N40 1238

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№40 (1238)

www.otarka.kz

9 қазан 2014 жыл

Отарқа-ақпарат

11 қазан Жалпықалалық сенбілік Г.МЕДЕУБАЙТЕГІ Сарыала күзде тал-теректің жапырағы жерге түсіп, шөп қурайды. Сөйтіп, көшелер мен аулалар ыбырсып кетеді. Әдеттегі тазалықты қалпына келтіру үшін көпшіліктің көмегі керек мұндайда. Осы орайда қала әкімдігінде өткізілген кезекті отырыста қала басшысы алдағы қалалық сенбілік жайын қозғады. Қазан айының он бірі күні күзгі санитарлық тазалау жұмыстарын атқару мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Жылдағыдай шағын және орта бизнес өкілдері, әрбір кәсіпорын өздеріне бөлінген аумақты жинап, қоқыс шығарып, тазалық жұмыстарына атсалысады.

Биыл көріктендірілуі тиіс аймақтардың кейбіріне аздаған өзгерістер енгізілген. Мәселен, ГРЭС-1-ге өзі қамқорлығына алған Московская көшесінің Королев көшесінен Энергетикерге дейінгі аумағы қоса берілген. Ауа райын болжау станциялары сенбі-жексенбі, яғни, 11-12 қазан күндері жаңбырлы болады деген болжам жасағандықтан, қала әкімі тазалық шараларына 6 қазаннан бастап кірісуді тапсырды. Тазалық жұмыстары кезінде жиналған қоқысты полигон апта бойы тегін қабылдайды. Сенбілікке 700 ұйым мен кәсіпорын, 14 мыңдай адам, 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылады.

Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары! Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары!

Қаланы абаттандыру аясында «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалы, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі, Көмір өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының аумақтың кеңесі қаланың барлық тұрғындарын, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары, сауда құрылымдары басшылары мен ұжымдарын 11 қазан күні өтетін жалпықалалық сенбілікке атсалысуға шақырады. Қалны көріктендіру ісінен қалыс қалмай, өз үлестеріңізді қосыңыздар! «Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалы, «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі, Көмір өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының аумақтың кеңесі

Баспасөзге жазылушылар ынталандырылды Г.ҚУАТ 8 қараша күні «Қазпошта» АҚ-ы қалалық пошта байланысы торабы пошта және мерзімдік баспасөзге жазылушылар күніне арнап мерекелік шара өткізді. Қалалық байланыс торабы басшысы Самат Казимов пошташылар мен баспасөзге жазылушыларды құттықтап, дастарханға шақырды. Газетжурналдан көп жыл бойы қол үзбей келе жатқан аға буын өкілдері басылымды күн өткізбей қолдарына тигізетін пошташыларға ризалығын жеткізді. Ардагер ұстаз Жеңіс Шанаққызы торап басшысына бөлімшелердің жұпыны күйіне көңіл аударуды ұсынып, байланыс торабы бөлімшелерінде қазақ тіліне көбірек көңіл бөлу

қажеттігін айтты. Пошта байланысы торабы бұл күні өздерімен тығыз қарым-қатынастағы орталық кітапхана өкілін шақырып, сыйлықтарын табыс етті. Көп жылдан бері «Қазпошта» қызметін пайдаланып, мерзімдік баспасөзге үзбей жазылып жүрген абоненттердің арасында ойын ойнатылып, оларға да сыйлық таратылды. Ойынға қатысу үшін адамның қолында мерзімдік баспасөзге жазылғандығын көрсететін түбіртек болуы шарт. Ойынға қатысқан Л.И.Ямашкина 1999 жылы жазылған түбіртекті сақтап келген екен. Бұдан соң шараға жиналған жұртшылық арасында лотерея ойыны ойнатылды.

Облыс намысын қорғайды 1 қазан күні Павлодар қаласындағы №2 мектепте республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурсқа Павлодар облысының жалпы білім беретін мектептерінен 37 психолог қатысты. Мақсаты – психологтардың кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби шығармашылық ізденісті, шығармашылық әлеуетті ынталанды-

ру. Конкурс қатысушылары авторлық бағдарламаларының тұсаукесерін ұсынды, «Менің кәсіби шығармашылығым» атты тақырыпта эссе жазды. Конкурс қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №25 қазақ қыздар гимназия-мектебінің психологы Гүлназия Мақатқызы Ақшолақова марапатталды. Гүлназия Мақатқызын

құттықтаймыз! Еңбегіңізге шығармашылық табыс тілейміз. Облыстық конкурстың жеңімпазы Гүлназия Мақатқызы қараша айында Павлодар қаласында өтетін республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсында облыстың намысын қорғайтын болады. Гүлназ Абданбекова, №25 қазақ қыздар гимназия-мектебі

ҮМІТ – ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ

Таяуда Павлодар облыстық білім беру басқармасына қарасты Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы ұстаздардың оң беделін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне ықпал ету мақсатында «Жыл тәрбиешісі – 2014» облыстық конкурсын өткізді. Ж.Мырзақұл «Кәсіби құжаттама», «Педагогикалық шеберлік» атты екі кезеңнен тұрған конкурсқа тәрбиешілер құжаттамаларын ұсынып, тәрбиешілік шеберліктері жағынан сынға түсті. Шығармашылық жобаларын

қорғап, бейтаныс балабақша балаларына сабақ жүргізген 12 үміткердің ішінде екібастұздық тәрбиешінің мерейі үстем болды: №23 «Балауса» мектепке дейінгі гимназия-балабақшасының тәрбиешісі Үміт Абди-

нова өзгелерден озық шықты. Ең жоғары ұпай жинаған Үміт Дәуітқызы 1-орынды олжалап, ноутбук пен фотоаппаратқа қол жеткізді. 2-орын Ақсу қаласындағы №19 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Светлана Рахметоваға бұйырды, ал 3-орынды Баянауыл ауданы М.Көпеев атындағы жалпы орта білім беру мектебі жанындағы «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі Қымбат Мұхамеджарова қанағат тұтты. Жарайсың, «Балаусаның» Үміті!

«Отарқа» газетіне 2015 жылға жазылу басталды РЕДАКЦИЯ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУ Жазылу мерзімі

Жеке адамдар

Заңды тұлғалар

Зейнеткерлер

6 айға

708 теңге

1368

612

1 жылға

1416

2736

1224

ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУ қала

ауыл

қала

ауыл

қала

ауыл

6 айға

1050

1128

1710

1788

954

1032

1 жылға

2100

2256

3420

3576

1908

2064


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.