N25 1327

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№25 (1327)

www.otarka.kz

2016 жылғы 23 маусым

Мерекелеріңізбен! Құрметті мемлекеттік қызметшілер! Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! Табысты мемлекет тек тиімді және кәсіби мемлекеттік қызметтің негізінде құрылады. Мемлекеттік қызметші болу міндеті –бұл адамдарға қызмет етудің оңай жолы емес, әр азаматтың өмірін жақсартып, құқығын қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасаудағы кәсіби борыш. Сіздерге халыққа қызмет ету жолындағы игі істеріңізде табыс, жақсылық пен бейбітшілік, даналық мен сабыр тілеймін. Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі

Сіздерді кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын! Билікке деген сенім халық арасында мемлекеттік қызметшіден басталады, сондықтан, мемлекеттік қызметті таңдаған адамдар үлкен құрметке ие. Мемлекеттік қызметі күніне байланысты құттықтауымды қабыл алыңыздар. Сіздерге және туған-туыстарыңызға мықты денсаулық пен бақыт, бейбітшілік пен тыныштық, толағай табыс, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілеймін! Б.Құспеков, Екібастұз қалалық мәслихат хатшысы

Құрметті Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлер! Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекеПолиция күнімен құттықтаймын! Қазақстан полициясының күні – бұл Қазақстан полициясының қайсарлықпен негізін салған және оның қатарында еңбек етіп жүрген жандарға алғыс айтып, өз істеріне адал қызмет етіп, халықтың құрметіне бөленген ардагерлерге ризашылық білдірудің белгісі. Және, бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиғандарды еске алу күні. Сіздердің еңбектеріңіз біздің қаламыздағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болатынына сенімдімін. Шын жүректен Сіздерге денсаулық, бақыт, отбасылық жылулық пен өзара түсіністік тілеймін. Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі

Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алуда күрделі міндеттер жүктеледі. Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге және барлық туғантуысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілеймін. Б.Құспеков, Екібастұз қалалық мәслихат хатшысы

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен шынайы құттықтауымды және игі тілектерімді қабыл алыңыздар. Екібастұз қаласының бұқаралық ақпарат құралдары мемлекетті дамыту бағдарламаларының табысты іске асырылуына және қоғамда тұрақтылықты нығайтуда қомақты үлес қосуда. Байланыс және ақпарат қызметкерлері жоғары кәсібилік пен нақты азаматтық ұстаным, барлық жаңашылдықтарға ашықтық, шындықты обективті көрсете білетіндіктерімен қашан да ерекшеленіп тұрады. Шын жүректен Сіздерге оқырмандардың, көрермендердің және тыңдармандардың шексіз сенімін, шабыт, жаңа идеялар мен жобаларды сәтті іске асыруларыңызға тілектеспін. Сіздерге және Сіздердің жақындарыңызға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін. Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі

Кәсіби мерекелеріңізге орай ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар! Қазіргі заманды ақпаратсыз елестету өте қиын, сондықтан да біз телеарналар мен радио, мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлерін, жалпы алғанда, барлық бұқаралық баспасөз өкілдерін құрмет тұтамыз. Құрметті журналистер, болып жатқан жайтқа бей-жайлық танытпай, шындықтың түбіне жетуге ұмтылу – сіздердің мамандықтарыңыздың ерекше қыры. Бүгінгі қоғамның өзекті әрі шынайы ақпаратқа деген талғамы өте жоғары. Шын жүректен сіздерге шығармашылық шабыт тілеп, жаңа бастамаларыңыз жүзеге ассын деймін. Отбасыларыңыз бен жақындарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Б. Құспеков, Екібастұз қалалық мәслихат хатшысы

Құрметті Екібастұз қаласының жастары! Сіздерді тамаша мереке – Жастар күнімен құттықтаймын! Сіздерде ұтқыр ойлар мен игі бастамалармен өздеріңізді танытуға, өздеріңіздің интеллектуалды және шығармашылық қабілеттеріңізді іске асыруға, өмірден өздеріңіздің лайықты орындарыңызды табуға зор мүмкіндіктер бар. Ертеңгі күні қаланың және елдің дамуына, аға және жас ұрпақтың тағдырына Сіздер жауаптысыздар. Сіздерге өз қабілеттеріңіз бен өмірлік жоспарларыңызды сәтті іске асыруды, ұзақ жастық шақ, сенімді достар мен мерекелік көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі

қала күні

, р е б й е д н е к Өр Екібастұз! Дария ЕРҒАЗИНА

Биыл Қала күні мерекесі жылдағы дәстүрден бөлек бір апта кейін, яғни 17 маусымда аталып өтті. Қала күні аясында да айшықты шаралар аз болған жоқ. Ертеңгілік «Қазақстан» кинотеатры алдында орнатылған далалық сахнада салтанатты жиын басталды. Қала әкімі Қайрат Нүкенов жұртшылықты мерекелерімен құттықтай келе: -59 жас – кемелденген шақ. Бізді алда еліміздің гүлденуі жолында талай асулар күтіп тұр,- деді жүрекжарды лебізін арнап. Сонымен бірге, Қайрат Теміршотұлы қаламыздың дамуына зор үлес қосқан азаматтарды ел алдына шығарып, қошемет көрсетті. Осы күні қаламыздың дамуына еңбек сіңірген бес азамат, олар: мемлекеттік қызмет ардагері Александр Вербняк, пошта байланысының ардагері Бақтыбай Амантаев, суретші, балалар мектебінің тұңғыш директоры, Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі, Екібастұз қаласындағы ескерткіштердің авторы Сергей Пантелеев, Павлодар облыстық мемлекеттік мекемелері ардагерлер ұйымының төрағасы

Ағлаш Сәдуов, Павлодар облыстық денсаулық сақтау ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Тентекпаев «Екібастұз қаласының құрметті азаматы» атанды. Қайрат Теміршотұлы үстіміздегі жылы 20 наурызда кезектен тыс өткен ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытып, айтарлықтай үлес қосқан бірқатар азаматқа Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын табыстады. Мұндай марапатқа ие болғандардың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ «Шығыс» кенішінің директоры Юрий Гончаров, «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-нің бас директоры Рысқан Свамбаев, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ы басқармасының төрағасы Олег Новиков, қалалық аурухананың бас дәрігері Мұхаметқайыр Андосов, Солнечный кентінің әкімі Маржан Алшымбаева бар. (Жалғасы 2-бетте) Суретті түсірген: М.Гонтарь


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.