Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№38 (1236)
www.otarka.kz
25 қыркүйек 2014 жыл
Отарқа-ақпарат Құрметті екібастұздықтар, соғыс және еңбек ардагерлері!
Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер үлкен өмір кештіңіздер. Бүгінгі күні біз мақтан тұтатынның барлығын сіздер жасап, сақтадыңыздар. Соғыс жылдарының барлық қиындықтарын бастан өткеріп, адал еңбек еттіңіздер, біздің қаламызды құрып, елімізді көркейттіңіздер. Жастардың бастамаларымен бірге үлкендердің даналықтары қажет болған кезде сіздердің білімдеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз қазіргі жағдайда өте маңызды екені сөзсіз. Сіздер өскелең ұрпаққа адал көмекші әрі тірек болып, адамгершілік құндылықтар мен дәстүрді сақтаушысыздар. Қаламыздың қоғамдық және мәдени шараларына белсенді қатысып жүрсіздер. Ерен еңбектеріңіз және Екібастұздың дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Көңіл-күйлеріңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіздер! Сіздерге мықты денсаулық, рухани сергектік, өмірге деген өшпес қызығушылық, жақын адамдардың жылуы мен махаббатын тілеймін! Екібастұз қаласының әкімі А.Вербняк
Еліне ескерткіш болып қайта оралды Биылғы жылы жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойына қатысты шаруалар сонау наурыз айынан бастап қолға алынғанын, бұл жөнінде нендей істер атқарылғанын білесіздер. Кезінде жазушының сүйегін Мәскеуден елге алып келіп қайта жерлесек деген тілекпен сенатор Жабал Ерғалиевтың атына хат жазылып, сосын депутат осындай сауалмен үкіметке шыққаны да хабарланған. Бірақ өкінішке орай, Жүсіпбектің бауырластар зиратына жерленуіне байланысты, сүйегін елге әкелудің реті болмады. Осыдан кейін, тым болмаса Мәскеудегі зиратына барып, дұға оқып, елден бір уыс топырақ апарып салып келейік деген тілек айтқанбыз. Бір қуанарлығы,
аймақ басшысы Қанат Бозымбаев бұл ұсынысты барынша қолдап, қаржылай көмек көрсете білді. Сөйтіп, арнайы делегацияның Ресей астанасына барып келгенінен де ел-жұрт хабардар. Міне, осы атқарылған орайлы шаруалардың нәтижесіндей, үстіміздегі айдың 19-ыншы жұлдызы күні Павлодарда, жазушының өзінің атындағы музыкалық-драма театрының жанында Аймауытовтың биіктігі 8 метрге жуық үлкен ескерткіші бой көтерді. Мыстан құйылған келісті мүсіннің авторы - астаналық шебер Ермек Тоқтаров екен. (Жалғасы 6-бетте)
«Тілдер достығыхалықтар достығы» Осындай тақырыпта 24 қыркүйек күні «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 25 жылдығына және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты шара өткізілді. Мерекелік шараға кәсіпорындар мен мекемелердегі тіл жанашырлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты. Ж.Бұланбай Жиналған қауымды Екібастұз қаласы әкімінің атынан қала әкімінің орынбасары Айгүл Марданова құттықтап, біздің өңірде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолында атқарылып жатқан игі ісшаралар жайында баяндады. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Елімізді қоныстанған өзге де ұлттар мен ұлыстардың тілдерін дамыту қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты баянды етудің кепілі. Айгүл Хамзақызы осы бағытта жүзеге асырылған жан-жақты жұмысты да санамалап берді. Осыдан кейін мемлекеттік тіл саяса-
тын қолдап, қоғамда өрістеуіне белсенді атсалысқан бірқатар тіл жанашырлары марапатталды. Атап айтқанда Халел қажы Хамметовке «Тіл зиялысы», Жеңіс Мейірманға «Тіл м а й т а л м а н ы», Амангелді Сүлейменовке «Тіл бірлігі», Жассерік Сәдуақасов, Жұмағали Қоғабаев, Күланда Сүйрікбаеваға «Тіл жанашыры» аталымындағы дипломдар тапсырылды. Атқарушы биліктің ұйытқы болуымен бүгінгі таңда кәсіпорындар мен мекемелер арасында да мемлекеттік тілді дамытуда алға жылжу бар.
Мерекелік шарада «Богатырь Көмір» ЖШС-не «Мемлекеттік тілді насихаттаушы үздік кәсіпорын», «KEGOC» АҚ Солтүстік жүйеаралық электр тораптары филиалына «Ең үздік этно-мәдени тіл орталығы», «Горэлектросеть» АҚна «Тіл білгірлері», Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың аймақтық кәсіпорнының іс жүргізушісі Г.Ивановаға «Үздік іс жүргізуші», Екібастұз орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Д. Кицульге «Тіл шебері» және «Братство», «Полония», «Возрождение», «Світанок», «Әзірбайжан» этно-мәдени орталықтарына «Туған тілдің сақтаушысы» дипломдары берілді. Мерекелік шарада айтыскер ақын Алмагүл Жүгінісова арнау айтып, бастауыш сынып оқушылары ана тілі қасиетін дәріптейтін тақпақтар оқып, этно-мәдени орталықтар өнерпаздары өз тілдерінде ән шырқап, би биледі.
Еңбек, еңбек бәрін жеңбек Елбасының Жарлығымен елімізде жалпыға ортақ Еңбек күні мерекесі дүниеге келді. Жалпыға ортақ деп отырғанымыз, еңбектенбейтін адам жоқ. Ендеше бұл мереке кәсібімізге қарамастан баршамызды біріктіреді, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру жолына жұмылдырады. 23 қыркүйек күні «Қайнар» ББК-де сөз болып отырған мерекеге арналған форум өткізілді. Форумға әр түрлі салада жемісті еңбегімен ел назарына іліккен адамдар шақырылды. Олардың арасында бір кәсіпті атадан балаға мирас еткен әйгілі еңбек әулеттері де жетерлік. Форумға қатысушыларды Екібастұз қаласы әкімінің атынан әкімнің орынбасары М. Үсенов құттықтап, биыл тұңғыш рет аталып отырған Еңбек күнінің мәні мен маңызын айтып өтті. Осыдан кейін «Богатырь Көмір» ЖШС-і кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайролла Хамитұлы сөз сөйлеп, қала құраушы ірі кәсіпорында еңбек адамдарына жасалып отырған қамқорлықты тілге тиек етті. Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы «Шығыс» кеніші еңбеккері Ринат Әміреновтің сөзі қауымды елең еткізді.
Олай болатын жөні бар, үлкен отбасы отағасының екі ұлы, екі қызы, тіпті күйеу балалары осы кеніште жұмыс істеп, ырыздығын айырып жүр екен. Ал мұндай табысты кеніште еңбек еткен адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ешкімнен кем болмасы түсінікті. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясының діттегені де осы емес пе! Форумда сөз алған «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 станциясы» ЖШС-нің жас маманы Сәбит Кудинов, №26 гимназия-мектебінің мұғалімі Сандуғаш Муслимова және тағы басқалары еңбектің адамды шыңдайтынын, жетістіктерге жетелейтінін айтты. Осыдан кейін өңірімізге, тіпті аймағымызға танымал еңбек әулеттеріне құрмет көрсетіліп, «Танылым» сертификаттары табыс етілді. (Жалғасы 4-бетте)
Жексенбіде су беру тоқтатылады
Жылу беру маусымына әзірлік жұмыстары аясында ауызсу құбырларына жоспарлы жөндеу жүргізілуіне байланысты 28 қыркүйекте сағат таңғы 6.00-ден 22.00-ге дейін қалада су беру тоқтатылады. «Горводоканал» ҚМК әкімшілігі тұрғындарға уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрайды. Өз тілшімізден