Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№47 (1245)
www.otarka.kz
27 қазан 2014 жыл
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Құрметті екібастұздықтар! Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық беделі мен көрегендік сындарлы саясаты арқасында тәуелсіздік жылдарында біздің еліміздің экономикасында түбегейлі өзгерістер жүргізілді, әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірде маңызды табыстарға қол жеткізілді. Біздің жерімізде бейбітшілік, достық және молшылық бола берсін! Осы мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық құт-береке, болашаққа деген сенім және Отанымыздың игілігі жолында бұдан әрі табысқа жете беріңіздер деп тілеймін! А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Ел экономикасының тұрақтылығын, Қазақстан халқының өмір сүру сапасының өсуін, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам негізінің қалануын, ұлтаралық келісімнің сақталуы мен нығаюын қазақстандықтар тұңғыш Президенттің еңбегімен байланыстыруда. Оның басшылығымен Қазақстан тәуелсіз демократиялық мемлекет құру жолында зор сеніммен алға басуда. Осындай тамаша мереке күні сіздерге және сіздердің туыстарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, көпұлтты тәуелсіз Қазақстанның бейбіт аспаны астында табысты еңбек және жаңа жетістіктер тілейміз. Екібастұз қаласы мәслихатының депутаттары
(Мерекелік материалдарды 8-9-беттерден оқи аласыздар)
Отарқа - ақпарат
Екібастұздық полицейлер ерледі Талдықорған қаласында өткен «Қазіргі заман қаһарманы» республикалық акциясы бейбіт күнде ерлік көрсеткен полиция қызметкерлерін жалпақ жұртқа танытуды мақсат етті. Р.МҰСАБАЙ Ол шараға еліміздің түкпіртүкпірінен қызмет барысында батылдығымен дараланған 24 полиция қызметкері арнайы шақырылды. Осындай құрметке ие болғандар арасында Екібастұз ішкі істер басқармасы жол-патруль полициясының рота полицейлері Әбдісабыр Зәкіров пен Қанат Байысов та бар. Осы тұста сәл шегініс жасауға тура келеді. Әбдісабыр Зәкіров пен Қанат Байысов осы күзде елу бір бала мінген автобус-ты жол-көлік апатынан аман алып қалған болатын. Тәртіп сақшыларының бұл ерлігі туралы кезінде біздің газетте жазылған еді. Басын қатерге тіге отыра, көрсеткен ерліктері үшін жерлестеріміз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, генераллейтенант К.Н.Қасымовтың қолынан осы жолы жоғары награда алды. Алғыс хатқа қоса, Мәскеуде арнайы жасалған
қолсағат пен «Қазіргі заман қаһарманы» деген ойма жазулы статуэтка табысталды. С а л т а н а т т ы қ а б ы л д ауд а н соң Әбдісабыр Зәкіров пен Қанат Байысов Талдықорған қаласындағы №14 гимназияда, Назарбаев интелектуалдық мек-тебінде, Жетісудағы Ілияс Жансүгіров атындағы Ұлттық университетінде болып, студент жастар, оқушылар және ішкі істер органдарының ардагерлерімен жүздесті. Бейбіт заманның батырларына жасалған құрмет Екібастұз қаласында жалғасын тапты. Қалалық ішкі істер басқармасының акт залына ержүрек тәртіп сақшыларының әріптестері, Кеңес Одағының батыры, интернационалистжауынгер Н.Кременыш атындағы мамандандырылған кадет мектебі оқушылары мен студенттер жиналды. Жиналған қауым Талдықорған қаласында өткен сол шарадан түсірілген бейнебаяннан үзіндіні тамашалады. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті кадр басқармасы бастығының орынбасары, полиция капитаны Асхат Нығманов Әбдісабыр мен Қанатқа ризашылық білдірді. Осындай антына адал полицейлер көп болса, қоғам да алаңсыз болмақ.
Арман-күміс жүлдегер Ж. Сәдуақас Жас күнінен жарыстарда мықтылығымен танылған Арман Махамбетов өзіне артылған сенімді ақтап жүр. Жиырма екі жасар палуан Шымкент қаласында ерлер арасында дзюдодан өткен ел чемпио-
натында 72 келі салмақта күміс медальді мойынына ілді. Д з ю до ның Олимпиа д а лық спорт түрі екені белгілі. Олай болса, Арманның бұл жолғы жетістігінің 2016 жылы Риоде-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында салмағы басым. Қазақстан
құрама командасы сапында өз салмағында №2 дзюдошы болып саналатын жерлесіміздің төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеге қатысуға мүмкіндігі мол және де сол мақсатқа жетуге тер төгу үстінде. Олай болса жас палуанға қамқорлықты күшейту жөн болар еді.