N42 1292

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№42 (1292)

www.otarka.kz

22 қазан 2015 жыл

мәдени сала

Мерейтой

Көңілі қазақ қария

Қалалық мұражай бөлімшеге айналмақ

«Замандас» ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаламызға сыйлы азамат Анатолий Медведев 75 жасқа толды.

Екібастұз қалалық өлкетану мұражайы жаңа жылдан бастап Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының қарамағына берілмекші. Дария ЕРҒАЗИНА

тәжірибелі басшыға дейін өсті. Негізгі жұмысымен бірге жыл сайын сайлау учаскесіне төрағалық етіп жүрді. «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» демекші, осы күні мерейтой иесінің адами қасиеттері айтылып, саналы ғұмырында еліне адал қызмет еткен азаматқа қала басшысы қазақы дәстүрмен шапан жапты. Болат Қайыржанұлы қалалық мәслихаттың құрмет грамотасын табыстады.

Жерлестерінің ықыласына риза болған Анатолий Медведев: -Мен өмір бойы Қазақстанда тұрдым. Түсімде де қазақша сөйлеймін. Міне, қазақ ұлттық киіміндемін. Қалған ғұмырымда да қазақ болып қала беремін,деді ағынан жарылып. А.Медведевтің құрметіне арналған шараны танымал әнші А.Чусовитин, «Росиночка» ансамблі және т.б. өнерпаздар ән-бимен көркемдеді.

» а қ р а т «О ! а н ы с а әр отб

Сурет Е.Нүрпейісовтікі

БАСПАСӨЗ-2016

Анатолий Антонұлының мерейтойы «Қайнар» ББК-де аталып өтіп, қадірменді қарияны қала әкімі Александр Вербняк, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, облыстық мәслихат депутаттары Раис Гайнулин, Гүлнәр Досжанова, кезінде ардагермен қоян-қолтық қызмет істеп, тәлімін көрген әріптестері, оның азаматтық болмысын үлгі тұтатын қаланың қарапайым тұрғындары құттықтады. Қарағанды қаласының тумасы Анатолий Медведев Екібастұзға көшіп келген күннен бастап еңбекке бел шеше кіріседі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, «Иртышстрой» бірлестігінде, «Богатырь» кенішінде, ГРЭС-2 станциясында өз қолтаңбасын қалдырды, өзін кәсіби маман ретінде таныта білді. Қатардағы жұмыскерден

Сурет В.Фадеевтікі

Д.ЖҰМАДІЛ

2016 жылға жазылу бағасы Жазылу мерзімі 1 айға 3 айға 6 айға 12айға 1 айға 3 айға 6 айға 12 айға 1 айға 3 айға 6 айға в 12 айға

Редакция арқылы жазылу бағасы (теңге)

Поштамен жеткізу бағасы (теңге) Қала

Тұрғындар үшін

118 354 708 1416

172,40 517,20 1034,40 2068,80

Кәсіпорындар үшін 228 684 1368 2736

282,40 847,20 1694,40 3388,80

Зейнеткерлер үшін 102 306 612 1224

156,40 469,20 938,40 1876,80

Ауыл

185,13 555,39 1110,78 2221,56 295,13 885,39 1770,78 3541,56 169,13 507,39 1014,78 2029,56

Тарихқа бойласақ, жергілікті мұражайдың дербес жұмыс істегеніне 18 жыл ғана болыпты. Оған дейін жоғарыда атап өткен Г.Н.Потанин музейінің Екібастұздағы бөлімшесі ретінде жұмыс істеп келген. Қалалық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Нағима Смайылованың айтуынша, Павлодар облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан бюджеттік мекемелерге оңтайландыру жүргізіліп жатқандығы жөнінде хабарлама келген. Онда құжаттарды алдын ала әзірлеу қажеттігі ескертіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан аталмыш мекеме филиал ретінде жұмысын жалғастыруы ықтимал екендігі жазылған. - Сонымен бірге, штатта қысқарту жүргізілуі де мүмкін. Әзірге ешнәрсе белгісіз,-дейді Н.Смайылова. Мұражайда 29 мың құнды жәдігер сақтаулы. Соның ішінде тас, қола және темір дәуірінен сыр шертетін археологиялық қазбалар бар. Мұражайда он зал, үш бөлім жұмыс істейді.

Не дейді?

Өз қызынан бас тартқан Жақында қалалық білім бөлімінің қамқоршылық бөліміне А. атты әйел келіп, жасөспірім қызын тәрбиелеуден бас тартатынын жеткізіп, өзін ата-аналық құқығынан айыруды сұраған. Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ

Павлодар облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әлгі әйел осы мәселемен Екібастұздағы қамқоршылық бөліміне бірінші рет шағымданып отырған жоқ. «2012 жылдың мамыр айында сот шешімімен оны ата-аналық құқығынан айырды. Сол жолы қызының ата-анасын тыңдамайтыны, оқуға деген ынтасының төмендігі есепке алынды. Анасы ата-аналық құқығынан айырылған соң қызын жергілікті жердегі Балалар үйінде қалдыруды сұраған. Жасөспірім Балалар үйіне тапсырылғанымен, анасы байланысын үзбей, үнемі барып отырған. Қызының оқу үлгерімін, тәртібін назарда ұстады», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Балалар үйінде қызының түзеліп, сабаққа құлшынысы артқанын байқаған анасы қызын қайтадан өзіне қайтаруды ұйғарады. Сонымен, 2014 жылдың мамыр айында А.атты әйел сот шешімімен өзінің атааналық құқығын қалпына келтіреді. Әйтсе де үйіне келген соң қызы ескі әдетіне қайта басады. Сабақты босатып, апталап үйдің бетін көрмейтін болған. «Жазған құлда шаршау жоқ» демекші, анасы өзін ата-аналық құқығынан айыру жөнінде қайтадан сотқа шағымданады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жасөспірім қыз Балалар үйіне қайта жіберу туралы сот шешіміне ешқандай қарсылық білдірмеген. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

ХАБАРЛАМА

2015 жылдың 27 қазанында сағат 10.00-де қалалық орталық кітапханада Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде сайлаушылардың мәжілісі өтеді. Б. Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
N42 1292 by Zhaslan Dosumov - Issuu