N9 1311

Page 1

Біріңді, қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос!

Абай

Отарқа Екібастұз қалалық газеті. газет 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап шығады

№9 (1311)

www.otarka.kz

2016 жылғы 3 наурыз

Ару-аналар мерекесімен! Қадірлі әйелдер қауымы! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Әйел деген – әрдайым сұлулық пен махаббатқа, ана шуағы мен ошақ жылуына бөлеген, жасампаздық пен жанашырлыққа толы бір әлем. Осынау жарқын мереке күні сіздерге ерекше құрметпен және ризашылықпен зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, көтеріңкі көңіл-күй және жан жылуын тілейміз. Мерекелеріңізбен, аяулы да асыл жандар! Екібастұз қаласының әкімі А.Вербняк Қалалық мәслихат хатшысы Б.Құспеков

Қымбатты әйелдер қауымы! Шын жүректен сіздерді 8 наурыз күнімен құттықтаймын! Бұл мерекеде сіздерге алғыс пен таңырқау, сыйластық пен мадақ сөздерін айтқым келеді. Сіздердегі сұлулық пен жайдарылық, мейірім мен нәзіктіксіз өмірді елестету мүмкін емес. Сіздердің шынайы сезімдеріңіз арқылы әлемге жарық пен үйлесім, көктем шуағы мен күн сәулесі тарап, дүние жүзін жарқыратады. Сіздердегі жан жылуы қиын уақытта медеу болып қана қоймай, үміт сыйлап, сенімді арттырады. Сіздер шаршауды білмейтін еңбекқор жансыздар, шаңырақтың сақшысы іспеттісіздер. Сонымен бірге, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани байлығының сақталуы мен ұлғаюына, ұрпақтар сабақтастығына, қоғамдағы тыныштық пен келісімге зор үлес қосып келесіздер. Біздің аяулы ардагер әйелдерге, соғысқа қатысқан қаһарман жандарға, ардагерлердің жесірлеріне, қарт аналарға - ерекше құрмет. Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңізге басымызды иеміз! Қымбатты әйелдер! Шын ниетпен бақыт, зор денсаулық, өмірлік табыс, отбасылық береке мен көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Өмірлеріңіз әрдайым мәнді болсын! «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ президенті А.А. Рустамбаев

Келесі нөмірде:

Түйте әулие қайда жерленген?

Акция

«Мәңгілік ел» пойызы Екібастұзда

Астанадан шыққан «Мәңгілік ел» пойызы өткен аптада Екібастұзда аялдады. Теміржол вокзалында қонақтарды жергілікті атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қарсы алды. Айта кетерлігі, бұл сапар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Пойызбен келген түрлі министрліктердің өкілдері «Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінде жұртшылықпен жүздесіп, өздері қызмет көрсететін салаларға қатысты кеңестер берді. Қала тұрғындары еңбекақы төлеу, еңбек демалысы, жұмыс берушінің міндеттері, зейнеткерлердің еңбек етуі сияқты мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап алды. «Қайнар» ББК-де этносаясат, қоғамдық келісім, этникааралық қарым-қатынастарды қалыптастыру мәселелеріне қатысты семинар-тренинг те ұйымдастырылды. Айта кетерлігі, пойызбен қаламызға 25 білікті дәрігер келіп, №2 емханада науқастарды қабылдады. (Жалғасы 2-бетте)

Ақкөлден ұшқан Иығында жұлдыздары жарқыраған Қарлығаш ару кейде құқық қорғау саласында емес, тек қана сахнада жүруі тиіс сияқты көрінеді. Десе де, оған полиция киімі аса жарасатынын мойындау керек. Полиция қызметі – шектен тыс қатал тәртіптен қалыптасқан сала. Әйел заты

ш а ғ ы л р а Қ үшін онда қызмет ету оңайға соқпайды. Әйтсе де, Қарлығаш Тәшімова бұл саладан өз биігін тапты. (Жалғасы 6-бетте)

Уважаемые жители и гости города!

Впервые в Экибастузе, с 10 по 13 марта, на пересечении улиц Машхур Жусупа и Торайгырова гастроли цирка-шапито на льду. Это оригинальное, зажигательное шоу на эквилибристов, акробатов. Необычайность программ в том, что манеж превращается в ледовую арену, на которой будет происходить восхитительное действо: артисты цирка, ставшие на коньки – перенесут зрителей в другое измерение человеческих возможностей. А также удивят самых маленьких и не маленьких зрителей экзотические животные: страусы, кенгуру, гигантские попугаи, ламы, обезьяны, дикобразы, королевские пудели. И все это в сопровождении специальных фейерверков, света и звукоэффектов. Предварительная продажа билетов в ГЦК «Онер» и ТРЦ «МАКСИ МОЛЛ» (1 этаж) Билеты от 1500 до 4000 тг Дети до 4 лет бесплатно (со взрослым) Начало: 10 и 11 марта – 18.30 10 и 13 марта – 16.00 Купол цирка отапливается СПЕШИТЕ! ТАКОГО ВЫ ЕЩЕ НЕ ВИДЕЛИ!!!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.