 14.11.2014 жыл

ЕЛ ТЫНЫСЫ

¦ÄIËÅÒ

«НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ – БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУГЕ ӘКЕЛЕДІ» – Биылғы Елбасымыздың Жолдауында жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» саясаты жариялады. Бұл саясаттың басты мақсаты - елдің əл-ауқатын көтеру, елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, сонымен қатар көптеген қордаланып қалған мəселелерді шешу. Жалпы елдімекендердегі мəселелерді шешуге Елбасымыз ұлттық қордан қосымша жылына 3 млрд теңгеге жуық қаржы бөліп тұруды тапсырып отыр. Бұл қазіргі таңда 550 млрд теңгеге жуық деген сөз. Ол еліміздің елді-мекендерінің инфрақұрылымын жақсартуға арналады. Сонымен қатар, Елбасымыз мектептер мен балабақшалар салуға қаражат бөлуді тапсырды. Яғни 70 млрд қосымша мектептерді салуға, 20 млрд балабақша құрылысына арналатын болады. Қазіргі кезде халықтың ең көп көтеріп жүрген мəселесі болашақта шешіледі деген сөз, яғни атап айтатын болсақ, «Өскемен-Алматы», «Астана-Өскемен», сонымен бірге «Атырау-Астрахань» жолдарын жөндеу – бұл болашақта үлкен экономикалық өрлеуге алып келеді. Жолдауда Елбасы осы мəселені түпкілікті шешуді айтты. Бұл жұмыстар жолға қойылса ол экономиканың өрлеуіне жол ашады. Болат СҰЛТАНОВ, Орталық Азия сарапшылар қауымдастығының төрағасы:

«БҰЛ – МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ» – Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» атты Жолдауы дер кезінде жарияланған жəне қажетті бағдарламалық құжат болып табылады. Ол бүгінгі таңда əлемде қалыптасып отырған жағдайға негізделген. Себебі, əлемдегі жағдай шапшаң өзгеріп отыр. Осыған байланысты 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясын жүзеге асыруда тактикалық шешімдерді өзгерту қажет. Қазақстан жаһандық əлемдік экономика жүйесіне қосылған. Егер əлемдік экономика «тұралап қалса», Қазақстанның негізгі экспорттық тауарлары - мұнай, газ жəне жерастында сирек кездесетін металдарға деген сұраныс та төмендейді. Сол себепті Қазақстан Үкіметіне дер кезінде Қазақстанның əл-ауқаты мен əлеуметтік дамуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. ҚР Үкіметінің басты міндеті əлемдік экономикалық жəне қаржылай нарықта болып жатқан жаһандық мəселелерге сəйкес елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына баса көңіл бөлу болмақ.

Гүлмира ИСИНБАЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

«ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ТҰРМЫСЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР» – Осы уақытқа дейін Жол картасы, моноқалаларды дамыту бағдарламасы іске асырылып отыр. Осы екі бағдарлама бойынша бүгінгі күнге дейін 300 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Ал, осы жылғы Жолдау бойынша, тек жол салу арқылы ғана 200 мың жұмыс орны ашылады. 200 мың адам ертең жұмыскер болса, осынша отбасының əл-ауқаты жақсарады деген сөз. Бүгінгі күні əлеуметтік саладағы ең өзекті мəселелердің бірі – мектептедің жаңадан салынуы. Апаттық жағдайдағы, үш ауысымды мектептердің орнына жаңасын салу өте маңызды жұмыс. Осы уақытқа дейін 204 мектеп апаттық жағдайда үш ауысыммен жұмыс істеп келді. Депутат үш жылдық мемлекеттік бюджеттің өзінде мектептер құрылысына тек 16 млрд. теңге қарастырылғанын атап өтті. Бұл – балалар жағдайының жақсаруы, оқу сапасының артуы. Апаттық мектептер бала өміріне күнде қауіп төндіреді. Біз одан арыламыз. Жолдау əрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартуға, экономиканың өсуіне бағытталып отыр. Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі:

«НҰРЛЫ ЖОЛ» – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНЫҢ БАҒДАРШАМЫ» – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – жарқын болашақ жолының бағдаршамы. Бұл Жолдау – жылдың маңызды, бастапқы құжаттарының бірі. Онда жаңа экономикалық саясаттың басым бағыттары айқындалған. Бұл Жолдауда Елбасымыз көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуды баса айтып өтті. Жолдау жүктеген міндеттердің негізінде алдағы уақытта өңірімізде талай тың бастамалар қолға алынатын болады. Еліміздегі негізгі автожол «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» транзиттік магистральінің 448 шақырымынан астамы біздің өңір аумағынан өтетінін ескерсек, алдағы уақытта осы күре жолдың бойында бірқатар жұмыс орындары ашылып, кəсіпкерлік нысандары пайда болмақ. Осы ғасыр жобасынан бөлек, өңірімізде ШымкентТашкент учаскесінің құрылысы да басталып кетті. Бұл ауқымды жоба 2015 жылдың соңында пайдалануға берілмек.

ЎСТАЗДЫЅ АЛТЫН ЖЎЛДЫЗЫ Белгілі тележурналист-ғалым Əмір Абусағитұлы Молдабеков осыдан ширек ғасыр бұрын əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітіріп, Қазақстан телерадиосында студиядан тыс хабар тарату бөлімінде өзінің еңбек жолын бастаған еді. Содан бергі оның өмірі өзі оқыған білім ордасымен тығыз байланыста болып келеді. Атап айтқанда, журналистика факультетінің жаңадан құрылған «Сана» телестудиясында жетекші, 1993 жылдан бастап университеттің техникалық құралжабдықтар мен жаңаша оқытудың технологиясы бөлімінің бастығы (ТСО и СОТ) қызметтерін атқарды. Филология ғылымдарының кандидаты Ə. Молдабеков – «Электронды университет жобасы» авторларының бірі. «Хабардың бес белесі» атты зерттеу еңбегі 2008 жылы «Бес белес» деген атпен қайта толықтырылып баспадан жарық көрді. Сондай-ақ, Ə.Молдабеков 1994 – 2000 жылдар аралығында «Қазақстан» телеарнасынан апта сайын беріліп тұрған «Түрік даналары», «Дара тұлғалар», «Тұлпардың тұяғы» атты тізбекті телебағдарламалардың тұрақты ғылыми кеңесшісі болды. Осы жəне басқа да телебағдарламалары үшін 1995 жылы оған Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығы берілді. Əмір Молдабеков «Түрік даналары» авторлық бағдарламасы бойынша Түркия, Германия мемлекеттерінде іссапарда болып, тізбекті хабарлар дайындауға белсене ат салысты. «Түрік даналары» авторлық телевизиялық бағдарламаның ұзын-саны 40

сериясын түсіріп, эфирден өткізді. Сонымен бірге, оның түсірген бұл телехабарларын Түркия, Əзербайжан телевизиялары эфирден көрсетіп тұрды. Атап айтар болсақ, «Түрік даналары» телебағдарламасын Түркия мəдениет министрлігінің ұсынысымен «Нихал Атсыз» деген интернет-саиттан қазіргі кезде де тамашалауға болады. Жақында ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық

конференция болып өтті. Осы конференция барысында Қазақстан журналистика Академиясының Президенті, профессор Сағымбай Қабашұлы Қозыбаев М. Барманқұлов атындағы телестудияны құруға белсене сіңірген еңбегі үшін өз қолымен Академияның «Алтын жұлдыз» сыйлығын Ə. Молдабековке табыс етті. -Телевидение Марат Кəрібайұлы Барманқұловтың шынайы өмір серігіне айналған еді, - дейді С.Қозыбаев. – Көзі тірісінде отандық тележурналистиканың атасы атанып, телевизия туралы көптеген мазмұнды да құнды оқулық кітаптар жазды. Осындай аты аңызға айналған адамның есімін ел есінде қалдыру барысында оның сүйікті шəкірттерінің бірі, жанында бірге жүрген əріптесі Əмір Абусағитұлы Молдабековтың сіңірген еңбегін елемеу мүмкін емес. Бүгіндері журналистика факультетінің ғана емес, бүкіл университет қауымына, студент-жастарға телеөнерінің қыр-сырын танытып, лайықты қызмет көрсетіп келе жатқан телестудияның аяғынан тік тұрып, жұмысының дұрыс жолға қойылуына оның қосқан еңбегі өлшеусіз дер едім. Сондықтан да, Əмір Абусағитұлын осынау құрметті атаққа лайық деп таптық. Иə, ұстаз атын шəкірті дəріптеп, өзі де оның ұлағатынан шапағатын көріп жатса, бұл да оның азамат деген атқа лайық екендігінің бір белгісі болса керек. Құдиярбек АҒЫБАЕВ, Əл-Фараби атындағы Ұлттық Университеттің аға оқытушысы

Сотќа электронды шаќыру ќаєазы «АТАНЫҢ СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КЕНІ»

Бүгінгі таңда тараптарды жедел хабарлау жəне сотқа шақыру үшін ұялы байланыс арқылы жеке немесе заңды тұлға өкілдерінің абоненттік номеріне қысқаша хабарлама жолданады. Бұл жүйе республика соттарында жеке жəне заңды тұлғаларға ыңғайлы болу үшін кеңінен қолданылуда.

кодты енгізу қажет. Осының нəтижесінде пайдаланушының компьютеріне PDF форматта электронды сотқа шақыру қағазы пайда болып, оны сақтау немесе қағаз түрінде шығаруға мүмкіндік жасалды. Электронды сотқа шақыру қағазының мəтінінде сотқа шақырылушының АТƏ немесе заңды тұлғаның атауы,

ЖОБАСЫ АСТАНА ТӨРІНЕН БАСТАУ АЛДЫ Еліміздің даму жолында аянбай еңбек етіп, өркендеуіне үлкен үлес қосқан, жас ұрпаққа берері мол ел ағаларын қазіргі жас буынның бірі білсе, бірі білмей жатады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қарашаның 3-і күні «Нұр Отан» партиясы Астана қаласындағы «Нұр» филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты белсенділерінің ұйымдастыруымен «Атаның сөзі – ақылдың кені» жобасы бастау алды. Аталмыш жобаның мақсаты өскелең жас ұрпақ пен бүгінгі күннің тірі аңызына айналған ақсақалдарымыздың арасындағы сабақтастықты нығайту, ата тəлімін жас ұрпақ санасына сіңіру. Еңселі еліміздің төрінде орналасқан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жобаның алғашқы кездесуі өтті. Кеш қонағы жастарға əрдайым қолдау көрсететін, келер ұрпаққа берері де, айтары да көп, мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы Жандарбек Мəлібеков болды. «Қарты бар елдің қазынасы бар» демекші, еліміздің дамуына айтулы үлес қосқан жандардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің аса қадірлі ұстазымен

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

əр факультеттің белсенді жастарының кездесуі ерекше көңіл-күйде өтті. Атамыз Елтаңбамыз жайлы біз білмейтін көп мəліметтерді айтты. «Елтаңбаның 23 символын жасаған кезде қазақ халқының қандай ерекшелігі бар деп салт-дəстүрін зерттедім. Қазақта «шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген сөз бар ғой. Сондықтан, Елтаңбамыздың жобасын жасағанда халқымыздың тұрмысымен байланысты киіз үйді негізге алдым», – дейді Елтаңбаның авторы. Сондай-ақ, мемлекеттік рəміздің əр элементінің тарихтан алынғанын дəлелдейтін анықтаманы енгізгені жайлы айтып өтті. Мəселен, «тұлпардағы омыртқа сияқты элемент - б.з.б. 5 ғасырға жататын Алтын адамнан алынған элемент», – деп анықтама берген екен. Сонымен қатар, өмірдің жақсысы мен жаманын ажыратуға кеңес бере, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Кеш соңында жастарға ақ батасын арнап, жылы лебізін білдірді. Алдағы уақытта «Атаның сөзі – ақылдың кені» жобасы өз жалғасын елі сүйген, елін сүйген құрметті ел ағаларымен еркін жүздесу кештері арқылы жалғасын табады. Маржан НҰРТАЗИНА, Астана қаласы.

«Ата салтым асыл мұрам, ардағым» Елімізге белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Ата салтым - асыл мұрам, ардағым» атты этнографиялық кітап жинағынан үзінділер беруді жалғастырамыз. Ұлттық салт-дəстүрлерімізді берік сақтап, аялайық ағайын!

Ата салтың – туғаннан өлгенге дейінгі салтдәстүрлер БАЛАНЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. БАЛАЛЫҚ ШАҚ. Құрсақ шашу Құтты болсын деді де, Құрсақ шашу жеді де, Қайтадан халқы тараған (Алпамыс) Жас келіннің екіқабат болғаны белгілі болса, оның абысынажындары, енелері əйелдерді шақырып, құрсақ тойын (кей жерде “құрсақ шашу” дейді) жасап, оның аман-сау қол-аяғын бауырына алуына (яғни босануына) тілек білдіріп шашу шашып, дастарханды түрлі дəмге толтырып, сауық жасайды. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті “күмəнді”, “аяғы ауыр”, “ішінде көжесі бар” деп тұспалдап айтады. Бұл сөздің мəнісі жас келін қысылып ұялмасын, тілкөздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан. Жарысқазан Жарысқазан (ырым). Əйелдер босанар сəтте басқа əйелдер қазанға жеңіл желпі тамақ істеп оны босанатын əйелден бұрын пісірмек болып «жарысады». Халық ұғымы бойынша туатын бала «жарысқазанға» қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген. Бесік той Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі əйелдер шақырылады. Келген əйелдер балаға арнап шашу, көйлек – көншек, моншақ, үкі, т.б. тойлықтар əкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен əйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды. Сəбидің əжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тəтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң əлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дəм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады. Ит жейде Нəресте дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткен соң қырқынан шығарылатыны белгілі. Баланы қырқынан шығару үшін ауыл əйелдері жиналып, үлкен тегешке 40 қасық су құйып, теңгелер салынған суға нəрестені шомылдырады, содан соң қарын шашы мен тырнағы алынады. Осы уақытқа дейін, яғни қырқынан шыққанша киген ит жейдесіне түрлі тəтті-дəмділер түйеді де, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Оны ауыл балалары қуып жетіп, ұстаған соң ит жейдеге түйілген тəттілерді бөліп алады. Қалжа Жас босанған əйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ қалжа деп аталады. Жақын адамдар да қалжа əкеледі. Бұлəрі сыйластық, əрі босанған əйел белін тез бекітіп, сауығып кетсін деген тəрбиелік мақсаттан туған елдік дəстүр, ғұрып.

Сонымен қатар, бұл сотқа шақыру қағазын ғаламтор арқылы шығарып, қажеттілік туындағанда басшыларға көрсету жағдайы көзделген. Ол үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында (www.sud.gov.kz) хабарламаның қысқаша мəтінін «Сотқа шақыру қағазы» деген жүйеде оны көру жəне шығару мүмкіндіктері қарастырылған. Электронды сотқа шақыру қағазын көру жəне шығару үшін ұялы телефонының нөмірін жəне оған түскен SMS-хабарламаның мəтінде көрсетілген

абоненттің ұялы телефон номері, жолданған күні, сот отырысының уақыты мен орны көрсетіледі. «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370-ІІ Заңына сай, аталған электрондық сотқа шақыру қағазы ресми құжат жəне қағаз жүзіндегі құжатқа тең болып табылады. П. САФАРБАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі

2

Кіндік шеше Ерте кездерде əйел үйде босанатын болғандықтан, нəрестенің кіндігін кескен əйел кіндік шеше деп аталады. Кейін келе, перзентхана жүйелері мен дəрігерлік көмек аясы ұлғаюына байланысты, бұл қызметтің сипаты біраз өзгерістерге ұшырады: енді нəресте үйге келгеннен кейін оған кіндік шеше тағайындалатын болды. Кіндік шешенің міндеті – нəресте қырқынан шыққанша барлық дəстүрлі жол-жоралғыны жүзеге асырады. Мысалы, шілдеханасын өткізгеннен бастап, бесікке салу, киімін дайындау, азан шақырып ат қою, қарын шашын алдыру, т.б. рəсімдерді атқарады. Қазақ дəстүрінде нəрестенің ата-анасы кіндік шеше мен кіндік əкеге ат мінгізіп не шапан жауып,

көйлек кигізетін болған. Кіндік кесер Ел ішінде “кіндік шешесі” немесе нəрестесі туған сəтте оның кіндігін кесетін əйелдер дайын тұрады. Кіндік кесумəртебелі, абыройлы іс. Байыпты əжелердің шешімімен кіндік кесер кəдесі беріледі. Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. Елдің қорғаны болсын деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. “Қыз отбасының тірегі болсын” деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді. Қырқынан шығару Əдетте баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Оған үлкен əжелер,əйелдер қатысады, кəде беріледі, дастархан жайылады. Сəбидің қарын шашы алынып, оны сəбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды.Қырық күннен кейін сəби ширап, көз тоқтатады, құбылыс, дыбысты сезе бастайды. Шілдехана Жаңа туған нəрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той. Мұнда балаңыздың бауы берік болсын дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып əн салып, домбыра тартып өлең, жыр айтады. Шілдехана - өмірге адам келгенінің жəне оған қуанудың бір белгісі. Бала туғаннан кейін жанжақтағы жақындарға сүйіншіге шаптырылады. “Ұл туғанға күн туады, Қыз туғанға ай туады” деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар “ұл туса-ат ұстар, қыз туса – көйлек тігер деп хабарлайды. Осы сөздің өзі де қазақтың сыпайы сөйлейтін əдептілік мінезі, мəдениеттілік қалпы тағы аңғарылып тұрған жоқ па? Сүйіндір Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кəде, жорасын алып əдейі келуге тиіс. Бұл қалыптасқан салт жəне ананың міндетті парызы. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сəбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құдақұдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нəрестеге арнаған бұйымдарын, сəлем-сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы болады. Бесікке салу Əлди-əлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем (Бесік жыры) Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сəбидің алтын ұясы болып есептеледі. “Ел іші-алтын бесік” деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тəрбиелі, өнегелі əжелеріне, əйелдеріне тапсырылады.Ол бесікті отпен аластап “тыштырма” жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға “бесікке салар” яғни кəделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде “Бесік жыры” айтылады: Айыр қалпақ киісіп, Ақырын жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің? Бесіктің сəби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор. Бесіктегі сəбидің бойы, қол аяғы түзу, ширақ болады. Пəлежаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі сияқты заттар тағып қояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек,түбек, шүмек,қолбау,тартпабау т.б. Бесік жыры Əлди-əлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін, Арша ма екен бесігі? Алар ма екен əкесі? Өрік пе екен бесігі? Сүйе ме екен əкесі? Сəби тəрбиесі мен мінезқұлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Бесік жырында ұлттық тəрбиенің үздік үлгісі жатыр. (Жалғасы бар).


¦ÄIËÅÒ

АЙМАҚ

О

сыдан 7-8 жыл бұрын Сайрам ауданы, Достық ауылындағы елді-мекен тұрғындары үшін мектеп жетімсіздігі басты мəселе болған еді. Бүгінде бұл ауыл Шымкент қаласының аумағына өткен. Сол кездері аталған ауылда мектеп жасындағы жасөспірім саны 300-ден асып жығылатын. Олар білім алу үшін бір-екі шақырым қашықтықта орналасқан Тассай ауылындағы Д.Нұрпейісова атындағы №9 жалпы орта мектебіне, немесе Калинин ауылында орналасқан Оразбай би негізгі мектебіне қатынайтын. Бұл екі білім ұясымен Достық ауылын республикалық маңызға ие шойын жолмен, Алматы-Шымкент

Оқушыларымыз республикалық маңызы бар жолдарды №41-42 (201) кесіп өтетін. Кейбірі жол-көлік апатына ұшырайтын 14.11.2014 жыл құралдар қойылған. Ал спорт залында волейбол, баскетбол, футбол доптары мен конькилерде қойылған. Өз кезегінде бұл оқушылардың көңіл-күйлерін бір серпілтіп, олардың сапалы білім алуға деген құштарлығын одан əрі арттыра түсетіні белгілі. Достық ауылы алғашында Сайрам ауданына қарасты болған. Кейін Шымкентке іргелес орналасқан аудандардағы ауылдарды қала территориясына өткізу кезінде бұл ауыл шаһар аумағына өткен. Бүгінде Достық ауылындағы бұл №102 жалпы орта мектебінде 600-ден астам бала білім алады. Оларға дəріс беретін мұғалімдер саны 64-ті құрайды. Білім беру мекемесінде

тағайындалмас бұрын Шымкенттегі Тельман бөлімшесіндегі №56 мектепте директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен Дамира Кеңесбекқызы тəрбие жайында төмендегідей тағылымды ой айтты: – Ұлы даналарымыз «тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп текке айтпаған. Ал оқушы тəрбиені аға буыннан алады. Қай кезде болмасын жас ұрпақ бізге қарап бой түзейтіні белгілі. Сондықтан да біз өскелең ұрпаққа үлгі өнеге бермес бұрын алдымен өзімізге мəн қоюымыз қажет. Мұғалімнің əрбір сөзі, іс қимылы, əрекеті жалпы кəсіби болмысы өте жоғары

3

мектептегі мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарына барып, шеберліктерін шыңдауы жолға қойылған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы тек оқушыларға ғана шапағатын тигізген жоқ, сонымен қатар, қаншама жас маманға өзінің сүйікті жұмыспен айналысуына жол ашты. Достық ауылында №102 мектеп пайдалануға берілген кезде Тассай ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Лəззат Ануарова өз дипломы бойынша осы жерге қазақ тілі пəнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Бұған дейін тұрақты жұмыс таба алмай əр істің басын бір шалып жүрген ол сол кездегі қуанышын бізге былай деп

БҰЛ МЕКТЕП – БАЛАЛАРДЫҢ АПАТҚА ҰШЫРАУЫН АЗАЙТТЫ пайдалануға берілді. 2009-2010 автотрассасы бөліп жататын. оқу жылы қарсаңында Мектепке барар жолда Достық пайдалануға берілген мектеп бір ауылындағы оқушының кез келгені ауысымда 600 баланы қабылдай осы жолдардан өтуге мəжбүр алады. Бұл туралы мектеп болатын. Сол темір жолмен үлкен директоры Дамира Құрымбаева: асфальт жол республикалық – Иə, Достық ауылында маңызға ие болғандықтан күні-түні бұрындары мектеп жоқ болғаны көлік қозғалысы бір тынбайтын. белгілі. Балалардың мектепке Оқушылардың өтетіндігі белгілі баруы өте қиын еді. болса да жолда жаяу Оқушыларымыз республикалық жүргіншілерге арналған арнайы маңызы бар жолдарды кесіп жолақта орнатылмаған-ды. өтетін. Кейбірі жол-көлік Салдарынан оқушы апаттарына душар болатын. жасөспірімдердің қатысуымен Көптеген ата-аналар балаларын болатын жол-көлік оқиғалары жиі сабаққа жіберген кезде мейлі ес орын алатын. Нəтижесінде біліп қалған болса да, жандарын көптеген балалар оқиға орнында шүберекке түйіп отыратын. Қатты жан тəсілім етсе, енді бірі мүгедек қорқатын еді. Бірақ Елбасының болып қалды. Мұндай орны бастамасымен қолға алынған «100 толмас өкінішті жағдайлар Достық ауылы тұрғындарының көңілдеріне мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бұл қорқыныштың үлкен қаяу түсірді. Сол уақыттарда сейілуіне ұйытқы болды. Ондай бір оқушы дəріске барар жолда қорқыныш пен үрейге толы пойыз астына түсіп, əп-сəтте екі күндердің барлығы да өткен күннің аяғынан айрылып, мүгедек болып, еншісінде қалды. Енді ата-аналар қол арбаға таңылған еді. Бұл бұрынғыдай «балаларымыз пойыз қайғылы оқиға ауыл жолдан қалай өтеді, мектепке тұрғындарының зəре-құтын қалай барады, үйге қалай қашырды. Осы жағдайдан соң жетеді?!» деген қорқынышта ауылдың ақсақалдары бас көтеріп, жүрмейтін болды. Өйткені əп-сəтте салу ісі осы Достық ауылындағы сол кездегі облыс басшысы №102 жалпы орта мектебі болған Елбасының бастамасымен мына Өмірзақ Шөкеевтің қабылдауында екен. Бірақ, соған қарамастан олар өздеріңіз келіп отырған еңселі болып, осы мəселені алдына өз жауапкершіліктеріне алған зəулім мектеп бой көтерді. Жалпы жайып салады. Қай кезде жұмыстарын талап деңгейіне сай бұған дейін осы Достық ауылында болмасын халықтың жанайқайына етіп орындай білген. Бұл жайында ешбір мəдени, қоғамдық базбір атқамінерлер сынды бей жай қарамайтын Өмірзақ Естайұлы ғимараттар атымен болмаған екен. мектеп басшысы былай дейді. – «А.Р.Т. - құрылыс» Бұл мені қатты таң қалдырған. ауыл тұрғындары үшін өзекті компаниясы осы мектепті салғанға Алғаш болып осы мектеп мəселеге айналған бұл жəйттің дейін біршама құрылыс салынған, - дейді. өзегін тарқату үшін барын жұмыстарын атқарған, тəжірибесі салатынын айтып, олардың Бес жыл қатарынан мектеп əбден толысқан ұжым болып көкейіне үміт отын маздатқан еді. директоры болып келе жатқан табылады. Алайда олар осы Дамира Кеңесбекқызы бұл жерге Жалпы сол жылдары мектепті салғанға дейін ешбір білім бөлімінің бос жұмыс орнына мектептің жетімсіздігі тек осы жерде мұндай білім ұясының өткізген байқауы бойынша ауылда емес оңтүстіктің көптеген қабырғасын қаламаған. Яғни, білім директор болып тағайындалады. елді-мекендерінде бой көрсетіп беру нысаны бойынша олар өз жататын. Сонымен қатар, еліміздің жұмыстарын осы №102 жалпы біршама ауыл аймақтарында да орта мектебінен бастаған. Бұл іске осы проблема бас ауыртар қатты кіріскеннен бе əлде мəселеге айналған еді. Бұдан Жас ұрпаққа пейілдерінің кеңдігінен бе əйтеуір хабардар болған Елбасы біздің мектепті салуға келгенде саналы тəрбие мен олқылықтың орнын толтыру олар барын салды. Мектептің үшін 100 мектеп, 100 сапалы білім беру жолында іргесін берік етіп, аурухана салуды мектеп басшылығы қазіргі таңда қабырғаларын мықтап Үкіметке тапсырды. қалаған олар, нысан Осылайша Елбасының оқыту жүйесіне енгізіліп жатқан ішіндегі басқа да құрылыс бастамасымен, Үкімет барлық жаңа əдістемелермен жұмыстарын өте-мөте «100 мектеп, 100 сапалы орындады. аурухана» танысып, оны меңгеріп, тəжірибеге Салынғанына бес жыл бағдарламасын жүзеге енгізуді дəстүрге айналдырған. толса да əлі күнге дейін асыруға білек сыбана мектептің ешбір жерінің Сондай-ақ, əр тоқсан сайын кірісті. Сөйтіп жерсыр бермеуі осы сөзімізге жерлерде мектеп мектептегі мұғалімдердің білімін дəлел. Кейбір құрылыс құрылысы қарқын ала нысандары бой көтергеніне жетілдіру курстарына барып, бастады. Жергілікті халқы жыл толмаса да қабырғалары өзге өңірлермен шеберліктерін шыңдауы жарылып, іргесі сөгіліп, немесе салыстырғанда анағұрлым жолға қойылған. опырылып құлап жатады ғой. Ал артығырық Оңтүстікте бұл біздің мектептің ешбір жерінен сипаттағы жұмыс қыза түсті. ондай кем-кетікті таппайсыз. Облыстағы аудандардың Жылыту жүйелері, жарықтандыру барлығында дерлік мектеп салу ісі жағы да мінсіз жасалған. Сонымен жолға қойылды. Мектеп салу Үш қабатты еңселі мектеп қатар, білім ұясын пайдалануға туралы ақжолтай жаңалық Достық ғимаратының жобалық сметалық берген кезде біз барлық ауылының тұрғындарына да жетті. құжаты Астана қаласында кабинеттердің оқу құралдармен Бұл көзайым хабарды естігенде жасалынған. Құрылысты қамтылғанын көріп қатты қуандық. олардың қуанышында шек орындаған бас мердігер компания Мəселен, химия кабинетінде болмады. Үкімет аталған ауылға «А.Р.Т. - құрылыс» жауапкершілігі аталған дəріске қажетті оқу 600 орынға лайықталған мектеп шектеулі серіктестігі болып құралдардың түгелі дерлік салу ісін мақұлдады. Соның табылады. Құрылыс жұмысына табылады. Физика кабинетінде де негізінде құрылыс жұмысы 2008 бас-аяғы 712791,0 мың теңге барлық құрылғылар бар. жылдың 4 маусымында басталып, қаржы жұмсалған. Аталған География кабинетінде де сол тұп-тура бір жылдан соң, дəлірек мердігер компанияның дəріске қажетті əлем карталары, айтсақ, 2009 жылдың 14 тəжірибесінде мектеп құрылысын глобустар жəне тағы басқа тамызында жаңа білім ұясы

екі информатика, екі лингафонды, 4 технология кабинеті бар. Оқушыларды еңбекке баулу «100 мектеп, бойынша төрт арнайы технология кабинеті жұмыс істейді. Олар 100 аурухана» асхана, тігін, темір жəне ағаш бағдарламасы тек кабинеттері болып табылады. Спорт залы да заманауи оқушыларға ғана шапағатын үлгіде салынған. Қосымша тигізген жоқ, сонымен қатар, жəне көркем əдебиеттермен, ғылыми журналдармен қаншама жас маманға өзінің толтырылған кітапхана да сүйікті жұмыспен жұмыс істейді. Ондағы кітаптардың барлығы да жапайналысуына жол жаңа. Сонымен қатар, кітапхана ашты. сөрелеріне шығармалары оқушыларға эстетикалық тəлім-

тəрбие беретін қазақ əдебиетінің көрнекті өкілдері Б. Майлин, С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, М.Дулатовтың жəне т.б дүниелері қойылған. Осыларды баян еткен Дамира Кеңесбекқызы дəріс беру кезінде балаларға сапалы білім беруден бұрын саналы тəлім-тəрбиені бойларына сіңдірудің аса қажеттігін баса айтады. Өйткені, тəрбиесіз берілген білім оның биіктерді бағындыруына үлкен кедергі туғызатынын жеткізді. Осы мектепке директор болып

деңгейде болуы қажет. Міне, сонда ғана ол оқушының интелектуалдық, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына əсер етіп, оның білімге деген ынтасын арттыруға ықпал ете алады, - деді. Жас ұрпаққа саналы тəрбие мен сапалы білім беру жолында мектеп басшылығы қазіргі таңда оқыту жүйесіне енгізіліп жатқан барлық жаңа əдістемелермен танысып, оны меңгеріп, тəжірибеге енгізуді дəстүрге айналдырған. Сондай-ақ, əр тоқсан сайын

білдіреді. – Мамандығыма сай жұмысқа орналасудың реті болмады. Əртүрлі жекеменшік мекемелерде уақытша қызмет еттім. Тұрмыс құрып, бала-шағалы болдым. Уақытымның көп бөлігі сол үйде өтті. Олар өсе келе жұмысқа орналасудың маңызы арта түсті. Жұмыс іздеп көп жерлерге бас сұқтым. Бірақ одан түк шықпады. 2009 жылы осы мектеп ашылып, жұмысқа қабылданғанымда қуанышымда шек болмады. Жас ұрпаққа білім беру – бала кездегі арманым еді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы осы ізгі арманымның орындалуына себепкер болды. Өзіңнің сүйікті жұмысыңмен айналысқаныңның өзі бір бақыт емес пе?! Ауқымы кең бұл бағдарламаның іске асуына ұйытқы болған Елбасыға алғысым шексіз. Президентіміз ауыл балалары, қала балалары демей барлық жас ұрпаққа бірдей қарап, оларға үлкен үміт артып, сапалы білім алуы үшін барлық жағдайды жасап, осындай еңселі білім ұясын салып беруде. «Мектеп кеме, білім теңіз» деген. Ендеше сол теңіз айдынында мектебіміз өте сəтте жүзе берсін демекпін. Тек мұғалімдер қауымы ғана емес сонымен қатар, жергілікті халық та осы мектептің салынғанына дəн риза.

Алмагүл, ауыл тұрғыны: – Менде төрт бала-шаға бар. Барлығы да мектеп жасындағылар. Үлкені 8 сыныпта оқиды. Біз алғаш көшіп келген жылы мектеп жоқ-тын. Ол кезде қызым басқа мектепке автобуспен қатынап білім алатын. Ол келгенше ойым сан сақта болып, алаңдайтынмын. Сосын аз уақыт өткеннен соң осы мектеп салынды ғой. Қазір еш уайым жоқ. Мектебіміз үйдің іргесінде. Балаларымның барлығы да осы жерде білім алады. Олардың жолдан өтіп, басқа ауылға барып оқымайтынына өз басым қатты қуаныштымын. Елғонды, ауыл тұрғыны: – Əрине, мектептің бой көтергені жақсы жаңалық қой. Немерелеріміз енді алысқа сабылмай-ақ осы жақын жерден білім алатын болды. Жалпы ауыл тұрғындарының барлығы дəн риза. Мен де қатты қуанамын. Жұртқа жақсы болса, бізге де жақсы ғой. Бақыт МЫРЗА.


Капиталды көлеңкеден шығару бүкіл əлем бойынша барынша өзекті мəселе

НАУҚАН

¦ÄIËÅÒ

№41-42 (201) 14.11.2014 жыл

4

ЖАРИЯ ЕТУ

МЇЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ отандық экономиканың ішкі ресурстарын көлеңкеден шығару аталған мақсатқа қол жеткізудің нақты құралы болып табылады.

2014 жылғы 11 сəуірдегі Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті тарапынан берілген тапсырмаға сəйкес, Қаржы министрлігі Ұлттық банкі жəне басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы əзірленген болатын. Ал 30 маусымда Президентіміз қол қойған сол Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енгені баршамызға белгілі. Мүлікті жария ету келесі жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады. Сол уақыт аралығында мүлікті жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсырып, басталған іс-əрекетті соңына дейін жеткізу қажет. Өйткені бұл акция тұрғындардың мүліктерін заңдастыруға, сондай-ақ шетелдердегі мал-мүліктерін заңдастыруға мүмкіндік береді.

МҰНДАЙ ШАРА НЕ ҮШІН КЕРЕК? Капиталды көлеңкеден шығару бүкіл əлем бойынша барынша өзекті мəселе болып табылады. Сондықтан мұндай жария ету ісі əлемдік тəжірибеде жаңалық емес. Мəселен, Үндістанда - 5 рет, Португалияда - 4 рет, Франция, Австрия, Ирландияда - 2 реттен, АҚШ-та (40 штат) - 62 рет жəне Италияда - бірнеше рет өткізілген. Бұл жаңалық бізге де жат емес.

Өздеріңізге мəлім, Қазақстанда екі рет осындай шара жүзеге асқан. 2001 жылы ақшаны жария ету өткізілді, оның барысында заңды айналымға 480 млн-нан астам АҚШ доллары қайтып келді. Соншама табыс арттырдық, шетте жатқан капитал елімізге оралды. Ал, 20062007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы жəне жылжымайтын мүлік те жария етілді. Ақшалай түрде шарадан түскен нəтиже 845 млрд. теңгені құрады, бұл 7 млрд. АҚШ доллары деген сөз, яғни сол

ЖАЛПЫ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

жылғы ЖІӨ 8,3% болды. Жария ету үшін салынған алым сондай-ақ екінші шараның ерекшелігі болды. Бюджетке 60 млрд. теңге көлемінде қаражат түсті. Енді міне үшінші рет өткізіліп жатыр. Мұның маңызы өте зор екені тағы белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев атап

өткендей, инвестиция жəне сауда теңгерімінің төмендеуімен сипатталатын əлемдік экономикадағы тұрақсыздық пен оның Қазақстан экономикасына ықпал ету үрдістерін ескере отырып, экономикаға қосымша ресурстар тартудың өткір қажеттілігі туындауда. Сондықтан

Бірінші кезекте, мүлікті жария ету дегеніміз табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес рəсімделмеген, не тиісті емес тұлғаға рəсімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рəсімі екендігін атап өту қажет. Сонымен бірге, жария етілген капитал түрінде экономикаға қосымша қаражатты тарту оның басты мақсаты болып табылады. Науқан бар мүлікті жария етуге жəне заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тəртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың жəне Қазақстан Республикасында

тұру үшін ықтиярхатқа ие болған адамдардың құқығы бар. Жария ету туралы Заңда жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген. Анығырақ айтсақ, мүлікті жария ету науқаны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жердегі мүлікті жария етуге де мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУ ТИІМДІ МЕ? Ақшаны жария ету бойынша науқан екі жаққа да, ақшаны жария етуші азаматтарға да, ел экономикасы үшін де тиімді. Тағы бір ескерте кетер жəйт, яғни, жария етудің жақсы жақтарының бірі - ол ақшаға қатысты, жария етілген ақша кіріс болып танылмайды жəне оларға салық жүгі түспейді.

БІЛІМ Биылғы оқу жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының білім саласына едəуір жетістік алып келді. Жалпы саны 48 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарланса, 1 қыркүйек күні Оңтүстік өңірінде 21 мектептің ашылу салтанаты болып өтті. Бұл ретте Cарыағаш ауданында атқарылған істерге тоқталмасқа болмас. Білім күніне орай осы саялы өлкеде 6 мектептің тұсаукесер рəсімі жүзеге асты. Жергілікті тұрғындар қуанышқа кенелді, ұстаздар мен шəкірттер шаттық сезімге бөленді. Сол білім ордаларының бірі – Дербісек ауылдық округіне орналасқан Кеңес Одағының екі дүркін Батыры, ерлігі төрткүл дүниеге үлгі болған Талғат Бигелдиновтың есімі берілген №31 жалпы орта мектебі еді. Дербісек ауыл əкімшілігі аудан орталығы Сарыағаш қаласынан 30 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Өз тарихында қазіргі Дербісек елді мекеніне əртүрлі атаулар берілді. Ұзақ жол жүріп жеткен адамдарға, аттарға дем беретін деген сөзден шыққан дейді. Ұлы Жібек жолының бойында немесе қазіргі Ташкент қаласынан Қытайға қарай шығатын тұсындағы бұл елді мекені қазақтың ата қоныс жері болған. ХІХ ғасырдың 2-жартысында патшалық Ресей Орта Азияны жаулап ала бастады. 1861 жылы «крепостнойлық праводан» азат болған орыс шаруалары Қазақстан жеріне келіп қоныстана бастады. Сөйтіп Дербісек елді мекеніне Орынбор, Киев, Полтава, Германиядан 92 жанұя көшіп келіп, Келес өзенінің жағалауына жайғасқан. Қоныстанған елді мекен алғашында Кауфманка (Киров) деп аталады. Осы елді мекенде 1888 жылы орыс бастауыш мектебі ашылады (қазіргі М.П. Окороков мектебінің негізі). 1892 жылдары Кавказдан немістер көшіп келе бастайды. Олар қоныстанған жерге Константиновка (Тоболино) деп ат беріледі. Осы Константиновкада 1900 жылы бастауыш неміс мектебі ашылады. Қазақстан Республикасы 1991 жылы егемендік алғаннан соң, 1992 жылы қайта өзгертіп Дербісек аты беріледі. Коллективтендіру, сауатсыздықты жою заманында əлгі мектептермен бірге бастауыш қазақ мектептері де жұмыс істеді. Соғыс кезінде бастауыш орыс-қазақ мектебі болып өзгертілді. Яғни, 1948 жылы Карл Либкнехт жеті жылдық мектебі, 1966 жылдан сегіз жылдық мектеп, 1992 жылдан Т.Бигелдинов орта мектебі, ал 2003 жылдан №31 Т.Бигелдинов орта мектебі болып қалыптасты. Сол білім ордасы ақыр соңында 600 орындық жаңа қонысқа көшірілді. 2014 жылдың 1 қыркүйегінде мектептің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты жəне «Білім күні» ресми түрде аталып өтті. Республикалық бюджеттен бөлінген 728 миллион теңге қаржы толық игерілді, нəтижесінде алыстан менмұндалаған білім нысаны бой көтерді. Ескі ғимарат үлкен даңғылдың бойына жақын тұста болатын. Ал жаңасы жолдан алыстау жерге салынды. Салтанатты жиынға облыс орталығынан шеру тартып келген білім саласының өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Берік Оспанов өз кіріспелерінде Елбасының əйгілі бағдарламасын тілге тиек етті. Сөйтіп апатты мектептерді жаңарту есебінен дүние есігін ашқан осы мектептің ұжымын құттықтап өтті. Сарыағаш ауданының əкімі Бұхарбай Парманов əдеттегідей шешен тілмен сөз тиегін ағытты. Тағы да бір білім ордасының жаңа ғимаратқа ие болғаны

санаттағысы – 23. Ұстаздардың орта жасы 35-ті құрайды. Мол тəжірибеге ие ардақтылары мен жастық жалынмен алға ұмтылғандар бірлесе, тізе қосып балалардың тəлім-тəрбиесімен айналысуда, – деді мектеп директоры Берік Есенбеков. Берік Сыдықұлы Есенбеков Дербісек ауылының тумасы. Жоғары білімді, бірінші санатты ұстаз, негізгі мамандығы тарих пəнінің мұғалімі. Еңбек жолын көршілес

оқиды. Татулық пен бейбітшілік, достық пен ынтымақ қатар жүрген тұста қашан да тек жақсылық болары даусыз. Олардың оқу үлгерімі де жақсы, өткен жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан жақсы өтті. Алда алатын биіктеріміз əлі көп. Оған ұстаздар тарапынан негіз жасалынған, оның үстіне енді міне, жаңа типті мектепте білім алып жүр. Бұл да жағдайды жақсы жаққа өзгертетін фактор, – деп сөзін

ЖАҢА МЕКТЕП

пəні бойынша Жадыра Бейсенбаеваның 11 сынып оқушысы Аманкүл Сəбит жүлделі ІІ орынға шықса, «Кенгуру» Республикалық олимпиадасынан 6 «а» сынып оқушылары Е.Таушабай, Ж.Айтубай І орынды жеңіп алды, 7 «а» сынып оқушысы А.Барат ІІІ орынмен марапатталды. Биология пəні бойынша – Аңсаған Бектұрғанова дəстүрлі тамыз педоқуында «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Химия пəні бойынша – аудандық пəн олимпиадасында Ажар Даригозова ІІ орын алды. География пəні бойынша аудандық пəн олимпиадасында – Мақпал Айтубай І орынға ие болды. Дене шынықтыру, музыка пəні бойынша ақпан айында аймақтық семинар өткізіліп,

БОЛАШАҚҚА ЖАҢА

көпшіліктің көңілінен шыққанын жеткізіп, осынау сауап іске атсалысқандардың барлығына алғысын білдіріп, ұстаздарды, оқушыларды, жергілікті тұрғындарды шын көңілден құттықтады. Ал құрылыс ісін өз уақытында аяқтап, уəде үдесінен шыққан «Отан ЛДТ» мердігерлік компаниясының басшысы Ержан Егембердиев мектеп директоры Берік Есенбековқа символикалық кілтті табыстады. Мерекеге жиналғандар аямай алақан соқты. Ескі орыннан жаңа жерге қоныс тепкен мектептің ашылу рəсіміне облыстан, ауданнан келген қонақтармен бірге осы мектептің ардагер ұстаздары да қатысып, тартылған лентаны қиды. – Аталмыш мектеп негізі 1967 жылы ыңғайластырылған үлгіде салынып, қолданысқа берілген. Одан соң қаншама құбылыстарды бастан кешіріп, аты да өзгерген. «Ескіні жамағанның есі кетеді» деп ата-бабаларымыз дұрыс айтқан. Жылда жөндеу жұмыстарын жүргізе беріп шаршағанша, біраз қаржы артықтау шығындалса да, жаңаның аты – жаңа болып қалады. Жоғарыда аталған мердігерлік компания мектеп құрылысын қолға алып, іргетасын құя бастағанда көңілдері бір көтеріліп қалған жұрттың араға уақыт салып, ғимараттың кілті тапсырылғанда тіпті шаттықтарында шек болмады. Ордабаев көшесіне орналасып, білім күніне орай тұсауы кесілген мектепте қазіргі таңда 65 мұғалім бар. Олардың жоғары санаттысы – 10, бірінші біліктілік санатта – 28, екінші біліктілік

жатқан №22 Елшібек батыр атындағы орта мектебінде дене тəрбиесі мұғалімі болып бастайды. 2003-2011 жылдар аралығында №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Соңынан жас маманға үлкен сенім артылып, аталмыш білім ордасының директоры етіп тағайындалған. Мектептің педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексіне» сəйкес жұмыспен қамтылған. Барлық қызметкерлердің педагогикалық жүктемесі, тарифтік тізім жəне демалысқа шығу кестесі жасалынып, бекітілген. Мектепте 2013-2014 оқу жылында 73 мұғалім жұмыс істейді. Оның сегізі бала тəрбиесіне байланысты демалыста жүрген көрінеді. Мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлазия Қалыбаева: – Атшаптырым жерді алып жатқан мектептің сыныптары кең де жарық, тиісті құрал-жабдықтары да жеткілікті. Оқу кабинеттерінің саны – 22. Дəмханасы, спорт жəне мəжіліс залы, кітапханасы бар. Компьютерлік сынып, физика жəне мультимедиа кабинеті, интерактивті тақта, тағы басқалары шəкірттердің білімдерін одан əрмен жетілдіруге негіз қалайды. Мұнда 766 оқушы екі ауысыммен оқиды. 16 кешенді сынып түске дейін, ал 15-і түс қайта. Осы оқушылардың 370-і қыз, 396 ұл балалар. Қазақтармен бірге өзбек, орыс, тəжік, əзірбайжан ұлттарының өкілдері де тонның ішкі бауындай араласып, бірге

аяқтады. Мектеп 600 орындық екен. Спорт, мəжіліс залдары, асханасы, спорт алаңы бар. Лингафонды сынып – 3, информатика сыныптары – 3, заманауи жабдықталған химия, биология, физика сыныптары, кітапхана оқу залымен қоса 2 бөлмеден тұрады. Қазіргі таңда мұнда ұлағатты ұстаздар жас ұрпаққа білім беріп келеді. Солардың ішінде өте тəжірибелі мұғалімдер: тарихшылар: Бақыт Ахметов, Гүлазия Қалыбаева, географ – Əлия Қалшабекова, математик – Жанат Шалданбаева, қазақ тілі жəне əдебиет – Патима Шабаева, Əлима Абжановалардың есімін ерекше атап өтуге болады. №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің 2010-2013 оқу жылы аралығындағы басты жетістіктері де аз емес екен. Атап айтсақ: математика пəні бойынша – Жанат Шалданбаева облыстан ІІ дəрежелі дипломмен марапатталды, Айгүл Лесова аудандық педоқуда өз баяндамасымен құрмет грамотасын алды, орыс тілі пəні бойынша – Саида Жунисова да облыстың білім жетілдіру институтының баяндамасымен марапатталды. Сəуір айында «ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры» атты 10-11 сыныптар арасында өткен аймақтық сайысында мектеп ІІ орынға, ағылшын тілі пəні бойынша – Саясат Байділдаева мұғалімдер олимпиадасында ІІ орынға ие болып, 5 «б» сынып оқушысы Дəулет Тіллабек халықаралық«British Buldog» сайысына қатысып І орын алды. Əн-күй пəні бойынша – Мұрат Мұсабеков əртүрлі дəстүрлі іс-шараларға белсене қатысып, аудандық кəсіподақ комитетінің құрмет грамотасына қол жеткізіп, технология пəні бойынша – Жанар Мұсабекова аудандық жылдық мұғалімдер арасында өткен ісшарада І орынға көтерілді. Директордың орынбасарлары Ж.Досжанова жəне Ф.Аширбаева «Жас ұрпаққа сапалы білім жəне саналы тəрбие берудегі елеулі табыстары үшін» аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», ал мектеп 20122013 оқу жылында аудандық білім сапасы көрсеткіші бойынша «Ең үздік жыл мектебі» номинациясымен марапатталды. Аудандық білім бөлімінің 2012 жылдың сəуір айында өткізген «Махамбет оқулары» сайысында А.Абжанованың оқушысы Айдана Ыбырайым облысқа жолдама алып, облыстық байқаудың ІІІ дəрежелі дипломын қанжығалады. Информатика

мақтау қағаздарымен марапатталды. Аудандық «Əнші балапан» сайысына 7 «б» сынып оқушысы Е. Махсетов қатысып «Арай» фестиваліне жолдама алды. Бастауыш сыныптар бойынша ғылыми жоба сайысы бойынша 3 «а» сынып оқушысы Темірхан Абжан «Қоянның пайдасы, терісі, биологиялық қасиеттері» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап ІІІ орынға ие болды. 4 «в» сынып оқушысы Валида Абдуллаева орыс тілінен олимпиадада ІІІ орынды жеңіп алды. Тоғжан Оңдасынова «Шығармашыл ұстаз» атты аудандық сайыста ІІ орынды иеленді. Сəуле Рүстемова облыстық байқауда «Шығармашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды. 4 «а» сынып оқушысы Диляра Ералхан «Мен жəне атаанам» атты аудандық фото суреттер көрмесіне қатысып ІІ орынға қол жеткізді. 4 «а» сынып оқушысы Абжанов Темірхан ғылыми жоба жұмысы бойынша облыстық ғылыми жобада ІІІ орын иеленді (екеуінің де жетекшісі Зауре Қызылқұлова). 4 «б» сынып оқушысы Жанар Төребектің жұмысы облыстық ғылыми жобада ІІ орынды иеленді (жетекшісі Тоғжан Оңдасынова). Ботагөз Нұрбекова аудандық педоқуда алғыс хат алса, 3 «а» сынып оқушысы Н. Дарибай аудандық математика олимпиадасында «Алғыс хатпен» марапатталды. 9 «а» сынып оқушысы Ұлпан Көлбай қазақ тілі пəні бойынша аудандық олимпиадада І орын иеленді, (жетекші мұғалімі А. Айтбаева). Жалпы 2006-2014 жылдары аралығында мектептен 4 «Алтын белгі» иегері шыққан. 2013-2014 оқу жылында оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан орташа 77,6 балл жинаған. Аталмыш білім ордасы аудандағы 109 мектеп арасында алғашқы ондыққа кіріпті. Ал басшыларға келсек, 1948 жылы алғашқы директор болып С.Дəулетияров тағайындалған. 1962 жылы И.Оралбаев жəне С.Қалдыбаевтар мектеп басшылығын жалғастырған. Олардан соң Т.Абдрахимов 5 жыл директор болды. Ал, М.Ахметов 9 жыл басшылық қызмет атқарды. Қ.Айтбаев та бір жыл директор болып, Т.Саховқа тапсырған. Ең көп басшылық жасаған Ə.Жолдасов екен, ол 1989 жылан 2011 жылға дейін мектептің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген. Сол жылдан бүгінгі таңға дейін Б.Есенбеков мектеп директоры болып келеді. Директордың айтуынша, бүгінде 31


НАУҚАН

¦ÄIËÅÒ

Сынып жетекшілері жəне ата-аналар арасында №41-42 (201) қарым-қатынас жақсы жолға қойылған 14.11.2014 жыл

НЕ ЇШІН ЌАЖЕТ? Осылайша, берілген ақшаны жария ету құқығын пайдаланып, жария етілетін ақша сомасынан он пайызды үнемдеуге болады. Себебі, заңда алымды төлеу бойынша жеңілдіктер көзделген. Яғни, егер ақша жинақтау шотынан алынбай, басқа шотқа аударылмаған жағдайда, онда тиісінше, мүлікті жария етуге алым төлемі бойынша міндеттер туындамайды. Сондай-ақ, жария етудің ұсынылған рəсімі бойынша ақша екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарға түсуі арқылы айналымға түсуі тиіс екендігін білу де біз үшін өте маңызды фактор екені даусыз.

БҰЛ НАУҚАННЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ҚАНДАЙ? Азаматтар үшін жария ету құралын таңдаған кездегі баламалы нұсқаның болуы жоспарланып отырған науқанның ерекшелігі аз емес. Егер заңды түрде айтсақ, біріншіден, ақшаны екінші деңгейлі банктердегі есепшоттарда, сонымен бірге нарық мөлшерлемелері бойынша сыйақы ала отырып, 60

осы науқан барысында алынған ай ішінде ұстауға болады. мəліметтер құпиялылығын сақтау Екіншіден, ақшаны мерзімнен тыс болып табылады. Осындай пайдаланғыңыз келгенде, оларды – Инвестиция ақпараттардың құпиялылығы мемлекеттік бағалы қағаздар, жəне сауда Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің, қолданыстағы заңнама ұлттық басқарушы холдингтер теңгерімінің төмендеуімен нормаларына сəйкес мен компаниялардың, даму сипатталатын əлемдік кепілдендіріледі. Банктік, институттарының облигациясалық жəне қызметтік ларын жəне «Халықтық экономикадағы тұрақсыздық пен құпияны сақтау ескеріледі. IPO» бағдарламасы оның Қазақстан экономикасына шеңберіндегі акцияларды, ықпал ету үрдістерін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастыэкономикаға қосымша ресурстар рылатын өзге де бағалы тартудың өткір қажеттілігі қағаздарды сатып алу арқылы экономиканы туындауда. Сондықтан отандық инвестициялауға болады. экономиканың ішкі ресурстарын Үшіншіден, азаматтар көлеңкеден шығару аталған жекешелендірудің екінші «Қазақстан толқыны шеңберінде мақсатқа қол жеткізудің нақты Республикасының объектілерді сатып ала азаматтарына, оралмандарға құралы болып табылады. алады. жəне Қазақстан Н.Ə.НАЗАРБАЕВ, Тағы бір қолайлы жағдай, Республикасында тұруға Қазақстан Республикасының егер ақшаны жария етуші азамат ықтиярхаты бар адамдарға Президенті. жоғарыда аталған инвестициялау олардың мүлікті жария етуіне тетіктерін пайдаланғысы келмеген, байланысты рақымшылық жасау немесе 60 ай күткісі келмеген туралы» Қазақстан жағдайда, ол жария етілетін Республикасының 2014 жылғы 30 етуші азаматтың пайда алуына ақшаның 10 % көлемінде бюджетке маусымдағы Заңы мемлекеттің бағытталған. Бұрынғы өткізілген алым төлеп, өз ақшасына өзі билік мүлікті, оның ішінде бұрын науқандарда мұндай ерекшеліктер етуге құқылы. Аталған əдістердің жариялы экономикалық болмаған еді. Мүлікті жария етуді əрбірі отандық экономиканың айналымнан шығарылған ақшаны өткізу табыстылығының факторы дамуына жəне ақшасын жария

сынып пен 5 дайындық тобында оқушылар білім алуда. Сыныптарға бөлінген сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, өз мамандықтарын жақсы меңгерген. Оқушылар мектеп формасымен қамтамасыз етілген. 2013-2014 оқу жылында білім беру жүйесіндегі тəрбиенің мақсаты: «Балалар мен оқушы жастардың ҚР азаматтары жəне патриоттары ретінде қалыптасып өзін-өзі тануы мен əлеуметтенуіне, кəсіби мамандық иесі ретінде интеллектуалды жəне əлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау» екені ескерілген. Оқушыларға отаншылдық, имандылық, адамгершілік, құқықтық тəрбие беру де басты

БҰЛ ЗАҢ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР БЕРЕДІ?

құрылысы біткен №31 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің бұрынғы жағдайы нашар еді. Өйткені ол 1969 жылы соғылған болатын. Кешегі күнге дейін мектептің шатырынан су кетіп, балалардың білім алуына кедергі жасап келген. Ал, қазір үш қабатты білім ұясында шəкірттер рахаттанып оқып жүр. Оқушыларға барлық жағдай жасалған. Мысалы үшін, физика, биология кабинеттері заманауи қондырғылармен жабдықталған. Сондай-ақ лингофон кабинеті де бар. Ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы жəне Сарыағаш аудандық əкімшіліктерінен өкілдер келді. Сондай-ақ облыстық

сүр, өзгеге де мұрша бер» тақырыбында плакаттар, суреттер көрмесі жасалды. Қыздармен жұмыс та жақсы дəрежеде өтіп келеді. «Əсем» деп аталатын қыздар ұйымы құрылып, ай сайын жиналыс өтіледі. Ұйымның жетекшілері Ж.Мұсабекова мен С.Рысмамбетова. Жиналыста қыздар өздері дайындаған баяндамаларын оқып, сауалнамалар құрастырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауапты тауып отырады. Ер балалармен «Қыран» тобы жұмыс жүргізеді. Жетекшісі АƏД пəнінің мұғалімі С.Шалданбай. Олар аудандық КТІЖБ инспекторларымен кездесу өткізді. Онда бала құқығы, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жастар

жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Осылайша, мүлікті жария ету қолда бар мүлікті жария етуге жəне заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Біріншіден, бұл алда тұрған жалпыға ортақ декларациялауды енгізумен байланысты, азаматқа кейін оны декларацияда ашық көрсетуі үшін мүлкін қазір жария етуге мүмкіндік беріліп отыр. Екіншіден, шетелде орналасқан мүлікті жария ету үшін мемлекет бюджетіне жария етілетін мүліктің құнынан 10 % көлемінде жария етілгені үшін алым түседі. Сонымен бірге, 2006 жылғы жария етуден айырмашылығы - заңды тұлғалар алдағы тұрған жария ету субъектілері болып табылмайтындығы. Бұдан басқа, жария етілген мүлікті рəсімдеумен байланысты барлық шығыстарды жария ету субъектілері өздері көтереді.

5

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрған үйлерді (құрылыстар, ғимараттарды) жария ету шартының бірі жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сəйкес келетіні болып табылатындығына назар аударған жөн. Осы аталғандардың бəрі мүлікті жария ету науқаны тəртібінің, шарттарының, субъектілер, объектілердің бұдан бұрын өткізілгендерден айқын айырмашылықтарын көрсетеді. Осылайша, алдағы мүлікті жария ету науқанының нəтижелері алға қойылған міндеттерге қол жеткізеді жəне тиісінше, жария етілген капитал ретінде экономикаға қосымша ресурстар тартады. Одан басқа да пайдалы тұстары көп екені даусыз. Мысалы үшін алатын болсақ, экономикалық зерттеулер институты сарапшыларының бағалауына сəйкес, биыл басталған науқан - мүлікті жария ету кезінде 2,2 трлн. теңгеге, немесе 12 млрд. АҚШ доллары көлемінде мүлік жария етіледі екен.

оқушылар спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Дəстүрлі «Денсаулық фестиваліне спорттың таэквондо түрімен айналысып жеңімпаз болып оралуда. Тəуелсіздік күніне ұйымдастырылған сайыстан да құралақан оралмапты. 1 желтоқсан «Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті» күніне арналған сайыста спорттың шахмат түріне 5-11 сыныптар қатысып, жүлделі орындарды қанжығалаған. 16 желтоқсан Тəуелсіздік күніне арнап өткізілген мектепішілік спортың шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрінен өткізілген сайысына оқушылар қызығушылықпен қатысты. Бастауыш сыныптармен 5 жылдан бері дəстүрге

кершілікті қалыптастыру да қажет. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастырушылық-əдістемелік жағынан қамтамасыз ету; оқушылардың оқудағы жетістігін бағалаудағы дəстүрлі бағадан критерилі бағалау жүйесінің артықшылығы мен өзгешілігін практика жүзінде көрсету екені рас. Мектептердің оқу -тəрбие үдерісіне ойлаудың жаңа стилін қалыптастыру жəне тұлғаның рефлексивтік, креативтік қасиеттерін дамыту үшін «Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау» технологиясын енгізу де міндет. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы білім беру бағдарламасының жеті модуліне ықпалдастырылған сабақтар

айналған «Толағай» сайысы өткізілді. Оқушылар оқу жылының соңында Президенттік сынамаларды жақсы тапсырды. Тəуелсіздіктің 21 жылдығына арналған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген спорттың баскетбол, волейбол, стол теннисі түрі бойынша мұғалімдер ІІ орынды жеңіп алса, шахмат түрінен жүлделі І орынға ие болды. Жаңа мектеп болашаққа жаңа мүдделер қойып отыр. Мектеп миссиясы: оқыту жүйесінің инновациялық жаңа сатысының даму қисыны тұрғысынан көріне алатын ойшыл, мəдениетті, жоғары интеллектуалды мүмкіндіктері мол, бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеу. Мектептің мақсаты: өскелең ұрпақтың болашақта зияткерлі потенциал ретінде даярлауда сапалы білім жəне кəсіптік дайындыққа қол жеткізуді іске асыру. Ал, мектептің міндеттері тіпті ғажайып, əйтсе де орындауға əбден болатын жəйттер. Оқушылармен жүргізетін барлық оқу-тəрбие жұмыстарының жоғары əдістемелік деңгейін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін, құзіреттілігін, пəн бойынша білім тереңдігін үнемі жетілдіру; жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып табылады. Негізінде оқу сабақтарының сапасын арттыру, үздік тəжірибелерді меңгеруде, жаңа оқыту технологияларын оқып-үйрену мен қолдануда мұғалімдердің ынтасын арттыру керек. Озық педагогикалық тəжірибені анықтау, жинақтау, тарату жəне насихаттау, мектеп тəжірибесіне енгізу; еңбектің соңғы нəтижесіне жауап-

жүйесін енгізу қажет. Заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру, дарынды жəне талантты балаларды анықтау, олармен жүргізілетін жұмыстардың негізгі аспектілерін жетілдіру, баланың шығармашылық қабілетін дамытады. Оның қарапайым қызығушылығын оқу əрекетінің тұрақты уəждемесіне айналдыру жолдарын айқындау керек. Оқушылардың оқу əрекетін ұтымды, жеке жұмыс жасауды тиімді ұйымдастыра білген абзал. Білім беру сапасын жоғарылату, білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тəуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тəрбие жүйесін құру жəне дамыту басты мақсат. Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рəміздер мен ұлттық дəстүрлерді сыйлауға тəрбиелеу де міндет екені даусыз. Өзінің жəне қоғамның, болашақ ұрпақ алдында əлеуметтік, табиғи жəне мəдени ортадағы өз іс-əрекетінің нəтижесі үшін жауапкершілікті сезінуге тəрбиелеген дұрыс. Гумманистік дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттік тілді жəне басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың əлем жəне ұлттық мəдениетті игерулеріне мүмкіндік болады. Сондай-ақ мұндай тəрбиелер шəкірттердің Қазақстан халықтарының дəстүрлері мен мəдениетін зерттеуіне жəне қабылдауына жағдай жасау болып табылады.

МҮДДЕЛЕР ҚОЙЫП ОТЫР мақсаттардың бірі. Жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте тəрбие жұмысына жоспар жасалып, тəрбиенің басым бағыттары қамтылған. Тəрбие жұмысының мəселелері педагогикалық кеңесте 2 рет, ата-аналар кеңесінде 3 рет, мектеп директоры жанындағы кеңесте 2 рет қаралған. Мəжіліс қаулылары негізінде іс-шаралар жасалып, жұмыстар жүргізілген. Өзін-өзі басқару бағытында балалардың «Жас ұлан» ұйымының жұмыс жоспары жасалынған. Жетекшісі – тəлімгер Əйгерім Изтаева. Ұйым мүшелері тиісті міндеттермен таныстырылып, жұмыстары жоспарланған. Мектепте 2013 жылғы 2 қыркүйек №30 бұйрықпен сынып жетекшілер бірлестігі құрылып, жетекшісі – Перизат Сауытова бекітілген. Бірлестік жоспары жасалып, жоспарға сəйкес жұмыстар жүргізген. Мектепте 31 сынып жетекшісі жұмыс істейді екен. Сондай-ақ ата-аналар комитеті құрылып, оның төрағасы болып Мəлік Нұрбаев бекітілген. Ол ата-аналар комитетінің жұмысын тиянақты атқаратын азамат. Əр тоқсан сайын жиналыстар өткізіледі. Кезектен тыс жиналыстар көбінесе қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына бағытталған. Онда ата-аналарға «Балам мені, білсемші, қайталарын», «Бала өміріне жауаптылық», «Бала құқығы» т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылады. Жиналыстарға хаттамалар түзілген. Мектепішілік «Əкелер кеңесінің» де оқушылар тəрбиесіне тигізіп жатқан көмегі көп. Олар əрбір ата-анамен, баламен əңгіме жүргізіп отырады. Ата-аналар комитеті де ортақ іске септігін тигізіп жүр, əрине. Осы орайда сол комитеттің төрағасы Мəлік Нұрбаев жаңа мек-тептің ашылғанына қуанышын жасыра алмай жүргенін білдірді: – Биыл Дербісек ауылында 1 қыркүйек күні аумағы 3 гектар 068 соттық жерді алып жатқан 600 орындық мектеп ашылып, қуанышымыз қойнымызға сыймай кеткені рас. Республикалық бюджеттен 728 миллион теңге қаралған, сөйтіп тез арада

мəслихаттың депутаты У.Жүнісбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мырзабаев пен зейнеттегі ұлағатты ұстаздар А.Жарасбаева, З.Дарапова, А Жолдасовтар қатысып, жергілікті əкімшілік қызметкерлері де қуанышымызды тең бөлісіп, жаңа ғимаратқа ие болған мектеп ұжымын құттықтады. Негізі мұнда мектеп əкімшілігі ауыл əкімі жəне ауыл ақсақалдарымен, билерімен оқушылар кездесуін жиі ұйымдастырады. Тəрбиелік мəні бар əңгімелер оқушы тəрбиесіне тиімді əсер етеді деп бағалануда. Жуырда ауыл əкімі Абдрахман Наурызов бастаған ақсақалдар оқушылармен, ата-аналармен кездесу өткізді. Мектепте қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы бойынша жұмыс жасалынып келеді. Қазақстан Республикасының 09.07.2004 жылғы №591 «Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңын орындау мақсатында мектеп директорының №221 бұйрығымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік кезекшілік» туралы бұйрығымен əр тоқсан сайын мұғалімдер мен ата-аналардан кезекшілік құрылып, «Түнгі ауыл балалары» атты рейд жүргізілді. Рейд шеңберінде ауылдағы бильярд ойынханасы, компьютер салоны, ауылдық мəдениет үйінің төңірегіне кезекшілік жасалды. Жұмыссыз жастарға еліктеп жүрген балалардың атааналарымен жұмыс жүргізілді. Құқықтық тəрбиені қолға алуда мұғалімдер мен атааналардан құралған кезекшілік қойылды. Əрбір сыныпта «Жас полицейлер тобы» құрылды. Бұл топ сынып ішіндегі, мектеп төңірегіндегі тəртіпті бақылап отырды. Бұл топқа көмекші ретінде бейнебақылау жүйесі төрт жерге орнатылған. Құқықтық тəрбиеге байланысты, нашақорлық пен ЖИТС-ке қарсы күрес іс-шаралары жасалынып, сабақтар жүргізілді. Əдеби кештер мен дөңгелек үстел, конференциялар, ашық тəрбие сағаттары өтілді. Атап айтқанда 9 ə сынып жетекшісі Ж.Мұсабекова «Қылмыс қайдан шығады?» атты ашық тəрбие сағатын, 9 «а» сынып жетекшісі С. Жаппар «Мен нашақорлыққа қарсымын» атты дөңгелек үстел, АƏД жетекшісі С.Шалданбай «Тəртіпсіз ел болмайды, тəртіпке бас иген құл болмайды» атты пікірталас өткізді. «Өзің де өмір

ойларын ортаға салды. Оқушылар жиналыстарында «Алдымен сүй, құрметте атаанаңды», «Бала құқығы мен міндеті» тақырыбында баяндамалар оқылды. 2012-2013 оқу жылынан бастап мектепте «Мобильдік топ» жұмысын жандандыру мақсатында «Профилактикалық кеңес» құрылды. Кеңестің жоспары түзіліп, іс-шаралар өткізілуде. Мектепке бекітілген учаскелердің картасы жасалып, осы учаскелердегі Шоңғара көшесі орталық қауіпті нүкте деп белгіленді. Мектепке бекітілген аудандық ІІБ-нің КТЖІБ-нің инспекторы Асылбекұлы Абдразақ оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізеді, тəртіпті бақылайды. Мектеп психологтары мен сынып жетекшілері жəне ата-аналар арасында қарым-қатынас жақсы жолға қойылған. Психологтар Д.Сағынбеков пен А.Адилбекова оқушылардан сауалнамалар алып, сұхбаттар, тренингтер өткізеді. Мысалы: «Ата-аналар мен балалар арасындағы қарымқатынасты нығайту», «Жақсы қасиет – жан азығы», «Əдептілік əдемілік əліппесі». Оқу жылының басында баланың өз-өзіне қол жұмсау немесе суицидтің алдын алу мақсатында мектеп директорының №25 бұйрығымен бекітілген «Суицидтің алдын алу» жұмысының іс-шарасы түзілді. Оқушылар мен ата-аналармен ақпараттық-танымдық жұмыстар атқарылып келеді. Əрбір оқушының психологиялық мінездемесі жасалған. Мектепте тəрбиесі қиын балаларды анықтау жүргізіліп, мектепішілік тізімге алып, оларға тəлімгерлер бекітілген. Əлеуметтік педагог Меруерт Мұсабекова отбасындағы тəрбие жайындағы оқушылардың қызығушылығы мен жауапкершіліктерін, жанұядағы əлеуметтік жағдайын жəне өзара қарымқатынасын анықтады. Аз қамтылған, көп балалы отбасының, жетім, мүгедек балалардың саны мектеп бойынша анықталып, тұрмысы нашар 15 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Оқушылардың бос уақыттарын дұрыс пайдалануда, қызығушылығын арттыруда сыныптан тыс «Жас суретші», «Жас техник», «Шебер қолдар», «Дизайнер», «Жасыл ел», «Атамекен», «Өнерпаз», «Құқықтанушы», «Спорт», соның ішінде волейбол, шахмат, футбол үйірмелері жұмыс істейді. Сондықтан болар,

Бетті дайындаған Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ.


¦ÄIËÅÒ

Мұғалім білімді болса, ол мектептен түлеп ұшқан шəкірт зерделі болады

БІЛІМ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қазығұрт шағын ауданында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 1200 орындық мектеп салынып, 2010 жылы пайдалануға берілді. Қаладағы мектеп санын көбейтіп, №86 жалпы орта мектебі атауы берілген бұл білім ұясы Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Сол бір мерекелі күнде мемлекет басшысының «Қазақстанда біліктілігі жоғары білімді ұрпақ тəрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалуда», - деп, өскелең ұрпаққа оқуда озат болып, алға қойған мақсаттарына жетіп, телегей табыс пен биіктерді бағындыруларына тілектестігін жеткізген болатын.

жоспары жасалып, бекітілген жұмыстар атқарылады. Білім ұясында мобильдік топ құрамы бекітіліп, оған қарасты мөлтек аудандарға рейдтік жұмыстар жасайды. Мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, тəрбиешілерге құқықтық оқыту бекітілген күндер бойынша өткізіліп тұрады. Патриоттық тəрбие бағытында мектептің кіре-беріс төбесінде, мектеп директорының

№41-42 (201) 14.11.2014 жыл

6

журналында көрсетілген – деді. Айта кету керек, қала бойынша өткізілген «Ең үздік медициналық кабинет» байқауында аталған мектептің медициналық кабинеті Бас жүлдені жеңіп алған. Бас жүлдеге лайықты медициналық кабинеттің жұмысымен танысқанымызда, бұл жердің шынымен де «Ең үздік медициналық кабинет» екеніне көз жеткіздік. Ондағы əрбір бөлме өзіне қажетті медициналық құрал жабдықтармен толықтай қамтылған. Дəрі-дəрмекке арналған шкафтар, тоңазытқыш, кварц

түсіну, əділеттілікті бағалай білетін, ұлттық салт-дəстүрлерді жалғастырушы өз ұлтын құрметтейтін тұлға қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар атқарылады. Мектепте «ҚызЖібек» ұйымы құрылып, жетекшісі бекітілген. «Қыз-Жібек» ұйымы қыздар арасында «Қызға қырық үйден тыйым», «Жеке бастың гигиенасы», «Қыз еркем, қылығымен көркем», «Қыз он беске келгенде» тақырыптарында

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ БҮГІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА Білім ордасы – халықаралық талаптарға сай заманауи жабдықтармен қамтылып, барлық коммуникациялық жүйелерге қосылған 3 қабаттан тұрады (кестеде). Бүгінгі таңда, екі ауысымда жұмыс істейтін білім ұясында 1171 шəкірт оқиды. Жалпы білім ұясында 8 лингафон сыныбы, қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, математика, физика, биология, химия кабинеттері қосымша зертханалық бөлмелер, өзін-өзі тану, алғашқы əскери дайындық, ұл балалар мен қыз балалар үшін 4 технология, информатика, конференция залы, 12 бастауыш сынып пен 4 интерактивті тақтамен жабдықталған. Асхана мен спорт залы тағы бар. Жастардың салауатты өмір салтын ұстануына еліміз үлкен мəн беріп жатқаны белгілі. Мектеп қабырғасы қаланып жатқанда да осы мəселеге баса назар аударылды. Газон төселген футбол алаңы мен əскери жаттығу алаңдары бар. Мүгедек оқушыларға арналған жеделсаты жəне пандус жұмыс жасайды. Білім ордасының білімді де, білікті басшысы Ержан Тулендиев: – Мектеп ұжымының білім берудегі мақсаты: Оқыту мен тəрбиелеуде жеке тұлғаның дарындылық қабілетін ашу, оны əрі қарай дамыту. Сонымен бірге адамгершілік қасиетінің бай болуын қамтамасыз ету, денсаулығы мен жан саулығы мықты əрі сауатты болуына ықпал жасау, ұлттық елжандылыққа тəрбиелеу міндеттерін орындау, жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілігі қалыптасқан, өмірге икемді, бəсекелестікке қабілетті жеке тұлға етіп, тəрбиелеу – деді. Сонымен қатар, мектепте жоғары санатты – 22, І санатты 17, ІІ санаттысы – 27 жалпы саны 96 мұғалім жұмыс жасайды. «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақ. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен түлеп ұшқан шəкірт зерделі болады. Солай болған соң, ең əуелі мектепке керегі - білімді, педагогикалық əдіс-тəсілдерді жоғары меңгерген, жақсы оқыта білетін мұғалім» деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ұстаздар қауымының жан-жақты ізденімпаз болуы шарт. Алаш ардақтысының осы сөзін басты ұстаным еткен мектеп мұғалімдерінің шығармашылықтары мен жетістіктері де көңіл құптарлықтай. Мəселен, ұстаздар өз білімдерін шəкірт бойына дарыта отырып, білімді, білікті, жан-жақты екендіктерін көрсетіп, облыста, қалада өткен сайыстарға қатысып, жүлделі орындар алып мектептің абыройын асқақтатып жүргені соған дəлел. Атап айтар болсақ, «Ең үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауында Назгүл Шекерова, «Өнерлі ұстаз» байқауында Еркінбай Ермеков мақтау қағаздарымен марапатталса, «Қалалық жыл мұғалімі - 2013» байқауында қазақ тілі пəнінің мұғалімі Ақгүл Дүйсенова екінші орынды иеленді. Ал, «Үздік педагог - 2013» байқауында

«Салауатты өмір салты» атты марафондарға оқушылар белсене қатысады. Мектепте жалпы атааналар жиналысында жұқпалы аурудың түрлері жайында лекциялар оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. Мектепте салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Біз білім ұясымен танысу барысында, 2-ші қабатта орналасқан үлкен кітапхананы байқадық. «Кітап - алтын қазына», демекші кітапханаға бас сұғып, оның меңгерушісі Бақыткүл Тағаевамен тілдескенімізде, ол: – Мектеп кітапханасының ағылшын тілі пəнінің мұғалімі Мадина Байдуллаева екінші орынды олжалаған. Сондай- ақ, қалалық білім беру мекемелері қызметкерлері арасындағы спартакиадасында ұжымдық команда бірінші орынды иеленген. Оқушылар арасында айтар болсақ, «Əскери оқу-далалық жаттығу жиынындағы спорттық жарыста» мектеп оқушылары спорт түрлерінен командалық есеп бойынша 2-ші орынды иеленсе, «Шапырашты Қарасай батырды еске алуға арналған таэквондодан жасөспірімдер жəне жеткіншектер арасындағы 9-шы ашық Республикалық турнирде» Азамат Рахымбаев 1-ші-орынды жеңіп алған. 9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан өткен «Мектеп лигасы-2013» жарысында қыздар командасы 1-ші орынды, ал, 7-8 сынып оқушылары арасында өткен баскетболдан «Мектеп лигасы-2013» жарысында қыздар командасы 2-ші орыннан көрінген болатын. Аталған білім ұясында біліммен қатар тəлімді тəрбие беру ісіне жоғары деңгейде көңіл бөлінеді. Бұл жайында директордың тəрбие-ісі жөніндегі орынбасары Саттар Тулеев былай дейді: – Жалпы əрбір оқушы өтпелі кезеңде сырты жылтыр дүниелерге, бағалы бұйымдар мен əдемі киім киюге ынтық болып тұрады. Сондай сəттерде оларға көп көңіл бөлмесек сабақты жақсы оқу жағы көлеңкеде қалып қояры сөзсіз. Сондықтан да мектептегі мұғалімдер əрбір дəріс кезінде оқушыға материалдық құндылықтарды емес, бірінші кезекте рухани құндылықтарды бағалауын үнемі саналарына сіңдіріп отырады. «Ұлт саулығы– ел байлығы». Сондықтан да олардың салауатты өмір салтын ұстануын қаперіне салып жүреміз. «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деген. Осылай деп ұрандататын, яғни елжанды ұрпақ тəрбиелеу біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Осылай деген ол оқушылардың жан-жақты əрі еңбекқор болып қалыптасуы үшін мектепте тəрбие жұмыстары жүйелі ұйымдастырылатынын мəлімдеді. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық ІІБ Абай ПБ-мен бірлескен іс-шара

кабинетінде, тарих жəне Жер учаскесінің алаңы: 3,2 га. алғашқы əскери дайындық, қазақ тілі Мектептің сметалық құны: 1 548 833 000 теңге кабинеттеріне рұқсат Мектептің жалпы алаңы: 19 649,83 кв.м етілген мемлекеттік рəміздер ілінген. Əр күні Пайдаланатын алаңы: 13 174,6 1-ші сабақта ҚР Əнұраны оның ішінде бір оқушыға есептегенде оқу аумағы 11,2 шаршы орындалады. Қазақстан метр. Республикасының Жоба бойынша қуаттылығы: 1200 оқушы Рəміздерінің Ғимарат: типтік идеологиялық маңызы оқушылардың жас Қабырғасы: пеноблок ерекшелігіне қарай Шатыры: қаңылтырлы түсіндіріліп тұрады. Ұлы Жылу жүйесі: Автономды; 2 қазандық газбен,1 қазандық көмір Отан соғысы, Ауған отынмен. соғысы ардагерлерімен Су жүйесі : Орталықтандырылған кездесулер жəне еске алу кештері Қосымша: Жарық өшкен жағдайда 5 квт электро генераторы ұйымдастырылып, жұмыс жасайды. тақырыпқа қатысты ісорталықтандырылған жəне қосымша ауыз суға шаралар, сайыстар, Су құбырлары: арналған 50 м. куб. мұнара орнатылған. дөңгелек үстелдер, пікір сайыстар өткізіледі. Лас суға: аумағы 120 м, куб.арнайы кəріз құдығымен. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы қорында 24544 дана кітап бар. əңгімелер, дөңгелек үстелдер, заңнамалардың жүзеге асырылуы, «Салауатты өмір салты» Оның 22383 данасы оқулық, 1970 Хизбут-ТаҺрир діни экстремистік данасы көркем əдебиеттер, 191 орталығының арнайы бірлестігінің ілімін ҚР-ның дана электронды əдебиеттер. мамандарымен «Қыз баланың аймағында насихаттауға тиым Кітапхана сөресіндегі барлық денсаулығы» тақырыбында салу туралы жұмыстары кездесу ұйымдастырылып тұрады. кітаптар ББК бойынша жүргізіліп, мешіт имамдарымен, орналасқан. Оқу залы қазіргі Жуырда, білім ұясында «Анақұқық қорғау ұйымдарымен, заманға сай жаңа технологиялық өмірдің шуағы» атты апталық өтті. КТІЖБ инспекторларымен стендтермен безендірілген. Бастауыш пен жоғары сынып дөңгелек үстел, түсіндірме Мектеп кітапханасы оқушылардың оқушыларының арасында көңілді жұмыстары жүйелі өткізіледі. сұраныстарын толық тапқырлар сайысы, «Көктем қанағаттандыра алады. Кітап Экологиялық тəрбиеге келсек, аруы», «Күз аруы», «Қыз сыны», қорында жоқ материалдарды, Қазақстан Республикасы «Жігіт сұлтаны» байқаулары, қосымша іздену мақсатында Президентінің «Жасыл ел» «Тілдер мерекесі», «Аналар мен интернет желісі қосылған. бағдарламасын іске асыру қыздар», т.б. айтулы күндерге Электронды ақпараттану мақсатында «Жасыл ел» тобы мерекелік іс-шаралар қарқынды дамыған кезеңде, кітап құрылып, мектеп ауласын, сынып ұйымдастырылған. қоры электронды оқулықтармен əр бөлмелерін гүлдендіру Салауатты өмір салтын оқу жылында толықтырылады. жоспарланған. «Жасыл ел» қалыптастыру бойынша, Электронды оқулықтарды əр акциясы жарияланып, мектеп салауатты өмір салты дағдылары мұғалім сабаққа пайдалана территориясы аумақтарға бөлініп, мен дене тəрбиесі мəдениетін, алады. сыныптарға бекітілген. жоғары деңгейде қалыптастыру Жасөспірімдердің табиғатты Мектеп оқушыларын мақсатында «Қазақстан-2030» сүюге, аялауға, қорғауға, сонымен оқулықтармен қамтамасыз ету стратегиясының негізгі бағытын қатар, қоршаған ортаға қолданыстағы заңнама іске асыруда мектепте санбекет, жауапкершілікпен қарауға талаптарына сай жүзеге наркобекет топтары жұмыс тəрбиелеу мақсатында асырылады. Кітаппен істейді. «Денсаулық күні» «Экологиялық білім беру» оқушыларды қамтамасыз ету бұқаралық спорттық сайыстар 5орталығымен бірлесіп іс-шаралар бойынша жыл сайын аз 11 сыныптар аралығында жоспары жасалынып, бекітілген. қамтамасыз етілген отбасы өткізіледі. «ЖҚТБ-ауруынан Жасалынған іс-шаралар негізінде балаларының тізімі Абай қорғанудың жолы, салауатты өмір «Жасыл ел» бағдарламасы аудандық əкімдігінде бекітіледі. салтын қолдау», «Сенің күн бойынша көгалдандыру Бірінші кезекте осы оқушыларға тəртібің», «Жеке бас гигиенасы», жұмыстары іске асырылуда. Əр оқулықтар қайтарымды негізде «Тазалық - денсаулық кепілі» сыныпта «Жасыл ел» тегін таратылады. Аз қамтылған тақырыптарында тəрбие бригадалары құрылып, отбасының балалары 100% сағаттары, тренингтер, санитарлық сенбіліктер өткізіледі. оқулықпен қамтылған. Оқулықтар рефераттар, бүктеме сайысы, жас Экологиялық тақырыптарға қорын тиімді пайдалану үшін, ерекшелік гигиенасы, қабырға байланысты тəрбие сағаттары, Оңтүстік Қазақстан облыстық білім газеттері шығарылып тұрады. бүктеме, қабырға газеттері департаментінің бұйрығына Облыстық наркологиялық, тері байқаулары өтеді. сəйкес оқулықтарға код қойылған. венерологиялық, СПИД орталық Оқулықтардың картотекасы жүйелі Эстетикалық тəрбие бойынша мемлекеттік мекемесімен түрде жүргізіледі. Олардың оқушыларды сыпайылыққа, бірлескен іс-шара жоспары пайдалануы мен сақталуын əдептілікке, инабаттылыққа, бойынша жиналыстар өткізіледі. қадағалау үшін əр тоқсан сайын мейірімділікке тəрбиелеу, шымыр, Қалалық, облыстық «Жастар рейд жүргізіледі. Рейд нəтижесі белсенді тұлғаны қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалайды!» оқулықтардың тазалығын тексеру өмірдегі сұлулықты сезіну, көру, атты акцияларға, облыстық

шамдары (жылжымалы, қабырғалық) кушеткалар, ширмалар, шкафтар мен сөрелер, УВЧ аппараты, стоматологиялық аппарат креслосымен, бой өлшеуіш құралы, таразы т.б. аппараттардың барлығы орнатылған медициналық кабинетте əр оқушының медициналық құжаты тиісті үлгілер бойынша тіркелген. Осы құжаттарды тіркей отырып «Қазақстан Республикасының алдын-ала екпе егу» кестесі арқылы жасы жəне айы жазылған оқушыларға жоспарлы түрде дəрігердің қатысуымен екпе егу жұмыстары іске асады. Атап айтсақ, АДС, КПК, АКДС, АДМ екпелері. Кейбір жұқпалы аурулардың белең алуына байланысты дəрігер эпидемиологтың тапсырмасымен кейде жоспардан тыс екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар түрлі жұқпалы аурулардан сақтану үшін жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында медициналық қызметкердің оқу жылына арнаған жылдық жоспары бекітіледі. Жоспарлы түрде сынып жетекшілері, психологтар, медбике, кей жағдайда атааналарды да қатыстырылып ай сайын əр аурудың өршу маусымына байланысты түсіндірме жұмыстары, оны алдын алу жағы айтылады.. Мұғалімдердің жыл бойы берген білімі, оқушылардың білім деңгейі Ұлттық бірыңғай тест нəтижелерімен де байланысты болады. Сондықтан да əрбір білім ұясы оқушыларды ҰБТ-ға дайындауды əзірден бастап қолға алатыны белгілі. Бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүзеге асып жатқанын мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Лаззат Пернебекқызы былай деп түсіндірді. – Мектеп оқушыларының білім сапасының көрсеткіші болып ҰБТ қорытындысы болғандықтан, мектептің оқу жоспарына ҰБТ-ға дайындық іс-шаралары енгізілді. Қосымша сабақтардың кестесі құрылып, стендтер жасалынды. Онда ҰБТ туралы бұйрықтар, пəн мұғалімдеріне, ата-аналар мен оқушыларға кеңестер жазылған. Оқу жылының басында факультативтер бөлінген кезде негізгі пəндерге көңіл бөлінді. Атааналармен жұмыстар жүргізіліп, жиналыстар өткізілді. ҰБТ-ның мақсаттары мен міндеттері, оқушылардың дайындық жұмыстары, олардың күн тəртібін ұйымдастыру туралы кеңестер берілді. Апта сайын байқау тестілері жүргізіліп, жіберілген қателерді түзету жұмыстары жүргізіліп, журналға нəтижелері енгізіледі. «Еліміздің ертеңі - бүгінгі жастардың қолында, ал жастардың тағдыры ұстаздардың қолында» деген. Ұлағатты ұстаздар білім беретін бұл білім ұясында жас ұрпақты білікті болып қалыптасуына барлық жағдайлар қарастырылған. Ендеше осы мүмкіндікті мүлт жібермей, мейлінше тынбай еңбектеніп, ізденген жас ұрпақтың өмір мектебі өте сəтті өріле бергей демекпіз. Ақжібек ƏЛƏЙДАРҚЫЗЫ.


ЖАРИЯ ЕТУ

¦ÄIËÅÒ Осы Заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сəйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген: 1) жеке адамға, отбасына жəне кəмелетке толмағандарға, адамның жəне азаматтың конституциялық жəне өзге де құқықтары мен бостандықтарына, бейбiтшiлiкке жəне

Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куəландырған №41-42 (201) қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс 14.11.2014 жыл 4-БАП. МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ МЕРЗIМI Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады жəне 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады жəне 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады. 5-БАП. ЖАРИЯ ЕТУГЕ ҰСЫНЫЛҒАН ЖƏНЕ ЖАРИЯ ЕТIЛГЕН МҮЛIК ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 1. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар

ЖАРИЯ ЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ӨТКIЗУ ТƏРТIБI ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, салық органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1-қосымшаға сəйкес нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi (бұдан əрi – өтiнiш); 2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесiн; 3) осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де құжаттарды тапсыруы арқылы

7

ЖӨНIНДЕГI ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке жинақ шотын (бұдан əрі – жинақ шоты) ашады. 2. Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған: 1) ұлттық жəне (немесе) шетел валютасында жария етілетін ақша жария ету мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ОРАЛМАНДАРҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРУҒА ЫҚТИЯРХАТЫ БАР АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ 1-БАП. ОСЫ ЗАҢДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мүлікті жария еткені үшін алым – осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем; 2) мүлікті жария ету – табыстарды жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған жəне (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресімделмеген не тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рəсімі; 3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан əрі – комиссия) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылатын жəне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлікті (ақшаны қоспағанда) жария ету туралы не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уəкілетті комиссия; 4) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан əрі – жария ету субъектілері) – мүлкін осы Заңда белгіленген тəртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар; 5) тиісті емес тұлға (бұдан əрі – басқа тұлға) – алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде əрекет еткен тұлға. 2-БАП. ОСЫ ЗАҢНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ 1. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған жəне өздері алған мүлiктi жария ететiн жəне жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Осы Заңның күшi осы Заңды қолданысқа енгізу күніне өздеріне қатысты: 1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 190, 191, 193 (осы тармақшада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң баптарында көзделген қылмыстарды жасау арқылы сатып алынған мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221, 222-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн оларды кінəлі деп таныған соттың үкімі; 2) Қазақстан Республикасының Əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118, 143, 143-2, 155, 155-1, 1553, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 237, 239, 357-1баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін əкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысы заңды күшіне енген жария ету субъектілеріне қолданылмайды. 3-БАП. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, мынадай мүлік: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан əрі – қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мəмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен жəне магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен

адамзат қауiпсiздiгiне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне, меншiкке, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне, коммерциялық жəне өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, қоғамдық қауiпсiздiк пен қоғамдық тəртiпке, халықтың денсаулығына жəне имандылыққа, басқару тəртібіне, сот төрелігіне жəне жазаларды орындау тəртібіне қарсы қылмыстарды жасау; 2) экологиялық, көліктік, əскери қылмыстарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондайақ мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де қылмыстарды, экономикалық қызмет (осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда), оның ішінде экономикалық контрабанда саласындағы қылмыстарды жасау; 3) жалған ақша мен бағалы қағаздар жасау жəне өткiзу, жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу; 4) инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану жəне бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау нəтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды. 3. Сонымен қатар: 1) сот тəртiбiмен оған құқықтар дауланып жатқан; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқықтар беруге жол берiлмейтiн мүлік; 3) кредиттер ретiнде алынған ақша; 4) мемлекет пайдасына берілуге жататын мүлік; 5) «Қазақстан Республикасының əлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасының əлеуметтікэкономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру шеңберінде құрылысы бюджет қаражаты есебінен аяқталған жылжымайтын мүлік объектілеріндегі тұрғын жəне тұрғын емес үй-жайлар жария етуге жатпайды. 4. Осы Заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес жылжымайтын мүлік болып айқындалатын мүлікке ұқсас мүлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік болып танылады.

жəне олардың лауазымды адамдары мен қызметкерлері мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртiппен қамтамасыз етуге, оның ішінде жария ету субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз ақпаратты таратуға жол бермеуге міндетті. 2. Осы Заңның 2-бабының 2тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның жария етілген мүлiк бөлігіндегі мақсаттары үшін осы Заңға сəйкес мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік əрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру немесе əкiмшiлiк жəне тəртіптік жазалау шараларын қолдану жөнiндегi процестік əрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады. 6-БАП. МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТКЕНI ҮШIН АЛЫМ 1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан əрi – алым): 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – ақшаны; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан əрі – Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады. 2. Алым: 1) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының; 2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде төленеді. Осы тармақшада көрсетілген мүлiк бойынша алым мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді. 3. Осы Заңның 7-бабының 5 жəне 9тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді. Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тəртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. 7-БАП. МҮЛIКТI (АҚШАДАН БАСҚА)

өткiзіледi. 2. Жария ету субъектілері осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша салық органына; 2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда, жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады. 3. Шетел тілінде ресімделген құжаттар нотариат куəландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылуға тиіс. 4. Жария ету субъектілері, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзiмi iшiнде сол бір мүлікті жария етуге қайтадан өтiнiш беруге құқылы емес. 5. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттар себептерi көрсетіле отырып, мынадай: 1) осы Заңда белгiленген құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған; 2) ұсынылған құжаттарда өшiрiп тазалау мен түзетулер болған; 3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сəйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады. Мүлiктi жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға негiз болған себептердi жойған кезде адам осы Заңда белгiленген мүлiктi жария ету мерзiмі iшiнде қайтадан өтiнiш беруге құқылы. 6. Өтінішті комиссия, салық органы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. 7. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуді өткізуді ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүліктің тізілімін жүргізу тəртібі мен нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 8. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған жағдайда, комиссия, салық органы осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде: 1) мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiм шығарады; 2) жария ету субъектісіне мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету туралы шешiмдi бередi; 3) жария етілген мүлiктiң тiзілiмiне мəлiметтердi енгiзедi. 9. Комиссия, салық органы мүлiктi жария етуден бас тартуды осы Заңның 2 немесе 3-баптарында көзделген талаптар сақталмаған кезде шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады. 10. Мүлiк (ақшадан басқа) комиссияның, салық органының жария ету туралы шешім шығарған күнінен бастап жария етілдi деп есептеледі. 11. Мемлекеттiк тiркелуге жататын мүлiк жария етiлген жағдайда, мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтiнiші негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды ресiмдейдi. 12. Жария етiлетiн мүлiк жөнiнде ұсынылатын мəлiметтердiң толықтығы мен анықтығы үшiн жария ету субъектілері жауапты болады. Жария етілген мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығысты жария ету субъектілері дербес төлейді. 8-БАП. АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУДI ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖƏНЕ ӨТКIЗУ ТƏРТIБI

банкінде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиіс; 2) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, жария етілетін ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс ай жинақ шотында жатуға тиіс болатын кезде жария етуге жатады. Бұл ретте шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 3. Жария ету субъектісі осы баптың 2тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғанға дейін: 1) «Самұрық-Қазына» ұлттық əлауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес жəне тəуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберіндегі, сондай-ақ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын; Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларын; қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберіндегі акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендіру объектілерін, активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған; 2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептісіз алып қою жағдайы кезінде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегінде жария етілетін ақшаға билік етуге құқылы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы алымды акцептісіз алып қойған күннен бастап оны келесі операциялық күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті. 4. Жинақ шотына салынған (аударылған), жария етілген ақшаның сақталуы Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасымен реттеледі. 5. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінің, Ұлттық пошта операторының жинақ шоттарын ашу жəне жүргізу ерекшеліктерін, жинақ шотына ақшаның салынғанын (аударылғанын) растайтын құжатты жария ету субъектілеріне беру, сондай-ақ жинақ шоттарындағы ақшаның есепке алынуын жүргізу тəртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды. 6. Ақша жинақ шотына салынған (аударылған) күнінен бастап жария етілді деп есептеледі. Жинақ шотына жария етілетін ақша салынған (аударылған) кезде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша салынған (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді. 7. Осы Заңға сəйкес жария етілген ақша сомасы жария ету субъектісінің табысы ретінде танылмайды.

(Жалғасы 8-бетте).


¦ÄIËÅÒ

ЖАРИЯ ЕТУ

Заңда белгіленген талаптарды бұзу ҚР заңдарында №41-42 (201) көзделген жауаптылыққа əкеп соғады 14.11.2014 жыл

8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ОРАЛМАНДАРҒА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРУҒА ЫҚТИЯРХАТЫ БАР АДАМДАРҒА ОЛАРДЫҢ МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына 1-қосымша __________________________ (Өтініш берілетін орган) __________________________

Мүлікті жария етуді өткізуге арналған ӨТІНІШ (екі данада толтырылады)

(Соңы. Басы 7-бетте). 9-БАП. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНЫҢ ШЕГIНЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ ТҰРҒАН МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Заңның 7-бабының 1тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жəне шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куəландырған көшiрмесiн; 2) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 3) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі; 4) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. 10-БАП. БАСҚА ТҰЛҒАҒА РЕСIМДЕЛГЕН МҮЛIКТI ЖАРИЯ ЕТУ 1. Басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері осы Заңның 7-бабының 1тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша комиссияға мынадай құжаттарды: 1) мүлікке меншiк құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куəландырған көшірмесін; 2) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне мүлікті өтеусiз бергенi туралы шарттың нотариат куəландырған көшірмесін; 3) бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты; 4) қатысу үлесі бойынша – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін, заңды тұлғаның мөрімен бекемделген мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға органының шешімін не шешімінен үзінді көшірмені ұсынады. 2. Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ететін жария ету субъектілері салық органына осы Заңның 7-бабының 1-тармағында жəне осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды: 1) мүліктің бағалау құнын растайтын құжатты; 2) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. 11-БАП. ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНА СƏЙКЕС РƏСIМДЕЛМЕГЕН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТҰРҒАН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТI ЖАРИЯ ЕТУ 1. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ресiмделмеген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілері комиссияға осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тізбесіне қосымша мынадай құжаттарды: 1) ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сəйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 2) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын ұсынады. 2. Комиссия жария етiлген жылжымайтын мүлiк, жария ету субъектісі туралы ақпаратты жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға береді. 12-БАП. ОСЫ ЗАҢҒА СƏЙКЕС ЖАРИЯ ЕТIЛГЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛIК ОБЪЕКТIЛЕРIН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI Осы Заңға сəйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тəртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

13-БАП. МҮЛКІН ЖАРИЯ ЕТКЕН ЖАРИЯ ЕТУ СУБЪЕКТІЛЕРІН ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ 1. Қылмыстық жəне əкімшілік жауаптылықтан босату бөлігінде рақымшылық жасаудың күші осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін жасалған мынадай: 1) сыбайлас жемқорлық қылмыстарды, не ұйымдасқан топ жəне (немесе) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) немесе тұрақты қарулы топ (банда) жасаған қылмыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 (тыйым салынған қызмет түрлерінен басқа), 191, 193 (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарында көзделген, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қылмыстарды жасау арқылы алынған ақша қаражатын немесе мүлікті жария еткен жағдайда), 208, 213, 215, 216, 216-1, 217, 218, 221 жəне 222-баптарында көзделген қылмыстардың; 2) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 143, 143-2, 155, 155-1, 1553, 155-4, 155-5, 156, 157, 166, 168-1, 178, 185, 187, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 206-2, 207, 208, 208-1, 209, 214, 357-1баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтардың белгілері бойынша іс-əрекеттерді жасау нəтижесінде алынған мүлікті жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. 2. Рақымшылық жасаудың күші мемлекеттiк лауазым атқаратын, мүлкiн жария еткен жария ету субъектілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген декларациялар мен мəлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбағаны үшін тəртiптiк жауаптылықтан босату бөлігінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңдерге қолданылады. 3. Осы баптың қылмыстық, əкімшілік жəне тəртіптік жауаптылықтан босату бөлігіндегі ережелері жария етілген мүліктің шегінде жасалған іс-əрекеттерге қолданылады. 14-БАП. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУДАН БАС ТАРТУ, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІ ЖƏНЕ ƏКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ТОҚТАТУ 1. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қылмыстар бойынша қылмыстық істер қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық істер Қазақстан Республикасының қылмыстық-процессуалдық заңнамасында көзделген тəртіппен тоқтатылуға жатады. 2. Мүлкін жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер қозғалмайды. Осы Заңның 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша соттар не уəкілетті орган қарамаған əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тəртіппен тоқтатылуға жатады. 15-БАП. ОСЫ ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ТАЛАПТАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа əкеп соғады. 16-БАП. КОМИССИЯ ҚАБЫЛДАҒАН ШЕШІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ МИРАСҚОРЛЫҒЫ ЖƏНЕ ӨКІЛДІК Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады. Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады. 17-БАП. ШАҒЫМ ЖАСАУ ТƏРТІБІ Комиссияның, салық органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де əрекеттерге (əрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тəртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін. 18-БАП. ОСЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗУ ТƏРТIБI Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi. Н. НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Т.А.Ə._________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ЖСН____________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Тұрғылықты жері________________________________________________ _____________________________________________________________________ Жеке басын куəландыратын құжат: түрі _____________________, сериясы ___________________________ № _________ берілген күні _____________________________________ _____________________________берген. Жария етілетін мүліктің тізбесі

Мүліктің құны (мың теңге)

Орналасқан мекен-жайы

Мүліктің жиынтық құны Өтінішке мынадай құжаттарды (атауы, сериясы, нөмірі, қашан жəне кім берді) қоса беремін:____________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ ____________________ (күні, айы, жылы) (өтініш берушінің қолы) (Өтініш берушінің Т.А.Ə.)_____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________ (Өтінішті қабылдап алған маманның Т.А.Ə. жəне қолы)______________________________________________________________________________ ____________________________________________________________ (орган басшысының Т.А.Ə. жəне қолы)

М.О. Өтініш қабылдаған күн: 20 ___ жылғы «____» _________

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңына 2-қосымша

Ақшаны жария ету үшін жинақ шотына ақшаның салынғанын/аударылғанын растау туралы анықтама Анықтама берілген күн 20___ жылғы «___»_________

Банк/Ұлттық пошта операторы__________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________ _________________ (банктің/Ұлттық пошта операторының толық атауы) Жария ету субъектісі___________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Т.А.Ə., жеке басын куəландыратын құжат (№, кім жəне қашан берген), тұрғылықты жері, ЖСН) 20____ жылғы «___»_____________ жинақ шотына____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________ (цифрлармен жəне жазумен, валютаның түрі) сомасында ақша салғанын/аударғанын куəландырады. Қолы___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Банктің/Ұлттық пошта операторының уəкілетті адамы) Мөрі___________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (Банк/Ұлттық пошта операторы)


9 ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТІҢ ЕРЕН ҚАДАМДАРЫ Əлі де алар асуы мол университеттің №41-42 (201) жағымды жаңалықтары аз емес 14.11.2014 жыл

МƏРТЕБЕ

¦ÄIËÅÒ

МИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ҮШ ЕЛ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ АЛҚАЛЫ БАСҚОСУЫНДА АТАП КӨРСЕТІЛДІ (Соңы. Басы 1-бетте). Сондай-ақ, ЕЭК министрі төртінші билік өкілдерінің одақ жұмысы жанданып кетуіне айырықша үлесі бар екенін атап өтті. Өйткені, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен жалпы алға қойған мақсаты жөнінде Қазақстан, Ресей мен Беларусь елдерінің халқы жан-жақты білгенде ғана үш елдің тауар өндірушілері мен тұтынушылары арасындағы бəсекелестік артып, заңнамаларды үйлестіруде үйлесімділік болады. Мұндай маңызды шешімге БАҚ-тың араласуы, процестің айқын болуымен қатар отандастарымыздың тұтынушылық қабілеті артуына айырықша серпіліс бермек. Өйткені, бүгіннің өзінде журналистер одақ жұмысына оң бағасын беріп өзіндік үн қатысып, тілшілер билікпен ашық диалог жасасып отыр. БАҚ өкілдерінің пікірінше, тікелей насихат əрқашан тиімді. Оның үстіне қазақстандықтар, беларустар мен орыстардың өздері де ЕЭО төңірегіндегі болып жатқан ақпараттарға əрқашан назарын аударып, шынайы қызығушылық танытуда. Кəсіпкерлер мен тауар өндірушілерді де өз кезегінде одақ жасап отырған мүмкіндіктер қызықтырса, жұртшылықты мазалап отырғаны – тұрғын үй мен азық-түлік бағасы, жалақы мөлшері мен жұмыссыздардың жағдайы, бір сөзбен айтқанда, одақ мемлекеттері немен тыныстап, не ішіп, не жеп отырғаны көбірек мазалайды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің халқы үшін салмақты сауалдың бірі – роумингті жаңарту. Осылай деген Еуразиялық экономикалық комиссия министрі Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдері арасында ұялы байланыс бағамын жеңілдету бағытында белсенді шаралар атқарылып жатқанын айтты. Қазірде желі ішкі тарифтен роуминг 55 есе қымбат. Бұл əсіресе шекара маңында тұратын қазақстандықтарға тиімсіз екен. «Монополияға қарсы ведомство тарапынан ұялы байланыс операторларымен бірқатар кешенді шаралар атқарып, ортақ келісімге келеміз. Біз бірыңғай тариф мəселесін 3-4 жылда шешеміз деген ойдамын. Көрші мемлекеттер 2015 жылы бұл мəселені түбегейлі шешпек. Артынша біздің елде де жүзеге асырамыз», – дейді Нұрлан Алдабергенов. Сонымен қатар, министр Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің халқы үшін құлаққа жағымды жаңалықтың шетін шығарды. Ол келесі жылдан бастап үш елдің арасындағы трансшекаралық жолаушылар тасымалы, дəрідəрмек бағасы, шикізат тыңайтқыштары секілді бірқатар тауарлардың құны арзандайды.

Минск қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысушылар ЕЕК министрі Н.Алдабергеновпен Министрдің ойынша, Мəскеу – Минск жəне Мəскеу – Астана арасындағы темір жол поезының құны əуе қатынасы құнымен бірдей болғанда тиімсіз жағдай орын алуы мүмкін. Тұтынушылар мен əуе тасымалдаушылар үшін де бұл мəселе əділетсіздік орнатуы ғажап емес. Егер авиакомпаниялардың ішкі əуе жолдарындағы тарифтерін қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасында арақашықтығы 1494 шақырым болатын Астана – Атырау бағытындағы Эйр Астана компаниясының ұшағына билет құны 25545 теңге, SCAT компаниясының ұшағына – 22915 теңге. Ал шамамен дəл осындай қашықтықтағы – 1489 шақырым болатын Москва – Челябинск бағытындағы ресейлік əуе компанияларының ұшақтары үшін билет құны – біздегіден орташа 45 пайызға немесе екі есеге жуық арзан. Айталық, бұл бағытта қатынайтын «Уральские авиалинии», «Ютэйр», «S7 Airlines» жəне «Аэрофлот» компанияларының ұшақтарына билет құны біздің ақшамызбен сəйкесінше – 14369, 12371, 14980 жəне 15834 теңге. Ал Астана – Москва бағытындағы ұшақ билетінің құны – 58610 теңге. Осыған байланысты біздің отандастарымыз Мəскеуге ұшатын болса, Ресейдің шекаралас өңірлеріне барып, сол жақтан ұшаққа отырып жатқан жайы бар. Өйткені Астанадан ұшқанға қарағанда билет құны 3-4 есе арзан. Сондай-ақ, көп жағдайда теміржолдағы билеттер құны ұшақ билеттерінен де қымбат. Мысалы, Москва – Минск бағытындағы теміржол билетінің құны біздің ақшаға шаққанда 18871 теңге болса, ұшақ билетінің құны – 18676 теңге. Ал Астана – Москва бағытындағы теміржол билетінің құны 58838 теңге де, ұшақ билетінің құны – 58610 теңге. Осындай айырмашылықтар бəсекелестікке кері əсер ететіні анық. Сонымен қатар, монополия нарық

механизмдерін тиімді қолдануға қолбайлау болады екен. Əсіресе серіктес мемлекеттердегі қарапайым халыққа тиімсіз деп отыр. Алпауыт монополистер қымбат бағаға сапасыз тауар алуға мəжбүрлеп, тұтынушылар мүддесін ескермейтінін айтқан Нұрлан Шəдібекұлы бірқатар антимонополиялық шараларды баяндады. Соның ішінде алыпсатарлықты шектеу айырықша назар аудартып отырғанға ұқсайды. Мəселен, автокөліктің тұпнұсқа қосалқы бөлшектерін тек машина жасау зауытының ресми делдалдарынан сатып алу міндеттеледі. Ал өндіруші мекемеден тікелей алған импорттаушы ұйым бірыңғай экономикалық кеңістікте сата алмайды. Тəуелсіз жеткізушілердің нарықта болмауы тұтынушыларға арзан бағада сұранысын қанағаттандыруына мүмкіндік береді. «Біз түпнұсқа тауарларды тікелей өндірушілерден тасымалдай алмаймыз, оны ресми делдалдар жеткізеді. Ал ресми делдалдар өз мүмкіндігін пайдаланып, шарттар қойып, қосалқы бөлшектер бағасын қымбаттатып жібереді. Біз осы мəселені түбегейлі шешетін болсақ, осы жəне өзге де тауарлардың құнын 60-80%-ға төмендете аламыз», – дейді алқа мүшесі. Статистикалық мəліметтерге сүйенсек, соңғы жылдары трансшекаралық тауар жеткізу көлемі айтарлықтай ұлғайды. Айталық, 2012 жылы үш елдің арасында өзара жалпы сауда 68,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Егер бұған қызметтерді де қосатын болсақ, онда 2012 жылғы тауарлар мен қызмет саудасының жалпы көлемі кем дегенде 74 миллиард долларды құрайды. Бұл – БЭК мүшелері елдерінің траншекаралық тауар нарығының ықтимал көлемі. «Біздің зерттеуімізше, негізінен, халықаралық байланыс қызметі (роуминг), табиғи газ, электр энергиясы,

автокөлік, азық-түлік өнімдері, мұнай жəне мұнай өнімдері, халықаралық авиа жəне теміржол тасымалында бағалардың əртүрлілігіне байланысты əділетсіздіктер орын алып жатады. Мысалы, ұялы байланыс нарығын алатын болсақ, əр елдің операторларында баға əртүрлі. BEELINE арқылы өз желісі ішінде Қазақстанда қоңырау соғатын болсаңыз, оның құны орташа 7-18 теңге, ал Ресейде – 6-15 теңге. Бұл операторлардың роумингтегі қоңырауы Қазақстанда 151 теңге болса, Ресейде – 170 теңге. Егер МТС-ті алсақ, оның Беларусьтегі құны – 3-4,5, ал Ресейде – 1,25-10 теңге. Бұл оператордың роумингтегі құны Беларусьте – 167, ал Ресейде – 60 теңге. Жалпы, үйішілік желі мен роумингтегі тарифтердің айырмасы BEELINE бойынша Ресейде – 28, ал Қазақстанда – 21 есе, МТС бойынша Ресейде – 48, ал Беларусьте – 55 есеге артық», – дейді Нұрлан Шəдібекұлы. 2011 жылдан бастап үш ел арасындағы тауар айналымы тұрақты артып отыр. Егер осыдан үш жыл бұрын бұл көрсеткіштер 33 пайызды көрсетсе, 2012 жылы 43 пайызға жеткен. Жалпы алғанда Кеден одағы құрылғаннан кейін мемлекеттер тобының өзара сауда көлемі 36% көбейді. Салыстырмалы түрде айтсақ, тауар айналымы ЕО ішіндегі мемлекеттер алдыңғы жылға қарағанда 2011 жылы 10% өсім көрсетті, 2012 жылы көрсеткіштер 11% жақындады, ал өткен жылы өзара сауда көлемі 11% тұрақты өсім көрсеткен. Тағы бір ерекше атап көрсетерлік жайт, халықаралық конференция форматында өткен алқалы басқосуға жиналғандар еуразиялық экономикалық одақтың артықшылықтарын əртүрлі қырынан атап көрсетіп, оның осындағы үш елге де тиімді екендігін бағалап жатты.

Сонымен қатар, осы идеяның кешегісі, бүгіні жəне келешегі хақында ойларын ортаға салды. Осы жолдардың авторы "Еуразияшылдық идеясын БАҚ-та насихаттаудың өзекті мəселелері" атты тақырыпта баяндама жасап, прогресшіл идеяның неден нақты бастау алғанын, осы идеяны насихаттау тұрғысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қандай игілікті істер атқарылып жатқандығын айтқанда үш елдің марқасқа журналистері ерекше ынта қоя тыңдады. Бұл тақырып ілгері-кейінде айтылмай жүрген жоқ. Ал 1994 жылы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеу мемлекеттік университетінің мінберінен еуразиялық интеграция туралы көшелі ой айтып, мұндай экономикалық одақтың қаншалықты тиімді екендігін бүге-шігесіне дейін айтқаны белгілі. Одан бері өткен 20 жыл ішінде еуразияшылдық идеяның қанаты қатайып, бұғанасы бекіді, нақты іс жүзіне аса бастады. Жоғарыда айтылған көптеген көрсеткіштер Елбасымыз мұрындық болған алып жобаның жүзеге аса бастағандығының, бұл идеяның келешегі зор ғана емес, ұлтымыздың өсіп-өркендеуі үшін де мейлінше тиімді екендігінің жарқын көрінісі. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары бұл идеяны насихаттауға айрықша көңіл бөліп, өз оқырмандарына, көрермендері мен тыңдармандарына түсінікті тілмен жеткізуі, насихаттауы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, профессор Ерлан Бəтташұлы Сыдықов басқаратын Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінде қыруар жұмыстар атқарылып жатқаны халықаралық конференцияда жан-жақты айтылды. Бұл бағытта əлемдік деңгейдегі шаралар өткізіліп қана қоймай, атақты еуразияшы Л.Н.Гумилев туралы арнайы энциклопедияның шығарылғандығы, осынау есімі дүние жүзіне мəлім ғалымның 100 жылдығы университетте зор ауқымда тойланғаны, көптеген ғылыми шаралар ұйымдастырылғаны айтылғанда халықаралық басқосуға жиналған бас редакторлар елең етісе қалды. Жалпы, əйгілі еуразияшыл ғалымның есімін иеленген университетте бұл тұрғыдағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келе жатқаны баса айтылды. Кейіннен бұл айтылғандарды басқа да шешендер одан əрі өрбітіп, еуразияшылдықты насихаттау тұрғысында атқарылатын жұмыстар туралы келелі ойларымен бөлісті. Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН, Қазақстанның Бас редакторлар клубының вице-президенті

ШОҚТЫҒЫ БИІК БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫ

Еліміздегі ең белді де беделді білім ордаларының бірі, түрлі рейтингтер бойынша Қазақстан, кейде ТМД елдерін шаң қаптырып, көш бастап жүрген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бірінші курстықтарға арналған студенттікке қабылдау шарасы үлкен деңгейде аталып өтті. Мерекелік жиын 2017 жылы елімізде өтетін «EXPO» көрмесіне байланыстырыла отырып, «Жастар қуаты - Қазақстан қуаты» тақырыбын арқау етті.

Оған себеп, əлемдік көрмеге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері қатысады, белсене араласады. Елордамызда өтетін жаһандық іс-шарадан астаналық студенттердің қалыс қалып қоймайтындығы белгілі. Бүгінгі студенттер де болашақта біліктілігімен көзге түсіп, көрмеге білек сыбана ат салысады деп күтілуде. Осы орайда, аталмыш оқу орнының ректоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Ерлан Сыдықов: «EXPO - бұл бүкіл ел үшін аса маңызды оқиға. Қоғамның ең белсенді бөлігі ретінде жастар осы ұлттық жобаны қолдайды. Біздің 16 мың студенттің барлығы көрмені өткізу үшін дайын волонтерлер. Біз жұмысқа қазірден-ақ дайынбыз...», – деген болатын. Іс-шараны тақырыпқа сай етіп, университеттің Əлеуметтік жəне азаматтық даму департаменті жəне оған қарасты «Шабыт» шығармашылық бірлестігі, Жастар саясат орталығы, «Самұрық» шоу-балеті, «Рух дауысы», «Толғау» би топтары жəне «Шаңырақ» театры бірлесе отырып ұйымдастырған. Елбасының ықпалымен 1996 жылы іргетасы қаланған білім шаңырағы бүгінде егемен еліміздің жас астанасымен бірге жасасып келеді. 2003 жылдың 9 сəуірінде университеттің

оқу-зертханалық ғимаратының ашылу сəтінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Элиталық университет болу үшін Еуразиялық университет барлық қажетті талаптарға жауап береді. Л.Н.Гумилев атындағы университет ең жоғары сапалы кəсіби маман даярлайтынына үміттенемін жəне сенемін», – деген болатын. Президентіміздің осы сөзін басшылыққа алған оқу ордасының ұжымы қазір ауыз толтырып айтарлық толағай табыстарға қол жеткізіп келеді. Солардың негізгі бір парасына тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз. Сонымен, Еуразия ұлттық университеті – «Қызмет көрсететін үздік кəсіпорын» аталымы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері; Қазақстандық «Білім беруде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тəуелсіз агенттігінің» (БСҚТҚА) зерттеу қорытындылары бойынша екі жыл қатарынан 1-орынды иеленген; QS World University Rankings агенттігінің рейтингісі бойынша əлемнің 17 мың ЖОО арасында үздік 400-дікке еніп 303орынға табан тіреді; ТМД елдерінің бес үздік университетінің қатарына енді, Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясы QS Top 50 Under 50 рейтингісінің нəтижесінде əлемдегі құрылғанына елу жыл болған оқу ордалары арасын-

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

да 32-орынға жайғасқан болатын. Сондай-ақ Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресімен бірлесе ұйымдастыру нəтижесінде «Мəңгі ел» атты халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналы жарыққа шыққандығы ұйымшыл ұжымның жүйелі жұмыс жасауының нəтижесі деп білеміз. Естеріңізде болса, аталған жетістіктерді "Əділет" газеті жаңалық ретінде сүйіншілеп жариялап отырды. Əлі де алар асуы мол университеттің жағымды жаңалықтарын жеткізіп тұрудан еш жалықпақ емес. Бұл ретте, əр жылт еткен ақпаратты, жетістіктерді жалт еткен жаңалықтарды жедел түрде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жеткізіп, университеттің оң имиджін қалыптастыру жолында жоғары біліктілікпен

қалтқысыз қызмет етіп жүрген ЕҰУ Баспасөз қызметінің ұжымы мен оның директоры Еркежан Сəдуақасованың ұшан-теңіз еңбегін ауыз толтыра айтудың артықшылығы болмас. Жоғарыда айтылған жалпыуниверситеттік жетістіктерден бөлек, университетте жұмыс істейтін ұйым, бірлестіктердің, олардың қатысушыларының бағындырған белестері көп. Мəселен, «Дала сазы» халық аспаптар оркестрі «Ұлы дала дауысы» атты қалалық домбырашылар байқауының жеңімпазы. Көкшетауда өткен республикалық Аспапта орындаушылардың сайысында жекелей сында оркестр мүшесі Əсет Мұртазин жүлделі 2-орынды жеңіп алса, оркестрдің домбырашылар ансамблі Бас жүлдені иеленді. Оркестр жетекшісі, Құрманғазы атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы – Айгүл Сағатова. Оркестр халықаралық іс-шараларға белсенді ат салысуда. Атап айтсақ,

Түркия, Украина, Ресей, Белоруссия, Қытай сынды мемлекеттерде өнер көрсетіп, еліміз бен университетіміздің абыройын асқақтатып келеді. Дана халқымыз қыз баланың тəрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Еуразия ұлттық университетінің Əсемгүл Байболатова жетекшілік ететін «Еуразия арулары «Ханшайым» қыздар лигасы университетте өтетін барлық бағыттағы іс-шараларға жəне университеттен тыс қалалық, республикалық маңызды салтанатты жиындарға белсенді ат салысуда. «Шаңырақ» студенттік театры 2009 жылы құрылған. Көркемдік жетекшісі – республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің Бас жүлдегері, филология факультетінің студенті Есбол Төкеев. Театр репертуарында «Ғашықтар

хиқаясы» комедиясы, «Тамаша айым тамызым» монодрамасы, «Тіл табысқандар» комедиясы, «Бір түп алма ағашы» психологиялық драмасы, «Мұңмен алысқан адам», «Тірі жан» драмалары, «Махаббат қызық мол жылдар», «Желсіз түнде жарық ай», «Ғасыр дерті» сынды қойылымдар бар. Театр ұжымы Павлодар қаласында өткен республикалық əуесқой жастар мен студенттер театры фестивалінде 2-ші орынды жеңіп алса, театр артисі көлік жəне энергетика факультетінің студенті Ерген Сырымов «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясын иеленді. Əрине, жеткен жетістіктер өздігінен бола салған нəрсе емес, тыңғылықты жұмыс нəтижесінде қол жеткізіліп отырған олжа. Мұның артында университет басшылығының жүргізіп жатқан сарабдал саясаты мен осында қызмет атқаратын профессороқытушылардың маңдай тері, ерен

еңбегі, жанкешті жұмысы жатыр. Студенттер де ешқашан қалыс қалған емес. Білім деңгейімен де, белсенділігімен де өз үлестерін қосуға талаптанып бағуда. Аталмыш оқу ордасында студенттердің сабақтан тыс уақытын тиімді пайдаланып, өздеріне ұнаған істермен айналысуға немесе шығармашылығын

Негимов, Кенжеғали Мыржықбай, Қаржаубай Сартқожаұлы, Рысқұл Ойнаров сынды тұлғалардың атын естіп, бүгінгі партада отырған жас өрен, мектеп түлегі өз таңдауын нақтылай түсер деген ойдамыз. Студент өміріндегі ең маңызды дейтін шараның бірі – студенттікке қабылдау шарасында ҚР Білім жəне

арттырып, рухани жан дүниесін байытуға, отансүйгіштік пен патриоттыққа баулуға байланысты жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 13 факультетінде 16000 студент білім алады. Жаратылыстану, ақпараттық технологиялар, физика-техникалық, көлік жəне энергетика, экономика, журналистика жəне саясаттану, заң, əлеуметтік ғылымдар, филология, механика жəне математика, халықаралық қатыныстар жəне де қайта құрылған тарих факультеттерінде ҚР ҰҒА академиктері, мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, құрметті профессорлар, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері жəне мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттары дəріс береді. Университеттің қарыштап алға дамуына сүбелі үлестерін қосып келе жатқан, жалпы алаш жұрты мақтан тұтар марқасқалардың атыжөндерін айтпай кетсек бізге сын. Жабайхан Əбділдин, Серік Қирабаев, Əлия Бейсенова, Мұхтарбай Өтелбаев, Сейіт Қасқабасов, Рахметқажы Берсімбай, Болат Көмеков, Ғарифолла Есім, Мырзатай Жолдасбеков, Сауытбек Абдрахманов, Əділ Ахметов, Мырзагелді Кемел, Сайлау Батыршаұлы, Ғаділбек Шалахметов, Еңлік Нұрғалиева, Жандарбек Мəлібеков, Нəубат Қалиев, Қуаныш Балтабаев, Намазалы Омашев, Серік

ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, іргелі оқу ордасының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Сыдықов арнайы сөз алып, мерекелік құттықтау тілектерін білдірді. Артынша салтанатты түрде «Студенттік билет тапсыру» рəсімін атқарды. Министрдің өз қолынан құжаттарын алған студенттер ұстаздары алдында ресми түрде ант берді. Астанадағы ең сəулетті архитектуралық туындылардың қатарынан саналатын «Қазақстан» орталық концерт залында өткен іс-шарада студент жастарға қолдау көрсету мақсатында қалың көпшілікке танымал эстрада жұлдыздары шақырылып, өнер көрсетті. Жиындағы жастардың жанарынан тек қуаныш, қуат, ертеңге деген зор сенім байқалады. Армандарына қанат бітіп, жарқын болашаққа үздік университетпен бірге аяқ басқан студенттерге біз де сəттілік тіледік! Қыран қазағымның жас қырандарының қанаты қатаюына, көкке қарай еркін шарықтауына мол мүмкіндік жасаған оқу ордасының табалдырығын аттау əрбір жастың асыл да асқақ арманы екені айдай ақиқат. Өсе бер, өрлей бер, ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИЕТІ! Данияр ҚАЙЫРТАЕВ, Халықаралық Ақпараттық бірлестігінің мүшесі. Астана қаласы


БІЛІМ мен БІЛІК

¦ÄIËÅÒ

Форум аясында ұсынылған 8 жоба тұжырымдамасын №41-42 (201) Еуразия Ұлттық университеті жасады 14.11.2014 жыл

10

Қазақстан оқу ордаларының көшбасшысы –

Еуразия ұлттық университеті

«ТҮРКІ ДҮНИЕСІ: РУХАНИ МҰРА ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘДЕНИЕТ» академиясының вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Ахматалиев, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, əдебиет жəне өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор К.М.Миннуллин де симпозиумның қадірлі қонақтарының бірі болды. Сонымен қатар, мұнда Еге университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Каймаз, Гази университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Н.Иылдыз, Таулы Алтай Мемлекеттік университеті Алтай тілі жəне шығыстану кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Л.Н.Тыбыкова мен М.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ф.ғ.д. У.Қалижанов сияқты т.б. елімізге белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері де қатысты. Баяндамаларын оқып, сөз сөйлеген симпозиум қатысушылары шара барысында түркі тарихы, мəдениеті мен əдебиетіне байланысты кітап көрмесін тамашалап қайтты.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Түркі дүниесі: рухани мұра жəне бүгінгі мəдениет» деген тақырыпта халықаралық симпозиум болып өтті. Еуразия ұлттық университеті мен Еге университеті Түркі əлемін зерттеу институты ұйымдастырған шараға алыс жəне жақын шетелдерден келген белгілі ғалымдар қатысып, «Түркі халықтарының тарихы мен мəдениеті», «Түркі халықтары фольклоры, əдебиеті, өнері», «Түркі тілдері: өткені жəне бүгіні» тақырыбында əңгіме қозғады. Қазақ, түрік, ағылшын, татар, əзірбайжан, орыс тілдерінде жүргізілген симпозиумға Халықаралық Түркі академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.Қыдырəлі, Азербайжан Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Азербайжан Ұлттық мəжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Иса Акпероглы Габиббейли, Еге университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ф.Түркмен қатысты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасов, Қырғыз Ұлттық Ғылым

ОҚУ ОРНЫ ТАҒЫ ОЗДЫ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тағы бір алтын жүлдеге ие болды. Бұл мəртебелі марапат ағымдағы жылдың 11-14 қараша аралығында Тайванның Тайбей қаласында өткен 10 QS APPLE мерейтойлық конференциясында университеттің ең үздік бейне көрсетілімі үшін беріліп отыр. Оған Азия жəне Еуропа елдерінің 100 оқу орны қатысты. Мерейлі іс-шарада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті осымен қатарынан төртінші мəрте жүлдегер атанған Қазақстанда-

ғы бірден-бір оқу орны болып табылады. Оқу орданың абыройын тағы бір асқақтатқан бұл конференцияда университеттің бірінші проректоры Жəмилə Нұрманбетованың жетекшілігімен жүзеге асқан оқу орны туралы қысқа метражды бейнесюжет көпшілік назарына ұсынылады. Онда оқу орнының ғылыми-ағартушылық мүмкіндігінің мол əрі əлемдік деңгейдегі білім орындары мен терезесі тең екені баяндалады. Осы ретте биыл мамыр айында Еуразия ұлттық университеті Абу-

Дабиде өткен конференцияда жəне халықаралық білім көрмесіне қатысып, оқу орны бойынша ең үздік фильм аталымында үшінші орын алғанын, ал Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Кореяда өткен халықаралық көрмеде (2013жыл) бір күміс, бір қола жүлдеге қол жеткізгенін атап өткіміз келеді. Бұл жиындарға əлемнің 30 елінен белгілі ғалымдар, оқытушылар, халықаралық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысатынын ескерсек, бəсекенің бəсі оңай болмайтынын аңғаруға болады.

ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНЕ ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Гарвард университетінің профессоры Джон Келли Астанадағы Евразия ұлттық университетінің студенттерімен жүздесті. Кездесу барысында ол жастарға жер ресурстарын қолданудың рөлі тақырыбында дəріс оқыды. Атақты профессор көліктік жобаларды жүзеге асыру мен жоспарлауда қоршаған ортаны қорғау мəселелері қалай шешілетінін

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ заң ғылымының іргетасын қалаушы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Тəжімұратұлы Баймахановтың құрметіне арналған «Баймаханов оқулары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Іс-шараны аталған білім ордасының заң

факультеті ұйымдастырды. Басқосуға С.Ф. Ударцев, Е.А. Оңғарбаев, С.К. Амандықова, Ж.Д. Бусурманов, А.Д. Жүсіпов сынды заң ғылымдарының доктор, профессорлары қатысты. Өз кезегінде олар жаһандану дəуіріндегі мемлекет жүйесі туралы өз ойларын ашық айтып, талқыға салды.

СЫРЛАСТЫҚ – ҚАУІПТЕН САҚТАЙДЫ Бұл басқосуда қазақ қызының бүгінгі болмысы мен еліміздің əр аймағындағы тəрбие беру ерекшеліктері сөз болды. Ұйымдастырушылар қатысушыларға бүгінгі қазақ бойжеткендерінің жағымсыз қылықтары мен ұлтымызға тəн емес іс-əрекеттері жайлы түсірілген бейнесюжетті көрсетті. Өз кезегінде бұл олардың тəрбие, ұлттық болмыс туралы

ойларын ашық айтып, жастарды саналы, мəнді өмірге шақыруына ықпал етті. Бұл ретте кеш қонағы Лəйлə Сұлтанқызы қыз балалардың теріс жолға түсуі əлеуметтік жағдайдың əсерінен де болу мүмкіндігін, ал ана мен қыз арасындағы сырластық қана келеңсіздікке тосқауыл болатындығын түсіндіріп, ақыл-кеңесімен бөлісіпті.

ТАҒЫЛЫМДАМА ТАЛАПҚА САЙ ӨТТІ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің шығыстану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д С.А. Төлеубаева «Ең үздік оқытушы - 2013» гранты іс-шарасын жүзеге асыру мақсатында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің Азия жəне Африка елдерінің институтында 2014 жылдың 13-22 қазаны аралығында ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Тағылымдама кезінде С.А. Төлеубаева филология, тарих, əлеуметтік-экономикалық жəне саясаттану бағытындағы пəндер бойынша студенттер мен магистранттардың дəрістеріне қатысып, Институт басшылығымен – ААЕИ Президенті, Жақын жəне Орта Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор М.С. Мейер, ААЕИ директоры, профессор И.И. Абылгазиевпен, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары В.Е. Смирновпен, араб филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Д.В. Фроловпен, Орталық Азия жəне Кавказ елдері

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

ӘСИЯ – АСТАНА АРУЫ! «Астана аруы – 2014» байқауы елордадағы Marriott қонақ үйінде өтті. Аталған сайыста іріктеу кезеңдерінен іркілмей өткен 18 ару өзара бақ сынасты.

жəне АҚШ үкіметі, Орегон штаты, Портлэнд аймағы, Портлэнд қаласы бұл мəселені қалай шешкенін егжей-тегжейлі баяндады. Атағы біраз елге мəлім профессор қазақстандық студенттердің еліміздегі кейбір жол трассаларының ақылы жүйеге өтуінің маңызы туралы сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Дина Тұрдығұлова Қызылорда аумағында ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның, Жаңа Жібек жолының барлық аумағында логистика жəне туризм кəсібін тарту орталығы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолындағы көпбейінді жол бойындағы кешен» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, аталмыш оқу орнының «Химия» кафедрасының профессоры Слукен Рахмадиева ҚР дəрідəрмек құралдарының мемлекеттік тізіліміне енген «Сүттіген» дəрі-дəрмек препаратының жобасын ұсынды. Осы форум аясында ұсынылған 8 жоба тұжырымдамасын Еуразия Ұлттық университеті жасады. Бүгінде бұл тұжырымдардың ішінде екі жобаны жүзеге асыру туралы тиісті мекемелермен арнайы шарт түзіліп, қол қойылды. Ал қалған жобаларды іс жүзіне асыру үшін инвесторлар мен бизнес-топ өкілдері оқу орны басшылығына ұсыныстар білдіріп жатыр.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Алтын белгі иегерлері» қауымдастығы «Патриот» клубының ұйымдастыруымен белгілі тележүргізуші, продюсер Лəйлə Сұлтанқызымен "Қыз тəрбиесі - ұлт тəрбиесі" тақырыбында сыр-сұхбат түрінде кездесу өткізді.

2014 жылғы 31-қазан күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар ғылыми кітапханасында» ғұлама ғалым Ақжан Машанидің туғанына 108 жыл толуына орай дөңгелек үстел отырысы өтті. Оны университеттің əлеуметтік-мəдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы жүргізді. Іс-шараның мақсаты – ғалымның алда келе жатқан 110 жылдығы қарсаңында Əл-Машанидің ғылыми мұрасының танымдық жəне бұқаралық-ақпараттық маңызын саралау болып табылады. Дөңгелек үстелге белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткерлері, отандық ғалымдар, Əл-Машани мұрасын зерттеуші ғалымдар мен ізденушілер, Астана қаласы зиялы қауым өкілдері қатысты.

ДЖОН КЕЛЛИ ДӘРІС ОҚЫДЫ

ЖОБАЛАР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ Қызылорда да 29-30 қазан аралығында «Байқоңыр» IV Инвестициялық форумы болып өтті. Оған Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев, Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика жəне қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменов, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Жиында бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы кəсіпкерліктің өзекті мəселелері қарастырылды. Форумда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Инновациялық паркінің директоры Владимир Ким Қызылорда облысының инфрақұрылымын дамыту бойынша əр түрлі аспектілерін сөз ете келе, жаңартылған энергия көздерін пайдалану Қызылорда тұрғындары үшін аса маңызды екенін алға тарта отырып, осы ретте инвесторларды бірлескен жұмыстар атқаруға шақырды. Сондай-ақ, ол «Балама энергетиканы пайдалану арқылы 250-15 МВт күн сəулесі мен отын ЖЭС» жобасын ұсынды. Ал, аталған білім ордасының

ҒАЛЫМҒА ҚҰРМЕТ

кафедрасының меңгеушісі, профессор Ж.С. Сыздықовамен, халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының меңгерушісі В.А.Мельянцевпен, саясаттану кафедрасының меңгерушісі М.Ф.Видясовамен, араб филологиясы кафедрасының профессоры, Ресей ғылым академиясының А.М. Горький атындағы əлем əдебиеті институтының директоры, академик А.Б. Куделинмен кездесіп, Мəскеу мемлекеттік университетіндегі шығыстану тарихы музейін аралап қайтқан болатын. Сондай-ақ, тағылымдама аясында С.А.Төлеубаева ААЕИ-ге іс-сапармен келген Аденский университеті (Йемен) ректорының дəрісіне қатысып, 22 қазан күні РҒА шығыстану институтында ұйымдастырылған «Араб тілі əлемінде. Г.Ш. Шарбатованың 90 жылдығына орай» институтаралық конференциясына да атсалысты. Ол жерде Самал Абайқызы «Қазақстанда араб тілін оқыту туралы: тарихы мен қазіргі жағдайы» мəселесін сөз етті.

Байқау қорытындысы бойынша қарсыластарын басып озып, «Астана аруы-2014» атанған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті 19 жасар Əсия Абисова болды. Əсия - Семейдің тумасы. Ару атану оның бала күнгі арманы. Əсия осыдан 8 жыл бұрын əпкесінің сұлулық байқауына қатысып, одан жүлделі орынға ие болғанын көреді. Өз кезегінде бұл оның бойында «Қазақ аруы» атануына деген құлшынысын оятып, қанаттандыра түседі. Бірнеше жыл бойы осы арманның жетегінде жүріп, бүгін соған жартылай қол жеткізіп отырған оның қуанышында шек жоқ. Байқаудың директоры Ольга Радеш Əсияның 28 қараша күні Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы – 2014» байқауында елордамыздың намысын қорғайтынын, жыл бойы түрлі іс-шараларға Астананың атынан қатысатынын, бұл туралы нақты шарт болмағанымен, міндеттердің бар екенін, алдағы уақытта дау-жанжалдардан алыс жүріп, ибалылығымен барлық қыздарға үлгі болуы қажеттігін айтты. Екі жүзден аса үміткерден іріктеліп, үздік өнер көрсетіп, сұлулығымен тəнті еткен «Астана аруы2014» Əсия Абисовамен бірге осы байқауда жүлделі орындарды иеленген қос бойжеткен Əсел Мусалдинова мен Мəриаш Бигалиева «Қазақстан аруы» байқауында елорда намысын қорғайтын болады.

«ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ...» Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өзге мемлекеттердің азаматтарына тіл үйрету курстарын жүргізеді. Филология факультетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы бұл шараларды іске асыру үшін ЕҰУ-дің Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе жұмыс атқаруда. Осыған қарай, тіл оқытыпүйрету мақсатында аталған кафедраның оқытушылары шетел азаматтарына арнайы бағдарлама əзірледі. Осы оқу жылының басында бағдарлама бойынша тіл үйренуге ниет білдіріп, академиялық ұтқырлықпен Шыңжаң университетінен «Филология» мамандығының студенттері келіп, қазақ тілі курстарына барып, дəріс алып жүр.

ӘНУАР ТОП ЖАРДЫ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Əнуар Ахметовтің қоржынында қазіргі таңда бес олимпиадалық медаль бар. Жуырда Əнуар Азияның жаңа рекордын жаңғыртты. Инчхонда өткен Азиялық параолимпиялық ойындарда үш күміс, екі алтын медальді жеңіп алып Азия чемпионы атанды. Ол 21 жасында халықаралық дəрежедегі спорт шебері атанды. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің баспасөз қызметі


¦ÄIËÅÒ

ТҰЛҒА

Бəрі сені жабыла мақтар еді, Сен жайында сұрасаң бұл халықтан ордасындағы психология кафедрасының аспирантурасында қалып, 1938 жылы «К.Д.Ушинскийдің психологиясы» деген тақырыпта жазған диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғады. Ұстаздық жолын Абай атындағы Қазақ педагогика институтының педагогика жəне психология кафедрасынан бастады. Доценті, меңгерушісі болды. Ал одан соң республика Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, бірнеше айдан кейін министрі, Қазақ ССР Сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды. Төлеген Тəжібайұлына 1949 жылы профессор атағы берілді, бес жыл өткен соң (1954 ж) Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланды. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры міндетін атқарды. 1954 жылдың қазанында Т.Тəжібаев Қазақ КСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне қайта тағайындалды. Ал, 1957-1961 жылдары Үндістандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі болды. Одан келген соң өмірінің соңғы кезіне дейін Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика жəне психология кафедрасының профессоры

психологиясына арналғандықтан, болашақ ұстаздар мен мұғалімдерді отандық педагогикалық психологиясының өзекті жəне проблемалық мəселелермен таныстыруда ерекше роль атқарды. Екінші жағынан, республикадағы жалпы психология ғылымының ілгеріленуіне, бағытының дұрыс қалыптасуына игі ықпалын тигізді. Ал, бұл еңбектерді РСФСР Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі профессор В.Г.Ананьев «Т.Тəжібаев психология ғылымының тарихында тұңғыш рет К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздері жөнінде мəселе көтерді. Ол орыстың ұлы педагогына шынайы сүйіспеншілік пен қарап, оның бай мұрасын асқан мұқияттылықпен зерттей алды», – деп бағалады. Республикамыздағы педагогика ғылымының дамуына тым кенже қалып келе жатқан саласы – педагогика тарихы, оқу-ағартудың проблемалары еді. Осыны түсінген Т.Тəжібаев 1950 жылдардан бастап-ақ Қазақстандағы педагогикалық ойпікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы мен мектептер тарихын зерттей бастады. Өзінің монографиялық еңбегінде ХІХ ғасырдың

ЖАҚСЫНЫҢ ӨЗІ ДЕ АЛТЫН, СӨЗІ ДЕ АЛТЫН (Соңы. Басы 1-бетте).

Қайран қалатыным Жөкең тамыршыдай дəл тауып, əр шығармаға дəлме-дəл бағаны береді. «Тұлпарды тұлпар таниды, сұңқарды сұңқар таниды». Философ Ғарифолла Есім, филолог Жанғара Дəдебаев, Бақтияр Сманов, жазушылар Дидахмет Əшімхан, Нұрдəулет Ақыш, зерттеушілер Мамытбек Қалдыбай, Көлбай Адырбековтердің шығармаларын ғылыми ой-толғаныстарын жоғары бағалап, бұлардың əрбірінің жазғандарын жинап, көшірме жасап, студенттерге, мен сияқты жақын інілеріне таратып, талдап, сүйсініп, қатты қуанады. Жалпы бүгінгі бағыт-бағдар, өткен тарихымызды түгендеу жайлы бұқаралық ақпарат құралдарындағы жəне зиялы қауым пікірін үнемі қадағалап, өз тұжырымын айтып, оны түсіндіреді. Тəуелсіз Қазақстанымыздың əрбір жетістігіне қатты марқаяды. Өйткені ол кісінің өмірі – өнеге, көпті көрген, көп ізденіп, оқыған-тоқығаны телегей теңіз. Бір сəт еңбек жолына үңіліп көрейікші. Жолмұхан аға бүкіл саналы өмірін жастарды оқыту мен тəрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаз. Жолмұхан 1934 жылы 13 шілдеде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шыбыл ауылында туған. 1948 жылы Ақши ауылында 7 жылдық мектепті үздік бітіріп, оқуын Алматыдағы Жамбыл атындағы №18 мектеп-интернатта жалғастырған. 19521957 жылдары С.М.Киров атындағы ҚазМУдің физика-математика факультетінде оқыды. Университетті тəмамдаған соң біраз жылдар мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, Алматы кино техникумының директоры қызметтерін атқарады. Он жылдан астам Жоғары жəне орта білім беру министрлігінде ғылымипедагогтық кадрлар даярлау бөлімін басқарды. Соңғы 30 жыл ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұстаздық етумен келеді. Қазір ҚазҰПУ-нің психология кафедрасының профессоры, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі) Мыңдаған шəкірттерді тəрбиелеп, «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, осы жолмен келеді. Жолмұхан 200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде 20 монографиялар мен оқу құралдары бар. Москва, Ленинград қалаларында бірнеше рет психология ғылымы бойынша кəсіби білімін жетілдірген. Ұстаздық-ғылыми еңбектері жоғары бағаланып «КСРО халыққа білім беру ісінің үздігі» атағы беріліп, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Ол Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. Ж. Түркпенұлының ұстаздық қызметіндегі жетістіктерімен қатар ғылымдағы ізденістері де ауыз толтырып айтарлық. Оның ғылымдағы зерттеу аймағы негізінен педагогикалық психология саласы. Атап айтқанда: біріншіден, балалар мен жастарға кəсіби бағыт-бағдар беру (профориентация), олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдап алуына жəрдемдесу. Жолмұханның кандидаттық диссертациясы осы проблемалардың педагогика-психологиялық астарларына арналған. Зерттеу нəтижелері 8 монография, 30-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамаларда жарияланған. Екіншіден, педагогикалық психология ғылымының Қазақстанда өсіп-өркендеу, қалыптасу тарихы. Осы саладағы ғылыми атаулардың, терминдердің қалыптасуы. Үшіншіден, ғалымның кейінгі кезде ден қойып зерттеп жүрген мəселесі өзінің ұстазы Төлеген Тəжібаевтың ғылыми

e-mail: gazeta_adilet@mail.ru

мұралары жайында. Бұл зерттеулердің нəтижелері 6 монография, 50-ден астам мақалалары да жарияланды. «Академик Т.Тəжібаев» атты көлемді зерттеуі (370 бет) 2002 жылы «Қазақ университеті» баспасынан жарық көрді. Ол кісіге арналып бірнеше халықаралық дəрежеде ғылыми конференциялар өткізілді. Ж.Түрікпенұлының жастайынан ұстаздық жолға бет алуы тегіннен тегін емес. Жалпы Түрікпен əулеті ұстаздық кəсібін иемденген. Əкесі Түрікпен өткен ғасырдың 20жылдарында туған елінде мектеп ашып, ауыл балаларына дəріс берген, хат танымайтын үлкендердің сауатын ашқан алғашқы мұғалім болған. Шешесі Дариға Имашқызы мектепте күтуші болған. Əкешешеден бес ағайынды, бəрі де əке жолын қуып, ұстаздықты медет еткен. Қаншайым мен Тамара мектеп мұғалімдері, Жамал барлық ғұмырын ҚазМҰУ-де қазақ тілінен дəріс берумен өткізді. Інісі Анарбек бүгінде Қазақ Ұлттық техникалық университетінің геология кафедрасының профессоры, республикадағы белгілі петрографминеролог. Жолмұханның зайыбы Лидия Кенжеқызы ҚазМҰУ-нің педагогика кафедрасының доценті. Тамырын тереңге жайған, дастархандарына құт-береке дарыған Жолмұхан отбасы жеті бала өсіріп, тəрбиелеп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, 20-дан астам немере мен шөбере сүйіп отырған бақытты жандар. Қыздары Ботагөз, Сəуле, Жанна, Қорлан Түрікпен əулетінің дəстүрін жалғастырған педагог-психолог ұстаздар. Ұлдары Айдар, Қанат, Ерік əртүрлі кəсіп иелері. Бұл əулеттен тараған барлық ұрпақтар адал еңбекпен күн кешкен, сыпайы, имандарын жолдас қылған таза жандар. Шынын айту керек академик Төлеген Тəжібаев жайлы тұңғыш рет Жолмұхан ағадан естідім. Ол кісі де өзім оқыған КазГУ-де кезінде ректор болған ірі қайраткер, ғұлама ғалым, білімдар педагог екенін ағам қашанда айтып та, жазып та жүр. Қазақтың үлкен жазушысы Қалихан Ысқақ бірде былай деп еді: – Мен адам баласымын ғой, оқуға түсу сынағынан кешігіп қалдым. Біреулердің ақылымен КазГУ-дің ректоры Төлеген Тəжібаевтың қабылдауына барып едім, шақырып алып сөйлесіп, бірден оқуға қабылдатты. Міне, жолымды ашқан Тəжібаев деген ғажап ректор еді, – деп алғысын жаудырып жүретін. Міне, осындай тау тұлға қайраткердің ұсыныс-кеңесімен Жөкең шəкірті болып, педагогика, психологияны зерттей бастады. Амал не Т.Тəжібаев 54 жасында ерте қайтыс болып кетті де, Жолмұхан аға қалған ғұмырын осы академиктің өмірі мен ғылыми еңбегін зерттеуге арнады. Шынында да Т.Тəжібаевтың еңбегін бүгінгі ұрпақтың көбісі білмеуі де мүмкін. Жолмұхан аға ұстазы жайлы тебірене айтады: Белгілі қоғам қайраткері, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.Тəжібаев (1910-1964) республикамыздағы ағарту ісін ұйымдастырушылар мен басқарушылардың бірі болды. Ол 1910 жылы ақпан айының 23 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданындағы 9 ауылда дүниеге келді. Шымкенттегі педагогика техникумын, Москвадағы Н.К. Крупская атындағы коммунистік тəрбие академиясын үздік дипломмен бітірді, соңғы білім

4Ж. Түрікпенұлы Екі мəрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдиновпен жəне меңгерушісі болды. Білімдар ғалым 1962 жылы педагогика ғылымдарының докторы атағын алуға жазған монографиялық еңбегін ойдағыдай қорғады. Қазақ ССР Педагогика қоғамының президенті, Жоғары жəне арнаулы орта білім министрлігінің педагогика жəне психология саласындағы методикалық кеңесінің төрағасы сияқты бірсыпыра қоғамдық жұмыстар атқарды. Еңбек Қызыл Ту, Құрмет Белгісі ордендерімен жəне медальдармен наградталды. Бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды (1947-1953). Т.Тəжібаев алғашқы ғылыми зерттеулерінен бастап-ақ, оқыған кітаптарына, назарын аударған ірі психологтарға өзіндік талғаммен, көзқарасымен қарады. Мысалы: «К.Д.Ушинскийдің педагогикалық психологиясы» туралы талдауларын философия ғылымдарының докторы Е.А. Будилова КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, прфессор В.Г.Ананьевтың психология тарихына арнаған еңбектері дəрежесінде екенін атап көрсетті. Себебі, «Ол еліміздегі жəне Шығыс Еуропа елдеріндегі психология ғылымы саласындағы эксперименталдық зерттеулермен жете таныс екенін байқатты» – дейді. Осыған байланысты студенттерге эксперименталдық психология курсын оқытуды қажет деп тауып, оқу құралын жазды. Соның бірі – «К.Д.Ушинскийдің педагогикалық психологиясы» монографиясы еді. Т.Тəжібаевтың бұл еңбегі бүкіл Россия педогогикасының ғылыми негізін қалаушы К.Д.Ушинскийдің педагогикалық

екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісін, мектептер тарихын, педагогикалық ойпікірдің даму проблемасын саралайды. Сондай-ақ Шоқан Уəлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастарына арнап бірнеше ғылыми мақалалар жазды. 1957 жылы «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық жəне педагогикалық көзқарастары», ал арада бір жыл өткен соң «ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның ағарту ісі мен мектебінің дамуы» деген еңбегі көпшіліктің қолына тиді. Кең ауқымды ғылыми зерттеулерінде мектептер жүйесі дамуының өзіне тəн жақтары, түрлі аймақтар мен оқу орындарына бағынған оқу-тəрбие мекемелерінің ерекшеліктері жан-жақты көрсетілген. Сол кездегі Бүкілресейлік мектептер жүйесінің бір тармағы болғанын жан-жақты дəлелдеген. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ арасындағы ағарту ісі қалай дамығанын, оған орыс ғалымдары қаншалықты əсер етіп, оқу ісі қалай жүргізілгені айтылған. Профессор Төлеген Тəжібайұлы мол білімін, асыл ойын, бай тəжірибесін шəкірттеріне оқыған дəрістерінде де шебер пайдаланған. Сондықтан профессор М.Балақаев «Қазақ тілі мəдениетінің мəселелері» деген еңбегінде: «М.О.Əуезов, Т.Т.Тəжібаев лекция оқығанда, студенттер қит етпей отырып, сүйсіне, ынтыға отырып тыңдайтын, олай тыңдаушыларын жалықтырмай, қызықтыра, еліктіре сөйлеуге білім керек, шеберлік керек» деп орынды ескерткен. Ал, осындай еңбектері,

№41-42 (201) 14.11.2014 жыл

11

творчестволық ізденуі М.Мұқанов, Е.Суфиев, Ə.Асылбеков, К.Қойбағаров, С.Д.Пименов, Г.М. Храпченков сияқты талапты ғалымдарды даярлауға, Орта Азия Республикаларының көптеген мамандарына ғылыми басшылық жасауға жағдай жасады. Сондықтан үлкен ұстаз һəм қоғам қайраткері, дипломат, академикғалым Т.Тəжібаевтың жүзі қандай жарқын болса, ойы да сондай айқын, сөзі де сондай сыпайы, əрі салмақты, білімді мəдениетті болғанын бəріміз де сезінуге, бағалауға міндеттіміз. Сол себепті қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі Т.Тəжібаевтың жарқын өмірі, ғылыми мұрасы, бəрімізге үлгі болуға тиісті. Жолмұхан өзінің ұстазы Т.Тəжібаев жайлы он шақты кітап жазып шығарды. Мектеп, көше, гимназия, балалар үйіне есімін бергізуге күш салды. Жыл сайын туған күніне арнап ғылыми конференция ұйымдастырады. Профессор Құбығұл Жарықбаев екеуі Тəжібаевтың бар еңбегін 10 томдық етіп жинақтап дайындады. Ж.Түрікпенұлының ұстаз алдындағы шəкірттік парызы, адалдығы жəне ғылыми мұрасын зерттеудегі ізденгіштігі қайран қалдырады. «Тектіден текті туады, тектілік ата жолын қуады» демекші Жолмұхан да текті де қасиетті бабалардың ұрпағы, ізгілікті рухани орынбасары. Атақты емші Құртқа тəуіп Сұлтанқожалы жайлы көп дерек – мағлұматтарды ұрпағы Жолмұхан ағадан алдық. Жылма жыл Құртқа тəуіп кесенесіне барып құран оқытып, жиын өткізеді. Профессор Шəкен Шынтаевтың ұйымдастыруымен Қазақстан халық емшілері қауымдастығына Құртқа тəуіп есімі берілді. Сондай-ақ, Құртқа тəуіп атындағы академия құрылып, оның вицепрезиденті болып Жолмұхан Түрікпенұлы сайланды. Бұл ғылыми ұйым бірнеше шетелдерде халықаралық конференция өткізіп, онда Ж.Түрікпенұлы 136 жас жасаған ғұлама емші атасы Құртқа тəуіп жайлы баяндамалар жасады. Болашақта Құртқа тəуіп жайлы деректі жəне көркем фильм түсіру, кітап жаздыру сияқты ұсыныс ойлары бар. Алаш ардақтылары қазақ елі үшін күрескендер жайлы біз жете біле бермейтін мəліметтерді айтқанда таңданасың. Қазақтың ұлттық аграрлық университетіне сол университеттің ректоры болған Ораз Жандосовтың есімін беру керек деген ұсыныс – тілегі де орынды. Мұхит түбінен маржан тізгендей – ол кісі ақыл-ойдың кені. Майқы би, Төле би, қаз дауысты Қазыбек би, Əйтеке билерден бастап бүгінгі Ғ.Есім, М.Жолдасбековтерге дейінгі шешендік өнер жайлы түйдектүйдек салмақты ойлар айтқанда мұндай ұстазы бар шəкірттер шын бақытты-ау деген ойға қаласың. Адамгершілігі биік, достыққа беріктігін жас кезінен бірге оқып, бірге өскен жан досы Тұманбай Молдағалиев оған арнаған мына бір өлеңінен анық көруге болады. Мен сағынып жүремін Жөкен сені, Дос дегендер өмірдің екен сəні. Сонша менің досым бар білем іштей, Қанша болса ауданда екен саны. Сен «Қайраттың» баласы ең Жөкен деген, Қарызың көп халқыңа өтелмеген. Байқап тұрсаң жан досым, асыл досым Жөкен аз-ау иықпен көтермеген. Күнде ойлайсың тұлпардың шалысқанын, Жайраңдаған жастықтан алыстаған Елге бердің барыңды жас ұрпаққа, Тапқаныңды күн сайын табыстадың. Асыл тұлпар алмасын неге тыныс, Мінезін мен қимаймын желге туыс. Өзіңдегі байлықты елге беру, Азаматтың қолынан келетін іс Сен солардың бірісің бізден шыққан, Тəрбиеңде аз емес көзден ұққан. Бəрі сені жабыла мақтар еді Сен жайында сұрасаң бұл халықтан Ағайындар өзіңді ардақ тұтты Жарылқаған жасыңды əбден ұқты Көктемдегі қарсы алған жер бақытты Əйелдерге ұнаған ер бақытты. Ол кісіге арналған мұндай жырлар Тұманбайда да, басқа ақындарда жетерлік. Бəрі Жөкеңнің биік тұлғасын, кіршіксіз адами бейнесіне алғыс айтады. Иə, ағаның алды ақ жайлау. Міне, менің де əрбір шығармамды оқып, тілеуімді тілеп, ақ батасын беріп жүретін асыл ағам Жолмұхан Түрікпенұлы 80-ге келіп, ел ақсақалы, абыз оқымысты атанып отыр. Сырым мен мұңымды бөлісетін мені еркелетіп, əлпештейтін, ұдайы бағдаршамдай ақыл-кеңесін беріп, жығылсам – сүйеу, ауырсам – демеу болатын ағама айтар алғысымыз шексіз. Сіз барда асқар Алатауға сүйенгендей күй кешеміз. Сіз ғұмыр бойы төңірегіңізге шамшырақ-күн секілді шапағат төгіп, мейірім-шуақ сыйлап, жақсылық тілеп жүресіз. Мұндай ғибратты ғұмырдан алар өнеге, үлгі көп, өте көп-ақ! Жамбыл ата жасына жетіп, мəртебеңіз биіктей берсін ардақты аға! Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облысы филиалының директоры, жазушы


БҮГІНГІ САТИРА

КҮЛКІСІЗ ӨМІР – КҮЛМЕН ТЕҢ...

№41-42 (201) 14.11.2014 жыл

12

ҚЫЗЫҚ БОЛДЫ...

Құдайдың кезексіз бере салған жеті балам бар. Бəрі ұл бала! Үйде менімен сегіз еркекпіз. Астанада бір орыс кемпірдің қуықтай тауықханасында тұрамыз. Үстіңгі қабатта тауықтар, астында біз – қазақтар... Шіркін, өз үйім болса ғой... Сыртқы есігінің өзін бесеу етер едім. Мына шетінен кіріп, ана шетінен шығып, бір рахаттанатын! Кейде шалқамнан түсіп ойланамын: «Неге осы қазақтар ғана пəтер жалдап жүреді? Неге өз жеріміз өзімізге бұйырмайды?» Жеті баламмен тар бөлмеде түрегеп ұйықтаймыз. Аяғымызды созайық десек, қабырғаға тіземіз тіреледі. Сосын «жүк сияқты» жиналып, түнімен қиналып ұйықтайтын болдық...

өлім тілегенше, өзіңе пəтер тіле! Шіркін-ай, шіркін, алты сотық жеріміз болса! Шағын үй салып, төбесін шифермен жауып... Қойшы, шифер ұят. Несие алсам да профнастилмен жабамын... Ой, ол да болмайды, жағдайым келіп жатса, темір черепицамен жабамын! Шетелдіктерге ойланбай беріліп жатқан гектар-гектар жерлердің бір бұрышы маған, мен сияқты қазақтарға неге бұйырмайды екен-ей? Шіркін-ай, шіркін, қаладан мынау деген пəтер берілсе! Бес бөлмелі! Қойшы, төрт... Жарайды, үш бөлмелі. Мейлі екі... Жоқ бір бөлмелі... Нөл бөлмелі болса да, пəтер берілсе ғой! Өз үйің – өлең төсегің! Балконнан қара-ап тұрсам, төменде жеті балам ойнап жүр. Əйелім подьезд алдында семішке шағып... Бір күні тілшілер келіп, «Қазақ қайыршылары» газетіне «Қазаққа қашан пəтер бұйырады?» деген мақала жазды. Сол екен, əкімшіліктен кісілер келіп,

Ң Ы ТТ

АН Р ТИ Ы Р Н А А В М “К АР

Емханаға барып, УЗИ–ге түскелі кезекке тұрдым. Туылғаннан ішімде жатқан бауыр, бүйректерімнің «хал–жағдайлары қалай екен, соны тексертіп алайын» деген Астанада, Алматыда, жалпы солтүстік облыстардағы медициналық оймен тұрмын ғой. Кезегім келіп, ішке кірдім. Қазақтың қара домалақ орталықтарда, емханалар мен ауруханаларда қа-зақ тіліне мұрындарын келіншегі сырқатты жатқызып қойып тексеретін жайды нұсқап: шүйіре қарайтын мейірбикелер мен дəрі-герлер “жыртылып” айырылады! –Тігінен жатыңыз, –деді. Түсінбей қалдым. Ал, бұл саладағы жемқорларды –Не дедіңіз? –деп сұрадым. санап тауыса алмайсың... Емханаларға бара қалсаңыз, сатираға өзек болар небір тақырыптар алдыңыздан шыға келеді! Мына “Тоңқайыңыз” –Вам не понятно? Шалқадан жатыңыз. əзіл болғанымен, бір облыста болған оқиға. Мен одан əрі ұшындырып, Қазақшасы «қотыр» дəрігердің айтқаны бойынша шалқамтұздықтап дегендей... “Сатира” салатынан ауыз тиіңіз! нан түсіп жатырмын. –Рубашкаңызды грудыңызға қарай итеріп жіберіңіз... –Қалай «итерейін?» –Мужчина, мен сізге прикол тастап тұрған жоқпын. Мына аппаратпен животыңызды тексеремін. –А–а... Көйлегімді кеудеме қарай ысырып жатырмын. Қазақ болып туылып, қазақшаны қақалып айтатындарға қапалымын да... Бір кезде ол: –Ағай, ішіңізді тоңқайтыңыз, – дегені. Əдейі тоңқайып, етпетімнен жаттым. Əрі құйрығымды жоғары көтере қойдым. Дəрігер келіншектің көздері атысып–шатысып кетті. Орнынан ұшып тұрып, құйрығымнан басып жатыр: –Вы что, дураксыз ба, не? –деп сұрайды. –Не, дурактар ғана «тоңқая» ма? –Мен сізге ішіңізді тоңқайтыңыз дедім ғой! ––Айналайын–ау, ішімді қалай тоңқайтамын? Менің ішім тоңқаймайды! –Интересно, мен қалай тексерем енді? Қалай дейтін еді? Ішіңізге воздух жіберіңізші... –Қалай? Шлангіні қай жеріме тығайын? –дедім ызам келіп. Əдейі. –Нет, нет, ішіңізді жоғары қарай, «круглый» етіңіз. Солай тексерем бауырыңызды. А то, ішіңіз «как яма» жатыр... Енді түсіндім. «Күшеніңіз, ішіңізді керіңіз» деп тұр екен ғой. Ішімді тыңқита қойып едім, дəрігер мəз болып: –Да, вот так тоңқайтыңыз! –деді. Кабинетіне керіліп кіріп едім, шығарда əдейі тоңқайып шығып бара жаттым. «Жаңа қазақ», сіздің де тіліңіз «тоңқайып» қалған ба? Сіз не дейсіз? Мен ҒОЙ...

ДАЛАҒА

ғыңыздар, йлері! Далаға шы де ке ің ін ел ақ аз «Қ үн көру тегін! “ лмай жүр ін көре а күн көріңіздер! К ы күндер ан бұлтты

маңдайымыздан сүйіп... Бір ай ішінде үй беретін болды. Əйелім екеуміз қарсы болдық. Он қабатты үйдің төбесіне киіз үй тігіп қойыпты. «Қалай шықсаңдар да өз еріктеріңде, бірақ балаларың төменге құлап кетіп жүрмесін..» деп қойысады... – Кезекте тұрғанымызға он бесі жыл, жер берсеңіздер де алмаймын! – деймін мен. – Қой, жер беріліп жатса, алыңыздар... – Алмаймыз! – Неге? – Əкімдер Қояндыдағы оралмандарды аямағанда... Үйлерін сырып, өздерін қырып кете жаздап... Шіркін-ай, шіркін, адамдар аспанда да үй салатын болса... Əне, үйлер салбырап, тіпті қалқып барады! Əне, ана-ау менің үйім! Үйлеріне арқанмен өрмелеп бара жатқан қазақтар... Қайтсін енді, қазақ жерінен жер жетпесе... Шіркін-ай, шіркін.. У-ух... Мұхтар ШЕРІМ

Əйелім үш баланы ішіне, мен төрт баланы үстіме бірінің үстіне бірін жатқызып қойып, ұйқыға басамыз. Қорамызда дəретхана жоқ болған соң, кішкентайларым күзгі суықта кіші дəретке де далаға шыға алмайды. Бір күні «Ойхой» телеарнасының тілшілері келіп, «ойбайлатып» түсіріп кетті. Сол екен, əкімшіліктен көкелер келіп, балаларымызға бір-бірден пряник беріп, əйелім екеумізге «Қазақ осылай қиналса, өлер кезінде бақытты-ы-ы күй кешеді, нешауа, бақытты боласыңдар əлі!» деп арқамыздан қағып кетті. Соның өзіне мəз болып, орыс кемпірге бір бөтелке арақ сатып əпердім. Кемпір кеңкілдеп күліп, арқама ырғып мініп алғаны. «Сынок, уəдемде тұрамын!» дей береді. Жаман ойлап қалмаңыздар, осы үйде тұрып жатқанымызға он екі жыл болыпты! Бірінші балам бір жасқа келгенде тапқан «кібəртирамыз» еді. Сол кезден кемпір құлағыма құйған: «Осыдан өлетін болсам, осы үйімді сендерге «завещания» етіп жазып беріп кетемін. Менің туыстарым да, балаларым да жоқ!» Кемпір сол кезде сексенінде селкілдеп билеп жүрген. Қазір тоқсан екіде! Өлетін түрі жоқ. Қайта күнде таңертең жаттығу жасап, көшеде жүгіріп, самогонын ішіп, жасарып Фотоның сатираға қатысы жоқ келеді... Қой, өлмей-ақ қойсын! Біреуге

Күйеуі қызғаншақ бір келіншек поезбен сапарға шығыпты. Купенің төменгі орнында əлгі келіншек, жоғарғы орнында бір ер адам келеді екен. Қасындағы екі орында жайғасқандар кітап оқып, жоғарыдағы ер адам ұйықтап жатқан кезде қызғаншақ күйеуі тағы қоңырау шалады. Əйелі телефонын алып ақырын дауыспен,

сыбырлап сөйлеседі ғой. "Неге сыбырлайсың?" деген күйеуіне келіншек: - Үстімде ағай жатыр, содан ыңғайсыз, - депті. ххх Қаладағы аса мəдениетті ұл мен келін кішкентайларына дəрет сындыруды "ысқырам" дегізіп үйретіп қояды екен. Сонымен ауылдағы атасы мен əжесіне келген "мəдениетті" немере алғашқы түніақ əжесіне түн ортасында "ысқырғысы" келетінін айтады ғой. “Ботам, ертең күндіз ысқыр”- деп, сəл тыныштандырған немересі ,аздан соң тағы да: “əже, ысқырғым келеді...” - дейді. Жұрт ұйықтап жатқанда, əрі түнде ысқыруға болмайтынын түсіндіргісі келген əжесі қолды- аяққа тоқтамай тұрған немересіне: -жарайды, ендеше бар да атаңның құлағына ысқыра ғой,- десе керек.

үн көру ырып: «К қ а т н а ғ а тықт алды. Ти сар сөз алды: н ілісі баст ж нба ə ы м ған түске р т о е і Үкім екен. Ма ллергиям Бірінш ы » д а .. р ы а д б а а р п ті ба да қиындап е күн көріс қиын , тұмауратып, тіп іп ым іг ғ а ш л р ұ ү қ –Елімізд т , п м м ауыры ен дене п а д р р е дап, өкпе ы т л қ т р е ы р ы мəлім түбі с ым бы н ің р н ұ м ім , іг п п а ұстап, кір жүрегім дыңылд ... инистр. ап ап, шыңылд тамағым қырылд қалды Премьер–м ы бірінші , лд п п сырылда рін айтыңыз! –де м, –деп жалғай са , е ы т рге қарап , д е ө л т қ –То ен стымен серде бо м а ə ы й ің н а а н д ғ зі н л а ө йып, к атты бо о –...жатқ қ қ ау п р ы ы е ғ н а іл ы д О– р жұт ліктег селен, ОҚ орынбаса р, олигархтар, би екен. Мə епке күздің қара р е ү л р ж е к й а іп т м мек –кəс е ал а қ күн көр оқушысы шайлыққ қара халы ыптың бес–алты кен. Айлықтары е ын бірінші с əлөш киіп барады лды г а .. д і. н д ы н ғ , –деп қа е ы су қайтсін жасайық , н ң р қатты е о ы ь с р м а н е п р ге с жетпе теп. П аңа жо іс ж т ің ін ріне д н у р р е зд ө истрі ып, кө е –Күн к аның мин ары–төмен жиыр ауыр күрсініп л а с ік т т əлеуме тұрып, ын жоғ інді. . Маңдай орнынан пай күрс қайғырды ас келді. Сосын, й отырғандар жап ырды. пж ла ттай қайғ премьер мөлтілде –ын столды жаға қты, сыр я и с зы кезде у ұ қ і, о д е кетті. Бір ырттай п С . ы л ы о д б р ы қ (Ең қысқа роман) Бəрі қайғ тері əлем–тапыра ет Бəрінің б і: –Қай жүзге жатасың? етт к п е л й сө –Төртінші...

ТӨРТІНШІ ЖҮЗ

–Төртінші қожалар еді ғой? –Жоқ, қазір төртінші жүзге жағымпаздар жатады... Бірақ билік дəлізіндегі шенеунік жағымпаздар қыз алыса береді...

ШЫҒЫҢЫЗДАР...

Келін болып түскен соң, керіліп, «соткаңа» беріліп, табақ-аяқ жууға ерініп, есінеп отыра беруге болмайды. Қыз күніңдегі қылықтарың қыр асып, ми ашытар мінездерің өзгеру керек. Мына мен де екі рет келін болғанмын, «кереметтей» құйқалы кеңестерімді құлағыңа құйып алшы! Бірінші кеңес: Келін болып түскен күннен бастап, буындарың босап, былқылдай берме, капщеный балықтай қақиып қал. Қақиған күйі тұрып, қақиған күйі шай қойып, қақиған күйі жата қал! Қайын ағаларыңа сəлемді тегін салма. Бір иілгенің – бір мың теңге, екі рет иілгенің бес мың теңге болсын! Ата-енеңе сəлем салмай-ақ қой, «Ой, как дела енешка? Привет, шəйқор аташка!» деп арқаларынан қағып қой. Сəлем салғың келіп, өліп бара жатсаң, қатты иіліп, аяғыңды қаси сал...Екінші кеңес: Күйеуіңе төсекшіл бол, көршілерге өсекшіл бол! «Ата-енем туыстарына бес-алты күнге қыдырып кетсе, жаным кіріп қалады!» деп жаманда көршіңе. Қайтып келсе, «жаным шығып кетеді» де... Қысқасы, қала аралық өсектен, халықаралық өсекке дейін дəрежең өссін, мини өсекшілер болса, басқа жаққа көшсін! Үшінші кеңес: Түнде табақ-аяғыңды жума, өзіңше пысық келін боламын деп қума. Ыдыстарыңды кішкентай қайындарыңа жалатып ал, қысқасы, айтқаның айтқан, дегенің деген, бəрін

Қайтыс болды... Бүгін жерледік. Жерлеуге ешкім келмеді... Əкім-қаралар да келмеді... Қаралы сөз де айтылмады. Қарапайым ғана жерленді. Қабірінің басында тұрып, ауыр күрсіндім. Беу, жалған–ай! Кетіп бара жатып, артыма қарайлаймын, топырағы торқа болғыр, қара жерді томпайтып жатыр... Бəріміз де осылай, ерте ме кеш пе... Соны түсінбейтін адамдар бар. Байлығымен мəңгі өлмейтіндей... Өзін жақсы көруші едім. Мінезі де жақсы еді... Бір кісілер сияқты босқа ала көзбен атпайтын! Оны көрсем, өмірге құштарлығым мың еселеніп кететін... Ол жұрт сияқты пəтер кезегіне де, жер кезегіне де тұрмады. Бəрібір қолы жетпейтінін біліп... Үш күн нəр татпады. Тек сенделумен жүрді де қойды... Ойланып... Жалған дүниеге қапа болып... Дəрігерге барып, дəрілер алып келдім, қайран болмады. Сосын көршінің "ашып кеткен" ақылымен жүз грамм арақ бердім. Сол күні аузы қисайып өліп қалды... Итімді айтамын да... Бейшара... Сосын ойладым: – "Арақ кімге жаққан? Талай қазақ осы арақтан арам қатып жатыр емес пе? Арақ итке де жақпайды екен" – деген пəлсафаға тоқтадым! Сол САТИРИК.

«Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ

Дүрбібек БАЙҚАҒАНОВ.

Келіншектерге кеңес

ТОПЫРАҒЫ ТОРҚА БОЛСЫН...

Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ Редакцияның жарнама жəне жазылу бөлімі Салтанат ИБРАГИМОВА Тілшілер Рахматулла ҚАРЖАУБАЕВ Ақжібек МҰСТАФИНА

ан астам ға шықсын. Асп артысын ж ң ін ы і дала т қ пе? Көрс –Халы шек. Бəр азақ ерін арқырап тұр емес ері! Далаға қ ің д із Б едейл екен. іңіз ж ық! қ елінің к күн деген сихаттай болмаса, егін көрсін! «Қаза деген ұранды на ол !» !Т ққ өріңіздер а басшылары ұза күндерін іне ар, күн к л а зд регенділіг е с ы ө , к ң р е ы н ғ л е р м т с шы ы и ғ ң н ы е и т л ,м і! Ер ін ылды Сол екен десеңізш машалады. ьердің ақ ы м д е и р ш П а . ы ад і та аны шапалақт Халыққа қалай ж аға шығып, күнд . л . а д ы ы жатт .. алық таң қалд ша қара х а, күндерін көріп н ы й о б еліміз олса д лай, аш б Олар осы

Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Алқа кеңесі төрағасының орынбасары Мұхтар ШЕРІМ Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы) Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)

Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ

Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52

өзіңе қаратып ал! Төртінші кеңес: Дефицит сөздерді жаттап ал, мысалы күйеуіңе арналған сөздер: Албасты, шірік, ірік, қабан, сабан, бігіз, өгіз, ит-бит, піспеген балық,ши бұт арық, маймыл, маймылдың еркегі, біздің үйдің тентегі, сопақ бас, пружина шаш! Ал енді, енеңе арналған сөздер: О, тірі өлік, кəрі сайтан, деревянская шайтан, сұмырай, құраған қурай, шойнақ, қисық бас, шүңірек көз, шайналған без, шай қой тез! Атаңа арналған сөздер: Қаусаған қақпас, тырбаңдаған тасбақа, түкке пайдасы жоқ пешкі, сақалы сапсиған ешкі... Қалтаңдаған, жүре алмай талтаңдаған бейшара, желі шыққан камера сияқты арық, мыж-тыж мата бет, үйде отыра бермей, қарттар үйіне кет! Бесінші кеңес: Қайын сіңлілеріңе арналған сөздер: Агенттен шықпағыр Анар, шайтаннан ықпағыр Жанар, ұзын көйлек кимеген, əлі байға тимеген Тамара! Алтыншы кеңес: Қайындарыңа арналған сөздер: Құдай ұрып кеткен, түнделетіп құрып кеткен Құрымбай, қылмыс əлеміне батып кеткен, бір кемпірді зорлап, қақ шекеден атып кеткен жындыбас Жұрымбай, миы ашып жүрген, «сақализм» болып, КНБ-ден қашып жүрген Ұрымбай! Жетінші кеңес: Қайын ағаларыңды былай ата: семіз болса, «дутый» қайнаға, арық болса, «ух, ты...» қайнаға, пұшық болса «жартысы желінген кəртөшке» қайнаға,

мылжың болса, «сөйлеуге ерінген» қайнаға... Сегізінші кеңес: Күйеуіңмен ұрысар алдында тамағыңды қырнап ал, реті келсе, екі бетін тырнап ал, жағына шапалақпен салып қал, ол шертіп жіберсе, екі аяғың аспаннан келіп, талып қал! Айтпақшы, дəрігерден «ұрып соқты» деген справкаңды алып қал! Тоғызыншы кеңес: Тырнағыңды сояудай етіп өсіре бер, кейін күйеуіңнің көздерін шұқып алуға жарайды, сонда ғана ашуың тез тарайды... Оныншы кеңес: Егер мұрныңа шыбын кіріп кетсе, мыжи салма, тазалық керек, бір шелек суға басыңды батырып, бір сағат тұрсаң, мұрын ішіндегі шыбын сөз жоқ тұншығып өледі. Он бірінші кеңес: Енең екі ауыз сөз айтса, күйеуің көзін алартса, «төркініме кетемін!» деген «нота» жібер. Сөйт те, үйден шығып кет. Егер енең аялдамаға келмесе, күйеуің «дос болайық!» деп қолын бермесе, «төркініме шығарып салуға жарамадыңдар ғой!» деген сылтаумен қайтып кел! Он екінші кеңес: Күйеуіңе күн сайын магнит жалатып тұр. Сонда ол саған магниттей жабысып қалады. Ойбайлаған кеңестерімнің сиқы осындай, қайсысы бұрыс, қайсысы дұрыс, оны өздеріңіз шешесіздер, айналайын қыздар, сендер де келін болып түсіп, кемпір болып кетесіздер! Əбден КҮЙГЕНОВ.

Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 3042.

Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.