N29 1279

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№29 (1279)

www.otarka.kz

Талапкер - 2015

Пошташы жылы

428 адам сынақтан сүрінді Биыл Талапкерлердің кешендік тестілеуінен өтуге өтініш бергендердің саны ҰБТ-іне қатысқандардан анағұрлым көп. 19-20 шілде күндері Қ.Сәтбаев атындағы ЕИТИ-нда ұйымдастырылған бұл сынға 706 адам қатысты. А.МЕЙРАМОВА

Мемлекеттік маңызы бар шара әдеттегідей барлық жөнжоралғысымен жүзеге асты: мемлекеттік комиссия, ҰҚБ-і, ҚР Білім және ғылым министрлігінен келген өкілдер – бәрі де тестілеуді өткізу Ережесіне сәйкес жұмыс жасады. Ұялы телефондар мен шпаргалкаларын алып кірмек болғандардың әрекетін әшкерелеп, тестіге

23 шілде 2015 жыл

алып кіруге тыйым салынған бірқатар заттарды тәркіледі. Айта кету керек, сынақ кезінде ешбір адам аудиториялардан шығарылған жоқ. Екі лекпен өткен тестілеуде 278 адам ғана шекті деңгейден өтіп, ЖОО-ына түсуге мүмкіндік алды. Ең жоғарғы ұпай 96 болса, ең төменгісі – 3 ұпай.

Сөз додасы

Бас жүлде – Алмагүлде

Ауыл пошташылары велосипед мінді Ғаламторлық байланыс аса дамыған заманда өмір сүрсек те, қоғамда поштаға деген сұраныс жойылмақ емес. Үйді-үйге газетжурнал, хат-хабарды жаяулап-жалпылап таситын осынау сала өкілдері – пошташы атты адал мамандық иелерінің еңбегі де барша жұрттың көз алдында. Ж.ӘБДІКӘРІМ

Әлмисақтан сарғайған үшбу хаттарды бауырына басып тіршілік етіп келе жатқан, «сағыныш мекені» атауына әбден лайық осынау орда үшін биылғы жылдың орны бөлек: 2015 жылды «Қазпошта» АҚ-ы пошташы жылы деп жариялап отыр. Осыған орай мекеме өз қызметкерлеріне тамаша сый ұсынуда. «Қазпошта» АҚ ПОФ Екібастұз торабында пошта жылына орай арнайы шара ұйымдастырылып, оған ауыл пошташылары да шақырылды. Атап өтерлігі, биыл «Қазпошта» тарапынан Павлодар облысының пошташыларына 159 велосипед бөлініпті.

Мұндай сыйға әзірге 8 ауылдық округ пошташысы қол жеткізді. Алдағы уақытта темір тұлпарлар тағы 11 ауыл пошташысы мен қаладағы жекеменшік секторға қызмет көрсететін пошта бөлімшелеріне берілетін болады. Екібастұздық пошта торабы басшысының міндетін атқарушы Наталья Грицынаның айтуынша, велосипедтер бастапқы үш жылда «Қазпошта» АҚ балансында болып, одан кейін пошташылар меншігінде қалмақ. Қуанышты шарада пошта қызметкерлері өз кәсіптеріне қатысты өлеңдер оқып, бірбіріне ізгі тілектерін жаудырды. Сурет В.Фадеевтікі

17 шілде күні Көкшетау қаласындағы «Жасыл орман» шипажайында «Бурабай Fest» І қазақстандық өнерлі жастар фестивалі аясында аймақтық ақындар айтысы өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығын тақырыпқа арқау еткен айтысқа Астана, Петропавл, Арқалық, Павлодар, Көкшетау қалаларынан 8 ақын қатысты. Өнер додасында облысымыздың намысын қорғаған ақын Алмагүл Жүгінісова бас жүлдені жеңіп алды. Ж.ҚАДЫРОВА

Мемлекеттік тіл

Кіріс-шығыс құжатпен шектелетініміз қалай?! Жанаргүл ҚАДЫРОВА Қала әкімдігінің кезекті мәжілісі мемлекеттік тіл мәселесіне арналды. Мәжілісте Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дана Мәуенова ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының іске асырылуы

және Екібастұз қаласында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу жайында баяндама жасады. Дана Мәкімқызының айтуынша, биыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы тілдер заңнамасының орындалуы бойынша қаламыздағы 13 нысанды тексерген. Жалғасы 2-бетте

Хабарлама Екібастұз қаласының жұмыс берушілері мен 2015 жылғы түлектердің назарына! 2015 жылғы 28 шілде күні сағат 10.00-де «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілетінін хабарлаймыз. Барлығыңызды осы шараға қатысуға шақырамыз. Анықтама телефондары: 77-00-55, 77-06-00, 77-07-56. Т.Тарасова, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі»

Әскери білім

Оқуға қабылдау тәртібі өзгерді ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл әскери оқудан үмітті түлектердің сынақ тапсыратын пәндері тізімі кеңейтілді. Олар, яғни, таңдау пәндері: физика, география, химия, биология және дүниежүзі тарихы. Сондай-ақ, оқуға қабылдау құжаттарын рәсімдеу тәртіптемесі жеңілдетіліп, құжат қабылдау мерзімі ұзартылды. Атап айтқанда, Қорғаныс министрлігінің жоғарғы әскери оқу орындары мен Кадет корпусына 20 шілдеге дейін, республикалық әскери мектептерге тамыздың 15-іне дейін құжат қабылданады. Ж.АЙТЫШ - Әскери оқу орындарына әскери қызметтен өтпеген,

жасы 17-ге толған, бірақ 24-тен аспайтын; әскери қызметтен өткен азаматтар мен мерзімді қызметін өтегендер 24 жасқа

толғанға дейін; сондай-ақ, 25 жасқа толмаған келісімшартпен қызмет етушілер түсе алады, - деп түсініктеме берді бізге Екібастұз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміндегі келісімшартпен әскери қызметке алу қызметкері, кіші сержант Нұрсұлтан Амирин. Нұрсұлтан Қажыбайұлының айтуынша, жоғары әскери білімнен үміткерлердің мамандыққа нақты қатысы бар таңдау пәнінен жинайтын ұпайларының саны 7-ден кем болмауы тиіс.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.