FECH 2020 – The 3rd Festival of the Endangered Cultural Heritage (IDIL 2022-2032 – International Decade of Indigenous Languages)
Bayangali Alimzhanov-Баянгали Алимжанов Nur-Sultan, Kazakhstan
Қазақтың баласымын Аңсаған адамдардың жарасымын Арнаған туған елге бар асылын, Қиялы көп болғанмен зияны жоқ Қазақтың мен де ақкөңіл баласымын! Кейде тоқ, кейде болдым жүдеу-жадау, Керек пе сөз көбейтіп бәрін санау? Апырмай, мен де осындай болсам дейтін Тұлға көп адамзатта қадау-қадау, Ешкімнің биігіне таласпаймын Өзімнің жолым жатыр тарау-тарау! Жалғанда жаманшылық қуыспаған Адамдар ақ пейілді туыс маған, Алла деп ақ сөйлегем домбыра алсам Жалтақтап және ешкімнен ығыспағам, Түсіме кіріп ұлы бабаларым Жолбарыс жон арқамнан уыстаған!
102