N4 1306

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№4 (1306)

www.otarka.kz

2016 жылғы 27 қаңтар

ұсыныс

билік есеп беруде

Жаңа әкім сайланбақ

Марапатқа лайық полицей

Бейсенбі күні қала әкімі А.Вербняктің есеп беру жиналысы Құдайкөл ауылдық округінде жалғасын тапты. Оған сала басшылары қатысты. Тұрғындар да өздерін толғандырған сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды. Жиын барысында есеп берген Құдайкөл ауылдық округінің бас маманы Наурызбек Қадыров өткен жылы атқарылған шаруаларға тоқталды. Соның ішінде «Екібастұз-Павлодар» бағытындағы тас жолдан Құдайкөл ауылына бұрылатын жол ағымдағы жөндеуден өткені айтылды. Бұл мақсатқа «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында 245 мың теңге қаржы бөлінген. Алайда ауыл тұрғыны Төңкерхан ақсақал жол сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Десе де, биыл да қазына қаржысы жолдың тек ағымдағы жөндеуден өтуіне бөлінумен шектеледі. Сондықтан да әзірге құдайкөлдіктер

осы жолды қанағат тұтқаны жөн. Құдайкөлде ауызсу мәселесі де шешімін таппай келеді. Ауылдағы 686 тұрғын ауызсуды Ақсу ауданына қарасты Қалқаман кентінен тасып ішуге мәжбүр. Аптап жазды былай қойғанда, ақ қар, көк мұзда ауызсуды тасып ішу халықты мезі еткенге ұқсайды. Бұл орайда Александр Федорович Құдайкөлде ауызсу құрылғысын орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтты. Болашақта ауызсу Қ.Сәтбаев атындағы каналдан тартылатын болады. (Жалғасы 4-бетте)

Құрметті екібастұздықтар!

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ағымдағы жылдың 25 ақпанынан бастап мемлекеттік тілді оқытудың тегін жексенбілік курсын ұйымдастырады. Тіл үйренемін деушілердің мына телефон арқылы қурсқа жазылуларына болады: 741301. Оқыту мерзімі, уақыты және кестесі қосымша хабарланады.

Оқырман қауымның есінде болса, біз газетіміздің өткен санында екібастұздық полиция қызметкерінің өз-өзіне қол салмақ болған бойжеткеннің өміріне араша түсіп, өлім аузынан құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Бұл оқиға 17 қаңтарда орын алды. Дария ЕРҒАЗИНА Осы күні Құтқару қызметіне қоңырау шалған бейтаныс адам Энтузиастар көшесіндегі көпқабатты үйдің 4-қабатында тұрған бойжеткеннің әрекеті күдік тудырғанын айтады. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшысы, капитан Аман Әубәкіров 4-қабатқа көтеріліп, ортақ балкон арқылы пәтерге кіреді. Ол балконда отырған

оқиға

Вагондар аударылды

24 қаңтар күні кешкісін Ерейментау және Екібастұз станциялары аралығындағы шойын жолда №2002 жүк пойызының бес бос вагоны аударылды. Сонымен қатар, темір жол бойындағы электр бағандары бүлінді. Адамдар дін аман. 25 қаңтарда «Ақмола облысында жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты тоқтатылған пойыз қозғалысы қалпына келтірілді», - деп хабарлады облыстық ТЖ департаменті. Департаменттің хабарлауынша, шойын жолды қалпына келтіру жұмыстары сол түнгі сағат 02.20-да толық аяқталған. Апат салдарынан Астана-Екібастұз бағытында бөгеліп қалған пойыздар қазір кестеге сәйкес жүріп жатыр. Өз тілшімізден.

Өз «биігін» бағындыра алмады

Өткен аптада қаламыздағы көпқабатты үйлердің бірінде тұратын ер адам өзінің 4-қабаттағы пәтеріне балкондар арқылы кірмек болған. Балкон терезесінің жақтауынан

азаматшаға ақырындап жақындап, оны ішке кіргізеді. Кейін «Жедел жәрдемді» шақыртып, қызға медициналық көмек көрсетіледі. Облыстық ІІД-нің өкілдері Аман Әубәкіровтің бұл ерлігі ынталандыру мен марапатқа лайық екенін алға тартуда. «Екібастұз қалалық ІІБ Павлодар облыстық ІІД басшысының атына полиция капитаны Аман Әубәкіровті ынталандыру жөнінде хат жолдады»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

отарқа - ақпарат ұстанған күйі үшінші қабатта «ілініп» қалған оның «қадамы» құтқарушыларсыз алға баспайтын болды. Сөйтіп, құтқару жасағының жігіттері сақтандыру құрылғыларын қолдана отырып жігітке альпинистік жүйені кигізіп, жерге түсіріп алды. Екібастұз қаласы ТЖ басқармасы құ тқарушыларынан білгеніміз, осылайша, биікке шығам деп тырмысқан екібастұздық «альпинист» полиция қызметкерінің жанынан бір-ақ шыққан. Ж.БАЙМЫРЗА

Машина отқа оранды

21 қаңтар күні Абай-Киевская көшелерінің қиылысында келе жатқан «Volkswagen Golf» автокөлігі отқа оранды. Өрт сол күні 22.00-дер шамасында орын алды. Хабар түскен бойда жеткен өрт сөндірушілер 20 минуттың ішінде жалынды ауыздықтады. Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Азамат Алимовтың айтуынша, машина салоны қысқа тұйықталу салдарынан өртенген. Рөлдегі жас жігіт өрт тұншықтырғышпен сөндіруге әрекет жасаған. Бірақ ол көпке жетпей таусылады. «Машина толық отқа оранды. Қайта қалпына келтіруге жарамсыз. Зардап шеккендер жоқ»,-дейді А.Алимов. Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ

Жасыл түсті су ақса... 25 қаңтар – 4 ақпан аралығында Екібастұз жылу желілерінің құбырлары арқылы жасыл түсті бояғыш жіберіледі. Бояғыштың адам өміріне қаупі жоқ. Бұл шара «Екібастұз жылу желілері» ӨК герметикалық желілерінің төзімділігін анық-

тау мақсатында жүргізілуде. «ЕЖЖ» ӨК баспасөз хабарламасында айтылғандай, «крандардан (колонкалардан) боялған судың ағуы онда техникалық және тағамға қолдануға тыйым салынған судың пайда болуын білдіреді».

Тұтынушыға кеңес береді Ж.ҚАДЫРОВА Кез келген адам – тұтынушы. Нарықтық жағдай күн сайын құбылған алмағайып заманда тұтынушы атаулыға заңгерлік сауаттылық аса қажет. Алған тауарыңыздың сапасы

Келесі нөмірден

қанағаттандырмаса, не істемек керек? Мұндай сауалдарға жауапты, әрине, тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасынан іздейсіз. Кеңсе атаулының есігін қағудан, кезекке тұрудан басын ала қашатындар бар. Бұл орайда көптеген мекемелерде қазір

оқитындарыңыз: Қамбар батырды «ішкіш», «шылымқор» еткен кімдер?

«ЕЖЖ» ӨК қала тұрғындарынан суық және ыстық су крандарынан және колонкалардан бояулы су байқалған жағдайда дереу «ЕЖЖ» ӨК диспетчерлік қызметіне немесе 75-08-04 (тәулік бойы), 75-07-79 (жұмыс күндері 8-ден 17 сағатқа дейін) телефондары арқылы хабарлауды сұрайды. Өз тілшімізден. билік пен бұқараның арасындағы көпір сияқты «Ашық есік күні» ұйымдастырылады. Бұл күн қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында бейсенбі күндеріне орайластырылған. Қабылдау уақыты – сағат 9.00-18.30 аралығы (сағ. 13.00 – 14.30-да – түскі үзіліс). Тұтынушы ретінде кеңестік-құқықтық көмек алғыңыз келсе, басқарманың 77-49-74 телефонына да хабарласуға болады.

ҚҰЛАҚТАНДЫРУ 2016 жылдың 2 ақпанында сағат 10.00-де Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45 мекенжайында (кіші зал) V шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті XLVІІ сессиясы өтеді. Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі: 1) Екібастұз қаласы қоғамдық кеңесі туралы. 2) Басқа да мәселелер. Б.Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.