№43 (202) = 21 қараша = Жұма = 2014 жыл
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
йынша келіссөздерді аяқтады. Біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің соңғы сатысында тұрмыз. Келесі жылдан бастап Қазақстан, Ресей жəне Беларустың экономикалық одағы жұмысын бастайды. Біздің мақсатымыз тек қана прагматикалық болып саналады, өйткені Ресей – 7,5 шақырым ортақ шекарамыз бар ең басты серіктесіміз. Қазақстан құрлықтың ортасында орналасқандықтан, теңізге шығатын жолы жоқ. Сол себепті де кедендік кедергілерді жоятын, жүктерімізді сыртқы нарықтарға бөгетсіз шығаратын Кеден одағы біз үшін маңызды мəнге ие, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Халықаралық сарапшылар жаһандық экономикадағы соңғы үрдістер, дамыған жəне дамушы елдер саясатындағы жаңа трендтер жөніндегі пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңінің қорытындылары мен келесі кезеңінің перспективаларын байыптады.
Жиынға сондай-ақ ПремьерМинистр К.Мəсімов, Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, инвестиция жəне даму министрі Ə.Исекешев, «Бəйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қ.Бишімбаев, «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы А.Құлсейітов жəне бірқатар халықаралық сарапшылар қатысты. Қазақстан Президенті əлемдік нарық жүйесіндегі қиындықтарға назар аударды, соған байланысты отандық экономиканы дамыту амалдарын да қайта қараған жөн екендігін айтты. – Біз Қазақстанды индустрияландырудың бірінші кезеңін аяқтадық. Оның барысында пайдалы тəжірибе жинақталды, кəсіпорындар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл ретте белгілі бір табыстарға жеттік деп санаймын. Қазір бағдарлама қайта қаралды, келесі жылдан басталатын
Елбасы индустрияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты
екінші бесжылдық инновацияға орайластырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Батыс елдері арасындағы текетіреске байланысты дағдарысты ахуал жағдайында Қазақстан сақтық шараларын қабылдауға шешім қабылдағанын атап өтті. – Менің жаңа Жолдауымда экономика өсімін қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға қомақты мемлекет-
Шұбат – түйе сүтінен өндіріледі. Қазақтар көп тұтынатын ол түйе сүтін ашыту арқылы дайындалады. Дайындау технологиясы қымызға ұқсас. Шұбаттың сапасы оның ұйытқысына байланысты. Шөліңді басумен қатар, түрлі сырқатыңды сап тиятын қасиетке ие қымыздың уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі қымыз, қысқы қымыз, сары қымыз, түнемел қымыз, құнан қымыз, саумал, қысырдың қымызы, дөнен қымыз, бесті қымыз, асау қымыз, бал қымыз, сірге жияр қымыз деген түрлері бар. Сол сияқты ақ шұбат та сақталу күніне қарай əлсiз, орташа, күшті болып бөлiнедi.
тік қаражат салу жайы қарастырылған. Бұл сондай-ақ елдің қаржылық жүйесін нығайтуға мүмкіндік беріп, шағын жəне орта бизнестің əрі қарай дамуына септігін тигізеді. Осы бағыттардың барлығы бойынша іс-қимыл бағдарламаларын белгілеп, қаржы ресурстарын бөлдік. Бұл қадамдарымызды бізбен өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізген əлемдік қаржы институттары қолдап отыр. Салыстырмалы түрде халқының саны
аз Қазақстан үшін экономикаға бір мезгілде 20 миллиардтан астам доллар салу айтарлықтай нəтиже беруі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сыртқы экономикалық жағдайлардың да өзгергендігіне, отандық бизнеске соның аясында жұмыс істеуге тура келетініне тоқталды. – Қазақстан Еуропалық одақпен кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бо-
ТЇЙЕ СЇТІ – ТАУСЫЛМАС, САРЌЫЛМАС БАЙЛЫЌ Əдетте шұбатты дайындау үшін 3035°С-қа дейін салқындатады. Сосын суытылған сусынды арнайы ыдысқа құйып, 20-30 минут бабын келтіре араластырады. Содан соң 3-4 сағат ашытады. Осы ретте ашытудың маңыздылығын да түсіндіре кетейік. Шұбатты ашытқан кезде оның құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп, тұнбаға түседі. Ал тұнбадағы казеинді ұсату үшін шұбатты сапырып отырады. Ашытқы əсерінен түйе сүтінің құрамындағы қант ыдырап, нəтижесінде сүт, спирт, көмір қышқылының жаңа қосылыстары пайда болып, ондағы дəрумендердің мөлшері арта түседі. Медицина мамандары шұбаттың құрамында адам ағзасына өте пайдалы
əрі аса қажет амин қышқылының көп болатынын алға тартуда. Əдетте амин қышқылы ағзадағы барлық алмасу үрдісіне қатысады. Ағзада қышқылдың бұл түрі жетімсіз болатын болса, ол қандай да бір ауру сырқаудың пайда болуына апарып соқтырады. Сонымен қатар шұбат құрамы С, А дəрумені мен калций, фосфор, мыс, хром сияқты микроэлементтерге де бай. Келтірілген бұл деректер көпшілік қауымға жақсы таныс. Кей жерлерде қымыран деп аталатын бұл сусынның біз білмейтін тағы қандай қырсыры бар? Бұл жайында шұбатты зерттеп жүрген ғалымдарымызбен тілдесіп, пікірлерін алған едік. Оқып көрелік. (Жалғасы 3-бетте).
Олар Қазақстанның халықаралық экономикадағы сын-қатерлерге сай дұрыс жолдар таба алатынына сенім білдірді, өйткені біздің елде қажетті тəжірибе жəне адам ресурсы бар. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан индустрияландыруды ескерсек, республикамыздың Қытай мен Ресей секілді алып нарықтар ортасында орналасуы келешектегі даму үшін зор мүмкіндіктер ашады. Akorda.kz
«Судьяларға артылар жүк ауыр» 2-ÁÅÒÒÅ
Шырақшының көкейін тескен не, көптің садақасы ма? 3-ÁÅÒÒÅ
Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау үшін 3 млрд. теңге бөлу көзделген
Төмен пайызбен берілетін тұрғын үйлердің құрылысы 2015 жылы басталады Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыс жұмыстары 2015 жылдың қаңтарында басталады. Бұл туралы «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында ҚР ПремьерМинистрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мəлім етті.
«Қазіргі уақытта біз тұрғын үй салудың жаңа тетіктерін əзірлеп жатырмыз. Бағдарламаға тиісті өзгертулер желтоқсан айында енгізіледі. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің барлық өңірінде жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысы басталады», - дейді Б.Сағынтаев. Оның айтуынша, жалдамалы тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарға инженерлік желілерді тартып, құрылысты жобалауға 35 млрд теңге бөлінеді. «Сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үй құрылысы үшін «Бəйтерек» ұлттық басқару холдингіне 0,1 пайыздық ставкамен 30 жылға 145 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалдамалы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының операторы «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ болады. Қосымша 1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады», - дейді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары. Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына Ұлттық қордан бөлінетін 145 млрд теңгеден бөлек те қаржы қарастырылады. Нақтырақ айтқанда, 2013-2014 жылдарға арналған «Қолжетімді баспана – 2020»
бағдарламасына 29 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған болса, Қазақстанның ипотекалық компаниясы қор нарығында 2017-2019 жылдарға арналған 50 млрд теңге облигациялар орналастырады. «Бұдан бөлек, басқа да қаржы көздерінен баспана құрылысына 25,8 млрд теңге тартылады. Осылайша, тұрғын үй құрылысына салынатын қаржының жалпы көлемі 250 млрд теңге болады», - дейді Б.Сағынтаев. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауында жалға берілетін тұрғын үй құрылысына қатысты мəселені қайта қарау қажеттігін атап өтті. «Мемлекет əлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалсыз жəне несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оны сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді ете түседі» - деген болатын Президент. Айымгүл ƏБІЛЕВА
Қоғам жемқорлықты жоюға жаппай жұмылғанда ғана нəтиже болады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XV Съезінде қоғамның жегі құртына айналған жемқорлық мəселесі жайлы айта келе, «саяси көшбасшылықтың принципті мəселесі ретінде партияға сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын əзірлеуді» тапсырған болатын. Соған орай «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте Мəжіліс депутаты Нұрлан Əбдіровтің басшылығындағы жұмыс тобы құрылды. Құрамына танымал заңгерлер, сарапшылар, қ о ғ а м қ а й р ат к е рл е р і , сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері кірген жұмыс тобы «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама жобасын əзірлеген еді. Аталған құжаттың ақырғы нұсқасы, ертең ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің
кеңейтілген отырысында талқыланып, қабылданады деп күтілуде. Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партиялық іс-қимыл бағдарлама жобасының бірқатар ерекшеліктеріне тоқталғанды жөн санадық. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, бағдарламада алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қатысты партияның жауапкершілігі анықталып отыр. «Жоба қасаң сандармен өрілген құқықтық құжат емес, ең бастысы, халықтың сана-сезімін өзгертуге шақыратын саяси, идеологиялық бағыт болып саналады. Оны орындау үшін партияның өзі жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың көрсеткіші т урасында баяндама жасауды дəстүрге айналдырады», деген болатын Бауыржан Байбек. Жалпы, жетпіс беттен тұратын бағдарлама жобасы бұқара арасында, өңір-өңірлерде де кеңінен талқыланды. Мəселен, жемқорлыққа қар-
сы іс-қимылды құрайтын құжатты партияның бастауыш ұйымдары мен жергілікті саяси кеңестерінде 800 мыңнан астам «нұротандықтар» талқылап, 900-ден астам ұсыныстар жолдаған. Осындай бұқаралық белсенділіктің нəтижесінде бағдарлама жобасының 40 пайызы өзгеріпті. Жаңа жобаның басты ерекшеліктеріне келсек, онда азаматтық қоғамды, бизнес қауымдастығын жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту, мемлекеттік органдардың, корпоративтік сектордың қызметіне бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қою секілді шаралар кешені қарастырылады. Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мəдениетін жəне білім мен тəрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру да қамтылған. (Жалғасы 2-бетте).
1 желтоқсаннан бастап барлық тіркелмеген нөмірлер байланыстан ажыратылады
¦ÄIËÅÒ
ЕЛ ТЫНЫСЫ
«Ақыл – жастан» деген. Бірақ жастарға №43 (202) бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол сілтеген абзал 21.11.2014 жыл
Ќоєам жемќорлыќты жоюєа жаппай жўмылєанда єана нəтиже болады (Соңы. Басы 1-бетте). Бұдан бөлек, бағдарлама жобасына сəйкес, жемқорлыққа қарсы ісшараларда негізінен бастауыш партия ұйымдарының маңызын арттыру көзделген. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы білім мен тəрбие жүйесі, партияның Жемқорлықпен күресу бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі баяндаманы жариялау сияқты механизмдерді жəне басқа да жаңалықтарды енгізу қарастырылған. Бағдарлама Қазақстанда маңызды үш элементтен тұратын жүйені құруды қарастырады. Атап айтқанда, біріншісі, азаматтарға қызмет ететін тиімді мемлекет, екіншіден, ол - экономикалық дамудың қозғаушы күші, азаматтық қоғамның тірегі ретіндегі мықты бизнес, үшіншіден, жауапкершілікті азаматтық қоғам. Бұл ретте, бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуы үшін əр бес жыл сайын Жол картасы, ал жыл сайын Іс-шаралар жоспары əзірленеді деп жоспарлануда. Сонымен қатар, бағдарламадағы ерекшеліктердің бірі - онда ең бастысы, сыбайлас жемқорлықтың көрінісімен емес, оны туғызатын себептермен жəне оған жағдай жасайтын құбылыстармен күреске барынша мəн беріледі. Тұтастай алғанда, бағдарламаның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «нөлдік» төзімділік ахуалын қалыптастыру арқылы қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады. Бұл ретте, «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік билік пен басқару органдарының, сондай-ақ корпоративтік
бизнестің қызметіне партиялық жəне қоғамдық бақылауды күшейтуді, халықаралық стандарттарды ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын жетілдіруді, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізуді маңызды міндет деп санайды. Бұдан бөлек, партия көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуді, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыруды, тəрбие мен білім берудің барлық сатыларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін құруды қолдайды. Сонымен бірге, жобада алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қоғамның жəне əр азаматтың жауапкершілігі бекітілген. Ал ондай бағытта құжат төрт іргелі қағидатқа негізделеді. Атап айтқанда, біріншіден жүйелілік қағидаты. Осы ретте жобаны əзірлеушілер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек жекелеген деректерді анықтауға саймауы тиістігін алға тартады. Жұмыс тобының пайымынша,
«Əлем қирап жатса да əділетті сот болсын». Кезінде осы ұстанымда болған римдіктер əділеттікті əркез серік етудің арқасында əлемді өзіне қаратты. Біз де соған əрдайым талпынуымыз керек. Əманда əділдіктің туын ұстау – нарықтық экономиканың бірінші талабы. Еліміздің Жоғарғы Сот Кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясының өкілі, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің азаматтық құқықтық зерттеулер институтының директоры Төлеш Қаудыров Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында 40-тан астам судья лауазымына үміткерлермен кездесуі барысында осы сөзді баса айтты. Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде «Азаматтық құқық» бойынша студенттерге қазақ жəне орыс тілдерінде дəріс оқитын заңгер көптеген заңнамаларды дайындау барысында да ересен еңбек етті. Өз маманының білгірі сот ғимаратында судья лауазымына үміткерлерге төмендегідей келелі кеңесін айтты. – Ұлы төреші – Құдай екенін ешқашан естен шығармаған абзал. Ол əркез бəрін де көріп отырады. Кез келген жерде жарқын жүзді болуы үшін судья əділдікті серік ету керек. Сондай-ақ, тəжірибесі бір кісідей толысқан, зейіні жан-жақты дамығаны абзал. Тəжірибе үлкен рөл атқарады. Тынбай іздену керек. Көп жерлерде «бұл жауапты қызметке жастарды тағайындау дұрыс па?» деген сауалдар қойылып жатады. Мен судьялық қызмет жауапкершілік жүгі атан түйеге жүк болардай ауыр жұмыс дер едім. Ол моральдық тұрғыдан қатты қажытумен қатар, физиологиялық жағынан да адамды əжептеуір шаршатады. Сонымен оның қиындығы неде? Облыстық сот өкілдері кейде бір күнде 60-қа жуық заңсыз еңбек мигранттарын қамауға алу туралы шешім шығарған күндер болатынын алға тартуда. Базбір уақытта 300-ге жуық істі қарайтын сəттер болатынын да айтып жатсыздар. Бас алмай жұмыс істейтін мұндай сəттерде жайбарақат отырып түскілік, кешкілік ас ішіп, тамақтана да алмайсың. Көңілің алаң болып отырғандықтан газды сусындарды пайдаланып, құрғақ өнімдерді талғажау
жекелеген сыбайлас жемқорларды қудалау, «атышулы істер» арқылы олардың ізіне түсу тұрақты нəтижелер бере алмайды. Басты екпін аталған құбылысты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға түседі. Екінші қағидат - айқындық, ашықтық жəне мемлекеттің қоғамға есептілік қағидаты. Бұл ретте айқындық деп қызметтердің ең маңызды ішкі үдерістері жайлы бір-бірін жоғары деңгейде хабардар етуге себепші болатын, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жағдайы айтылса, ашықтық - бұл мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар жəне олардың лауазымды тұлғаларының қызметі туралы ақпараттың қоғам мен азаматтар үшін қолжетімділігі. Ашықтық пен айқындық мемлекеттің қоғамға есептілігін қамтамасыз ететін шарттар болып табылады. Бағдарламадағы үшінші басты қағидат - мемлекет пен қоғамның тең əлеуметтік серіктестігі қағидаты. Бұл қағидат - саяси өмір субъектілерінің еркіндігі мен теңдігі туралы конституциялық демократиялық қағидаларды толық іске асыру үшін тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері заңнамамен белгіленуіне негізделеді. Төртінші қағидат - партия мен қоғамның серіктестік қағидаты. Бұл ретте «Нұр Отан» азаматтық қоғамның қатысуынсыз жемқорлыққа қарсы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мүмкін еместігін алға тартады. Сондықтан да, елдің өркендеуі мен демократияға қарай ілгерілеуі үшін əлеуметтік-саяси жауапкершілік тек мемлекетке ғана емес,
қоғам мен əрбір жеке азаматқа да жүктеледі. Бағдарлама жобасының жəне бір ерекше тұсы - «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жүзеге асырылуы турасында жыл сайын партия басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы баяндама жасалады» деп көрсетілген. Мұнда жалпыəлемдік үрдістер есепке алына отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы партиялық бағдарламаға сай атқарылған жұмыстарының нəтижесі шығарылып, ол БАҚ-та жарияланатын болады. Қорытынды құжаттардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы күрестің толық сипаты көрініп, онда сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықтың саны жəне оның деңгейінің бағалануы туралы ақпарат болады. Сондай-ақ жоспарды ұтымды түрде жүргізу үшін əр бес жыл сайын Жол картасы, ал жыл сайын Іс-шаралар жоспары бекітілмекші. Қорыта айтқанда, қалың бұқараның талқысына шығарылып, бес ай бойы жұртшылық пікірімен, сарапшылар ұсынысымен толыққан құжат əбден пісіп жетілді. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында: «Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз - жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатаң күшейту», - деп мəлімдегені есте. Ендеше, мұндай межеге «Нұр Отан» партиясының іс-қимыл бағдарламасы да өз септігін тигізері хақ. Қанат МƏМЕТҚАЗЫҰЛЫ
етесің. Ал мұндай қиындыққа ең алдымен денсаулығы мықты адамдар ғана шыдас береді. Сондықтан да судьяға төзімділік пен қайраттылық өте бір керек қасиеттер дер едім. Əдетте жастар мұндай сынаққа төтеп бере алады. «Ақыл – жастан» деген. Бірақ оларға бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол сілтеген абзал. Сөзін одан əрі сабақтаған Төлеш Ерденұлы судья болу кез келгенге қол емес екенін ерекше атап өтті. – Бұл қатардағы қызметтің бірі емес. Судья адам тағдырын шешуге себепкер болады. Бірақ мендегі
Төлеш ЕРДЕНҰЛЫ:
«СУДЬЯЛАРҒА АРТЫЛАР ЖҮК АУЫР» уəкілеттілік күшті деп ол ойына келгенді кесім етіп шығармайды. Заң негізінде қызмет етеді. Соған бағынады. Бұл белгілі нəрсе. Судья болуға үміткер адамның психологиясы, зейіні, пайым-парасаты өз замандастарынан дараланып, жақсы қырынан көрініп тұруы тиіс. Əлемде қаншама адам болса, соншама санқилы тағдыр бар. Олардың əрбірін тыңдасаң талай уақыт кетіп, қағазға түсірсең кітап болады. Ал түрлі даудамайлар мен оқыс оқиғаны бастан өткерген адамдардың өмірін есіту, сол арқылы оны көз алдыңа елестету судьяның күнделікті жұмысы. Бірақ мұндай жəйттер оның денсаулығына кері əсерін тигізіп жатады. Фемида қызметкерлерінің арасында ұзақ өмір сүретіндері өте аз болатынын жасырып жабуға болмас. Өйткені ол үнемі күйзеліс үстінде жүреді. Жақында таныстарымның ішінде отыздан енді асқан судья жігіт инфаркттан қайтыс болды. Міне көрдіңіз бе? Сондықтан да бұл қызметтің құлағын ұстамас бұрын «жеті рет өлшеп, бір рет кес» тəсілін ұстану қажет. Саналы түрде іске кіріскен жөн. Дардай атаққа қызығудың еш реті жоқ. Білікті заңгер елімізде сот жүйесіндегі
қызметкерлердің деңгейі жоғары екенін, бірақ судьялардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі жағдайы көңіл көншітпейтінін, зейнетақы мөлшері 50 мың теңгеден əрі аспайтынын қынжыла мəлімдеді. Көптеген елдерде судья зейнет жасына шыққан соң, оған ай сайынғы алатын ақшасынан бөлек, мемлекет үй салып береді. Осы деректі алға тартқан заңгер мемлекет судьялардың тəуелсіздігін барынша қамтамасыз ете отырып, оларға деген қамқорлықты арттыра беруді алға тартты. Ол Солтүстік, Батыс, Шығыс облыстарына жұмыс істеу үшін Оңтүстіктен мамандар тарту жағы жолға қойылғанын, бұл құптарлық жəйт екенін де айтып кетті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына, облыстық жəне оған теңестірілген соттардың алқа төрағасы лауазымына, аудандық жəне оған теңестірілген соттардың төрағасы лауазымына, аудандық жəне оған теңестірілген соттардың судья лауазымына үміткерлер қатысты. Олардың барлығы да судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырып, тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар мамандандырылған магистратураны тəмəмдағанын ескерте кетейік. Бақыт МЫРЗА.
Елжанды жастар лауреат атанды Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Жыл патриоты-2014» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рəсімі өтті. Ел Тəуелсіздігінің 23 жылдығына орай өткізілген шараға 50 жас отаншылдың еңбегі іріктеліп, арнайы құрылған комиссияның шешімімен 15 адам жыл лауреаттары атанды. Облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен өткен бұл жобаның мақсаты – жастар бойында отаншылдық рухын қалыптастыру, кəсіби шеберлігін шыңдау жəне олардың қоғамдық белсенділігін арттыру болып табылады. Жыл үздіктеріне іріктелген азаматтардың барлығы ғылымда, саяси өмірде, өнер мен қоғамдық жұмыстарда өзіндік сүрлеу салып келе жатқан таланттар. Сонымен, жыл үздіктері төмендегі номинация аталымдарымен марапатталды: 1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» - «Кентау қалалық арнаулы кəсіптік колледжі» медициналықəлеуметтік мекемесі КММ Дина Айдаршаева. 2. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» - Ордабасы
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
ауданының тұрғыны Али Шабаров. 3. «Ардагерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін» - «Бəйтерек» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ролан Қонысбеков. 4. «Мен қоғамның мүшесімін» Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы «Инва такси» ЖШС-ң бағдарламашы Оксана Фокина. 5. «Жас өнер тапқыш» - М.Əуезов атындағы ОҚМУ-ң аға оқытушысы
Бауыржан Амиралиев. 6. «Жас полицей қызметкерінің ерлігі үшін» - Облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Мейржан Медетбеков. 7. «Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін» - Қазығұрт ауданы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сыздық Қыдырəлі. 8. «Спортқа қосқан үлесі үшін» - 2014 жылы Сингапурде өткен Жасөспiрiмдер
Олимпиадасында ауыр атлетикадан алтын медаль жəне Алматыда өткен əлем чемпионатының күміс медаль иегері Жаппарқұлова Жазира. 9. «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» - Облыстық кардиологиялық орталық құрамындағы жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу зертханасының дəрігері Кенжебаев Даурен. 10. «Мəдениет ,өнер саласына қосқан үлесі үшін» - Халықаралық, Республикалық айтыс додаларының жеңімпазы Біржан Байтуов. 11. «Өнерлі отбасы» - Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының əртістері Рысдəулетовтер отбасылық «Өркен» халық ансамблі. 12. «Жас кəсіпкер» -«Даркөл» бизнес орталығының директоры Ильяс Есжанов. 13. «Үздік жастар орталығы» -Созақ аудандық «Жастар орталығы» МКМ. 14. «Жастардың тəрбие саласына қосқан үлесі үшін» - Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің оқытушысы Қуаныш Рысқұлов. 15. «Патриотты жастар ұйымы» «Жас бүркіт» əскери патриоттық клубы. Салтанатты шараға облыс басшылары, жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, өнерлі жастар мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметі
2
«Ата салтым асыл мұрам, ардағым» Елімізге белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Ата салтым - асыл мұрам, ардағым» атты этнографиялық кітап жинағынан үзінділер беруді жалғастырамыз. Ұлттық салт-дəстүрлерімізді берік сақтап, аялайық ағайын! Тыштырма Сəбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тəттілер өткізіп “тышты,тышты” деп ырым жасайды жəне оны “тыштырма” деп атайды. “Тыштырманы” əйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді. Тымаққа салу Ел арасында “шала туып тымаққа салып өсірген екен” деген сөздер жиі естіледі. Халықта əдетте шала туған сəбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сəби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, əрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Жəне сəбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің əр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, əдетте жаңа туған баланың рəсімі жасала бастайды. Бауырына салу Əдетте қарт аталар мен əжелер алғашқы немересін жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тəрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны “бауырына салу” дейді. Бауырына салушы адам баланы өз атаанасынан ажыратпайды. Баланы екі үйге де тең өсіріп əлпештейді. Біреудің нəрестесін бауырына салу, яғни бала асырап алуқазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Бала асырап алу, негізінен өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған. Балалары құтаймай, шетіней берсе, ондай шаңырақ жақынжуықтарының бірімен келісімге келіп, баласын бауырына салатын болған. Тұсау кесер Бала енді-енді жүре бастағанда, міндетті түрде “тұсау кесер” ырымын жасайды. Тұсау кесерге қойдың көтен ішегін не жіңішке ала жіпті пайдаланады. Баланың шешесі абысынажындарымен жиналып, ауылдағы аяғы жеңіл, жүйрік адамға баланың тұсауын кестіріп, шашу шашып, жеңіл-желпі сыйқұрмет көрсетеді. Тұлым Баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей, екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбінесе қызбалаға қойылады жəне ол сəбиге лайықты ғұрып. Кекіл Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды оны кекіл дейді. Кекіл балаларға жарасымды ажар береді. Айдар Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Мұны – айдар дейді. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Тілашар Əр отбасы баласы 7 жасқа толған соң мектепке оқуға береді.
Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дəстүрлі “тілашар тойы” деп атайды. Үлкен кісілер балаға өсті, азамат болды, “ғалым бол”, ”ақын бол” деген сияқты тілек білдіріп бата береді.
ХАЛЫҚТЫҢ ТӘРБИЕЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ. Амандасу салты Амандасу салты қазақ халқының ең үлкен дəстүрінің бірі. Үлкені мен кішісі бір-бірімен кездескенде бірінші амандасады. Жасы үлкен ер адамдар мен арасында амандасу салты «Ассалаумағалейкүм!» деген сөзден басталады. Бұның мағанасы жақсы тілекті білдіреді: «сізге алланың нұры жаусын» деген сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер кісілермен əр түрлі жастағы ерлер амандасқанда жиі қолданады. Тілегін қабыл алып, қарсы адам: «Уағалейкүм ассалам!» деп оң қолын ұсынады. Ол «Алланың рақымы сізге де жаусын!» деген сөзді білдіреді. Ауыз ашар Салтта ауыз бекіткен яғни ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіледі, сыйлайды. Сонымен кешкілік күн батқан соң оларды «ауыз ашарға» шақырып, дəмді, сыбағалы тағамдар ұсынып, сауабын алады. Ораза ұстағандарды шақыру қасиетті дінімізді де, оған бас июшілерді де құрметтеудің белгісі. Алтын той Ерлі зайыптылардың бірігіп 50 жыл өмір сүргенде жасалатын үлкен той. Тойға үлкендер мен жастар шақырылып, жақсы тілектерін білдіріп жатады. Асар Қазақ халқының өміріндегі еңбек үрдісіне байланысты туған бұл ізгілікті дəстүр бойынша, белгілі бір шаруаны үлкен-кіші демей, барлық ауыл адамдары болып бірігіп тындырады екен. Көптің күшімен атқарылатын мұндай іс-қаракетті асар деп атаған. Ауыз тию Ауыз тию, дəм ауыз тигізуқазақтың ежелден келе жатқан ғұрыптарының бірі. Үйіне кім келсе де, қазақ дəм ауыз тигізбей аттандырмаған. Ажырасаяқ Ажырасар аяқ деген сөздің қосылып, қысқартылған түрі. Ұзақ уақыт бойы ауылдас, қоныстас болып, тағдырдың жазуымен əлде ішкі отбасылық, өзгелей бір себептермен басқа мекенге қоныс аудармақшы шаңырақ, көшер алдында көрші-қолаң, ауыл-аймақ, туған –туыстарын шақырып, ажырасаяқ береді. Ажырасаяқ беру арқылы көшетін шаңырақ ауылдастарына деген ақ, адал ниетін білдіреді, қимастық көңіл-күймен Алладан аман-есен көрістіруді тілейді. Айып Қазақта əлдебір жағдайда кінəлі, жазықты болып қалғандарға “ат-шекпен айыбын төлету” салты бар. Айыптың түрлері сан алуан. Болар-болмас жеңіл кінəлары үшін айыпкер той иесінің немесе өзі ренжіткен адамның айтқанын орындауы керек. Мəселен, көптің алдында кідіріссіз он аяқ қымыз ішу, т.б. “Ат-шекпен айып төлету” деген сөз тіркесі осыдан қалған. (Жалғасы бар).
Алаяқтың жолы кесілді Сотталушы К. 2012 жылдың қараша айының 22 жұлдызы күні заңсыз пайда табуды көздеп, ірі мөлшерде алаяқтық жасаған. Ол сенімге ие болып, бөтеннің мүлкін алдап сатқан. Яғни азамат К. көршісі Н. мен танысы М-ға Шымкент қаласы, Жиделі елді-мекеніндегі «Ынтымақ» өндірістік кооперативінен шаруа қожалығын құру мақсатында бөлініп шыққан балдызы А-ның 4,70 га егістік жерін өзіне тиесілі екенін алға тартып, оның ішінен екі жер телімін сатамын деп көрсеткен. Əр бір жер телімінің құнын 5000 АҚШ долларына бағалаған ол, тіпті жер телімін алып жатса, сол жерден тұрғын үй салу үшін қажетті құжаттарын рəсімдеп беремін деп сеніміне кірген. Сөйтіп екі жер телімін сатып, одан 10 000 АҚШ доллар ақшасын олжалаған. Сөйтіп М. есімді танысын əпсəтте тақырға отырғызып кеткен. Алайда оңай олжа орға түсірді. Тергеу-тексеру жұмыстарының барысында сотталушы К-ның алаяқтың жолмен алдап, бөтеннің ақшасын заңсыз жолмен қалтаға басқаны анықталды. Өз кезегінде ол өзіне тағылған айыптардың барлығын мойындай отырып, құзырлы орган қызметкерлеріне жасаған əрекеттеріне іштей өкінетінін де мəлімдеген. Соттан өзін қатаң жазаламауды да сұраған. Азамат К. алаяқтығы үшін ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «Б» тармағымен кінəлі деп танылып, осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айрылу туралы үкім шығарылды. Сөз соңында К. жəбірленушіге жасаған материалдық жəне моральдық зиянды өтегенін де айта кетейік. А. КҮДЕРБЕКОВ, Шымкент қаласы, Абай ауданы прокурорының көмекшісі
¦ÄIËÅÒ
ҚОҒАМ
ТЇЙЕ СЇТІ –
ТАУСЫЛМАС, САРҚЫЛМАС БАЙЛЫҚ
Шұбаттың ағзаға пайдасы мен емдік қасиеті №43 (202) көп екені ғылыми тұрғыда дəлелденген 21.11.2014 жыл Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үздік бизнес-жобалар байқауына қатысып, жеңімпаз атанғандардың арасында Солтүстік Қазақстан облысы, Уəлиханов ауданының мұғалімі Нұрболат Жанай да бар.
3
келіпті. Осылайша бие сауып, қымыз ашытып отырған ол 1 миллион 700 мың теңгенің құрылғысын алу үшін Өскемен қаласындағы «ҚазАгро» компаниясынан тапсырыс беріп қойыпты. Өндіріске
Солтүстікқазақстандық мұғалім бие байлап, қымыз ашытады Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ, Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, жоғары дәрежелі дәрігер, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері, «Жас-Ай»Шығыс Тибет Медицина орталығының бас директоры:
Мұсатіллә ТОҚАНОВ, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің агроөнеркәсіп кешені мен су қоры мәселелері ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты:
– Қазіргі таңда емдеу жүйесінің көптеген түрі табиғи өнімдерге ауысуда. Олардың қатарында атабабаларымыз дəріптеп, бүгінгі ұрпаққа сары майдай сақтап жеткізген төрт түлік мал өнімдері бар. Солардың ішінде Ойсылқара түлігінің өнімдеріне тоқталсақ. Ол – түйенің еті, өркеші, сүті. Бұлардың барлығы да ағзаға ем. Түйенің сүті – ақ шұбаттың ағзаға пайдасы мен емдік қасиеті көп екені ғылыми тұрғыда дəлелденген. Адам денсаулығы үшін кез келген тағамның оның құнарлығы мен қуаттылығы маңызды. Адамға ауруды жеңу үшін иммунитет керек қой. Қандай да сырқатпен ауырған кезде мейлі ол тұмау болсын, суық тиген болсын, басқа да вирустық-инфекциялық ауруларға шалдыққанда ағзада онымен күресетін иммунитет пайда болады. Иммунитет адамға нəрлі тағам мен құнарлы астан келеді. Сондықтан да «ас – адамның арқауы», «ауру – астан» деп бекер айтылмаған. Адам ағзасындағы иммунитетті күшейтіп оны нығайтуда шұбаттың алар орны орасан. Иə, біз бұған дейін ешкі сүтін адам ағзасына бірден-бір қажетті сусын екенін талай жерде айтып жүрдік. Дегенмен де Шекшек ата төлінің сүті барлық дертке дауа бола бермейді. Ал шұбат кез келген ауруға ем. Түйе сүтінің құрамында А, В, В1, В2, С, Д, РР дəрумендері бар. Бұлардың арасындағы Д дəрумені адам сүйегінің ішіндегі майдың қан жасау процесін жақсартады. Сүйектің жұмсарып, босап кетуінен сақтайды. Кейбір адамдардың жасынан бұрын қартайып, шөгіп кететінін байқаймыз. Бұл əлгі Д дəруменінің жетімсіздігінен болады. Бұл дəруменнің аздығынан кейбір адамдардың сүйегі қисаяды, оның соңы омыртқа арасындағы шелдің жоғалуына, омыртқаның қисаюына əкеледі. Мұның бірден бір емі – шұбат. Оны əлемдік медицина дəлелдеген. Бүгінде біз медицина саласы дамыған деп жар саламыз ғой. Бірақ оның дамуы кенжелеп тұрған сəтте де біздің бабаларымыз осы төрт түлік өнімдерін үздіксіз тұтыну арқылы сан түрлі аурулармен күресіп отырған. Қазақ емінің ең бағалысы – шұбат. Оны тағам ретінде тұтынып, сусын ретінде де ішуге болады. Оны тағам ретінде қолдану əбден қолайлы. Оның құнарлылығы соншалық, ішкен соң нан жемей-ақ тоқ жүруге болады. Ал қымыз ішкеннен кейін міндетті түрде ас ішу керек. Шұбат ең алдымен адамға əл-қуат береді. Өтей Бойдақ, Ибн Сина, Əл-Фараби сынды ғұламаларымыз осы түйенің сүтімен құрт ауруын жеңген. Оны дəрілік зат ретінде пайдаланған. Сосын əлсіз туылған сəбилер, мешел балалар, егде тартып қартайғандар, ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар мен хирургиялық ота жасатқандар шұбатты тұтыну арқылы артық қуат алатынын əсте ұмытпаған абзал. Жүрек соғысы ырғағының бұзылуы əлсіздіктен пайда болады. Осы дерттен құлан таза айықтыруға шұбаттың бірден-бір ем екеніне шүбəсіз сеніңіз. Бұл сусынның құрамындағы бірнеше дəрумендер жүрек қан айналымын жақсартып, оның ойдағыдай қызмет етуіне септігін тигізеді. Кейде біз оны кəрілікке қарсы дəрі деп те атаймыз. Асқазаны ұзақ уақыт ауырған адамдарда осы сусынды сіміріп ішуді əдетке айналдырғаны жөн. Кейде адамдар дұрыс тамақ ішу режимін ұстамайды. Соның салдарынан тағамды қорытатын сұйықтық көп мөлшерде бөлінеді де, ол түктері мен қыртысын жойып, асқазанға кері əсерін тигізеді. Салдарынан түрлі асқазан аурулары пайда болады. Міне, осындай кезде шұбатты пайдаланса, ол асқазанда бір қабат «пленка» тəрізді зақымдалған жерді жауып тұрады. Ағзадағы қан сақтайтын қойма ол – көкбауыр. Шұбатты тұтыну оның сыйымдылығын арттырады. Ол дəрумендерді сыртқа жібермей, қанға толық сіңуін жолға қояды. Ал əртүрлі бауыр ауруларымен ауыратындарға шұбатты тамақтан кейін пайдалануға кеңес береміз. Өйткені түйе сүті майлы келеді. Ал артық май бауырға салмақ түсіреді. Жалпы босану кезінде көп қан жоғалтқан əйелдер, жүйке жүйесі шаршаған жандар мен ұйқысыздыққа тап болғандарды шұбатпен емдеген дұрыс. Сонымен қатар, вирустық аурулар, тұмау, ұзақ уақыттық дизентерия кезінде қабылдаған күшті дəрілердің ағзаға беретін кері əсерін болдырмау үшін шұбат пайдаланылады. Ежелде қазақ дəруменнің қайнар көзі – шұбатты көп тұтынған. Ата-бабамыз сақтап, бізге табыстаған кең-байтақ, көлемі жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орында тұрған қазақ жерінде төрт түлік малымызды, əсіресе, түйені көптеп өсіріп, оның өнімін молынан пайдалансақ керемет болар еді. Түйе өсіріп, бағу шаруаға өте қолайлы. Шөлге шыдамды түйе өзге түлік тəрізді аса көп күтімді қажет етпейді, тақыр, шөлейт жерде де өсе береді. Міне, осы түйе сүті өнімдерін өзіміз пайдалансақ, шетелге оның өнімін экспортқа шығаруды да жолға қойсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Бұған сұраныстың өте жоғары деңгейде боларына сенімім мол. Өйткені біздің даланың топырағы химиямен уланбаған табиғи таза болып табылады. Ал осындай құнарлы жерде өскен малдың өнімі дəруменге бай емес пе? Оны шетелдіктер біледі. Сондықтан да ерекше қызығушылық танытатыны сөзсіз. Шұбат жөнінде тек қазақ тілінде ғана емес орыс жəне ағылшын тілдерінде насихаттау қажет. Сонда оған деген сұраныс арта түседі.
– Шұбатты 1982 жылдан бері зерттеп келемін. Ол біздің ұлттық сусынымыз жəне біздің брендіміз болуы тиіс. Айта берсең шұбаттың пайдасы шаш етектен. Бір литр шұбат адам ағзасын бір тəулікте қажет ететін дəрумендермен қамтамасыз етеді. Бір литр түйе сүтінің қуаттылығы 911 ккал болса, сиыр сүтін 660 ккал. Осыдан-ақ оның пайдасын бағамдай беруге болады. Шұбат құрамында адам денсаулығына пайдалы түйіршік ақуыздар бар. Шұбат ерлердің қуат күшін арттырса, əйелдерде болатын климакс кезеңіндегі жағымсыз əсерлердің өршуін тежейді. Құрт ауруы, қант диабеті, қан аздық пен қатерлі ісік дерттеріне осы сусын түрі үлкен ем болады. Отандық жəне Батыс ғалымдары кез келген адам алты ай бойы күнделікті ас ішер алдында 1 литр шұбат ішсе обыр, тыныс алу, асқорыту жолдарын, жүрек қан тамыры сияқты ауруларын емдей алатынын мəлімдеп отыр. Шұбаттан табиғи шұбат, шұбат сусыны, балқаймақ, биойогурт (қант диабеті мен іш құрылысының əртүрлі ауруларына қарсы), құрғақ шұбат, таблетка түріндегі шұбат пен құрғақ шұбаттың түйіршіктері өнімдерін алуға əбден болады. Бүгінде балалар йогуртын сиыр сүтінен дайындайды. Өз кезегінде ол бала ағзасына айтарлықтай пайда бермейді. Өйткені сиыр сүтінің құрамы ана сүтінің құрамына мүлде ұқсамайды. Сондықтан зат алмасу процесін бұзып қант диабеті сияқты ауруларды тудыруы мүмкін. Адам ағзасына ең пайдалысы – түйе сүті. Алайда түйе сүтін ең көбі екі апта сақтауға болады жəне түйені Қазақстанның барлық аймақтарында өсіре бермейді. Кез келген қазақ түйе сауып, шұбат дайындамайтыны айдан анық. Ал адам денсаулығына орасан зор пайдасы бар емдік қасиеті мол өз елімізде өндірілетін өнімді бар қазақтың тұтына алмайтыны өкінішті. Менің түйе сүтінен йогурт жасауды жəне таблетка, құрғақ ұнтақ түріндегі шұбатты ойлап табуым міне сондықтан. Оны қалай өндіру керектігі жөніндегі нұсқаулықтар бар. Бірақ осы істі толықтай қолға алуға қаражат жоқ. Енді тек мемлекеттен көмек күтеміз. Осылай жүргенде шұбатымызды да біздің бренд деп шетелдіктер иемденіп ала ма деген қауіп бар. Шұбаттан құрғақ таблеткалар шығаруды Шымкенттегі «Химфарм-Sanто» компаниясы қолға алған еді. Олар бұл іске аса қызығушылықпен кірісті. Өкінішке орай, бүгінде ол мекеменің басшысы ауысып, таблетка түріндегі шұбатты шығару ісі тағы да кейінге қалып қойды. Шұбатты екі апта ғана сақтауға болады. Ал құрғақ сүтті 3 жылға дейін сақтау мүмкіндігі туып отыр. 1 таблеткада 1,24 грамм шұбат бар. Жуырда елімізде өткен экономикалық форумға Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің өкілдері қатысқан болатын. Олар біздің таблетка түріндегі шұбатымызға ерекше қызығушылық танытты. Табиғи өнімдердің көптеп тұтыну олардың негізгі қағидаларының бірі екен. Тіпті оны таблетка түрінде емес, капсула түрінде шығару идеясын ұсынып, оған қаржы құюға да жоқ демейтіндіктерін айтып қалды. Өйткені, таблетка түріндегі шұбатқа 0,25 мг. қоспа қосылса, капсулалар жұмыртқаның сары уызынан жасалатындықтан ағзаға түскен соң бірден еріп кетеді жəне ешқандай кері əсерін тигізбейді. Кейбір кəсіпкер інілеріміз «аға менің 100-200 түйем бар. Сіздің идеяңызды іске асырсақ, келісім шарт жасасақ» деп келеді. Мен оларға шұбаттан өнім алу технологиясын асықпай түсіндіремін. Өндірілген өнімнің құны 100 теңге болса, оған өндіруші кəсіпкер 30 теңге қосса, мен сол 30 теңгенің 5 теңгесін сұрасам ешкім келіскісі келмейді. Осындай кереғар пікірлерден барлығы сөз күйінде қалып қояды. «Кетпен болма, маған, маған дейтұғын, ара болғай, бірде саған, бірде маған дейтұғын» деген. Бізді құртатыны сол кетпеннің керін кию ғой. Ал шетелдік ғалымдар жаңалық ашса, оған бірден көңіл бөлініп, жағдай жасалады. Жанына технолог, биолог, химик, маркетолог жəне сол сияқты мамандарды қосып идеяны іске асыруға кіріседі. Ал бізде жаңағы мамандардың бəрі бір өзің. Бəрін зерттеп, дəлелдеп патент алғаннан кейін де өнім өндіру мəселесі қаржыға келіп тіреледі. Мен осы шұбатты зерттеп 8 патент алдым. Егер осы түйе сүтін өндіруді қолға алсақ, оны экспортқа шығарсақ халықаралық нарықта елдің алдында болмаса да бел ортасында жүрер едік. Олай дейтінім, түйе сүтінің бағасы мұнайдан 38-40 есе қымбат. Ал табиғи өнімге нарықта сұраныс үлкен. Түйе сүтінен қант диабеті ауруын емдейтін «биологиялық белсенді қоспа» да əзірлеуге болады. Сонымен қатар, обыр дертін тежеуге болатын бірден-бір фермент лактоферронды да түйе сүті құрамынан таба аласыз. Дегенмен бұл жобаны іске асыру оңайға соқпай тұр. Өйткені ол 15 жыл бойына зерттеліп, мақұлдануы тиіс. Жақында бір танысым Қытайға барып келген еді. Ол аспанасты елінде құрғақ шұбат таблеткаларының шығарылып жатқанын айтты. Яғни, біздің ашқан жаңалығымыз өзгенің пайдасына асып жатыр деген сөз. Бүгінде докторлық жұмыс қорғау үшін əр ғалым 13 ғылыми мақаласын шетелдік басылымдарға жіберуі керек. Ал бұл дегеніміз – автор өз идеясын, зерттеулерін, жасалу технологиясын түгелдей өзгелерге «балаға нан шайнап бергендей» түсіндіреді. Сосын өзіміз ашқан жаңалық өзімізге жаңарып қайта келеді. Айтайын дегенім, өзгелер біздің идеямызға аз ғана өзгерістер енгізіп кəдеге асырады. Асыл тұқымды түйелер өсіріп, оның сүтінен жоғарыда аталған өнімдерді шығарсақ экономикамыздың дамуына сеп берер едік. Ата-бабамыздан қалған ұлттық сусынымыз бүкіл əлемге дəріптелер еді. «Мұнайға баймыз» деп кеуде кере мақтанамыз. Алайда елдің бұл ен байлығы да бір күні таусылады ғой. Ал түйе сүті сарқылмас байлық болар еді. Дайындаған: Бақтыгүл КƏДІРҒАЛИҚЫЗЫ.
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Ол «Жастар кадрлық орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Табысқа жол салған жас кəсіпкерлер» бағдарламасы бойынша қымыз өндіру құқына ие болды. Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы музыкалық колледждің түлегі Нұрболат бүгінде өзі туған Кішкенекөл ауылындағы №1 мектепте музыка пəнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Жаз жəне көктем айларында қызмет көрсететін қымызхана ашқан жас кəсіпкердің алдағы мақсаты – қазақтың ұлттық сусынын жыл бойы өндіру. Ол үшін ағасымен бірлесе отырып, Қамбар ата түлігін 500ге дейін көбейту. Қазір бағымдарында 10 бие бар. Əзірге ауылдастарының сұранымын қанағаттандырып отырған кəсіпкер мұғалім «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 3 миллион теңге жеңілдікті несие алуға қажетті құжаттарды дайындауда. «Менің ауылым Ресеймен шекаралас. Екі елге қатынайтын жолаушылар көп. Осы жағдайды ескере отырып, жол бойынан қымызхана салып, түрлі ауруларға ем болатын шипалы дəруді сату ойымызда бар», – дейді Нұрболат
Жанай. Ол Ақтөбе қаласында өткен жас кəсіпкерлердің республикалық бірінші форумына қатысып, тəжірибе жинақтап
қажетті өзге құрылғыларды Қытай мен Ресейден əкелмек. Өмір ЕСҚАЛИ.
Шырақшының көкейін тескен не,
КӨПТІҢ САДАҚАСЫ МА? Жабай тоқсаба əулиеге арналып 1996 жылдың мамыр айында Сарыағаш ауданынан 90 шақырым қашықта орналасқан Əлімтау даласындағы «Жабайдың белгісі» басына орнатылған кесененің салтанатты жағдайда ашылғаны ел есінде. Бүгінде ол жерге жыл он екі ай бойы еліміздің əр өңірінен адамдар ағыл-тегіл ағылып, зиярат етеді. Ол жерге барып, түнегендердің дені қасиетті бабаның назарына түсіп, қауіп қатерден құтылып, дерттен дауа тауып, ісі алға басады. Бұл жайында сөз қозғамас бұрын, алдымен Жабай ата туралы оқырманға аз-кем ақпар беріп өтелік.
рат жасайды. Əулиелік кереметіне халық бас иген қасиетті Жабай ата кесенесіне жыл маусымының кез келген уақытында келушілердің қарасы үзілмейді. Көпшілігі сол жерде мал сойып, құрбандық шалады. Атаның қасиеті қонған бұл жерге келушілер кемі бір күн түнеп шығады. «Жабай белгісі» кесенесінің басына қонған жандарға
Жабай ата кесенесі
XVIII ғасырда өмір сүрген Жабай Қазыбекұлы Қазыбек атаның үйі Сыр бойы сіргелілерінің ақ ордасында өскен. Жастайынан ерекше зейінді, зерек əрі алғыр болып өскен ол 1758 жылы Абылай ханның əскер бастықтары санатында болған. Оған Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романындағы «Хан кеңесі Бөкей, Садыр, Жабай басқарған Ұлы жүздің қолдары Қоқан əскерін Бадам мен Арыс өзендерінің бойында қарсы алсын деп шешті» деген жолдары дəлел. Жалпы сол кездерде ханның əскер бастығы дəрежесіндегілерге тоқсаба атауы берілген. Тұғырлы тұлғаны Жабай тоқсаба деп атауы міне сондықтан. Жабай баба көзі тірісінде-ақ аузы дуалы болған. Туған туыстары оның бетіне келіп, қарсы шықпайтын. Барлығы да қасиетті бабаның еркінен тыс киесі бар екеніне талай рет көз жеткізіп, содан секем алатын. Осы ретте мына бір жəйтті айта өтейік. Жабай бабаның тоқсабалығы мен байлығына ие болған бірінші əйелінен тараған ұлы Мамадиярдың жұбайы жас кезінде боз биенің сүтіне шомылғанды əдетке айналды-
рады. Оның бұл жөнсіз қылығын жақтырмаған Жабай ата баласы Мамадияр арқылы наразылығын білдіріп, ескертеді. Бірақ келіні оның бұл сөзіне еш мəн бермей, сүтке жуынуын жалғастыра береді. Келінінің бұл кесепат қылығына қатты ашуланған əулие ата оған: «Тұқымың құрысын, тұқымың құрғыр» дейді. Оның осы наласынан соң, Мамадиярдың зайыбының балалары əр кезде, түрлі жағдайда шетінейді. Тіпті құрсақ көтермейтін жағдайға дейін тап болады. Оның қасиеті туралы ел ішінде осы сынды əңгіме көп. Жабай атаның сүйегін ұрпақтары Өзбекстан Республикасындағы Ташкент шаһарында жерлеген. Ал оның мəйіті сол Əлімтау даласында, Жабай ата кесенесі маңында жуылған. Əулие ата қайтыс болғаннан кейін өзінің ұрпақтарына түсінде аян беріп, «Менің жуығыма барыңдар, менің рухым сол жерде, əулиелік қасиетім, бойымдағы нұрым, осы мəйітім жуылған жерде қалған» - деп аян берген. Сондықтан да бүгінгі жұрт қасиетті бабаның мəйіті жуылған жерге барып, тəу етіп, зия-
əулие баба аян беріп, шапағат нұрына бөлейді. Мұндай тылсым құдірет пен ғажайып ғаламатты бастан өткерген адамдар жетерлік. Жабай бабаның басына көбіне-көп құрсақ көтере алмай, перзентке зар болып жүрген əйелдер мен жолы ашылмай, дəулет сұрағандар көп барады. Жеті баланы дүниеге əкелген бір ананың тұңғышынан басқасының барлығы да о дүниелік болып қала береді екен. «Үміт ету пендеден, жарылқамақ Алладан» деген. Сосын əлгі əйел дін аман тұрған тұңғыш баласын жанына ертіп, Жабай баба белгісіне барып түнейді. Əлгі бала ұйқыға кеткенде түс көреді. Түсінде сұңғақ бойлы қара кісі қара табан болып қалған жеткіншекке, «жаурап қалма балам» деп үстіне көрпе жауып кетеді. Дəл осы түсті анасы да көреді. Түсінің мəнісін шырақшыға айтқанда ол: «Қарағым, əулие ата ниетіңді құптапты. Көрпеге таласар көп перзент сүйесің» деп жорыған екен. Бұған дейін алты баласын жоғалтып, етегі жасқа толған келіншек аз уақыт өткеннен соң он бір перзент сүйіп алтын құрсақты аналардың қатарын толықты-
рады. Бүгінде ол немерелерінің күміс күлкісіне шомылып жүр. Бір отбасының үлкен ұлы туылғаннан бастап, өте əлсіз əрі аурушаң болды. Күнəра, кейде күнде жылап мазасы кете береді. Одан соң оны апасы Жабай атаға əкеліп, түнетеді. Сонда қасиетті баба баланың апасына оның тұсауын шешуін бұйырады, бақса, жеткіншектің екі санын ақ матамен қатты матап қойған екен. Шешіп жібереді. Содан бір-екі күн өте баланың денсаулығы жақсарып, көңілі көтеріліп, сырқатынан құлан таза айығып кетеді. Ел аузында Жабай ата əруағы туралы тылсым күшке ие мұндай таңғажайыптар көпақ. Қысқасы кесенеге түнеген жандарға Жабай ата аян береді. Əдетте перзент тілеп зиярат еткендерге асық, моншақ табыстайды. Ал ауруынан айығатындарға ақ батасын беріп, ақ орамалды тарту етеді. Егерде өзіңізге əулие ерекше ықыласын түсірсе, үстіңізге көрпе немесе шекпен жабады. Бұл оның қолға алған ісіңіздің Құдай оңдап, тасыңыздың өрге домалайтынын білдіргені. Əңгімеміздің əлқиссасын осы қасиетті баба əруағына арналып 1996 жылы Сарыағаштағы Əлімтау жерінде көк таспен көмкерілген көрікті кесене тұрғызылғанын айтудан бастаған едік. Бұл баянды істі қолға алу туралы бастаманы Еркебай Бүрлібаев көтеріп, ұйымдастырып, аяғына дейін жеткізуді қолға алған. Есімі елге таныс Еркебай Бүрлібаев Жабай атаның бірінші əйелінен тараған ұлы, датқалық қызметіне ие болған баласы Дəулетиярдың төртінші ұрпағы, яғни шөбересі болып табылады. Аталмыш кесене құрылысы Ерекеңнің үлкен ұлы Тасқынбай Бүрлібаевтың жеке қаржысына жүргізіледі. Бұл ретте жергілікті халықтың да ақша шығарып, үлес қосқанын айта кеткен жөн. Кесене соғылған соң оған зиярат етіп келушілерге жөн сілтейтін шырақшы қызметін Өмір Қойшығұлов сол кездегі Отырар ауданының «Қожатоғай» кеңшарындағы А. Иманов атындағы орта мектепте директор қызметін атқарған Еркебай Бүрлібаевтың рұқсатымен болып, бұл азамат шырақшылық қызметті 15 жыл бойы, дəлірек айтсақ 1996 жылдан 2011 жылға дейін атқарады. (Жалғасы 4-бетте).
¦ÄIËÅÒ
АЙТПАЙЫН ДЕСЕҢ...
(Соңы. Басы 3-бетте). Бірақ соңғы жылдары киелі кесенеде, баба рухына тағзым етіп, діни сауаты жоғары, адамгершіліктен аттамай, халыққа адал қызмет көрсететін шырақшы табылмай-ақ қойды. Шырақшы болып қойылғандар аз уақыт өтпейақ шынайы бет пердесін ашып, адам ұялатын əрекеттерге ұрынып жүр.
Жабай атаның жуығы болған жерге тұрғызылған кесенесіне кез келген жыл маусымында адам аяғы үзілмейді. Зиярат етушілер үшін арнайы мейманхана, шырақшының өз жанұясы тұратын үй салынған. Ағаштар отырғызылып, маңайы биік шарбақтармен қоршалған. Жалпы келушілер үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Өмір Қойшығұлов ағамыз шырақшылықтан кеткеннен
біз қорға түскен қаржыны қалтаға баспаймыз. Оны сол кесенені көріктендіруге, айналасын абаттандыруға, меймандар жататын орындарды жөндеуге, келушілерге жағдай жасауға жұмсаймыз. Ал Ғұламрашид кесенеге түскен қаржыны өз мүддесіне жарату үшін қорға өткізбеген. Бұған лəм-мим демедім. Ал енді киелі жерде ойына келген сандырақ сөздерді айтып, шу
Қасиетті баба кесенесіне бір күнде 100 адам зиянат жасайды уақтылы бермеді. Оны тек арызданып жүріп, 17-қарашада ғана алдым. Тіпті жүргізілген сотқа түсінбей де қалдым. Менің талап-арызым сотқа 16 сəуірде берілген болатын. Содан «құжаттарың дұрыс екен, шешім шығарып беремін»деп жүрген судья Зəуре Əлсеева , «срок өтіп кетеді, маған мынадай арыз жазып бер»,- деп, өзі жіктеп айтып отырып, маған арыз жаздырып алған. Мен оған
№43 (202) 21.11.2014 жыл
болып саналатындықтан, 2001 жылы заңсыз берілген деген негізбен, жеріме берілген құжаттардың күшін бұзу туралы шешім шығарады. Осылай деген Ербол Еркебайұлы «Ғұламрашид ағамыз бұрындары бірдебір рет əулие ата басына келмеген. Соған қарамастан оның келушілерге «өмірімді Жабай атаға арнағанмын» деп жалған сөйлейтінін қайтерсіз. Ал
Шырақшының көкейін тескен не, Бұл жəйтті редакциямызға арнайы келген Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкер, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Ы. Алтынсарин атындағы жəне басқа да бірнеше медальдармен марапатталған, КСРО жəне Қазақ ҚСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері, «Жабай тоқсаба əулие», «Жабай баба», «Ойсыл» баба – Сіргелі ұрпақтары, «Жабай атаның киесі» деген кітаптардың авторы Еркебай Бүрлібаевтың туған ұлы, Жабай ата бабаның бесінші ұрпағы Ербол Бүрлібаев баян етті.
- Сондай ұят əрекеттердің жолын кесу мақсатында сотқа шағымдандым, деді Ербол Еркебайұлы сөзін əрмен сабақтап. - Сот сағызша созылған бұл мəселеге əділ шешім шығарып, соңғы нүктені қоя ма деген нық сенімімді де ақтамады. Қойшы əйтеуір, бірнеше ай бойы осы мəселенің соңында жүрген еңбегімнің бəрін судья əп-сəтте еш етті ғой. Сіздерге ұғынықты болу үшін мəселені басынан бастап түсіндірейін. – Өзім «Сіргелі Жабай ата» қайырымдылық қорын аштым, əрі оның төрағасы боламын. Мен 2011 жылдан бастап, Жабай атаның əруағына қызмет ете бастадым. Дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге əулие болып келген
кейін, мен қор төрағасы болған соң, бұл қызметке Жабай атамыздан тарайтын Асан көкемізді қойдым. Ол өз еркімен өзінің отбасының кесене басына көшіп келмеуі себепті жұмыстан кетті. Содан кейін Жомарт деген ағайынымның кеңесімен 2013 жылдың 16-шілдесінен Досанов Ғұламрашид есімді азаматты шырақшы еттім. Бұл кісімен бұрыннан ешқандай алыс-берісім, таныстығым да жоқ еді. Молданың баласы деген соң сенім артқан едім. Бірақ сенімім селкеу тартты. Осы жылдың наурыз айында демалыс күндерді бетке алып, достарыммен кесене басына келген едім. Мал сойылып, дастархан жайылды. Бірақ əлігі шырақшымыз бізбен дастархан басында отырмады. Ішімнен таңмын. Содан ертесіне Жабай ата кесенесіне кірсек, боқтық сөзді боратып өзінен-өзі шала бүлінеді. Сабырға шақырсам да тоқтамайды. Өзімді ұстадым. Өйткені атаның басында шу шығару мен үшін қылмыспен тең. Сосын Сарыағашқа келген соң, онымен бетпе-бет жүздесіп, өткендегі қылығының себебін сұрасам, «олай айтпадым» деп сөзінен тайқыды.
Оның бұл қылығы мен жұмыстағы басқа да кемшіліктері үшін қызметінен босатсам да, үйді босатпай отыр. Ал алғаш жұмысқа қабылданар кезінде, адамдардың көзінше «қызметіңнен кет деген күні кетемін. Жас кезімде жастық албыртпен көп қателікке бой алдырыппын. Мақсатым құлшылық жасау арқылы сол күнəларымды жуып-шаю» деген-тін. Мен бұл кісінің көптеген кемшіліктеріне көз жұма қарадым. Мəселен зиярат етіп келушілерден ақша алынбайды. Оған қатаң тыйым салынады. Тек кейбір азаматтар шын ықыласпен азын-аулақ теңге тастайды. Кейбірі өздерімен бірге мал əкеліп, құрбандық шалады. Əрине,
4
отырған «Жабай ата» ЖШС-нің үш құрылтайшысының бірі менің əкем Еркебай Бүрлібаев болса, екіншісі Нұрболат Айтбаевтың 2008 жылы қайтыс болған марқұм əкесі еді. Бұл жерде сот көп нəрсеге көз жұмып отыр деп санаймын. Сонымен қатар, «Жабай ата» ЖШС-не 2 га жер 2008 жылы беріліп, 2011 жылы мемлекеттік тіркеуден өтсе, сонда басында Өмір Қойшығұловтың атына 20 соттық жерге берілген шешім мен мемлекеттік актінің алдымен заңды күші жойылуы тиіс емес пе? Сол жойылмағандықтан маған сыйға тартылып, менің атыма бірнеше
КӨПТІҢ САДАҚАСЫ МА?
шығаруына жол бермеймін деді. Сотқа шағымданған соң Ербол Бүрлібаев судьяның бұл іске соңғы нүкте қоятын күнінің ауылы алыс болмайды деп бек сенімде болған еді. Бірақ... Бұдан əрі Ербол Еркебайұлы былай деп сөзін жалғастырды: – Қаншама жыл бойы сол орнында тапжылмай отырған соң, Өмір Қойшығұлов ағамыз кетемін деп ойламаған шығар, кім біледі? Есесіне кесенеге, зияратшылар жататын мейман бөлмелерге мүлдем зер салмаған. 2011 жылы қорға төраға болған соң, кесенеге əр беріп, қонақтар пайдаланатын ыдысаяқтарды жаңартып, тозығы жеткен көрпе төсектерді жаңаладым. Енді ол жерге баратын жолмен, су проблемасын біржолата шешетін ұңғыма салу туралы келіссөздер жүргізудемін. Ал Өмір көке мұндай жұмыстарды «ұсақ-түйекке» балап, гектар-гектар жер алуды жөн көреді. Бұл қылығын бұрыс деп тауып, өзі дер кезінде ақылға келген ақсақал 28- наурыз 2014 жылы маған келіп, 20 соттық жерді түгел-тұтас сый ретінде нотариалды түрде сыйға тартып, үй, қора жайларды тапсырады. Ал оның алдында өзіндегі түгел емес, құжаттарды түгелдеу жəне дұрыстау үшін ол маған 2013 жылдың 18-шілдесінде сенім хат берген. Барлығын өз атыма тіркеген соң, шырақшылық орынды босатпаған Ғ. Досановтың орнына басқа шырақшы алып, отырғызу үшін үйден мəжбүрлеп шығару туралы сотқа шағымдандым. Содан шешім күтіп жүргенімде бұл іс судья Зəуре Əлсееваның өндірісінен ҚР АІЖК-нің 171-бабының 3-тармағына сай судья Нұржан Жұмабаевтың өндірісіне өтеді. Бұл жəйттің қаншалықты заңды екеніне күмəнім бар. Себебі, тараптар əр түрлі. Оның үстіне менің талапарызымда тек жауапкер Досанов Ғұламрашид, яғни, екеуміз ғанамыз, əрі мен талапкермін. Ал сонда заң бабындағы «...не бір талап қоюшының əр түрлі жауапкерге немесе əртүрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша ...» деген заң нормалары қайда қалады? Судья 3-істі біріктіргені туралы ұйғарымды да маған
имандай сеніп жүргенмін, бірақ, ол менің заңды білмейтінімді, əрі, адвокат алмағанымды пайдаланған екен. Бұрын соттарды əділ, иманды адамдар деп ойлаушы едім, бірақ, судья Зəуре Əлсееваның іс-əрекетінен кейін барлық судьяларға да күмəнмен қарауға құқым бар секілді. Сонымен судья, Нұржан Жұмабаев үш талап арызды, бір іс бойынша талапкер менің, екінші іс бойынша талапкер Өмір Қойшығұловтың жəне үшінші іс бойынша талапкер Нұрболат Айтбаевтың істерін қосып қарап, 06.10.2014 ж. Ғ. Досановты үйден мəжбүрлеп шығару туралы талапарызымды қанағаттандырусыз қалдырып, Нұрболат Айтбаевтың (Шымкенттегі «Авто-Нұр» базарының иесі Талғат Айтбаевтың туған інісі) талап-арызы бойынша 2001ж берілген менің иелігімдегі жер аумағы Сарыағаш ауданының арнайы қорындағы меншік
кесенеге келіп түскен ақша мен қойларды жиып-теріп, өз пайдасына ғана жаратуды жөн санап, жұрттың алдында «қой аузынан шөп алмас жуас» болып, былайғы жерде жалаң сөйлеп жүретін Ғұламрашидпен жаға жыртысып, оның дəрежесіне түскенім жараспас деп, сот орындарына шағымданған едім. Бірақ «Сенген қойым сен болсаң...» дегеннің кері болды ғой. Сот шешіміне апелляциялық шағым жазып, облыстық сотқа шағымдандым. Мен заңгер емеспін, бірақ, бұл жерде тағы бір айта кететін нəрсем, жер комитетіндегі қызметкерлер немесе талапкер Нұрболат Айтбаев заңсыздыққа барып отырған сыңайлы. Себебі, осы істерді қарау барысында бір заңсыздықтың құлағы қылтиып тұр. Нұрболат Айтбаев басқарып отырған «Жабай ата» ЖШС-не тиесілі 2 га жерге оның беріп отырған талап-арызының мəтіні бойынша кесене, үйлер кірген, яғни, серіктестікке тиесілі жердің үстінде орналасқан. Ал, жер комитетінің мұражайында сақталған кадастрлық ісіндегі құжаттар бойынша кірмеген. Олар кірген болса, тиісті мемлекеттік мекемедегілер (жер бөлімі, кадастр, архитектура, əділет басқармасы) ол құжаттарды менің атыма қалай рəсімдеп, қалай тіркеген ? Бұл жерде тағы бір көңіл аударатын жəйт, бұл Нұрболат Айтбаев басқарып
мемлекеттік мекемелерден құжаттар беріліп отырған жоқ па ? Өмір Қойшығұловтың 2001жылы 20 соттық жерге берілген мемлекеттік актісінде көрсетілген кадастры 19-296-030-005 болса, маған өткеннен кейін, не себепті екені белгісіз ол жердің кадастрлық саны 19296-029-177 өзгертілген, (заңгерлердің айтуынша жерге берілген кадастрлық нөмір, заңда қаралғаннан басқа жағдайларда, өзгертілмеуі тиіс). Себебі, 2003 жылы қабылданып, 2007 жылы көптеген өзгерістер енген ҚР Жер кодексінің 12-бабына сай, ауыл əкімі шешімі құқық белгілейтін, ал мемлекеттік акті жер учаскесіне сəйкестендіру құжаты болып табылады емес пе? Сонымен қатар, бұл 20 соттық жердегі үйлер мен қора жайларға ҚР Азаматтық кодексінің 118 жəне «Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу туралы» 26.07. 2007жылғы №310-111 заңының 7-бабының 1,7 тармақтарына сай, меншік құқы алғаш менде пайда болған, ал, басқаларда ондай құқық тіркелмеген. Сондай ақ, ҚР Жер кодексінің 52-бабындағы жер учаскесіне құқық пен онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқықтардың бір-бірінен ажыратылмайтынына судьяның неге мəн бермегеніне таңмын-дейді. Сөзін осылай түйген Ербол Бүрлібаев бұл келеңсіздіктің соңы өзінің əділ шешімін табарына бек сенімді екенін, өйткені ол біреудің ала жібін аттау үшін емес, əділдіктің салтанат құруы жолында шыр-пыр болып жүргенін, ал əділдік іздегендерге əуелі Алла, одан соң киелі баба рухы қолдау танытатынына сенімі зор. Кейде қасиетті баба кесенесіне бір күнде 100 адам зиянат жасайды. Келушілер легі əсіресе көктем мен күз айларында көп болады. Ал халық жиі келетін мұндай киелі мекенді пендешілікпен түрлі қателіктерге саналы түрде бой алдырып отыратын адамдардан аластату – азаматтық іс. Ендеше Ербол Еркебайұлының бұл ісін Құдай оңдап, Жабай ата əруағы қолдасын демекпіз. С. СҰЛТАН.
САРЫАҒАШТАҒЫ ЗАҢБҰЗУШЫ СУДЬЯ мен Ж ЗАҢБҰЗУШЫ, КҮДІКТІ НАРКОЛОГ...
ақында маған сотқа шақыру қағазы келді. Сөйтсем сол баяғы «тырнақ астынан кір іздеп, елді дүрліктіріп, іріткі салып, жүрген жерінің бəрінде жоқ жерден бəле шығарып, жанжал мен дау-дамай тудырып, содан бірдеңе дəметіп жүретін атышулы И.Жунисбеков» деген нарколог мені тағы да сотқа берген екен. Ол наркологтың маскүнемдерді емдеудің орнына сотпен-сот бірдеңе дəметіп жүретініне «Сарыағаш» газетінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №10 санында жарық көрген «Жауап» атты мақалада тура осылай баға берілген болатын. Ал тағы да дейтін себебім, енді осы наркологтың тек менің өзімнен «миллион» өндірту дəмесімен, 2011 жылдан бері 6 рет сотқа жүгініпті. Ол дəмелері туралы да сол «Сарыағаш» газетінде «Есек дəме» деген мақала жазып, əр дəмесіне жеке-жеке тоқталып кеткенмін. И.Жунисбековтің бұл жолғы талапарызын қосып санағанда, оның «миллионға» деген дəмесі жетеуге жетіп жығылыпты. Бұл жолғы дəмесі, «Əділет» газетінен былтыр жарық көрген «Сарыағаштағы Ибрақ + Шымкенттегі Ардақ = Бардак» деген мақаламдағы біраз сөздер шамына тиіп, сол сөздерді газет арқылы теріске шығартып, менен 15 000 000 теңге өндірту екен. Наркологтың осы жолғы талап-арызына келсек, мақаламдағы «Мысалы, орта жасқа келіп, ата сақалы аузына түскен шағында, 1,5 метрлік бойына қампиған қарны бар, қап-қара тұрпатына жарасқан-жараспағанына қарамай шашын желкесіне осқырта түйіп алып, еркек басымен басқа бір еркекке ұялы телефон арқылы «жаным, мен сені сағындым ғой, қашан қырға барып махаббат боламыз» деген адам «аморальды, арсызға» жатады ма екен əлде жатпайды ма екен?» деп жазғанымнан, газеттің 20 000 оқырманы И.Жунисбековті «гомосексуалист», яғни «қызтеке» деп ойлап қалуы мүмкіндігінен оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне 15 000 000 теңгелік залал келіп тұр екен! Онда несі бар өйтіп қоңырау соғып? Талап-арызында сонымен қатар, атымды «сауатсыз Ибрақ» деп бұрмалады депті. Құрметті оқырман, осы нарколог И.Жунисбеков менің əр кезде мақалаларымдағы «сауатсыз, Ыбрақ, бойы бір тұтам, қарны қампиған, орта жастан асқанда шашын желкесіне осқырта түйіп алған, қылмыстан шімірікпейтін күдікті» деп жазғандарым үшін, егер шатаспасам мені осымен 4-рет сотқа беріп отыр. Сарыағаштан басқа жақтың соты болса «бұл туралы бірнеше рет қаралып кеткен» деп талап-арызды қараусыз қалдырар ма еді, бірақ Сарыағаштың соты, дəлірек айтсам, судьясы Зəуре Алсеева деген апатайымыз қуана-қуана қайта қарай бастады. Арызқой наркологтың «түйе сұрасаң, бие беріп қалар» деп миллионнан бір-ақ қайыратын дəмесі белгілі, сондықтан оны былай ысыра тұрып, судья Алсеева Зəуре апамызға не жорық, соған тоқтала кетсек. Атышулы наркологтың «түйе сұрасам, бие беріп қалар» деген ниетте жазған талап-арызын, тақырыбымда «заңбұзушы судья» деп көрсетіп отырған Зəуре Алсеева апатайымыз өзінің өндірісіне жақсылап тұрып алады. Судья Зəуре Алсеева апатайымыздың
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
сот төрелігін жүзеге асырып жатқандағы заңбұзушылықтары туралы жазатын болсам жаза берем, жаза берем. Мысалы, ол апатайымыздың 2005 жылдары, өзінің Олег Сараханов деген жарымжан, мүгедек ауылдасының құны 24 000 АҚШ доллары тұратын алтын бұйымдарына қатысты сот іс қараған кезде, заңды армансыз белден басқаны үшін басшылары оған қатаң ескерту бергенін ауданда біреу білсе, біреу білмейді. Неге енді оны жазбасқа?! Басқа-басқа, жарымжан мүгедекке қиянат жасаған судья, Құдайдан қорқады дегенге кім сенеді? Ал енді ол апатайымыздың мүдделі болған жағдайларда судьялығының жайына қалатынына нақты дəлелге назар аударыңыздар! Дəл осы атышулы нарколог И.Жунисбеков 2011 жылы полиция қызметкерлерінің көз алдында менің машинамның бамперін ызаланып келіп теуіп, сындырып тастайды. Сол себепті мен өз құқымды қорғау үшін оны сотқа бердім. Талапарызым осы судья Зəуре Алсееваның өндірісіне түседі. Менің талап-арызымды көріп, судья қатаң тыйым салынған əрекетке барып, «ол деген ешқашан, ешнəрсені мойындамайтын адам ғой, давай сен машинаңның бамперінің тепкеннен сынғанын дəлелдейтін құжаттарыңды дайындай бер, ал мен полиция жағын өзім сөйлесем...» деп өзі телефоныма қоңырау соғып, бір елпең қаққаны бар. Сөйтсем, содан біраз бұрын осы нарколог И.Жунисбековке қатысты сотта өзінің шығарған заңсыз шешімі үшін апелляциялық сот сатысымен жеке ұйғару түрінде шара көріліп, наркологке «өкпелеп» жүр екен. Нарколог И.Жунисбеков сол сотта жеңілді, судья апатайымыздың маған телефон соғып елпең қаққанынан емес, дəлелдерімнің бұлтартпастығы мен оқиға орын алған кездегі полиция қызметкерлерінің нақты көрсетпелеріне байланысты жеңілді деп ойлаймын. Бұл, құрметті оқырман, тақырыбымдағы "заңбұзушы судья" дегеніме дəлелдерім ғой. Ал енді тақырыбымдағы «күдікті нарколог» дегеніме келсем, ол əрине өздеріңіз сезіп отырғандай осы атышулы И.Жунисбеков. Сарыағаш аудандық əкімшілік сотының қаулысымен жоғары білімді интеллигенттен гөрі көше бұзақысының əрекетіне ұқсайтын заңбұзушылығы үшін жауапқа тартылған, құқыққорғау органымен үстінен іс-əрекеттеріне қатысты бірнеше қылмыстық істер қозғалып, тергеуші қаулысымен күдікті болып танылған, ал нарколог-дəрігер мамандығы бойынша тексеру органдарының қорытындысымен өте төмен баға беріліп, басшыларымен шара көрілген. Бұл тақырыбымдағы «заңбұзушы күдікті нарколог» дегеніме дəлелдерім. Енді осы екеуінің, теріс қылықтарын тілші ретінде баспасөз арқылы сынағаным үшін менен қалай «есеп айырылысқандарына» келейік. «Дүние кезек» деген, кезінде менің талапарызымды қуана өндірісіне алып нарколог И.Жунисбековтен есесін алып рахаттанған заңбұзушы судья апатайымыз, енді нарколог
И.Жунисбековтің менің үстімнен жазған талапарызын өзінің өндірісіне алып, тағы рахаттанып отыр. Өзінің қырына іліккенді, судьялық құзыретін пайдаланып жазалағанды жаны сүйетін судья апатайымды, жақында ғана осы «Əділет» газетінде сынаған едім, одан қашып құтыла алмайтыным бесенеден белгілі болды! Судья Зəуре Алсееваның бірінші сот мəжілісіндегі жымиып қана отырған түрінен, «əп бəлем, келдің бе өзің, көрсетейін мен саған сынағанды» дегенді оқығандай болғам. Бірақ, «судьяға қарсы емессіз бе?» деген сұрағына, «қарсы емеспін» - деп жауап бердім. «Бəрі - бір көр ғой!» демекші, «қарсы болғанымда мені аудандық сотта сыналған судьялардың қайсы бірі оңдырайын деп тұр еді, пешенемнен көріп алармын» дедім. Ол апатайымнан бəрін күтуге болады. Сот отырысында сөз берілісімен күдікті нарколог, «мені бойы 1,5 метр, қарны қампиған, қап-қара тұрпатына жарасқан-жараспағанына қарамай ата сақалы аузына түскен шағында шашын желкесіне осқырта түйіп алған, үш жүзді, хамелеон, ауданымызда теңдесі жоқ супержалақор, дінсіз, сауатсыз Ибрақ деп жазғандары шындыққа жанаспайды» деп тағы да езе бастады. Судья Зəуре Алсеева, «бұл туралы бірнеше рет қаралып кеткен» деп наркологтың талап-арызын қысқартып жіберетін шығар деген үміт оты жылт еткендей болды да, қалай жылт етсе солай тез өшті. Өйткені есе қайтаратын оңтайлы сəтті мен білетін апатайым оңайлықпен жібермесе керек!? Заңбұзушы күдікті наркологтың талап-арызындағы келтіріп отырған уəждері бойынша бірнеше рет қаралып қойғаны жөнінде сот актілерін тіркеп, ол жайында əр сот отырысында айтып жатқаныма қарамай судья З.Алсеева «Батырбеков газеттен бір-екі «строчка» кешірім сұрап, теріске шығара салу қиын емес қой, неге сөйте салмайсыз?!» дегенінен қайтпады. «И.Жунисбековтен кешірім сұратсам, тағы бір сəті келгенде өзімнен де сұратармын» дегені шығар, кім біледі?! «Егер И.Жунисбеков «Ар-Дақ» газетінен маған жəне «Əділет» газетіне өзінен өзі сүйкеніп, «Тозақ дарбазасының даңғыры» атты шимай шатпағын жазбағанда мен де «Сарыағаштағы Ибрақ + Шымкенттегі Ар-Дақ = Бардак» деген мақаламды жазбас едім» дегенімді судья құлағына ілгісі келмеді. Дұрыс, құлағына ілсе менен кегін қалай алмақ? Ал енді күдікті наркологтың лақап атына келсек, көп адам оны сыртынан «Ыбырақ» дейтінін «Сарыағаштағы супержалақор» деген мақаламда да жазғанмын. Ол туралы да И.Жунисбеков мені сотқа беріп, сотта қаралып кеткен. Шын мəнісінде И.Жунисбековті ауылдастары, оның бір көргенде адамның еріксіз күлкісін шақыратын сыртқы пошымына қарап, кішкентай кезінен еркелете «Ыбырақ» деп кетсе керек. Алайда «Ыбырақ» деген ат И.Жунисбеков соншалықты таусылатындай оның ар-намысына немесе қадір-қасиетіне нұқсан келтіріп тұр ма?
Егер нұқсан келтіріп тұрса, қай жерінде жəне қалай келтіріп тұр екен? Заңда да «егер азаматтың есімі оның абыройына, қадірқасиетіне жəне іскерлік беделіне нұқсан келтіретін əдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланған жағдайда жауапкершілікке тартылады» деп тұр. Екінші сот отырысында судья Зəуре Алсеева «Батырбеков сізге «жаным сені сағындым ғой, қырға барып махаббат болайық та» деп басқа ер адамның қоңырау шалғанына келесі сот отырысына дəлеліңізді ұсыныңыз» деген. Ол аудиотаспада ұятсыз сөздер де айтылғандықтан ыңғайсызданып отырғанымды айтқан едім, судья Зəуре Алсеева «ничё, ешнəрсе етпейді тыңдайық» деді. Келесі сот отырысында мен ұсынған аудиотаспаны сотқа қатысып отырғандардың бəрі тыңдады. Ондағы əлгіндей сөздерді айтқан дауыс И.Жунисбековтің дауысы екеніне сотқа қатысып отырғандардың ешқайсының, керек десе судья апатайымыздың да күмəні қалмады шамамда! Күдікті нарколог ондай аудиотаспа бар екенін, сотта тыңдалатынын күтпесе керек, қанша білдірмеуге тырысса да түрі əлем-тапырық болып кетті. Аудиотаспаны тыңдап болған соң, судья Зəуре Алсеева күдікті наркологқа қарап, «мынау сіз бе, қоңырау соғып тұрған?» деп күлімсірей сұраған еді. Ол сасқалақтап, «жо-жоқ мен емес, қазіргі заманда техника дамып кеткен, кімнің дауысын болса да өзгертуге болады ғой» деген сияқты түсініксіз бірдеңелерді үзіп-жұлқып айтып жатты. Судья Зəуре Алсеева енді маған бұрылып, түсін суытып, «Батырбеков сізге біреудің дауысын диктофонға жазуға кім рұқсат берді?» деді. Мен өзім ешкімнің дауысын арнайы жазбайтынымды, смартфонымды сатып алған кезде сондай программа орнатылып қойылғанын, оған ешқандай рұқсаттың керегі жоқ екенін судьяға түсіндірдім. Күдікті нарколог И.Жунисбековтің талапарызындағы «А.Батырбеков бұл əрекетімен бүкіл республика азаматтарына И.Жунисбековті, яғни мені «гомосексуалист» етіп көрсетіп, арнамысыма қадір-қасиетіме кір келтіріп отыр, сондықтан кімге мен қырға барып махаббат боламыз дегенімді ол дəлелдеп беруі керек деймін» деген талабын орындап, дəлелдеп бердім. Заңбұзушы, күдікті нарколог И.Жунисбековтің талап-арызы қанағаттандырусыз қалдырылатынына да күмəнім болмаған, сөйтсем заңбұзушы судья апатайымыздың қайтсе де менен алу керек кегін естен шығарып қойыппын. Қысқасы, соңғы сот отырысында мен «Əділет» газетінің сенімді өкілі ретінде «мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, сондықтан жазылған мақалаға автор өзі жауап береді» дедім. «Ал автор ретінде не дейсіз?» деген сұраққа, «бірнеше рет сотта қаралып, заңды баға беріліп қойған уəждер бойынша тағы да сотта қайта қаралып жатса, демек мені тілші ретінде жазалауға біреу қатты қызығушылық танытуда» деген пікірімді білдірдім.
Судья шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті. Сол кеткеннен мол кетті. Судья Зəуре Алсеева апатайымыздың кеңесу бөлмесіне кіріп кетіп ұзақ уақыт шықпай қоя салып немесе шешімін заңмен көзделген мерзімде бермей, адамды сотқа күнде сандалтып сарсаңға салу сияқты сот істерін жүргізу стилін, ауданда жалғыз мен емес көріп жатқан. Бір кезде судьяның орнына Бақытжан деген хатшысы шығып, «ертеңгі сағат 10-ға дейін үзіліс» деді. Ертесі күні сағат 10-ға жұмыстарымызды жиып тастап келген бізді «ерігіп жүргендер» деп есептесе керек, сот залына кіргізді де, жарты сағаттан кейін судьяның орнына əлгі Бақытжан деген хатшысы тағы да шығып, тағы 3 күнге үзіліс жариялап кетті. Сонысына қарағанда Бақытжанға судьяның орнына үзіліс жариялаған қатты ұнап қалған-ау! Бұл əлі ешнəрсе емес қой, осыдан 4 жыл бұрын судья апатайымыз шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кіріп кетіп, жарты айдан кейін бір-ақ шыққан-тұғын! Үш күннен кейін судья Зəуре Алсеева апамыз ұялған болу керек кеңесу бөлмесінен шығып, шешімін жария етті-ау əйтеуір! Шешімінде «газет арқылы теріске шығарылмасын, тек А.Батырбековтен И.Жунисбековтің пайдасына 20 мың теңге моральдық шығын өндірілсін» депті. Заңбұзушы күдікті нарколог сұраған түйесінің орнына түймедей де болса бірдеңе алса, заңбұзушы судья апатайымыз ақыры кегін алып тынды!? Соттан шығып кетіп бара жатқандағы күдікті наркологтың «хвостигінің» қуанышты шолтаңдауынан, заңбұзушы судья апатайының шешіміне деген дəн ризалығы байқалып бара жатқан сияқты. «Əділеттің» əділ сыны үшін 20 мың теңге садақа ғой, бірақ судья апатайымның мына шешімінің əділдігіне қалай күмəндəнбаймын? Нарколог И.Жунисбековтің «жаным қырға барып, махаббат болайық» деп маған қоңырау соққанын судья апатайымыз шешімінде өзі көрсетіп отырса, демек ол рас екен де?! Сонда 20 мың теңгені менен не үшін өндіріп отыр, кек алу үшін бе? Сонда күдікті И.Жунисбековтің өзі айтпақшы, бүкіл республика азаматтарының алдында нұқсан келген арнамысы мен қадір-қасиеті менен өндірген 20 мың теңгемен қалпына келе қалар ма екен? Сондықтан заңбұзушы судья апатайымыздың шешімінің əділдігіне өте күмəндімін жəне оған бағаны жоғарғы сот сатысы береді деген үміттемін! Ал бұл екі заңбұзушыға «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» - демекші, заң бұзғандарын доғармайынша, сын ешқашан тоқтатылмайтынын тағы да ескерте кетейін. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс алдағы уақыт көрсете жатар. Келесі кездескенше күн жақсы! Амангелді БАТЫРБЕКОВ, «Сарыағаш-ƏДІЛЕТ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚР Журналистер одағының мүшесі
¦ÄIËÅÒ
РУХАНИЯТ
(Жалғасы. Басы өткен сандарда). ...Мен атаның тапсырмасын орындап үйге келгенімде Бəкең ұйқысынан оянған екен. Бүгін күндегісінен ерте тұрыпты. Түнде атаның оны қалай қуып шыққанын есіме алдым да, қарап тұрмай: – Түнде атам төбеңнен түтін шығарды ғой, оңбай қалдың, ə! – дедім. Жұбайыма бүйрегім бұрып аяп тұрмын ба, жоқ айызым қанып, табалап тұрмын ба – əйтеуір, ойым екіұшты. Атаның түндегі айқайынан дұрыс ұйықтамаған болар, көңілі əлі бəсең шығар, менің əлгі сөзіме сіркесі су көтермей, тызылдап берер десем, балпиған қалпын бұзар емес. Жеке-дара бəйгеден оза шауып жүлде алғандай, тоқмейілсіп тұр. Менің сөзімді жауапсыз қалдырып, найқалып келіп отырды. Бұл үйде өзінен басқа адам ішпейтін қара кофесін асықпай, дəмін ала, тамсана отырып ішті. Су ұрттаса да бет сипайтын əдетімен батасын жасады. Содан кейін ғана: – Мен саған бір əңгіме айтып берейін бе? – деді. Тағы да шəлкем-шалыс əлденені айтып омақастырғалы тұр ма деген күдікті ой кимелеп кетті. Бəкеңнен о да шығады. Бірақ ащы-тұщы сөздерін естімей жүр ме едім, неменеге қобалжи қалдым, айта берсін. Қарап тұрмай шымшып сөз бастаған өзім ғой... – Айтқын, – дедім атаның сөз мəнерімен. Ол сөзін бастады. – Бір күні екі монах келе жатыпты. Тақуа, діндар адамдар біз секілді татымсыз бос сөз сөйлемейді. Екі монах та рухани тазалық, мейірімділік жайлы пікірлесіп, сөзден сөзді оздырып, əңгімемен судың жағасына жетіпті. Өзеннің үстіндегі шағын көпірді су бұзып, жағалауды су шайып кеткен екен. Сол жерде бір бойжеткен арғы бетке өте алмай, абыржып тұрыпты. Қыз тойға бару үшін сəнді киінген екен. Өзенді кешіп өтуге киімі су болады, шешінуге ұялады. Сонда монахтың біреуі қызды көтеріп алып, арғы жағаға өткізіп жібереді. Қыз алғысын айтып, жөніне кетеді. Екі монах үзілген əңгімелерін жалғастырып өз бағыттарына аяңдайды. Сөйтіп, монастырларына да жетеді. Қақпаның алдына келгенде екінші монах: – Бауырым, монах басыңызбен қызды құшақтап, күнəға баттыңыз ғой, – депті. Сонда бойжеткенді судан көтеріп өткізген монах: – Мен ол қызды бағана арғы жағада қалдырып кеткенмін. Сіз оны əлі көтеріп келе жатырсыз ба? – деген екен. Бəкең əңгімесін осылай аяқтады да, «қалай түсінсең, солай түсін» дегендей, төбемнен асыра бір қарап, мысықтабандап жұмсақ басатын дағдысымен дыбыссыз шығып кетті. Бұл жазғанның маған келгенде өстіп тəлімси қалатыны бар. Алыстан орағытып, мысалдап, тұспалдап нені меңзеп кетті? Осы секілді қос қыртысты əңгімелерді қайдан тауып ала береді екен? Бірақ өткен-кеткеннен, Батыс-Шығыстан оқитын кітаптары көп болған соң біледі де... Кітапты бір кісідей мен де оқимын. Əйтсе де, Бəкеңнің шаңына ілесе алмаймын. Ол шемішкеше шағатын талай кітаптарға менің тісім бата бермейді. Жұбайым айтқан шағын əңгіменің көзге ұрып тұрған сыртқы мазмұнынан басқа ішкі мағынасы тереңіректе жатқанын шамалаймын. Өзімше соны жіліктеп, жігін ажыратып, тұжырым жасағым келді. Ниетім дұрыс-ақ. Бірақ ойларым шұбырып, тұрақтайтын тиянағы жоқ жөңкіле берді. Əр қырдан бір қара көрсетіп бұлдырады. «Өй, қойшы! Атын естігенім болмаса, көзім көрмеген монах дейтін пірəдарлардың айтқанын ойлап неменеге миымды қажап тұрмын?!» – деп қолды бір сілтедім де, басқа шаруама кірісіп кеттім. Онсыз да Момышұлдарының мен түсінбейтін, мен шеше алмай жүрген жұмбақтары бір басыма жетіп-артылатын. ...Өмір дейтін ұлы керуеннің көшіне ілесіп жүріп содан бері де тіршілік дəптерінің талай беттері аударылыпты. Жылдар жылжып, айлар ауысып, желге мінсең де жеткізбейтін өмір өте беріпті. Өткен сайын қадірін таныта түседі екен. Əсіресе адам шар тартқан шағында қайтып келмес, қайталанбас жастығын аңсап, сағынып, көңілің ай батқандай түнеретін де кездері болады екен. Амал қанша, өмір тек алға озады. Небір кермаралдай керілген керім келіншектерді кемпір етіп мыжырайтып кете беретін жаратылыстың құдіретіне пенденің қолданар шарасы жоқ. Ол ешкімнің қолынан келмейді. Сондай бір көңілім ел көшкендай құлазып, өткен күндерімнің ізін іздеп күнделік ақтарып отыр едім, баяғы Бəкең айтқан монахтар жайлы əңгіме көзге түсе кетті. Қағазға жазылған дүние тұра береді екен-ау! Əйтпесе, адам өз тіршілігінде не естіп, не көрмейді дейсің?! «Баланың қай жылағаны есте қалады» дегендей, естігенің мен көргеніңнің бəрі қауашағыңда сақтала бермейді. Қағазға түскені ғана сол күйі қалады екен. Сонау бір жас кезімде ұғымсыздау көрінген, екі айналдырып ойлауға төзімім жетпей қойған əңгімені қайтадан мұқият оқып шықтым. Оқып болып ойға қалдым... Талайларымыздың айықпас бір ауруымыз – арзымас нəрсені ұмытуға құлқымыздың жоқтығы. Ұмыту былай тұрсын, қайта соны сағыздай шайнап, «деді-деді» деп, бірді екі етіп қолға тізіп, əлдеқашан көңілден лақтырып тастайтын, жағада қалдырып кететін болымсызды бопыратып көтереміз де жүреміз. Өзіміз көтеріп қана қоймай, өзгеге жеткізуге асығамыз. Тіпті соны біреуге айтқанша көңіліміз көншімейді. Өзіңнің ішіңе сыймаған басқаның ішіне тұрақтаушы ма еді?! Ары қарай желдей еседі. Ескен жел қайта айналып соғады. Өз айтқаның бастапқыдан құбылып, өзгеріп, күлқоқысы көбейіп алдыңнан шығады. «Олай емес, бұлай болатын» деп иғайға тағы басамыз. Ол деген – сөз қуу. Сөз қуған адамның ақыры бір пəлеге ұрынатыны қаперімізге кірмейді. Ал оның салдары жаман. Көңілің басылып, рухың мүжіліп, ауырлық еңсеңді езеді. Отырсаң да, тұрсаң да басыңда сүреңсіз ойлар серуендеп жүреді. Айналаңның бəрі сені аңдыған алакөз секілді, сен жайлы ғана айтатын желауыздар секілді, дұшпандарың көбейіп кеткендей көрінеді. Анығында, дұшпандар сыртта көбейген жоқ, өкінішке қарай, өз ішімізде көбейді. Оны өзіміз жасап алдық. Алдымен сол іштегі жауды жеңу қаперімізге кірмейді. «Өзін жеңген – қаһарман, өзін түсінген – данышпан» депті кемеңгерлер. Əрине, кез келгеніміз қаһарман да, данышпан да емеспіз. Десе де, бір сəт жан дүниемізге үңіліп ішкі сарайымызды кəкір-шүкір пендешіліктен арылтуға, əрбірден соң тазаруға, майдалықтан көтерілуге талап қылып, соған пейілденудің өзі рухани бір баспалдақ емес пе?! * * *
e-mail: gazeta_adilet@mail.ru
Зейнеп АХМЕТОВА
«Өзін жеңген – қаһарман, өзін түсінген – данышпан» шындықты тайсалмай айтқын. Бір өтірік екіншісін айтуға итереді. Кез келген нəрсеге ақталуға əуестенбе! – дегенде құлақ-шекем дуылдап, бетіммен жер басқандай болдым. Ауыздан шығып кеткен сөзде ноқта болушы ма еді, буыны бос өтірік аузыма қайдан түсе кетті десеңізші... Бір сəтке құтылу үшін айта салған жалған сөзім желкемнен тесіп өтті. Анам: «Аузыңды бағып, ақ сөйле, артық сөз жас адамның алдынан шығады, кəрінің артынан ілеседі», – деуші еді. Айтқаны келді. От айналмай алдымнан шықты. Енді неде болса, кешіктіруге болмас, əлгіндегі есіме түскен көріністі айта бастадым. Алғашында дауысым дірілдеп, тарғылданып шықты. Жасқаншақтай ата жаққа қарасам, мені тыңдап отыр екен. Соны көрген соң кішкене еңсем көтеріліп, сөйлеген сайын кəдімгідей ширығып, сөзім көшеленіп кетті. Мен айтарымды аяқтағанда ата сəл үндемей отырды да, қоңыр дауыспен сөйлей бастады. – Бір қарағанда қарапайым көрініс. Екі адамның сəлемдескенінде тұрған не бар дейтініндей. Шыны солай болуы керек еді.
барлық пенделерге бірдей бұйырмаған» дедіңіз. Ол қандай кезеңдер екенін ұға алмадым... – Адам тіршілігінің жеті кезеңі дегенім мыналар, – деп салалы саусақтарын бүгуге ыңғайлады. – Ана құрсағындағы шарана мерзімі, жөргектегі сəбилік кезі, шапқылап жүрген балалық шағы, жастық дəурені, мосқалдық асуы, егделік белесі, кəрілік түйіні. Адамдар осы кезеңдердің бəрін бірдей басынан кешірмейді ғой. Жарық дүниені көрмей жатып, ана жүрегінің астындағы тіршілігімен шектелетіндер қаншама?! Бірақ ол да өзінше өмір сүрді. Жігіттік дəуренге жетпей кеткендер ше? Бір сөзбен айтқанда, өлім жас-кəріге, балаға қарамайды, таңдамайды. Талқаны таусылғанды алып кете береді. «Ажал келсе, аял бермес» деп, тура келген ажалға ешбір тосқауыл жоқ. Айналып келгенде, «өмір» деп дабырайтып, ауыз толтырып айтатын адам ғұмыры – кірпікке ілініп дірілдеп тұрған бір тамшы жас. Кірпікке ілінген жас көзге қайта кірмейді, ілінген екен, жерге тамбай қоймайды. Тамған соң топыраққа сіңеді. Топырақтан жаралған тəнің Жер-ананың құшағына енеді, анасымен табысады. Денеге
Áàáàëàð àìàíàòû – Балам, кешегі сəлем жайлы əңгімеміз қай жерден үзіліп еді, есіңде жоқ па? – деді ата кешкісін. – Есімде. «Адам сəбиінде – бір бала, қартайғанда – бір бала» деген жерден бөлініп кеткен, – дедім. Түнде атадан шыққан соң жазылмай қалған күнделігімді қолға қайтадан алғанмын. Бұл жолы ешбір өкпесіз, ащы сөзсіз, күндізгі телефон сылдырынан бастап шып-шырғасын шығармай, барлық əңгіме барысын дəптеріме баяндап жазып қойғанмын. Қазір ұстаз алдында сабақтан дұрыс жауап беріп, енді соған баға күткен бала шəкірттей ұмсынып отырмын. Бірде тасып, бірде азайып жататын дария-көңіл мұндай ауыспалы болар ма... Кешегі жетім баладай жаутаңдаған жасқаншақтықтан бүгін жұрнақ та қалмаған. Аяққолым жеп-жеңіл қозғалып, əншейін жолға түскен жорғадай тайпалап тұрмын. Пенде шіркін көңілден азып, көңілден семіреді деген осы да!.. – Иə, қарт адамдар бала мінезді, – деп ата əңгімені бірден бастап кетті, – болар-болмасқа ренжіп, сəл нəрсеге қуанып жатады. Қарт кісіні танып тұрып танымағансып қасынан өтіп кетсең, көрсең де көрмегенсіп амандаспасаң, тіпті абайсызда байқамай қалсаң да, қарттар өзін елеусіз, ескерусіз қалғандай сезінеді. Көңілі күйген шаладай қарауытып, күні түнек тартып, жаны жасиды. Əйгілі Қашаған ақын: Жетпістен жасы асқанда, Сексенге аяқ басқанда, Жастар елеп келмесе, Келіп сəлем бермесе, Күнде асыл кисе де, Қартайған күнде ер жетім, – деген екен. Оттың жылуы тəнді жылытса, жақсы сөз жанды жылытады. Қарттар жүрістен қалып, қатары сиреп, көңілі жер тартқан шақта оларға бұрылып келіп сəлем беру, арнап барып хал-ахуал сұрау – бүгілген беліне тіреу қойғанмен пара-пар. Бір жасап қалады. Рақметін айтады, батасын арнайды. Кейбіреулер байлығына, билігіне, мансабына масаттанып, тойғанды көтере алмай тоқыраңдап, асып-тасып жүреді. Ондайлар басқаның алдымен өзіне сəлем беруін күтіп тұрады, сонысымен бағасын асырмақ болып кісімсиді. Ал құдай жарылқап өздігінен сəлем бере қалса, қасын керіп, жылусыз жанармен ернін жыбырлата салады. Біреу аспандап көкте жүргендей болады, бірақ басы – жерде. Енді біреу жерде жүреді, бірақ мəртебесі аспанда, – деп ата біраз үндемей қалды да, сөзін қайтадан оздырды. – Байлық та, мансап пен билік те өтпелі екенін пенде пақыр түсінбей-ақ келеді. Билік пен байлықты мұрат көріп паңданған өресі төмен парықсызды «дəулет бітсе, жаманға, сəлем берер жеңімен» деп мінеген екен Майлықожа жырау. Кісінің көңілін көтеріп, қабағын ашу, жылы лебізбен жанын жадырату – адамгершілік қасиет. Əсіресе қарттарды бір мезет бақытты ету əркімнің қолынан келер еді, тек пейіл жетпейді, – деп ата сөзін бір қайырып, темекісіне қол созды. ...Пейіл дегеннен шығады, өзіме тікелей қатысы жоқ, бірақ жүрек шымырлатар əсері болған бір көрініс есіме түсе кетті. Үйіміздің іргесіндегі саябақтың ішімен тура тартып, Көкбазардан келе жатқам. Қолымдағы көтергендерім ауырлау болған соң, сəл тыныстайын деп аялдап шалқайма ұзын орындықтардың біріне отырдым. Мұндайда айналаңа көз қыдыртатын əдет емес пе, төмен жақтан бір қарияның жаяу жолмен асықпай келе жатқанын байқадым. Қасынан үлкен де, кіші де өтіп жатыр. Үйреншікті қала тіршілігі, ешкімнің ешкіммен шаруасы жоқ, бəрі – асығыс, бəрі – қауырт. Қария мұндай көрініске көзі үйреніп көнбіс болып кетсе керек, өткен-кеткенге самарқау, бейжай қарайды. Мен отырған тұсқа таяп қалғанда қарсы жақтан келе жатқан өрімдей жас жігіт қарияға жақындай беріп: – Ассалаумағалайкүм, ата! – деп қос қолын бірдей ұсынып, сəлем берді. – Уағалайкүмассалам! – деп қария ауыз толтыра əндетіп жауап қатты. Жүзі бірден жадырап, көздері күлімдеп, жігіттің ұсынған қолын ықыластана алды. – Шырағым, кəрі көзім бірден шырамыта алмай жатыр, қай баласың? – деді. Ақсақал көзін қысыңқырап, əлденені есіне түсіргісі келгендей болды. – Ата, сіз мені танымайсыз. Үлкен кісінің алдына тура келіп қалған соң, сəлем беріп жатқан қазақтың бір баласымын. – Апыр-ай, айналайын-ай! Алматыға келгеніме үш жыл болды. Үш жылдың ішінде бейтаныс жастың «ассалау» айтқанын бірінші рет көріп тұрмын. Сəлем бермек түгілі кейбіреулері өзіңді қағып-соғып құлата жаздап, өте шығады. Өзіңнің өң-түсің жылы, жақсылыққа жаралған жігіт боларсың. Көсегең көгерсін! Сені өсірген ата-анаңа мың тағзым! Сен үлкенді сыйласаң, сені құдай сыйласын! Арман-тілегіңе жетіп, қатарыңның алды бол! – деп қария ақ шелегі ақтарыла аңқылдап, алғысын жаудырып жатты... – Қайда кеттің? – деген атаның дауысы жүрегімді дір еткізді. – Сізді тыңдап отырмын, – дедім асыға-үсіге. – Деуін дедім-ау, бірақ осыным бекер болды. Сөзім шикі. – Жапса, жасырылмайтын өтірік айтып отырсың. Алдыңда үңірейіп қазулы көр тұрса да,
Өкініштісі сол, көп дəстүрден көз жазып қалған мына заманда екі қазақтың амандасқанын таңсық көріп, сөз етіп отырмыз. Дегенмен бұл жерде есіміз болса, еміренетіндей əрі күйінетіндей екі түйін барын байқадық. Сүйсінерлігі – отбасында ұлттық тəрбиенің уызына жарыған, жақсыны жағалап өскен жас жігіттің қартты құрметтеуі. Ол қартты ғана сыйлап тұрған жоқ, ата салтты ардақтап тұр. Күйзелетінің – ұлттық қасиеттің тарының қауызындай тарылып бара жатқандығы. Үш жылдың ішіндегі бір сəлем – соның айғағы. Бұл – бір жағынан, «танымасын – сыйламас» алақұла халқы бар, тасқа оранған қаланың суық бауыр табиғатынан болса, екінші жағынан, қайталап айтсам, ниет-пейілдің кемдігінен. Салауатты салт-дəстүрді жас буынға ұқтырмағандықтан. Біздің ұрпақтың алдында үлгі-өнеге көрсеткен иманжүзді үлкендер болды. Шежіре қарттар болды. Біз өз кезегімізде сол алған ұлттық тəлімді өзімізден кейінгі өкшебасарларымызға жарытып жеткізе алмадық. Бұған басқаны кінəлай берудің реті жоқ. Барды жоғалтуға келгенде алдымызға жан салмайтын пысықпыз. Қашқанға да, қуғанға да қорған бола кететін, соны мақтан ететін дарақылығымыз тағы бар. «Ит тойған жеріне» деп қарын қамымен қаптап жүргендердің жақсысын да, жасығын да əкеден қалған мұрадай қабылдайтын да – баяғы өзіміз! Нарға жабатын кілемді өгізге жауып, күлкі болып жүрген де – біз! Қарап тұрсаң, ана Кавказ халықтары, Балтық жағалауы елдері, мына қасымыздағы өзбек, тəжік, түрікмен ағайындар ана тілі мен ата дəстүрінен дəл қазақ секілді аулақтаған жоқ. Бұл – шындық! Мұны мойындауымыз керек. Дəстүр сабақтастығы үзілсе, қайта жалғау оңайға түспейді. Бүгінгі жастың бойында ұлттық рух кем болса, ертең олар өзінің баласы мен немересіне ұлттық сананы сіңіре ала ма? Ұлттық рухани қазынадан не үйретеді? Қандай үлгі көрсетеді? Ұрпағына не қалдыра алады? Ата өз сауалдарына өзі жауап іздегендей жан-жағына қарады. Қабағына сыз жиналып, тұнжырап отырып, темекісін шекті. Алыс-алыс бұлдыраған қырларға көз тіккендей біртүрлі түсініксіз кейіпте əжептəуір тапжылмады. Қасында көлбеңдеген көк түтінді еріксіз жұтып отырған менің бар-жоғымды ұмытқандай. Осы бір бейтараптыққа қарап, сөзді біткенге жорып едім, кенет бөгеті ашылған тоспадағы судай ағытылып, сөйлеп кетті. – Баяғыда ат ұстауға жараған бала кезімізде қариялар «дүние – кезек» деп отырушы еді. Ортекедей ойнақтап жүрген балдырған шақта, одан кейін арындап тұрған албырт жастықта сол бір сөздің байыбына барып, мағынасына бойлай бермейтінбіз. Бар қызығың алда тұрғандай, бітпес өмірің бардай көрінетін. Енді, міне, қариялар айта беретін кезек келді. Түс ауған соң еңістейтін күн секілді еңістеп барамыз. Ой қуатын жасқа жеттік. Күпірлікті ысырып, шүкірлікке көштік. Сəлемнің қадіріне жеттік. Қарап тұрсаң, адамның өмірі – сыну үшін жаралған бір шөлмек. Біреудікі – ерте, біреудікі кеш, əйтеуір, сынбай тынбайды. Шырағың қанша жанса да, Жаратқан иемнің өлшеп берген жанармайы таусылғанда жалп етіп сөнеді. Адам тіршілігінің жеті кезеңін бастан кешу барлық пенделерге бұйырмаған. Алланың сызығынан ешкім аса алмайды. «Қалай жұтам бұл сабазды» деп қара жер күңіренсе де, Жаратушы аманатын қайтып алады. Адам үшін бəрі өлшеулі, бəрі шектеулі. Тек шетсіз-шексіз əлем тіршілігі жалғаса береді, дүние дөңгелегі тоқтаусыз зырылдай береді. Көнені жаңа ауыстырады. Жаңаны тудыратын да – сол көне. Көне болмаса, жаңа қайдан шықсын?! Мен де саған көнелердің сөзін көп айтамын. Ежелгіні есінде сақтасын, өзінен кейінгі жаңаларға жеткізсін деймін. Иə, балам, «дүние – кезек» деген сол. Енді ыстық шай əкелгін, – деді ата. «Кісінің көңілі тілінен танылады» деген осы да. Əуелгіде жазыла сөйлеп, жадыраңқы отыр еді, əңгіменің ортан белінен бастап, соңына қарай көңіліне бір кірбің түскендей. Мұңаю ма, өкініш пе, өткенге сағыныш па, үнінде бір тосын сарын пайда болды. Ақылдыны да, ақымақты да үрейлендіретін аты суық өлім жайлы түбінен тартып, ұшар басына жеткізе толғанды. Осының бəрі мен секілді тым əсерленгіш адамға жайсыз тиді. Өзегімді жел үрлегендей бүкіл денеме салқын діріл жайылып бара жатыр еді, ата өзі құтқарды. Шайға жұмсағаны мұндай құп болар ма... Шай жабдығын жасап жүріп «адам тіршілігінің жеті кезеңі» деген не екен деп ойладым. Өз басым бұрын естімеген сөзім. Қазір шай апарғанда ретін тауып сұрайын. Əсілі, ата орайлы сұрағымды ескерусіз қалдырған емес. Білгің келгенді ерінбей-жалықпай жетеге жеткізе ұқтырады. Тек ашу үстінде қолға түспесең болды. ...Ата бір кесе шайды асықпай үнсіз отырып ішті. Ол кісінің шай ішуі де бөлек. Біз сияқты кесенің артынан кеселетпейді. Əр шыныаяқ шайдың арасына үзіліс жасайды. Өзі көп те ішпейді, бірер пиаламен шектеледі. Осындай арадағы кідірісте əлгіндегі сауалымды сұрай қойдым. – Ата, жаңа сіз «адам тіршілігінің жеті кезеңі
уақытша берілген шыбын жаның ұшып кетеді Қайда барады? Кімге барады? Ол жақта не бар? Бұл бір құдайға аян. Былайғы пенделер үшін бұл сұрақтардың жауабы бүркеулі. Ал, жарайды, екеуміз алғашқы өрісімізден ауытқып, басқа қырға жайылып кеттік. Сəлемге ат басын қайта бұрайық, – деп ата жəне бір пиала шайдан соң, əңгімесін қайта маздатты. – Қазақстанның əр өңірінде аман-сəлем түрлерінің аздаған өзгешеліктері де жоқ емес. Алайда «ана жақта анадай айтқан дұрыс», «мына жақта мынандай жөн» деп бөліп-жарып, бірін-біріне қарсы қойып, жіктемеу керек. Əр өлкенің қалыптасқан үйреншікті əдет-дағдылары бар. Қазақ халқы томаға-тұйық тіршілік еткен жұрт емес. Ежелден бері алуан түрлі ұлттармен аралас-құралас, тағдырлас өмір сүріп, біте қайнасып кеткен. Сол ұлттардың тілдік, дəстүрлік үлгілерінен бізге жұқпады дей алмаймыз. Бірақ иісі қазақтың сəлемдері ортақ. Амандасу түрлерінің молдығынан ұтпасақ, ұтылған жоқпыз. Соның барлығы – қазақтың сөзі, қазақтар пайдаланады. Бұл да болса, тіліміздің кең арналы байлығы мен қолданылу аясының көптігін көрсетеді. Əңгіме сəлем сөзінің қалай дыбысталуында емес, сəлемнің түзу, ниеттің тазалығында жатыр. «Көңілдің тілмəші – тіл» дейді, кісіге сəлемдескенде пейіліңді бермесең, көңіліңнің бүтіндігін танытпасаң, дауыс ырғағыңнан, сөздің əуенінен қандай ниетте амандасып тұрғаның анық білінеді. Кейбіреулер əйтеуір сəлем беру шарт деп, əйтеуір дағдылы бір міндеттен құтыла салайын деп ынтасыз, немкетті иек көтере салады. Енді біреулер тиянағы жоқ сырғыма сөздермен сылдырлап, тым əсірелеп мезі етеді. Сəлем берудің қадір-қасиеті – көзге де, көңілге де жылу əкелетін шынайылығында. Ертеде өткен Бұхар жырау бабадан қалған, кейін халқына нақыл болып кеткен мынандай үлгілі сөз бар: Өзек қуа ағады, Өзен – судың сағасы. Алыстан сəлем береді, Əдепті елдің баласы. Осы ақылды сөздің астарында сəлемдесудің қазақ салтындағы қағидалары жатыр. Олай дейтінім, қазақтар көзіне көзі түскен жерден оң қолын жүрек тұсына басып: «Ассалаумағалайкүм!» – деп дауыстап сəлем береді де, ұмытылып келіп, қос қолын бірдей ұсынады. Көзге көз түсіп, жанарларымен ұшырасқанда адамның көңілі жібіп, мейірі түседі. Қолды жүрек тұсына қоюы – «мен сізге шын жүректен амандық тілеймін», «Алланың сəлемін жүрегімнен жолдаймын» деген ниетті білдіргені. «Ассалаумағалайкүм» дегеннің өзі «сізге Алланың сəлемі болсын» деген мағынаны білдіреді ғой. Ал екі қолды бірдей ұсынып сəлемдесудің өзіндік мəні бар. Қос алақан арқылы жан жылуын амандасқан адамына жеткізеді, оның жылуын өзі қабылдайды. Арада мейірбандық оянады. Сонымен қатар қос қолдап есендесу – құрмет, ізеттің белгісі. Менің бала кезімде біздің қазақтар бір қолмен сəлемдеспейтін. Арагідік кездесе қалса, ол адамды менсінбеу, өзімен тең көрмеу ретінде қабылданатын. Ондайда қайсыбір тік мінезді адамдар: «Немене қолың сынып қалды ма?» – деп қақ маңдайдан ұрғандай сілейтетін немесе қолын қағып жіберетін. Əрине, қазір ешкім ондай түрпі мінез көрсетпейді. Ол өрескелдік, тұрпайылық болып көрінер еді. Бір қолмен амандасу басқа жақтан келгенімен бойымызға жіксіз сіңіп, əбден дағдыға айналып кеткен. Дегенмен қос қолды тең ұсынып, құрмет, ізет көрсету – ата дəстүріміз. Мұны ұмытпағанымыз жөн. Əншейін біліп қана қоймай, дəстүрді жаңғыртып, күнделікті қолдану керек. Əйтпесе, жерге себілмей дағарда тұрған дəнмен бірдей. Жерге егілмей құр тұрған дəн уақыт өткен сайын көгеріп, бүлініп керектен шығады ғой. Солай ма? – Иə, солай, – деп атаны қоштадым. Ата сəл кідірістен соң жəне сөйлеп кетті. – «Жыңғыл да өз жерінде көрікті» демекші, əр нəрсе жөнімен, жолымен жарасымды. Қазақ салтында қолдасып амандасудың өз ерекшеліктері болған. Мысалы, қауымға қадірлі, бір елдің анасындай басы сыйлы кейуаналарға қол беріп, құрметтеп амандасу ретті саналғанымен, ерлер мен əйелдер қазіргідей жаппай қолдаспаған. Оны ерсі көрген. Əсіресе қыздар мен жігіттердің қол алысып сəлемдесуі көрер көзге ұят саналатын. Қыз бен жігіт бір-біріне бас иіп есендесіп, ары қарай сөздерін сəнімен сабақтап, мəнімен өрбітіп əкете беруші еді. Бүгінгі əңгіме осымен тамам. Құдай қаласа, ертең де күн бар, – деп ата күтпеген жерден сөзін үзді. * * * Атаның құлақ құрышыңды қандыра сөйлеп отырып, оқыс нүкте қоя салатын мінезіне бейімделе алмай-ақ қойдым. Кеше алды айбарлы басталып, соңы жайдары жалғасын тапқан сəлем жайлы əңгіме бүгін қысқа қайырылғандай тамсандым да қалдым. Тартымды да татымды əңгіменің желісін үзіп, ізін суытқым келмей, соның айналасын төңіректей бердім... «Өткен күнде белгі жоқ» деп ауызекі тілде айта береміз. Неге белгі болмасын, ойды ой қозғағанда миыңның əлдебір қатпарларынан саңылау тауып, сол өткен күндерің жіпке тізген
№43 (202) 21.11.2014 жыл
5
моншақтай мөлдіреп шыға келеді. Əсіресе бала кезің санаңа таңбаланып қала ма деймін. Сəті келіп, сағаты соққанда ойыңа орала кетеді. Атаның соңғы айтқандары басымның бүкпелерін аралап, ұйқыда жатқан жүйке нүктелеріне қозғау салғандай болды. Əлдеқашан ұмытылды, жадымнан баяғыда жоғалды деген көріністер көз алдымнан тырна қатар тізбектеліп өтіп жатты, өтіп жатты... Жаздың қоңыр еспек желіндей анамның жағымды да жайдары үні алыстан талып жеткендей сағыныш күйін кештім. Шешем жарықтық сөзді кестелеп сөйлейтін əңгімешіл кісі еді. – Бе-е-у, желдей ескен жалған-ай! – деп бастайтын өзінің жас кезін, мен көрмеген өз заманын сөз еткенде. – Ұшқан құстай, көрген түстей дүние дөңгелеп барады-ай! Керуен көшсе, жол қалар, өткен дəурен соң қалар, – деп домбыраның құлағын күйге келтіргендей кішкене мақамдап желдіртіп алып, содан кейін ғана негізгі айтар əңгімесіне ойысатын. Көбінесе сөзді сонау қияннан қозғар еді. – Баяғыда салт-дəстүр əдет-ғұрыптың, қазақы жөн-жоралғының өңірі сөгіліп, іргесі босамай дəуірлеп тұрған кезін көріп, басымыздан талай үкілі тəлімді өткіздік қой. О-ой, дəурен-ай десеңші! Бəрі кешегідей көз алдымда көлбеңдеп тұр-ау! Біздің бұралып жүрген бойжеткен кезімізде қыз бен жігіт бұл күнгідей дүйім жұрттың көзінше қолдарын көстеңдетіп амандаспаушы еді. Бас иісіп, сыпайы сəлемдесетінбіз. Қыздардың қолын ұстау «мен, мен» деген жігіттерге армандай көрінуші еді. Тек уақыты жеткенде барлығы да өз жолымен, ізетімен болып жататын. Жолы, ізеті деп отырғаным – «қолұстатар» ғұрпы. Екі елдегі екі əулет құдай қосқан құда болып, құйрық-бауыр жесіп, қалыңдық малы берілген соң, күйеу жігіт ұрын келетін... – «Ұрын келу» деген не? – деймін сөзін бөліп. – «Ұрын келу» – жігіттің қайын ата ауылына, яғни қайын жұртқа күйеу бала ретінде алғаш рет арнайы келуі. Мұны «ірге көрер» деп те атайды. Мына сенің нағашыларың, менің төркіндерім – Албандарда күйеу жігіт ұрын келгенде əркім шама-шарқына қарай «үш тоғыз», «бес тоғыз» немесе «жеті тоғыз» жыртыс əкелетін. Басын бұлғын, құндыз, жанат, сусар, түлкі, жамбы, тайтұяқ, қойтұяқ, тоң білезік, бұрама білезік етіп, мақпал, қамқа, қыжым, қырмызы, барша, доқаба, торғын, шəйі, манат, барқыт, дүрия секілді асыл пұлдарды əкелер еді. Жыртыс əкелу, жыртыс ашу деген – өзінше бір сəнді салт əрі үлкен сын. Бес саусақ бірдей емес, əркім көрпесіне қарай көсіледі, жүрісіне қарай жосылады. Ақтылы қой, алалы жылқы айдаған жілік майы қалың байлар жыртысын жайната келістіріп, байлығын көрсете, бағасын асыра келеді. Ал қоңыртөбел шаруасы шағындар мен шелектік айраны бар төсеніші жұқалардың жыртысы да өзіне лайық. Мұндайлардың жыртыс тігуіне туған-туыс, сарысүйек құдажекжат, ауыл-аймақ түгел көмектеседі. Қалыптасқан қазақ жолынан ұтылып ұятқа қалмау үшін, «ел-жұрты жоқ па» дегізбеу үшін қол ұшын береді. Аса бір пейілі қуырылған тас қазан біреу болмаса, «жыртысқа қосқаным», «қоржынға саларым», «игілігіңе, қуанышыңа жарат» деп көңіл жетелер қолда барын аямай, тілеулес болады. Ертең оның да той-томалағы бар дегендей... – Сонда қызды қалыңмал мен жыртысқа сата ма? – деймін тағы сөзге қыстырылып. – Əй, балам-ай, адамның бағасын малмен, затпен өлшеуші ме еді?! Құдай тағаланың құдіретімен өмірге перзент əкеліп, түн ұйқыңды төрт бөліп бесік тербетіп, ананың ақ сүті мен əкенің адал күшін жұмсап, бағып-қағып тəрбиелеп өсіру деген қара шашыңа ақ түсірер қыруар еңбек емес пе?! Бейнетінің бəрін көріп, дап-дайын адам етіп үлбіретіп, үкілеп əлпештеген балаңды біреудің қолына ұстата салу оңай дейсің бе? Қалыңмал – қыздың құны емес, ата-ананың төккен тер, еткен еңбегінің мыңнан біріне арналған көңіл демейтін сый ғана. Ал киіт, жыртыс, ілу дегендер – дүние емес, ол ешкімге дəулет болмайды, əншейін арадағы қарым-қатынасқа дəнекер, жақындық жолы. Қызына қалыңмал алып, шекесі шылқып байыған қазақты көрген жоқпын. Қайта қыздың дүниесін түгендеп, отаулап, қалыңмалдан асырып, жасау-жабдық беретін. Қазақ қызға еншіге жер бермейді, ал мал-мүлік, дүниені аямайды. «Жасаусыз келін» атанбас үшін қазақ қыздың жасауына зор мəн береді. «Алты жастан жинаса, асады, жеті жастан жинаса, жетеді» деп жасауды ерте кезден қамдайды. Ата-ана жақсы дүниесін, асыл бұйымын қызға сақтайды. Қыз оймақ ұстап, іс тігуге үйренген кезден бастап отауға қажет заттардың бір парасын өзіне істетеді. Түскиіз, аяққап, төсекжапқыш, киімжапқыш, кестелі сүлгі секілді нəрселерді əсемдеп, өрнектеу қыздардың міндеті болған. Əсіресе келін болып түскенде киетін ақ көйлекті кестелеу қыздардың бұлжымайтын бір міндетіндей еді. Қыздар көйлектерін бірін-бірі қайталамайтын айшықты нақыштармен сəндеуші еді. – Е-е-е, ол кезде де тойда ақ көйлек киген екен ғой, – деймін тағы сөзді бөліп. Анам əңгімесін жалғастыра берді. – Қыз ұзату тойында қыздар қызыл, қырмызы көйлек киеді. Əке ауылынан ұзатылып аттанарда қызыл көйлегін үйіне қалдырып, кестелі ақ көйлегін киеді. Əке үйінің оң жағындағы қызық дəуренмен, қыз дəуренмен қоштасудың бір белгісі осылай болады. Ал келін болып түскен соң, «некеқияр», «беташар» мен «отқа май құяр» рəсімдері жасаларда ақ некенің белгісіндей ақ көйлекпен тұрады. – Ақ көйлек кию орыстардан келген екен десем... – деп мен тағы сөзге киліге кеттім. – Түһ! Қайта-қайта тұлдыр сұрағыңмен сөзімнің өрмегін үзе бердің ғой, түге! Не айтып отыр едім? – деп қойып, əу бастапқы əңгімесін қайта жандандырып əкетеді. – Иə, «ұрын келуді» бастап едім ғой. Сөйтіп, күйеудің қайын жұртына келуімен қыз ауылында «ұрын той» басталып кетер еді. Əсіресе қызық қайда деп жүретін сауықшыл жастар, ойхой, бір думандатып жырғап қалатын. Құдағи бастап келген жыртыс əкелушілер үлкен үйде өз қызықтары өздерінде болып жатады. Ал қалыңдық ауылының қызбозбаласы мен күйеудің қасына еріп келген күйеу жолдас, атқосшы серіктері танысыпбілісіп, əзіл-қалжыңдары жарасып кететін. Асқақтатып əн салып, күмбірлетіп күй шертіп, «Қынаменде», «Ине жасырмақ», «Жүзік тастау», «Көрші-көрші» секілді дəстүрлі ойындар ойналатын. Ауыл сыртына алтыбақан құрылатын. Сөйтіп, жастар ойын-сауық, тамашадуманға еркін кенелетін. (Жалғасы бар).
¦ÄIËÅÒ
Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, нысандар жақсы қолға өтсе, №43 (202) экономика да жеңілдеп, бюджетке де қаражат құйылады 21.11.2014 жыл
6 «Қыран» клубы кәсіпкерді қызықтыра ала ма?
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа арнаған Жолдауында баса айтылған жекешелендірудің науқаны елімізде қарқынды жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 90-нан астам нысан сатылып үлгерген. Ал жекешелендіру аясында сатылымдардың 2014 жылға жоспарланған негізгі көлемі биылғы желтоқсан айында іске асырылмақ.
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ АШЫҚ ӨТУГЕ ТИІС
Жекешелендіру бойынша атқарылған жұмыстардың бүгінгі күнге дейінгі нəтижесі жаман емес. 2014 жылы жекешелендіруге 294 нысан қойылған. Оған қосымша əкімдіктер, əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар мен холдингтер 16 нысан ұсынған. Осы 311 нысанның 20-сы республикалық меншікте, 132-сі коммуналдық, 80-і əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациялар, 79-ы – холдингтердікі. Сатуға шығарылған нысандар жауапкершілігі шектеулі серіктестік үлестері, акционерлік қоғам акциялары жəне мемлекеттік кəсіпорындар кешендері болған. Сатылған нысандардың көбі коммуналдық қызмет көрсету саласының, бұқаралық ақпарат құралдарының ғимараттары болып табылады. Олардан кейін ауыл шаруашылығы мен өнеркəсіп нысандары тұр. Ал жекешелендіру аясында сатылымдардың негізгі көлемі биылғы желтоқсан айында іске асырылады. Яғни желтоқсан айында 103 нысан сатылмақшы. Қарашада республикалық меншіктегі 4 нысан, коммуналдық – 28, холдингтер бойынша – 7, əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациялар бойынша 4 нысан сатылымға шығарылған. Айта кету керек, жекешелендіру кезінде Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан нысандарға сұраныс мол болған. Мысалы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қазығұрт-Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нысанын сату барысында да қызу сауда жүрген. Оны сатып алуға ең көп қатысушы – 5 сатып алушы таласып, баға өсіру қадамы 50-ге жеткен. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ еліміздегі ең қымбат нысан да Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Мақта-тоқыма кластерін дамыту бағдарламасының шеңберінде мақта тазалайтын зауыттар мен өндірістік объектілерді тиімді басқару мақсатында 2007 жылғы 13 желтоқсанда құрылған «Қазақстан мақтасы» акционерлік қоғамының бағасы - 3,36 миллиарда теңге. Жұмыс жүрген соң оның артықшылығы да, кемшін түскен тұстары да байқалатыны анық. Көпшіліктің
қуанышына орай, мұражай, театр ғимараттарымен қатар, мəдениет үйлері де жекешелендірілетін нысандар тізімінен алынды. - Бірде бір мұражай немесе галерея, театр жекешелендірілетін нысандар тізіміне енгізілген жоқ. Мұны комиссия бақылап отыр. Бұл тізімге шығармашылық жəне мəдениет үйлері енген болатын, бірақ та біршама уақыт бұрын осы мəселені қарастырып, бұл нысандарды саудадан шығарып тастады. Яғни, олар енді саудаға шығарылмайтын болады. Бұл тұрғыда барлығы 25 нысан қамтылған еді, - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов. Одан бөлек халық қалаулылары тарапынан жекешелендірулердің ашықтығына қатысты сындар айтылған болатын. Бұған қатысты Эдуард Өтепов: - Саудаға қатысатындардың барлығына есімдерін жария етуге рұқсат етуі өтініші жазылған хаттарды жіберудеміз. Атап айтқанда, сатып алушылар өздерінің аты-жөнін атамау туралы ниет білдіретін жағдайлар кездесіп жатыр. Яғни, қазіргі кезде біз бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізудеміз жəне келесі брифингте оның нəтижесін баяндап беремін, - деді. Бұл мəселе алдағы уақытта шешімін табуға тиіс. Өйткені, нақ осы жайтқа қатысты Елбасы Н. Назарбаев басымдық беріп: - Жекешелендірудің қазіргі толқынындағы əрбір нысанның сатылуы ашық, транспарентті түрде жүзеге асуы керек. Халық білуге тиіс: конкурстың қалай өткенін, кімнің нені иеленгенін, кім не істеймін деп уəде еткенін. Мұның бəріне халық хабардар болуы керек. Қателіктерге бой алдырмаңдар. Бұрынғы жекешелендірудің қалай өткені белгілі, кімде билік болса, сол өзі таратып, өзі иеленіп кете берген. Қазір соның салдарынан заңсыз берілген жерді де, мүлікті де қайтарып алуға дейін барып жатырмыз. Бұл жағдай енді қайталанбауы керек. Бұл ретте біріншіден, мемлекет бизнестен кетеді, екіншіден, бұл нысандардың барлығы нарықтық ортаға өтіп, іскерлік ортаның белсенділігін арттырады. Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, нысандар жақсы қолға өтсе, экономика да жеңілдеп, бюджетке де қаражат құйылады. Бұл - аса маңызды шара, - деген болатын.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында ел Үкіметіне «Самұрық-Қазына» Қорымен бірлесе отырып, мемлекеттің үлесі бар барлық компаниялар бойынша сараптама жасап, жекеменшікке берілетін кəсіпорындар тізбесін анықтауды тапсырған. Соған сəйкес үстіміздегі жылдың 31 наурызында ҚР Үкіметінің Қаулысымен жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген. Бұл жоспарға «Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру жəне спорт басқармасының «Қыран» футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны да енді. Əлемде футбол клубын сатып алып, оған өз саясатын жүргізіп отырған кəсіпкерлер жеткілікті. Ал елімізде мұндай шара алғаш рет қолға алынып отыр. Əзірге «қазақ футболынан табыс табамын» деген белсенділер көзге түсе қойған жоқ. Дегенмен, алдағы екі жылда мұндай жаңалық орын алуы тиіс. Футбол клубын сатып алу арқылы бірден пайдаға кенелу мүмкін емес. Сол себепті де футбол клубтарын сатып алушы тек табысты кəсіпкер ғана емес, футбол əлемінен хабары бар азамат болғаны өзіне де, клубтың болашағы үшін де дұрыс болары еді. Ал енді жекешелендіру нысаны болып есептелетін «Қыран» футбол клубы кəсіпкерді несімен қызықтыруы мүмкін? Біздіңше, жаңа іс бастауға осындай жас команда қолайлы секілді. Байқағанымыз, құрылғанына 3 жыл ғана болған ұжым өзінің тартымды ойын өрнегімен қалың жанкүйерге ұнап үлгерді. Əрине, бірінші лигада өнер көрсететін клубтардың ойындарын телеарналардан көру бақыты əзір бұйырмай тұр. Оның үстіне «Қыранның» өз алаңында өтетін ойындарына да көп жанкүйер келе алмайды. Себебі, «Локомотив» стадионында жанкүйер қауымға жағдай жасалмаған. Əйтсе де, қарашаның 16-сы күні бұл команданың ойынын бүкіл Қазақстан тамашалай алды.
Жамбылдық «Таразға» қарсылас атанған шымкенттік ұжым елордадағы «Астана арена» стадионында доп тепті. Бұл ойынды тамашалаған көрермендер жас команданың ойынына ризашылықтарын білдіріп, команданың əлеуметтік желідегі парақшасына жақсы пікірлерін қалдыруда. Ал ойын расында да қызықты өтті. Бірінші лиганың командасы болғанына қарамастан, Премьер-лиганың тəжірибелі ұжымынан кем өнер көрсеткен жоқ. Тіпті, шымкенттік клубтың шабуылшысы Самат Жұмаханов нəтижелі соққысымен көзге түсіп, команда алға шыққан. Өкінішке қарай, тараздықтар екінші таймда есепті теңестіріп кетті. Ал қосымша уақытта да есеп өзгермей, жеңімпазды 11 метрден доп тебу арқылы анықтауға тура келген. Өзіне артылған жауапкершілікті сезіне білген «Қыранның» қақпашысы Мақсат Сейдахмет (суретте) ойын сəтінде де бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарып, командасын алға сүйреген. 11 метрден тепкен бес соққының екеуін қайтарып, əріптестеріне тамаша мүмкіндік сыйлаған еді. Бірақ, командаластары допты қақпаға дұрыс бағыттай алмай, жеңіс «Таразға» бұйырды. Негізі бұл ойында қос ұжымның тағдыры шешілуге тиіс еді. Қай жеңгені келесі жылы Премьер-лигада доп тебу құқығына ие болатын. Алайда, Тараздың тəжірибелі ойыншы-
лары əупірімдеп жүріп жеңіске жетті. Енді екі команда да келесі жылы өздері өнер көрсеткен лигаларында қалатын болды. Футбол клубын сатып алуға қызығушылық танытушы нағыз елінің патриот азаматы болса, сөзсіз «Қыран» футбол клубының қожайыны атануға ұмтылар еді. Өйткені, бұл ұжымда доп теуіп жүргендер – Шымкент футбол мектебінің түлектері. Олардың көпшілігі өзіміздің қазақ жігіттері. Клубтың бас бапкері Əуелбек Дербісбаев. Командада бір ғана легионер бар. Оның өзі де қазақ. Ол Голландиядан келген қандасымыз – Мұрат Онал. Мұраттың тарихи отанына оралуы да қызық болды. Оның шымкенттік «Қыранға» келгені жайлы еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Егер сол уақытта команда білікті кəсіпкердің қолында болғанда, қазақтың қазақ клубына легионер болып келуін де табыс көзіне айналдырып үлгерер еді. Мысалы, мадридтік «Реал» сапына келген колумбиялық шабуылшы Хамес Родригестің 48 сағатта 354 мың жеңіл жейдесі сатылып, клуб 26 миллион еуро табыс тапқан. Əрине, «Қыранның» ондай қалың жанкүйері жоқ. Əйтсе де, сол сəтте клуб үшін жақсы жарнама бола білген Мұрат Оналдың жеңіл жейдесін саудаға шығарса, алушылар Шымкентте ғана емес, еліміз бойынша көптеп табылар еді деп ойлаймыз.
«Ордабасы» Еуропа лигасында ойнайды Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған Кешенді жоспарына енген «Ордабасы» кəсіби футбол клубы» акционерлік қоғамы үшін 2014 жыл сəтті болды деуге толық негіз бар. Келер жылы Оңтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түсіп жүрген ұжым Еуропа лигасында доп тебеді. Бұл нəтиже футбол клубын сатып алғысы келетін кəсіпкерлердің қызығушылығын оятары сөзсіз. «Ордабасы» футбол клубы үшін биылғы маусым сəтті өтті. Алғашқы айналымда алтылыққа енген клуб жүлделі орынға талас жүргізді. «Қайсар» мен «Шахтер» сынды мықты қарсыластарын басып озғанымен, «Астана», «Ақтөбе», «Қайраттың» алдын орай алмай төртінші орынға ие болған. Мұндай нəтиже көрсеткен командаға жүлде берілмесе де, «Ордабасыға» Еуропа лигасында өнер көрсету мүмкіндігі бұйырды. Себебі, жүлдегер атанған команда Қазақстан кубогын да жеңіп алса,
еуробəсеке жолдамасы төртінші орын алған ұжымға беріледі. Ал Қазақстан кубогын ақтық сынға өткен «Ақтөбе» мен «Қайрат» өзара сарапқа салады. «Ордабасы» командасы бұған дейін бір рет, 2012 жылы Еуропа лигасында ойнаған. Алғашқы қарсыласы сербиялық «Ягодинаны» жеңіп екінші кезеңге де өткен болатын. Кезекті кездесуінде Норвегияның азулы командасы «Русенборгке» жапжақсы қарсылық көрсеткен еді. Сырт алаңда 2:2 есебімен тең
ойнап қайтқан. Алайда, өз алаңымызда өткен ойында төрешінің қателігінен сəтсіздікке ұшырады. Сол кезде шымкенттік клубтың соққан добын төреші
есептемей қойған еді. Соның салдарынан норвегиялықтар соңғы минуттарда жеңісті жұлып əкетті. Бетті дайындаған Мирас ƏСЕМ.
ЕҢ... ЕҢ... ЕҢ... (ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНДА САТЫЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚАРАША АЙЫНА ДЕЙІНГІ КӨРСЕТКІШІ) ЕҢ АРЗАН НЫСАН
ЕҢ ҚЫМБАТ НЫСАН
теңге
млрд. теңге
«ATC Brok» ЖШС (49%) «ƏЛЕМ ТАҒАМ» ЖШС (9,9%) «Полимер Мұнай Газ» (9%) («Ақтөбе» əлеуметтіккəсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ)
минут ЕҢ ЖЫЛДАМ АУКЦИОН «Қандыағаш ГТЭС-100» АҚ (6,43%) (Ақтөбе облысы, «Ақтөбе» əлеуметтік-кəсіпкерлік қатысушы корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ)
«МАК-Екібастұз» ЖШС (100%) (Павлодар облысы, «Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» АҚ)
ЕҢ ҰЗАҚ САТЫЛМАҒАН НЫСАН рет саудаға шығарылған ЕҢ КӨП ҚАТЫСУШЫ «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС (100%) («Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ)
БАСТАПҚЫ БАҒАСЫНАН ЕҢ ЕСЕЛЕНГЕН НЫСАН
есеге қымбаттаған «Ритуал-сервис» ЖШС (100%) (Шығыс Қазақстан облысы, аудандық коммуналдық меншік)
БАСТАПҚЫ БАҒАСЫНАН ЕҢ КӨП ҚАДАМ ЖАСАЛҒАН НЫСАН қадам
«Елорда-жарнама» (100%) ЖШС, (Астана қ-сы, коммуналдық меншік)
«Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС (100%) («Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ)
БАСТАПҚЫ БАҒАСЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ НЫСАН
млрд. теңге «Қазақстан мақтасы» АҚ (100%) («ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ)
ЕҢ КӨП ЖҰМЫСШЫСЫ БАР НЫСАН адам «Күзет» мамандандырылған күзет бөлімшесі» АҚ (100%) (Астана қ-сы, республикалық меншік)
Егемендік алған алғашқы жылдары елімізде білім беру нысанының тапшылығы қатты сезілген еді. Жүздеген мектептердің жетімсіздігі көп байқалатын сол кездерде көптеген білім ұяларында балаларды үш ауысымда оқыту жолға қойылды. Бірақ бұл өзекті мəселенің өзегін тарқатпады. Етек-жеңімізді жинап, еңсе тіктеген соң Елбасымыз баянды бағдарламалар жасап, Үкіметке халықтың тұрмысын түзер түрлі тапсырмалар берді. Солардың қатарында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бар. Аталған бағдарлама қаншама балалардың білім алуын жеңілдетіп, оқуға деген құлшынысын арттырды. 2007 жылы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы негізінде жүзеге асқан бұл бағдарлама Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы талай түйткілді мəселенің түйінін тарқатуға ықпал етті. Бағдарлама аясында бұл ауданда үш мектептің құрылысы қарқын алып, 1-1,5 жыл ішінде пайдалануға берілді. Бүгінде ашылғандарына 5 жылдан аса уақыт болған сол мектептердің жұмысымен танысу мақсатында біз Түлкібасқа арнайы барып қайтқан едік.
аралығындағы 300-ге жуық оқушылар 3 шақырым қашықтықта орналасқан Түлкібас станциясындағы Т. Рысқұлов мектебіне қатынайтын. Бұл екі ауыл іргелес орналасқандықтан əрқайсысына жекежеке мектеп салу өте тиімсіз еді. Сондықтан да жоғарыда отырған билік өкілдері саннан нақты сапаға көшіп, екі ауыл тұрғындарына арнап осы мектепті салу ісін қолға алды. Үш қабаттан тұратын бұл білім ұясында бүгінде 672 бала білім алады. Түлкібас поселкесінен де келетін өскелең ұрпақтар бар. Мектеп ашылғалы бері 5 жылдан астам уақыт болды ғой. Алла сəтін салса келер жылы алтыншы түлектерімізді ұядан ұшырамыз. Бұған мұғалімдер де, ауыл тұрғындары да дəн риза. Қай ата-ана баласының зəулім, жылы, келбетті мектепте оқығанын қош көрмейді дейсіз?! Заман
БАЄДАРЛАМА
оның алғашқы ғимараты австриялық тұтқындардың қолымен салынған. Ол алғаш 4 жылдық орыс мектебі болған. 1936 жылы қазақ мектебі болып бөлініп шығады. 1990
ТЇЛКІБАСТАЄЫ ТАЛАЙ БАЛАЄА Х. Балтабаева
Тəуелсіздік алған жылдан бастап Түлкібас ауданы Келте-Машат ауылы тұрғындарының бас ауыртып, балтыр сыздататын басты мəселесі ол мектеп болатын. Елді-мекендегі халық үшін тек бір ғана білім ұясы жұмыс жасайтын. 100 орынға лайықталған Ш. Уəлиханов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде 171 оқушы білім алатын. Жалғыз мектептің жай күйі де мəз емес еді. Өте жыларман халде болған. Əбден тозығы жеткен білім ұясының негізі 1946 жылы асар əдісімен қыштан тұрғызылған. Соғыстан кейінгі жылдары құрылысқа қажетті материалдардың қолжетімді болмағаны көпшілікке аян. Сондықтан да ондағы сынып пен дəліз бөлмелеріндегі терезелер бір қабаттан құрылып, едені ағаш тақтайлардан емес, цементпен сыланды. Оның өзі қыста сыз тартып балаларды тоңдыратын. Сол кездері мектеп өте асығыс əрі талапқа сай тұрғызылмағандықтан соңғы жылдары қабырғалары жарылып, іргесі сөгіліп құты қашқан еді. Соған қарамастан оқушылар білім алуын жалғастыра берді. Дегенмен де ол жерде арнайы пəн кабинеттері мен лаборатория бөлмелері, спорт залы, асхана, шеберханалар атымен жоқ еді. Өз кезегінде бұл балалардың қазіргі заманға сай білім алуларына кері əсерін туғызды. Мектептің санитарлық жағдайы талап ережелеріне мүлдем сəйкес келмеді. Ауыл əкімі мен ақсақалдары бұл жайында аудан əкімдігіне талай рет хат арқылы да бетпе-бет кездесіп те айтып жүрді. Бірақ «жомарттың қолын жоқтық байлайды» дегендей, бар жағдай қаржыға келіп тірелгендіктен, мəселе кейінге қала берді. Бұл жағдай 2007 жылға дейін созылды. Апатты халге душар болған Келте-Машат ауылындағы Ш. Уəлиханов атындағы мектепке бару балалар үшін де мұғалімдер үшін де өте қауіпті болды. Сол тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» салу туралы тапсырмасы жария етілді. Балалардың бақытына орай соның негізінде Келте-Машаттағы бұл нысан орнына талап деңгейіне сай келетін жаңа мектеп салу туралы шешім шығарылады. Көп ұзамай құрылыс жұмыстары басталып, келтемашаттықтар көптен күткен көрікті мектеп бой көтереді. 200 орындыққа шақталып салынған білім ұясы 2009-2010 оқу жылында пайдалануға берілді. Мектептің жобалық-сметалық құны 366 350,0 мың теңгені құрады. Жаңа жүйемен тұрғызылған бұл нысанда 37 кабинет бар. Оның 16-сы арнайы дəріс бөлмелер болып табылады. Екі қабатты мектеп ғимаратында спорт зал мен асхана да жұмыс істейді. Ауылдың құтын арттырған бұл білім ұясында бүгінде мектеп алды даярлық тобын қоса есептегенде 197 бала оқиды. Бұрынғыдай жаурайтын емес жылы, ыңғайлы, жаңа ғимарат қазіргі заманға сай технологиялармен қамтылған. Ондағы оқушылардың да білім сапасы жыл сайын артып отырғанын мектеп мұғалімдері мен ауыл
жай қарап отырмай, кейінгі ұрпақтың болашағына алаңдап, осылайша, қоғамдық маңызы бар жұмыстарға белсене араласуы көпке үлгі боларлық өнеге емес пе? Осы ретте мектепті «ТSТ grup» мердігер компаниясы тұрғызғанын айта өтейік. Мектептің жобалық сметалық құны 694 млн. теңгені құрады. Жаңа мектептің бой көтеруі жастардың жақсы қырынан танылуына да жол ашты. Бұған мектептің 11 «а» сынып оқушысы А қ е р к е Е с м аханмен тілдескен кезімізде көз жеткіздік. Ол: – 6 сыныпқа дейін Алғабас елді-мекеніндегі 11 жылдық шағын жинақты орта мектепте білім алдым. Ол өте ескі еді. Əрі ыңғайсыз. Сол
7
С. Алибаев
БІЛІМ
¦ÄIËÅÒ
Мемлекеттің тек үлкен қалаларға емес, ауылдарға да №43 (202) көңіл аударып, еңселі білім ұясын салғаны қатты қуантады 21.11.2014 жыл
БАЌЫТ СЫЙЛАДЫ ағымына сай етіп тұрғызылған білім ұясында жұмыс істеу ұстаздардың да көңілін тоғайтады, - дейді. Білім ұясында 2-лингафон, 2-мультимедия, 2-биология, 1- физика, 1-химия, 4-технология сынды 14 арнайы пəн кабинеттері бар. Бас-аяғы 30 дəріс бөлмелері бар мектепте 312 орынға негізделген акт залы, спорт зал мен 121 адамға арналған асхана, бір мезетте 30 оқырманға қызмет көрсететін кітапхана жұмыс істейді. Санитарлық жəне қауіпсіздік жағдайлардың барлығы да ескерілген мектеп іші мұнтаздай таза, тартымды, кең əрі жарық. Тіпті
жылы оған қазақтың қайсар ұлы Б. Мокезде ХХІ ғасыр болса да бізге компьютер мышұлының есімі беріледі. Түлкібас подеген қол жетпес дүние болып көрінетін. селкесінде орын тепкен бұл мектептің іші Мектепте олардың саны саусақпен санарөте тар, əрі дəріс бөлмелері аз еді. Небəрі лықтай еді. Сынып бөлмелеріміз тым суық10 сынып класында 1000-нан астам балаға тын. Қыстың күндері сырт киіммен отырасабақ беру мұғалімдер үшін оңайға соқпайтын кездеріміз көп болатын. Ал қазір бастын. Сондықтан да мектеп əкімшілігі үш қаша. Жаңа мектеп. Жаңа технологияларауысыммен жұмыс істеуге тура келетін. Ал мен жабдықталған дəріс бөлмелерінде оқу мектеп бас-аяғы 200 орынға ғана лайықда сабаққа деген ынтаңды арттыра түседі. талған еді. Міне осыдан-ақ ұстаздардың Осы мектепке келгенімде бізге қазақ əдеқандай ауыр жүктемеде жұмыс істегенін биеті пəніне Баян Қайдауылова есімді мұбағамдау қиын емес. ғалім бекітілді. Əлі күнге дейін сол ұстазыҚазіргі таңда өткен күннің еншісінде мыз дəріс оқиды. Осы үшін мен өте қуақалған бұл қиын күндер туралы бізге осы ныштымын. Өйткені Баян апайдың менің мектептің директоры Сəкен Алибаев айосы сабаққа деген ықыласымды ерекше тып берді. Сондай-ақ ол: арттырды. Ол түрлі байқауларға қатысуы– 1997 жылға дейін мектеп оқушылары ма ықпал етті. Мəселен, өткен жылдары тұрғындары мақтан тұта мəлімдейді. ӨйтАпатты халге темір жол бойынан төмен орналасқан мектеп ішінде ұйымдастырылған «Жас кені ертеңгі ел тұтқасы – білімді ұрпақ ғимаратта білім алды. Бірақ ол өте апатты тілші» байқауында екінші, аудандық «Ең екенін терең түсінеді. душар болған Келтежағдайда болған соң жарамсыз деп таүздік жүргізуші 2013» пен «І. ЖансүгіровКелте-Машатқа 200 орындық Машат ауылындағы Ш. нылды да, оқушылардың барлығы дерлік тың оқулары» конкурстарында жүлделі жап-жаңа мектеп тұрғызу аудандағы Крупская мектебіне ауыстырылды. Яғни Уəлиханов атындағы мектепке бару 2 орындарға қол жеткіздім. Баян апабұл саладағы проблеманы түпкіКрупская атындағы мектебі Б.Момышұлыйымыз сабақ бергеннен бастап қазақ лікті шеше алмады. Аудандағы балалар үшін де мұғалімдер үшін де өте нының базасына берілді. Осылай ары-бері əдебиеті жауһарларының шығармаМəнтай Жəрімбетов, Алғабас қауіпті болды. Сол тұста Елбасы көшу мен артық сандалыстар білім сапаларын оқуға деген құлшынысым елді-мекендерінде де білім ұясының төмендеуіне əкеліп соққанын жаарта түсті. Өз кезегінде бұл таныНұрсұлтан Назарбаевтың «100 мектеп, сының жетімсіздігінен ондағы сырмаймыз. Бұл егемендікке қол жеткізген мымның терең, санамның сергек балалар жан-жаққа сабылып 100 аурухана» салу туралы тапсырмасы жылдан бастап айтыла-айтыла жауыр болып қалыптасуына жол ашты. оқитын. Үкімет сан жылдар божария етілді. Балалардың бақытына орай болған мəселе болды. Аудан əкімдіктерінің Кім біледі егерде мен бұрынғы ескі йы жырға айналған бұл мəселемəжілістерінде ауыл ақсақалдары мектеп мектепте осы күнге дейін білім ге де соңғы нүкте қою үшін Алсоның негізінде Келте-Машаттағы бұл жайын қаншама рет ортаға салды. Бірақ алып жүргенімде өзімді осы қырымғабас ауылына іргелес жатқан нысан орнына талап деңгейіне сай келетін проблеманы шешу 2010 жылдың еншісіне нан көрсете алмас па едім?! - деді. М. Жəрімбетов ауылының ішінен тиді. 2009-2010 оқу жылында елдіжаңа мектеп салу туралы шешім Кəмшат Əбілқасым, 11 сынып 600 орындық Алғабас мектебін мекенімізде бой көтерген 1200 орындық оқушысы: салды. Бұл жайында мектеп дишығарылады. Көп ұзамай құрылыс осы мектептің ашылуы қуанышты хабар – М. Жəректоры Хадиша Балтабаева: жұмыстары басталып, болды. Бұл жаңа нысан «100 мектеп, 100 рімбетов ауы– Бұл жер Түлкібас ауданы, аурухана» бағдарламасы аясында қолға келтемашаттықтар көптен лындағы бастаТемірбастау ауылдық округі болып алынды. Үш қабатты ғимаратта 62 дəріс у ы ш м е к т е п т е табылады. Ауылға қарасты Алғабас пен күткен көрікті мектеп бөлмесі бар. Материалдық техникалық оқыдым. Ол кезМ. Жəрімбетов ауылдарында мектеп бой көтереді. базамен толықтай қамтылған мектебімізде де қиын еді. Сыпроблемасы күні кешеге дейін шешімін 103 мұғалім жұмыс істейді. Мектептегі құнып бөлмелерікүтіп отырған өзекті жəйт еді. Мəселен, рылыс жұмысын мердігер компания нің жетімсіздігіАлғабас ауылында шағын жинақты жалпы «Реал-строй құрылыс» АҚ 1 482 627,0 мың нен кейде 1 сыорта мектебі болды. Ол жерде 244 бала бұдан бес жыл бұрын емес, бірер уақыт қаржыға орындады. нып пен 4 сынып білім алатын. Қабырғалары 1937 жылы алдын пайдалануға берілгендей əсер Бүгінде 15 мыңға жуық халық қонысо қушыларына қаланған ол əбден ескіргендіктен, соңғы қалдыратын жап-жаңа ғимарат. Жоғары танған бұл елді-мекенде 1500 бала бар. дəріс бірге жүргіжылдары апатты жағдайға жетті. Бір қасапада бой көтерген мектепті салу кезінде Соның 80-і ғана басқа білім беру мекемезілетін. Содан соң 5 сыныпқа көшкен кезде батты бұл білім ұясының қисайған қабырқұрылыс саласының мамандары балаларлерінде оқиды. 50-ге жуық шəкірт орыс сыТ. Рысқұлов мектебіне қатынап оқитын ғаларын көргенімізде құлаудың шақ алдың сапалы білім алуы үшін барлық жағныптарына барады. Қалғанының барлығы болдық. Бұл білім ұясына бару үшін 3 шадында тұр-ау деп қорқатын да едік. Ал дайды ескеріп, жоғары деңгейде жұмыс да осы жерде білім алады. қырым жол жүретінбіз. Мектеп оқушылары қасымыздағы М. Жəрімбетов ауылында істегені көңіл қуантады. Мектеп басшысы Ширек ғасырдан астам уақыт бойы үшін арнайы көліктер қатынайтын. Көбінежағдай бұдан да күрделілеу болды. Өйтқұрылыс жұмыстарының барынша сапалы мектеп тапшылығын тартқан түлкібастықкөп оларға сыймай қалатынбыз. Сондықкені ол жерде тек бастауыш мектебі ғана жүруіне ауылдың ақсақалдары мен тар бұл мектеп ауылдың ажарын ашып, тан да көлікпен емес, жаяу жүретін кезжұмыс істейтін. Жалпы саны 42 шəкірт жанашыр азаматтарының септігі мол болберекемізді арттыра түсті дейді. Солардың деріміз жиі еді. Сол жылдары екпінді оқубілім алатын. Ал ауылдағы 5-11 сынып ғанын айтуда. Олар мердігер компания қатарында Лəззат Сембаева да бар. Өз шы болсам, қазір үздіктер қатарындамын. жұмысының барысын назарларынан кезегінде ол лебізін былай жеткізді. Мектепке бару, үйге қайту бұрынтүсірмей, үнемі бақылап жүрген. Осындай– Осы ауылдың тумасығыдай мұң емес. Бар-жоғы 10да «қарты бар ел қазыналы» деген мақал мын. Тұрмысқа осы жерге 15 минуттық жол ғана. Жолеріксіз еске түседі. Ауылдың алдыңғы шыққанмын. Бүгінде төрт Ширек дардың барлығы тротуар толқыны «біздің дəуір өтті ғой» деп, бейбаланың анасы болып болғандықтан, бет алған ғасырдан астам отырған жайым бар. Тəужеріңе оңай жетесің. Біуақыт бойы мектеп бе етемін. Ұл-қыздалім алу үшін барлық рымның барлығы да тапшылығын тартқан жағдай жасалған. Инмектеп жасындағылар. форматика кабинеттері түлкібастықтар бұл Төртеуі де осы жерде интернет желісіне қомектеп ауылдың ажарын оқиды. Тұңғышым тоғысылғандықтан, кез келзыншы, кенжеміз бірінашып, берекемізді ген уақытта ғаламторға ші сыныпқа барады. кіріп, керекті мəліметтерарттыра түсті Қаншама жыл бойы мекді алуға мүмкіндік мол. теп мəселесі проблема дейді. Жүздеген балаға қуаболды ғой. Үлкенім бұрын есныш сыйлаған бұл білім ұясына кі мектепте оқитын кезде уайымкөрнекті мемлекет жəне қоғам дайтынмын. Өйткені пойыз жолдан қайраткері, Оңтүстік Қазақстанның дамуыөтетін. Баратын жолда нашар еді. Лайна сүбелі үлес қосқан азамат Асанбай Асбатпақты кешіп келетін. Есесіне аяқ киім қаровтың есімін беру туралы мəселе көтешақ келмейтін. Ал қазір барлығы ауылдың рілген. Бұны аудандық мəслихат депутатішінде салынған жаңа əрі ыңғайлы білім тары мақұлдаған. Енді Үкімет қолдаса ұясында əбіржімей оқиды. «Ауыл – алтын еңселі мектепке елдің есінде сақталған бесік». Мемлекеттің тек үлкен қалаларға ердің ардақты аты берілетін болады. емес, осындай ауылдарға да көңіл аудаАудандағы ең ескі білім мекемелерінің рып, құт-мекенімізге еңселі білім ұясын бірі Түлкібас елді-мекеніндегі Б. Момышсалғаны қатты қуантады. Бұған барлық ұлы атындағы жалпы орта мектебі болып ауыл халқы дəн риза. табылады. Негізі 1917 жылы қаланған С. ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ.
Жасұлан Қыдырбаев ауыр атлетика бойынша №43 (202) қазақтан шыққан тұңғыш Əлем чемпионы 21.11.2014 жыл
АЛАМАН
8
АЛМАТЫДАҒЫ АЛЫПТАР АЙҚАСЫ ҚАЗАҚҚА ЖАҢА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН СЫЙЛАДЫ Алматыда өткен Əлем чемпионаты Қазақстанның ауыр атлеттері үшін сəтті болды. Саңлақтарымыздың бірі үлкен бəсекеге алғаш рет қатысса, енді бірі жаңа салмақта бағын сынады. Енді бірі жарақатына байланысты жарысқа мүлдем қатыса алмады. Осындай жайттарды ескерген қазақ ауыр атлетикасының тізгінін ұстағандар «арық сөйлеп, семіз шығуды» жөн көрсе керек, 2 алтын олжалауды мақсат еткен. Спортшыларымыз межені артығымен орындап, абыройымызды асқақтатты. Қазақ елінің сынға түскен Зүлфия Чиншанло алғашқы алтынды қоржынға салды. Əзірге қазақстандық қаршадай қызға лайықты қарсылық көрсетер спортшы əлемде жоқ деуге болады. Себебі, күміс медальға иелік еткен тайпейлік Суй Щу-Цзин қоссайыс қорытындысы бойынша 218 (99+119) келіні көтеріп, жерлесімізден 14 келіге қалып қойды. Ал Əлем рекордын жаңартқан Зүлфия
232 (98+134) келіні бағындырып, əлемнің үш дүркін жеңімпазы атанды. Жарыс жолына Жазира Жаппарқұл шыққан күн қазақ ауыр атлетикасының тарихына алтын əріппен жазылғаны сөзсіз. Өйткені, бұған дейін қазақ қыздары Жазираның жеткен жетістігін жасай алған жоқ еді. Туған жерінде өтіп жатқан сында ол лайықты өнер көрсетті. Əттең, төрешілер бағындырған салмағын есептемей тастамағанда, қызымыздың бас жүлдеге таласары сөзсіз еді. Жеңімпаз атанған кəріс қызы Ун Хю Ре 265 (120+145) келі салмақты бағындырған. Ал қаракөз қарындасымыз одан 3 келі ғана кем көтеріп - 262 (118+144), Əлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат етті. Біраз жылдан бері ерлер арасында 94 келідегі бас жүлдені Қазақстанның спортшысы еншілеп келген. Жақын жылдары да ол өзгелерге бұйыра қоймас. Осыған дейін бұл салмақта Илья Ильин көш бастап келсе, енді оның орнын жоқтатпайтын ізбасарлары дайын. Алатау бөктерінде өткен бəсекеде оған толық көз жеткіздік. Бұл салмақта бəсеке басталмас бұрын Польшада өткен Əлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов жерлестеріне сəттілік тілеген. Бір жыл бұрын ғана қазақ жігіті алғаш
жұлқа көтеруде 188 келіні бағындырып, алға шыққан. 185 келіні көтерген литвалық Ауримас Дидзбалис екінші орынға көтерілсе, 179 келіні еңсерген Жасұлан үшінші орынға тұрақтады. Қызықтың барлығы серпе көте-
рет ауыр атлетиканың күміс медалын олжалағанда, жанкүйерлердің қуанышында шек болған жоқ. Иə, Алматыда Алмастың жетістігі жаңарады деп ешкімнің де ойламағаны анық. Бəсекеге Жасұлан Қыдырбаев пен Владимир Седов сынды екі спортшымыз араласты. Қыдырбаев үлкен бəсекеге алғаш рет араласып отырғандықтан, оның шамасын біле қойғанымыз жоқ. Ал Седовтың еншісінде Əлем чемпионатының бас жүлдесі бар. Сол себепті де көпшіліктің назары Владимирде болатын. Ол
ру жаттығуында басталды. Қыдырбаев басты қарсыластарымен бірдей көтеріп, жүлдеге таласуын жалғастырған. Алайда, екінші мүмкіндігінде қателік жіберіп, бəсекелестері алға озып кетті. Қоссайыстың қорытындысы бойынша бас жүлде Седовтың, күміс Дидзбалистің уысында болатын. Алтынның бəрібір өзімізде қалатынын ескерген Жасұлан тəуекелге бел буды. Бірінші орынға шығу үшін қажетті салмақ 229 келіге тапсырыс берді. Бұл салмақтың қазақ жігітіне бағынарына ешкім сенген жоқ. Тіпті, «ол тек фантастикада кездеседі» дегендерді құлағымыз шалған. Иə, Қыдырбаев ғажайыпты шындыққа айналдырып, бұл салмақты оңай көтерді. Осылайша, қазақ жанкүйерлерінің төбесін көкке жеткізіп, ол ауыр атлетика бойынша қазақтан
шыққан тұңғыш Əлем чемпионы атанды. Ал күміс медаль Владимир Седовқа бұйырды. Илья Ильиннің бəсекеге араласқан сəтін тек Қазақстан жанкүйерлері емес, бүкіл əлем күтті деуге болады. Өзі қатысқан жарыстың барлығында тек қана бас жүлдені иеленетін спортшының жаңа салмақтағы өнерін тамашалағысы келетіндер өзге елдерде де көп еді. Шындығын айту керек, Ильиннен не күтерімізді өзіміз де білмедік. 94-тен 105 келіге ауысқан жерлесіміз алғаш рет жаңа салмақта ірі жарысқа қатысқалы тұр еді. Бұл күнді асыға күткен жұрт нағыз тартыстың куəсі болды. Солай боларын білген де болатынбыз. Өйткені, 105 келі салмақтан соңғы Əлем чемпионы өзбек Руслан Нуриддинов те, өз елінде рекордтық салмақты көтерген ресейлік Давид Беджанян да бабында еді. Алғашқы жаттығу бойынша 190 келіні көтерген Илья Ильин үшінші орынға түсіп қалды. Руслан Нуриддинов 193 келіні, қытай спортшысы Же Янг 191 келіні еншілеріне жазды. Əдеттегідей бар қызық серпе көтеруде басталды. Иə, мұндай бəсекелестік жақын жылдары бола қоймаған шығар. Қас-қағым сəтте əлемнің рекорды 3 рет жаңарды. Басты бəсекелестердің соңғы мүмкіндіктері қалған сəт те келіп жеткен. Бірінші шыққан Нуриддинов 239 келіні көтеріп, əлем рекордын жаңартты. Бірақ өзбектің қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Ресейлік Давид Беджанян 240 келіні көтеріп, рекордқа түзету енгізді. Кезек Ильинге келген. Оған рекордты жаңарту аз. Чемпион атану үшін Нуриддиновке жұлқа көтеруде кеткен 3 келінің орнын толтыруы қажет еді. Сол себепті де 242 келіні еңсеруге тиіс болатын. Екінші мүмкіндігін пайдалана алмай қалған сəтте күмəн пайда бола бастаған. Жоқ, Ильяның күші сарқылмапты. Тапсырыс берген салмағын оңай көтеріп, рекордты да жаңартты, бас жүлдені де қанжығалады. Айта кетейік, бұл бəсекені Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалаған екен. Салмақты бағындырған соң Елбасы ауыр атлетикадан төрт дүркін əлем чемпионы Илья Ильинді телефон арқылы құттықтады. - Президент мені телефон арқылы құттықтады, ол өте қуанышты болды. Менің жеткен рекордымды сұрады. Президент сондай-ақ «біз əлі көрісеміз, сонда сөйлесерміз» деп қосты. Мен оны жақын адамым деп санаймын. Оның арқасында жоғары нəтижелерге жетіп келемін. Мен оған қолдауы үшін алғыс айтамын, - деді И.Ильин. Осылайша, Қазақ елі Əлем чемпионатын абыроймен өткізді. Алматыда өткен сынға 72 елден 538 спортшы қатысып, 15 медаль жиынтығын сарапқа салды. 72 елден 15 мемлекеттің спортшылары медальға ие болса, 57-сі отандарына олжасыз қайтты. Жалпы есепте топ жарған Қытай спортшылары (4 алтын, 1 күміс, 5 қола) иеленсе, жалғыз қола медальмен шектелген Литва медаль алған 15 елдің соңында тұр. Ал Солтүстік Кореяның атлеттері 8 медаль (4 алтын, 1 күміс, 3 қола) жеңіп алып, екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті 5 медаль (3 алтын, 2 күміс) олжалаған Қазақстан спортшылары түйіндеді. Мирас ƏСЕМ.
Жүректерді жыр-маржан тербеткен күн Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, Халықаралық экономика жəне менеджмент докторы Нəзікен Алпамысқызының негізгі мамандығы бойынша экономист бола тұрғанымен киелі де қастерлі ақындық өнерді қатар алып келе жатыр. Оның дəлелі ретінде 80 - жылдардың ортасында жазған жырлары мен қазіргі таңда жарық көрген бірнеше жыр жинақтарын атап өтуге болады . Сол жинақтарының бірі «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда» кітабы оқырмандар тарапынан жағымды пікір тудырып, оның жазу мəнерінің ерекшелігіне көңіл аудартты. Нəзікен Алпамысқызы өзіндік танымымен, дүниеге көзқарасының айшықтығымен, жаңа идеяларымен оқырман жүрегін жаулап алған. Ақын жырлары "уақыт жəне адам" , "уақыт жəне кеңістік", "өмір жəне өлім" аясында қарастырылып, көркем зерделенеді. Жыр шумақтары ұтымды теңеулерге толы, көркем, əрі қарапайым, əрі күрделі, лексикасы құнарлы. Ақын қыздың шығармашылық кеші Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қарашаның он төртінші жұлдызында Баспасөз жəне баспа ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Мəдени іс - шара жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, осынау кеш қонақтарының бірі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі - Жұмагүл Солтиеваға сөз берілгенде, белгілі қаламгер Нəзікен ақынның поэзияға деген сүйіспеншілігі мен еңбекқорлығы,оның жырларының көркемдік қырлары туралы айтып, студенттермен пікір бөлісті. Нəзікен Алпамысқызы өз өмірінің қызықты сəттерімен бөлісе отырып, көптеген өлеңдерін оқып берді. Журналистика жəне саясаттану факультетінің белсенді студенттері Нəзікен ақынға сауалдар қойып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Сұрақтар ақынның ақындығы мен мамандығы жайында қойылған болатын. Кеш барысында университет белсенділерінің кейбірі
ДӘСТҮРЛІ КЕШ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ Студенттік өмір. Алтын ұя – мектебінен түлеп ұшып, студент атанып, «нағыз өмірге» бейімделетін кезең емес пе?! Бұл шақтың қызығы мен шыжығы əркімнің жадында мəңгілік сақталары сөзсіз. Өзіндік қиындықтары мен қызықтары мол осы өмірдің кейіпкерлері – студенттердің əр күні телесериалдардың жалғасындай өтеді жəне де сонысымен қызықты. Студенттің өмірінің əр күні мереке. Əйтсе де, мейрам болып күнтізбеде белгіленген ол күн – 17 қараша – Халықаралық студенттер күні!
Осы атаулы дата 17 қарашада тойланатынын біреу білсе, бірі білмей жатады. 1939 жылдың қарашасында Прага қаласында студент Ян Оплетал жерленді. Ол неміс басқыншыларына қарсы шыққан студенттік шеруде алған жарақаттарынан көз жұмған болатын. Студенттердің көтерілісінің нəтижесінде 1939 жылдың 17 қарашасында чех жоғары оқу орындарын жауып, 10 студентті атып, 1200 көтеріліске қатысқан студентті концлагерьге жапқан болатын. Бұл тарихи оқиға болған күн Халықаралық студенттер күні деген атау қалып, қазіргі күнге дейін тойланып келеді. Осыған орай, Л.Н. Гумилев атын-
«Əділет» ұлттық апталығының президенті Қуанышбек Тасболатұлы БОТАБЕКОВ
дағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика жəне саясаттану факультетінде аға оқытушы Гүлжазира Ертасованың ұйымдастыруымен керемет мейрам дəстүрлі түрде кең көлемде аталып өтілді. Кеш шымылдығын ашып берген факультет деканы, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Қайрат Өмірбайұлы Сақ студенттерге шығармашылық табыс тілеп, мерекелерімен құттықтай отыра факультеттің бетке ұстар студенттерін алғыс хатпен марапаттады. Осы жылғы «Халықаралық студенттер күніне» арналған кеш басқа форматта өткізілуімен есте қалды. 2014 жылғы «студенттер күнінің» форматы – комедия жанрындағы «Жатақхана шатағы» атты сахналық қойылым болды. Бұл қойылым жатақханаға бірінші курс студенттерінің келіп орналасуымен басталды. Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген
ақуыз балапандардың жаңа өмірге аяқ басып, студенттік өмірдің дəмтұзын татып, қызықты оқиғалардың көңілді кейіпкерлері болып жүргендері шынайы көрсетілді. Қойылымдағы студенттер арасындағы келіспеушілікпен басталып, соңында бірбіріне достық ұсынған жастар өмірі қызықты-ақ... «Жатақхана шатағы» атты бұл сахналық қойылым сценарийіне Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің «Алтын белгі» №6 студенттер жатақханасының «305» жəне «306» бөлме тұрғындары арасындағы оқиғалар негіз болды. «305» бөлме тұрғындары – қыздар болса, «306» бөлмеде ұлдар тұрады. Сахналық көріністегі кейіпкер студенттің ауылдан хабар алып, оны бөлмелестерімен бөлісіп, ішкі жан сырларымен ортақтасуы, сүйіспеншілік сезімнің пайда болуы, студенттер арасындағы достықтың, тіпті келіспеушіліктің болып тұратыны — шынайы суреттелген. Сондайақ, қазақ журналистикасы – 31 жəне 21-ші топ студенттері түсірген «Студенттің бір күні – 2 » атты студент өмірінің шынайы көрінісі бейнеленген қысқаметражды фильм кештің де, қойылымның да ажарын аша түскендей болды. Бұл қысқаметражды фильмнің бірінші бөлімі 2013 жылы көрсетілген болатын. Бұл дəстүрдің жалғаса беретіндігінде күмəн жоқ! Көңілді кешке бірінші курс студенттері де ат салысты. Мағжан, Нұрсұлтан, Ардақ есімді жігіттер сахналық қойылымда өз өнерлерін паш етсе, Меруерт, Əділет, Мəдина сынды қыз-жігіттердің орындауларындағы əсем əуенді əндер кеш көрермен-
Атқарушы директор Асыл ЖАПАНОВ Жауапты редактор Салтанат ИБРАГИМОВА Жауапты хатшы Мұрат СЕРІКБАЙҰЛЫ
Республикалық «Əділет» ұлттық апталық газеті алқа кеңесінің төрағасы Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ
Фельетон жəне сын-сықақ бөлімінің меңгерушісі Мұхтар ШЕРІМ
Тілшілер қосынының жетекшісі Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН (Астана қаласы)
Меншікті тілшілер: Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бақтыгүл МҰҚАШЕВА (Алматы қаласы)
Техникалық директор Константин МАРКОВ Видео-фотооператор Руслан НАСИРОВ Серік ҚОСАЕВ
дерінің жүрегіне жетіп, тебірентіп тастады. Дəстүрге айналған осынау кешті келесі жылы да өткізу бақыты бірінші курс студенттерінің еншісінде. Осы қуанышты жаңалықты естіген студенттер қазірден бастап дайындық шараларына кірісіп кеткендей. Əрине, бұл кеш өзге кештен өзгешерек өткенін мойындап, көпшілік ризашылықтары мен алғысын білдіріп жатса, мұны көрген бірінші курс студенттері осы жылғыдан да керемет, бүкіл республикаға үлгі бола алатындай кеш өткізуді алдарына мақсат етіп қойғаны хақ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика жəне саясаттану факультетінің «Халықаралық студенттер күніне» орай өткізілетін дəстүрлі мерекелік кешінің ғұмыры ұзақ болатынына сенімдіміз. Студенттер жүрегінен орын алған қызықты кештің басықасында жүрген университеттің Журналистика жəне саясаттану факультетінің аға оқытушысы Гүлжазира Ертасоваға жəне оның шəкірттеріне қалың көрермен қауым шынайы ризашылықтарын білдірді. Жібек РАХЫМ. Астана қаласы.
Мекен-жайымыз: ҚР Астана қаласы, А. Иманов көшесі, 41/127. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 84Б-үй. Байланыс үшін тел./факс: 8 (7252) 55-85-84 Ұялы: 8-777-557-08-52
Нəзікен Алпамысқызының өлеңдерін мəнерлеп оқыса, ал басқалары əн шырқап, күй шертіп бар өнерлерін ортаға салды. Нəзікен ақынның қарапайымдылығы баурап əкетіп, оқылған əр өлеңін студенттер ұйып тыңдады. Ақынмен кездесу кешін ұйымдастыруға тікелей ұйтқы болған Баспасөз жəне баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев қызықты басқосуды жүргізіп отырды əрі жүздесу барысында ақынның шығармашылығы туралы əңгімелеп берді. Жібек РАХЫМ, ЕҰУ-нің журналистика жəне саясаттану факультетінің студенті
Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университетінің ұжымы осы университеттің президенті, п.ғ.д., профессор Момбек Жамалбекұлы Қозыбақовқа əкесі Ұлы Отан соғысының ардагері ЖАМАЛБЕК ҚАЖЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Апталық Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде есепке алынып, 27.12.2013 жылы есепке алу туралы №14077-Г куəлігі берілген. Аптасына бір рет жарық көреді. Таралымы - 20 000 дана. Тапсырыс - 3112.
Апталық Астана қаласы, "Ernur" Медиа холдингі" ЖШС (Сілеті көшесі, 30-үй) мен Шымкент қаласы, "ERNUR" ЖШС-нің (Т.Əлімқұлов көшесі, 22-үй) баспаханасында басылады