Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№35 (1337)
www.otarka.kz
2016 жылғы 1 қыркүйек
1 қыркүйек - Білім күні Құрметті ұстаздар, педагогика саласының ардагерлері, ата-аналар! Қымбатты оқушылар мен студенттер!
Сіздерді Білім күні және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білім күні - бүкіл жақсылықтың бастауы! Әлемде болып жатқан өзгерістер, ғылым мен технологиялардың заманы адамзаттан үздіксіз білім алуды, қабілеттері мен кәсіби дағдыларын тұрақты дамытуды қажет етеді. Сіздердің батылдықтарыңыз бен тапқырлықтарыңыз, шығармашылық қабілеттеріңіз, инновациялық ойларыңыз, әлемді жақсы жаққа өзгертемін деген тілектеріңіз - жарқын болашаққа апаратын жол. Педагогика саласының ардагерлері мен ұстаздарына күрделі де маңызды еңбектері үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Жаңа оқу жылы сәтті болып, толағай жетістіктерге қол жеткізіңіздер! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналар. Дәл осы күннен бастап алғашқы қоңырау үнімен бірге әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Сіздерге жақсы көңіл күй, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Б.Құспеков, қалалық мәслихаттың хатшысы
бІЛІМ
Ұстаздар көлік мінді Жанаргүл ҚАДЫРОВА
Суретті түсірген: Рымбек Егінбайұлы
Отарқа-ақпарат
«Ғалым да, шахтер де бас иетін» ұлағатты мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсең де жарасар. Павлодарда өткен биылғы облыстық тамыз мәслихаты да осыны айғақтай түскендей. Облыс басшысының қолынан сыйлыққа «Лада Гранта» автокөлігінің кілтін алған төрт ұстаздың ішінде екібастұздық ардагер, ҚР Білім беру ісінің үздігі Қазбек Садықовтың болуы – біз үшін мақтаныш. Облыстық конференциядан Қазбек Балқайұлы жеңіл көлік мініп келсе, «Үміт» балалар үйінің директоры Нағима Әбдрахманова мұғалімдер үшін мәртебелі саналатын Ыбырай Алтынсарин төсбелгісін тағып, ал №25 қазақ қыздар гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меңтай Көбешова облыс әкімінің Алғыс хаты мен ноутбук арқалап қайтты. Марапаттар мұнымен де шектелген жоқ. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы Анар Есмақанова Екібастұз политехникалық колледжінің директоры Арғын Мәнібаевқа «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» белгісін тақты. Ал С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі «Үздік қала мектебі» аталымына лайықты деп танылды. Жоғарыдағы марапат иелерінің бірқатарына сыйлыққа теледидар да табыс етілді.
Аймақ басшысы сапарынан
Құрбан айтта үш күн демаламыз Д.ЕРҒАЗИНА Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қатарынан үш күн демалады. Биыл Құрбан айт мейрамы дүйсенбіге түсіп тұр. Заңнамаға сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып саналады. Осылайша, қазақстандықтар 10, 11 және 12 қыркүйек күндері демалады. Құрбан айт - құрбандық шалу мейрамы. Бұл күні мұсылман қауым Құрбан айтта оқылатын намазды оқып, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіріп, бір-бірінің үйлеріне қонаққа барады. Құрбан айтқа арналған материалды 11-беттен оқи аласыздар.
Полицияға - 11 көлік
2-бетте
Келер жылы галерея да салынады Көптен жөндеу көрмей, ішісырты тозып кеткен қалалық аурухананың терапевтік және хирургиялық корпустары күннен күнге жасану үстінде. Екі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін биыл облыстық бюджеттен 228 миллион теңге қаржы бөлінген еді. Мемлекеттік тапсырысты ұтып
алған «Портал-ПВ» ЖШС-і директоры Мұхтар Ичиевтің айтуынша, қазір мұнда 85 құрылысшы уақытпен санаспай еңбек ету үстінде. Межеленген жұмыс ауқымының басым бөлігі еңсеріліпті. Атап айтқанда, жылу-су торабы, кәріз жүйесі жаңартылып, пластик терезелер орнатылып, электр сым-
дары ішінара ауыстырылған. Құрылысшылар енді әрлеу жұмыстарына кіріскен. Мердігер кәсіпорын басшылығы хирургия корпусын қыркүйек айының, терапевтік корпусты қазан айының соңында тапсыруды жоспарлап отыр. (Жалғасы 2-бетте) Суретті түсірген: В.Фадеев