N26 1328

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№26 (1328)

www.otarka.kz

Отарқа - ақпарат

Журналистерді марапаттады 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қала әкімдігінде салтанатты шара өтті. Қала әкімінің орынбасары Мәриям Адасбаева жергілікті журналистерге ізгі тілегін арнап: Дария ЕРҒАЗИНА

Жамбыл Сәдуақасов - Журналистер – қоғамның белсенді күші. Екібастұз өңірінің жетістіктері жергілікті журналистер арқылы бағаланады. Сондықтан екібастұздықтардың шынайы бейнесін қалыптастыруда жур-

налистердің атқаратын рөлі зор, - деді. Сонымен бірге Мәриям Дәулетбекқызы Екібастұз қалалық телеарнасының бас редакторы Жамбыл Сәдуақасовтың кеудесіне «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісін тақты. Телевизия, газет саласында еңбек етіп жүрген бірқатар журналистерге қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын тапсырды. Қалалық «Отарқа» газетінің редакторы Жанаргүл Қадырова мен «Голос Екибастуза» газетінің жауапты хатшысы Ма-

рия Гонтарь қала әкімінің грамотасына ие болды. Осы күні қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков «Отарқа» газеті редакторының орынбасары Дария Жұмаділованы, «Голос Екибастуза» газетінің корректоры Софья Бойчукова мен менеджер Светлана Палкинаны редакцияға арнайы келіп құттықтап, қалалық мәслихаттың құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыстады. Соңынан Болат Қайыржанұлы дастарханнан дәм татып, газет қызметкерлерімен жарасымды әңгіме-дүкен құрды.

2016 жылғы 30 маусым

«Наркескен» байқауы қорытындыланды Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Отарқа» газетінің тұңғыш редакторы Аманкелді Қаңтарбаевты есте қалдыру мақсатында журналистер арасында дәстүрлі «Наркескен» байқауы жарияланған еді. Қазылар алқасы Журналистер күні қарсаңында байқаудың қорытындысын жариялады. Сайыскерлердің арасында Мұрат Аяғанның «Орындалған арман» мақаласы (немесе қазақ үшін химия да табыс көзіне айналды) «Тәуелсіздік жаршысы» аталымына, Бейбіт Бөженнің «Шүкір» мақаласы «Азаттық жаршысы» аталымына, Айдана Айтуғанның «Брендке айналған «Болашақ» мақаласы «Жігер аталымына ие болды. Өзгеріс Қуанардың «Алар асу әлі алда» атты мақаласы ынталандыру сыйлығына лайықты деп танылды. Редакция

Білім

Суретті түсірген: В.Фадеев

Студенттік жасақ

Жастар жұмысқа кірісті Сәрсенбіде студенттік жасақтың еңбек маусымы ашылды. Аталған шара «Достық үйінің» салтанат залында өткізіліп, онда қаланың жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері жиналды. Кенже ҚУАТ

Биыл Екібастұз қаласының студенттерінен төрт топ жасақталды. Жасақ құрамындағы жастар саны 180-ге жуық. «Жасыл ел» жасақшылары Екібастұз өңірін көріктендіруге үлес қосатын болады. Құрылыс жасағының бір бөлігі Жасыбайдағы «Қарлығаш» лагеріне аттанып, қызу жұмысқа кірісіп те кетті. Қала аумағындағы кәсіпорындарда жұмыс істеп жүргендер де көп.

Еңбек маусымының ашылу салтанатында Жастар бастамаларын дамыту орталығы директоры Р.Садықова, Студент жастар жасағы штабының басшысы Г.Кәрімова сөз сөйлеп, 1 шілдеден бастап жұмысқа кірісетін еңбекші жастарға сәттілік тіледі. Шара барысында жас әншілер өнер көрсетіп, салтанат залын ән мен жырға бөледі. Суретті түсірген: В.Фадеев

Жаңа өмірге жолдама Бүгінде заман талабына сай мамандық беріп, кәсіби мамандарды даярлау – оқу орындары үшін өзекті мәселе. Өңірімізге қажетті мамандарды оқытып, кадр дайындауда Қ.Сәтбаев атындағы техникалық институт өзінің қомақты үлесін қосып жүр. Аталған оқу орнын биыл 341 түлекті бітіріп отыр. Жуырда жаңа өмірге жолдама алған түлектерге салтанатты түрде диплом табысталды. Г.МЕДЕУБАЙТЕГІ ЕИТИ-де қазіргі кезде 1029 студент білім алып жатыр. Мұндағы студенттердің көбі жұмыспен қамтылған. Айталық, биылғы түлектердің 87 пайызы жұмыспен қамтамасыз етіліпті. Мұның ішінде жастар тәжірибесі, еңбек практикасы кезінде өздерін көрсетіп, жұмысқа орналасқандар бар. Айта кететін жай, студенттердің біршамасы екінші жоғары білім алушылар. Яғни, олар бұған дейін жұмыс істеп жүргендер, - дейді

оқу орнының әдіскері Бақыт Назарбекқызы. Жоғары білім алған 341 студенттің 16-сы қызыл дипломмен бітіріп, білім деңгейінің жоғарылығын көрсетіп отыр. ЕИТИ студенттері республикалық, халықаралық білім додаларына белсенді қатысып, биік белестерді бағындырып жүр. Ұстаздары олардың болашақта білікті маман болатындарына сенім білдіреді. Суретті түсірген В.Фадеев


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.