N24 1326

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№24 (1326)

www.otarka.kz

2016 жылғы 16 маусым

Мерекелеріңізбен! Құрметті екібастұздықтар! Біздің ортақ мерекеміз – Қала күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Қала күні әдетте қалалықтар мен қала қонақтары барынша дайындықпен асыға күтетін ең сүйікті оқиғалардың бірі болып табылады. Екібастұз – Қазақстан көмір және энергетикалық өнеркәсібінің алыбы, оның басты байлығы - талантты, еңбекқор, бастамашыл, еңбек етіп, замана ағынымен жүретін жігерлі әрі рухы берік адамдар – бұл сіздер, құрметті екібастұздықтар! Туған қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз және шынайы сүйіспеншіліктеріңіз үшін барша тұрғындарға алғысымды білдіремін! Бақыт, денсаулық, құт-береке және кез келген бастамаларыңызға табыс тілеймін! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан энергетикасының бірегей орталығы болып табылатын Екібастұздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр қаланың өз тағдыры бар. Туған қаламыздың тарихында айтулы оқиғалар мен атаулы даталар өте көп. Бүгінде әлем таныған сүйікті қаламыздың тарихы сол оқиғалардан құралады. Кенді қалада өніп-өсіп, қаланың даңқын арттыруға өзіндік үлес қосып жүрген тұрғындарының арқасында Екібастұз жыл өткен сайын дамып, көркейіп келеді. Осынау мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Б.Құспеков, қалалық мәслихаттың хатшысы Сіздерді шын жүректен Қала күнімен құттықтаймын! Қазақстан тарихында Екібастұздың пайда болуы мен қалыптасуы арамыздағы қалаға еңбегі сіңген ардагерлерді қоса есептегенде түрлі ұлттарды құраған мыңдаған адамдардың еңбектегі ерлігі мен қажырқайратының жарқын үлгісі болып табылады. Кеншілер мен құрылысшылардың, энергетиктер мен теміржолшылардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің және екібастұздық барлық еңбеккерлердің жұмыла еңбек етуі нәтижесінде біздің қаламыз көз алдымызда күннен-күнге көркейіп келеді. Екібастұз келешекте біздің Отанымыздың гүлденген қалаларының қатарынан орын алатынына кәміл сенемін. Сүйікті қаламыз гүлдене берсін! Р.Гайнулин, облыстық мәслихат депутаты, «Екібастұздың болашағы үшін» ҚБ Кеңесінің төрағасы

Құрметті денсаулық сақтау қызметкерлері, ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Медицина қызметкерінің күнімен құттықтаймын! Адам денсаулығы әрқашанда басты құндылық болып табылады, ал сол құндылықтарға қамқорлық танытуды өзінің басты міндеті етіп таңдап алған адамдар қай уақытта да сый-құрметке ие. Бүгінгі мереке күні медицина ардагерлеріне және Екібастұз өңірінің денсаулық сақтау саласының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқандардың барлығына айрықша алғыс білдіргім келеді. Сіздерге және сіздердің жақын-туыстарыңызға денсаулық, құт-береке және жаңа кәсіби табыстар тілеймін. Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында шын жүректен алғысымызды және ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз адамдарға денсаулық, өмір қуанышын сыйлайды. Әріптестер мен ем алушылардың арасында таңдаған істеріңіз, бойларыңыздағы жауапкершілік лайықты қошеметке ие. Адамгершілік, ақпейілділік және жанашыр көңілдеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге және туған-туыстарыңызға мықты денсаулық, құт-береке, таусылмас қуат, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке-бірлік тілейміз. Б.Құспеков, қалалық мәслихаттың хатшысы

Құрметті түлектер!

Сіздерді мектеп бітірулеріңізбен құттықтаймын! Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі бетке ұстар зиялы қауымды қалыптастыру болып табылады. Индустрияландырудың ауқымды бағдарламаларын іске асыруға байланысты Қазақстан индустрияландырудан кейінгі құрылымның білікті мамандарына мұқтаж, құрметті түлектер, болашақта бұл мұқтаждықты сіздер толтырасыздар. Сіздер үшін өмірлеріңізде басты таңдау жасайтын жауапты кезең келіп жетті. Отанымыздың ұстанымдарын нығайту, жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелеу - сіздердің қолдарыңызда. Сіздерге бақыт және көздеген мақсаттарыңызға жетуде табыс тілеймін! Қ.Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі

Жарайсың!

Депутаттар іс үстінде

Жерді пайдаланудың тиімділігі - назарда «Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарында жерді пайданудың тиімділігін арттыру мақсатында оны нарықтық айналымға енгізу де көзделгені белгілі.

Ең үздік вокалдық топ Ж.ЖАПАРОВА Павлодар қаласындағы «Шаңырақ» ұлттық орталығы «Жауқазын» балалар байқауын ұйымдастырды. Осы байқауға Қоянды ауылдық клубының Күмісхан

Сағындық жетекшілік ететін «Жайна» вокалдық тобы қатысып, «Ең үздік вокалдық топ» аталымын жеңіп алды. Бұған дейін талай додада жарқырап көрініп жүрген Қоянды клубының қоржыны, осылайша, тағы бір жүлдемен толықты. Жарайсың, «Жайна»!

А.ЗАЙЫРГЕЛДІ Жер мәселесі өзекті болып отырған осынау шақта іске асырылмақ бұл қадамдардың маңызы зор. Тиімділік былай тұрсын, бүгінде жалға алынған немесе меншікке берілген мыңдаған гектар жер жылдап пайдаланылмай жататыны қынжылтады. Мемлекет лимандарға су жіберуге миллиондап қаржы төккенімен, сол шабындықтарды мақсатты пайдаланбай отырғандар да жетіп-артылады

екен. Демек, игерілмей жатқан аталмыш жер иелерін жауапкершілікке тартудың кезі келді. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында осы мәселе қаралды. Депутаттар алдында ақпарат берген Екібастұз қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуанбек Аққазенов игерілмей жатқан ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге салынатын бірыңғай салық көлемін он есе көтеруді ұсынды. Айта кеткен абзал, аталмыш шара бұрын да жүзеге асқан. Онда бірыңғай салық көлемі жеті есе жоғарылатылған. Соның нәтижесінде қала қазынасына 1300 мың теңге құйылды. Халық қалаулылары ұсынысты қабыл алды. Жерді пайдаланудың тиімділігін облыстық инспекция бақылайтын болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.