N1 1303

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№1 (1303)

www.otarka.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды. Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді. Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді. Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын іс жүзіне асырдық. Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына ай-

налды. Біз осыдан бар-жоғы ширек ғасыр бұрын ғана барлық ақыл-ойымыз бен жүрегімізді баурап алған көптеген ойниеттерімізге қол жеткіздік. Біз Қазақстан Республикасының егемендігі Конституция мен заңдардың берік арқауы мен халық мүддесіне қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсіби және негізді іс-қимылына арқа сүйеуін қамтамасыз еттік. Оны Қазақстан экономикасының нақты табыстарымен, ұлттық байлықтың және халық игілігінің өсімімен нығая түсетін еттік. Тәуелсіздігіміздің жоғары халықаралық беделмен және ұлттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесімен сенімді қорғалуын қамтамасыз еттік. Біз өз жеріміз бен оның байлығының ұқыпты иесі болуға үйренудеміз, жаңа технологияларды меңгеріп, тарихымызда ешқашан болып көрмеген өндірістік қуаттар мен экономиканың тұтас салаларын іске қосудамыз. Және ең бастысы – біз жаңаша армандауды, Тәуелсіз Қазақстанымыз бір бөлшегі болып отырған жаһандық әлемдегі қиындықтарға қарамастан, ел мен қоғамды дамытуда нақты міндеттер қоюды және оларды шешуді үйрендік. (Жалғасы 9-12-беттерде)

2016 жылғы 8 қаңтар

Қалалық «Голос Экибастуза» газетіне - 35 жыл Қадірлі газет ұжымы!

Сіздерді «Голос Экибастуза» газетінің жарыққа шығуына 35 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз! «Голос Экибастуза» газеті - шежірелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Өткен ғасырда «Заветы Ильича» деген атаумен бастау алған шағын газет әр жылдары екібастұздықтардың ел ырысын молайтудағы ерен еңбегін насихаттап, көпшілік оқырманға жеткізіп отырды. Екібастұз өңірінің жасампаз істерге толы жылнамасын жасауға «Голос Экибастуза газеті сүбелі үлес қосты. Журналистер қауымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғады, осы өңірдегі әлеуметтік мәселелерді де батыл көтерді. Бүгінде Екібастұз өңіріндегі орыстілді басылымдардың көшбасшысына айналған «Голос Экибастуза» газетінің қызметкерлері шығармашылық ізденістерін жоғалтпай, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда. 35-ші белесті бағындырып отырған газет тілшілеріне және редакция қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілеп, қаламдарыңыз мұқалмасын демекпіз. Газет таралымы жылдан жылға артып, хаттар легі толастамасын! Құрметпен, «Отарқа» газетінің ұжымы

Алдағы нөмірден оқитындарыңыз: Қара шаңырақ - №2 Абай Құнанбаев атындағы мектепке 60 жыл толды.

денсаулық

Жедел жәрдемге – 754 қоңырау 28 бала артық туған

Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Әйгерім Төлегенованың айтуынша, жаңа жылдың алғашқы төрт күні ішінде аталмыш қызметке 754 қоңырау түскен. Б.ЛАҚАДЫЛ Оның ішінде баласы сырқаттанып жәрдем өтінгендердің саны – 222 (43-і – бір жасқа толмаған бала), қан қысымынан зардап шеккендер – 130, жүкті әйелдер – 27, жол апатына түскендер – 4, сондай-ақ, түрлі жарақат алғандар

39 адамға жеткен. 84 адам ауруханаға жөнелтілген. Ал кейбіреулері жалған қоңырау шалып, жедел жәрдем қызметкерлерін әуре-сарсаңға салып қойған. «103» нөміріне түймедейді түйедей етіп хабарласатындар да кездесіп қалады. Мәселен, ішімдік ішіп немесе тамаққа тойып алып асқазаны бұзылса да жәрдем күтетіндер бар.

Жаңа жылдың алғашқы төрт күнінде қалалық перзентханада 29 сәби дүние есігін ашты. Оның 11-і – қыз, ал 18-і – ер бала. Ал ескі жылмен жаңа жылдың ауысуы тұсында 8 нәресте өмірге келген. Олардың үшеуі – ер бала, бесеуі – қыз. Айы-күні жетіп туылған сәбилердің арасында балпанақтай балалар да бар. 4 қаңтар күні өмір есігін ашқан ұл баланың салмағы - 5 келі. Мұндай жайт сирек қайталанатын көрінеді. Босану бөлімінің аға акушері Балқия Матбаеваның айтуынша, өткен жылы босанған аналар да, балалар да дін аман. Бір қуантарлығы, 25 пен 30 жас аралығындағы аналардың көбі үшінші және төртінші сәбилерін қызықтап отыр. Осыдан-ақ бойжеткендердің ерте тұрмысқа шығып, өзіне аналық жауапкершілік арқалап отырғанын аңғаруға болады. Жасы қырықтан асқандардың да жүкті болу салыстырмасы айтарлықтай. Айта кетейік, қаламызда 2014 жылы 2649 бала туылса, өткен жылы 2677 сәби дүниеге келген. Сөйтіп, алдыңғы жылға қарағанда 28 шақалақ артық туған.

Көктайғақтың кесірі-ай!

Жаңа жыл қарсаңында аналар өмірге ұрпақ әкеліп қуантса, қала тұрғындарының кейбірі көктайғақтан зардап шекті. Далада ішімдік ішіп денесін үсік шалғандар да жоқ емес. Нақтылап айтсақ, өткен айдың 29-31-і күндері – 222 адам, жаңа жылдың 1-2-сі күндері 115 адам жарақат бөлімінің есігін қаққан. Бұлардың дені – көктайғақтан зардап шеккендер. Көбісінің қол сүйектері мен тобығы сынған. Ал бұл күндері денесін үсік шалғандар мен күйгендер саны – бес адам. – Жаңа жыл қарсаңында қатты көктайғақ болып, күніне 10-12 адамнан аурухана төсегіне жатқызылып, көбісіне операция жасалды. Мереке күндері қар жауып, көктайғақ сәл бәсеңдегенімен, жарақат бөліміне келушілер саны азайған жоқ. Тағы да айта кетейін, көктайғақ кейбір жерлерде әлі де орын алуда. Сондықтан өте абайлап жүрген абзал. Ол үшін аяқ киімнің табанын таймайтын етіп ыңғайлап алу керек. Сонда ғана мұндай бейнеттің алдын алуға болады,–дейді қалалық аурухананың травматолог-дәрігері Бақытбай Әуелбаев.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.