Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№3 (1305)
www.otarka.kz
2016 жылғы 21 қаңтар
Билік есеп беруде
байқау 14 қаңтар күні Екібастұз қаласы әкімі Александр Вербняктің және өңіріміздегі ауылдық округтер әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері басталды. Бұған дейін газетімізде қала әкімінің өткен жылы атқарған жұмыстарының есебі жарияланғандықтан, оны қайталамай, ауыл өміріне қатысты кейбір жайттарды атап өтпекпіз. Ж.ӘБДІКӘРІМ
Ауылдарға тазалық керек Мал басы көбеюде 2014 жылмен салыстырғанда өңірімізде былтыр ірі қара мал саны 2,3 пайызға өсіп, 31,2 мың басты құрады. Жылқы – 15 пайызға көбейіп, 11 жарым мың басқа жетті, қой – 42,4 мың бас (1,2 пайызға өскен). «ЭМПК», «Гранат» және «Табыс» ЖШС-тері асыл тұқымды мал шаруашылықтары 207 ірі қара мал сатып алды. «Сыбаға» бағдарламасымен 5 шаруашылық 75 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, 385 бас аналық мал мен асыл тұқымды 14 бұқа сатып алған. «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламасы аясында жылқы мен қой санын арттырып, мемлекет қолдауын тиімді пайдаланғандар баршылық. «Алайда Екібастұз, Байет, Сарықамыс ауылдық округтері мен Шиқылдақ, Әлкей Марғұлан ауылдарында мемлекеттік бағдарламаларға қатысу белсенділігі төмен», - деп атап өтті қала әкімі.
Малыңыз бруцеллезге шалдықса...
Былтыр өңірімізде 42 888 бас ірі қара мал бруцеллезге тексеріліп, 239-ының аталған ауруға шалдыққаны анықталды. Оның ішінде 61 бас мал Әлкей Марғұлан ауылына, 45-і - Зеленая Рощаға, 23-і – Ақкөлге, 19-ы - Тай және Көксиыр ауылдарына тиесілі. 2015 жылы қалалық бюджеттен 7,4 миллион теңге бөлініп, бұл қаржы етке тапсырылған мал құнының 50 пайызын өтеуге бағытталды. Ал қалған 50 пайызы мал иесіне «МПК» ЖШС-і тарапынан төленді. Осы орайда Александр Федорович: «Кей адамдар ақшасынан ұтылып қаламыз деп бруцеллезге шалдыққан малын уақытылы тапсырмай, жайылымға жібере салады. Осының салдарынан ауру басқа малдарға тарайды. Бағдарламаға қатысқан адам ұтылмайды», - деп ескертіп өтті. Бұл мақсатқа 2016 жылға бюджеттен 6 миллион теңге-
ден аса қаржы қарастырылған.
«Ақ бұлақтан» қашан су ішеміз?
Бағдарламаны тілге тиек етіп келе жатқанымызға біраз жылдың жүзі болғанымен, ауылдарда «Ақ бұлақ» сарқырай қояр түрі көрінбейді. 2015 жылы «Павлодаргидрогеология» ЖШС-і Бесқауға, Шиқылдақ, Тай және Құлакөл ауылдарында зерттеу жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар, Құдайкөл және Теміржол ауылдық округтерінде жерасты желілері құрылысына жобалықсметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылмақшы. Шідерті кентіне қарасты Заречный ауылында да магистральды су құбыры мен кварталішілік желілер құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр. Ал Ақкөл, Төртүй, Байет және Төртқұдықта геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, су қоры анықталды. Бозшакөл станциясында «Теміржолсу» ЖШС-і қаржысы есебінен су
мәслихатта
Елнұр Букаев жергілікті полиция басшысы А.ЗАЙЫРГЕЛДІ Дүйсенбі, 18 қаңтарда, қалалық мәслихаттың кезектен тыс XLVI сессиясы өтіп, депутаттар облыс әкімі Екібастұз қаласы бойынша жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымына ұсынған кандидатураны мақұлдады. Ол – тәжірибелі құқық қорғаушы, полиция подполковнигі Елнұр Жұмабайұлы Букаев. 1976 жылы туған, Қарағанды заң институтының түлегі, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет істейді. Қазіргі таңда Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары.
Мәслихат хатшысы Болат Құспеков Елнұр Жұмабайұлына жемісті еңбек тіледі. Өз кезегінде Е.Букаев халық қалаулыларының сенімін ақтауға тырысамын деп уәде етті. Заңға сәйкес, жергілікті полиция құрылымына учаскелік инспекторлар, жол полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріледі. Ал жергілікті полиция қызметінің басшысы әкімдік пен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретін болады. Мұндай есептілік полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етпек.
желілерін тарту мәселесі де қарастырылу үстінде.
Тазалық сақтамасаң, жауапқа тартыласың!
«Өткен жылы мен полицияның учаскелік инспекторларына абаттандыру ережесін бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмысын жандандыруды тапсырған болатынмын. Бүгінгі күні осы тапсырманың орындалмай тұрғанын көріп отырмыз. Қалдықтар мен қоқыстарды рұқсат етілмеген жерлерге тастау фактілері әлі де орын алуда. Ауылдық округтердің әкімдері мен полицияның учаскелік инспекторлары үйінділердің жиналуына жол бермеу бағытында өздерінің тікелей міндеттерін орындамай отыр деп айтуға болады», - деді әкім ауыл тазалығы жайына арнайы тоқталып. Олай болса, округтер әкімдері мен полицияның учаскелік инспекторларына бұл бағытта жұмысты күшейту қажет-ақ.
Таңдаулы мұғалім
Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы №22 гимназиямектебінде бастауыш сынып мұғалімдерінің сайысы өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде бейнесабақ көрсетіліп, 7 мұғалім екінші кезеңге іріктеліп алынды. Төрт кезеңнен тұрған сайыстың таныстыру сәтінде мұғалімдер өз қызметіндегі проблемаларды шешу шеберліктерін жеткізе отырып, негізгі ұстаздық идеяларын тұжырымдай білді. «Оқытамын, оқимын, қол жеткіземін!» кезеңінде педагогтар өздерінің кәсіптік қызметінде инновациялық идеяларды талдай білу, заманауи ғылымның негізгі қағидаларын сабақта қолдану ерекшеліктерін паш етті. «Ұстаз, сен – Цицерон!» педагогтық рингінде әр қатысушының шешендік өнері анықталды. «Даңқ сәтінде» сайыскерлер актерлік және шығармашылық шеберліктерімен көрермендер мен қазыларды тәнті етті. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтауда қазылар алқасы бас жүлдеге С.Торайғыров атындағы №22 гимназиямектебінің мұғалімі Гүлбақыт Салықованы лайық деп тапты. 1-орынды - №7 гимназия-мектебінің мұғалімі Маржангүл Дүйсембина, 2-орынды №24 мектеп мұғалімі Анар Адамова жеңіп алды. 3-орын №35 гимназия-мектебінің мұғалімі Галина Флянтиковаға бұйырды. №21 мектеп мұғалімі Оксана Тихонова, №23 мектеп мұғалімі Жанар Мұсабекова, №9 мектеп мұғалімі Анна Аитова түрлі аталымдарға ие болды. Өз тілшімізден
Бүгінгі нөмірде: Ескерілсе екен...
5-бет