N26 1276

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№26 (1276)

www.otarka.kz

2 шілде 2015 жыл

Туған күніңмен, Астана! Құрметті екібастұздықтар!

Отарқа - ақпарат

Сіздерді мемлекеттік мейрам - Астана күнімен құттықтаймын! Бүгінгі Астана - Еуразия континентінің көрікті, қазіргі заманғы мегаполисі әрі халықаралық деңгейдегі әлемдік көшбасшылардың кездесу орны. Тәуелсіздіктің, бейбітшіліктің, келісімнің белгісі және көпұлтты Қазақстан достығының кепілі - елордамыз көркейе берсін! Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, Отанымыздың игілігі жолында жаңа жетістіктер және әр шаңыраққа құт-береке тілейміз! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б.Құспеков, Қалалық мәслихат хатшысы

«Наркескен» мәреге жетті Жыл басында «Отарқа» газетінің тұңғыш редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі» атағының иегері Аманкелді Қаңтарбаевты есте қалдыру мақсатында «Екібастұз дауысы-ақпараттық орталығы» ЖШС-нің «Отарқа» газеті редакциясы мен марқұмның ұрпақтары «Наркескен» журналистикалық байқауын

жариялағаны мәлім. Байқау қорытындысы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында шығарылатыны да айтылған. Жүлдегерлерді марапаттау салтанатының өз деңгейінде өтуіне Екібастұз қаласы әкімдігі мұрындық болса, бас демеуші – Қаңтарбаевтар отбасы тағайындаған жүлде қоры байқаудың салмағын арттырды. (Жалғасы 2-бетте)

Әкелерді ұлықтаған байқау Әке – шаңырақтың діңгегі, ұрпақ сабақтастығының күре тамыры. Әке өнегелі болса, баласы тағылымды, тәрбиелі болмақ. Әке мен бала арасындағы мейірімді, махаббатты, сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық болмысымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында облыстық «Шаңырақ» халық

шығармашылығы орталығында «Әке – асқар тау» байқауы ұйымдастырылды. Облыстық мәдениет департаментінің қолдауымен өткізілген байқауда Павлодар облысының Май, Шарбақты, Железин, Баянауыл, Павлодар, Лебяжі, Екібастұз аудандарының өнерлі әкелері мен балалары бақ сынады. (Жалғасы 3-бетте)

Дөңгелек өндірісі өркендемек Кеше Екібастұзға облыс әкімі Қанат Бозымбаев іссапармен келіп, «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-індегі жылыту маусымына әзірлік барысымен танысты. Ж.ҚАДЫРОВА Қанат Алдабергенұлы, сондай-ақ, металл қыздырып, өңдеумен айналысатын «Энергоспецстрой», теміржол саласы үшін қысымалды темірбетонды брус өндіретін «R.W.S. Concrete», теміржолға қажетті осьтер және дөңгелек жұптарын шығарумен айналысатын «R.W.S. Wheelset» ЖШСтеріне ат басын тіреді. Аймақ басшысы, сонымен қатар, «Проммашкомплект» ЖШС-індегі ерекше шараға ортақтасты: кеше мұнда жаңа жобаның, яғни, зауыттың екінші тынысын ашатын жаңа құрылыстың іргетасы құйылды. Шарада зауыт директоры Артур Хачатурян кәсіпорын ұжымының келер ұрпаққа арнаған өсиетін оқып, оны капсулаға са-

лып, іргетас астына орналастырды. - Бүгінгі айтулы күні жаңа өндірістің іргетасы құйылды. Біз мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бағдарламасында белгілеген міндеттерді жүзеге асырып отырмыз. Елбасымыз былтыр Екібастұзға келгенде теміржол, машина жасау саласын дамыту туралы тапсырма берген болатын. Енді, міне, теміржол дөңгелектерін жасау қолға алынуда, - деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы Қанат Бозымбаев. Атап өтерлігі, жалпы құны 40,8 млрд. теңгені құрайтын жобаны «Қазақстанның даму банкі» АҚ-ы қаржыландырады. Банк қажетті қаржының 73,5 пайызын 15 жылға дейінгі мерзімге ұсынып отыр. Жаңа жоба іргетасының қалану салтанатына қатысқан

«Қазақстанның даму банкі» АҚ-ы басшысы Болат Жәмішев былай деді: - Біз еліміздің теміржол кластерін қалыптастыруға қатысты ірі жобаларға атсалысып жүргенімізді мақтан етеміз. Теміржол көліктерін дамыту саласы үшін банкке Ұлттық қордан қаржы бөлінген. Бүгінгі өндіріс Павлодар облысының ғана емес, тұтастай Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырмақ, - деді. Жаңа жоба іске қосылғанда, кәсіпорын жылына 75 000 дөңгелектен 250 000 дөңгелекке дейін өндіретін бо лады. Жалпы, «Проммашкомплек т» зауытының өнімі жоғары жылдамдықтағы қозғалмалы құрамға, жүк және жолаушы тасымалы мен еліміздің локомотив паркіне арналған. Жоғары технологиялық құралжабдықтармен жарақталған жаңа өндіріс пайдалануға 2017 жылы беріліп, 400 адамды жұмыспен қамтымақ. Сурет В.Фадеевтікі


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.