Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!
Абай
Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады
№48 (1246)
www.otarka.kz
4 желтоқсан 2014 жыл
Отарқа - ақпарат
«Шаңырақ» байқауының жүлдегері Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан халықтары Ассамблеясының қолдауымен этножурналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық байқауын ұйымдастырды. Б.ҚЫЗЫРХАН
«Ризашылық» - балалар игілігі үшін Қалалық «Үміт» балалар үйінде дәстүрлі «Ризашылық - балалар игілігі үшін» мерекесі атап өтілді. Жыл сайын өткізілетін бұл мереке ізгілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ Аталмыш шара «Үміт» балалар үйі тәрбиеленушілерінің өз өнерлерін көрсетуімен басталды. «Үміт сазы» домбыра ансамблі «Сары дала» күйін нақышына келтіре орындады. Сонымен қатар көрермендер «Періште» театрландырылған қойылымын тамашалады. Облыстық білім беру басқармасы басшысының орын-
басары Саян Мұқанов атаана қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқандығын жеткізді. Шара барысында «Үміт» балалар үйіне көп жылдан бері қамқорлық көрсетіп келе жатқан «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші шаңсорғыш, ал «Халық банк» АҚ бөлімшесі түрлі ойыншықтарды тарту етті. «Нар-Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ноутбук пен үтік сыйласа, «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС-і балалардың жаңажылдық костюмдер алуына қаржымен қарасты. Балалар өз кезегінде қолұшын берген демеушілерге өз қолдарымен жасаған туындыларын тарту етті. -«Үміт» ба ла лар үйінің тәрбиеленушілеріне көптеген
адамдар қамқорлық танытуда. Солардың ішінде «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші директоры Юрий Гончаров, кәсіпорын кәсіподағы комитетінің төрағасы Василий Давиденко, «Халық банк» АҚ бөлімшесінің директоры Айқын Қабулов, «Нар-Транс» ЖШС-і бас директоры Ризван Цинаев және «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС-інің бас директоры Анатолий Герасименкоға зор алғысымды білдіремін. Осы сый - сияпат тардың барлығы мұндағы балалардың игілігіне жұмсалатын болады. Тағы бір мәрте қамқорлық пен мейірімділікті сезінген әр баланың жүрегінде болашаққа деген үміт оты жанары анық, -дейді «Үміт» балалар үйінің директоры Нағима Әбдрахманова.
Баспасөзге жазылу
«Отарқа» газетіне 2015 жылға жазылу жүруде РЕДАКЦИЯ АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУ Жазылу мерзімі
Жеке адамдар
Заңды тұлғалар
Зейнеткерлер
6 айға
708 теңге
1368
612
1 жылға
1416
2736
1224
ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖАЗЫЛУ қала
ауыл
қала
ауыл
қала
ауыл
6 айға
1050
1128
1710
1788
954
1032
1 жылға
2100
2256
3420
3576
1908
2064
Байқау бес аталымда – Қазақстан қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту, Қазақстандық патриотизмді нығайту жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлі, ұлттық мәдени орталықтар қызметін түсіндіру, Қазақстан этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрін дамыту және мемлекеттік тілдің рөлін көтеруге бағытталған үздік мақалаларды және телерадиобағдарламаларды анықтау бойынша өткізілді. Екі кезеңнен тұратын байқауға еліміздің түпкіртүпкірінен 70-тен астам материал жолданып, оның 28-і екінші кезеңге жіберілді. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Сүлеймен Мәмет, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қайрат Сақ, белгілі ақындар Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы қатарлылардан құрам тапқан қазылар алқасы 27 қараша күні байқау қорытындысын шығарды. Марапаттау сәті Астана қаласындағы «ПекинПалас» қонақүйінде өтті. Осы байқауға қатысқан қалалық «Отарқа» газетінің жауапты хатшысы Дария Ертайқызы жүлделі 3-орынды иеленді. Жүлдең құтты болсын, Дария!
Жаңа ғимаратқа көшті Тұңғыш Президент күніне орай қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №6 кітапхана филиалы мен №4 балалар кітапханасының филиалы күрделі жөндеуден өткен ғимаратқа көшті. Солнечный кентінің әкімі Маржан Алшымбаева лента қию рәсіміне қатысты. Екі кітапхана ұжымы бірлесіп «Елін сүйген Елбасы» және «Ерен Елбасы - кемел көшбасшы» деген атпен кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында кітапхананың тарихы, тыныс-тіршілігі туралы слайдшоу көрсетілді. Кітапхананың заман талабына сай жабдықталғандығы да айтылды. №6 кітапхананың кітапханашысы А.Қ.Сүлейменова екі кітапхананың жаңа қонысқа көшуіне қолұшын берген мекеме басшыларына шынайы алғысын білдірді. Соңынан №4 балалар кітапханасының оқырмандары өз өнерлерін көрсетті. «Мақпал» мәдениет үйінің әншісі Кәрімжан Қуаныш әуелете ән салды. Ж.Бектасова, №6 кітапхананың бас кітапханашысы
Құлаққағыс! Үстіміздегі жылдың 10 желтоқсанында «Өнер» ҚМО-да «Сіздің ізгілігіңіз – өзгенің игілігіне» атты дәстүрлі қайырымдылық марафоны өтеді. Басталу уақыты – сағат 10.00-де. Ұйымдастыру комитеті