N37 1287

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№37 (1287)

www.otarka.kz

17 қыркүйек 2015 жыл

отарқа-ақпарат Қалалық мәдениет

Алаяқтар алдап соқпасын десек...

және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Тіл тазалығы» акциясы жүргізілуде. Сейсенбі күні акция қаламыздағы халық ең көп жүретін орын - «Жібек жолы» базарының шыға берісіндегі «Уақ» сауда үйінің алдында өтті. Б. ЛАҚАДЫЛ

Тіліміз таза болсын деп...

Телефон шыр етті. «Алло» деген жауап естілген соң, арғы жағындағы дауыс «пәленше деген балаңыз қылмыс жасағаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді», - деп сыдырта жөнелді. Баласының бір бәлеге ұрынғанын естіген бергі жақтағы қарт ананы үрей билейді. «Не болды? Бұл қалай? Қашан?» Жауап орнына сәлден соң «Қазір осыншама ақшаны тез арада айтқан жерге алып келсеңіз, балаңызды құтқара аласыз» дегенді естиді... Перзенті үшін аянып қалмауға бекінгендер аталған мекенжайға тиісті соманы да өз қолдарымен апарып береді. Ал бұл кезде жоғарыдағы оқиғадан бейхабар ұл туысқанының үйінде қаннен-қаперсіз ұйықтап жатады... Жыл басынан бері Екібастұзда осы сценарийге құрылған

5 факті тіркелді. Алаяқтар көбіне жалғызілікті қарт адамдарды таңдап, оларға телефон шалып, өзін полиция қызметкері деп таныстырып, қарияны ойдан шығарған әрекеттердің орын алғанына иландырады. Ең қиыны, кей жандар жалған ақпаршының хабарын тексерместен, олардың қойған талаптарын уақыт өткізбей орындап, опық жеп жататыны. Алаяқтардың мұндай тұзағына көбіне баладай сенгіш қарттарымыз түседі. Екібастұз ҚІІБ қалалықтарды алаяқтардың әрекетінен сақтандыру мақсатында, жоғарыда айтылғандай жайт орын ала қалса, алдымен әңгіме өзегіне айналған туысыңызды іздестіріп, мән-жайды анықтап алу қажеттігін ескертеді. Өз тілшімізден

Поштаны өрт шалды Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ

Ө

Акцияға қатысқан студенттер жаяу жүргіншілерге орысшақазақша тілашар кітапшасын таратты. Кітапшада күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын ауызекі сөйлеу үлгілері, тұрмысқа қажетті сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. Есте сақтауға жеңіл әрі қазақ тілінің коммуникативтік актіге түсуінде жиі көрініс табатын сөздер мен сөз тіркестері қазақ тілін білуге мүдделі әрбір адамның тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттырады. Он екі данадан тұратын желілес кітапшада кәсіпке, денсаулық

пен саяхатқа, білім мен мәдениетке, тұрмыстық қызмет саласы мен спортқа қатысты сөздер мен сөз тіркестері, сондай-ақ, дастархан басында қолданылатын этнографиялық мазмұндағы тілдік бірліктер топтастырылған. – Біз халық ең көп жүретін жерлерде тұрып акцияны насихаттап, кітапшалар таратамыз. Мақсат: өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын туғызу. Сол арқылы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Қаламыздағы «Жайдарман» ойыншыла-

ры іс-шараның жүзеге асуына қолғабыс етуде. Бұлардан басқа студенттер, оқушылар, жұмыскерлер де тартылған. Акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, – дейді қалалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ұлан Құмарбеков. Бұл кітапшалар қазақ тілін үйренуге және қолдануға ыңғайлы. Өйткені ықшам, қолға ұстап жүруге қолайлы. Сонымен қатар, ішіндегі диск арқылы сөздерді орысша-қазақша екі тілде тыңдауға да болады. Суреттер В.Фадеевтікі

«Отарқа» газетіне 2016 жылға редакция арқылы жазылу бағасы Тұрғындар үшін

1 айға 118 теңге

3 айға 354 теңге

6 айға 708 теңге

12 айға 1416 теңге

Кәсіпорындар үшін

228 теңге

684 теңге

1368 теңге

2736 теңге

Зейнеткерлер үшін

102 теңге

306 теңге

612 теңге

1224 теңге

ткен аптада қаламыздағы «Қазпошта» АҚ-ның Шешембеков көшесі,15-үйде орналасқан №2 бөлімшесінде өрт оқиғасы орын алды. Екібастұз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы «Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ инженері Азамат Әлімовтің айтуынша, өрт оқиғасы жайлы хабар түнгі сағат 13 қыркүйекте 21.03-те түскен. -Шешембеков көшесі, 15-үйдегі дабыл іске қосылды. Оқиға орнына шұғыл жеткен №14 маман д ан дырыл ғ ан өрт бөлімі мен №32 өрт бөлімінің 9 маманы аз уақыттың ішінде өртті ауыздықтады. Аталмыш бөлімше ғимаратында қызмет көрсетуге арналған кассалық тораптағы

ағаш конструкция жанып, бес шаршы метр аумақты өрт шалды. Конструкция ағаштан жасалғандықтан сәл кешіккенімізде өртті ауыздықтау қиынға түсер еді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр,-дейді инженер. Естеріңізге салсақ, №2 бөлімше елімізге мамыр айындағы атышулы ірі көлемде қаржы тонау оқиғасымен жақсы танылды. Осы ғимаратқа кірген қарақшылар күзетшіні қаружарақпен қорқытып, 69 млн 900 мың теңгені қолды қылған еді.

Хабарландыру 2015 жылдың 15 қыркүйегі - 15 қазаны аралығында Павлодар облысында дәстүрлі түрде «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы өткізіледі. Қоғамда қамқорлыққа және өзіне деген үлкен назарға аса мұқтаж азаматтар бар, олар - соғысқа қатысушылар, мүгедектер, аз қамтамасыз етілген азаматтар, жалғызбасты зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мумкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың және ұйымдардың басшыларын қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. Ұйымдастыру комитеті


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.