N28 1278

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№28 (1278)

www.otarka.kz

16 шілде 2015 жыл

Игі іс

Жаңа заң

Қабыл болсын!

Сенімхаттың күші жойылды 13 шілдеден бастап елімізде көлік жүргізуге берілетін сенімхаттың күші жойылды. Оқырман қауымның есінде болса, заңнамаларға енгізілген өзгерістерге сәйкес, соңғы жылдары көлік жүргізуге сенімхат қолмен де жазылып келген болатын. Заңнамада, тіпті, оны арнайы органда тіркемеген тұлғаларға жаза да қарастырылмаған еді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім бұл айда ораза ұстаған бір адамға ауыз аштырса, бұл амалы күнәларының кешірілуіне себеп болып, ораза ұстаушының сауабындай сауапқа ие болады», - деген. Осы хадисті амал еткен барша жан ауызашар беруді дәстүр деп біледі. А.ЗАЙЫРГЕЛДІ 10 шілдеде қалалық мешітте Екібастұз әкімі Александр Вербняк ауызашар ұйымдастырды. Ауызашарда мешіттің бас имамы Бауыржан Отарбаев жиналған жамағатқа оразаның қасиеті, ауызашардың сауа-

Жанаргүл ҚАДЫРОВА

бы жайлы уағыз айтып, құран бағыштады. Астан кейін мұсылман жамағаты атынан осындай игі іске мұрындық болып отырған қалабасына алғыс білдірді. Кеш соңында қонақтар қала әкіміне ақ тілектерін жаудырып,

нұр шашқан келесі Рамазанға аман-есен жетуімізге ниеттерін білдіріп тарқасты. Ізгі тілек қабыл болғай! Сурет Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Иман айнасы

Мың түннен қайырлы түн Шілде айының 13 і күні кеште Қадір түнін күтуге жиналған жамағат қаламыздағы жалғыз мешітке сыймай қалды. Дұға тілеп, уағыз тыңдауға келгендердің ішінде жастар көп сияқты көрінді. Басына орамал тартқан желеңділердің де шоғыры аз емес. Мешіттің барлық залында ине шаншар жер жоқ. Бұдан қаламыздағы мұсылман қауымының асыл дінімізге деген ықыласы жыл өткен сайын артып келе жатқандығын байқау қиын емес. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ Біз қалалық мешіттің найбимамы Төлеген Мұратұлын сөзге тартып, Қадір түнінің мәнмаңызына аз-кем тоқталып

өтуін сұрадық. – Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла Тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол – бұл

түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Есептеп көрсеңіз, мың ай сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Алла Тағала адам баласын тек қана өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны шын. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады,– деді Төлеген Мұратұлы. (Жалғасы 4-бетте)

Бүгінгі нөмірде

Балабақшада рі е д л і к ө т л ұ ақша жинау Өзге бақ сынасты заңды ма? 4-бет

6-бет

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы қаулысына сәйкес, «Жолда жүру ережесі туралы» Заңның 54-бабы 3-тармағындағы механикалық көлік құралының иесі мен жүргізушісінің құқықтары мен міндеттерінен көлік құралын оның иесінсіз басқарған жағдайда уақытша иеленуге және пайдалануға берілген көлік құралын басқаратын жеке тұлғаның уәкілетті органда міндетті тіркелуімен бірге осы көлік құралын иелену немесе пайдалану немесе билік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуға қатысты міндет алынып тасталды. (Жалғасы 2-бетте)

Алғыс

Жанкүйерім, ризамын! А.МЕЙРАМОВА 4 шілдеде Астанада қазақ күресінен өткен республикалық «Қазақстан барысы» додасында облысымыздың атынан өнер көрсеткен жерлесіміз Арман Махамбетов, білуімізше додадағы ең жас палуандардың бірі. Алғашқы екі белдесуде қарсыластарынан басым түскенімен, қарағандылық тәжірибелі палуан Ержан Шынкеевке есе жібергені есімізде. Десе де, қазақ күресінің басы-қасында жүрген белді мамандар, бапкерлердің айтуынша, Арман турнирде

ширақ қимылымен, айлалы әдістерімен көзге түсті. Ендеше, палуанымыз алар асу әлі алда. Бапкері Рашид Махметов пен Арманның ендігі мақсаты – Рио-де-Жанейро Олимпиадасына жолдама ұтып алу. Сол үшін де «Қазақстан барысынан» оралған бойда Арман Бурабайға жаттығуға аттанып кетті. Жолға шығар алдында редакцияға хабарласып, өзіне жанкүйерлік еткен жерлестер мен қолдау көрсеткен азаматтарға газет арқылы алғыс білдіруімізді сұрады. Болар ұлдың болмашы өтінішін ықыласпен орындалық!

Мені қолдап, жанкүйерлік етуші жерлестерім екібастұздықтар, туыстарым мен достарым, сіздерге алғысым шексіз! Сондай-ақ, осы жарысқа баруыма қолұшын беріп, жан-жақты қолдау көрсеткен «Екібастұз қаласы әкімдігінің спорт және денешынықтыру бөлімі» ММ-сінің басшысы Зейнеп Опабекқызы Нұркеноваға, «Нұр Отан» партиясының ЕБ-сі төрағасының бірінші орынбасары Самат Жайынұлы Рамазановқа, қаламыздағы «Қазақ күресі» федерациясының төрағасы Орынбасар Алеевке, «МАИС» ЖШС-нің басшысы Сергей Войцицкийге, «Жоламан-ЭК» ЖШС-нің басшысы Амангелді Абдрахмановқа шын жүректен рахметімді айтқым келеді. Баршаңызға денсаулық, бақыт, табыстар тілеймін. Ізгі тілекпен, Арман Махамбетов

Хабарлама 2015 жылдың 29 шілдесінде сағат 15.00-да Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 мекенжайында (кіші зал) V шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті XL сессиясы өтеді. Сессия қарауына мына мәселе енгізіледі: 1. Қала әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындалуы туралы қалалық мәслихат депутаттары алдындағы 2015 жылғы І жартыжылдық есебі туралы. Қалалық мәслихат хатшысы Б.Құспеков


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.