Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№21 (1219)
www.otarka.kz
29 мамыр 2014 жыл
Мерекелеріңізбен! Отарқа - ақпарат
Соңғы қоңырау сыңғыры
Құрметті екібастұздықтар! Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1 маусым тек балалық шақ мерекесі ғана емес, жеткіншек ұрпақтың жарқын келешегі үшін жауапты екендігімізді, балаларға әрдайым қамқорлық жасап, олардың құқығын қорғау қажеттігін көрсетеді. Сәби ата-анасының махаббат жылуын көргенде ғана толық бақытқа бөленеді. Біздің балаларымыз бейбіт мемлекетте тұрып, өмірге қуанып, аға буынның берік ізбасарлары болып өссін. Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен мейірімділік, балаларға жарқын сәттер мен бақытты балалық шақ тілеймін! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Сіздерді шын жүректен тамаша мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – өміріміздің қуанышы, мәні. Біз өскелең ұрпаққа қамқорлығымызды аямай, жарқын келешегімізді жас буынмен байланыстырсақ, біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен гүлденуі ертеңгі күні солардың қолында. Балаларымызды денсаулығы мықты, мейірімді, шыншыл, жан-жақты, білімді етіп өсірсек, ол Қазақстанның болашағына танытқан қамқорлығымыз. Қаланың жас тұрғындарына шын жүректен көңілді жазғы демалыс, ал ересектерге – еңбекте табыс және балаларының қызығын көруге тілектеспін! Р.Гайнулин, облыстық мәслихат депутаты, «Екібастұз» балалар қоғамдық қорының құрылтайшысы
Ақ арман жетелеген, көңілге тәтті үміт ұялатқан түлектер 25 мамыр күні соңғы қоңырау кешіне жиналды. Қаламыздағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы №22 қазақ гимназиямектебін биылғы жылы 41 түлек бітіргелі отыр. Ж. Бұланбай Салтанатты кешті жүргізуші, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлбаршын Сейітова шумақ-шумақ жыр жолдарын оқып, ортаға мемлекеттік ту енгізіліп, әнұран ойналған соң, сөз кезегі мектеп директорының міндетін атқарушы Майра Манапқызы Айткеноваға берілді. Майра Манапқызы гимназиямектебінің осы оқу жылында
қол жеткізген табыстарына тоқталып, оның ішінде 11 «А» және 11 «Б» сынып оқушыларының жеке жетістіктерін атап өтті. Түлектер арасында пән олимпиадалары, ғылыми жобалар мен интеллектуалдық сайыстар жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің көп болуыгимназия беріп отырған білім сапасының жоғары екенін көрсетеді. Сонымен бірге бұл оқу орнынан үш түлек: Әйгерім Жұмәлі, Айдар Бабаев, Арман Жантемір «Алтын белгіден» үміткер. Соңғы қоңырау салтанатына қала әкімдігі атынан келген Темірболат Жаймағанбетов, қалалық білім бөлімінен келген Әйгерім Мақсұтова түлектерге алда күтіп тұрған сынақтан сүрінбей өтіп, мақсаттарына жетіп, өмірден өз орындарын табуды тіледі. Осыдан кейін түлектер жыр шумақтары ар-
қылы мектепке, мұғалімдерге ыстық ықыласын білдірсе, 1-сынып оқушылары тақпақтар оқып, қалалық патриоттық әндер байқауы лауреаты Айбар Өмірбек «Қазақтың жігіттері» әнін келістіре шырқады. Жылдағы дәстүрмен мектеп бітіруші Әйгерім Жұмәлі 10-сынып оқушысы Дәурен Асылханға Білім алауын табыстады. Осыдан кейін мектеп түлектері қоштасу вальсін билеп, гимназия түлегі Айдар Бабаев пен 1-сынып оқушысы, оқу озаты Әсел Изажанова соңғы қоңырау соқты. Күміс қоңырау сыңғырымен бірге ата-аналар балаларын құттықтап, мектеп ішін шаттық пен қуаныш кернеді. Суреттте: «Алтын белгіден» үміткер Әйгерім Жұмәлі; Сурет Рымбек Ибадуллиндікі
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Әнұран, Ту, Елтаңба - тәуелсіз мемлекетті бүкіл әлемге паш ететін негізгі ерекшеліктеріміз. Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, бірлік, тыныштық, ертеңгі күнде сенімділік және туған жерімізге өркендеуді тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық, бақыт пен амандық орнап, біздің ізгі ниеттеріміз бен жарқын істеріміз Отанымыз Қазақстан Республикасы игілігіне жеткізсін! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі
Бүгінгі нөмірде:
Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын! Қазақстанның мемлекеттік рәміздері елдігімізді танытатын басты атрибуттар. Құрметті жерлестер! Осы мерекеде шынайы тілегімді қабыл алыңыздар! Бәріңізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ашық аспан тілеймін! Біздің Отанымыздың экономикалық қуаты мен абыройы арта берсін! Р.Гайнулин, облыстық мәслихат депутаты
Комбинат құрылысы қарқынды 2-бет
Күдерін үзбей күрескен 6-бет
«Сәулетай» думанға бөледі 7-бет