Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№16 (1266)
www.otarka.kz
23 сәуір 2015 жыл
Отарқа-ақпарат
«Менің Қазақстаным»
пойызы - Екібастұзда
18 сәуір күні таңғы сағат 9.00-де екібастұздықтар «Менің Қазақстаным» пойызын қарсы алды. Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған акцияда Елбасы Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын тарату және халыққа медициналық, әлеуметтік, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және құқықтық көмек көрсету көзделді. Митингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Ахмед Мұрадов сөз алып, акцияның маңызына тоқталды. - «Менің Қазақстаным» пойызы 23 елді мекенді аралады. Екібастұздан кейін Теміртауды бетке аламыз. Пойыз қызметі аясында барлық әлеуметтік топтар қамтылды, ҰОС ардагерлеріне, шалғайдағы тұрғындарға ерекше көңіл бөлінді,-деді. Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк «Ассамблея - Елбасының бастамасымен құрылған бірегей институт. Құрметті қонақтар, кеншілер мен энергетиктер қаласына арнайы келгендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Ақпараттық қолдауларыңызға разымыз!» - деп қонақжайлылық танытты. Сонымен бірге медициналық колледждің студенті Светлана Шейва қазақ тілінде жатық сөйлеп, ана тіліміздің мерейін өсірді. Мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Мәрияш Сағындықова шашу шашты. (Жалғасы 3-бетте)
Сурет В.Фадеевтікі
Қаламыздың абыройын асқақтатты Ж. ҚАДЫРОВА
Бас жүлде алды Р.МОЛДАЙЫП Техникалық шығармашылық мектебінің ұстаздары мен шәкірттері Қарағанды қаласында өткізілген екінші халықаралық «Тұлға» музыкалық-көркемөнер фестиваль-сайысынан жүлделі оралды. Бәйге қорытындысында біздің жерлестер «Қолөнер» аталымында көш басынан көрінді. Атап айтқанда, ағаштан «Алтын адам» жасаған қосымша білім беру педагогы Құзайыр
Өзгеріс бас жүлдеге лайық деп танылды. Аружан Қадырова (жет. М.Хамзина) «Тауыс құсы» (квиллинг) және Санатбек Олжас (жет.А.Жұманазаров) «Мәшһүр Жүсіп мешіті» (пластмасса) туындысы үшін І орын иеленді. Карина Шагиахметова (жет.Н.Шагиахметова) былғарыдан жасаған «Жүзім сабағы» бұйымы үшін ІІ орын еншіледі.
Сәуір айы қаламыздағы №18 жалпы орта білім беретін мектеп үшін жағымды жаңалыққа толы. 13 сәуір-17 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен Халықаралық «Тұлға» музыкалықкөркемөнер фестиваль-сайысында №18 мектептің оқушылары қаламыздың абыройын асқақтатты. 10-сынып оқушысы Надира Ерланқызы осы өнер додасында «Саржайлау» әнін әуелетіп, жүлделі 1-орынды жеңіп алды (жетекшісі - Мәдина Ерсайынқызы). Айта кетерлігі, былтыр Надира қалалық Дельфий ойындарында бас жүлдені қанжығалаған еді. Осы байқаудың қолөнер бөліміне 8-сынып оқушылары Камила Қайратова, Айза Құспек, Айсұлу Қанат, Дана Хамитова, Сәбина Жанпейісова қолдан жасаған бұйымдарын ұсынды. Газеттен тоқылған құмыра, киіз үй, моншақ пен дәнді дақылдардан «Жеңіске – 70 жыл» тақырыбында жасалған картиналарды балалар үш ай бойы әзірлепті. Еңбектері еш кетпей, мектептің «Шебер қолдар» ансамблі гранпри иеленді. Бұл жүлдеде
технология және бейнелеу пәндерінің мұғалімдері Атымтай Жұманазаров пен Назгүл Ахметованың еңбегі ерен екенін атап өткіміз келеді. «Тұлға» байқауының жүлдегерлері мұнымен бітпек емес. Атымтай Қапашұлының тағы бір оқушысы Олжас Санатбек (9-сынып) қазылар алқасының назарына Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінің макетін ұсынған болатын. Бұл жұмыс 1-орынға лайық деп танылды. Ал Астанада өткен «Ақ көгершін» IX Халықаралық балалар шығармашылығы конкурсында қол жеткен олжа бір төбе. Бұл конкурста 5-сынып оқушысы Ділназ Тілектесова «Күнге табыну» әнімен І дәрежелі дипломант атанса, «Балапан қаз» әнін шырқаған 4-сынып оқушысы Айна Тұрдалиева ІІІ дәрежелі лауреат атағына ие болды. Назымбек Әнуар (3-сынып) – ІІ дәрежелі, Ерасыл Бахытов (3-сынып) ІІІ дәрежелі диплом алды. Ал кішкентай жұлдыз - Аружан Жеңіс (1-сынып) номинация иеленді. Жас өнерпаздарды байқауға дайындаған – музыка пәнінің мұғалімі Ж.Әлиева.
Құрмет көрсетілді Р.МҰСАБАЙ Жеңіс мерекесі жақындаған сайын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету жалғасын табуда. №11 мектепте ұйымдастырылған шара барысында құрметті қонақтарға «Ұлы Отан соғысына – 70 жыл!» мерекелік медалі табысталды. Қалалық мәслихат төрағасы Б.Құспеков соғыстың қара бұлты үйіріліп, ел басына күн туған шақта жауды тізе бүктіруге үлес қосқан соғыс ардагерлерін, елде бұғанасы қатаймай жатып ертеден қара кешке дейін бел шешпей еңбек етіп, майдангерлерді азықтүлік, киім-кешекпен қамтамасыз еткен тыл еңбеккерлерін алда келе жатқан Жеңіс күнімен қызу құттықтады. –Сіздер қақаған қыс пен аптап ыстыққа, азынаған желдің өтіне қарамастан жауды жеңіп, Жеңістің келуін жеделдеттіңіздер. Міне, соның арқасында кейінгі ұрпақ – біздер жетпіс жылдан бері бейбіт заманда өмір сүріп келеміз. Сол үшін де сіздерге мың алғыс,–деген мәслихат төрағасы ардагерлерге зор денсаулық, баянды қарттық және ұзақ ғұмыр тіледі. «Ұлы Отан соғысына – 70 жыл!» мерекелік медалін төсіне қадағандардың қатарында Қапез Әлинов, Үміт Ғалимова, Елемес Мұқашева және Шамғон Мусин сияқты ардагерлер бар.