N52 1302

Page 1

Жаңа жылдарыңызбен! Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

www.otarka.kz

! р а т қ ы д з ұ т с а іб ек і т ет м Құр

№52 (1302)

30 желтоқсан 2015 жыл

н е ім с е к е р е м л ы ж а ң а Ж і Сіздерд құттықтаймыз!

Жаңа жыл – өткен жылға қорытынды жасап, келер жылдан жақсылық күтіп, үміт тудыратын мейрам. Тарих қойнауына енгелі тұрған жылда еселі еңбек етіп, туған қаламыздың дамуына атсалысқан әрқайсыңызға айтар алғысымыз мол. Алдағы жыл сіздерге бақыт сыйлап, жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға жеткізсін! Жаңа жыл мерекесі қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, асқақ армандарыңыздың орындалуын, қуанышты жаңалықтар, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз. А.Вербняк, Екібастұз қаласының әкімі Б. Құспеков, қалалық мәслихат хатшысы

Сіздерді шын жүректен келе жатқан жарқын әрі тамаша мереке – Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Бұл мерекені барлық жастағы адамдар асыға күтеді. Ол әрқайсыңызды арманға жетелеп, үміттеріңізді үкілейді, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Құрметті жерлестер! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының жарқын келешегі үшін биік белестерге жетуге ұмтылғандырыңызға, абыроймен атқарған еңбектеріңізге, табысқа деген сенімділіктеріңізге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Алдағы жыл бәріңізге оң өзгерістер, толағай табыстар мен жетістіктер әкелсін! Әр шаңырақ шаттыққа толсын. Әр отбасына мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен! Р.Гайнулин, облыстық мәслтихат депутаты, «Қуатбасқармасы» ЖШС-нің бас директоры

Марапат

Мерейтой

Аймақ басшысынан сыйақы алды Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыс әкімі Қанат Бозымбаев Кереку аймағында әдебиетіміздің дамуына үлес қосып жүрген бір топ қаламгер – Қазақстан Жазушылар одағының мүшелеріне 200 мың теңге көлеміндегі атаулы сыйақыны табыстады. Дария ЕРҒАЗИНА Мұндай құрметке Екібастұз өңірінен үш қаламгер ие болды, олар: Жұмағали

Қоғабай, Сайлау Байбосын және «Отарқа» газетінің редакторы Жанаргүл Қадырова. Қаламгерлерді облыс әкімінің резиденциясында қабылдаған Қанат Алдабергенұлы олардың Ертіс өңірінің әдеби құндылығын сақтауда, шығармашылығы арқылы өскелең ұрпақтың ана тіліне және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырудағы еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді. Қаламгерлер ұлттық өнер мен әдебиетке қатысты келелі әңгіме қозғап, аймақ басшысымен естелікке суретке түсті.

«Құрметті депутат» төсбелгісі табысталды Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының Екібастұз филиалы төрағасының орынбасары Самат Рамазановқа «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» төсбелгісі табысталды. А.ЗАЙЫРГЕЛДІ Халық қалаулыларының жоғарғы наградасын қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков тапсырды. Бұған қоса мәслихаттың осы отырысында Болат Қайыржанұлы әріптесі, депутат Қайрат Ибраевты Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасына ие болуымен құттықтады.

Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасы «Өмір» оңалту-шығармашылық орталығының басшысы Светлана Качураға берілсе, депутаттық корпус әріптесі Күләнда Сәкеноваға туған күніне орай ізгі лебіздерін білдірді. Біздің ұжым да бұл құттықтауларға қосылады.

Ұстазға тағзым А.Мейрамова Ұлағатты ұстаз, тағылымды тәлімгер, ардақты ана, асыл жар, жанашыр туыс, талапшыл да табанды басшы, адал дос, тіл жанашыры, еңбек ардагері, ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, рухы биік өр тұлға, имани насихатшы, өн бойы тұнып тұрған адамгершілік академиясы, білім беру саласының жауһары, кенді қаланың ар-ожданы... тізе берсек, әлі де жалғаса бермек, жалғаса бермек. Осынау сөздердің бәрі дерлік бір ғана адамның бойындағы арда қасиеттер мен оның саналы ғұмырында маңдай тер, терең білім, зерделі ойының арқасында жиған абыройының шын

бағасы. Бәрі де өңірімізге, облыс, тіпті республикамызға есімі танымал Жеңіс Шанаққызы Мейірманның 70 жас мерейтойына арналған үлкен салтанатта айтылды. Той иесін бірінші болып құттықтаған қала әкімі Александр Вербняк Жеңіс апайды ақылшы дос ретінде ғана емес, шын мәнінде Екібастұздың ар-ожданына балайтынын айтты. Білім саласының майталман ардагері Ғалия Шәкірқызы әріптесін «білім беру жүйесінің жауһары» десе, шәкірттері үлкен өмірге жолдама берген ұстазды хас зергер деп біледі. Жалғасы 5-бетте Суретті түсірген В.Фадеев


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.