Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№30 (1280)
www.otarka.kz
30 шілде 2015 жыл
Билік пен халық
Көкейдегі сауал депутат назарында «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов пен Жанат Жарасов қоғамдық қабылдау жүргізді. Оған қала әкімі Александр Вербняк та қатысты. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ Халық қалаулыларының қабылдауына келген Екібастұз қаласы Ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөліміне қарасты полицияның учаскелік инспекторлары бөлімшесінің бастығы Сәбит Қожелдақов өз сауалында 2008 жылдан бері Екібастұз қаласында жедел басқару орталығын ашу мәселесі әлі шешімін таппағанын алға тартты. «Қаламызға жедел басқару орталығы ауадай қажет. Аталмыш орталық мәселесін шешу ісіне өңірді дамыту бағдарламасы аясында республикалық бюд-
жеттен қаржы қарастыруға ықпал етулеріңізді сұраймын»,– деді ол. Бұл істің мән-жайын қала әкімі А. Вербняк та кеңінен түсіндіріп өтті. Халық қалаулылары бұл мәселені назарға алатындықтарын жеткізді. Қала тұрғындарының бірі бүгінгі таңда екібастұздықтарды мазалап отырған экология мәселесін қозғады. –Екібастұздағы кәсіпорындардан қоршаған ортаны эмиссиялағаны үшін салық түрінде республикалық бюджетке қомақты қаржы құйылады. Соған қарамастан, бұл
қаражат қаламыздың экологиясын жақсартуға кері бағытталмайды. Яғни, тұрғындар қаржы игілігін көріп отырған жоқ. Осы мәселе республикалық трансферт көлемін ұлғайту есебінен жүзеге асса,–деді ол. Арбаға таңылған мүгедек Дана Малғаждарованың: «Қаладағы супермаркеттердің үстіңгі қабатына көтерілетін лифтілерді мүгедектердің де пайдалануы үшін мейлінше ыңғайлы стандарттар енгізіле ме?» – деген сұрағына депутат Е. Бектұрғанов: – Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешілуі тиіс. Әрине, бұрынғы жобаларда мүгедектердің жүріп-тұруы қарастырылмаған болатын. Ендігі құрылыстардың жобаларында осы жағының ескерілуіне баса назар аударылатын болады,– деп түйіндеді.
Жүктелген міндет аз емес Кеше Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттары алдында қала әкімі Александр Вербняк үстіміздегі жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша өзіне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы есеп берді.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Көлік қызметкерлері күнімен құттықтаймыз. Бүгінде бұл сала ел экономикасының өміршеңдігін қамтамасыз ету жүйесінде тұрақты орын алып, одан әрі даму үстінде. Сіздердің лайықты еңбектеріңіз, мақсаткерліктеріңіз және мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін алғысымызды және ризашылығымызды қабыл алыңыздар. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жемісті еңбек, жаңа жетістіктер, бақыт және амандық тілейміз. А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б.Құспеков, мәслихаттың хатшысы
Отарқа-ақпарат
Қазақ-түрік лицейі ашыла ма? Ж.ҚАДЫРОВА Құлағымызға өткен оқу жылының соңында шалынған «Екібастұзда қазақ-түрік лицейі ашылады екен» деген әңгіме соңғы уақытта қыза түсті. Тіпті теледидардан көптілді сыныптарға оқушы жинау туралы хабарландыру да берілді. Мәселенің анық-қанығын білмек үшін облыстық білім беру
басқармасының басшысы Бақыт Бексейітоваға хабарласып едік, төмендегідей жауап алдық: - 2015-2016 оқу жылында «Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №26 мектепгимназиясы» КММ базасында облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған көптілді лицейінің екі сыныбын ашу жоспарлануда. (Жалғасы 5-бетте)
Поштаны экс-полицейлер тонапты "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен 60 миллион теңгені әкеткен экс-полицейлер болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews. kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесін тонады делінген
күдікпен тағы бір адам ұсталды. Осыған дейін 27-34 жас аралығындағы үш ер адамның қамауға алынғаны хабарланған болатын. Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен төртінші адамды ұстады. (Жалғасы 10-бетте)
Акция
Полиция көрмейтіні несі?!
А.МЕЙРАМОВА Халық қалаулыларының кезекті отырысына төрағалық еткен мәслихат хатшысы Болат Құспеков сессия жұмысын бастамас бұрын облыстық мәслихат депутаттары Р.Гайнулинге, Р.Свамбаевқа, С.Лепехинге Президент сайлауын өткізуге атсалысқандары үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын табыстады. Осыдан соң сөз тізгіні қала басшысы Александр Вербнякқа беріліп, ол есебін осыған дейінгі есеп беру жиынында тұрғындардан түскен ұсынысескертулердің орындалуынан бастады. Айта кетерлігі, былтырғы жыл қорытындысы
Құрметті көлік қызметкерлері және ардагерлері!
бойынша есептік жиында атқарушы билікке 34 ұсынысескерту жолданса, олардың 30-ы бүгінде шешімін тапқан көрінеді. - Қалған 4 мәселе де қазір орындалу үстінде,- деген әкім Московская және Беркімбаев көшелерінің жол қиылыстары кеңейтіліп жат-қанын, 207208 өткелдерден қалаға қатынайтын жолдар, сол сияқты, Солнечный кенті жолдары мен Шідерті стансасында шағын орталық ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатқанын баян етті. Бұдан әрі А.Вербняк қазіргі
таңда Екібастұз өңірі бойынша орташа жалақының мөлшері қандай, экономикалық дағдарысқа кәсіпорындарымыз төтеп бере ала ма, көмір өндіру компаниялары жоспарын неге орындай алмай жатыр, жылмажыл ҰБТ-де түлектері төмен ұпай алып келген мектеп басшыларына шара қолданыла ма деген мәселелерге егжейтегжейлі тоқталды. Әлбетте, жүктелген міндет аз емес. Олар жайында, құрметті оқырман, газетіміздің келер санынан оқи аласыздар. Сурет В.Фадеевтікі
28 шілде күні тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы тағамнан улану оқиғаларының алдын алу мақсатында «Абай болыңыз: жұмсақ балмұздақ!» акциясын өткізді. Акцияға қатысқан мобильдік топ рұқсат етілмеген орындарда 3 заңсыз балмұздақ нүктесін («Болашақ» базары, «Чародейка» сауда үйі, Горняктар көшесіндегі «АТФ банк» жанында) анықтады. Акция барысында кәсіпкерлер мен тұтынушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Санитарлық қағидаларға сәйкес, тағамдар, шырындар, көктейльдер мен жұмсақ балмұздақ қоғамдық
тамақтануға арналған стационарлық орындарда әзірленуі керек. Ал мұндай өнімдерді заңсыз саудалаушылар қара бастың қамымен тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруде», - дейді басқарманың бас маманы Рымжамал Жәкенова. Екібастұзда рұқсат етілмеген орындарда заңсыз сауда жасау – үйреншікті жайт. Әсіресе, «Айгерім», «Отырар», «Сарыарқа», «Пирамиса», «Шахтер», «Достық» сауда үйлері маңында және «Богатырская» аялдамасында буыншақ-түйіншегімен жайғасқан саудагер әжейлер көп. (Жалғасы 4-бетте)