N25 1275

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№25 (1275)

www.otarka.kz

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, журналистер! Сіздерді кәсіби мереке - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық сананың қалыптасуында үлкен роль атқарады әрі Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігі мен келісімінің нығаюына нақты үлес қосуда. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында екібастұздықтар жедел және дәйекті ақпарат алып, аймақтағы және одан тысқары жерлердегі соңғы оқиғалар жайында хабардар болып отырады. Сіздер қоғам мен қарапайым халық арасын жарастырушысыздар, көптеген әлеуметтік сипаттағы көкейтесті мәселелерді шешуге көмектесесіздер. Осындай мереке күні сіздердің игі және жауапты еңбектеріңіз, адал және өнегелі ұстанымдарыңыз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар. Сіздердің жарияланымдарыңыз, очерктеріңіз, мақалаларыңыз, сюжеттеріңіз халықтың игілігіне қызмет етсін! Сіздерге жақсылық, құт-береке, өмірге деген шынайы көзқарас, сарқылмайтын шабыт, қызықты жаңалықтар, қаламдарыңыздың ұштала беруін, көрермендер мен оқырмандардың танылымын тілейміз! Сіздердің және жақын-туыстарыңыздың дендері сау болсын! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихаттың хатшысы

Құрметті екібастұздықтар! Сіздерді жастық шақтың мейрамы - Жастар күнімен құттықтаймыз! Осы мереке қаланың келешектегі даңқты тарихын белгілейтін біздің кадрлық әлеуетімізді 34 мыңнан аса жас екібастұздықты біріктіреді. Сіздер, қуатты, жігерлі, ынталы, дарынды, білімді жас ұрпақ, осы қоғамда өмір сүріп, еңбектенесіздер. Белгіленген жоспарларыңызды іске асыруда табандылық тілейміз! Армандаған мақсаттарыңызға жетіп, жаңа жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихаттың хатшысы

Президенттен хат келді

Ж.ӘБДІКӘРІМ Екібастұз МАЭС-2 станциясында 20 жылдан астам уақыт жылу беру машинисі болып еңбектеніп келе жатқан Галина Михнова Нұрсұлтан

Отарқа - ақпарат

а ғ р а т с а ж ы д н ы л а Ж – сәт сапар! Көзтартар небір сәнді көйлек киген ару қыздар, сымбаты келіскен бозбалалар... Бұл бір сәтке әлемнің назарын өзіне аудартқан кино немесе сән фестивалі емес, бұл балалық бал дәуреннің шегі, ересек өмірге аяқ басар баспалдақтың басталуы - түлектер кеші. Думанды кеш «Шахтер» стадионында өтті. А.Зайыргелді

Биыл Екібастұз мектептерінен 806 түлек түлеп ұшты. Үлкен өмірге жолдама алғалы отырған жастарды Екібастұз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мырзажан Үсенов құттықтап, мектепті кілең беске тәмамдаған сегіз түлекке «Алтын белгі» және «Үздік аттестаттарын» тапсырды. Алтын белгі иегерлері қатарында: Айым Сакиянова (№6 мектеп), Айдана Байзыханова (№25 қыздар гимназиясы), Айман Оқан (Өлеңті орта мектебі), Әмір Айтхожин (№21 орта мектеп). «Үздік аттестат» иегерлері: Мәди Раисов (№18 ОМ), Айжан Аманбаева («Зерде» мектебі), Камила Сұңғат (№1 лицей), Мадина Базилова (№10 ОМ). «Алтын белгі» иегерлеріне он бір жылғы еңбектерінің жемісі –

аттестаттарымен бірге облыс әкімінің тартуы - ноутбуктер және «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық қоры атынан ақшалай сыйлықтар табысталды. Салтанатта оқуда ғана емес, өнерімен, спорттағы жетістіктерімен қала, облыс, ел мақтанышына айналған түлектерге де қошемет көрсетілді. Түлектер мектеп вальсін билеп, оларға қала өнерпаздары ән-шашуын арнады. Ғажайып кештің тағы бір тартуы алматылық өнерпаздардың отты қойылымы болды. Осыдан соң жалынды жастарға жігер тілеген қала аспанына отшашу шашылды. Суретті түсірген Рымбек Егінбайұлы

Жарайсың, Дария!

АҚЖАРМА

Солнечный кентінің тұрғыны Галина Михноваға Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтан хат келді. Нақтырақ айтсақ, бұл – Нұрсұлтан Әбішұлының Галина Васильевнаға жауап хаты.

25 маусым 2015 жыл

Әбішұлының Президент сайлауында қол жеткізген жеңісіне қуанышын білдіріп, құттықтау жолдаған екен. Ал Елбасымыз өлеңмен өрілген хатқа өз қолымен былайша жауап жазыпты: «Құрметті Галина Васильевна! Хатыңыз, тілегіңіз және менің қызметіме арнаған өлеңіңізге рахмет! Екібастұз қаласының және сіз еңбек ететін станцияның қалыптасуы менің қатысуыммен жүзеге асқан. Бұл өндіріс алыбы – Қазақстанның мақтанышы. Өзіңізбен еңбек ететіндердің бәріне сәлем айтыңыз. Менің ең ізгі тілектерімді қабыл алыңыз. Н.Назарбаев».

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында әріптесіміз, «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы Дария Жұмаділова Екібастұздың, қала берді облысымыздың абыройын асқақтатып, республикалық байқауда жүлдеге ие болды. Кеше ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауында Дария Ертайқызы жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Оған диплом мен 100 мың теңгенің сертификатын ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин табыстады. Айта кетерлігі, Дария Жұмаділова бұған дейін де республикалық додаларда топ жарған. Былтыр ол Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен журналистер арасында өткен республикалық байқауда 3-орын иеленген. Сондай-ақ этножурналистика жанрындағы аламанда арнайы жүлдеге қол жеткізген. Әріптесіміздің жүлдесіне құтты болсын айта отыра, шығармашылық шабыт тілейміз! Өз тілшімізден.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
N25 1275 by Zhaslan Dosumov - Issuu