Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№15 (1317)
www.otarka.kz
2016 жылғы 14 сәуір
Облыс әкімінің сапары
Өндірістің өркендеуі – жарқын болашақ кепілі
Сейсенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов арнайы іссапармен Екібастұз қаласына келді. Айта кету керек, облыс тізгінін енді ұстаған жаңа басшының жұмыс кестесі тығыз болды: осы күні қаламыздағы аса маңызды бірқатар нысанды аралады. Дария ЕРҒАЗИНА
Электр қуатын өндіру азайды
Болат Бақауов алғаш ат басын тіреген жер – «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і. Электр қуатын өндірумен айналысатын бұл кәсіпорынның құрылтайшысы - «Самұрық-Энерго» АҚ-ы. Станция жетекшісі Р.Свамбаевтың айтуынша, мұнда 1430 адам еңбек етеді. Орташа жалақы 170745 теңгені құрайды. Рысқан Тишпекұлы облыс басшысына негізгі проблеманы жайып салды: елімізде тұтынушылардың азайғандығынан және Ресей Федерациясына электр қуатын экспорт-
Бәрекелді!
«Ақберенде»
ы д з о ы р ы ж
Талант жаспен өлшенбейді. Он сегіз жасқа әлі толмаған «Зерде» мектебінің 11-сынып оқушысы Еламан Төлеутай есімі қазірдің өзінде жырсүйер қауымға кең танымал. Жалынды жас ақынның «Көбелек қанат қаққанда...», «Аспан-Әке!...» жыр жинақтарына әдебиеттанушылар лайықты бағасын беріп, ақжол тілеген еді. Жылы лебіз қанаттандырған бала қыран таңғы шықтай мөлдіреген өлеңдерін түйдегімен төгіп, биылғы сәуір айының басында тағы бір жыр кітабын шығарды. Астана қаласындағы «Ақеділ» шығармашылықты қолдау қорының демеуімен жарық көрген жаңа кітап «Ол қайтып келеді бүгін...» деп аталады. Еламан көңіліне ыстық осы кітабын кеудесіне басып, Тараз қаласында өтетін республикалық «Ақберен» байқауына аттанғанында, біз тұлпары бәйгеге қосылғанда тақымын қысатын атбегі тәрізді, сүйінші хабар күтіп ауылда қала берген едік. Сол сүйінші Еламанның аузынан сұралды да! Республикалық «Ақберен» байқауының «Бастау» аталған ақындар мүшайрасына еліміздің аймақтарынан 18 үміткер қатысып, кілең жүйріктер арасынан Еламанның жыры озып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алыпты. (Жалғасы 6-бетте)
тау тоқтатылғандықтан 2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы электр қуатын өндіру көлемі 24,2 пайызға төмендеген. Бүгінде үш инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі, №1 энергоблокты қалпына келтіру. 20122021 жылдарға арналған инвестициялық жоба 81,3 млрд.-ты құраса, соның 39,3 млрд. теңгесі игерілді. Жоба толығымен жүзеге асқан жағдайда станцияның қуаттылығы 4000 МВт-қа жетеді. Жаңа жұмыс орны құрылады. Сонымен бірге, 500 квт.-тық қондырғыны модернизациялау мен жылу беретін құрылғыны жөндеу мен модернизациялау да кезек күттірмес мәселе. Аталмыш жобаларға қаржы бөлінді.
№3 энергоблоктың құрылысы тоқтап тұр МАЭС-2 станциясында №3 энергоблокты салу жобасы 2009 жылы қолға алынғаны белгілі. Құрылысмонтаждау жұмыстарына 1210 адам жұмылдырылды. Нысан пайдалануға берілсе, 383 адамдық жұмыс орны құрылады. Жобаның құны -174,9 млрд. теңге. Бүгінде 19,87 млрд. теңге игерілді. 2016 жылы 11 ақпанда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы 3-энергоблок құрылысының жобасын тоқтату туралы өзара келісімге келді. Қазіргі уақытта қаржының жетіспеушілігіне байланысты құрылысмонтаждау жұмыстары тоқтатылды. Облыс басшысы Басқарма төр-
ағасының орынбасары Серікбай Әбелдиновпен бірге құрылысы аяқталмаған нысанды аралады.
Тері өңдеу жұмысы жанданды 2010 жылы тері өңдеумен айналысатын «Казэкспорткожа» іске қосылып, енді ірі қара малдың терісі өзімізде өңделеді деп бөркімізді аспанға атқан едік. Алайда өндірістің «ғұмыры қысқа» болып, жабылып қалды. Өңделген теріні көзбен көріп, қолымен ұстағандар «сапасы жақсы» деп бағалағаны ғана есімізде. Облыс әкімінің сапары аталмыш кәсіпорынның қайта ашылуына тұспа-тұс келді. Нұрбол Жамбаев есімді кәсіпкер азамат кәсіпті жандандыруға белсене кірісіпті. Оның айтуына қарағанда, бүгінде 36000 тері сатып алынған. Өңделген терілер шикізат күйінде Қытай, Беларусь елдеріне жіберілмек. Әзірге зауытта 5 адам жұмыс істеп жатыр. «Өндіріс көлемі артса, жұмыс күшін 20 адамға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді басшысы. Зауыт керекті құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. (Жалғасы 2-бетте) Суретте: Аймақ басшысы Б.Бақауов «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-нде. Суретті түсірген В.Фадеев
16 сәуір жалпықалалық сенбілік дауа жоқ!
Тонаушылар
дәніккен бе, қалай? А.Зайыргелді «Қазпоштаның» тағы бір бөлімшесі тоналыпты» деген хабар қалаға тез тарады. Екібастұз қалалық ІІБ-сы оны жоққа шығармады. Басқармадан кеше кешкісін келіп түскен мәліметке сүйенсек, 12 сәуірде белгісіз біреулер «Қазпоштаның» Горняков көшесінде орын тепкен бөлімшесіне баса-көктеп кіріп келіп, біршама ақшаны алып кеткен. «Бұл факті бойынша ҚР ҚК-сінің 191-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Екібастұз ҚІІБ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.