Ұлттық рух – ұлттың асыл қасиеті. Б.МОМЫШҰЛЫ
¦ÄIËÅÒ Газет 2010 жылғы 5 мамырдан шыға бастады
web: www.adiletgazeti.kz
№41 (244) = 23 қазан = Жұма = 2015 жыл
ҰЛТТЫҚ АПТАЛЫҚ E-mail: adilet.media@mail.ru
НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЕЖЕНЕДЕЛЬНИК / NATIONAL WEEKLY / ULUSAL HAFTALIK / اﻟوطﻧﯾﺔ اﻷﺳﺑوﻋﻲ
Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы болып танылды
ҚЫЗЫЛОРДА ДИХАНДАРЫ КҮРІШТЕН РЕКОРДТЫҚ ӨНІМ ЖИНАДЫ
ҚР Президенті іссапармен Қызылорда облысында болғанда облыс əкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметімен танысты.
жаңа түрлерін алу үшін селекциялық жұмыстар да жүргізеді. «Көксу» шаруашылығында сондай-ақ тəжірибелік мақсатпен аймақтың табиғатына бейімделмеген қарағай, шырша, арша, емен тəріздес ағаштарды жерсіндіру ісі де қолға алынған. Елбасы Қызылорда облысына жұмыс сапарының қорытындысы жөнінде БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Мемлекет басшысы өз сөзінде
Қазақстанның барлық өңірлері сияқты Қызылорда облысының да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды. «Кейінгі жылдары облыс орталығы көркейді, саябақтары көбейді, тұрғындар үшін қажетті жағдайлар едəуір жақсарды. Қазір Сырдарияның сол жағалауын игеру жəне абаттандыру жұмыстары, соның ішінде көпір мен тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қалада балабақшалар, мек-
тептер мен ауруханалар салынуда» – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің дамуы үшін қажетті жағдайдың бəрі бар екеніне назар аударды. «Облыс аумағымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дəлізі, теміржол магистральдары, газ құбырлары мен электр желілері өтеді. Мен өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен баспана құрылысының барысымен таныстым,
Жиналыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы мен елорда əкімдігі тарапынан дайындық шараларының негізгі тұстары туралы баяндамалар тыңдалды, деп хабарлайды astana.kz. Атап өту керек, тараптар арасында 50 іс-шараны өткізуді көздейтін 2018 жылға дейінгі жұмыс Жоспары əзірленген, сонымен қатар, қаланың барлық қызметтері мен ұлттық компанияның бірлесе жұмыс атқаруына түрткі болып отырған серіктестік Меморандумы жүзеге асырылуда. Жиында ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында, бірінші кезектегі мəселелерге назар аудара отырып, ортақ жұмыс жоспарын жандандыру тапсырылды. «Бізді үлкен де жауапкершілікті жұмыс күтіп тұр. Ұлттық компания мен елорда əкімдігінің қызметтері өз жұмыстарын бір арнаға тоғыстыруы керек. Алдымызда ортақ мақсаттар тұр, олардың орындалуы үшін біз бір ұжым ретінде жұмыс істеуіміз керек», - деді елорда əкімі. Көрмені өткізу жəне оған дайындық шаралары мен бағыттары əкімдік үшін де, «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы үшін де ортақ болуы керек. Құрылыс жұмыстарының кестесіне сай 2016 жылы ЭКСПО нысандарын салу бойынша жұмыстар толық аяқталуы тиіс. Астана əкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың инфрақұрылымы мен елордалық сервис сапасын жақсарту, сондай-ақ, ақпараттық жұ-
мыс пен шет елдерден қонақтарды тарту бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. ЭКСПО кезінде өткізілетін шаралар легіне ерекше көңіл бөлінуде. Көрме өтетін күндері елордада əлем астаналары күні, фестивальдер, концерттік бағдарламалар, халықаралық жарыстар, спорттық шаралар мен бизнес-форумдар өткізу көзделген. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету сұрақтары да назардан тыс қалмауда. Логистика мəселесі де ерекше маңызға ие. Қазіргі уақытта халықаралық əуежай терминалын кеңейту, темір жол вокзалы мен жеңіл рельсті көлік жолақтарын салу секілді бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ретте елорда қонақтары үшін навигация жүйесі де жақсартылады. Қазанның 31-і күні Миланда ЭКСПО2015 халықаралық мамандандырылған көрмесі өз жұмысын аяқтап, Астанада ЭКСПО-2017 туын салтанатты түрде табыстау рəсімі өтеді. «Сол мезеттен бастап біздің көрмеге басым назар аударылады», - деді Ахметжан Есімов. «Барлық мемлекеттік органдар мен облыс əкімдіктері тартылған ЭКСПО-2017 жобасының ауқымдылығына қарамастан, барлық ауыртпалық ұлттық компания мен елорда əкімдігіне түсуде. Бізде көрменің дұрыс өту үшін өзара түсіністік пен серіктестіктің болғаны өте маңызды», - деді жиын барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы.
4-5-беттерде
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ
ЭКСПО нысандарын салу жоспары Кеше Астана қаласының əкімі Əділбек Жақсыбеков пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК төрағасы Ахметжан Есімов елорда əкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жəне оны өткізу шараларын талқылады.
АЛАТАУ БАТЫР БЕСАЙДАРҰЛЫ – ТƏУЕКЕЛ МЕН ЕСІМ ХАННЫҢ БАС САРДАРЫ
Туризм саласының маманы Олжас Шынтаев ТМД сыйлығын алды Кеше Астанада өткен ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашылық жəне ғылыми зиялы қауым өкілдерінің оныншы форумы барысында «Дебюттер достастығы» жүлдесінің лауреаттары марапатталды. Атап айтқанда, бұл халықаралық жүлде 2008 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі жəне Тəуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорымен бекітілген болатын. 2015 жылы сыйлыққа туризм саласының мамандары үміткер болды. Осы орайда Қазақстан, Əзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан өкілдері байқау лауреаттары атанды. Қазақстан тарапынан Miras Travel туристік компаниясының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының туризмді дамыту орталығының жетекшісі Олжас Шынтаев «Дебюттер достастығы -2015» сыйлығының лауреаты атанды. Ол бұған дейін «Қазақстан туристік саласының үздігі» атағымен марапатталған болатын. Айта кетейік, жыл сайын «Дебюттер достастығы» сыйлығын гуманитарлық бағыттар бойынша құрылтайшылар анықтайды жəне ол жас мамандарға (35 жасқа дейін) табысталады. 2008 жылдан бері сыйлық ақындарға, мұғалімдер мен ғалымдарға, дəрігерлерге, тарихимəдени ескерткіштерді қорғау бойынша мамандарға, спортшылар мен бапкерлерге берілген. Inform.kz
Дəнді жəне бұршақты дақылдар 255 мың га, майлы дақылдар 78,2 мың га, картоп 15 мың га, көкөніс 36,5 мың га, бақша 62,5 мың, мал азықтық дақылдар 225,6 мың га, мақта 99,2 мың га орналастырылып, есеп беру айында 72,6 мың тонна майлы дақыл, 820 мың тонна көкөніс, 1300 мың тонна бақша, 265 мың тонна мақта, 78 мың тонна жеміс пен 51,2 мың тонна жүзім жиналды.
Соңғы жылдары облысымызда озық технология кеңінен қолданылып келеді. Оның бір дəлелі бүгінгі күнге облысымызда барлық жылыжайлардың көлемі 1019 га жетіп, республиканың 87 пайызын құрады. Осы жылыжайлардан жыл сайын 150-180 мың тонна көкөніс өндіріліп, облыс халқының күз-қыс айларындағы қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуде.
2-бетте Сурет интернеттен алынды
Орталық қызметі 2014 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – Қызылорда облысы əкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, əлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау жəне болжау, қауіпсіздікті бағалау жəне экономика, қаржы, демография, өнеркəсіп, ақпарат жəне басқа да салалардағы тəуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның орындалу барысын да қадағалайды. Ахуалдық орталықта арнайы əзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді. Елбасы сондай-ақ «Көксу» қосалқы шаруашылығында да болды. Мемлекет басшысына 2000 жылдан бері қаланы көгалдандырумен айналысатын шаруашылық жұмысының жай-күйі таныстырылды. Шаруашылық иелігіндегі 18,7 гектар аумақта жапырақты, қылқан жапырақты, жеміс беретін жəне сəндік мақсаттағы 150 мың сəндік ағаш жəне бұталар өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылық қызметкерлері ағаштың жергілікті климат жағдайына бейімделген
өндірістік нысандарды аралап көрдім. Индустрияландыру аясында облыста ірі кəсіпорындар іске қосылатын болады, соның ішінде бүкіл Қазақстанды өз өнімімен қамтамасыз ете алатын əйнек зауыты да бар. Жалпы, елдің барлық өңірінің ахуалы жақсарды, олардың бəрі елордаға қарап бой түзеуде» – деді Қазақстан Президенті. Бұл ретте Мемлекет басшысы тұрмыстың бұдан əрі жақсаруы халықтың еңбексүйгіштігіне, өңірді дамыту жəне абаттандыру үшін жұмылдырған күш-жігеріне тікелей байланысты екенін атап өтті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қатаң табиғат жағдайына қарамастан қаланы көгалдандыру ісінде жеткен жетістіктерге назар аударды. «Мысалы, бұрын Астананың айналасында да орман өспейді деп айтатын. Ал қазір елорданы 70 мың гектар ағаш қоршап тұр, олар болашақта Щ учинск-Бурабай аймағының орманымен түйісетін болады. Егер біздің жастар «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ағаш отырғызып, күтімге алынса, бұл мұның үлесі зор болады, елді абаттандыруға, тұрмыс жағдайын жақсартуға ықпал етеді» – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті сондайақ биыл рекордтық көлемде күріш жинаған жергілікті диқандарды құттықтады. «Күріш Қызылорда облысының негізгі ауыл шаруашылығы дақылы болып саналады. Биыл əр гектардан 50 центнерден астам өнім алынды. Бұрын мұндай көрсеткіш болмаған» – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс халқына бақ-береке жəне игілік тіледі. Akorda.kz
Елімізде əлемде баламасы жоқ аккумулятор жасалып жатыр