Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№33 (1231)
www.otarka.kz
21 тамыз 2014 жыл
Отарқа-ақпарат
Межеленген міндеттер орындалуда Ж.СӘДУАҚАС Екібастұз қалалық мәслихатының ХХХІ сессиясында депутаттар қала әкімі А.Вербняктің осы жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмысының есебін тыңдады. Кеңейтілген сессияға мемлекеттік мекемелер бас-
шылары, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Қала басшысы баяндамасының мәтіні бұған дейін газет бетінде жарияланғандықтан, кейбір маңызды деректерге ғана тоқталып өтейік. (Жалғасы 3-бетте)
«Дөңгелекті сөздік» жолға шықты Кенже ҚУАТ Павлодар қаласының тілдерді дамыту басқармасы мен трамвай басқармасы бірігіп, қазақ тілін үйретудің жаңа әдісін тапқан сияқты. Қала көшелерінде жүрген трамвайлардың сыртына күнделікті өмірде көп қолданылатын сөздердің қазақша-орысша аудармасы жазылыпты. «Сәлем!», «Танысып қойыңыз!», «Қош келдіңіз!», «Бақытты болыңыз!», «Уақыт қанша?» деген сияқты сөздерді жұртқа жеткізуге асыққан трамвайлар қала
көшелерінде жүйткіп жүр. Жұрт бұл жобаны «дөңгелекті сөздік» атандырыпты. Күніне жүздеген, мыңдаған адамның трамвайға мінетінін ескерсек, жоба авторлары тапқырлық танытқан демеске шара жоқ. Осындай бастаманы бізде де қолға алып, қоғамдық көліктерді «қазақша сөйлетсе», артық етпес еді. Мемлекеттік тілге шорқақтар тілге жеңіл, есте оңай сақталатын сөз тіркестерін жадына тоқып, бәлкім, қазақ тілін үйренуге қызығушылығы оянар.
«Атыңнан айналайын, .» . . ы л а р а қ р а Қ
8-9 беттер
Сахнада - «Өмір» өнерпаздары 16 тамызда «Өмір» оңалту орталығы «Алақай» театр студиясының өнерпаздары Әлкей Марғұлан ауылына шығармашылық сапармен барды. Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ Айта кетерлігі, өнерпаздарды ауыл әкімі М.Қоқажанов ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның 110 жылдығына орай арнайы шақырған болатын. Қонақтар
мектеп жанындағы ғұлама ғалымға арналған мұражайды аралап, жәдігерлермен танысты. Осы күні өнерпаз балалар Н.Гернеттің «Полянка» пьесасының желісінде театрландырылған көрініс қойды.
1871 жылы Новосібір облысы Венгер ауданында мекендеген татарлар Ақкөл-Жайылмаға арнайы келіп, Исабек ишанмен кездесіп, сұхбаттасқан. Осы кездесуде Исабек ишан оларға өз кітабын тарту етіпті.
10-бет
Ж
Сахналық қойылымды ауыл тұрғындары жылы қабылдап, үйірме жетекшісі Любовь Ермаковаға ризашылығын жеткізді. Әлкей Марғұлан ауылына баруға автобус бөлген «Промсервис-Отан» ЖШС-нің директоры С.Дручининге «Өмір» оңалту орталығының алғысы шексіз. Суретте: «Өмір» оңалту орталығының өнерпаздары марғұландықтармен бірге
астыққа асырылған ақырет
11-бет