N36 1338

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№36 (1338)

www.otarka.kz

2016 жылғы 8 қыркүйек

Құрбан айт қабыл болсын! қ ы д з ұ т с а іб к е і т т е Құрм

тар!

Мұсылмандардың қасиетті мерекесі – Құрбан айтқа арнаған шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл күн адамдардың жан дүниесіне жылы шуақ ұялатып, шаттыққа бөлегені үшін ерекше маңызға ие. Ізгілік, мейірімділік, өзара түсіністік және ынтымақтастық – ежелгі мерекенің негізгі дәстүріне сай әр адамның көңілінің түкпірінде орын алған қастерлі ұғым. Біз таза және ізгі ниетпен бірбірімізге көмектесуге ұмтыламыз және әр дәуірде жалғасып келе жатқан халықтар достығының дәнекері өзіміз екенін іштей ұғынамыз. Әр мұсылман үшін қасиетті мереке саналатын айт мейрамында, құрметті екібастұздықтар, мықты денсаулық пен сарқылмас дәулет тілеймін! Қазақстанның жерінде әрдайым бейбітшілік пен келісім орнасын, біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына және еліміздің одан әрі гүлденуіне негіз болатын халықтар арасындағы достық нығая берсін! Қайрат Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарының атынан сіздерді Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл - елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан шалу адамды шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа адалдық пен сертке беріктікке шақырады. Айт күнгі ізгі ниеттеріңізді Алла Тағала қабыл етсін. Жаратушы иеміз сүйікті Қазақстанымыздың мерейін үстем етіп, халқымыздың ауызбірлігін арттыра бергей! Алла Тағала баршамызға айттан айтқа аман жетуге жазсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, игі де ізгі қызметтеріңізге жеміс, отбасыларыңызға баянды бақыт тілеймін! Б.Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы

еңбек нарығы

«Жалақы қарыздарынан құтылдық», - дейді зауыт басшылығы «2 қыркүйек күні «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-і өз жұмысшылары алдындағы жалақы қарыздарынан толықтай құтылды. Жұмысшыларға төленген қарыздың жалпы мөлшері 130 миллион теңге шамасында». Ж.ҚАДЫРОВА Аталмыш кәсіпорында өткен баспасөз мәслихатында «ҚВЖК» бас директоры Сүйіндік Қуандықов журналистер қауымына осылай деп мәлімдеді. Кәсіпорын жұмысшыларының ары қарайғы тағдыры қалай

болмақ? Зауыттың жоспарлары қандай? Осы және басқа да мәселелер туралы, сонымен қатар, бас директордың жалақыға қатысты сұрақтарға берген жауаптарын газетіміздің келесі санынан толық оқитын боласыздар.

Жерлестерімізге дауыс берейік! «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына қатысушылар үшін дауыс беру басталды. Республикалық кезеңге Павлодар облысы атынан қатысып жатқан кеншілер әулеті – Ганеевтер отбасын қолдау үшін 6284 нөміріне 14 саны бар sms жіберіп, дауыс беруге болады. Абыройлы әулет жайлы роликті https://kaztube.video/249877 сілтемесінен көре аласыздар. Осы сайтта дауыс беруге де болады. Бұдан бөлек, 880308000 нөміріне қоңырау шалып, №14 санын атап та Ганеевтер отбасына дауыс беруге болады. Дауыс беру қыркүйектің 10-ына дейін жалғасады. Дәл осы күні Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен байқаудың ақтық кезеңі өтеді. Байқауға қатысушы Ганеевтер отбасы туралы материал 5-бетте.

қазпошта

Сәлемдеме супермаркеті Қаламыздағы Шешембеков көшесінде орналасқан «Қазпошта» бөлімшесінде сәлемдеме супермаркеті ашылды. Сәлемдеме супермаркеті – өздігінен қызмет көрсететін жаңа форматты орталық. (Жалғасы 14-бетте)

Жағымды жаңалық

Төртқұдықта монумент ашылды Өткен жексенбіде Төртқұдық кентінде әскери даңқ монументі бой көтерді. Тақтатаста осы ауылдық округтен қан майданға аттанған Ұлы Отан соғысының 75 ардагерінің есімдері жазылған. Ескерткіштің ашылу сәтінде тыл ардагерлері сөз алып, соғыс уақытындағы естеліктерімен бөлісіп, «Зұлмат кезең

қайталанбаса екен!» - деген тілектерін білдірді. Екібастұз қалалық мешітінің найб-имамы Қайролла қажы Әбілдәбекұлы жеңістің орасан шығынмен келгенін сөз етіп, жаңа ескерткіш соғыс қаһармандарына көрсетілген құрмет екенін атап өтті. (Жалғасы 10-бетте)

солнечный кентіне - 30 жыл

Алғашқы қоңырау соғылды Ж.Жәлелұлы Жаңа оқу жылын асыға күткен мың сан оқушы білім ошағымен қайта қауышты. Солнечный кентіндегі Абай атындағы №28 қазақ мектебі табалдырығын 405 оқушы аттады. Алғашқы қоңырау салтанатына сапқа тізілген балалар арасында,

әсіресе, жүзінен шаттық лебі ескен 42 балдырған ерекше сезімде. Мектепке «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққалы» тұрған олар осы күннен бастап оқушы атанды. Мектеп ауласына жиналған ата-аналар қауымы мен балаларды, ұстаздарды алғашқы қоңырау салтанатына ар-

найы келген қала әкімі Қайрат Нүкенов те құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде 122 ұпай жинаған осы мектеп түлегі Жұлдыз Бағдатованы үлгі еткен қала басшысы білімді жас буынның келешегі де жарқын екенін айтты. (Жалғасы 4-бетте)


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.