Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№27 (1277)
www.otarka.kz
9 шілде 2015 жыл
Бәрекелді!
өндіріс
Теміржол көліктері Екібастұзда сыналады Өткен аптада Екібастұзға Техникалық реттеу және метрология комитеті, ҚР Инвестиция және даму министрлігіне қарасты басқа да бірқатар ұйым өкілдері жұмыс бабымен келіп, «Проммашкомплект» ЖШС-і мен осы кәсіпорын аумағында орналасқан Қазақстан теміржол көліктерін сертификаттау орталығында болды. Ж.ҚАДЫРОВА Астаналық қонақтардың бірі – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-і бас директоры Серік Құрманәлиев бұл сапар мақсаты жайлы былай деді: - Павлодар қаласында метрология, стандарттау және сертификаттау мәселелері жөнінде штаб отырысы өтеді. Осы сапар аясында біз Екібастұздағы «Проммашкомплект» зауытымен танысып отырмыз. Зауытта теміржол саласына қажетті тамаша өнімдер шығарылуда. Бұл өнімдердің бәрі сынақтан өтуі тиіс. Сол үшін зауыт жанынан құрамында маңызды зертханалары бар сынақ орталығы да ашылған. (Жалғасы 2-бетте)
табиғи апат
Жаңа шатыр желге шыдамады
Бейбіт
тағы да «Барыс» атанды Шілде айының 4 –інде Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен дәстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің финалдық бәсекесінің өтуіне куә болдық. Биылғы байрақты бәсекеде Тараз өңірінің тумасы Бейбіт Ыстыбаев тағы да бас жүлде иеленіп, жүз елу мың долларға қол жеткізді. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ
Бү г і н г і нөм і рде :
«Қазақстан барысы» жарысында еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында үш кезең бойынша өткен іріктеу сынақтарынан озып шыққан 33 палуан бес сағатқа созылған ақтық бәсекеде күш сынасты. Олардың ішінде Павлодар облысының намысын қорғап барған 80 келі салмақтағы
екібастұздық Арман Махамбетов пен 130 келі салмақтағы Алан Тұрсынов та бар. «Қазақстан барысының» өткен жылдарына көз жүгіртер болсақ, алғаш рет онда еліміздің барлық облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 4 палуаннан барлығы 64 атлет жиналған еді. Бірінші турнирде Қызылорда облысының өкілі Ұлан Рысқұлов жеңімпаз атанған болатын. Ал 2012 жылы жер-жердегі апай-
Домбыра-party кеші
3-бет
төс палуандар бұл аламанға жету үшін үш сатылы сынақтан өтуге міндеттелді. Сөйтіп, алғаш рет күрестің бәсекесі ауыл-аймақтардан бастау алды. Одан озып шыққандар аудан орталығында, ал үшінші кезеңдегі белдесу облыс орталығында жалғасты. Міне, осы соңғы сатыда оза шапқан екі спортшы республикалық финалға жолдама алып, Бейбіт Ыстыбаев жеңіп шықты.
(Жалғасы 3-бетте)
Бәрі – «Қазақстанда жасалған» 10-бет
Ж.ӘБДІКӘРІМ 5 шілде күні соққан нөсер аралас дауыл екібастұздықтарға біраз зиянын тигізіп кетті. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 112 телефонына сол күні сағат 13.30-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 147-үй тұрғындары хабарласып, қатты желдің шатырды ұшырып әкеткенін жеткізген. Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері анықтағандай, дауыл бес қабатты үйдің 200 шаршы метрдей шатырын жұлып әкетіпті. Оның үстіне, қираған шатыр осы үйдің екі бірдей тұрғынының автокөліктерін (1990 жылғы «Мерседес» және 2014 жылғы «Киа-Рио») бүлдірген. (Жалғасы 2-бетте)
Байетте қой қырылды Ұйытқып соққан жел мен нөсердің салдарынан іргедегі Байет ауылдық округінде екі-үш отар ұсақ мал шығынға ұшырады. Тосын келген апат 5 шілде күні сағат 8 бен 11-дің арасында орын алған көрінеді. Дүлей дауылдан зардап шеккен тұрғындар редакцияға хабарласты. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ Болған жайтты естіп, жолға шықтық. Ауылда округ әкімі Докторхан Амантайды жолықтырып, мәселенің мәнісін сұрастырдық. – Ауылдан алты отар қой өріске өреді. Дәл сол күні дауыл күшейіп, күн суытатынын ешкім де білген жоқ. Бақташы өрісте жүріп мал иелеріне хабарласып, малдың жан-жаққа ығып, қайыру бермей жатқанын айтса керек. Сөйтіп, үш отарда ұсақ мал шығыны болды. Ветеринарлық қызмет 421 бас ұсақ малдың апатқа ұшырағандығын анықтап отыр. Сырғаланған мал есебіне қарай солай. Ал қалған қой-ешкі өзен жағасындағы қамыстар мен талдарды паналап аман қалса керек. Өлген малдың көбі – ешкі. Табиғаттың дүлей күшіне не шара? «Бастан құлақ садақа» дегендей, жан аман болса, малдың орны толар. Дегенмен, шығынға ұшыраған малдардың орнын толтыруға әкімдік тарапынан көмек болады деп айта алмаймын. Тек мал иелері сақтандыру куәлігі бар қой-ешкісіне өтемақы сұрауға құқылы,–деді Д. Амантай. Ауыл әкімінің айтуына қарағанда, сол күні «112» қызметінен ұялы телефонға күн райының күрт өзгеретіні жайында ескерту SMS-хабарламасы да келмеген сыңайлы. Жалпы, мұндай апат соңғы жиырма жылда болмаған деседі. (Жалғасы 2-бетте)