N37 1339

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№37 (1339)

www.otarka.kz

2016 жылғы 15 қыркүйек

отарқа - ақпарат Ж.Бұланбай Алланың құлы, Мұхаммед пайғамбардың үмбеті - мұсылман қауым үш күн бойы Құрбан айт мейрамын көтеріңкі көңілкүймен мерекеледі. 12 қыркүйекте таңертең Екібастұз қаласы мұсылмандар мешітінде де иін тірескен жамағат айт намазына тұрып, сәждеге бас тигізді. Жиналған қауымды қала әкімі Қайрат Нүкенов мейраммен құттықтап, елімізге бірлік пен береке, өркендеу тіледі. Осыдан кейін қала басшысы мешіттің төменгі қабатында

600 адамға лайықталып жасалған намазхананы көріп, Алланың ризалығы үшін өз атынан бір қара малды құбандыққа шалды. Сонымен қатар, құрбандыққа шалынған қой етінің үштен бір бөлігін мешітке әкеліп беруші адамдар да көп болды. Ал мешіт бұл етті 100-ден аса мұқтаж отбасыларға таратты. Жалпы, мешіттің мерекені жақсы ұйымдастыра білгенін айту ләзім. Айт намазынан кейін жұрт аулада тігілген киіз үйлерден шай ішіп, балалар батутта асыр салды.

Кино көгінің қыраны Өнер қашанда өміршеңдігімен құнды. Өнер айдынында жүзіп жүрген жандардың қай-қайсысын алмасаңыз да, осы саланың суығына тоңып, ыстығына көніп, көпшіліктің жүрегінде мықтап орныққан адамдар. Киелі сахнаны жанымен түсінетін адам ғана өнердің шыңын бағындырады. Сондай жандардың бірі - кино индустриясының майталманы, біздің жерлесіміз, актер, режиссер, әнші Александр Устюгов. Жалпы, аты елімізге ғана емес, бүкіл Ресей жеріне әйгілі қаламыздың тумасы, мақтанышы бола білген талант иесі А.Устюгов жақында Екібастұзға келіп, қала әкімінің жеке қабылдауында болып қайтты. Қала басшысы Қ.Нүкенов актерге ерекше құрмет көрсетумен қатар: - Бүкіл қала тұрғындары сіздің өнеріңізді жоғары бағалайды, жақсы көреді. Әсіресе, «Ментовские войны» киносы ел есінде естелік болып қала бермек, - дей келе, Құрмет грамотасын беріп, «Екібастұз көзімен» деп аталатын фотоальбом мен сағат сыйлады. Айта кету керек, жеке қабылдау кезінде шаһарымыздың бұрынғы басшысы А.Вербняк та болды. (Жалғасы 2-бетте)

Құрбан айт мерекеленді

Оралхан Бөкей оқуларының жеңімпазы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қазақстан халқы тілдерінің XVIII республикалық фестивалі аясында 7 қыркүйекте Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Шараға 18-35 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысты.

Суретті түсірген: В.Фадеев

Мешітте екінші намазхана ашылды Құрбан айт мерекесі қарсаңында, яғни, 9 қыркүйекте екібастұздық жамағат мешіттің екі залында да жұма намазын оқыды. Мешіттің жертөлесі бұрын артық-ауыс заттарды сақтайтын қойма ретінде пайдаланылып келген-ді. Алайда жұма, айт намаздарында жамағат мешітке сыймаған соң, сәуірде жертөлені жөндеу жұмыстары қолға алынды. Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ Зал құрылысы халықтың қаражатына жүргізілді. Қомақты соманы танымал кәсіпкерлер: Тасболат пен Бекболат Әбуғожиновтар, Болат Қашағанов және т.б. азаматтар бөлді. Екінші залда мешіт қызметкерлеріне, ерлерге, әйелдерге арналған дәретханалар да қарастырылды. Төбеге жарықдиодты шамдар ілінді. Мешіттің бірінші залы 800 адамға ар-

налса, екінші залы 600 адамға лайықталған. Айта кетерлігі, биыл негізгі мешітке де жөндеу жүргізілмекші. Неке қиятын, құран оқитын залдардың есіктері сырттан шығарылады. Биыл ағаш терезелер пластикке ауыстырылды. Еденге жаңа кілемдер төселеді. Қолданылған кілемдер ауылдық мешіттерге таратылады.

Қазақ көркемсөз өнерінің кербұғысы атанған Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп ке-

леді. Жазушының шығармаларымен қатар, өзге де ақын-жазушылардың туындыларын мәнерлеп оқыған қатысушылар қазылар алқасы

тарапынан тиісті бағаларын алды. Нәтижесінде Май ауданынан қатысқан Сандуғаш Топанова - үшінші, ақтоғайлық Айнұр Қапанова екінші орынға ие болды. Ал Екібастұз тау-кентехникалық колледжінің 3-курс студенті Асхат Амангелдинов байқау жеңімпазы атанды. Асхат республикалық Оралхан Бөкей оқуларында облыс намысын қорғайтын болады. Өз тілшімізден.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.