N389 1288

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№38 (1288)

www.otarka.kz

Құрметті екібастұздықтар!

24 қыркүйек 2015 жыл

отарқа-ақпарат

Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Құрбан айт адамдардың жүрегін жылы сезімдерге толтырып, шаңырақтарға мейірім, достық, өзара жәрдемдесу, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлық көрсету және мұқтаждарға рақымдылық жасау сияқты өмірлік құндылықтарды насихаттайды. Осындай қасиетті мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, елімізге бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім, ертеңгі күнге тыныштық пен сенімділік тілейміз! Сіздердің барлық ізгі ниеттеріңіз қабыл болып, Екібастұздың әр шаңырағына қонақжайлылық пен жомарттық орнасын! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б.Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы

Ар-Рахман

мешіті ашылды

Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймыз! Осы күн - жасампаз еңбектің белгісі, көп жылғы әулет дәстүрлерінің нығаюы, біздің мемлекетіміздің әл-ауқатының негізі болып табылады. Әр отбасының амандығы бейбітшіліктің кепілі. Сіздердің жұмыстағы толағай жетістіктеріңіз әр үйге бақыт, дәулет, өзара түсінушілік, бейбіт пен келісім әкелсін! Сіздерге және жақын туыстарыңызға денсаулық тілейміз! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б.Құспеков, Қалалық мәслихат хатшысы

Жолақы - тегін

2015 жылдың 1 қазаны - Қарттар күніне орай қалалық қоғамдық көліктерде зейнеткерлік куәлігін көрсеткен зейнеткерлерге жолақы тегін. Л.Яценко, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ басшысының міндетін атқарушы

Күмбезі күн нұрымен арайланған, Сүйсініп ғажайыпқа қарайды маң. Құтты болсын, жамағат, жаңа мешіт, Кем болмас Құран сөзін тоқыған жан... 19 қыркүйек күні Ақкөл ауылдық округінің Зеленая роща ауылына жан-жақтан құйылған халық бір-бірін осылайша құттықтап, көк күмбезді ақ мешіттің көркемдігін айтып, қуаныштарын бөлісті. Ел ішінде имандылық орныққалы әр ауыл Аллаға құлшылық ететін

ғибадат үйін салуға кіріскені де құптарлық жайт. Осыдан төртбес жыл бұрын Зеленая роща ауылының Жақия Жылгелдин бастаған қарттары мұрындық болып, жастары қоштап мешіттің іргетасы құйылып, қабырғасы көтерілген еді. Алайда қаражат тапшылығы-

на тап болғандықтан құрылыс тоқтап қалған. Әйтсе де, арамызда қайырымды адамдар бар емес пе?! Зеленая роща ауылы тұрғындары атынан сол жердің тумасы Дүйсенбек молла өтінген соң, Екібастұз қаласындағы «Тұрсын ЕК» кәсіпорнының қожайыны Орынбасар Алеев мешіт құрылысын аяқтап беруді мойнына алған болатын. Енді, міне, іші-сырты жайнаған мешіт пайдалануға берілді. (Жалғасы 3-бетте) Сурет В.Фадеевтікі

«Отарқаға» жазылғаныңыз – ана тілімізге қолдау танытқаныңыз!

«Отарқаға» жазылайық, ағайын! 2016 жылға редакция арқылы жазылу бағасы Тұрғындар үшін

1 айға 118 теңге

3 айға 354 теңге

6 айға 708 теңге

12 айға 1416 теңге

Кәсіпорындар үшін

228 теңге

684 теңге

1368 теңге

2736 теңге

Зейнеткерлер үшін

102 теңге

306 теңге

612 теңге

1224 теңге

Газетіміздің тұрақты оқырманы - №18 қазақ мектебінің кітапханашысы Әмина Хамзина


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.