Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№37 (1235)
www.otarka.kz
18 қыркүйек 2014 жыл
Отарқа-ақпарат
«Сала көшбасшысы» атанды
Катодты мыс бағалы өнім
Қазақ жерінің асты-үсті толы байлық екені белгілі. Марғұлан ауылы аумағындағы Аяқ Қоджан жотасынан мыс кені табылып, өндіріс орны ашылғалы жатқандығы туралы былтыр жазған едік. Қарағандылық «Eurasia Copper Operating” фирмасы бір жылдан астам уақыт
ішінде жапан далада шағын зауыт салып, отандық өнеркәсіпке керек өнім шығаруды қолға алды. Атап айтқанда, мұнда жыл сайын 3 мың тонна катодты мыс шығарылатын болады. Мастер-технолог Ербол Рахымбековтің айт уынша, экстрация және электролиз
Білікті басшы К.Нығметжанова басшылық ететін қалалық перзентхананың облысымыздағы медициналық мекемелердің көш басында тұрғаны ақиқат. Ана мен бала денсаулығына қажетті заманауи қондырғылармен жабдықталып, майталман акушер-гинекологтардан жасақталған қалалық перзентхана ұжымының еңбегі қашанда орынды бағаланып келеді. 2009 жылы «Павлодар облысының үздік стационары» атанған перзентхананың ұжымы биыл облыс қана емес, республика бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп, «Сала көшбасшысы-2014» ұлттық сертификатына лайық деп танылды. Т.ӘБІЛДА
тәсілімен кеннен мыс алатын кәсіпорындар біздің елімізде Ақтөбе мен Балқашта ғана бар екен. Бұл балқыту арқылы мыс алу тәсілінен әлдеқайда арзан әрі құрамында мысы аз кенді ұқсатуға мүмкіндік береді. (Жалғасы 2-бетте)
«Алтын тұлпар» бәйгесі
Бабы келіскен Бақторы «Ат-ер қанаты» деп әспеттеген қазақ жүйрік жылқыны қадір тұтып, қасиетін дәріптеген. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ»,- деп Абай атамыз да жүйрік аттың белгілерін санамалап берген. Қазақ даласында әйгілі атбегілер де, даңқты тұлпарлар да жасаған. Қазақ үшін аламан бәйгеден аты озып келуден асқан абырой болмаған. Қысқасы, жүйрік ат ұстау, баптау, бәйгеге қосу - ұлттық құндылығымыз. Ж. Жәлелұлы 14 қыркүйек күні Астана маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өткізілді. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет
және спорт министрлігі, бас демеушісі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдастырған республикалық бәйгеге еліміздің барлық аймағынан кіл жүйріктер жиылды. Айтпақшы,бұл жолғы бәйге-
нің жөні бөлек болды. Өйткені аттар тым ұзақ қашықтық 43 километрге жіберілді. Әрі бәйгенің бәсі де ауыз толтырып айтарлық, бас жүлде – 10 миллион теңге. Жалпы, алдыңғы келген тоғыз атқа жүлде тағайындалды. Тағы бір айта кететін жай, бір айналымдық бәйге жолында жеті бекет белгіленіп, бақылаушылар мен даяшылар аттардың ереже бұзбауын қадағалап тұрды. Ипподромдағыдай емес, Құлагер заманындағыдай жазық далада көсіле шабу тұлпарлардың тынысын ашып, еркін сілтеуіне мүмкіндік туғызды. (Жалғасы 15-бетте)
Хабарлама 2014 жылдың 23 қыркүйегінде сағат 10.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 мекенжайында (кіші зал) V шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті XХХІІ сессиясы өтеді. Сессияның қарауына келесідей мәселелер енгізіледі: 1. Екібастұз қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджетін нақтылау туралы. 2. Өзге де мәселелер. Қалалық мәслихат хатшысы Б.Құспеков
Қалалық аурухананың бас дәрігері, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі М.Біләлов Отбасы күні мерекесі қарсаңында перзентхананың бас дәрігері К.Нығметжановаға ұлттық сертификатты салтанатты түрде табыстады. Ұлттық бизнес-рейтингтің ресми мәліметіне сәйкес еліміздің перзентханалары мен перинаталдық орталықтары арасында қалалық перзентхана рейтингтің бірінші тұғырына көтеріліп, «алтын» сертификатты жеңіп алды. Бұл – үздік сапа мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі. Марапаттау салтанаты одан әрі жалғасып, ұжымның бірнеше майталман маманы елеулі марапаттарға ие болды. Перзентхананың бас дәрігері Нығметжанова Күлнар Ғалымбекқызы еңбектегі жетістікте-
рі, отан алдындағы еңбегі, Қазақстанның халықаралық беделін арттырғаны үшін «Қазақстан экономикасының даңқ жұлдызы» орденімен марапатталды, босану бөлімшесінің меңгерушісі Любовь Васильевна Далакян және балалар жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі Наталья Генриховна Никкель еңбектегі жоғары жетістіктері және кәсіби шеберліктері үшін «Жыл маманы» сертификатына ие болды. 36 жыл бойы бір жерде табан аудармай еңбек етіп келе жатқан перзентхананың бас медбикесі Тамара Александровна Игнатова «Еңбегі мен жетістігі үшін» медалімен марапатталды. Перзентхана ұжымы әріптестеріне деген ықыластарын шоқ-шоқ гүлдерімен, ыстық қошаметтерімен білдірді. Суретте: Т.А.Игнатованы марапаттау сәті