N45 1295

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№45 (1295)

www.otarka.kz

12 қараша 2015 жыл

отарқа-ақпарат

«Аяладан» құнды тарту Сейсенбі, 10 қарашада кенді шаһарымыз үшін маңызды оқиға болды. «Аяла» қайырымдылық қоры мен Қазақстанның Халық банкі бірлесе біздегі қалалық перзентхананың жан сақтау бөліміне аса қажет, заманауи жабдықты сыйға тартты. Соңғы үлгідегі бұл аппарат салмағы жарты келі болып шала туған шақалақтардың өмірін сақтап қалу үшін перзентханаларға ауадай қажет. Суретте: Жабдықты сыйға тарту сәті. Сурет В.Фадеевтікі

А.МЕЙРАМОВА

БАСПАСӨЗ-2016

2007 жылдан бері «Өмір сыйлайық!» жобасын жүзеге асырып келе жатқан «Аяла» қайырымдылық қоры оның аясында бұған дейін еліміздің ірі қалаларындағы медициналық мекемелерге қол ұшын беріп келген екен. Бұл жолы таңдаудың шағын қала болып табылатын Екібастұзға түсуі кездейсоқ емес. Оған бірден-бір себепкер - қалалық перзентхананың бас дәрігері, облыстық мәслихат депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Гүлнәр Ғалымбекқызы Нығметжанова. - «Аяла» қоры жайлы өзге өңірлердегі әріптестерден көп естідім. Сәтін салып, Алматыға іссапармен барған кезімде қордың кеңсесін тауып, оның басшы-

сы Айдана Сүлейменоваға жолықтым. Оған ел экономикасында маңызға ие көмірлі қаламыз жайлы, перзентхана туралы әңгімелеп бердім. «Адамның бір қызығы бала деген», перзентханада салмағы өте төмен шала туған нәрестелерді аман алып қалуымызға дәрігерлеріміздің біліктілігімен бірге жаңа технологиялардың жемісі болып табылатын жабдықтардың болуы да сеп. Әлбетте, бізде мұндай жабдықтар бар, бірақ олардың дені жұмыс істегелі 10 жылдан асты. Технология қарқынды дамып жатқан мына заманда акушерлік және неонатология салаларында соңғы үлгідегі жабдықтарсыз нәрестелердің шетінеуіне тосқауыл қою мүмкін

емес. Абырой болғанда, қор басшысы өзі де медицина саласының маманы екен. Менің өтінішіме түсіністік танытты. Соның нәтижесінде, міне, көп ұзамай бізге реанимациялық үстел, ИВЛ аппараты, инфузиялық дозатор сияқты су жаңа жабдықтар жеткізілді. Жалпы құны 15 млн. теңгеден асады. Қор басшылығына айтар алғысымыз шексіз,-деген Гүлнәр Ғалымбекқызы осы оқиғаға орай ұйымдастырылған салтанатта аталмыш қайырымдылық қорының медициналық жобалар жетекшісі Берік Дәржановқа «Танылым» сертификаты мен естелік ретінде туған қаламыз жайлы кітапты табыстады. (Жалғасы 5-бетте)

2016 жылға жазылу бағасы Жазылу мерзімі 1 айға 3 айға 6 айға 12айға 1 айға 3 айға 6 айға 12 айға 1 айға 3 айға 6 айға в 12 айға

Редакция арқылы жазылу бағасы (теңге)

Поштамен жеткізу бағасы (теңге) Қала

Тұрғындар үшін

118 354 708 1416

172,40 517,20 1034,40 2068,80

Кәсіпорындар үшін 228 684 1368 2736

282,40 847,20 1694,40 3388,80

Зейнеткерлер үшін 102 306 612 1224

156,40 469,20 938,40 1876,80

Ауыл

185,13 555,39 1110,78 2221,56 295,13 885,39 1770,78 3541,56 169,13 507,39 1014,78 2029,56

Қайырымдылық пен ізгілік – өзгелердің игілігіне!

11 қарашада адамдарды мейірімділікке үндейтін дәстүрлі қайырымдылық марафоны басталды. Тарихқа бойласақ, біздің қалада игі шараның бастау алғанына да жиырма жылдан асыпты. Екібастұздықтар адамгершілік қасиетімен және қалыптасқан дәстүрді берік сақтап келе жатқандығымен өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде әлем халқы қиыншылық кезеңді бастан өткеруде, әйтсе де біздің көмегімізді қажет ететін жандар қасымызда жүр. Қай дәуірде болсын мұсылмандар да, христиандар да жығылғанға демеу болып, жылағанды жұбатқан. Қасіретке тап болғандардың қасынан табылған. Құрметті екібастұздықтар! 11 желтоқсан күні «Қайнар» ББК-де өтетін қайырымдылық марафонына қатысуларыңызды және өз ұжымдарыңызда ерікті түрде жарна жинауды ұйымдастыруларыңызды сұраймыз. Екібастұз қаласындағы «Қайырымдылық» қоғамдық қорының реквизиттері: БТА Банк (Қазкомбанк) БИН 020540016116 БИКABKZKZKX ИИК KZ 85319R010000429982 КБЕ 18 КНП 859 Ұйымдастыру комитеті

Бәрекелді!

Бір алтын, бір қола

Қазақ күресінің көкжиегін кеңейткен дәстүрлі «Жас барыс» республикалық турнирі 4-7 қараша күндері аралығында Орал қаласында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты жас палуандардың басын қосқан дүбірлі жарыста Павлодар облысы құрама командасы сапында өнер көрсеткен екібастұздық бозкілем шеберлері бұрынсоңды болмаған табысқа жетті. Атап айтқанда, белгілі жаттықтырушы Айтнияз Қоржынбаевтың шәкірті Нұрғанат Сатыбалды 20002001 жылдары туған балалар арасында 38 келі салмақта қарсыластарының бәрін ұтып, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал №3 БЖСМ жаттықтырушысы Сәрсенбай Болатовтың шәкірті Қобыланды Зайыргелдинов дәл осы топта

55 келі салмақта жүлделі үшінші орынға қол жеткізді. Сөз арасында айта кетейік, келешегінен мол үміт күттіретін Нұрғанат пен Қобыланды қазіргі уақытта Павлодар қаласында спорт интернат-мектебінде оқып, жаттығып жүр. Сонымен бірге, «Жас барыс» турнирінде №3 БЖСМ-нің тағы бір жас палуаны Ернұр Жаңбырбаев 1998-1999 жылдары туған бозбалалар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде төртінші орынға табан тіреді. Ж. Жәлелұлы Суретте: Қобыланды Зайыргелдинов жаттықтырушысы С.Болатовпен. Сурет В.Фадеевтікі

«Отарқа» газетіне жазылғаныңыз - ана тілімізге қолдау танытқаныңыз!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.