N5 1307

Page 1

Абай

Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос!

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№5 (1307)

www.otarka.kz

2016 жылғы 4 ақпан

партия тынысы

жүлде

Рышат Әміренов сайлауға түседі А.ЗАЙЫРГЕЛДІ Жерлесіміз, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінің жұмысшысы, «Қазақстанның Еңбек Ері Рышат Әміренов «Нұр Отан» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығы үшін сайлауға түспек 127 үміткердің бірі. Ол туралы партияның кезектен тыс ХҮІІ съезінде белгілі болды. - Съезде «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарлама қабылданып, саяси кеңестің жаңа құрамы бекітілді.

Облысымыздан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлер тізімінде Ү шақырылымда депутат болған Айгүл Нұркина, Мейрам Пішембаев бар. Және облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрманова, Ақсу ферроқорытпа зауытының техникалық директоры Александр Суслов тізімге енді,-деді съезге делегат болып барған «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалы төрағасының бірінші орынбасары Самат Рамазанов.

билік есеп беруде

Игілік жалғасын табады А.МЕЙРАМОВА 29 қаңтарда «Өнер» ҚМОнда өткен қорытынды есептік кездесуде жұртшылық Екібастұз қаласы әкімі Александр Вербняктің өңірдің әлеуметтікэкономикалық даму көрсеткіштері жайлы қорытынды есебін тыңдады. Сала-сала бойынша жоспарлы міндеттердің орындалу барысын баяндаған әкім инвестиция құю, құрылыс салу, ауылшаруашылығы өнімдерін

өндіруде 2014 жылға қарағанда өсім біршама екендігін айтты. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, коммуналдық салаларда оңтайлы іске асқан жобалар баршылық. Мәселен, 2015 жылы Қазақстанның 5 қаласы мен ауданы «Балаға мейірімді қала» атты мәртебеге ие болса, Екібастұз сол бестіктің қатарына енді. Оған екібастұздық ұстаздардың қосқан үлесі көп. (Жалғасы 4-бетте)

өзекті

Өлшеуіші жоқтар үнемнен қағылады А.ҚАСЫМЖАН Қала әкімі Александр Вербняктің екібастұздықтар алдындағы қорытынды есеп беруіне облыс басшылығы тарапынан Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов қатысты. Кездесудің бас-аяғын түгел бақылап, қалалықтардың әкімдік жұмысы жайлы пікірін тыңдаған ол жиын соңында жылу қуатын тұтынушылар үшін маңызды шаруаның жайын баян етті. - Күні кеше жылу өлшеуіштерді орнату мәселесі бойынша отырыс өткіздім. Әлбетте, бұл тек Екібастұзға қатысты проблема емес, Павлодар мен Ақсу қалалары үшін де ортақ мәселе. Өкінішке қарай, біз өлшеуіштерді орнатудың үкімет белгілеген кестесін бұздық. Биылға Екібастұздың өзінде 1000-нан аса өлшеуіш орнатылуы тиіс. Қалаларыңыздағы 86 көпқабатты тұрғын үйде атал-

мыш құралдарды орнатуға мүлде келмейді екен. Осы шаруаны да кешіктірмей шешкен абзал. Биыл жылуды пайдаланудың жаңа нормалары енгізіледі деп күтілуде. Егер олар заңдық күшіне енсе, өлшеуіштері жоқ тұтынушылар жылуға анағұрлым көп төлейтін болады. Осыған назар аудару қажет,-деді ол. Өлшеуіштер орнату жылу таратушы кәсіпорындарға ғана емес, тұрғындар үшін де өзекті мәселе. Дүйсенбай Нұрбайұлы шаруаны шешуде ПИКтер, тұрғындар мен әкімдік тізе қосып жұмыс істеуі керектігін баса айтты.

Таяуда Павлодар қаласындағы көлік және байланыс колледжінде «теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу», «техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша білім алып жүрген студенттер арасында облыстық олимпиада өтті. Оған екібастұздық студенттер де қатысып, бақтарын сынады. Жастардың білімі мен қабілетін сынға салған аталмыш жарыста Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжінің ІІІ курс студенті Мерхат Нығманов бас жүлдені жеңіп алды. Б.ҚЫЗЫРХАН - Олимпиадаға облыстан барлығы он алты студент қатысты. Барлығымыз өз

Мерхаттың мерейі үстем

мамандығымызға байланысты сауалдарға жауап бердік. Екі тур бойынша бақ сынадық. Біріншісі теориялық тестілеу болса, екіншісінде практикалық мазмұнда жанжақты түсіндіру талап етілді. Алдымен мамандыққа байланысты алпыс сұраққа жауап бердік. Соңғы турда әрқайсымыз жеке-жеке билет таңдап, мазмұнын баяндадық. Маған электровоз тежегішін апаттық

ресми хабар

қайырымдылық

Әселге көмек керек!

Қоғамдық кеңес құрылды Дария ЕРТАЙҚЫЗЫ 2 ақпанда қала әкімдігінің кіші залында қаламызда құрылған қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Күн тәртібінде ұйымдық құрылымның мәселелері қаралды. Төралқа құрамына 5 адам: кеңес төрағасы, хатшы және комиссия төрағалары кірді. Кеңес төрағалығына Н.И.Попов, хатшылығына Б.М.Аманова сайланды. Қоғамдық кеңес құрылымының 3 комиссиясы бекітілді. - Әлеуметтік дамуға - төрайымы М.Д.Адасбаева, мүшелері З.А.Мұхаметжанова, Р.З.Садықова; - экономика, бюджет және кәсіпкерлік дамуға - төрағасы Б.Қ.Құспеков, мүшелері Д.Сағидолла, А.З.Мейрамова, А.Қ.Бұламбаев; -тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытуға - төрағасы Н.Г.Арсютин, мүшелері А.Т.Өтегенов, Б.Т.Жайлауов, Р.Б.Әмренов кірді.

жағдай кезінде қолдану жайлы сауал қойылды. Бұл жүлдеге ие болуымның өзі пән оқытушысы В.Скворцов пен өндірістік оқыту шебері А.Бейсебаеваның жетекшілік жасауының арқасы деп білемін, – дейді М.Нығманов. Сондай-ақ, жүлделі ІІІ орынды Екібастұз политехникалық колледжінің 4-курс студенті Александр Боев қанжығасына байлады.

Б.ЛАҚАДЫЛ Осыдан бірер ай бұрын бес жасар Әселдің бүйрегінде кеселді дерттің бары анықталды. Дәрігерлер оны вирус жарасы деп отыр. Астанадағы ұлттық «Ана мен бала» орталығында химия терапиясын қабылдағанымен, сирек кез-

десетін осы бір сырқаттың беті толық қайтпады. Германиядағы дәрігерлер бұл кеселден айығуға 180 мың еуро көлемінде қаражат қажеттігін алға тартты. Әкесі Дәулеттің айтуынша, қазіргі кезде ол Сеул қаласында өз қаражатымен ем қабылдауда көрінеді. Бұл күні Әселдің туғантуыстары жұртшылықтан көмек сұрауда. Өткен аптада «Қайнар» ББК-де Ә.Ахметжановаға жәрдемқаржы жинау мақсатында «Жан шуағы» атты қайырымдылық кеші өтті. Шараны «Екібастұз» балалар қайырымдылық қорының төрайымы Татьяна Шмидт ұйымдастырды. Ол өз сөзінде қайырымдылық шарасына қатысуға белсенділік танытқан оқушыларға ризашылығын білдірді. №18 мектептің 11-сынып оқушысы, жас әнші Әлібек Рахымжанов ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. (Жалғасы 7-бетте)

оқыс оқиға

Жол апатына полицей себепкер Таяуда қаламызда ірі жол апаты орын алды. Оқиға Абай және Горняков көшелерінің қиылысында болған. Солтүстік бағытта келе жатқан «Land Cruiser» көлігі «Camry»-ға жол бермей, қағып өткен. Қақтығыстың күшімен «Джип» көлігі жолдың қарсы бетіндегі «Kia Rio»-ға соқтығысады. Сөйтіп, «Джип» көлігі екі бірдей темір тұлпарды зақымдаған. Апат салдарынан «Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі дене жарақатын алды. Өзге жолаушылар дін

аман. Екібастұз ҚІІБ баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек, «Land Cruiser»-ді тізгіндеген жүргізуші 22 жастағы патрульдік полиция сержанты екен. Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалған. Апатқа қатысы бар құқық қорғаушы кінәлі деп танылар болса, қызметінен босатылуы мүмкін. Өз тілшімізден


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.