N33 1335

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№33 (1335)

www.otarka.kz

Құрметті екібастұздықтар, ардагерлер, дене шынықтыру және спорт қызметкерлері! Сіздерді тамаша кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Спорт күнімен құттықтаймын! Спорт қазіргі қоғам өмірінде өзінің барлық көріністерімен және әртүрлілігімен жалпыға және әрқайсымызға қолжетімді әрі елімізге атақ, абырой әкелетіндігімен маңызды. Дене шынықтыру және спорт адамдар денсаулығын нығайту, жастарды тәрбиелеу, оны дене және адамгершілік жағынан шынықтыру, саламатты өмір салтын қалыптастыру сияқты әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды факторы болып табылады. Спорт ардагерлеріне, жаттықтырушылар мен спортшылардың тәлімгерлеріне ризашылығымды білдіремін, солардың көп қырлы еңбегінің арқасында олардың дарынды тәрбиеленушілері ұлттық және халықаралық ареналарда жеңістерге қол жеткізуде. Сіздерге және сіздердің жақын-туыстарыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт, жаңа жеңістер мен рекордтар, алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында табандылық пен қажырлылық тілеймін. Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Құрметті спортшылар! Спорт күнімен барлық спортшыларды, бапкерлерді, ұйымдастырушылар мен спорт ардагерлерін, жанкүйерлерді шын жүрегімнен құттықтаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық дәстүрлерді сақтау адамгершілікке тәрбиелеуге, денсаулықты жақсартуға, өскелең ұрпақты шыңдауға тікелей әсер етеді. Спорт пен дене тәрбиесі тек денені ғана шынықтырып қоймай, рухты да шыңдайды. Сондықтан да салауатты өмір салтын ұстанатын қазақстандықтар жылдан жылға көбейіп келеді. Спорт күнін мерекелеуге орай құттықтауларды қабыл алыңыз. Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік және жаңа жеңістер тілеймін. Б.Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы

Білім

Білім гранттары тағайындалды Г.МЕДЕУБАЙТЕГІ Үстіміздегі жылы елімізде жоғары білім алуға 31 702 грант бөлінген болатын. Соның ішінде педагогика мамандықтарына – 5000, гуманитарлық ғылымдарға – 700, жаратылыстану ғылымдарына 1470 орын бөлінген екен. Екібастұз қаласында ҰБТ тапсырған түлектер де білім гранттары иегерлерінің тізімі шығатын күнді асыға күткен. Бұл күн де жетіп, тегін оқу мәртебесіне ие болғандар қуанышымен бөлісуде. Сонымен, Екібастұз қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен 526 түлектің 185-і, яғни, 34,5 пайызы білім грантын иеленген. Тестілеуге қатысқан түлектердің 77,3 пайызы техникалық мамандықтарды

таңдапты. Педагогикалық мамандықтарға 8,1 пайызы ден қойған. Түлектердің 4,8 пайызы медицинаны қалапты. Ауыл шаруашылығы маманы болуға 1,2 пайызы ниет білдірген. Биыл әскери білім алу үшін 5 түлек жолдама алып, 3 талапкер ректорлық грантқа қол жеткізді. Бұдан басқа, 120 талапкер бюджеттік білім алатын болды. Қорытындылай келгенде, тестілеуге қатысқан 526 түлектің 43 пайызы тегін оқуға қол жеткізіп отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткен бірқатар мектептердің түлектері білім гранты саны жағынан да көш бастап отыр. Атап айтсақ, №№21, 22, 23, 24, 25 мектептерді бітірушілер ең көп білім гранттарын алған. Екібастұз және Майқайың орта мектептері де осы санатта.

2016 жылғы 18 тамыз

«Рио-2016»

Қос алтын қоржынға түсті Күн өткен сайын Олимпиада ойындарының дуы қызып тұр. Алтынмен апталып, күміспен күптелген спортшылар өз елінің абыройын аспандатып жатыр. Қазақ спортының да қоржыны бос емес. Алғашқы алтын медальға ауыр атлет Ниджат Рахимов ие болып, ел мерейін үстем етті.

Ж.БҰЛАНБАЙ Ол 77 келіге дейінгі салмақта қос сайыс нәтижесінде 379 келі көтерді. Әсіресе, серпе көтеруде қытай атлетін шаң қаптырып, дүйім жұртты таңғалдырды. Жалпы, біздің ауыр атлеттер сенімді ақтады десек те болады. Жазира Жаппарқұл 69 келіге дейінгі салмақта жүлделі болды. Қос сайыста 259 келі көтерген Жазира Азия, әлем чемпионаттары күмісіне Рио Олимпиадасы күмісін қосып, «Күміс қыз» атанды. Ал 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Зайчиков қола медальді қанағат тұтты. Олимпиаданың әр медалі бағалы. Десек те, Дмитрий Баландиннің алтын медалінің жөні тіптен бөлек. Өйткені бұған дейін жүзуден Қазақ спорты тарихында Олимпиадада ешкім медаль алып көрмеген. 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жарысқан Дмитрий айды аспанға шығарып, нағыз ерлік жасады. Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованы да мақтаныш тұтамыз. Ольга

үш қарғып секіруде бұл жолы қола медальді жеңіп алды. Осылайша, ол өзінің төрт жыл бұрынғы жетістігі кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Жанкүйер қауым былғары қолғап шеберлеріне үлкен үміт артуда. Біздің боксшылардың әлемде бәсі жоғары. Мұны олар ринг төрінде де дәлелдеп жүр. 91 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық жекпежекте қазақстандық Василий Левит ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырық түйістірді. Бабы келіскен біздің боксшы қарсыласын бұрыштан бұрыш-

қа тықсырып, ауыр соққыларын дөп тигізгенін, Тищенконың есеңгіреп қалғанын теледидардан төрткүл дүние тегіс көрді. Тек «көрмес түйені де көрмес» демекші, төрешілер ғана мұны көрмеді. Сөйтіп, қысастық жасап, алтын медальді ресейлік боксшыға алып берді. Василий Левит күміс медальді қанағат етуге мәжбүр болды. Енді алтынды ақтық жекпе-жекке жолдама алған Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычкодан күтеміз.

«Өр Алтайда ел» өскен

Ж

асыбайда аттығып жатыр

7-бетте

8-бетте


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.