N34 1336

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

www.otarka.kz

№34 (1336)

Мерекелеріңізбен!

Құрметті екібастұздықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Еліміздің Ата Заңы қоғамның алға қарай дамуына қажетті жағдай жасап, Қазақстан халқын құрайтын барлық этностарды тең құқықтармен қамтамасыз етуде. Конституцияны құрметтеу мемлекеттің дамуы мен қоғамдағы келісімнің негізі болып табылады. Ата Заңды ұстану мен оның нормаларын орындаудың арқасында ғана қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты, яғни, Отанымыздың кемел болашағын орнатуға болады. Құрметті жерлестер! Әр отбасында бақыт пен тұрақтылық орын алып, Қазақстанның гүлденуі жолындағы жаңа жеңістерге деген талпыныс үлкен табыстарға жеткізсін! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Ата Заңымыз - Конституция мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып табылады. Ол ата-бабаларымыздың азаттық арманы мен өз тағдырын өзі шешу мүмкіндіктерін, ұлттық саясаттағы табыстарымызды, бейбітшілікке деген құштарлығымызды, Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың азаматтық құқығын ардақ тұтатындығымызды дәйектеп берді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың білім алуына, еңбек етуіне, ұрпаққа үлгіөнеге қалдыруына мол мүмкіндік жасалған. Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еткен еңбектеріңіз, ортақ мақсаттағы істеріңіз бір арнада тоғысқан толағай табыстар әкелсін. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, береке-бірлік ортаймасын. Б.Құспеков, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Құрметті екібастұздықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Еліміздің негізгі құжаты экономикасы қарқынды дамыған, халықаралық саясатта абыройлы, тәуелсіз, қуатты мемлекет құру жолында алға қарыштап қадам жасауға мүмкіндік береді. Айтулы мерекеде сіздерге денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін. Отанымыз бейбіт болсын! Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Мерекелеріңізбен! Р.Гайнулин, облыстық мәслихат депутаты, «Қуатбасқармасы» ЖШС-і бас директоры Құрметті кеншілер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл құрметті мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кенші еңбегі зор құрметке лайық. Мереке қарсаңында сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, мол бақыт тілеймін. Әр үйде бейбітшілік салтанат құрып, биікке ұмтылыстарыңыз бізді, барлық қазақстандықтарды, жеңістерге жетелей берсін. Р.Гайнулин, облыстық мәслихат депутаты, «Қуатбасқармасы» ЖШС-і бас директоры Құрметті көмір өндірісінің қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Табиғат біздің елімізді бай минералды ресурстармен қарқынды қамтамасыз етті. Бірақ жер қойнауының «қара алтынына» кеншілердің кәсібилігі мен еңбегінсіз қол жеткізу мүмкін емес еді. Көмір өнеркәсібі - біздің аймағымызда бұрынғысынша алдыңғы қатардағы басты салалардың бірі болып қалып отыр. Оған, әрине, «Богатырь Көмір» компаниясы кеншілерінің қосқан үлесі зор. Сондықтан күрделі де игі кәсіп иелері болып табылатын кеншілер шын мәнінде ерекше құрмет пен қошеметке лайық. Осынау тамаша мереке күні барлық шахтерлердің отбасыларына денсаулық, бақыт және еңбекте жаңа жетістіктерге жетуді тілеймін. Қайрат Рғайбек, облыстық мәслихат депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-інің атқарушы директоры

2016 жылғы 25 тамыз

Құрметті көмір өнеркәсібінің еңбеккерлері, еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мейрамдарыңыз – Кеншілер күнімен құттықтаймын! Екібастұздың көмір өндіру саласы – өңіріміздің индустриалдық қуаты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында әр үй жылумен де, жарықпен де қамтамасыз етілген. Көмір саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық құт-береке, көздеген жоспарларыңыздың іске асуына тілектеспін! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Құрметті көмір өндірісінің ардагерлері мен қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында кен өндіру саласының орны ерекше. Жер қойнауында жатқан көмір қорын өндіруде сіздер іргелі кәсіпорынға айналдыңыздар. Екібастұз өңіріне көмір қорын өндіріп, сатуда қажымас қайсарлық пен мұқалмас жігер танытып келесіздер. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңыздың амандығын тілеймін! Б.Құспеков, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Құрметті әріптестер, қымбатты кеншілер! «Богатырь Көмірдің» мыңдаған еңбеккері атынан және өз атымнан сіздерді кәсіби мереке – Шахтер күнімен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз барлық қатынаста ерекше орын алады. Бұл дегеніміз онжылдықтың белгілі дәстүрлері мен бүгінгі күннің жаңашыл жетістіктерін біріктіреді. Шахтер күні – ержүрек және еңбекқор, батыл әрі қажырлы адамдардың, өз ісінің шынайы мамандарының мерекесі. Шахтер еңбегі асқан төзімділікті және жан-тәнімен берілуді, ерлік пен шынайы қайсарлықты талап етеді. Сіздердің мамандықтарыңыз ең ауыр әрі қажет мамандықтардың бірі болды және солай болып қала береді. Шахтер мамандығын өз өмір жолы етіп таңдаған адамдардың және тұтас әулеттердің арқасында біздің үйімізде жарық пен жылу бар, өнеркәсіптің көптеген салалары үздіксіз жұмыс істеуде, мемлекетіміздің экономикалық әлеуеті нығаюда. Сіздерге шахтерлік сәттілік, мықты денсаулық және бақыт, отбасыларыңызға берекебірлік және жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін. Серік Раипов, «Богатырь Көмір» ЖШС-інің бас директоры

Жаңа мектептің тұсауы кесілді

8-бетте


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.