Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№24 (1274)
www.otarka.kz
18 маусым 2015 жыл
Мерекелеріңізбен!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік қызмет ардагерлері! Сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз! Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы дамуының ажырамас бөлігі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мемлекеттік басқару тетігінің тиімді жұмыс істеуін және халықтың билік институтына деген сенімділік деңгейін арттыруды қамтамасыз етіп, сіздерге өз міндеттеріңізді адал ниетпен орындауды жүктейді. Осы мереке күні мемлекеттік қызмет ардагерлеріне біздің еліміздің және қаламыздың гүлденуі жолындағы игі де ерен еңбектері үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Құрметті әріптестер, сіздерге мықты денсаулық, кәсіби табыстар, бақыт және жанұяларыңызға амандық тілейміз! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы
Отарқа - ақпарат
Шіркеу салына ма? Жанаргүл ҚАДЫРОВА
Соңғы уақытта қала тұрғындарынан «31-ші шағынауданда шіркеу салынатын болыпты. Негізі, ол жер телімі балалардың ойын алаңшасына немесе саябаққа лайықты еді... Құлшылық етуші мұсылман қауымы Алланың үйіне сыймай жатса да, бір мешітті қанағат қылып отыр. Шағын қалаға, оның үстіне, қазағы көп ауданға екінші шіркеудің керегі не?!» деген әңгімені жиі еститін болдық. Ал біраз азаматтардың ауызекі әңгімеде «Кеше ғана әулие Мәшһүрдің есіміне ие болған орталық көшенің бойына өзге діннің ғибадатханасы орын тепкені қалай болар екен?!» деген пікірін білдіргенін де құлағымыз шалды.
(Жалғасы 4-бетте)
Хабарлама 2015 жылдың 22 маусымы күні сағат 10.00-да Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 мекенжайында (кіші зал) V шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті XХХІХ сессиясы өтеді. Сессия қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі: 1. Екібастұз қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы. 2. Өзге де мәселелер. Б.Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы
Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мейрам – Медицина қызметкері күнімен құттықтаймыз! Сіздердегі жан жылуы, сабыр мен ұстамдылық, қажымас еңбекке біз әрдайым тәнті болып, басымызды иеміз. Өздеріңіз өмірдегі басты құндылық – денсаулық сыйлайтын емделушілеріңіздің сый-құрметіне бөлене беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, шабыт, шаңырақтарыңызға амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы
Құрметті ішкі істер органының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймыз! Сіздер өз өмірлеріңізді тәуекелге тігіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелерді шешудесіздер. Сіздердің қызу әрі ерлікпен өрілген жұмыстарыңыз - қаладағы тұрақтылық пен екібастұздықтардың тыныш өмірінің кепілі. Адал еңбек, антқа беріктік және қызметтік міндеттерді орындаудағы жоғары жауапкершіліктеріңіз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар. Сіздерге және жақын-туыстарыңызға мықты денсаулық, құт-береке, бақыт, қиын қызметтеріңізде толағай табыстар тілейміз. А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы
Марапаттар жауған күн Жақында өнеркәсіп және отын-энергетика орталығына айналған Екібастұз қаласының туған күні тойланды. Осыған орай қала әкімі ұзақ жылдар бойы қала өміріне еселі еңбек сіңірген бірқатар мемлекет қызметкерлері мен қоғам мүшелерін марапаттады. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ «Богатырь Көмір» ЖШС-і бас директорының орынбасары Е.Рахманғұловқа, қалалық мәслихат депутаты, музыка мектебінің директоры С.Сыздықовқа, облыстық мәслихат депутаты, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-нің бас директоры Р.Свамбаевқа, қалалық мәслихат депутаты, «Қайырымдылық» қоғамдық қорының директоры Ғ.Балтабековаға, қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Рамазановқа, «Дария» сауда орталығы» ЖШСнің директоры Г.Досжановаға, мәслихат аппаратының бас маманы Ә.Байділдинге, «Өнер» мәдениет сарайының директоры А.Бралинаға, әнші, композитор Қ.Құдайқұловқа, «Атамұра»
Қала әкімі Жанат Ибраевты марапаттауда мәдениет орталығының музыкалық жетекшісі Г.Алдановаға, «Ромашка» № 1 бөбектер бақшасының әдіскері М.Мұхамеджановаға, «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі А.Рақымжановаға, «RBK Банк» директоры Ж.Ибраевқа, кәсіпкер Н.Жүнісовке, «Тамыр» ЖШС-нің директоры Б.Оспановқа, қаланың құрметті азаматы Х.Хамметовке, «Богатырь Көмір» ЖШСнің бас директоры В.Щукинге, «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші директоры Ю.Гончаровқа, өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер ассоциациясы
қоғамдық бірлестігінің президенті Н.Арсютинге, «Қайнар» ББК-нің директоры Ф.Клепица және оның орынбасары В.Рудюкке, облыстық мәслихат депутаты, «Энергобасқарма» ЖШС-нің директоры Р.Гайнулинге, «Техцентр» ЖШСнің директоры С.Лепехинге және «Екібастұз» қоғамдық балалар қорының директоры Т.Шмидтке Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жолданды.